қазақстан және бұұ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 11:34, реферат

Описание

Қазіргі замаңғы әр түрлі халықаралық денгейдегі қауіпсіздік құрылымдармен кепілді байланыстарды орнату және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның көпбағытты және баланс-танған сыртқы саясатының принциптеріменен келісіп, оның ұлттық қауіпсіздік мүдделе-ріменен сәйкес келеді.

Содержание

Кіріспе
І – Бөлім: Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
ІІ – Бөлім: Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері
2.1 - Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)
2.2 – Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО)
2.3 - Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)
2.4 - Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)
2.5 - Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)
2.6 – Қазақстанмен БҰҰ – ның ӨДҰ (ЮНИДО)
Пайдаланған Әдебиеттер Тізімі

Работа состоит из  1 файл

сырткы саясат.docx

— 35.33 Кб (Скачать документ)

 

 

 

                                                     Жоспар:

 

 

Кіріспе

І – Бөлім: Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы

ІІ – Бөлім: Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері

2.1 - Қазақстан мен  БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)

2.2 – Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО)

2.3 - Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)

2.4 - Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)

2.5 -  Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)

2.6 – Қазақстанмен БҰҰ – ның ӨДҰ (ЮНИДО)

Пайдаланған Әдебиеттер Тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кіріспе

   

       Қазіргі замаңғы әр түрлі халықаралық денгейдегі қауіпсіздік құрылымдармен кепілді байланыстарды орнату және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның көпбағытты және баланс-танған сыртқы саясатының принциптеріменен келісіп, оның ұлттық қауіпсіздік мүдделе-ріменен сәйкес келеді.

       Қазіргі  уақыттағы ең беделді, әрі күрделі  құрылымды халықара-лық ұйымдардың  арасында 1945 жылы құрылған Біріккен  Ұлттар Ұйымының саяси салмағы  басым.  Қазақстан Республикасы  үшін БҰҰ – мен бірлесіп  әрекет етуі – еліміздің сыртқы  саяси қызметінің ең маңыз-ды  бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз бұл ұйымға 1992 жыл-дың 2 Наурызында өткен БҰҰ-ның Бас  Ассамблеясының 46 сессиясын-дағы нөмір  46/224 резолюциясының қабылдануының  нәтижесінде кір-ген.

      Еліміздің  Біріккен Ұлттар Ұйымында осыншама  қысқа уақытта мү-ше болғанына  қарамастан, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа  сәтті кір-геннен басқа, ондағы  әсер етуші елдердің қатарына  қосылуға да үлгер-ген. Қазақстан  Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше  халықаралық кон-венциялары мен  келісімдерге қосылып, олардың  шарттарына сәйкес өзінің әр  түрлі ұлттық бағдарламаларын  шығарып, оларды сәтті іске  асыруда. Бұл еліміздің қалыпты  әрі қауіпсіз жағдайларда дамуына  әсер етеді. 

       Еліміздің  осындай деңгейге жетуі – елбасымыз  бен отандық дип-ломатияның ілгерішілді  жүргізілген сыртқы саясатының  нәтижесі.

      

                 І – Бөлім: Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы

 

      Қазақстан  Республикасының Біріккен Ұлттар  Ұйымына енгендігі – біздің  еліміздің әлемдік қауымдастыққа  шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде  кіргендігің көрсететің маңызды  тарихи акция болып табылады.

      Қазақстан  Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік  қауымдастықтың қарапайым ғана  жаңа мүшесі ретінде емес, ядролық   қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы  қатарында тұратын, қазіргі кездегі  маңызды халықаралық мәселелерді  шешудегі белсенді жақты ұстанатын  мемлекет ретінде кірген. 1991 жылы  Семей ядролық полигонының Жабылуы  мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына  қосылуы – Қазақстанға үлкен  бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар  Ұйымының Бас Ассамблеясының  жоғары трибунасынан халықаралық  қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын жариялауға моральды құқықты қамтамасыз еткен.

