Қазақстан газеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:13, доклад

Описание

Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттык, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени реформалардың іске асырылуы мәдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады.

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми Жоба оригинал.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

                Кіріспе

    Қазақстанның  тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын  қарқын алып, ұлттык, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар  мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени реформалардың іске асырылуы мәдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих дегеніміз өткеннің гана баяны емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі », «қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дәйектеуші жэне дәлелдеуші күш» деп келетін тұжырымында еліміздің алдында тұрған қоғамдық сананың жаңару үдерісіндегі тарих ғылымының кешенді міндеттерін айқындап берген болатын.[1:237]

    Қазақстанның  Ресейге бодан болғандағы алғашқы  кезеңі халқымыз үшін, арманынан бір  сәт айрылмаған туған халқым қазақ  халқы үшін аса қиын болды. Халқымыз кең дарияда ескексіз қалған қайықтай кібіртіктеп, бұйдалы тайлақтай  күй кешті. Ал XX ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен тарихи жаңару кезеңі»деп айтуға толық негіз бар. Себебі, бұл кезеңде саяси күрес сахнасына бұрыңғы батырлар ізін жалғастырған, бірақ әлдеқайда білімді, Ресейдің аса үлкен ғылыми орталықтарында оқыған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестердің бағыт-бағдарымен әбден таныс, экономика, құқық, саясат саласында терең ілім-білім меңгерген зиялылардың үркердей озық ойлы тобы шыққан болатын. Олар өздерінің басты мақсат-мұраттары деп қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіру ұлттық санасын шыңдау деп санаған және де қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойындарына алған. Осы арыстарымыздың кезінде Қазақстандағы ұлт-азаттық күрес формасы түбегейлі өзгерген болатын. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қол жеткізуде бірнеше оқиғаны басынан кешіргеніне тарихтың өзі куә екені баршаға мәлім.

           

            Ертеден-ақ қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу білермендері мен  ақылмандары, ақындары мен жыраулары  азаттықты аңсады. «Азат ел болсақ, қолымыз көкке жетер еді» деп армандады. Дүниенің кілті ғылымда, білімде екендігін терең түсінген, «Құйрығы жоқ жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер» деп күңіреген Асан Қайғы бір сөзінде: «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама» дейді. Одан бір ғасыр кейін «Білімді туған жақсылар, аз да болса көппен тең», «Білімді туған жақсыға залым қылмас мың қарға» депті адуынды жырау Ақтамберді. Одан кейінгі Бұхар жыраудың «Жақсының аты өлмсейді, ғалымның хаты өлмейді», «Қариясы кімнің бар болса, жазып қойған хатпен тең» дегендерінің мазмұнында оқу жазу өнерін білуге құштарлық жатыр. Кейінгі кезеңдегі қазақтың айбынды, оқыған ұлдары да оқу оқып, білім, ғылым үйреніп, өркениеттің дөңгелегін ертерек өрге дөңгелетіп әкеткен елдердің қатарына келуді армандады.  

         «Халықтың қай дәрежеде алға кеткендегі ел арасына таралған газет журнал һәм кітаптардан білінеді» деген сөзді Мұхаметжан Сералин неге сүйеніп айтты дейсіз. Өйткені дәл осы 1911 жылдан он жыл бұрын Америкада 952 басылым жарық көріп жатты. Педагогика саласына 452 газет, ауыл шаруашылығына 100 басылым, тіпті мода, сән – салтанатқа арналған 34 журнал жарық көріп тұрды. Ал дәл осы 1911 жылы жұмыр жердің бетінде жалпақ әлемде адам таңданарлық жаһандық жаңалықтар бірінен соң бірі тарап жатты. Осы жылы қаңтардың 26-сында Глен Кертис гидропланмен аспанға ұшты. Сәуірдің 12-сінде Пиер Приер 50 аттық күші бар монопланымен 3 сағат 56 минут ұшып, тооқтаусыз Лондоннан Парижге барып, Исси-де Мулино әуежайына қонды. 5 қыркүйекте орыс ғалымы Борис Львович Розинг әлемде тұңғыш рет телекөрсетілімді жүзеге асырды. 9 қыркүйекте Ұлыбританияда дүниежүзінде бірінші рет авиапошта іске қосылды. 12 желтоқсанда Руаль Амундсенің экспедициясы Жұмыр жердің Оңтүстік полюсіне жетті.[2:3] Осының бәрін 1907 жылы «Серке» журналын шығара бастаған ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты Шәһмәрден Қошығұлов сияқты, Тройцкіде орысша – қазақша «Киргизская газетаны» бір саны болса да шығарып үлгірген Есмағамбет Айманбаев сықылды, Алаштың айтушысы «Айқаптың» шығарушы редакторы Мұхаметжан Сералин және біздің осы тақырыбымызға арқау болып отырған қазақтың сол кездегі білімдар, алдыңғы қатарлы азаматтарының бірі Елеусін Бұйрин де естіді. Оқыды. Білген сәтінде өзегін өрт шалып, шындығын да «ай, қап» деп бармағын тістеді, санын соқты... «Ғылым мен білімнен артта қалып қойғанымыз-ай» деп ұяттан өртене жаздады, арына қамшы басты. Осы ұлты үшін ұялған намыс, ұлт ұрпағының алдындағы ар мен ұждан «өкінгеннен нақты іске бекінген жөн» дегізіп, 1911 жылы 10 қаңтарда «Айқап» журналын, 16 наурызда Орал қаласында «Қазақстан» газетін шығартты.

