Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнауының тарихнамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 00:05, доклад

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Кеңестік ғылымда Қазан төңкерісі Қос Өкіметті жойып, орнына пролетариат диктатурасын орнатты. Қазан төңкерісі қазақ елін дүркін сілкіндірді. Бұл процеске обьективті баға берген халық жауы атанған ұлт зиялыларының еңбектері қайта қаралып, онда Кеңес Өкіметі сырттан таңылғандығын, оның бейбіт түрде емес, қарулы күреспен орнады деп мәлімделінеді. Біздің мақсатымыз – ұлт зиялылары Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнауы туралы мәселенің зерттелу деңгейін анықтау. Мақсатымызға сәйкес енді мәселенің зерттелу деңгейңн ашайық.

Работа состоит из  1 файл

аигерим.doc

— 57.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  Министрлігі

Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих факультеті

Деректану және тарихнама кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстанда Кеңес Өкіметі  орнауының тарихнамасы

(Ғылыми  зерттеу) 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: А.А. Кукетова

Жетекші: т.ғ.д., профессор О.Х.Мұхатова 
 
 
 
 
 

Алматы–2009 
 
 

Тақырыптың  өзектілігі: Кеңестік ғылымда Қазан төңкерісі Қос Өкіметті жойып, орнына пролетариат диктатурасын орнатты. Қазан төңкерісі қазақ елін дүркін сілкіндірді. Бұл процеске обьективті баға берген халық жауы атанған ұлт зиялыларының еңбектері қайта қаралып, онда Кеңес Өкіметі сырттан таңылғандығын, оның бейбіт түрде емес, қарулы күреспен орнады деп мәлімделінеді. Біздің мақсатымыз – ұлт зиялылары Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнауы туралы мәселенің зерттелу деңгейін анықтау. Мақсатымызға сәйкес енді мәселенің зерттелу деңгейңн ашайық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Алғаш рет кеңес өкіметінің қазақ халқының ещбір пайдасыздығы, оның сырттан  таңылғандығы және үлкен қасірет  әкелгені туралы пікір айтқан Мұсылман фракциясының көрнекті өкілі, Алаш партиясының зиялы қауымы, Кеңес Өкіметі дәуірінде Ұлттық Автономия идеясын ұстанып,оның жолында сырт елде жүрсе де күресуін тоқтатпаған жарық тұлға- бұл Мұстафа Шоқай.

Енді  оның еңбектеріне тоқталып өтсек;

    1928 жылы Парижде « Орта Азияда, Кеңестерде » деген атпен француз тілінде жарияланған кітап Шоқайдың Түркістанда кеңестік биліктің антидемократиялық сипатта екенін және халықтың еркіне сай әрекет етпегенін әшкерелеген ең әсерлі еңбегі болып табылады.65 беттік щағын көлеміне қарамастан, еңбек жарыққа шығысымен Кеңестер Одағының өзінде және шетелдерде үлкен дүмпу туғызды.

    Шоқайдың  бұл шығарманы жазуына Қазан  төңкерісіне он жыл толуына байланысты КСРО-ға барған француз делегацмйсының Түркістанға байланысты айтқан пікірлері себеп болды. Француз жұмысшы өкілдерінен құралған делегация Мәскеудегі салтанатты жиындардан кейін кеңестік Түркістанға сапар шекті. Делегация осы саяхаттан оралғаннан кейін Мәскеудегі, Түркістандағы кеңестік биліктің озық жетістіктергет қол жеткізгендігін атап өтті.

    Алайда, Шоқай осы француз делегациясы  іспетті кеңестердің қонағы ретінде  Түркістанға барып қайтқан шетелдіктердің айтқандарына әрдайым күдікпен қарау  керектігін атап көрсетеді. Өйткені  олар Түркістан халқының өмір сүріп  жатқан шынайы ортасын көру мүмкіншілігінен ада еді. Шоқайдың пікірінше, Кеңес өкіметі қонақтарының елден жақсы әсерлермен аттанып кетулері үшін барлық жағдай жасайды.Осы себептен шетелдіктердің Түркістанның анық жағдайына қанық болулары мүмкін емес еді.

