Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 08:29, дипломная работа

Описание

Мақсаты мен міндеттері:
- Диплом жұмысының мақсаты қазіргі замандағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары, ТМД, Еуроодақ елдерімен, Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен Достық, Ынтымақтастық екі жақты және көп жақты қатынастарын зерттеп, зерделеу және мазмұнын ашу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап өтуге болады:
- Қазақстанның қазіргі кезендегі географиялық және геосаяси орналасу жағдайын көрсету;
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы, экономикадағы басым бағыттарын таныту;
- Қазақстан мен ТМД, АҚШ, Азия құрлығындағы елдер, Еуроодақ елдерімен, ондағы дипломатиялық және экономикалық байланыстардың қалай өрбуде екенін атап көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Работа состоит из  1 файл

Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы:  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ  _____________________________________________________ 3-

І.    ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________

І.1. Қазақстан дипломатиясының  кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу  кезеңдері)

І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының  стратегиялық даму бағдарламасы

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ  ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ    ______________________________

ІІ.1. Қазақстан Республикасының  ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей  Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)

ІІ.2. Қазақстан Республикасының  Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ  ______________________________________

ІІІ.1. Онтүстік Корея  Республикасы

ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы

ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины

ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

 

КОРЫТЫНДЫ  ________________________________________________

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

 

 

 

 

 

                                                        КІРІСПЕ

 

        Қазіргі  танда  Қазақстан   мемлекеттігі  қалыптасуының   ең  сын  сағаттары  артта   қалды  деп  айта  аламыз. Біздің  еліміздің   халықаралық   қатынастар  жүйесінде  алатын  орны  ерекше. Оның  әлем  өмірінде  жаңа  сипатта, жаңа қырдан  көрінуіне  бар  болғаны  17 жыл  ғана  болып  отыр. Біз  мұны  неге  сүйеніп  айтып  отырмыз? Қазақстанның  сыртқы  саясаты  бейбітшілік  пен  ынтымақтастық  бағытында  дамуда.   

       Бүгінде   біздің  дипломатиямыздың  түбегейлі   жетістіктері  ешқандай  дау  туғызбайды. Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  ретінде дүние  жүзінің  барлық  елдеріне  танылу  үстінде.

        Қазақстан  Республикасының   ішкі  саясаты  қандай  болса,  сыртқы  саясаты да сондай  денгейде.

        Өз  қауіпсіздігіміз  бен   аумақтық  тұтастығымызды  қамтамасыз  ету бізді  күшті  мемлекет  болуға  және  көршілерімізбен  берік  және  достық  қарым-қатынаста  болуға  тиісті етеді. Сондықтан да  әлем  құрлығындағы  мемлекеттермен  арадағы  сенім  мен  тең  құқылы  қарым-қатынасты  дамытып, нығайта  береміз. 

        Біздің  Азиялық  Шығыс  мемлекеттерімен,  Орталық  Азия, Оңтүстік  Шығыс   Азия, АҚШ, Еуроодақ  елдерімен   қарым-қатынасымыз  тиісті  денгейде  нығая  түсуде.

        Сонымен  қатар, Қазақстан   дипломатиясының  мемлекеттік   ұлттық  мүдделерін  білдіретін  өзіндік бітім-сипаты  бар екендігін айта  кеткен  жөн. Ол  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның мүшесі  ретіндегі белсенді  мемлекеттердің  біріне  айналуда. Бұл күндері біздің  еліміздің Еуропа  Қауіпсіздігі  мен  Ынтымақтастығы  жөніндегі  Кеңес, Солтүстік  Атлантикалық  ынтымақтастық  Кеңесі  секілді  форумдардағы үні  анық  естілуде.

Тақырыптың  өзектілігі:

     XX  ғасырдың  90-шы  жылдары  әлем  мемлекеттерінің   халықаралық  істердегі  бұрынғы   қатынастардың  түбірімен  қопарыла  құлау  кезеңі  болды.   

         Бүгінде   әлемдік  саясат  сахнасында  жаңа дербес  тәуелсіз  мемлекеттер   шықты. Солардың  бірі  Қазақстан   Республикасы еді. Халықаралық   істердегі, мемлекетаралық  істерді   шешуде Қазақ  дипломатиясының  шоқтығы биіктей  түсуде. 

Сыртқы  саясатымыздың  қалыптасу  кезеңі  мынадай  өрелі  міндеттерді  жүзеге  асырудан  басталады:

           Біріншіден: біздің  мемлекеттің   тың сипатын  танытуы;

 Екіншіден: Қазақстанды   халықаралық  дәрежеде  мойындатып, оның  қауіпсіздігімен  аумақтық  тұтастығын  қамтамасыз  етуі;

           Үшіншіден: әлемде  болып жатқан  экономикалық  байланыстарға   белсене  араласуы.

