Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 21:01, реферат

Описание

Тыныс алу – автоматты, рефлекторлы түрде өтетін аса маңызды физиологиялық үрдіс. Жүйке жүйесінің тыныстық орталығы арқылы жүзеге асатын тыныс алу үрдісі үш фазадан тұрады: тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Олар үздіксіз және ритмикалық тұрғыда бірінен кейін бірі кезектен жүреді. Тыныстың алғашқы фазасы тыныс шығару болып табылады. Ағзаның қалыпты жұмысына қажет ауаның жаңа мөлшерін алу үшін тыныс алу жолдарында оған арнап орын босатып қою қажет, бұл тыныс шығару арқылы жүзеге асады.

Работа состоит из  1 файл

Тыныс алу.docx

— 16.66 Кб (Скачать документ)

Тыныс алу – автоматты, рефлекторлы түрде өтетін аса  маңызды физиологиялық үрдіс. Жүйке  жүйесінің тыныстық орталығы арқылы жүзеге асатын тыныс алу үрдісі үш фазадан тұрады: тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Олар үздіксіз және ритмикалық тұрғыда бірінен кейін бірі кезектен жүреді. Тыныстың алғашқы фазасы тыныс  шығару болып табылады. Ағзаның қалыпты  жұмысына қажет ауаның жаңа мөлшерін алу үшін тыныс алу жолдарында оған арнап орын босатып қою қажет, бұл тыныс шығару арқылы жүзеге асады.

Тыныс шығарудан кейін  жүретін тыныстық үзіліс өтпелі бола отырып, тыныс шығарудың аяқталуы және импульстің тыныс алуды күтумен  сипатталады. Үзіліс, тыныс алудың белсенді фазалары сонда маңызды болып  табылады: ол өкпедегі газ алмасу мен  ауа тазарудың тиімді болуын қамтамасыз ете отырып, оның жұмыс қабілетін  жоғарылатады. Үзілістердің мөлшері  физикалық жүк көлемі, жүйке жүйесінің  жағдайы және басқа факторларға  тәуелді. Сөйлеу тынысын дамытуда кинезотерапияның (қимыл - әрекет арқылы емдеу) элементтерінің бірі болып табылатын тыныс гимнастикасы маңызды рөл атқарады [1].

Дәстүрлі тыныс жаттығуларының мақсаты – алынатын және шығарылатын  ауа көлемін көбейтіп, тыныс шығаруды жергіліктендіріз. Тыныс гимнастикасы дизартрия, кекештену және басқа  да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін  балалармен жүргізіледі. Жылжымалы  нерв тыныс алу үрдісіне қатысады, сондықтан жылжымалы нервтің  тыныстық ядролары зақымдалған уақытта  жұту, дыбыс құралуы, артикуляция  ғана емес тыныс алу да бұзылады. Тыныс алу бұлшықеттерінің иннервациясының  бұзылуы есебінен сөйлеу тынысы бұзылады. Тыныс ритмі сөйлеудің мағыналық  үйлесімділігімен реттелмейді, сөйлеу кезінде ол әдетте жиілейді, жекелеген  сөздерді айту кезінде бала үстіртін дем алып, белсенді тыныс шығару қысқарады және үнемі ашық тұратын  ауызға қарамастан әдетте мұрын арқылы іске асады [2].

Тыныс алу мен тыныс  шығаруды жүзеге асыратын бұлшықеттер  жұмысындағы үйлесімсіздік баланың  тыныс алу кезінде сөйлеу әрекетін тудырады, бұл тыныстық қозғалыстарды  сөзді айту кезінде бақылауды, сонымен  қатар, тыныс, фонация және артикуляция  арасындағы қоординацияны одан сайын  бұзады. Сондықтан логопат балалардың тынысы үстіртін, жиі және артикуляциялық болып келеді.

Ұсынылып отырған дәстүрлі тыныс жаттығуларының жүйесі тыныстың физиологиялық ерекшеліктеріне  негізделіп, тыныс алу аппаратын, оның иікемділігін және жұмсақтығын  дамтыуға, оның көлемін үлкейтуге  т.б. сөйлеу және дыбыс аппаратын (жекелеген  дыбыс, буын, сөз және сөйлемдерді  айту) сәйкесінше қимыл – қозғалыстармен үйлестіре отырып жаттықтыру арқылы жүзеге асыруға бағытталған [3].

Тыныс аппаратының толық  қатысуы арқылы жүзеге асырылатын тыныс  – кәдімгі тыныс болып табылады. Ол аралас немесе гормониялық толық  деп аталады. Тыныс алу кезінде  ауа кезек – кезек төменгі, ортаңғы және жоғарғы өкпе бөліктерін толтырады, ол уақытта ең алдымен  қарын ішке тартылады, содан соң  кеуде қуысы кеңейіп, жоғары көтеріледі. Осылайша, гормониялық толық тыныс  төменгі, ортаңғы және жоғарғы тыныстан тұрады.

Төменгі немесе тыныштандырушы тыныс. Онда өкпенің төменгі бөліктері  қатысады. Тыныс алу кезінде қарын  ішке тартылап, тыныс шығару кезінде  төмен түседі. Кеуде қуысы қимылсыз болады.

Ортаңғы немесе нығайтушы  тыныс. Мұнда өкпенің ортаңғы  бөліктері қатысады. Тыныс алу  кезінде кеуде қуысы кеңейеді, тыныс шығару кезінде тарылады. Қарын  қимылсыз болады.

Жоғары немесе қуанышты тыныс. Осы тынысқа өкпенің жоғары бөліктері  қатысады. Тыныс алу кезінде кеуде  қуысы жоғары көтеріледі, тыныс шығару кезінде төмен түседі. Қарын қимылсыз тұрады, кеуде қуысы кеңеймейді.

Сонымен қатар ерекше ритмикалық тыныс та бар. Ол жүру кезінде орындылады, бұл кезде баяу, біркелкі қадаммен, босаңсып, иықты түсіріп жүрген жөн, ал тыныс алу біркелкі, еркін және ләззат алу арқылы жүзеге асырылған  абзал яғни тыныс алу мен тыныс  шығаруды қадам санына қарай сәйкестендірген  жөн (екі қадам – тыныс алу, екі қадам – тыныс шығару), бірақ пропорцияны өз ыңғайына қарай  таңдаған жөн [4].

Дәстүрлі тыныс гимнастикасын  сәтті игерудің негізгі ережелері:

-      ләззат ала отырып тыныс алған жөн, себебі жағымды сезімдердің өзі денсаулықты біршама жақсартады.

-      тыныс жаттығуына ерекше көңіл бөлген жөн, бұл оның жағымды жерін көбейтеді.

-      ағза ауамен толығуы үшін баяу тыныс алу қажет.

-      қажетінен көп жаттығу жасамаған абзал.

-      мұрынмен дем алып, ыңғайлы спорт киімінде жаттыққан жөн.

Тыныс гимнастикасының жағымды  әсерін күшейту үшін келесі шарттарды  ескерткен жөн:

-      жаттығуларды кере жұмсамай, ежеңгіл орындау;

-      терең босаңсу жағдайында болу (тікелей тыныс қимылына қатысатын бұлшықеттер тобы ғана жұмыс жасайды);

-      ауа өкпеге бір үздіксіз ағым арқылы кіріп – шығуын, ал тыныс шығару мен тыныс алу күш пен ұзақтық бойынша тең болып, бір–біріне баяу ауысын бақылау;

Әрбір тыныс жаттығуы 6 кезектес кезеңдерден тұрады:

·   қалып таңдап оны бекіту;

·   босаңсу;

·   жасалайын деп отырған жаттығуға көңіл қойып, оның негізгі элементтерін ойластыру;

·   терең тыныс алу;

·   тыныс жаттығуын орындау;

·   қалыпты өзгертіп, дем алу.

Логопед балалардың сөйлеу тынысын қою төмендегідей іске асады: балалар қолдарын жеңіл сілкіп, жан  – жаққа сөзады да, жоғары көтереді, осы кезде тыныс алу жүреді, содан соң қоладр бастың артына қарай  қоойылып, сол уақытта отыру жүзеге асады, бұл диафрагма жұмысын  белсендендіреді. Бұл жаттығулар арнайы таңдалған схема бойынша жүргізіледі.

Туа біткен стридор (шулы, қырқыл тыныс) жиі байқалатын сөйлеу жиі  байқалатын сөйлеу тынысының бұзылуының аса ауыр формалары кезінде, стридорлық тыныстың болмауына немесе азаюына  аса индивидуалды дене қалпы (эмбриондық қалып, бас артқа жіберілген қалып, бүйірде жату қалпы және т.б.) ықпал  етеді [5].

Тыныс гимнастикасының негізгі  қалпы: тік тұру, аяқты иықтан сәл  аздау қашықтыққа қою; бас пен  дененің ыңғайлы қалпын табу, мысалы сол қол қарынның төменгі бөлігінде  орналасады, ал оң қол бүйір жақтан шынтақтың деңгейінде кеуде қуысын құшақтайды (тыныс алуды бақылау  үшін)

Дәстүрлі тыныс жаттығуларын орындау техникасы:тік тұру, иықты түсіру, еркін тыныс алу; иықты баяу көтере отырып тыныс алу, иықты баяу түсіре отырып тыныс шығару; төмен түскен қолдарды алдыға айқастырып, иықты алдыға жылжыта отырып еркін тыныс алу; жауырынды түйістіріп, иықты баяу артқа қарай жылыжыта отырып тыныс шығару; омыртқаны тек кеуде бөлімінде ғана иіп, баяу алдыға еңкейе отырып тыныс алу; баяу бой жазып, артқа қарай шалқая отырып, тыныс шығару.

Психикалық дамуы тежелген балалардың тыныс алуы мен сөйлеу әрекеттерін түзетуде дәстүрлі емес әдістерді қолданудың нәтижесінде  балалардың дұрыс тыныс алуы мен  сөйлеу әрекетінде дыбыстардың дұрыс  дыбыстау мүмкіндігіне ие болады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  

 

1                       Иванова Н.Н. Лучшие методики дыхания по Стрельниковой, Ростов н/Д «Феникс», 2004, 225 с.

2                       Парамонова Л.Г. Логопедия для всех: Учеб./ Парамонова Л.Г.. - М.: АСТ, 2002, 391 с.

3                       Керімбекова Ж. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің тежелуі //Ұлағат. - 2007. - №5. Б.24-28

4                       Өмірбекова Қ. Қ. Балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру әдістері/ //Хабаршы.- 2006. - №1. Б.31-36.

5                       Құсайынов Д. Мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақта қолданылатын әдістер. // Дефектология - 2009. - №2. - Б.10-13


Информация о работе Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері