Қазақстан газеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:13, доклад

Описание

Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттык, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени реформалардың іске асырылуы мәдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады.

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми Жоба оригинал.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

      Тақырыпты жоғарыда аты аталған қазақ жураналистикасына еңбегі сіңген профессор Х.Бекхожинның сөзімен жалғап, қорытындыласақ: «Газеттің «Қазақстан» деп аталуында да мән бар. Бұл қазақ жерлерін біріктіріп, демократиялық республика орнату идеясын аңғартады.

    «Қазақстан» елдің қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірінің ең актуальды проблемалары жазылды. Газет көшпелі елді отырықшылық  өмір салтына бейімделуге, білімге, орыс мәдениетімен жақындасуға шақырды. Мысалы, Б.Қаратаев «Азаматтарға» деген хатында көшпелі өмірдің күні өтті, көшпенділік және патриархалдық-феодалдық тұрмыстың салты мәдениеттің дамуына бөгет жасайды деп жазды. Кертартпа элементтерге соққы бере отырып, ол қазақтың еңбекші бұқарасын поселке болып тұруға, пайдалы кәсіппен айналысуға, балаларды мектепке оқытуға шақырды.

    Газетте кооперация, агротехника, зоотехника мен  ветеренария мәселелері жөнінде, сол  сияқты ғылыми мақалалар басылды. Бұл  газеттің жетістігін айтумен бірге оның кемшілігін де көрсетуіміз керек. Газет проблемалық мәселелерді көтергенде қай таптың мүддесін қорғайтынын ашып айтпайды. Мәселен, қазақ елінің әлеуметтік-шаруашылық өміріндегі қайшылықтардың себептерін, кедейлер санының көбеюін «Жердің тарлығынан» деп жалпылама түрде сипаттайдыда, бай мен кедей арасындағы қайшылықтарды ашып көрсете алмаған. Соған қарамастан осы газеттің қазақ бұқарасының арасында озат қоғамдық демократиялық ой-пікірлерді насихаттауының, замана талаптарына қарай отырықшы тұрмыстың шаруашылық пен мәдениеттің дамуына қолайлы жағдай жасайтындығын түсіндіруінің үлкен маңызы болды. Сондықтан «Қазақстан» қазақ баспасөзінің тарихынан прогресшіл, демократияшыл газет ретінде орын алады.

    Тарихи  жағдайларға байланысты «Қазақстан»  газеті революциялық-демократиялық  дәстүрлер дәрежесіне көтеріле алмады. Бірақ елдегі революциялық жаңа өрлеудің ықпалымен ол прогресшіл, демократиялық  бағытта болды.» [11:47]          

Халқының  біртуар перзенті- Елеусін Бұйринның өмірі мен қоғамдық саяси қызметі. 

          ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға буржуазиялық қатынастардың енуі, ұлттық буржуазия мен интеллгенцияның қалыптаса бастауы, жалпыхалықтық ояну жағдайда ұлттық мемлекеттік мәселесі күн тәртібіне қойылды. Мемлекеттік билік қажеттігін бүкіл елдік көлемде түсіну, есею жолында барлық халықтар басынан кешіретін тарихи кезең екендігі мәлім.

        Осы тарихи кезеңде алғашқы қазақ демократиялық- интеллигенция өкілдері пайда болды. Олар халқының тәрбиелеген өжеттігімен, алғырлығымен және оқу- тоқудан жинаған алдыңғы қатарлы білімдерімен қаруланған топ өкілдері еді.Олар  түлкі бұлаң тарихтың осы кезеңінде өмір сүріп, өз халқын өрге сүйреу бағы тағдарына бұйырған асыл тұлғалардан еді. Оларды бір мақсат, бір арман біріктірді.Ол- өз халқының ұзақ ғасырлар бойы көксеген арманы тәуелсіздік еді. Олар өз халқының азаттық алуын өз алдына ең негізгі мақсаты ретінде  қойған. Осылайшы өз мүддесінен гөрі өзінің туған ұлтының мүддесін артық көрген халқының адал да абзал ұлдары осы көксеген арманы егемендікке қол жеткізу үшін аянбай тер төккен. Жұлдыз болып туған ұл туған елдің бағына немесе адал ұл ер боп туса елдің көркі демекші, осындай еліне адал ұл, жарқыраған жұлдыз боп туған халық ұлдарының бірі Е.Бұйрин еді.

        Елеусін Бұйрин - елім деп туып, елім деп өшкен азаматтардың бірі әрі бірегейі.Халқын берекелі ел болуға үндеген қайраткер – ағартушы,халқын өнер мен ғылымға, оқу мен тоқуға, еңбексүйгіштікке бағыт- бағдар берген нұр перзент. Өз дәуірінде мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкекесті мәселелері хақында қағазын құрғатпай, қаламын тоқтатпай ой толғаған қаламгер.   

        Елеусін Бұйрин 1874 жылы Орал облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Әкесі Бұйра Қамыссамар көлінен балық аулауды кәсіп еткен адам болған.Әкесі шағын шаруа адам екен өмірден де ерте озса керек. Ата- анасынан ерте айырылған Елеусін Бұйрин байдың малын бағып жүріп, өзінің зеректігімен бірер жыл арабша үйреніп, қалада оқысам, білім алсам деген арман жүрегінде жүріп Бөкей Ордасындағы Жәңгір хан мектептерінің бірінен алты сыныптық білім алған. Жастайынан зеректігімен көзге түскен ол балыққа келетін татар кәсіпкерлерімен таныс жүріп , Қазан қаласына оқуға барады.1896 жылы Қазанда мұғалімдер семинариясын бітірген. Семинариядан кейін Астархан қаласына келіп , мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді.Осында жүріп қоғамдық- саяси өмірге белсене араласып, алғашқы қаламгерлік қабілетін шыңдайды.Елді мәдениетке, өркениетке шақаратын көшбасшы құрал баспасөз екендігін аңғарып, жаңа сипаттағы газет шығаруға бел байлайды.Осыдан соң Ордада ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан» газетінің редакторлығына Елеусін осы мұғалімдіктен келген екен.[19:210]

         1911 жылы Жәңгір Ордасында ақындар Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, қайраткер Бақытжан Қаратаев, дәрігер Мәжит Шомбалов, мұғалімдер Сейітқали Меңдешев пен Елеусін Бұйрин өз қаражаттарына ортаға салып, қазақ тілінде газет шығаруға бел байлайды. Елеусін Астархандағы мұғалімдік қызметін тастап, баспахана жабдықтарын алып Ордаға келеді.Жан-жақтан қаражат жиып, беделдерін салған замандастарынқолдауымен сол мақсатты ойдағыдай жүзеге асырды. Осы ретте барлық жауапкершілік пен ауыртпалықты Е. Бұйриннің өз мойнына алғаны күмәнсіз. Өйткені, өзінің жауапты редакторлығымен қазақ тілінде (орыс тілінде қосымша мақалалары болатын) «Қазақстан» деп аталатын газет шығаруға рұқсат сұрап Орал облысының әскери губернаторына өтініш түсіретін осы кісі. Ол өз өтінішінде «Қазақстанның» қырғыз өлкесі дегенді атап өтеді. Сол-ақ екен, Е. Бұйриннің саяси сенімділігі құпия түрде тексеріле бастайды. 1910 жылдың 28 қыркүйегінде Астархан губерниялық жандарм басқармасына түскен қатынас қағазға орай Астархан губернаторына қолма –қол оның саяси сенімділігіне нұқсан келтіретін мағлұматтар болмағандығы және өзінің басқарма бойынша ешқандай істен өтпегендігі баян етіледі. Бұл құпия баянхатта Е. Бұйриннің халық мұғалімі деген атағы барлығы, Хан ордасында тұратындығы атап көрсетіледі. 1911 жылдың 27 шілдесінде Астархан губерниялық жандарм басқармасына тезарада Е.Бұйриннің мінез – құлқы мен саяси сенімділігін сұратқан екінші құпия сауал түседі. Мәліметтер Орал облысының әскери губернаторына хабарлау үшін қажет екендігі айтылады. Сірә бұл жолы да оң жауап берілсе керек, себебі «Қазақстан» газетінің Орал қаласындағы отставкадағы подесаул Хохлачев үйіне орналасқан Е.Бұйриннің жекеменшік баспаханасында шығуы жалғасады.Ал, 1912 жылдың 2 қаңтарында жандаралы Дубасовтың қолы қойылған , «Қазақстан» деп аталатын газетті шығару құқығын еншілектен куәлік береді. Осындай ұзақ уақытты тексерістер нәтижесінде Е.Бұйринге газет шығару құқы беріледі. Бұл оқиға оның халық арасына  шығармашылық қырынан танылып, жаңа белестерді бағындыруға себеп болады.[20:4]

         Өзіндей оқыған зиялылар көзқарасын бөлісіп, халқын, елін азаттыққа жеткізудің жолын ойлаған қайраткерлердің бірі- осы Елеусін. Сол 1911 жылы өз газетінде: «Россияның ішінде әр облыста таралып жатқан қазақ халқы бір жерге қосыла алмай жүрген заманды артымызға тастап, енді баспасөз арқылы сөйлесіп, пікірді майданға салып, иттифақтың (ел туы) астына жиналып, бір тілекте болса ғана жұрт қөатарына қосыла алады. Ел билеген азамат, ғылым жолындағы талапкерлер әрқайсысы өз пайдасын ғана ойламай, халық мүддесін жоғары санаса, біз де тез заманда кім екенімізді жұртқа танытармыз деуі» көп нәрсені аңғартып тұр.Сонымен қоса ол «Қазақстан беттерінде мәдени- ағарту, отырықшылыққа көшу, аурудың алдын алу, тазалық сақтау жайында көптеген мақала жариялаған. Оның аянбай төккен тері, еңбегі арқылы ел дамуы, халықтың мәдени тұрмыс деңгейі арта түсіп, болашақта қандай ел болатынын халық санасына сіңіре білді. Жалындаған жас жүрек Е.Бұйрин ел дамуында терең өшпес із қалдырды. Қоғамдық өмірді дамытудың жаңа қаруы баспасөз құралдары арқылы халқын өнер мен ғылымға үндеген ағартушы ретінде таныты білді. Бұл оның тұғырлы тұлға, ел көсемдерінің бірі болғандығын аңғартады. 

     Халқының  ардақты ұлы Е.Бұйриннің еңбегі тек газетпен шектелмеді.

      Өз ұлтын өрге, өркениетке бастамақ оймен газет баспасынан «Ызың» атты кітап та шығарады. Зерттеушілердің ойынша бұл кітап қазақ жеріндегі  ең тұңғыш баспадан шыққан кітап деп есептеледі. Е.Бұйрин оған өз аудармалары мен басқа ақындар өлеңдерін топтастырады. Жинақ Е.Бұйриннің «Әу, қазақ» деген өлеңімен басталады.

      Кітап неге «Ызың»? Әлде осының алдында ғана Орынбордан басталып шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» кітабына еліктегені ме екен? Неге «Әу қазақ!» деп жар салады? Бәлкім Міржақыптың «Оян, қазағынан» қанаттанды ма? Бұл сауалдарға нақты жауап іздеудің қажеті де болмас, алайда сол тұстағы зиялыларымыздың бірін- бірі қолдап, үлгі тұтып, ісін жалғап отырғаны ақиқат.[20:4] Өйткені, олардың барлығын жиятұғын, барлығының ойын бір жерден шығаратұғын нәрсе ол отанға деген сүйіспеншілік еді.

    Енді  кітаптың өзіне келелік. Е.Бұйрин аталған  кітапқа Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың  кешегі күйі» өлеңін енгізуі жоғарыда аталған пікіріміздің бір дәлелі іспетті.

           Еділ- Жайық, Сырдария,

           Белгілі жұртқа екі  су,

           Тәтті, дәмді, тармақты

           Ұзын Ертіс, Жетісу.

           Осы төрт су арасы 

           Сарыарқа деген  жер еді.- деп басталатын Мағжанның  ұзақ өлеңі бүгінгі оқырманға «Өткен күн» деген атпен белгілі. Ақын оны «Ызыңнан» кейін 1922 жылы жинағында қайта түзетіп бастырған. Мұны М. Жұмабаевтың кітап бетін көрген алғаш жыры деуге болады. Елеусін ақын ретінде тұсауын кескен Мағжан ол жылы небәрі 18 жаста еді. «Шолпан» жинағы Қазанда енді шыққалы жатқан кезі-тұғын.

    «Ызыңға»  сонымен қатар Ахмет Мәметов (Мәншүктің әкесі). Ғ. Малдыбаев, И. Бисенов, Х. Қоңыратбаев өлеңдері енгізілген. Ал Е. Бұйриннің өз аудармасымен Кольцовтың, Жуковскийдің, Никитиннің өлеңдері берілген. Әсіресе Кольцовтың «Что ты спишь, мужичек» өлеңі қазақша тым келісті төгіледі: 

    Ұйықтап жатырмысың, қара шекпен.

    Жарық жаз қайта келді былтыр өткен.

    Баққаның  күндіз-түні тек бір ұйқы.

    Адам  ең талабын жоқ мұншы неткен... 

    Ұйқыңды, қара шекпен, бөлсең не етеді.

    Мінеки, жаз уақыты тағы өтеді

    Ауладан көзін салып күз қарайды.

    Артынан қалың күні қыс жетеді. 

    Кольцов болып тіл қатқан Елеусіннің уайымы өз жұрты екені түсінікті.Өз халқының қамын жеп, адалдықтың ақ туын желбіреткен, ұлтым деген ардақты ұл Е.Бұйрин газет беттерінде де қазақты оятуды келелі мәселе етіп, келісті мақалаларымен халықты надандық кесапатының бұғауыннан, білім мен ғылымның жарқын болашағына жетелейді.Сөйтіп, Е.Бұйрин «Қазақстан» газетінде ерекше қайраткерлік тұлғасын айқындай отырып, үркердей озық қазақ зиялыларымен бірге халық арасында алғаш қазақ жеріндегі баспаханадан ғылыми-ағартушылық кітап шығарған тұңғыш ұмытылмас тұлға еді.  Осы арманмен ұлты үшін жалындап жанып баспасөз қызметін тастағаннан кейін де халқы үшін еңбек қылып, өзінің еліне септігін молынан тигізеді

    Оның  қайраткерлік тұлғасының заңды жалғасы ретінде 1921 жылы Кеңестердің Бөкей губерниясының 1- съезіне делегат болып қатысып,өзінің қызметкерлік жолын орта шенді адвокат болып кейіннен Қазақ АКСР Ағарту халкомында қызмет істейді.Оның қызметкерлік жолы халқы үшін қызмет қылудан басталып, ары қарай да өз жалғасын табады. Кейіннен 1930-32 жылдары Алматы қаласында орталық музейде ғылыми қызметкер болады.[19:210]

    Осы тариха кезеңде халық басына қара бұлт иіріліп, озық ойлы халықтың ардақты  азаматтарының басына қылыштың жүзі төнеді. Осындай нарқасқа, дарабоз азматтардың өмірі кеңестік шовинистік саясаттың қыл бұрауының кесірінен тұйыққа тіреледі.Сөйткен азаматтардың өзі арман қылған ұлтының жарқын болашағының сенімі ақталмай шыққанға не дерсің. 1932 жылы  халықтың ұлықтары ұсталып атыла бастаған уақытта, Е.Бұйрин да өз отанын мәжбүрлікпен, күңірене тастап  «елім-айлап» жат ел Тәжік еліндегі Сталинабад қаласына жол тартады. Тағдырына осылай жазылып жақын-туыссыз, дос-жолдассыз, жоқшылық пен аштықтың кебін киеді. 