       Зерттеу нысаны да ХХ ғ. Бас  кезеңдеріндегі еліне ілім-білім  үйретіп, халықты дамытуды көксеген қазақтың алып туған ұлдарының бірі Елеусін Бұйриннің өмірі мен қызметі және халқына қылған қызметінің елеулі жемісі, ұшар басы «Қазақстан» газеті турасында болмақ.

       Ғылыми жұмыстың мақсаты – қабағын ұйқы басып, білім мен ғылымнан шеткері қалып, отаршылдық бұғауы еңсесін түсірген қазақ халқының алдына шығып күн болуды армандағын Елеусін Бұйриннің тұлғасы мен қоғамдық-саяси қызметің айқындау, қызметіне объективті баға беру және Қзақастан газетінің қысыл-таяң шақтағы халыққа ағартудағы негізгі қазметін көлемді зерттеп, қазіргі өскелең ұрпаққа таныту. 

          Міндеттері:

  • Қазақстан газетінің тарихына шолу жасау
  • Газетті шығарудағы қазақ зиялыларының мақсатын бағамдау.
  • Қазақстан газетін шығарудағы қажеттіліктер мен оның халық ағартудағы маңызды рөлін кең көлемде сипаттау.
  • Е.Бұйриннің қайраткерлік тұлғасын айқындау.
  • Елеусін Бұйриннің қоғамдық – саяси қызметін саралау.
  • Елеусін Бұйриннің «Қазақстан» газетін шығаудағы маңызды қызметі мен атқарған кең көлемді еңбегін зерттеп, таныту.
 
 
 

         
 
 
 

«Қазақстан» газетінің шығарылу тарихы

    Табиғат құбылысы сияқты адамзат баласы ғұмыр  кешетін дәуірлермен замандар мінезі де әрқилы. Өмір желі үнемі «керімсал» соға бермейтіні тағы бар. Оның ақ түтек боранымен қақаған қары суығы да, мамыржай рахат кездері де болады. Сол секілді тарих та бір тұңғиық... Оның әр бетіне ай сәулесін түсіре білу қажет. Сол секілді түпкі бұлаң тарихтың аумалы-төкпелі кезеңінде жарық көрген Қазақстан газетін қазақ өнеріндегі ең алғашқы үнпарақтардан саналады.                                                                                                  

    Қазақстан газеті қандай газет еді? Ол – қазақ  жеріндегі ең алғашқы демократиялық-ағартушылық басылым. Бұл газетті шығарысуға көмек берген сол уақыттағы ең алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқыған демократиялық-интеллигенция өкілдері еді. Қазақ халқының мұң-мұқтажын, ағартушылық мәселелерін, әлемде болып жатқан жаңалықтарды өз бойына қамтыған баспасөз құралы. Өзінің шыққанына 100 жыл толып отырған газет сол уақыттағы қоғамдық жағдайда да сыр шертеді.1911 жылдың наурызының 16-шы жұлдызынан бастап 1913 жылдың шілдесіне дейін Орал мен Ордада шығып тұрған, осы аралықта 18 саны жарық көрген қарлығаш газеттің 16 саны Республикалық кітап палатасында сақтаулы тұр. Өлкеміздегі жақсылықтың хабаршысы болған қарлығашымыздың шығарылу тарихына көзжүгіртсек.                                                                                                                     Әуелі осындай газет шығару бастамасын көтерген тұлғалар жөнінде сөз өрбітсек.Олар қазақтың сол кездегі оқыған ардагер азаматтары Бақытжан Қаратаев, Ғұмар Қарашев, Шәңгерей Бөкеев, Сейітқали Меңдешев, Мәжит Шомбалов, Елеусін Бұйриндар еді.Тегінде, « Қазақстан» газетін шығару идеясы 1909-1910 жылдары осы айтылған адамдардың пікірлесуі барысында туса керек. Өйткені, газет шығару үшін патшалық үкімет орындарының рұқсатын алу машақатының өзіне бірталай уақыт кетеді. Болашақ газеттің жауапты шығарушы редакторлығына Қазан қаласында мұғалімдер семинариясын тауысқан, халық мұғалімі деген ресми лауазымы бар, осы уақытта Астрахан қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп жүрген Елеусін Бұйринді лайық деп ұйғарып шығарған.[3:5] Сөйтіп, «Қазақстан» газетінің ұйымдастыру шаруалары қолға алынған мезгілде әдеби қабілеті, өзіндік бағдар-беті қалыптасқан, оқу-білім мен азаматтық теңдікке халқының көзін ашуға мүдделі оған оралдық ұлтжандылардың сенім артқаны байқалады.                                                                                                       

           Тарихшы Исатай Кенжалиев өзінің «Ғұмар Қараш» еңбегінде: «Газет Ғүмар Қараштың ұсынысымен «Қазақстан» деп аталды. Газеттің мақсаты - бір жағынан бүтін Батыс Қазақстан өлкесіне таратылып, бұкара арасында ағарту жұмысын жүргізу болатын. Бүл күллі қазақтың жарқын болашағының, жарқын келешегіне құлаш сермеу болатын. Оның алғашқы екі саны Орда қалашығында 1911жылы 16 наурыз, 27 мамырда жарық корді. Бүл ол кезде үлкен ерлік, зор табыс еді. Қазақтың оз жерінде түңғыш қоғамдық-саяси газет дүниеге келді » [4:84]

          1911 жылдың қантарында «Қазақстан» деген атпен, орысша қосымшасымен, жетісіне бір рет қазақша газет шығаруға рүқсат еткен № 618-ші губернатордың куэлігі тапсырылды. Губернатор 18 қаңтарда Петербургтегі Баспасоз ісі жоніндегі Бас басқармаға жолдаған хатта әлгі мәліметтермен қатар газет бағдарламасы да тізіп корсетілген. Бағдарлама 8 баптан түрады:

  1. үкіметтің үкім -жарлықтары;
  2. қоғамдық маселелер;
  3. агенттік жедел хаттар;
  4. жергілікті өмір;
  5. биржа;
  6. сот хроникасы;
  7. әр түрлі сыртқы және ішкі хабарлар;
  8. беллетристика және өлеңдер.

Бір жылға  жазылу бағасы 3 сом , жарты жылға 1 сом 50 тиын,

     4 айға 1 сом, бөлшек саудада әр данасы 3 тиын түрады. Газет Астрахань қаласында, Москва линиясындағы Багировтың үйінде орналасқан Окурь мен Апресьянң баспаханасында басылатыны мағұлұм етілген.[5:77]    Зерттеушілердің айтуынша, «Қазақстан» газетін шығару үшін бастамашылардың өзі бас болып ақша жинаған. Осы мақсатқа, мысалы, ақын Шәңгерей Бөкеев 1500 сом қаражат қосса, ақын Ғұмар Қарашев Бакуге арнайы барып, әзірбайжан ауқаттысы Зейнелғабиден Тафиевтен газетке шашу ретінде берген 1000 сомын әкелген. Тағы бір дерек көзі Семей облысындағы тілеуқорлар Ихсан Рахымов , Ғабдырахман Юсуфовтардың игі іске қомақты қаржы жолдағанын айғақтайды. Дума депутаты болған Бақытжан Қаратаев қайраткерлік беделін салып қаржыны толықтыра түскен. Сол өлкеге бірі мұғалім, бірі дәрігер ретінде танымал С.Меңдешев пен М.Шомбалов та ел ішінен ақша жинауға бел шешіп атсалысқан. Халық мүддесін көздеген ортақ іске мұғалімдер, дәрігерлер. Пошта мен телеграф қызметкерлері өз үлестерін қосқан. Жиналған қаржы Астраханнан баспахана жабдықтары алынып,Ордаға жеткізілген. Бұл шаруаны тікелей атқарушы Е.Бұйрин болған сыңайлы. Баспахана соның атына тіркеліп, сол кісінің жеке меншігі саналған. Мұның өзі Кеңес кезінде оған баспаханадан жұмыс істетіп, адамдарды қанады деген сорақы айып тағуға негіз болған.Жоғарыда аталған оқиғалардың мәні, қалай өрбігені жөнінде толығырақ қамтып өтсек.

