Қазақстан жеріндегі қола ғасыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 13:55, реферат

Описание

Б. з. б. II мыңжылдықта мыс пен қалайының құймасы – қоланың шығуына байланысты тас құралдар металмен ауыстырыла бастады. Тас ғасыры аяқталып, қола дәуірі басталды. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б. з. б. 4- мыңжылдықтың аяғы мен б. з. б. 1 – мыңжылдықтың басын қамти­ды.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан жеріндегі қола ғасыры.doc

— 331.00 Кб (Скачать документ)

            Қазақстан жеріндегі қола ғасыры.

    Б. з. б. II мыңжылдықта мыс пен қалайының  құймасы – қоланың шығуына  байланысты тас құралдар металмен ауыстырыла бастады. Тас ғасыры аяқталып, қола дәуірі басталды. Қола дәуірінің хронологиялық  шегі б. з. б. 4- мыңжылдықтың аяғы мен б. з. б. 1 – мыңжылдықтың басын қамти­ды.

    Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың  осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған  жерлердің атымен – Анд­ронов  мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті  деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә. Марғұлан мен К. Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А. Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С. С. Чернигов пен А. Г. Максимова зерттеп, әр аймақтар­дағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә. Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі материалдан (металл, тас, сүйек, қабыршақ) алуан түрлі заттар (еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар) жасауда жоғары шеберлікке жеткені аңғарылады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнектеу, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, қатты материалдан жасалған заттарға өрнек сала білді. Қыш ыдыс­тарын жасаумен, негізінен, әйелдер шұғылданды. Ыдыстар қолмен жапсырылып жасалды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер бо­лып бөлінеді. Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшелер пайда болды. Материалдық игіліктерді өндіруде ерлер рөлі күшейді. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты, айырбас кең өріс алды. Тайпалар тұрмысы мен әл-ауқаты табиғатқа тәуелді болғандықтан, адам табиғат күшін құдірет деп білді. Олардың отқа табынғандығын мәйітті өртеу ғұрпы, қабірге күл мен көмір қалдықтары салынғаны дәлелдейді. Тайпалар арасында ата-бабаға сыйыну, о дүниеге сену кеңінен тарады. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты. 

    Андронов  мәдениеті (б. з. б.XVIII – VIII ғғ.)

    «Андронов»  мәдениеті Ачинск маңындағы Андронов деревнясының түбінде 1914 жылы табылды. Қола дәуірінде Сібірдің, Орал бойының, Қазақстан мен Орта Азияның кең  байтақ далаларын шыққан тегі жағынан туыстас, тарихи тағдырлары сабақтас, арттарына өзіндік жарқын мәдениет қалдырған тайпалар мекендеген.

    «Андроновтықтар»  кетпенмен жер өңдеп, өсірілген  астықты қола орақпен орып алған. Олардың тұрақтарынан тастан жасалған дән үгіткіштер жиі табылады. Орта ғасырдың жартастағы бейнелеріне (петроглифтерге) қарағанда олар өгіз жеккен соқаларды да пайдаланған.

    «Андроновтықтардың» негізгі тіршілік көзі әрқашанда  мал шаруашылығы болды. «Андроновтықтардың»  абіріне қойылған қыш құмыраларға қарағанда тұрғындардың негізгі тамағы сүт өнімдері болған. Мал ішінде, әсіресе, жылқы табындарын жоғары бағалаған. Шаруашылық қозғалы­сының өсуіне сәйкес қос өркешті түйелердің саны да өсті. Олардың сүйектері «андроновтықтардың» ең ертедегі тұрақтарынан табылды, бірақ кейінгі кезеңде түйе киелі саналған – оның саздан жасалған кішкене мүсіндері мен жартастағы бейнелері табылды.

    Төрт  дөңгелекті арбаға орнатылып, алыс қашықтықтарға  көшуге бейімделген киіз үйлер пайда  болды. Қайтыс болған адамдарды тігінен, қыры­нан немесе жалпағынан қалап шығарған тас қоршаулар мен қоршауы бар обалар ішіндегі тастан өрілген немесе жалпақ тастарды қырынан қойып қиюластырған жәшік – көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қырымен басын батысқа, кейде шығысқа қаратып жерлеген. Қабірге марқұммен бірге заттар қоса қойылды. Олар әдетте ішіне тағам салынған бірнеше саз құмырадан, қарапайым әсемдік бұйымдардан, кейде пышақ, тескіш, тас жебе сияқты заттардан тұрған. «Бай» қабірлер шұңқырларының едәуір үлкендігімен, оба топырағының молдығымен, оның айналасындағы тас қоршаулармен және бай мүлкімен ерекшеленді. Өртеп күлін жерлеу салты да болған. Андронов тұрақтарынан табылған тап-таза күл қабат­тары сақталған рәсімдік ошақтар адамдар тағзым еткен екінші нысан – қасиетті Күн болғанын дәлелдейді.

    6.Сақтар

    Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары  Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі  аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары  «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.

    

                       Алтыннан жасалған бұйым

       Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Сонымен қатар моңғолоидтық элементтердің етек жаюы күшейді. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар сақтарға туыстас келді.

    Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.

    Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатыс­ты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды

    Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы ха­лықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.

    Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды.

    Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.

    Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.

    Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.

     Шаруашылығы. Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды.

    қыстық  және жаздық қоныстарды қажет ететін жартылай көшпелі мал шаруашылығы  — Алтай, Тянь-Шань тауларында, Жетісу, Шығыс Қазақстанда көп тарады.

