Қазақстан 50 елдің қатарында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2011 в 17:09, реферат

Описание

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шарушылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп дәл көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 48.50 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан  50 елдің қатарында 

    Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шарушылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп дәл көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

          Жаңа технологияларды  дер кезінде игеру, жаңа тауарлар шығарып, жаңа қызмет түрлерін көрсету  бәсекеге қабілеттіліктің айқындаушы факторына айналды.

   Қазіргі Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновациялық саласы тоқырау жағдайында десекте болады. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялар деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күнгі жаңалықтар. Сондықтанда шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық потенциалымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек. Осыған сәйкес қазіргі уақыта елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды бойына сіңірген республикамыздың индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданған. Стратегияның мақсаты – шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарды сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.

    Өндірісті технологиялық жабдықтау құралдарына (жеке өндірістік қуат, техникалық деңгей) өндірістік жүйе белгілі бір сан мен сапа бойынша өнім өндіруге бағытталады. Өндірістік жүйелердің техникалық деңгейін шикізат, материалдар, энергия, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, қызметкерлер санын қысқарту, өндірістік жүйенің ұзақтығын қамтамасыз ету, өндірістің техникалық бағытын өзгертуде икемділігіне байланысты байқауға болады.

    Басқаша айтқанда, өндірістік қуаттарды максималды пайдалану немесе кәсіпорын жұмыскерлерінің  санын, өнімнің материал сыйымдылығын ғылыми қамтымдылығын немесе өндірістік жүйелердін қызмет ету режимін арттыру немесе: электр энергиясын тұтынуды қысқарту қандай пропорцияда болатындығын анықтау қажет.

    Әрине, техникалық базаны күшейту жолдары  саланың ерекшелігіне, кәсіпорын  профиліне, нарық талаптарына, бәсекелестік ортаға және тағы басқа көптеген факторларға байланысты болады. Техникалық базаны жақсарту екі жолмен жүзеге асырылады: біріншісі интенсивті, яғни прогрессивті құрал түрлерін енгізу, іске қосылған құралдарды пайдалануды жақсарту және тиімділігін көтеру, өндірісті қайта жарақтандыру және реконструкциялау, инновациялық әлуетті көтеру және т.б., екіншісі, экстенсивті-техникалық модернизация, жөндеу жұмыстарын жүргізу т.с.с. /1 сурет/.

    Техникалық  ресурстардың ең басты сипаттамасына  олардың прогрессивтілік дәрежесі немесе ресурстардың техникалық деңгейі жатады.

    Өнеркәсіпте техникалық ресурстардың прогрессивтілігін  бағалаудың әртүрлі әдістемелерінің  көптеген түрлері қолданылады. Олар өндірістің техникалық деңгейін бағалау  әдістері деп аталады. Олардың көмегімен  өндірістік базаның жағдайын сандық бағалауға болады. Бірақ салалық әдістеме бұл жағдайды өндірістік жүйе мақсатын жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермейді.

    Өнеркәсіп салаларындағы технологиялық құрылымның бір-бірінен айырмашылығы механикаландыру деңгейіне, құралдардың құрамына, қолданылатын технология әдістеріне, жұмысшы мамандармен толықтырылуына байланысты болады. Технологиялық үрдістердің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалау өндірістің ішкі резервтерін және мүмкіндіктерін өнімнің бәсеке қабілетін көтеру арқылы жүзеге асырылады.

    Технологиялық үрдістердің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалау үшін оған әсер ететін факторларды анықтау қажет.

    Ұйымдастыру-техникалық факторлардың барлық жиынтығы олардың технико-экономикалық мазмұнына қарай топтарға бөлінеді. Өнеркәсіптік өндірістің ұйымдастыру-техникалық дең

    гейі  факторлардың екі тобымен анықталады: техникалық және ұйымдастырушылық /2 сурет/.

    Кәсіпорындардың ұйымдастыру-техникалық деңгейін сандық бағалау:

    кәсіпорынның  ұйымдастыру-техникалық деңгейінің әртүрлі бағыттарын сипаттайтын көрсеткіштерін салыстыру үшін, талдау мақсатымен олардың жеке көрсеткіштерінің мәнін анықтау, өндірістің осал түстарын анықтау, ағындық және перспективалық кәсіпорынның техникалық даму жоспарын жасау;

    кәсіпорынның  ұйымдастыру-техникалық деңгейін бірыңғай жалпылама көрсеткіш көмегімен кешенді бағалау, кәсіпорынның техникалық базасын жетілдіру үшін инвестиция тартуда оның деңгейін анықтау;

    кәсіпорынның  ұйымдастыру-техникалық деңгейінің өнімнің  бәсеке қабілетіне әсерін сандық бағалау арқылы оның сыртқы нарықтағы орнын анықтау;

    Өнеркәсіптік  сектор әлеуметтік-экономикалық өсу  мен ұлттық экономиканың сыртқы қауіпсіздігін  қамтамасыз ете отырып, Қазақстан  Республикасының халықаралық қатынастар аясында тең құқылы серіктестікте  болуға жағдай жасайды. Соңғы жылдарда өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін талдау нәтижелерімен жалпы ішкі өнім индексі 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,2%-ға өскендігін байқаймыз. Республикалық жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптің ЖҚҚ-ның үлесі 2003-2006 жылдары 33,2% дан 29,5 пайызға төмендеген. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жоғарыда айтылған жылдар аралығында 1798260 млл. теңгеден 2836002 млн. теңгеге өсіп, отандық экономиканың ілгері дамуына және экономикалық көрсеткіштердің біршама артуына өз үлесін қосқан. Соның әсерінен анықтаушы факторға айналған. Сонымен бірге, ондағы өндірістік қызметкерлердің саны 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 73,8 мың адамға азайған (3 кесте). Бұл сектор бюджеттің негізгі салық төлеушісі ретінде халықтың еңбекке қабілетті 25 %-ға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп, негізгі әлеуметтік функциялардың бірін орындады. Өнеркәсіп өнімдерінің мұнай, метал сияқты түрлері әлемдік нарықта еліміздің мамандануын анықтаумен бірге валюталық түсімнің және экспорттың едәуір көп бөлігін құрады.

    4 кесте мәліметтерінен 2001-2006 жылдар  аралығында өнеркәсіп өндірісінің  құрылымында меншік нысандары  бойынша өндірілетін өнімдердің  үлесі мемлекеттік, Республикалық  және коммунальдық меншік түрлері  бойынша азайып, ал оның есесіне жеке меншік түрі бойынша, соның ішінде мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі және олардың бірлестіктерінің өнімдері артқанын байқаймыз. Мемлекет қатысатын кәсіпорындардың меншігі бойынша өнім келемі 23,1%-дан 18,7%-ға кеміген, шетел қатысатын бірлескен кәсіпорындардың меншігіндегі өнім көлемі 31,3% дан 43,3%-ға ұлғайған, ал шетелдік заңды тұлғалар меншігіндегі кәсіпорындардың өнімі 12,3%-дан 16,5%-ға артқан. Дегенмен, өнеркәсіптің дамуына күрделі және ұзақ мерзімдік проблемалардың шиеленісуі кері ықпалын тигізді.

    Стратегиялық  жоспарлау Агентствасының әзірлеген "Қазақстанның 2010 жылға дейін  дамуының стратегиялық жоспар" жобасында  өнеркәсіптік-технологиялық саясаттың 2010 жылға дейінгі негізгі бағыттары  ұсынылған және осы саясатты жүргізудің үш кезеңі атап көрсетілген:

    Бірінші кезең-тұрақтандыру, яғни дағдарыстық  құлдыраудың зардаптарын жоюға  бағытталған тұрақтандыру кезеңі (2001-2004ж.);

    Екінші  кезең-индустриялық өнеркәсіп өндірісінің  құрылымын ұтымды өзгертуге бағытталған. Оның материалды-техникалық базасын құру және онда қоланылатын технологияны реконструкциялау, әлемдік шаруашылықтарға тең құқылы және үйлесімді түрде ұлттық экономиканың кіруі (2005-2008ж.);

    Үшінші  кезең-инновациялық-тұрақты даму сатысынан  индустрияландырудан кейінгі ақпараттық сатыға көшудің алғы шарттарын дайындау (2008-2010ж.) /46/.

    Осы кезеңдерде алға қойылған нақты мақсаттарға  жету үшін өнеркәсіптік саясатты үдемелі  түрде жүргізуде әлемдік тәжірибеде қолданылып келген ұтымды әдістер мен  тәсілдердің арсеналын пайдалану керектігі ұсынылған.

    Өнеркәсіптің  салалық құрылымындағы оң өзгерістерге көп жағдайда инвестицияны тарту  көлемі әсерін тигізді. 2006 жылы өнеркәсіптегі  негізгі капиталға жұмсалған  инвестиция көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 244478 млн. теңгеге, яғни 63,3%-ға өскен Қазақстан өнеркәсібі үш негізгі сектордан тұрады: кен өндіру, өңдеу, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу.

    2005 жылы өнеркәсіп өндірісінің 47,9%-ын  кен өндіру өнеркәсібі, 43,3%-ын - өңдеу  өнеркәсібі, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу-8,8 %, 2006 жылы- 47,3%; 42,0%; 8,5% құрады.

    Қарастырып  отырған жылдарда республикада өнеркәсіп  өндірісінің тұрақты түрде өсіп отырғанын байқаймыз /5 кесте/.

    Кен өндіру өнеркәсібіндегі өткізілген өнімдерден түскен пайда өңдеу өнеркәсібіне қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін келесі кесте көрсеткіштерінен көруге болады. Өнімдердің тиімділік деңгейі де екі есеге артық. /7 кесте/.

    Кен өндіру өнеркәсібінің құрамында 2002-2006 жылдары отын-энергетикалық пайдалы  қазбаларды өндіру-3,39 есе, көмір, лигнит және шым тезек өндіру-1,87 есе, шикі мұнай және табиғи газ өндіру-3,5 есе, мұнай және газ өндіруге байланысты көрсетілетін қызмет түрлері-15,1 есеге, металл кендерін өндіру-2,62 есе, темір кендерін өндіру-2,98 есе, түсті металл кендерін өндіру-2,34 есеге артқан. Мұнай мен газ өндіруге байланысты көрсетілетін қызмет түрлерінің көп есе өсуі оған осы салада сұраныстыңжоғары екендігін көрсетті /48/.

      Қорытындылайтын болсақ Экономикалық дамудың теңденциялары мен факторларын зерттеу индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда кездесетін проблемаларды анықтап, одан туындайтын міндеттерді шешу бағыттарын ұсыну арқылы проблеманы әрі қарай зерттеу контурларын анықтауға және практикалық міндеттерді шешуге көмектеседі.

    Экономикалық  жүйенің негізін құрайтын өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың алғы шарттарына бәсекеге қабілеті жоғары, тұтынушылық қасиеті ерекшс өнім өндіру және оның сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету, өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік нарыққа бағытталуы, қосылған құны жоғары жаңа технологияларға негізделген және ғылыми жаңалығы бар өнімдерді көптеп өндіру нәтижесінде өнеркәсіп кәсіпорындары көрсеткіштерінің сапалы түрде өзгеруі жатады.

    Өнеркәсіпті индустрияландыру үрдістері үш сатыны қамтиды. Төменгі саты болып саналатын  кәсіпорындарда инновациялық технологияға негізделген белсенді түрде жүргізілетін индустрияландыру үрдістері орташа сатыны, яғни кен өндіру өнеркәсібінің, өңдеу өнеркәсібінің және электр энергиясы, газды және суды өндіру және бөлу салаларын қамтып, оның салдарынан ең жоғары сатыдағы жалпы отандық өнеркәсіптің жылдам дамуына әсерін тигізеді.

    Әр  деңгейдегі индустрияландыру деңгейін анықтау үшін көрсеткіштер жүйесі анықталуға тиіс. Ондай көрсеткіштерге бәсекеге түсуге қабілетті тауарлардың жалпы  өнім көлеміндегі үлес салмағы, зкспортқа бағытталған өнімдердің жалпы өнімдегі үлесі, жоғары технологиялық өнімдердің үлесі, инновацияға жұмсалатып қаржы көлемі және т.б. жатады. Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің басты критериі болып қосымша құнды қалыптастыру саналады.

    Қазақстан өнеркәсібін қайта индустрияландырудың  басым бағыттарына импорт алмастыру, инновациялық, инвестициялық, экспорттық, ғылыми-техникалық даму үрдістерін жатқызуға  болады. Қазақстан өнеркәсібінің  құрылымын қайта құру және ондағы өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілетін көтеру үшін белсенді түрде жүргізілетін мемлекеттік реттеу шаралары қажет. Мемлекеттік және жеке сектор өнеркәсіптік кәсіпорындардың мемлекетпен өзара қатынасын мемлекеттік өнеркәсіптік саясат реттейді, сөйтіп кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды. Ғылыми түрғыда дәлелденген әдістемелердің болмауы экономиканың индустриялық даму стратсгиясында жіберілетін кемшіліктердің орын алуына әкеп соқтырады.

    Өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың ең негізгі  басымдылықтарының қатарына өнеркәсіптің тиімді салалық құрылымын қалыптастыру инвестициялық және инновациялық әлуетті көтеру, өнеркәсіптің технико-технологиялық базасын жетілдіру жатады.

    Қазақстан өнеркәсібін индустрияландыруды жедел  түрде жүргізу үшін оны басқарудың экономикалық механизмін жетілдіру қажет деп санаймын.

Информация о работе Қазақстан 50 елдің қатарында