      Тәуелсіз  мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының  алғашқы қатынасқан халықаралық  форумы – 1992 жылы өткен Біріккен  Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда  Қазақстанның халықаралық саясаты  жөнін-де елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  сөз сөйлеген. Сөзінде ол Азиядағы  Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары  жөніндегі Кенестің шақырылуың  ұсынып, Қазақстанның экологиялық  зардап шеккен аймақтары туралы  баяндама жасаған.

      Біріккен  Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің  қарусыздандыру облысындағы белсенді  рөлі мен бұл саладағы барлық  халықаралық келісімдерге жолын  ұстаушылықты өте жоғары бағалыды.

     Біздің еліміз  Орталық Азиядағы бейбіт сақтау  мен қауіпсіздік саласына өте  үлкен маңыз беріп, бұл аймақта  ядролық қарудан бос зонаны  құруға атсалысады. Біріккен Ұлттар  Ұйымы осы бастаманы асыруға  Қазақстанға барынша көмек көрсетуде.

     Халықаралық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  шараларын нығайтуға үлкен көніл  бөлгендіктен, Қазақстан Біріккен  Ұлттар Ұйымының бейбітшілік  орнату қызметіне белсенді қатысады. 1995 жыл ы ТМД елдерінің бастамасы бойынша Орталық Азиядағы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату батальонына Қазақстан жағынан да бір топ сарбаздар жіберілді. 1996 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік қолдау операцияларына қажетті Резервттік Келісімдер Жүйесіне  51-ші мемлекет етіп қосылған. Қазіргі таңда бұл жүйеге қатысушы елдердің саны 70-ке жуық.

      Орталық  Азия аймағына және жалпы әлемдік  қауымдастыққа қауіп төңдіретін  Ауғананстандағы тұрақсыздықты  Қазақстан әрқашанда бейбіт жолмен  шешуге тырысып, Біріккен Ұлттар  Ұйымының  тиісті резолюция-ларын қабылдағанға тиянақты ұсыныстарды жасайды.  

      Біздің  еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы  позициясы - Біріккен Ұлттар Ұйымымен  қарастырылатын барлық сұрақтар  төнірегіне қатысты Қазақстанның  мүдделерінен қалыптасады. Осында  Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика,  экология, әлеуметтік саланың, халықаралық  құқықтың ілгерішілді дамытуы,  адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас  жиемқорлық пен есірткі бизнесімен  күресу саласындағы ынтымақтастыққа  айрықша көніл бөлініп, оны  нығайтуға шаралар қолданылып, жаңа  ұсыныстар жасалынады. 

      Біріккен  Ұлттар Ұйымының 53 сессиясында Қазақстан  Орталық Азиядағы транзит төңірегінде  резолюцияны қабылдауға бастама  жасаған. Бұл резолюцияның қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері мен басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан біздің аймақтағы транспорттық жүйелері мен Европа мен Азия арасындағы транспорттық байланыстың дамыту бағдарламаларың ойластырылып, оларды асыруға халықаралық құқықтық негізін бекітеді.

      Резолюцияның  шарттары Қазақстан өкіметі, оның  министрліктері мен халықаралық  ұйымдар бен басқа тараптардың  арасындағы келісімдерді құрғанда  пайдаланылады, акттердің бәрі  оларға сәйкес жасалынады.    

      Халықаралықаралық  және қазақстанстандық сарапшыларының  бірлескен жұмысының нәтижесі  – Бас Хатшының Семей полигонындағы  жағдайы туралы Баяндамаға материалдарды  дайындау; төрт негізгі облыстарда: денсаулық сақтауда, экономикада,  экологияда, ақпараттықта жобалық  ұсыныстарды дайындау болды. Бұл  бандама 53 сессида жан – жақты  қарастырылды. 

      1997 жылдың 16 желтоқсанында Біріккен Ұлттар  Ұйымының Бас Ассамблеясының  Семей полигоны жөңінде қабылданған  резолюцияға сәйкес Қазақстан  өкіметі мекемеаралық комиссияны  құрған.

