Рефераты по истории

Қазақ этнографиясы мәселелерінің И.К.Кирилов пен В.Н.Татищев еңбектерінде талдануы

28 Октября 2013, реферат

ХVІІІ ғасырдың екінші ширегінде қазақ-орыс қатынастырының нығайған жағдайында орыс этнографиясы мен жалпы қазақ этнографиясы біраз жетістіктерге қол жеткізеді. Біраз қызғылықты ашылулар жасалады. Бұл жетістіктер орыс этнографиясының көп жылдық тарихымен, құнды және көлемді материалдардың жинақталуымен, бірқатар теориялық мәселелердің талдануымен (рудың қоғамдық нысан ретінде ашылуы, әрбір халықтың өзіндік тарихы мен мәдениетінің мойындалуы), этнографиялық мәліметтердің шынайылығымен байланысты болды. Сонымен қатар Ресейдегі этнографияның дамуы, барлы ғылымдар тәрізді, елдің өмірімен тығыз байланыста жүріп отырды. Петрдің қайта құрулары, саяси өмірдің жандануы, дворяндардың топтасуы мен мемлекеттегі оның басшылыұ ролінің нығаюы тарих ғылымына терең ықпалын тигізеді және дворяндық тарихнаманың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Қазақ-жоңғар соғысы

10 Марта 2013, реферат

Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым – қатынас, қақтығыстарын суреттеуге көшпес бұрын «жоңғар» атаусөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп есептейміз. Жоңғар – ұлт емес. Бұл атау «сол жақ», «сол қанат» деген түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжан, Шығыс Түркістан аймағын Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы жағында «Солтүстік ойпат» - Жоңғар, оң қолы жағында «Оңтүстік ойпат» - Қашғар көсіліп жатады. «Ғар» деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шұңқыр дегенді білдіреді.

Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары

22 Февраля 2013, дипломная работа

Мақсаты мен міндеттері:
- Диплом жұмысының мақсаты қазіргі замандағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары, ТМД, Еуроодақ елдерімен, Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен Достық, Ынтымақтастық екі жақты және көп жақты қатынастарын зерттеп, зерделеу және мазмұнын ашу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап өтуге болады:
- Қазақстанның қазіргі кезендегі географиялық және геосаяси орналасу жағдайын көрсету;
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы, экономикадағы басым бағыттарын таныту;
- Қазақстан мен ТМД, АҚШ, Азия құрлығындағы елдер, Еуроодақ елдерімен, ондағы дипломатиялық және экономикалық байланыстардың қалай өрбуде екенін атап көрсету.

Қазақстан 50 елдің қатарында

12 Сентября 2011, реферат

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шарушылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп дәл көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

Қазақстан - менің Отаным

29 Января 2013, сочинение

Сағат тура – 11.00. “Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев”. Ашық аспанда қалықтаған қуатты микрофоннан шыққан диктор үні ынтыққан жұрттың назарын бірден аудартты. “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты қадам басты. Алаң толы азат ел ұландары аязды ауаны жаңғырықтыра ұрандап, Тұңғыш Президентін, қазақтың біртуар перзентін риясыз құрметпен қарсы алды. Салтанатты жиынға жиналған 20 мыңға жуық жұрттың асқақ үні Астананың ашық аспанында ұзақ қалықтады.

Қазақстан азаматтық соғыс жылдырында

10 Ноября 2011, реферат

1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақ- станның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.

Қазақстан Археологиясы

28 Января 2013, доклад

Ќазаќстанныњ археологиясы соњѓы кезде университеттердіњ тарих факультетінді міндетті т‰рде оќылатын пєнге айналды. Себебі Ќазаќстан археологиясы тек археология пєнінен ѓана маѓ±лмат беріп ќоймайды, болашаќ тарихшылардыњ гуманистік кµзќарасыныњ ќалыптасуына, тарихи процессті тануѓа, Ќазаќстан мєдениетін д‰ниеж‰зілік мєдениетініњ бір бµлігі деп ќарауѓа м‰мкіндік береді.

Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар

02 Ноября 2012, реферат

Ешбір халық өз дамуы барысында алғашқы қауымдық өндіріс тәсілін аттап өткен жоқ, өйткені өндіргіш күштер дамуының бастапқы сатысында жеке еңбек ету әлі мүмкін емес еді, өнім ендіру үшін адамдардың бірлескен еңбегі қажет болды.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді.

Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс, ежелгі тас дәуірі, мезолит, неолит және қола дәуірі

04 Февраля 2013, реферат

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында: тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкқріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді.

Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы, мәдениеттер тоғысы

22 Октября 2012, курсовая работа

Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.

Қазақстан газеті

07 Декабря 2011, доклад

Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттык, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени реформалардың іске асырылуы мәдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады.

Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында

21 Ноября 2012, лекция

Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.

Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында

05 Декабря 2012, реферат

Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды.

Қазақстан жеріндегі қола ғасыры

02 Октября 2011, реферат

Б. з. б. II мыңжылдықта мыс пен қалайының құймасы – қоланың шығуына байланысты тас құралдар металмен ауыстырыла бастады. Тас ғасыры аяқталып, қола дәуірі басталды. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б. з. б. 4- мыңжылдықтың аяғы мен б. з. б. 1 – мыңжылдықтың басын қамти­ды.