    отырықшы  мал шаруашылығы (жартылай егіншілікпен айналысқан). Шаруашылықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Ке­лес, Шу өзендерінің аңғарында  дамыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте  көп өсірді, ал ірі қара (сиыр) саны аз болды.

    Сырдария  өзенінің аңғарында егін шаруашылығымен айналысты. Бидай, тары, қарабидай өсірді. Егінді канал арқылы суарды.

    Сақ заманында доңғалақты көлік түрлері  дамыған. Мұндай арбаларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аңшылыққа арналған күйме­лер, негізінен, екі доңғалақты болған. Сақ тайпалары қосалқы кәсіп ретінде аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан.

    Сақтардың өнері мен саудасы. Сақтарда кейіннен қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б. жасаған.Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен қатар теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.

    Сақ тайпалары Сібір, Еуропа, Алтай және Шығыс елдерімен байланыс жасады. Сауда Жібек жолы және б. з. б. 1 мыңжылдықтағы  «Дала жолы» арқылы дамыды.

    Сақ жауынгерлері. Патшалар жауынгерлер тобынан шықты.Сақ жауынгерлерінің ерлігі туралы көптеген деректі әңгімелер бар.

    Сақтар  б. з. б. 519–518 жылдары парсылармен  соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы  ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен  бірге Грекия, Еги­пет жеріндегі соғысқа қатысады.

    Сақтың  әйел патшасы Томирис парсы патшасы  Кирдің әскерін жеңген. Томирис адам қаны толтырылған меске Кирдің басын  салып тұрып: «Аңсағаның қан болса, ал енді іш!» — деп айтады.

    Б. з. б. IV ғ. Александр Македонскийдің Орта Азия жеріне жорығы басталды. Ол б. з. б. 330–327 жылдары Сырдарияның сол жағындағы өңірлерді түгелге жуық басып алып, Шеткі Александрия қаласына салады.

    Александр Македонский шығысты жаулап алады, бірақ Сырдарияның оң жағындағы  сақтардан жеңіледі.

    Мәдениеті. Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда бол­ды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық затта­ры, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.

    «Аңдық  стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен  қалыптасты. Онымен сақтар Алдыңғы  Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі  тарады.Еуразия көшпелілері дамудың ұзақ жолынан өтті. Олардың бай фольклоры болды. Мифология – әлем, оның құрылымы туралы күрделі түсінік болып табылады.

    Сақтар  табиғат күштері – күнге, желге, күннің күркіреуіне, найзағайға табынды. Бұларды құдайдың ісі деп санады. Сақтардың түсінігі бойынша, құдай әр түрлі жануарлар бейнесінде өмір сүрді.

    «Аңдық  стиль» өнерінің негізі – ежелгі аңыздарда  сақталған, адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсініктермен байланысты. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін сонын бөлшегі деп есептеді. Әрбір ру тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті т. б. аңдар болып есептеліп, сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті тұмар немесе бойтұмар саналды.

    Қару-жарақтағы  аң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенді.Көркемдік шығармашылықтың бұл түрі дамудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шынайылық негізін жоғалтып, ою-өрнектік кескінге айналды.

    Сақтардың әлемнің құрылымы туралы да айқын  түсінігі болды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төменгі), орта – жер әлемі, жоғары – көк немесе ас­пан әлемі бар деп есептеді.

    Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат – апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған.

    Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш молда  қаласы.

    Алматы  облысындағы Есік қорғаны – б. з. б. VIII-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.

            

                      
 
 
 
 

    Алтын адам.

    Алтын киімді сақ жауынгерін 1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. «Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17–18-де, бойы шамасында болған. Сақ көсемі мүрдесінің басы ба­тысқа қаратылып жатқызылыпты. Есік қорғанындағы екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған.

    Есік  қорғанының диаметрі 60 м, биіктігі 6 м, тас пен топырақ үйіндісінен  тұрғызылған. Қабірдің оңтүстік және батысынан  ыдыстар, зергерлік бұйымдар табылған. Қабірдің бетін ағаш қақпақпен жауып, темір құрсаулармен бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлер­мен безендірілген. Ондағы барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы түрлі құстардың бейнелері аң стилінде үлкен шеберлікпен жасалған. Сонымен қатар алтын алқа, көз салған алтын сырға және қазіргі қазақтардың бас киімдеріне ұқсас шошақ төбелі, биіктігі 70 см-ге жететін бас киімі та­былған. Сақ көсемінің қолында екі алтын жүзік, белінде құрастырмалы кісе белбеуі болған. Алтын пластиналар жапсырылған қынапқа са­лынған темір қанжар (акинак), қызыл қынапты ұзын семсері табылды. Сақ жауынгерінің шалбары да алтын тоғалармен әшекейленген. Бұл ал­тын адамды жерлеу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол заманда Жетісу жерін мекендеген сақтардың жас көсемі, әскербасы болған десек күмән туғызбайды. Алтын адамның жанынан табылған күміс тостағандағы таңбалар сол заманның өзінде Жетісу сақтарында жазу болғандығын байқатады. Тек бүгінгі күнге дейін ол жазуды ғалымдар оқып ажырата алмай отыр. Сонымен қатар табылған көне жәдігерлер сақ заманының материалдық мәдениеті, өнері, мифологиясы туралы мол мәліметтер алуға мүмкіндік береді. «Алтын адам» сақ елінде өз заманына сай өрке­ниеттің болғандығын дәлелдейді. 
 

Информация о работе Қазақстан жеріндегі қола ғасыры