Қазақстан газеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:13, доклад

Описание

Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттык, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени реформалардың іске асырылуы мәдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады.

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми Жоба оригинал.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

      Жолаушылар  елге оралып, газет басқармасы баспахана  борышынан құтылған соң сол жылғы мамырдың аяғында Ордада Шелкова баспаханасынан екінші нөмір жарық көрді. Осымен газеттің Астрахан, Орда кезеңі аяқталды. Сол 1911 жылғы қазан айынан бастап «Қазақстанның» қалған бүкіл 14 нөмірі Оралда, Сақмар және Самар көшелерінің қиылысындағы оставкадағы казак подесуалы Хохлачевтің үйіне жайғасқан газеттің жеке меншік баспаханасында басылап тарады.Қазақстан газетінің Орал қаласындағы кезеңі газеттің қаржы жағдайы біршама жақсарған кезі еді.Біріншіден газет редакторы Е.Бұйрин мен Ғ.Қараштың Баку сапары, екіншіден Жетісуға кеткен Ғ.-Ғ Мұсағалиев Барлыбек Сырттановтың көп көлемді қаржы әкелуі себеп болды. Ғ.Ғ.Мұсағалиев арқылы Жетісудан берілген жәрдем жөнінде Б.Қаратаев газет ұжымының бас қосуында хабарлама жасады . [9].  Оның үстіне Шәңгерей 1500сом берген. Осы ақшаға және ұйым мүшелері қосқан жарнаға баспахана жабдығы, қағаз, бояу сатып алынды. Газетке қоса кітап шығару ойластырылды. 1912 жылы Елеусін Бұйриннің «Ызың» атты өлең жинағы жарық көреді. [10:101]. Егер ХХ ғасырдың басына шейін қазақ жерінде қазақтан шыққан қазақ баспагерлер ұйымдастырған баспахана болмағанын, ол заман қазақша кітаптарды өз жерімізде шығарған баспалардың ірісі-«Ярдам серіктігінің» өзін ағайынды татарлар – Нығматуллиндер шығарғанын ескерсек, «Қазақстанның» жоғарыдағы екі кітабы мерзім жағынан алғанда да, ұлттық құрам жағынан қарағанда да қазақ жеріндеқұрылған баспалардың алғашқысы болды деуге толық негіз береді.

    Соған қарамастан газет ұйымы кітаптан гөрі газет ісіне бейіл беруден танған жоқ. Сол 1912 жылғы 19-қаңтарда газеттің Оралдағы бесінші нөмірі шыққаннан кейін әкімшілік тарапынан дау туды-газеттің Орал облысында тіркеуден өтпегені анықталды. Газет басқармасы бұған уәж ретінде 1910 жылы өздеріне Астрахан губернаторы табыстаған ресми рұқсат куәлігін алға тартса керек, себебі сол күні-ақ Тамбов-Орал теміржол жандарм басқармасы Орал бөлімшесінің бастығы астрахандық әріптестеріне Елеусін Бұйриннің саяси шүбәлілігін және газет жайында толық мәлімет сұрап хат жолдады.Астрахан жандарм басқармасы өз тарапынан 15-ақпанда өздеріндегі губернатор кеңсесінен газеттің қашан, қайда, кімнің қаржысымен шыққандығы, шығарушысы, қызметкерлері, не себепті тоқтап қалғандығы жөнінде дерек сұрады. Арада апта өткенде губернатор кеңсесі полицияға 1911 жылы Астраханда «Қазақстанның» екі нөмірі шыққанын, Окур-Апресьянц баспаханасында басылғанын, редакторын, қызметін, газет жалпы бағыт-бағдары жағынан прогресшіл-түбегейлі(радикальды) бағыт үстағанын хабарлады. Баку сапары, Кавказ кәсіпшілерімен, Астрахан мұсылман газеттерімен одақ жайы, Тағиевтің көмегі де айтылған. «Қызметкерлері кімдер еді, газет неге тоқтап қалды» деген сұраққа «білмейміз» деп жауап берді. Жауап иелері мәліметтерінің осы толымсыздығына қысылды ма екен, сонымен бір мезгілде өз тараптарынан Ішкі Орда уақытша басқару кеңесінен мәлімет сұратады.Соған байланысты 25-ақпанда Ордадағы Уақытша кеңеске біршама толық агентуралық ақпар түсті. Бір қызығы, бұл мәлімет Хан Ставкасында «Қазақстан» дейтін газет ешқашан шықпағанын, бүкіл нөмірі Астраханда, Окур мен Апресьянцтің типо-линографиясында басылғанын баян етумен басталады. Бакуден ақша аударылғаны көрсетіледі. Газет қазақтардың күнделікті өмірі, шаруашылық жөнінде мақала-фельетон жариялап, кейбір материалдарды көшіріп басқандығы айтылды. Бұл агентуралық жазбаны Кеңес советнигі Климов қаз-қалпында жандарм басқармасына жолдаған[5:76].

        Бір жыл бойғы ұзақ тексеріс Е.Бұйриннің де жүйкесіне тимеді деп айта алмаспыз.Замандастары да Е.Бұйриннің сонымен бірге газет шығарғаны үшін патша үкіметінің тарапынан қуғын көргенін де куәландырады. Бірақ, ең бастысы, оның ойға алған істі орындағанын, мұраттас-мүдделестер сенімін ақтағанын көреміз

          Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе «Қазақстан» газетін шығаруға сол кездердегі қазақтан шыққан ең алдыңғы қатарлы білімдарлар мен ақылмандар, құзырлы үкімет органдарынан қанша рет теперіш көрсе де өз айтқандары мен алға қойған жалғыз мақсаты- халқының азаттығы үшін халқына соңғы қанын сарп етіп тынбай еңбек еткен қазақтың нар ұлдары атсалысқан. Қазақстан газеті болашақ тәуелсіз елінің атауына негіз болып, сол уақыттағы азуын айға балап, аузын айқара ашқан арыстандай патша үкіметіне қарсы текетіресіп, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған алғаш баспасөз құралы екендігіне қазақ тарихшыларының шүбәсі жоқ деп ойлаймын. Осы орайда қазақ журналистикасының көрнекті қайраткері, белгілі тұлға Х.Бекхожин «Қазақстан газеті елдегі революциялық жаңа өрлеудің ықпалымен ол прогресшіл, демократиялық бағытта болды»[11:47] дегендей «Қазақстан» газеті заманының қиындығына қарамастан демократиялық бағыт-бағдардан тынбай өз халқының алдындағы міндетін орындады деп толық айта аламыз.

 
 
 
 
 

                                                                                                             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Қазақстан» газетінде көтерілген мәселелер.

 

             ХХ ғасыр қазақ халқы үшін маңызы өлшеусіз, тәуелсіздікке жол сілтеген ұлы ғасыр іспеттес. Ғасыр басында қазақ зиялылар дер кезінде жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адаса білді. Олар халықтың мұң-мұқтажын терең түсініп, қазақ қоғамында қалыптасқан күрмеуі қиын мәселелерді шешуге тырысты. Заманы тазы болып тұрған кезде, түлкі болып шала білді.

            Аталған ғасырдан бастап патша өкіметіне қарсы демократиялық ағымдар мен партиялар сонымен бірге жаңа басылымдар басылды. Халық ағартушылыққа көңіл бөле бастады. Осы демократиялық құралдардың ішінде ең таралымдысы мен халық арасында жақсы танысы баспасөз құралдары еді. Олардың ішінде осы біздің тақырыбымыздың арқау болып отырған «Қазақстан» газеті де бар еді.

        «Қазақстан газеті қандай газет?»,Онда қандай мәселелер көрініс тапқан» деге сұрақтарға жауап беріп көрейік. «Қазақстан» қандай газет дейтін сауалдың басын ашып алайық.

         Профессор Хайыржан Бекхожиннің айтуына бақсақ, «Қазақстан» газеті қазақ баспасөзінің тарихынан прогресшіл демократиялық бағыттағы газет ретінде елеулі орын алады. Оның әр нөмірінің бірінші бетінде: «Газеттің мақсаты-кәсіп ету, ғылым үйрену тұрғысында» деп жазылып отырған. Ал А. Беннигсен мен Ш. Келькежей «Қазақстан» «панисламшыл және революцияшыл интеллигенцияның органы» деп сипаттайды. Кеңес дәуіріндегі зерттеушілердің анықтамасы «Қазақ» ұлтшыл, «Айқап» прогрессивті-ағартушы, ал «Қазақстан» социал-демократиялық басылым болды дегенге саяды[12:51] . Патша байыпкерлерінің жіктеуінен бұған дейін келтірдік, олар басылымның бағдарын «прогресшіл-радикальды» деп бағалаған.

