Қазақ этнографиясы мәселелерінің И.К.Кирилов пен В.Н.Татищев еңбектерінде талдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 16:45, реферат

Описание

ХVІІІ ғасырдың екінші ширегінде қазақ-орыс қатынастырының нығайған жағдайында орыс этнографиясы мен жалпы қазақ этнографиясы біраз жетістіктерге қол жеткізеді. Біраз қызғылықты ашылулар жасалады. Бұл жетістіктер орыс этнографиясының көп жылдық тарихымен, құнды және көлемді материалдардың жинақталуымен, бірқатар теориялық мәселелердің талдануымен (рудың қоғамдық нысан ретінде ашылуы, әрбір халықтың өзіндік тарихы мен мәдениетінің мойындалуы), этнографиялық мәліметтердің шынайылығымен байланысты болды. Сонымен қатар Ресейдегі этнографияның дамуы, барлы ғылымдар тәрізді, елдің өмірімен тығыз байланыста жүріп отырды. Петрдің қайта құрулары, саяси өмірдің жандануы, дворяндардың топтасуы мен мемлекеттегі оның басшылыұ ролінің нығаюы тарих ғылымына терең ықпалын тигізеді және дворяндық тарихнаманың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ этнографиясы мәселелерінің И.docx

— 24.10 Кб (Скачать документ)

Қазақ этнографиясы мәселелерінің И.К.Кирилов пен В.Н.Татищев

еңбектерінде талдануы.

ХVІІІ ғасырдың екінші ширегінде қазақ-орыс қатынастырының нығайған жағдайында орыс этнографиясы мен жалпы қазақ этнографиясы біраз жетістіктерге қол жеткізеді. Біраз қызғылықты ашылулар жасалады. Бұл жетістіктер орыс этнографиясының көп жылдық тарихымен, құнды және көлемді материалдардың жинақталуымен, бірқатар теориялық мәселелердің талдануымен (рудың қоғамдық нысан ретінде ашылуы, әрбір халықтың өзіндік тарихы мен мәдениетінің мойындалуы), этнографиялық мәліметтердің шынайылығымен байланысты болды. Сонымен қатар Ресейдегі этнографияның дамуы, барлы ғылымдар тәрізді, елдің өмірімен тығыз байланыста жүріп отырды. Петрдің қайта құрулары, саяси өмірдің жандануы, дворяндардың топтасуы мен мемлекеттегі оның басшылыұ ролінің нығаюы тарих ғылымына терең ықпалын тигізеді және дворяндық тарихнаманың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Бұл дәуірде мемлекет білім  беру мен ағарту саласына ерекше мән берді. Ғылым Академиясы ашылып, геодезистер, шығыстанушылар, шығыс тілдерінің білгірлері – аудармашылар дайындалады, ғылыми экспедицияларға барынша қолдау көрсетіледі. «Алғаш құрылған күнінен бастап этнографияға ерекше көңіл бөлген» Ғылым Академиясы 1725 жылы құрылды. Оның алғашқы ірі шараларының бірі елді географиялық-этнографиялық тұрғыда зерттеу үшін 1733 жылы Академиялық экспедицияны ұйымдастыруы болды. Бұл шара Кіші Жүздің Ресей бодандығын қабылдауына сәйкес келді.

Қазақ этнографиясы үшін, әсіресе, патша үкіметінің 1731 жылы қазақтардан ант қабылдауға жіберген М.Тевкелев елшілігінің айтарлықтай әсері болды.

Өз іс-әрекетінде Тевкелев Сыртқы істер алқасы берген ерекше нұсқауды басшылыққа алады. Бұл нұсқаудың  бірқатар пункттерінде энографиялық мәселелерді  кеңінен қарастыру көзделеді. Бұл  қазақ халқының этнографиясын орыстардың зерттеуінің ең ерте бағдарламаларының бірі болды.

Қазақ ауылдарынан этнографиялық материалдарды Тевкелев тікелей және қазақтардың өмірін күн сайын қадағалау арқылы, сондай-ақ тұрғындармен әңгімелесу және пікіртерім жүргізу жолдарымен жинастырады. Ол ХVІІІ ғасырда ру аралық қақтығыстарға, барымталарға, сонымен ғатар қазақтардың әскери қаружарақтарына, олардың қару мен оқ-дәрілерді жасау әдістеріне барынша назар аударады. Бұларға қоса, оның журналына феодалдық әдет-ғұрыптарды, құқықты, қыстаулар мен жайлаулардың орналасуын, көші-қон жолдарын, халықтың тұрмысын, мәдениетін, діни нанымдарын бейнелейтін көптеген деректер түсіріледі.

Тевкелев өзінің негізгі миссиясын Ресей бодандығын қабылдауда қобалжуда болып тұрған шонжарлардың бұқарасына арнайды, оларды Ресей бодандығын қабылдау үшін астанаға өкілетті елшілік жіберуге көндіреді.

1734 жылдың басында Ресейге «адалдыққа» ант беру үшін Петербургқа бір мезгілде қазақ және башқұрт елшіліктері келеді. Олар орыс халқының мәдени жетістіктеріне үлкен қызығушылықпен қарайды. Елшілік астананың көрікті орындарымен танысады, кітапханаларда және сол кездегі әлемдегі ең ірі мұражайлардың бірі кунсткамерада болады.

Өз кезегінде, астананың халқы да елшілерге де, олардың халқына да ерекше қызығушылықпен қарайды. Сол кезде астананың баспасөзі бірқатар шетелдік, сондай-ақ жергілікті адамдардың тарапынан да «жақында келіп қайтқан қырғыз (қазақ) және башқұрт халықтарының тұрғын-жайлары және басқа да жайлары туралы деректі және сенімді мәліметтер алуға» талпыныстар білдіріп жатқандарын жаза бастайды.

1734 жылы Ресей царизмнің отаршылдық мүдделерін көздеген И.К.Кириловтың жоспарын жүзеге асыруға кіріседі. Бұл жоспар бойынша, Әбілқайыр хан және оның айналасындағылардың тілектерін ескере отыра, біреуі орыс-қазақ шекарасында , екіншісі Сырдарияның сағасында болатын жаңа екі орыс қаласын тұрғызу, оларды царизмнің Шығыстағы экономикалық және саяси үстемдігінің одан әрі таралуында қуатты тірек пункттеріне айналдыру көзделеді.

Бұл жоспарды жүзеге асыру Орынбор экспедициясы, кейін Орынбор комиссиясы деп аталған «Танымал экспедицияға» жүктеледі. 1744 жылы комиссияға бағындырылған аумақ Орынбор губерниясына бөлінеді. Экспедицияның басына Кириловтың өзі қойылды.

И.К.Кирилов (1689 – 1737 ж.ж.) ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс ғылымына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткерлерініқ озық буынына жатты. Ол картография және географияға ерте көңіл бөлді және 1721 жылы Ресейде тұңғыш рет ғылыми мақсатта жүргізілген астрономиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарға басшылық етті.

1727 жылы Кирилов «Бүкілресейлік мемлекеттің гүлденген жай-күйі...» (1831 жылы ғана жарығ көреді) деген елдің алғашқы географиялық-статистикалық сипаттамасын құрастырады, ол мұнда этнографиялық материалдарды да пайдаланады. Ал келесі жылдары Ресейдің атласы үшін отызға жуық карталар дайындайды, олар 1734 жылы жарық көреді. Атлас карталарда қазақ даласы да белгіленеді.

Орынбор экспедициясына қатысу үшін Кирилов жан-жақты дайындалады. Ол қазақ даласының және Орта Азиялық Қосөзен аралығының халықтары туралы тарихи-этнографиялық және мұрағат материалдарын жақсы білді. Этнографияның мәнін жақсы түсіне отыра, ол царизмнің отаршылдық саясатының мүдделері үшін этнографиялық материалдарды пайдалану өте қажет деп санады: орыс емес халықтарды оның этнографиясын жақсы білу арқылы табысты басқаруға болады,деген қағиданы ұстанды.

Тевкелев елшілігінің материалдарын мұқият талдағаннан кейін Кирилов 1734 жылдың басында патша үкіметіне өз жоспарын екі жоба түрінде тапсырады. Этнографиялық тұрғыда Кириловтың «қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірулер» деген екінші жобасы неғұрлым қызықты болды, онда автордың мұрағат және әдеби деректемелерден алған қазақ және қарақалпақ халықтары туралы орыс этнографиялық мәліметтері қысқаша келтірілген.

Кирилов Орынбор экспедициясын  үш жылдай ғана басқарады. Башқұртстандағы  көтеріліс және ерте өлімі (1737 жылы өкпе ауруынан қайтыс болды) оның жүктелген міндетті аяғына дейін апаруына кедергі келтіреді.

Дәл Кириловтың арқасында Петербургқа Орынбордан қазақ даласы мен Орта Азиялық Қосқзен аралығы туралы мәліметтер жүйелі түсіп отырады. Олардың жартысы астаналық баспасөзде жарияланады.  Кириловтың жобаларында қазақ Жүздерінің саяси орналасуы және олардың көршілерімен қарым-қатынастары туралы жан-жақты сипатталған, бұл автордың қазақ халқының өмірі мен тарихы туралы жақсы хабардар болғанын дәлелдейді.

Кириловтың кезінде жаңадан  ұйымдастырылған Орынбор өлкесін  картаға түсіру қолға алынады. Кіші және Орта Жүздердің жерлері енген өлкенің алғашқы картасын 1737 жылы геодезист Алексей Норов құрастырды. Осы кезден бастап қазақ жерлері барлық орыс карталарында белгілене бастайды.

Кирилов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының бастығы болып ғалым және мемлекет қайраткері В.Н.Татищев (1688 – 1750 ж.ж.) тағайындалады. Бұл қызметте екі жылдай болған ол қазақ халқымен жақынырақ танысады және оның өмірін жеке қадағалайды. Өз саясатын табысты жүргізу үшін ол шенеуніктерден, әсіресе, қазақ тілін білуді талап етеді.

1734 және 1737 жылдары Татищев географиялық-этнографиялық зерттеулердің әлемдегі тұңғыш сауалнамасының екі нұсқасын дайындайды. «Тарихтың шығармалары мен орыс географиясы туралы ұсыныстар» деп аталатын екінші сауалнаманың 198 сұрағы оның авторын елдің барлық халықтарының атаулары, шығу тегі, кәсібі, әдет-ғұрыптары, салттары мен дәстүрлері, халық медицинасы, наным-сенімдері, тілі, фольклоры қызықтырғаны дәлелдейді. Сауалнамада автор этнографиялық материалдарды маңызды тарихи түп-дерек ретінде қарастыратындығын танытады. Ол сауалнамада қарастырылған сұрақтарды зерделеудің әдістерін де көрсетеді: жазбаша түп-деректерді қолға түсіру, этнографиялық заттардың суретін салу, бақылау және «ескертусіз, бірақ сыпайы және кез-келген сұрақтардың күшін білетін әртүрлі адамдар арқылы...» пікіртерім жүргізу.

В.Н.Татищев этнографиялық  материалдарды жинақтаудың өзге құралдарын да пайдаланады. Ол көпестерден, елшілерден және саяхатшылардан жиі сұрастырып отырады, Әбілқайыр ханмен, П.И.Рычковпен, Г.Ф.Миллермен және отаршыл әкімшіліктің шенеуніктерімен хат алысады, Москва, Петербург, Поволжья, Орал, Сібірдің мұрағаттарында жұмыс жасайды.

Қазақ халқының тарихы мен  этнографиясына қызығушылық Татищевте ерте пайда болады. 1736 жылдың өзінде-ақ ол өзінің «Бүкіл Сібірдің жалпы географиялық сипаттамасы» деген, өкінішке орай аяқталмай қалған, еңбегінің үлкен білімін арнауды ойластырады.

Татищевті қызықтырған этнографиялық  маңызды мәселелердің бірі қазақ халқының этногенезі болды. Алайда Татищевтің де, ХVІІІ ғасырдағы өзге орыс авторлары тәрізді, жекелеген дұрыс пайымдауларына қарамастан, қазақ халқының шығу тегі туралы ғылыми түсінігі болмады.

Қазақ этногенезінің (қазақтардың  өзін-өзі атауы, олардың этникалың  аумағы, көші-қоныстары және рулың құрамы) бірқатар мәселелері Татищевтің «Ресей тарихы» (1739 – 1750 ж.ж.) деп аталатын, алғашқы екі томы 1768 – 1769 жылдары жарық көрген, негізгі еңбегінде қарастырылады. Онда автор қазақтарды түрікмендер, башқұрттар, қарақалпақтар, татарлар және өзге халықтармен бірге «скифтер» деп аталатын топқа жатқыза отыра, Ресей халықтарының лингвистикалық-этнографиялық жіктелуін берді.


Информация о работе Қазақ этнографиясы мәселелерінің И.К.Кирилов пен В.Н.Татищев еңбектерінде талдануы