    Зерттеушілер  Шоқайдың бұл пікірлеріншебер дәлелден щыққандығын көосетеді. Ренод Шоұайдың «Орта Азияда кеңестерде» атты кітабында Түркістандағы кеңес билігінің халықтардың бауырластығына сүйенген өзін-

өзі басқару жүйесі еместігін, тіпті, керісінше  деспоттық және зорлқышыл билік екендігін шегемен қаққандай дәлелдегенін айтады. Тәкенов те

Шоқайдың  кеңестік Түркістандағы импералистік, шовинистік және тоталитарлық сипаттағы  пролетариат диктатурасын халықтың мақұлдамағанын нақты және жалынды  тілмен жеткізе білгендігін айтады.

    Бұл еңбекті қысқаша түйіндесек, Шоқай  Кеңес Өкіметіне қатысты қандай көзқарас айтылмасын ол әрдайым оны  антидемократиялық сипатты болғанын дәлелдеп, керісінше Кеңес Өкіметінің қазақтарға күшпен таңылғандағын әрқашан  ашық түрде жазумен келген.

    Келесі  еңбегі Шоқайдың 1928 жылы француз тілінде жарияланған «Орта Азияда, Кеңестерде» атты еңбегінің кейбір толықтырулармен басылған орысша нұсқасы болып табылады. 1935 жылы Парижде жарық көрген шығармасының алғы сөзінде Кеңес Өкіметі тыйым салған кітаптарды таныстырады. Бұл кітаптар арасында Георги Сафаровтың « Отарлық төңкерістің «Түркістандық тәжірибесі», Тұрар Рысқұловтың « Төңкеріс және Түркістандағы жергілікті халық », Брайн мен Шафироның « Кеңестердің Жетісудағы алғашқы қадамдары » мен « Алашорда тарихы туралы очерктер » 

атты  шығармаларын атап өтеді. Бұл шығармалардың  барлығы кезінде Коммунистік  партия басшыларының тексерулерінен өтіп, жарық көрген еді. Соған қарамастан   1935 жылы Кеңес өкіметіне қарсы  төңкерісшіл рухта жазылғаны  айтылып, тыйым салынды. Бұл жағдай Шоқайдың француз тілінде жариялаған еңбегін орыс тіліне де аударып жариялауына себеп болды.

    Кітап екі бөлімнен тұрады.Бірінші бөлім  – Шоқайдың орыс тіліндегі басылымы үшін жазған алғы сөзін қоспағанда, француз тіліндегі басылымының  толық аудармасы. «Қосымшылар»атты екінші бөлім француз тіліндегі басылымында жоқ.

    Онда: «Түркістандағы  кеңестік басқару  жергілікті халықтың толығымен қарсылығы  мен олардың билікке қатысу құқығы шектелуіне алып келді» деп көрсетеді. Бұл еңбекте мұсылмандардың қиын қыстау кезеңдердегі сөздері,

орыстардың  жергілікті халықты жаншып қанауы, халықтың мұң – мұқтажы толық  дерлік баяндалады. Осындай арыз –  шағымдардың бірінде:

    «Біз  мұсылман халқы Николай Кровавыйдың  тұсында қалай болсақ, сондай жағдайда әлі өмір сүріп жатырмыз. Билік өкілдері капиталистермен күресудеміз деген халық желкуімен қарапайым халыққа озбырлық көрсетіп, өз қалталарын қалыңдатуға тырысты. Бір кедей жұмысшы халқымен арбаны иеленіп, жүк тасумен айналысты. Осымен өз жанұясын бақты. Қызыл әскер одан келіп жылқысын тартып алды. Содан кедей жанұясымен бірге ашығып қалды. Билік өкілдері өздерінің орыстарды қорғаумен болды. Оларға тамақ берді, мұсылмандарға не берді? Тамақтандырды ма? Жоқ. Киіндірді ме?Жоқ.»/1/. «1917 жыл туралы естеліктерінде» М.Шоқай 1917  жылғы қос революция тарихына, олардың Қазақстан мен Түркістанға тигізген ықпалы жөнінде салиқалы талдаулар жасаған. Ал   1918 жылы жарық көрген өзінің хатында:

    «13- ғинуар күні күндізгі сағат 12- де Хоқанд болшеуктерінің бізге тапсырған  ультиматумын сөз қылып отырғанымызда тасыр- түсыр атылған мылтықтың даусы шықты. Барсақ мылтық атысып жатыр екен. Болшеуиктердің бұл ісі өздерінің ультиматумына қойған шартнамасына қарсы келді».  Сонымен қатар оның естеліктерінде:

    « Ақмешіттен бара жатып Жөлек, Шиелі, Жаңақорған, Түркістан, Арыс және басқа жерлерде жергілікті халық уәкілдерінің қайсысымен болсын жүздесейін, бәрі Ресей әскерлері кеңесінің зұлымдығын айтып жатты. Қара киім киген қарулы әскерлер, тілмаштар мен жергілікті ұлттық ұйымның жұмысын тексереді екен. Асылында бұл – мал мен дүниені талан – таражға салудың 1 түрі. Халықты ашықтан ашық тонайтын. »/2/.

    Бұл жерде Шоқай естелігінде Кеңес  Өкіметі тұсында болған істің  мән – жайын оны ашық насихаттап, қазақтарға Кеңес Өкіметінің тек  зардаптары тигендігін мәлімдейді.

    Алаш  партиясының жарық жұлдызы, қазақтың тәуелсіздікке ие болу жолында орасан еңбегі сіңген ұлттың зиялы өкілі  Әлихан Бөкейхановтың осы мәселеге қатысты еңбектерін қарастыратын болсақ:  1917 жылы Қазақ газетінде жарық  көрген Әлихан Бөкейхановтың «Алаш  ұлына» атты мақаласында: «Еркіндіктің таңы атты. Құдайдың көмегімен аңсаған арман орындалды. Кеше ғана біз құл болып келдік, енді біз бәріміз

теңбіз. Халықты көп ғасырлық құлдықта ұстаған  қайта келмес өкімет құлады» деп  мәлімдеді.

    Әлихан  Бөкейханов өзінің еңбектерінде Ленин бастаған большевиктер партиясы саясатын қолдамайтынын ашық түрде жазды. Оның ойынша олар

елдің қарулы күшпен бағындырып, бірнеше  миллиондаған адамды азамат соғысына итермеледі. Әлихан Бөкейханов өзінің жазбаларында: «Егер біз қазақ  автономиясын құрғымыз келсек, онда біздің алдымызда шешілмейтін

қиын  мәселе тұр. Орал, Торғай, Ақмола, Семей  облыстарында көптеген орыс ерлері қазақтармен  көрші тұрады. Оның орнына егер біз  қазақ ұлты автономиясын құрсақ, онда өз арамызда өмір сүріп отырған орыстарды өзімізбен бірге алып кетеміз деген ойдамын» дейді. /3/.

    Бөкейханов  бастапқы Ақпан революциясына оң көзқарасын біілдіріп баға берсе, одан кейін келген Кеңес Өкіметіне  деген наразылығын білдірген. Оның көзқарасының өзгеруінің басты себебі, Кеңес Өкіметі қазақтарға күшпен таңылғанын және оның бейбіт жолмен емес, керісінше қарулы күреспен орнағандығын өз көзімен көріп, соның куәсі болады.

    Осы көзқарасқа сәйкес болған Алаш партиясының  көрнекті өкілі А.Байтұрсынов еңбегін  қарастырсақ:

    1919 жылы тамызда РСФСР – дың ұлт істері жөніндегі халық комиссиариаты органында Ахмет Байтұрсыновтың « Революция және

қазақтар  » атты мақаласы жарияланды. Осы  шағын көлемді еңбегінде А. Байтұрсынов 1917 жылғы Ақпан және Қазан көтерілістерін қазақ халқының қалай қарсы алғаны туралы өз бағасын беріп, Алаш автономиямын жариялау

мен оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорданың Уақытша Сібір  үкіметі, Құрылтай билігімен қандай қарым – қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды. « Қазақтарға Ақпан көтерілісі қаншалықты түсінікті болса, - деп жазды А. Байтұрсынов., - Қазан социалистік көтерілісі соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші көтерілісті қандай қуанышпен қарсы алса, екінші көтерілісті соншама үреймен қарсы алуға тура келді ». Мұның себебін А. Байтұрсынов былай негіздеді :

    « Екіншісінің (Қазан көтерілісі) түсініксіз болуын оп – оңай ұғындыруға

болады : қазақтарға капитализм де, таптық жіктелуге  де жоқ: тіпті жеке

меншіктің өзін басқа халықтардағыдай айдар  тағып ажырату қиын ; көптеген пайдалану  бұйымдары оларда қауымдық дәулет болып саналады ... Қазақтардың күн көріс жағдайына, таптық жіктелудің жоқтығына және жеке

меншіктік заттарда белгілі меже болмауына  байланысты қазақтар арасында олардың  өзіне тән социализм мен коммунизмнің орын алуы қазақ  халқына

әзірше социалистік қоғамға деген мұқтаждықты қажет еттірмей отыр »/4/. Дәл осы еңбекте ол :

    «Во всех городах Киргизского края в том числе и в г.Семипалатинске, власть взяли в свои руки советские организации куда под видом большевиков проникли разные авантюристы из киргизов, которые именем Советской власти творили безобразие. Например, киргизские деятели публично объявлялись вне закона, причем за голову каждого из них назначалось до 25-ти тысяч рублей» деп көрсетілген. Енді А. Байтұрсыновтың Орынбор комитетіне жолдаған арызына келер болсақ:

    Төменде біз Қырғыз өлкелік Ревкомының және Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің  мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың Ресей  Коммунистік Партиясы мүшелігіне өту  туралы арызын айтып отырмыз.

    «........Совет  өкіметі қырғыздар арасына күшпен таңылуда, мұнда коммунизм мен социализм үшін мүлде орын жоқ дейтін адамдар болған және

болып отыр,- деп жазады.» Осы мәселеге қатысты Кеңес Нұрпейісов «Алаш  һәм Алашорда» еңбегінде талдау көрсетеді:

    Енді  А. Байтұрсынов еңбегіне Кеңес Нұрпейісовтің  талдамасын көрсетсек : Ресейдің орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат

жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен  жүргізіледі. Тоқ етерін айтқанда, ол қозғалыс шет аймақтарда көтеріліс емес, барып тұрған анархия болды... Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы қазақтарды

ешбір шектеусіз езіп – жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер – коммунистердің атын жамылған адамдар  тобы жүргізіліп

отыр  » дейді /5/.

    Кеңес Өкіметінде қызмет бабында жүрген Түрар  Рысқұлов та Өкіметті қолдамай, қарапайым  халықтың ауыр халін көрген ол Кеңес  Өкіметіне деген қарсылығын былайша  суреттейді:

    Т.Рысқұловтың  «Революция және Түркістанның байырғы  халқы» деген еңбегінде ол : Түркістан халқының көтеріліс жолындағы белсенді күресі туралы мәліметтер мен құжаттар келтіріледі. Осы жағынан қарастырсақ, ол кітаптың құндылығы келіп айқындалады». Рысқұлов еңбегі туралы айтқанда оның Таңдамалы шығармаларын айтпай кете алмаймыз.

Информация о работе Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнауының тарихнамасы