         Газет шығып тұрған жылдары берілген соңғы баға, онымен бірге социал-демократиялық бағытты көрсеткен кеңестік тұжырым көкейге қоныңырқырайды. Мұндағы гәп басылымның алғашқы нөмірінде Ғұмар жазған «Газит деген не зат» атты беташар мақаланың өршіл пафосында ғана емес. Қараш бұл мақаласында кісі пайдалы деп жүрген ғамал (іс-әрекет) зарарлы болып шығуы мүмкін екендігін, мұны ғылым, өнер құралын құралданып, ақыл мінезі сай басшылар көмегіне сүйеніп, сонымен бірге бірімізден біріміз үйрене отырып ажыратуға болатынын баспалдақ етіп айта келіп, осы істе баспасөздің алатын орнына тоқталады. «Ақыл иесі адамдардың айтқан бір ауыз сөзі 2-3 күнде елінің басынан аяғына оқылып тыңдалып болады,-дейді. – Файдалы істі ынтымақпенен істей қойысады, зарарлы істің зарарын күн ілгері біліп сақтанысады». Ал солардай болып елдің шетіне келген қайғыны да, шаттықты да бірдей көрмеген, ортақ көтермеген жұртта ынтымақ болмайды, ынтымақ болмаған соң күш те, қуат та жоқ. Ендеше «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат газит, сол себепті газит біздің басшымыз, газит біздің дәрістер алдында көргеніміз. Дұшпандарға қарсы құралымыз. Газит біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз.

      Газит біздің караңғыда жарық беріп тұру жолына салатын шам шырағымыз”[13:251].Жоғарыда аты аталған Қазақстан журналистикасының негізін салушылардың бірі Х.Бекхожиннің сөзіне сүйенсек ««Қазақстан» газеті халық атынан сөйлейтін, халықтың ағартылуы мен кәсіппен айналысып дамуын жақтайтын демократиялық басылым».

        Жоғарыдағы «Газет деген не зат?» мақаласынан кейін “Хал жайымыз” дейтін көлемді редакциялық, мақала газет болашақта көтеретін сүбелі бip тақырыпқа оқырманды алдын-ала даярлау мақсатында жазылған. “Бipey ақшасын аямай, бipey қызметін аямай, Алла деп бip газет жаңа шығарып алып тұрмыз, сондағы мақсұд сіздерменен бip жасару, сөйлесу еді, келіңіз енді сөйлесейік” деп алады да, автор одан әpi: “Бiз жылдан жылға жаралы болып барамыз, жылдан жылға надан болып барамыз, не болсақ о болайық деп ұмтылмай жүре береміз бе, болмаса бiз де бip тipлiк етеміз бе?” деген сұрақ қояды. Мұнан кейін тарихтың даму заңдылықтары түсіндірілген. Адам баласы кішкенеден үлкейетіні сияқты, әлгі заңдылық жүзінде халық  та мақсұт-мұратына неше түрлі замандардан асып барып жететіні ыспат етіледі. Мақала авторы осы замандарды жіктеген кезде мұсылман дүниесіне тән “уахшат”, “бәдахшаттарды” қолданбай, қазақша “мал бағу заманы”, орысша “пастушеский быт”, “егіндік заманы” (“земледельческий быт”) деп атап, ұғым- терминдерің сауатсыз халыққа түсінікті, етене болуын көздейді. “Сол түрлі - түрлі заманда, — дейді мақала иeci, — адам баласына түрлі-түрлі кәсіптер керек болады. Мұның мағынасы сол, заман өзгереді, сол заман өзгергенде адам баласы кәсіпті өзгертуі керек... Егер өзгертпесе, жаңа заман мен уақыты өткен ескі кәсіп екеуі шалыс келеді... Біз бұлай отыра берсек мұнан да жарлы боламыз [14:16].. Тақырып “Оразақай” деген бүркеншік есіммен жарияланған "‘Тіршілік таласы” дейтін мақалада жалғасын тапты. “Тіршілік таласы дегеніміз соңғы заманда күшейеді. Күшейуге себеп адам баласының көбейуі, жер судың тарылуы уа ғайрилар... Адам балаларының арасындағы тіршілік таласы мен айырмалары хауандар арасындағы таластың қаттылық рахым жағынан айырмалары жоқ. Егер айырмасы сол: хайуандар тіс тырнақ жүмсағанда адам балалары бір біріне ақыл қаруын жүмсайды. Ғылым өнер иесі адамдар тіршілік таласында басым болып, надан өнерсіз қалғандар һөр түрлі реттен кемшілікте ғүмыр кешірумен жарлылық басып..., ақырында дүниа жүзінде өзі түгіл атағы да қалмапты”[15:2]. Автор бұл орайда “дүниа жүзіне қалғысы келетіндерді” адам баласын бөтен жан иесінен, бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым өнерді үйреніп, өздерінен ілгері кеткен халықтармен қатарласуға шақырады.

    Текеде  қайталап шыққан бірінші нөмірден бастап сөз нүсқасы өзгерді.