қазақстан және бұұ

10 Марта 2012, реферат

Қазіргі замаңғы әр түрлі халықаралық денгейдегі қауіпсіздік құрылымдармен кепілді байланыстарды орнату және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның көпбағытты және баланс-танған сыртқы саясатының принциптеріменен келісіп, оның ұлттық қауіпсіздік мүдделе-ріменен сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы рәміздері

29 Декабря 2011, реферат

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.

Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері

01 Декабря 2011, реферат

Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік құрылымы болады. Мемлекет осындай құрылымы жағынан демократиялық, демократиялық емес сипатта не басқаруы жағынан республика, монархия болуы мүмкін. Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылыстың негізін төмендегідей үш қағидат құрайды: халықтық билік, биліктің бөлінуі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылықтары. Мемлекеттік құрылыс сол мемлекеттің негізгі заңы Конституцияда бекітіліп, заңдық күшке ие болады. Конституцияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституциялық құрылыс деп аталды.

Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері

12 Февраля 2013, реферат

Тыныс алу – автоматты, рефлекторлы түрде өтетін аса маңызды физиологиялық үрдіс. Жүйке жүйесінің тыныстық орталығы арқылы жүзеге асатын тыныс алу үрдісі үш фазадан тұрады: тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Олар үздіксіз және ритмикалық тұрғыда бірінен кейін бірі кезектен жүреді. Тыныстың алғашқы фазасы тыныс шығару болып табылады. Ағзаның қалыпты жұмысына қажет ауаның жаңа мөлшерін алу үшін тыныс алу жолдарында оған арнап орын босатып қою қажет, бұл тыныс шығару арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы

13 Сентября 2013, реферат

«Қазақстан-2050» Стратегиясынды нелер жазылған, толық мәлiмет керек.
І. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
1. Қуатты да табысты мемлекет
2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы

Қазақстан тас ғасырында

13 Февраля 2013, реферат

Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжыл-дықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдар- дың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Бүкіл тас ғасырының барысында еңбек құралдарын дайындауда басымдылық тасқа берілген. Тас бұйымдар түрлері мен сыйпатты типтеріне қарай шапқы, қырғыш, түйреуіш, соққы, бұрғы, пышақ, тескіш және басқалары болып бөлінеді.

Қазақстан темір жолы

27 Апреля 2012, реферат

1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам») «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына сәйкес құрылған.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қоғамның атауы: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы» «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» болып өзгертілді.

қАЗАҚСТАН тӘУЕЛСІЗДІГІ

24 Ноября 2011, реферат

Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен 20 жыл ғана өтті. Тарихи мерзімі сәл ғана, ал адамға, оның өмірбаянына – аса үлкен. Осы жылдар ішінде Қазақстан қандай болды, айналада не өзгерді?
Біріншіден елдің келбеті өзгерді. Әлемнің саяси картасында жеке белгіленбеген және қалған «қызыл кеңес территориялармен» бірлескен Кеңес одағының«бауырластық республикасынан» Қазақстан дербес мемлекет болып шықты. Өз елтаңбасы, туы, әнұраны – мемлекеттік белгілерді жасау да, сыртқы түрімен және сапасымен әлемдегі ең үздік үлгілермен бәсекелесе алатын ұлттық валютаны енгізу де сол кезеңде қажет болды.

қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы

26 Апреля 2012, реферат

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Респуб

Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

24 Марта 2012, реферат

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Қазақстан ғасырлар тоғысында

28 Февраля 2013, реферат

Осыдан 3 ғасыр бұрын өмір сүрген Абылай хан аңсаған тәуелсіздікке биыл 20 жыл толды. Алайда, бүгінгі билік қазақтың азаттығы үшін күрескен хандар мен батырлардың есімін атауға келгенде тым сараң. Ел тәуелсіздігі үшін күрескен әрбір тұлғалардың тарихта өз орны мен сіңірген орасан зор еңбегі барын неге ұмытамыз? Өмір жолын енді бастап келе жатқан жастарға солар туралы неге айтпаймыз? Әлде олар мақтануға тұрарлық тұлғалар емес пе?

Қазақстан, Қазақстан Республикасы

22 Марта 2012, реферат

Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр

Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің аграрлық сая

24 Февраля 2013, реферат

Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды.

Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнауының тарихнамасы

19 Ноября 2011, доклад

Тақырыптың өзектілігі: Кеңестік ғылымда Қазан төңкерісі Қос Өкіметті жойып, орнына пролетариат диктатурасын орнатты. Қазан төңкерісі қазақ елін дүркін сілкіндірді. Бұл процеске обьективті баға берген халық жауы атанған ұлт зиялыларының еңбектері қайта қаралып, онда Кеңес Өкіметі сырттан таңылғандығын, оның бейбіт түрде емес, қарулы күреспен орнады деп мәлімделінеді. Біздің мақсатымыз – ұлт зиялылары Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнауы туралы мәселенің зерттелу деңгейін анықтау. Мақсатымызға сәйкес енді мәселенің зерттелу деңгейңн ашайық.

Қазақстандағы индустрияландыру жолдары

25 Декабря 2011, реферат

Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды.индустрияландыру бағыты

Қазақстандағы мемлекеттік тілдің мәртебесі

01 Декабря 2011, реферат

Мемлекеттік Тіл , мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.