    Сталинабадқа келген соң Орталық архив инспекторы болып қызметке орналасады.Алайда, қазақтың озық туған ұлы одан әрі қудаланып 1933 жылы 16 сәуірде қызметінен қуылады.Елкусін Бұйраұлының өз қолымен жазған ең соңғы өтініші қатты аянышты. Тәжік КСР Атқару комитетіне ол: «Я с осени прошлого года состоял инспектором Центрального архивного управления при ЦИК Тадж. ССР. А так как пошатнулось у меня здоровье, то 16 апреля с. г. уволился от должности. Дочь моя Гейша перешла на 4 курс медицинского факультета в Москве. Сын мой Анвар перешел на 2 курс института цветного металла в Москве же. С тех пор как я уволился, голодаю. Дочь София уже слегла от голода. Словом ,грозит смерть. Я сам еле хожу».Одан әрі өзінің кім болғанын, патша заманында «Қазақстан» деген газет шығарғанын,қудалау көргенін, 20-сыншы жылдардан бері үздіксіз кеңес қызметінде екенін жазады.Өзіне жәрдемақы тағайындалуын немесе Мәскеудегі отбасын жету үшін қызы екеуіне қаражат беруін өтінеді. Комиссияға өзінде сақталған «Қазақстан» газетінің бірнеше парағын қоса тапсырады: «Чтобы не быть голословным, прилагаю сохранившиеся листки этой газеты».[20:4].Алайда, оның өтініші қанағаттандырылмай 1933 жылы маусымда, артын өшпес із қалдырып, өзінің барлық саналы ғұмырын халқының өрге басуына арнаған асыл тұлға Е.Бұйрин аштықтан көз жұмады. Оның есімі уақыт өткен сайын жас ұрпақ санасында айшықтала түспек.

    Е.Бұйрин – өз заманының шеңберіне сыймай, ой – дәрежесіне, талаптарын көнбей, асқан даналық танытқан қайраткерлердің  бірі. Өз білімі мен білігінің арқасында  өз халқының асыл мұраты егемендікке қол жеткізуі арманының жолында тайсалмай қайсырлық көрсетіп, өз заманының ақиық-дарабоздарымен қатарласа шауып, соның жолында құрбан болған ұмытылмас тұлға.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

              Кез-келген мемлекеттің тарихы сол елдің, халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен өзектес келеді. Әсіресе, бұл күрес қазақ елінің Ресей империясының қол астына енгеннен бастап күшейгендігі баршаға мәлім.

              XIX ғасырдың екінші жартысында  Қазақстан Ресей империясының толық отар еліне айналды. Саяси жағынан алғанда бұл ұлттық мемлекеттіліктің барлық негіздерінің жойылуы еді, қазақ халқы маңдайы тасқа соғылып өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырылды.

             Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара білді.Өз арман-мұратын халық мүддесімен тоғыстыра білген олар, халықты алға сүйреп өзге өркениетті елдер қатарына қосуды көксеп, жалпы адамзаттық гуманизм принциптерін асқақ тұтып, бүкіл қазақ халқының мұң-мүддесіне қызмет етті және бүкіл саналы ғұмырын осы мақсатқа жетуге арнады.Осы мақсатқа ұмтылу барысында олар жаңа өркениеттік қоғамда кеңінен таралатын, халықты түгел шарпып, бір ортақ мақсатқа жиятұғын күші бар баспасөз құралдарын пайдаланды.

Информация о работе Қазақстан газеті