Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс, ежелгі тас дәуірі, мезолит, неолит және қола дәуірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 18:43, реферат

Описание

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында: тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкқріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді.

Содержание

1.Қазақ жеріндегі негізгі палеолиттік тұрақтар.
2.Палеолит кезіндегі шаруашылық.
3.Неолит кезеңінің негізгі тұрақтары.
4.Өнім өндіруші шаруашылық және түрлі шаруашылық аудандарының қалыптасуы.
5.Қола дәуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер.
6.Қола дәуіріне тән ескерткіштер. Андронов мәдениеті.
7.Беғазы – Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс.docx

— 282.26 Кб (Скачать документ)

    

 

 

    Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс,

         ежелгі тас дәуірі, мезолит, неолит және қола дәуірі.

                                     Тапсырма

  1. Қазақ жеріндегі негізгі палеолиттік тұрақтар.
  2. Палеолит кезіндегі шаруашылық.
  3. Неолит кезеңінің негізгі тұрақтары.
  4. Өнім өндіруші шаруашылық және түрлі шаруашылық аудандарының   қалыптасуы.
  5. Қола дәуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер.
  6. Қола дәуіріне тән ескерткіштер. Андронов мәдениеті.
  7. Беғазы – Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Қазақ  жеріндегі негізгі палеолиттік  тұрақтар.

     Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында: тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкқріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.Батыс Еуропаның тарихи материалдары негізінде құралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып бөлінеді.Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын ежелгі кезең бұл күнде олдувей дәуірі деп аталады. Ол б.з.б 2,6 млн. Жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» /«шебер адам»/ деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см , яғни ертедегі маймылдың миынан әжептеуір көлемді де  салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің  қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінде сәйкес келетін «Homo erectus» /«түрегелген немесе бойын жазған»/ питекантроп /«маймыл адам»/ және синантроп /«адам»/ болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады.Бірінші пинтекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питеканроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis»-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см ), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.«Homo erectus»-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен  бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялық жер қыртысы/ тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды  жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapieneske» /«ақылды адам»/ айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-30 мың жылдықта Франциядағы Кроманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды.Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі – Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық  қазба жұмыстары кезінде ертедегіадамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.Климаттық жағынан алғанда, Қаратау жері ертедегі адамдар үшін айрықша қолайлы болып келген. Мұндағы жағдай Қаратау қыраты аймағында ұзақ замандар бойы қалыптасқан. Онда көп түрлі  өсімдіктер өсіп, жануарлардың мекендеріне қолайлы табиғи жағдай жасалған.  Осының бәрі ежелгі адамдардың бұл араны мекендеуіне жол ашқан. Олар бұл жерлерден қоректі де, су көздерін де, сонымен қатар өзендер жағалаулары мен үңгірлерден, бортопырақты аудандардан шұрайлы мекен жайлар тапқан. Олардың ең бастылары археологиялық зерттеулерде көрсетілгендей, ашель дәуіріне жататын Бөріқазған, Тәңірқазған тұрақтары болып табылады.

     

    Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдар аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған.Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстанда да табылған. Оған Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман айбат, Қарағанды облысының Жезді ауданынан  табылған Обалысай тұрақтарын бөліп айтуға болады. Орталық Қазақстан жеріндегі  қазбаларға қарағанда, осы маңда  орналасқан ежелгі адамдар еңбекте тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек тас құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген. Сондай-ақ, көне палеолиттік ескерткіштер қалдығы Батыс Қазақстанның, әсіресе оның Маңғыстау түбегінде табылған. Мұндағы ашылған ескі тұрақтардың бәрі Каспий теңізі жағалауының шығыс аймақтарында орналасқан.Соңғы палеолит б.з.б. 35-30 мың жылдан 12-10 мың жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл – адамзаттың жердің барлық климаттық аймақтарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік  топтардың құрылған кезі. Кейінгі палеолит дәуірінде саналы адамның пайда болуы мен адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің дамуы іске асты.Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ананың төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды. Бұл кезде әйелдердің қауымдағы жағдайы өте жоғары болды. Сөйтіп, ана әулеті  ертедегі адамдардың өзара қандас туыстығымен, жалпы ана жағынан шыққан тегімен ерекшеленді.Тас дәуірінің тарихында неолит 5-3 мың жылдықтардың арасын қамтиды неолит – соңғы тас дәуірі/.