Міне, осындай  қалыптасу  кезеңін  Қазақ  елі  басынан  өткерді, яғни  оны  қалай  жүзеге  асырды, қандай  жаңа  бағыттар  мен  жолдардан  өтті, қазіргі  кезеңде  оның  даму  барысы  қалай? Жалпы  Қазақстанның  сыртқы  саяси  қырлары  зерттеуді  қажет  етеді. Ал бұл  тақырып  өз  кемеліне  жетіп, толық  зерттелмеген, яғни «Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясатының негізгі бағыттары  және  экономикалық  байланыстары» атты  тақырып  алдағы  уақыттарда  өз маңыздылығымен  зерттеуді  қажет  етеді.

 Мақсаты  мен  міндеттері:

      -   Диплом  жұмысының  мақсаты    қазіргі  замандағы  Қазақстанның   сыртқы  саясатындағы негізгі даму бағыттары,  экономикалық   байланыстары, ТМД, Еуроодақ  елдерімен, Шығыс және  Орталық  Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен  Достық, Ынтымақтастық  екі  жақты  және  көп  жақты  қатынастарын  зерттеп, зерделеу және мазмұнын  ашу болып табылады. 

            Осы   мақсатқа сәйкес келесі  міндеттерді  атап  өтуге   болады:

       -   Қазақстанның  қазіргі  кезендегі  географиялық  және  геосаяси  орналасу  жағдайын  көрсету;

       -   Қазіргі   кезеңдегі  Қазақстанның  сыртқы  саясаттағы, экономикадағы  басым  бағыттарын  таныту;

       -   Қазақстан   мен  ТМД, АҚШ, Азия құрлығындағы  елдер, Еуроодақ  елдерімен, ондағы  дипломатиялық  және экономикалық  байланыстардың  қалай  өрбуде  екенін  атап  көрсету.                                                                                                                    

Тақырыптың зерттелу  деңгейі:

        Дипломдық   жұмыс  жазу  кезінде  Қазақстан   Реслубликасының  сыртқы  саясаты  және  экономикалық байланысы   туралы  жазылған  көптеген  деректер  мен  кітаптар  пайдаланылды. Олардың  авторлары: Н.Назарбаев,              Қ.Тоқаев, Т. Мансұров, Н.Ермекбаев, Г. Қойшыбаев т.б. Сонымен  қатар  мерзімді  басылымдарда  жарияланған  деректерді салыстыру  негізінде тақырыпқа байланысты материалдар пайдаланылды. Тарих  ғылымдарының  докторы, профессор  Сапиулла  Абдулпаттаевтың  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  және  экономикалық  байланыстары  жайлы  көптеген  еңбектерін пайдалану диплом жұмысының маңызын арттыра түсті.

         Елбасы Н.Назарбаевтің  «Тарих толқынында » атты енбегінде Қазақстан Республикасының 2002ж 1-қыркүйегінен, 2003ж 31желтоқсанына дейінгі аралықтағы саяси – экономикалық  кезеңіне тоқталып  өткен.Сонымен қатар « Ғасырлар тоғысында »- атты монографиясында пайдаландым. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бастап, ел өміріндегі саяси-экономикалық, алғашқы қадамдары баяндалған.

         Қазақстан  Республикасының Сыртқы саясатында, дипломатиясындағы алғашқы қадамдар Қ.Тоқаевтің « Дипломатия Республики Казахстан »-атты монографиясында баяндалады. Автор монографияда Қазақ елінің Халықаралық қатынастар жүйесіндегі, оның әлемде алатын  ролін айқындап береді.

        Саясат ғылымдарының докторы Тайыр Мансұровтың « Қазақстан-Ресей қатынастары өзгерістер дәуірінде »-атты монографиясында аса мол зерттеушілік материал негізінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатынастарының белгілі кезеңдегі дамуы мен перспективалары талданған.

         Еуразиялық  аса ірі екі мемлекеттің нақты  стратегиялық әріптестігі ғасырлар тоғысындағы бірегей тарихи және қоғамдық саяси тінде қарастырылады.

         Болып өткен  оқиғаларды кенінең қамту,екі  жақты деңгейдегі де,еуразиялық  кірігудің дамуы тұрғысындағы  да процестерді тереңдеп талдау 

зерттеліп отырған тақырыптқа кешенді көзқарасты аңғартады. 

  Жұмыстың ғылыми жаңалығы – Қазақстан Республикасының дипломатиясының қалыптасуы мен даму кезеңдерінің тарихына тоқтала отырып, тың деректер негізінде бүгінгі таңдағы сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттары мен экономикалық байланыстарын  ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастыру болып табылады.

