Қазақстан жеріндегі қола ғасыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 13:55, реферат

Описание

Б. з. б. II мыңжылдықта мыс пен қалайының құймасы – қоланың шығуына байланысты тас құралдар металмен ауыстырыла бастады. Тас ғасыры аяқталып, қола дәуірі басталды. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б. з. б. 4- мыңжылдықтың аяғы мен б. з. б. 1 – мыңжылдықтың басын қамти­ды.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан жеріндегі қола ғасыры.doc

— 331.00 Кб (Скачать документ)

      
 
 

       
 
 

     Үйсіндер

    Шығу  тегі мен орналасуы. Б. з. б. I ғ. аяғында Қазақстан далаларында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақтар пайда болды. Бұлар – үйсіндер, қаңлылар, сарматтар, аландар.Жетісудағы сақ жерлерін б. з. б. II ғ. Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Бұл тайпаның шыққан тегі әлі түгелдей анықталған жоқ.Үйсіндердің негізгі орналасқан жері Іле даласы. Батыс шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, қаңлылар жерімен астасып жатқан. Шығыста үйсіндер ғұндармен шекаралас болып, оңтүстікте Ферғанаға дейін созылған.

    Үйсіндер  астанасы – Қызыл  аңғар қаласы. Үйсіндер мемлекеті 3 бөлікке: шығыс, батыс, орталық бөліктерге бөлінді. Мемлекет басшысының ла­уазымы жазба деректерде гуньмо деп аталған. Олар жайылым, сауда жолы үшін қаңлы, ғұндармен ұзақ соғысты. Қытаймен кең дипломати­ялық және туыстық қатынаста болды.

    Шаруашылығы. Үйсіндер мемлекеті жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде маңызды рөл атқарды. Қыстау мен жазғы жайылымның ара қашықтығы – 30–100 шақырым аралығында болды. Сондықтан да үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарында ұзақ уақыт отыра алатын. Ол жерде тұрақты баспана салды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі болып тұратын жұт малдың жұқпалы ауруы, үздіксіз соғыс салдарынан малдан айырылған халықтың бір бөлігі тұрақты оты­рықшылыққа көшуге мәжбүр болды.Сол кездің өзінде-ақ күнделікті тұрмыста жер өңдейтін тас тырма, қолдан жасалған қол орақ пайдаланылған. Тастан жасалған қол диірменнің табылуы – сол замандарда өмір сүрген тұрғындардың дәнді дақылдармен қоректенгендігінің бір дәлелі.Үйсін мемлекетінде малға жеке меншік болды. Ру, тайпалардың жайылымдары иеліктерге бөлініп, қазына-байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды.Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға мирасқорлық салты бойынша ауысып отырады. Оған жоғарыда аталған ру, тайпа көсемдері бағынған.Үйсін мемлекетінде басқарудың ондық жүйесі қолданылған. Ел билеуші өзіне қарасты ел-жұртын балаларына бөліп беріп, әрқайсына он мың адамнан жасақ, көшіп жүретін және қоныста отыратын жерлерін еншілеген. Мал өсірумен қатар, үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, жедел өркенде­ген. Әсіресе, қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі қанат жайды, өңдеу кәсібі жолға қойылды. Темір мен қолдан еңбек құралдары, қару-жарақтар сәндік бұйымдар соғылды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу ісмерлігі дамып алға басты.

    Үйсіндердің өнері мен діні. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымынан мәлімет беретін құнды ескерткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан табылған.

    Мәдениеті. Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық мәдениеті толық зерттелді. Жетісу мен Сырдария қалаларындағы тұрақтарды қазу нәтижесі ерте көшпелілердің мәдениеті, керамиканың негізгі типтері, еңбек құралдары мен қару-жарақтары жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі — үлкен күймелі арба. Оған түйе мен өгіздерді жеккен.

    Үйсіндер  қорғандары негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адамдарды қылыш, жебе, садағымен бірге жерлесе, әйелдердің бейіттеріне әше­кей бұйымдар – сырға, жүзік, моншақ, т. б қойылған.Үйсіндер мекендеген аймақта қолөнердің дамығандығы байқалады. Үйсіндердің бейнелеу өнері сақтардың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) бай­ланысты. Үйсіндерде құмыра жасау кәсібі барынша дамыды. Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — тегенелер мен кеселер, тостағандар, түрлі құмыралар мен қазандар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қоладан еңбек құралдары, қару-жарақтар, сәндік бұйымдар жасаған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тастар, бағалы тастар мен бағалы металл, сүйек өңдеу ісі де дамыған.

    Үйсіндер  туралы тарихи деректер. Үйсіндер туралы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кең байла­ныста болған. Үйсіндер туралы көп деректі Қытай тарихшысы Сыма Цян жазды. Оның жинағында үйсіндер туралы былай делінген: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгерлерінің саны 180 мың…

    … Үйсіндерде жылқы көп. Бай адамдардың 4000–5000 жылқысы болады.»

    Қаңлылар

    Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытай  жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан  алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әдебиетінде  «кангюй»), го — «мемлекет» деген мағына­ны білдіреді.

    Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі  тілдес халық болғандығына күмән  келтірмейді.

    Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғасырында дәуірленген  кезеңінде халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен.

    Қаңлылар астанасы – Битянь қаласы. Байланыс жасаған елдер – Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сармат-алан тайпалары­ның одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойта­рыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады.Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолын­да болған.

    Шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Басты байлығы мал болды. Көбінесе жылқы, қой, оған қосымша сиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақылдар еккен және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, сондай-ақ сүйектен жасалынған егіншілік құралдары да пайдаланылды. Жиналған өнім жерден қазылған ұралар­да немесе қыш құмыраларда сақталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, арқар, киік және су құстары — үйрек, қаз ауланды. Ет, балық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар тамаққа жабайы алма, алмұрт, өрік, долана, пісте жемістері, тау жуасы пайдаланылды.

    Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнер кәсібі өте жоғары дәрежеде өркендеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес халықтар болғандықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөйлеген.Қаңлылардың тұрғын үйлері көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлер және топырақ пен ағаштан, тастан жасалған тұрғын үйлер, адамдар жиі орна­ласқан елді мекен, қалалары болған. Археологтардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғасырдағы көптеген қалалардың іргетасы сонау кангюлер (қаңлылар) дәуірінде пайда болған» деген пікір бар.Қаңлы жұрты пайдаланған киіз-текемет, кілем-сырмақ қатарлы төсеніш және үй қабырғаларына ілінетін тұс бұйымдар, киетін — кимешектер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта мамықтарынан жасалатын болған. Олар қой жүнінен киіз текеметтер, төсеніштер жасаумен қатар, киізден қалпақ, кебенек-шекпендер жасап киген. Қарапайым халық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп киген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қымбат бағалы тымақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп киген.Қаңлы елінде заң мен діни нанымдар өзара ұштастырылып атқарылған.

    Қаңлылар  — отқа табыну, дінге сыйынатын  арнаулы кесенелер салған. Табиғат  күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Сонымен қатар қаңлы­лар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлыларда музыкалық аспаптар болған, би билеген.

    Археологиялық ескерткіштері. Мардан – күйік қорымы – Сырдария өзенінің жағасындағы қаңлылардың жерлеу ескерткіші. Бұл қорым Мар­дан-күйік қаласының іргесінде орын тепкен. Мұнда 50-ден артық мола бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыстар, әшекей бұйымдар, қару-жарақ көмілген. Қаңлы тайпалық бірлестігі б. з. б. I ғ. ортасында ыдырады.

    7.Ғұндар

    Саяси тарихы. Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндар­дың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилла­ның есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс ауда­руымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.

    Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.

    Шаруашылығы. Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде та­рыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.

    Ғұндарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін дүниеге әкелген.Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды.

    Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары да­мыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері са­лынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейне­леу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.

    Ғұндардың қоғамдық құрылысы. Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.

    10.Сарматтар

    Сарматтар туралы деректер өте аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан  өңірінде өмір сүрген. Б. з. б.III — б. з. -дың IV ғасыры аралығында Тобыл мен  Дунай аралығын мекендеген тайпалар. Олар алғашында б. з. б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б. з. б. II ғасырдан бастап Оңтүстік Оралды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумағын қоныстанған. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батысқа қарай қоныс аударған. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) – массагет, исседондармен туыстас болып келген. Сарматтар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, алаңдар, аорстар, сирактар т. б. тайпалар болған.

    Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кезеңді қамтиды.

    ерте  сарматтар мәдениеті (прохор)

    орта  сарматтар мәдениеті (суслов)

    кейінгі сарматтар мәдениеті.

    Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған. Б. з. II-IV ғғ. Сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші – жерлеу орындары (Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында) табылған. Олар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.

    III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың  ішінен алтынды көп қолданған.  Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зер­герлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда б. з. VII – V ғғ. бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар.

    Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір сүріп егіншілікпен айналысты. Сармат тайпалары Еуразияның саяси–эко­номикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.

Информация о работе Қазақстан жеріндегі қола ғасыры