      Осындағы  ең маңызды мақсат – Семей  полигонындағы өткізілген ядролық  сынақтардың нәтижелерін жою.  Осыған  орай, Біріккен Ұлттар  Ұйымының сарапшылары ұлттық  және халықаралық күштердің қолданылудың  бес приоритетті секторларын  анықтаған:

  1. денсаулық сақтау
  2. экология мен қоршаған орта
  3. экономиканы қалпына келтіру
  4. гуманитарлық көмек
  5. ақпараттың таратылуы  

Бұл приоритетті секторлардағы  жұмыстардың асырылуы 50 млн. доллар төңірегінде қаржы – қаражатты  талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстан  құрылымдары осындай жұмыстарды қаржыландыра алмағандықтан, олардың  атқарылуы тікелей халықаралық  ұйымдардың көмегімен байланысты. Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас  Ассамблеясы бірнеше резолюциялар қабылдаған.

 Біріккен Ұлттар Ұйымының  қалыпты дамытудың кең спектрін  қарастырудыдағы терең еліктіруі  – жоғарғы деңгейдегі әлемдік  конференциялардың өткізілуінде  айқын көрінді. 

  1. 1993 ж. Венадағы адам құқықтары жөнінде
  2. 1994 ж. Каирдегі халықтың қоныстануы мен дамытуы жөнінде
  3. 1995 ж. Копенгагендегі әлеуметтік дамыту жөнінде
  4. 1996 ж. Стамбулдағы тұрақты мекендер жөнінде, және т. б.

Қазақстан аталған форумдарда алғашқы күйдегі құжат жобаларына ұсыныстарды ғана жасамай, сонымен  қатар оларды ұлттық деңгейде асыруға  белсенді ат салысты.

      Біздің  еліміздің Конституциясы барлық  Қазақстан халықтарының теңдігін; адамның нәсіліне, жынысына, тіліне, діни сеніміне, саяси көзқарастарына  және басқа уағыздауларына қарамай  негізгі құқықтар мен еркіндіктердің  жариялануы толығымен Венадағы  Декларацияға және Адам құқықтары  облысындағы әрекеттер Платформасына  сәйкес. Қазақстан Республикасының  Президенті жанында Адам құқықтары  жөніндегі Комиссияның құрылғаны  -  Біріккен Ұлттар Ұйымында  адам құқықтарын қорғау облысында  халықаралық құжаттардың іске  асырылуына бағытталған нақты  қадам ретінде  Біріккен Ұлттар  Ұйымында өте жоғары бағаланады.

Жанұяның, әйелдердің, балалардың әлеуметтік қорғанылуы – мемлекеттік  саясатының ең приоритетті бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысқан халықаралық  әмбебап келісімдерінің бірі – Бала құқықтары туралы Конвенция. 1994 жылы аталған Конвенцияның Қазақстан  Республикасының Парламентімен  жариялануы Қазақстан мен  Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік  берген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің приоритеттерінің бірі халықаралық  құқық нормалары мен принциптерін бекіту, олардың ілгерішілді дамытуы  мен кодификациясы болып табылады.

Егер де Біріккен Ұлттар Ұйымында алғашқы жылдары жұмыс  істеген Қазақстан делегациясы  тек халықаралық құқықтың ілгерішілді  дамытуы мен кодификациясы үрдісінің  жалпы байқауымен шектелсе, ұлттық құқықтық базаның дамуы мен құқықтық тәжірибенің нығаюымен – еліміздің  бұл шеңбердегі мүмкіндіктеріміз ұлғайған. Енді Қазақстан делегациясы сарапшылық түрде келешек конвенциялар мен  резолюциялар баптарының жобалары төңірегіндегі  дискиссияларға қатысып,  Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Құқық, Халықаралық Сауда Құқығы комиссияларның отырыстарына жиі қатысады.

      Осы жылдары  ішінде еліміз қарусыздандыру, сауда  мен транспорт, экология, терроризммен  күресу, гуманитарлы дипломатиялық  құқық жөніндегі келісімдердің  қатысушысы болып қалды. Осы  жылдары еліміз қатысқан құжаттарының  көбісіне депозитарий ретінде   Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас  Хатшысы шыққан.