Диплом жұмысының  практикалық маңыздылығы:

       Диплом  жұмысының  материалдарын мектептегі, орта және жоғары оқу орындарындағы  Қазақстан тарихы, Жаңа және қазіргі  замандағы дүниежүзі тарихы  сабақтарында, арнайы  курстарда, факультатив  және  ғылыми қоғамдар мен үйірме  жұмыстарында  пайдалануға  болады.

Диплом  жұмысының  құрылымы:

          Жұмыс  кіріспе және  үш  тараудан  тұрады. Бірінші және  екінші тараулардың әрқайсысы   екі параграфқа, ал үшінші тарау төрт параграфқа   бөлінген. Соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер  тізімі берілген. Жұмыстың деректік базасы ретінде тақырыпқа байланысты ғылыми зерттеулер мен еңбектер, арнайы кітаптар,  ғылыми мақалалар мен мерзімді баспасөз материалдары алынды.

 

 

 

 

 

 

 

І.    ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.

І.1.   Қазақстан дипломатиясының кезеңдері.

 

Тоқсаныншы жылдар –  қазақ халқының халықаралық істердегі  бұрынғы қатынастардың түп –  тамырымен қопарыла құлау кезеңі деп айтуға болатындай еді. Жалпы территорияның ішіндегі соғыс, кең ауқымды терроризмнің етек алуына, жаңа «сепаратистік» тажалдардың шектен шығуындағы асқынған тұсы еді. Кеңес Одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болуда.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары  – ақ өзінің сыртқы саясатын тездетіп қалыптастыру қажет болды, әйтпесе, орасан нұқсан келуі мүмкін еді.

  Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1992 жылы мамыр айында шыққан «Қазақстаннның егемендік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті /1,28-б./.

        Біздің еліміз өзінің геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа факторларды ескере отырып, өзінің көп бағытты демографиясын одан әрі жүзеге асыруда. Мұның негізгі мәні - әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара сенімділік сипатындағы қарым – қатынасын дамытуда.

Сыртқы саясатымыздың  қалыптасу кезеңі мынадай өзекті міндеттерді жүзеге асырудан басталды. Біздің мемлекетіміздің тың сипатын  танытуымыз және Қазақстанды халықаралық  дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуі қажет болды. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі аса зор бағалануда.

1988 жылдан бастап жалпы  мемлекеттік көзқарас түбірімен  өзгеріп кетті. Ең алдымен Одақтас  республикалардың ролі мен құқығын  көтеру, оларға орталық өкілдіктерінің біраз бөлігін беру жөнінде мәселе көтерілді. Республика сыртқы істер министрлігі нығайтылып, Қазақстан сыртқы экономикалық қызметке белсендірек қатыстырылды /2,4-б./.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жариялағаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз халықаралық қатынастардың дербес тұлғасы ретінде саяси – дипломатиялық тұрғыдан танылуына тікелей көмек көрсетуде. Қазақстан сыртқы саясатының доктриналық негіздері әзірленіп, ұлттық мемлекеттік мүдделерді сыртқы саяси ведомство икемділікпен мақсатты түрде жүзеге асыруда. Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің қарекет қимылы жедел ұлғаю үстінде. Қазіргі таңда Елбасымыздың таңдап, тауып тағайындаған адамдары ойдағыдай басқару үстінде.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым – қатынасының шарттық – құқықтық базасы жасалып және даму үстінде. Ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз етілуде.

Біздің дәуірімізде  бәсекелестік әскери саладан саяси  және экономикалық салаға ауыса бастауына  байланысты шет мемлекеттермен тату көршіліктің қалыптасуына бар күш жігерін жұмсау үстінде болды. Осыған орай сыртқы саяси қызметке басымдық берілуде. Сол кездегі әлеуметтік – саяси жағдайға байланысты, сыртқы саяси қызметке басымдық беріліп, дамыту үстінде болды. Егемендік алған жылдары Сыртқы істер министрлігін құру оңай іс болмағаны бәрімізге белгілі. Біздің сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз жұтаң еді, өйткені, ол Кеңес Одағы кезінде дипломатиядан алыс қызметпен шұғылдануда төменгі деңгейде болды. Еліміздегі сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне дипломатиялық кадрларға байланысты шешілуде. Сондықтан алғашқы кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында және шетелдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар еліміздің сыртқы саяси ведомствосына қызметке шақырылғанын айтуымызға болады.

Республикаға он екі  жоғары маманданған демократтар  келген, солардың бірі – Қасымжомарт Тоқаев – 1994 жылы қазан айынан бастап еліміздің Сыртқы Істер министрі болды.

Информация о работе Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары