Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы, мәдениеттер тоғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 20:39, курсовая работа

Описание

Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.

Работа состоит из  1 файл

Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы сілемі.docx

— 61.53 Кб (Скачать документ)

Қазақстан аумағындағы Ұлы  Жібек Жолы. Мәдениеттер тоғысы

 

Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы  сілемі

 

 «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.

Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда  жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху  көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай  археологтары неолит дәуіріне жататын  жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге  қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан  шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның  ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.

Қымбат тұратын жібектердің  таралуына сақтар мен скифтердің көошпелі тайпалары қатысқан, сол  кездегі ғажайып тауар Орталық Азиямен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.

Жібек Үндістанға сол кезде барған, «сина патто» — «кытай жібегі» деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дишгоматиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады.

Көп кешікпей халықаралық  сауда Орта Азиядаты Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел — Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы «Тохарлық» қалаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондықтардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы. Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. «Бұлғын жолы» дейтін жол белгілі, ол арқылы Византияның, Иранның, Түрік қағанаттары мен соғды князьдіктерінің Бохай мемлекеттерімен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI ғасырда «Бұлғын жолының» теңіздегі бөлігі «Жапонияға баратын жол» деп аталған. II - V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен «Яшма қақпалары бекетіне» беттеген. Осы арада бір жол айырылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашкарға, Аксуға және Бедел асуы арқылы Ыстыккөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл — «оңтүстік жел» деп аталатын жол; «солтүстік жол» Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған.

VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы  өтетін бұрынғы жол төте және  қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа  Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан  арқылы өтетін жол мейлінше  жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын  мынадай себептермен түсіндіруге  болады. Біріншіден, Жетісуда түрік  қағандарының ордалары болды,  Орта Азия арқылы өтетін сауда  жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін  жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден,  түріктердін бай қағандары мен  олардың төңірегіндегілер теңіздің  арғы жағының тауарларын ірі  мөлшерде тұтынушылар болатын. Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III—ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.

Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде  Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне  келетін Дала жолы жұмыс істей  бастаған еді. Осынау жолмен жиек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан  жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып  жататын.

VI-XII ғасырда Орта Азия  мен Қазақстанда қалалар тез  өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне  айналды. Батыс Түркістан жерінде  Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой  көтерді.

Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары  қалмай, Еуропа және Азия елдерімен  Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде  Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі  Сайрам) болды.

Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».

VI-XII ғасырларда тікелей  орталығы ретінде мәлім болған  Испиджабта тауарлардың көптеген  түрлері өндіріліп, осы жерден  басқа жақтарға мата, қару-жарақ,  мыс пен темір әкетіліп тұрды.

Ағын суы мол, ағашы  көп және тамаша бақшалары бар  ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін  сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

 

Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары  да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін  жеткен.

Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың  тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастаған. Міне сонау ықылым замандарда адамзаттың араласуына, етене танысуына  көп септігі тиген ұлы сүрлеу әлі де ұмытыла қойған жоқ. Тіпті  осы жолдың бойындағы кез келген елде Жібек жолы деген атауларды  кездестіретініңіз айқын.

Ұлы Жібек жолының тарихын біліп, тағылым алу біздер үшін маңызы зор  іс.

Сауда және тауар алмасу

 

Жібек жолы бастапқыда қытай  жібегін Батыс елдеріне шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өңдірілетін тауарлар тасылды. Бұл тажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар — мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) еті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршыталар мен сұнқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті татамдар мен қант, жемістер мен көкеністер Жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып кала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді. Иранның шахиншахы Хосроу I Ануширван қытай императорынан басқа тартулармен қатар, қытайдың жібек киімі» — «ушари» алған, оның көкшіл өңіріне тәж киген және әшекейлер тағынған патша бейнеленген. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларының фрескаларында шонжарлар киген жібек киімдерде оларға тән барлық қымбат бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай салынатыны кездейсоқ емес. Жібек жолымен тасылатын жібектің де, тауарлардың бір бөлігінің де оның Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейді.

Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жататын жеті «У- шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Батысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналасқан Сырда- рияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына дау жоқ. Қытай деректемелерінде ол кездер туралы былай делінген:«.. .жуырдаты кездің өзінде шетелдік иеленушілермен қатынастар орнатуды күткен және бәрінен бұрын алыс шет аймақтарда белгілі болу даңқын қымбат тұтқан Қытай сарайы Кангюймен байланысын үзбеді».

Батыспен байланысты қымбат түратын заттар арасынан Жетісудан  табылтан күміс құмыраларды атап өту керек, онда византиялық үлгіге еліктеп крестер түрінде қалыппен өрнек салынған. Құмыраларды жасатан  шебер өз жұмысын Византияда істелген деп көрсету те тырысқан. Бір саптыаяқ тұтқасының иілген жерінде «көне  заман сипатындагы» бас бейнелентен. Византия үлгілеріне бұлайша еліктеуге  тырысушылықты «империя халқы түр-тұрпатының әсерлі әсемдігі» туғызған. Жамбыл қаласында Тараздың орнынан I Юстинианның византиялык алтын солиді табылды, оның бір бетінде дулыта киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы бейнеленген. Византияның алтын солидінің кең таралтанын және халықаралық валюта ретінде қолданылғанын ескерте кеткен жөн. Кімнің билеушісі күшті екені жөнінде Византия және парсы көпестерінің айтысуы туралы Кузьма Индикоплавтың VI ғасырдың орта шеніне жататын әңгімесі мәлім. Персия саудагері тек күміс көрсете алтан кезде, византиялық бүкіл әлемге таралған алтын теңге көрсетіп жеңіп шыққан.

Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін  шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын  реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осынау күре жолмен мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, жень-шень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, гауһар мен яшма, янтарь мен кораллдар, піл сүйегі мен «балық сояулары», құйма күміс пен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен саудаға салу үшін Ферғананың атақты «тері қан боп шығатын» сәйгүліктері мен араб арғымақтарын, түйелер мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықтарды, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.

Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен  қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкөніс  пен жемістер, әртүрлі көктер әлемге таратылған.

Дегенмен сауданың ең басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық  валюта болған, оны хандар мен елшілерге  тарту еткен, жалдамалы әскерге  жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды  сонымен төлеген.

Керуен жолымен тасылатын жібек  пен басқа да тауарлардың бір  бөлегі қазақ даласының қалаларында  қалып отырған. Археологиялық олжалар  — соның айқын айғағы.

Сондай сирек кездесетін және халықаралық  сауданы зерттеуге аса қажет  олжаның қатарына Отырардың күміс  көмбесі жатады. Ол өзінің құрамы жағынан  ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шартараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістандағы  Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан —  Қырымның, кіші азиялықтан — Сиваси, Кония, Тебриздік, Қазақстаннан — Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез —XIII ғ. 60-жж. екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде  тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары»  бар.

Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль  модалары да таратылатын болған, әрине  егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі бір этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген жерге  тап бола қалса, кеңінен тарап  кетеді екен.

 

Мәдениеттердің өзара  әсері

 

Орта ғасырлардың бас  кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасы кеңінен  таралды. Бұл «дүние патшалықтарының» әрқайсысы замандастарының көзіне тек өзіне ғана тән артықшылықтарымен  көрінді. Суй (589—618), ал содан соң  Тан (618—907) әулеттерінің билігімен  біріккен Қытай, орталығы Гангадағы  Канауджа қаласында болған үнді билеушілерінің патшалығы, Тынық мұхиттан Қара теңізге  дейінгі түріктер бірлестігі, Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің құрылуы әлемнің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының (Иран мен Византия), солтүстіктегі сайгүліктер патшасының (Түрік қағанаттары), шығыстаты адамдар патшасының (Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы, сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы — мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталды; сайгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі патшалықка бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның, содан сон арабтардың патшасы, екіншісі (ерлер патшасы) халқының көріктілігі себепті Византияның патшасы болды.

Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқанға жақын жердегі Кушан қонысындағы үйдің қабырталарына салынтан әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде — қытай императорлары, екіншісінде — түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.

Әрбір халықтын бір нәрсесімен атақты да даңкты екенін ақындар былайша  суреттейді: Біліп қойғын, арабтардан өленде ешкім озбайды, Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең, Емдомымен жан-дүниенді козғайды. Сауық-сайран үнділердің мекені, Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді, Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен, Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың  Қашан да артық бәрінен.

Талас аңғарындағы Жамукат деп саналатын Қостөбе қала жұртынан аршылған VIII — IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалың сылақ қабатының оймыштап безендірілуін нақ осымен түсіндіруге болады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы, салбырап тұрған жүзім сабақтары, қызғалдақтар, жапырақтар, пальметталар, ромб белдеулері, меандрлардың көмкермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыш- тау сарындарында, өрнектердің жеке элементтерінде, стильде Афрасиаб пен Варахша, сондай-ақ Саммара мен Фустат сарайларының қабырғалары сәнделген оймыштарға мейлінше жақын ұқсастық бар. Мұның өзі Бағдат шеберлері талғамдары мен халифат астанасының астаналық стиль сәнінің қалалық мұсылман ойкуменінің шетін қамтып, Жібек жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді.

Информация о работе Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы, мәдениеттер тоғысы