      Соңғы жылдары  Қазақстан мен  Біріккен Ұлттар  Ұйымының арасындағы ғарыштық  кеністікті игеру саласындағы  ынтымақтастықты ерекше атап  кетуге тура келеді.  Біріккен  Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 49 сессиясында Қазақстан Ғарыш  Кеңістігін Бейбіт Мақсатта Пайдалану  жөніндегі Комитетіне (КОПУОС) сайланған.  Бұл Қазақстанның ғарыштық саласын  игеру үлесінің әлемдік қауымдасты- ғымен мойындалуың көрсетеді.  Осымен қатар, біздің еліміз  Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа  да арнайы комитеттеріне, ұйымдарына, қорлары мен комиссияларына, агенттіктер  мен басқармаларға тұрақты мүше  ретінде кіріп, барлық мәселелерді  шешуде белсенді рөлді атқаруда.

 

 

ІІ – Бөлім: Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері

                2.1 - Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)

 

      1965 жылы  құрылған  Біріккен Ұлттар Ұйымының  Дамыту Бағдар-ламасы (ПРООН) өзіннің  Қазақстанмен ынтымақтастықтағында  басты назарды ұлттық мамандарды  дайындауға, нарықтық реформаларды  іске асыруға, экономикамыздың  әр түрлі секторларындағы жаңа  құрылымдары жөнінде консультативті  көмек көрсетуге аударады.

      Қазіргі  уақытта БҰҰ Дамыту Бағдарламасының  кеңесшілері мен сарапшылары  Қазақстан өкіметіне еліміздегі  жүргізіліп жатқан бірнеше ірі  ұлттық бағдарламалды іске асыруға  көмек көрсетуде, оларға: Ұлттық  Жекешелендіру Бағдарламасы, Қоршаған  Ортаны Қорғау мен Қалыпты  Даму Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары,  Әйелдер Жағдайларын Жақсарту  Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары,  Әлеуметтік Даму Әрекетте-рінің  Жоспары, Салауатты Өмірді Қалыптастыру  Бағдарламасы, ж.т.б

      1993 жылдан  бастап, БҰҰ Дамыту Бағдарламасы  Қазақстан өкіметіне нарықтық  реформаларды іске асыруға, экономикамыздағы  әр түрлі салалары мен еліміздің  барлық аймақтарына нақтылы көмек  көрсетеді. 

      Қазіргі  таңда Қазақстандағы бірнеше  экономикалық пен саяси рефор-малардың  іске сәтті асырылғандығы есепке  алынып, еліміздің ары қарай дамытуының  приоритетті бағыттары анықталды,  ең маңыз-ды мәселелерді шешуге  бірлескен күштердің орталықтандырылған  әрекеттері жұмыс істеуде, олардың  ішінде:

  • Әлеуметтік салада – еліміздің білім беру мен ғылым жүйесін жаңарту, жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға нақтылы көмек көрсету.
  • Экономика саласында – еліміздің шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуына, өңдеу өңдірісінің тұрақталуына, ауыл шаруашылығына, транспорттық инфрақұрылыы мен саудаға көмек көрсету.
  • Экологиялық салада – Семей полигонының ауданы мен Арал бассейіні маңынын реабилитациясы, Каспий аймағындағы ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға көмек көрсету.

      Жақын арада  Қазақстан мен БҰҰ Дамыту Бағдарламасы  арасында-ғы ынтымақтастық шеңберінде  бірнеше жаңа бағдарламаларының  іске асырылуы қарастырылуда,  олардың ішінде:

  • Әлеуметтік Даму Бағдарламасы
  • Еліміздің демократияландыруы мен мемлекеттік басқару жүйесің нығайту Бағдарламасы
  • Қалыпты даму мақсат-да қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы

Жалпы қарастырып алғанда, Орталық  Азия мемлекеттері арасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасының  Қазақстандағы жұмысы ең табысты  болып саналады. Бұл еліміздің  халықаралық бейнесінің тек жағымды  көрсеткіштеріне жатқызылады.

2.2 – Қазақстан  мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО)

      Қазақстан  Республикасы Біріккен Ұлттар  Ұйымының Білім Беру, Ғылым және  Мәдениет Мәселелері жөнінддегі  Ұйымына (ББҒММҰ) 1992 жылдың мамырында  кіріп, оның келесідей Конвенцияларына  қосылды:

Информация о работе қазақстан және бұұ