3. Неолит кезегіндегі тұрақтар.

    Б.з.б. 5 мың жылдықта басталған неолит – тас құралдарын барынша пайдаланған дәуір. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, тастарды бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа  пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, ертедегі адамдардың бұрынғы табиғаттың даяр өнімдерін иемденуден, яғни өсімдік дәндерін жинау, аң аулау орнына, өндіруші шаруашылыққа көшуге жағдай жасады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының одан әрі дамуына өз ықпалын тигізді, адам еңбегінің ауқымы мен көлемі кеңейді, сонымен қатар оның мінез-құлқына да сапалық өзгерістер әкелді.Алғашқы қауымдық құрылыс өндіргіш күштерінің дамуы тас дәуірінің  соңғы кезеңінде мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына әсерін тигізді. Бұл кезде тау-кен ісі мен тоқымашылық ілкі қадам жасады. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

  

Әлеуметтік жағынан  алғанда неолит кезеңі рулық қауым  дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету  және өндіріс құрал жабдықтарына ортақ меншік үстемдік етті. Осы  кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың  түріне қарай негізделді. Ежелгі қазақ  жеріндегі  тайпалар аңшылықпен, балық  аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен, егіншілікпен және кен өнеркәсібімен айналыса бастады.Қазақстан жерінде ғылымға  белгілі 600-ден аса  неолиттік  ескерткіштер табылған. Бірақ олардың  басым көпшілігі осы уақытқа  дейін зерттелмеген. Неолит тұрақтары  өзінің жер-жерге  орналасу  сипатына қарай төрт түрге: бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі  және үңгірдегі тұрақтары болып  бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзак уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрактардағы негізгі қүрал-саймандар — пышақ тәрізді қалактар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғүрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, кашаулар, пышақтар, кырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Олардың қалдықтары археологиялық зерттеулер барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан табылған.

4. Өнім өндіруші шаруашылық және түрлі шаруашылық аудандарының   қалыптасуы.

       Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыҚазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.

   Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды колға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін менгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкіністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылкы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді - бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» манызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақдалалық аймакьң неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ - мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балык аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халык қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек. Жерорта теңізінің неғүрлым жұмсақ және бірыңғай климаты аймақта демографиялық жағынан артық жағдай туғызып, Шығыс елдерінде адам аң, балық аулау мен жиын-терінге қоса косымша тамақ көздерін өте ертерек іздестіруге мәжбүр болды, өйткені коғамның қажеттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.

5. Қола дәуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер.

    Б. з. б. II мыңжылдыктың аяғында — I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б. з. б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр- қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек. Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын-ылғал кезеңнің орнына климатгың жылылық пен қуаңшылыкка қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп ксеротермиялык минимум дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, солтүстік жарты шардағы кұрлықтардың жалпы ылғалдылығы азайды. Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Еуропа мен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялык деректемелер де растайды. Батыс және Орталык Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған коныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі — кұдык қазу шытады. Егер Қазақстанның солтүстік аудандарының тұртындары мен Батыс Сібірдің орман және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен алдыңты қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Б. з. б. II мыңжылдыктың ортасында, Орталық Қазақстандаты сияқты, бұл аудандарда да малшылык-егіншілік шаруашылық өрістеп, мал шаруашылығы басым дамиды. Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың тұртындарына тән емес ежелті мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуын және Қазакстанның далалык тайпалары мәдениеті ыкпалының күшеюін, сірә, нақ сол табиғи-климаттық кұбылыстармен түсіндіруге болар. Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық некелік катынасарында елеулі өзгерістер болды. Қола дәуіріндеті экономиканың басты-басты екі батыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдык еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті. Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстаннның және Орта Азияның кең-байтақ далалаоын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды.

6. Қола дәуіріне тән ескерткіштер. Андронов мәдениеті.

   Олар қалдырған ескерткіштердің табыған жері Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.Андронов мәдениетінің  негізгі орталықтарының бірі – Қазақстан жері. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылдықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар  түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқты  құралдарды өздері жасап, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орсан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін /б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар/ және  орта кезеңін /б.з.б. XV-X ғасырлар/ түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің  соңғы кезеңінде /б.з.б. X-VIII ғасырлар/  Андронов мәдениеті  кезінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Әдетте қоныстар өзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте , көлдің маңына орналасқанын археологиялық қазбалардың нәтижелері көрсетіп отыр. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрған. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң – қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы  адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, киім-кешекпен жіне аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың  жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп кию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станргі пайда болды.Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған, мал үй іргесінде жайылған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал өсірудің жаңа тәсілі – жартылай көшпелі маусымдық шаруашылыққа көшу басталды.Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер еді. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды. Андроновшылардың құмыра, көзелерін көркемдеп көрсететін ою-өрнектері мыңдаған жылдар бойы сақталған.Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар: найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, балға, шот. Кейбір жауынгерлердің қанжары болған.Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына  бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болды. Өңделіп  егілген жерлердің көлемі өсті. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттыұ қатынастар патриархаттыұ-рулыұ қатынастармен ауыса бастады.Патраирхаттық  отбасылық қауымның бірнеще сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың 4-5 ұрпағынан құралды және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді.Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім  ортақ меншікке айналды. Кейін, әсіресе, соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті, мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылыұ меншіктің пайда болуына әкелді. Мәселен, айналасы дуалдармен қоршалып салынған қоныстардың солтүстік Қазақстанда көп кездесуі, бұлардың қорғаныс, бекініс ретінде салынғанын, қола дәуірінің орта кезінде тайпалар арасында наразылық пен қақтығыстардың күшті болғандығын көрсетеді.Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рудың ыдырауы және одан жеке отбасылар шаруашылығының бөлініп шығуы нәтижесінде үйлердің пошымы өзгерген. Кейбір үйлер  жеке дербес отбасыға арналып 2-3 бөлмеден салынған, олардың тамақ псіретін жер ошақтары бөлек болған. Рулық құрылыстың ыдырағанын және мүлік теңсіздігінің шыққанын қорымдардың қалдықтарынан да көруге болады. Кедейлердің қабірлері қарапайым және жерлеу саймандары да қарапайым. Ал байлардың қабірлерінен алтын және қола заттармен шебер өрнектелген балшық ыдыстары табылған. Отбасы иесінің, ру мен тайпа көсемдерінің молалары үстіне биік  етіп топырақ оба үйілген немесе үлкен-үлкен гранит тастардан қоршау жасалған.Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен сенімдеріне келетін болсақ, ол тұстағы адамдардың тұрмысы  мен әл-ауқаты түгелдей табиғатұа тәуелді болғандыұтан, олар табиғат күшін киелі рух деп білген. Бұл күштер ең алдымен су, күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі еді. Күн мен от жарық жылылықты береді, мұның бәрі қайырымды құдіретті рухтармен байланыстырылды. Адам мен жануарларға сусыз өмір жоқ, сондықтан суға да, сол сияқты, ай мен жұлдызға да табыну сияұты наным күшті болды.Қола дәуірінің тайпалары ата-бабаларына сыйынған және о дүниеге сенген. Ауру адамдарды емдеу және оларды өлімнен сақтап қалу әрекеттері де болып отырған. Ол әрекеттер нәтиже бермеген жағдайда өлген адамды о дүниеге қажет деп санаушылық, о дүниеде тамақ керек деп, тамақ пен киіммен, құралдарымен, қару-жарағымен, сәндік заттарымен барынша жақсылап көму – қола дәуіріндегілерге  тән рәсім.Қола дәуірінде күнге, отқа, суға, айға, жұлдыздарға және қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу әдеті де болған. Кейін келе адамның ой-өрісінің өсуі нәтижесінде, оның өзі туралы және табиғат жөнінде ұғымы күрделене түсті. Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде өндірістік жабдықтарға және өндіріс өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап, отбасылық меншік пайда болды.  

Информация о работе Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс, ежелгі тас дәуірі, мезолит, неолит және қола дәуірі