  Зерттеуші ғалым М. Ысмағұловтың деректері бойынша, Шәңгерей усадьбасындағы мәжіліс Ғабдол-Ғазиз Мұсағалиевті Жетісудағы Барлыбек Сырттанов арқылы Маман тұқымынан қаржы сұрауға аттандыруды ұйғарады. Сол басқосуда Шәңгерей «газетке байғазым» деп 500 сом, сосын «көмегім» деп және 1000 сом берді. Газет басқармасы Борсыда жайғасады, ал басылымның ресми редактор - шығарушысы жаңақалалық мұғалім Елеусін Бұйрин, қазақша жағын дұрыстаушы Ғұмар Қараш болады деп шешілді. Орыс қаріптері Орда қаласындағы Шелкова баспаханасынан, араб қаріптері сол жылдарғы иесі Мұхаммедғали Мусин дейтін саудагер татардан сатып алынады.[6:13] М.Ысмағұлов газеттің 1911 жылғы 16-наурызда шыққан алғашқы нөмірі Ордада осы құрал-жабдық көмегімен басылған деген пікір түйгенімен, қазірде Санкт-Петербург көпшілік кітапханасының Купчинодағы филиалында сақтаулы тұрған газеттің бірінші нөмірінің аяқ жағында «Орда қаласы. Апресьянц пен Окурдің типографиясы. Астрахан! Делінген. Демек баспахананың түпкі адресі ретінде Орда көрсетіліп, материалдар Борсыдан поезбен тікелей Астраханға жеткізілген. Материалдарды сонда саудагер ретінде уақытша жайғасқан Бақытжан Қаратаев қарап шығып, баспаханаға тапсырады.[5]Ал мақалалалардың негігі бөлігін газет редакторы Елеусін Бұйрин жазып отырады.Жоғарыда Мусин-Шелкова қаріптерінің күшімен шыққан осы екінші нөмір болса керек.Бұл нөмірге керек қаржыны Елеусін Бұйрин мен Ғұмар Қараш Бакуге барып,әзірбайжан мұнай кәсіпкері ЗейнелҒабиден Тағиевтен алып келеді.Бұл туралы Қазақстан газетінің екінші санында «Идарадан» деп қол қойған автор: «Қазастанның» 2-нші нөмірі кешігіп шықты, шығарушылардың не халде болғандығы бір Аллаға, екінші өздеріне аян, қайғылы күндердің, ұйқысыз түндердің талайын бастан кешті, алдарымызда да тар жерлер, тайғақ кешулер жатыр, алайда шығарушылардың кейінге қашуға ойлары жоқ.Алла жанына саламат берсін, мәшһүр генерал Зейнелғабиден Тағиев ... бір көтеріп жіберді, бағасы бір мың сом газитимиз файдасына жәрдем етті», - деп баяндайды.[7:2]Елеусін Бұрин мен Қараштың Бакуге тап болуының өзінің ұзын сүре тарихы бар.Бұл туралы тағы да сол М.Ысмағұлов жазып алған Ә.Ералиеваның әңгімесі мәліметке молықтырады.Осы естелікті негізге алған М.Ысмағұлов «Ұлт қауымының» құпия кеңесінде 1911 жылғы мамырдан қарашаға дейінгі аралықта қаржы жоқтықтан кідіріп тұрған газетке араб қаріптерін, баспахана құрал-жабдығы мен бояу әкелу үшін Е.Бұйрин мен Ғ.Қарашты Бакуге жіберуге шешім алынғандығын жазады.Қалай болғанда да әлгі шешімнен соң Бақытжан Қаратаев Астарханда мал дәрігері болып істетін Мұстафа Көкебаев пен сондағы Қалмақ базарының попечителі Сәлімгерей Нұрлыханов арқылы қалаға жер аударылып келген әзірбайжанның ағартушысы Нариманбек Наримановпен танысады, оның демесін сөзімен олар С.Шаумянның революцияшыл демократтарына шығады.Осылайша Нариманов, Шаумян, Қаратаев бас қосқан Нұралыхановтың пәтеріндегі құпия кездесуде Наримановтың демесін хатымен Елеусін мен Ғұмар Бакудегі Зейнелғабиден Тағиевке жіберіп, одан қалада құпия орында тұрған араб қаріптері мен баспахана құрал-жабдықтарын Астарханға жеткізуге көмек етуін сұрау жөнінде ұйғарым жасалады.[8:8]                                                                                                                                                     

Информация о работе Қазақстан газеті