Осы сандағы  “Бұ қай заман” атты мақаласында Қараш Ордада бастаған “Тіршілік таласы” төңіріндегі ойын: “Бұ күнде бүтін дүние бір базар хүкіміне кірді: орыс, неміс, имрид уа ғайри білікті халықтармен мидай араласа алыс-беріс мүғамледе болып түрамыз: ғамалдас халықтардың білімі, өнері бірдей тегіс болмаса анау білімсізі білімдірегіне жем болуы талассыз инжат етілген зат; мүны хайат мубаразас деп атайды, иөғни: тірліктің күресі деген сөз”, — деп одан әрі таратады [16:1]. Автордың жеткізуінде осы тірліктің күресінде жоғалмау үшін ғылым керек, өнер керек; балаларды заманға муафиқ (сай) тәрбиелемек керек; ел ішінде жаңадан жәдид ашылып жатқан школдарға оң көзбен қарау лазым, әлгі мектептерде молдалар оқытатын дін сабақтарын байлық санамау керек; орысша деп ғылымды жек көрмеу керек, себебі ғылымды орыстікі, мүсылмандікі деп дін білімі оқылғанда ғана бөледі, ал күн окуында, яғни хисаб, жағрафия, хүқмат, ғандиса, тауарих, таб, кимиа, зирағат, тижарат секілді пөндерде еш орыстық, мүсылмандық яки басқалық жоқ. Бұларды оқып, адам баласына түрлі жақтан пайда келтіруге болады. Тек озық халықтар өлгі түрлі ғылымдарды өз тіліне тәржіме етіп алады, ал біздің қазақта әлі фән тілі жасалған жоқ, сол себепті бізге әзір мектептерден (орыс мектебінен) қашпай, дайын өнер-ғылымын пайдалану мүрат. Бір сөзбен айтқанда, “Итамур-алхам улу кан балсихин”, иәғни: “Ғылымды қытай қалмақтарында болса да іздеңіз деген пайғамбар

ғалие-с-саламның мадбат тариғын есімізден тастамалық”, — деп ойын түйіндейді Қараш [16].

    “Ғөнерден де, ғылымнан да махрүм қалып, ақырында күнелтіп отырған малдан да айырылып зор қиындыкқа үшырап тұрмыз. Жетер  енді таласу, жетер! — деп кесіп  айтады “Енді қалай тұрмақ керек” атты басқарма атынан жарияланған мақаланың  иесі. — Енді бізге бала оқытуға, ғөнер үйренуге жабысу керек. Кәсіп етуге жабысу керек. Бүларды біз бұлай етіп жүріп үйрене алмаймыз, бізге енді... ауыл ауыл болып жиналу керек, сонда ортақ ұстанған бір моллаға ауыдағы барлық бала оқып тағлим алады, енді қазіргі халде, бағзы саяқ отырғанда өр басына бір молла керек. Олай үстауға һөр кімнің қуаты келе бермейді. Сондықтан көп бала надан қалады. Бұлайша ауыл ауыл болып жиналып отырудың жерге де файдасы бар. Аз жерді тілкімдеп һөр кім өз алдына файдалануға болмайды, сол себепті барлық ауылдың жерін қосып жіберіп, бір жағын егіншілік етіп, бір жағын пішендік етіп, енді бір жағын жайылыс етіп ортақ файдалану керек болады” [17:2].

    Сөз соңында басқарма: “Егер осы үлгіні бастаймын дегенді ойлағандар... жазатын жерлерің, сөйлейтін жерлерің енді келді, қарап түра көрмеңіз, “Қазакстанға” фікірлеріңізді жаза көріңіз”,— деп шаруа жолын кеңесуге, пікір таластыруға шақырады. Бірақ, басқарманың өзі де бұл өреде қол қусырып, пікір күтіп қарап отырмай, келесі нөмірдегі редакциялык мақалада әлгі тақырыпқа тағы бір рет ілгек тастады. “Қалай мәслихат” деп аталатын бүл мақала нақты ұсыныстарымен назар аударады. Мақалада Столыпин үкіметі 1908 жылдан сөз қылып, 1910 - 1911 жылдары енгізе бастаған бұратана халықтар жерін пайдалану тәртібі түсіндіріледі. Жаңа тәртіптің мәні мынада еді: егер қазақ бүрынғыдай көшіп жүре бергісі келсе, онда еркек-әйелге бірдей жан басына 12 десятинадан жер беріледі. Бірақ әйелге жер уақытша беріліп, қазыналық болып қала береді. Ал егер кімде-кім қала болып отырамын десе, жан басына он десе жер тек ер адамға басы бүтін беріледі, әйелге жер берілмейді. Бұл халде салық мал басына емес, жерге десятина басы он тиыннан салынады. Жайылым жер бөлек, қазыналық жер есебінен қосымша бөлінеді, бірақ бұл жерде мал жайған адам қазынаға ақша төлеуі тиіс. Осы екі айырым жолың қайсысына түсерін білмей, қараңғы қазақ қатты дағдарған. Осы орайда газет басқармасы бас адамдары мен оқығандарынан нақты бағыт, кеңес сұрап, тағы да пікірталасқа шақырды [18:3].Дәл осы мақаладан да, алдыңғы мақалалардан да газет халықты бос жатудан тиып еңбексүйгіштік,  пен дамуға бағыттайттап,көреміз.Халықты ғылым мен білімге үйретіп, оқу-сызуға баулиды.Ғылым-білімі озық халықтардан білім үйренудің қажеттілігін тайға таңба басқандай айқындап көрсетеді. Бұдан біз газеттің авторларының халқына деген зор сүйіспеншілігі мен адалдығын көреміз.  

      Газет ордалық, оралдық қазақтарды Ресейде  болып жатқан жағдаймен де таныстырып тұрады. Мысалы, 1912 жылы 24 сәуірдегі нөмірінде Лена өзені бойында болған қанды оқиғаға байланысты арнаулы мақала береді.          

      Онда  былай делінген: «Бұл күнде халық  екіге бөлінеді: бірі капиталистер-байлар табы, екіншісі жұмысшылар-пролетарлар  табы. Байлар жұмысшыларды арзан жалдап алуға тырысып, оларға таң атқаннан күн батқанша жұмыс істетті. Мұндай ауыр жағдайға наразы болған жұмысшылар еңбегіне қарай жалақы алу үшін, күніне 8-10 сағаттан артық жұмыс істемеу үшін күресті».[10:46].

        Бұдан кейін автор жұмысшылардың таптық күресінің формаларын түсіндіреді. Екі түрлі-экономикалық және саяси ереуіл болатынын айта келіп, автор біріншісінде жұмысшылар жағдайын жақсарту мақсатымен жалақыны арттыру үшін күресетінін, егер де талаптарын қожалары орындамаса, олар жұмысқа шықпай қоятынын айтады. Ал саяси ереуілдің түп мақсаты мен маңызы өте зор және терең. Мұнда жұмысшылар барлық өкімет билігін өз қолдарына алып, әділетті азаматтық праволар орнату үшін күреседі деп жазды автор. Мақалада 1912 жылғы апрельде Лена өзені бойында жұмысшыларды самодержавие қырғынға ұшыратқаны толық баяндалып, патша үкіметі капиталистердің мүдделерін қорғайтыны көрсетілген.

         Газетте жарияланған «Ленада болған оқиға» деген мақала

Ембі  мұнай кәсіпшілігіндегі қазақ жұмысшылары  капиталистерге қарсы қалай күресудің  жолын, жұмысшы қозғалысының міндет-мақсатын олар өзінің ана тілінде оқып түсінді, таптық санасы оянды. Сөйтіп, олардың өздері ереуілдерге белсене қатысты. Бұл арада тағы бір жайды айта кеткен жөн. Большевиктердің басшылығымен 1912 жылы Уральск қаласының жұмысшылары Лена оқиғасына байланысты ереуілге шығып, әкімшілікке экономикалық талаптар қойғаны туралы большевиктік «Невская звезда» газетінде жарияланған.

        Сонау Үркіт губерниясында Лена өзеңі бойындағы кендерде жалданып алтын қазып жатқан жұмысшылар бір айдан бері ереуіл жасап, жөнді жұмыс істемей жатыр еді, -деп жазды газет. –Ақырында әскер шығып, осы 4 сәуірде (апрельде) қарсылық білдірген жұмысшыларды атты. Табанда 270 кісі қырылып, 250 адам ауыр жараланды делінеді.[11:46].Осындай оқиғалар желісінің артында «Қазақстан» газеті тұрғандығы белгігі.Осы оқиғалардан «Қазақстан» газеті сол уақытта халық арасында ең кең тараған баспасөз құралы екенін аңғарамыз.Соған қоса газеттің елдегі және одан тыс жерлердегі оқиғалар жөнінде халыққа толық, нақты мағлұмат бере алды дей аламыз.Сонымен қатар газет халыққа демократиялық тұрғыдағы, тұшымды сөздерімен халықты қозғау күшіне ие екенін де аңғарамыз.

Информация о работе Қазақстан газеті