Қазақстан - менің Отаным

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 18:32, сочинение

Описание

Сағат тура – 11.00. “Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев”. Ашық аспанда қалықтаған қуатты микрофоннан шыққан диктор үні ынтыққан жұрттың назарын бірден аудартты. “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты қадам басты. Алаң толы азат ел ұландары аязды ауаны жаңғырықтыра ұрандап, Тұңғыш Президентін, қазақтың біртуар перзентін риясыз құрметпен қарсы алды. Салтанатты жиынға жиналған 20 мыңға жуық жұрттың асқақ үні Астананың ашық аспанында ұзақ қалықтады.

Работа состоит из  1 файл

inf7_uzindiler2.doc

— 741.00 Кб (Скачать документ)

 

 

16 желтоқсанның ақ таңы алаулай  атты. Ашық аспанда шөкімдей бұлт  жоқ. Арқаның шыңылтыр аязы  шымырлата қысқанымен, ауа таза, төңірек тымық. Ақ қарды күн  нұрымен шағылыстыра, көз қарықтыра  шықырлатқан Арқаның аязы ару  Астананы арайландыра түскен. Мереке  құшағындағы елорда тұрғындары мен қонақтары қыстың қысқа күні арқан бойы көтерілген кезден-ақ жаңа қала – Есілдің сол жағалауына ағылуда. Аязбен алабұртқан жұрт жүзінде ерекше бір тамашаға ынтыққан әуестік бар. Иә, қалың жұрттың назары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында – мерекелі Тәуелсіздік күні азат елдің Ас­танасында ашылатын “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасына ауған.

 

 

 

 

Сағат тура – 11.00. “Қазақстан Республикасының  Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев”. Ашық аспанда қалықтаған қуатты микрофоннан шыққан диктор үні ынтыққан жұрттың назарын бірден аудартты. “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты қадам басты. Алаң толы азат ел ұландары аязды ауаны жаңғырықтыра ұрандап, Тұңғыш Президентін, қазақтың біртуар перзентін риясыз құрметпен қарсы алды. Салтанатты жиынға жиналған 20 мыңға жуық жұрттың асқақ үні Астананың ашық аспанында ұзақ қалықтады.

 

Иә, Тәуелсіз еліміз азаттықтың айтулы мерекесін зор өрлеу үстінде  қарсы алып жатқан 16 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Астанада салынған “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасын сәніне сай салтанатпен ашты. Салтанатта сөйлеген сөзінде Президент Астанада Салтанат қақпасының ашылуы Қазақстанның Тәуелсіздіктің 20 жылындағы табыстарын білдіретінін атап өтті.

– Біз бұл тамаша Салтанат қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыстарымыздың  белгісі ретінде, болашаққа өтудегі  белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа  біздің жас, әсем елордамыз – Астананың  тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді. Біз бүгін осы жерге Ұлы мерекені – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту үшін келіп тұрмыз, – деді Мемлекет басшысы. Одан әрі Тұңғыш Президентіміз елімізді біріктірудегі жаңа елорданың ерен жетістіктерін айта келіп, “Табалдырықтан асқан тау жоқ” деген қазақ мақалын еске түсірген Елбасы бүгінгі ашып отырған “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасы қасиетті табалдырығымыз іспеттес, болашақта бұл ескерткіштің төңірегінде әдемі-әдемі ғимараттар салынып, гүлзарлар көмкерген алаңға айналатынын атап көрсетті.

– Мен барлығыңызды осы мерекемен  құттықтаймын. Халқымызға жақсылық, бақыт, әрбір отбасына амандық тілеймін, Қазақстан жасасын, Тәуелсіздік жасасын. Қазақстандықтардың бірлігі жасасын, мерекелеріңізбен, – деді өз сөзінде Елбасы.

“Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасының ашылу салтанаты мыңдаған қазақстандықтардың көз алдында өтті. Олардың қатарында  – Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Астанадағы салтанатқа қатысуға келген өңірлердің делегациялары, қала жұртшылығы, жоғары оқу орындарының басшылары мен студенттері бар еді.

Салтанатты рәсімде Қазақстанның ән-ұраны шырқалып, Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінің әскерлері Салтанат қақпасы алдынан сап түзеп  өтті.

“Мәңгілік Ел” – Қазақстандағы  тұңғыш Салтанат қақпасы – еліміздің  әрбір азаматы үшін қашанда барыс бейнелі болашаққа нық қадам басқан мемлекеттіліктің айшықты белгісі, ұлттың ғасырлар бойғы арман-ойы мен өмірлік өнегесін үнемі еске салатын көрнекті тұғыр. “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасы – бұл азат елдің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұрғызылған асқақ тұғыры. Ал осы Тәуелсіздігіміз төбеден салбырап түсе қалған жоқ. Бұл Тәуелсіздік еркіндігін өздігінен өзгенің қо­лына ұстата салмайтын ұлан дала ұлдарының ұлы шайқастарында шыңдалған. Бұл Тәуелсіздік бодандық бұғауынан бұлқынған қайсар қазақ қанымен суарылған. Бұл Тәуелсіздік халық шежіресінде көмескіленбеген ірілі-ұсақты ұлт-азаттық көтерілістерімен шыңдалған. Бұл Тәуелсіздік Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара басшылығымен ғасырға пара-пар даму жолынан өткен бүгінгі ұландар қайсарлығымен нығайған.

Салтанат қақпасы – әлемдегі санаулы қалаларға тән ерекше сәулеттік-монументі туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату  немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне  қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасы – Астана сәулетінің сәнін арттырар салтанат туындысы. Оның биіктігі – 20 метр. Бұл Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын паш етеді. Сыртқы қасбетінің безендірілу жағынан да қазақтың ұлттық өрнектеріне толы, негізі берік, мазмұны толайым нысан. Қақпаның әрбір қабырғасының симметриялық өлшемдерінің теңдігі бірдей. Сондықтан да ол халықаралық әуежай жағынан да (қалаға кіреберіс), қала жағынан да (қаладан шығаберіс) бірдей көрінеді.

“Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасы  Орынбор көшесі мен №25 көшесінің қиылысқан жеріне орналасқан. Қақпаның биіктігі – 20 метр, ені – 13 метр. Архитектуралық заңдылыққа сәйкес “Мәңгілік Ел” қақпасының әрбір қабырғасының симметриялық өлшемдерінің теңдігі бірдей.

 

Әрбір қабырғаның төменгі табанында  биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Қақпаның сол жақ қапталында “Ақсақал” мүсіні орнатылған. Бұл халықтың абыз ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, даналықтың символы. Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – “Әйел Ананың” рельефті мүсіні орнатылған. “Ана” бейнесі қазақ ұлты үшін “Отан Ана”, “Жер Ана”, “Ана тілі” сынды киелі ұлттық ұғымдарына ұласады. Қақпаның сол жағындағы орында Көшпенді сарбаздың, ал оң жағында қазіргі Қазақстан жауынгерінің мүсіні орналасқан. Ежелгі көшпенділер сарбазының мүсіні қазақ батырларының жанқияр ерліктері мен қаһармандығын бейнелейді, ал оның сыртқы стилі Аңырақай шайқасы кезеңіне негізделген. Жалпы алғанда, бұл мүсіндер жиынтығы қазақ халқы үшін қастерлі ұғым – ел қорғау ісінен бастау алады. Жаугершілік тақырыбы сонау көшпенділер сарбаздарынан қазіргі заман әскерлеріне дейінгі соғыс салттарын дәріптеп, қаһармандық тарихын паш етеді. Сонымен қатар қазіргі заманғы әскери қызметкер мүсіні өз кезегінде жастық пен жалынды ұрпақтың, ел болашағының белгісі болып табылады. Әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында “Мәңгілік Ел” жазуы бар. “Мәңгілік Ел” тіркесінің пәлсапалық тамыры терең, мағынасы зор. Композицияның жоғарғы бөлігін тұтас күрделі ою-өрнектер шоғыры алып жатыр. Дәл осы өрнектер мемлекетіміздің көк байрағында да көрініс тапқан. Мемлекеттік туға тән күн мен қалықтаған қыран бейнесіндегі символ бүкіл композицияның өзегіне айналған. Күн – өмірдің, күш-қуаттың көзі. Қыран – рәміздер тілінде билікті, кеңдік пен қырағылықты білдіреді. Ұлтымыздың дүниетанымында ол бостандықтың, тәуелсіздіктің, шырқау көкке, биік мақсаттарға ұмтылудың, болашаққа қанат қағудың символы.

Нысанның екі жағында “Тайқазан” мүсіні орналасқан өзіндік орындармен ерекшеленеді. “Тайқазан” тыныштық пен  тоқшылықтың, бірегей көңіл мен  қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді. Қабырғалары қазақтың күрделі ұлттық өрнектерімен безендіріліп, ортасына қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі “Қалқан” орналасқан. Қалқан қашанда қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, тұрақтылық, жеңістің белгісі. Қақпаның ішкі жағындағы екі қабырғаның әрбірі 7х3,5 метр болатын бедерлі суреттермен әшекейленген. Олардың бірінде “Сақтар” – “Түркілер” – “Қыпшақтар” – “Қазақтар” тізбесіндегі қазақтың шығу тарихының кезеңі көрсетілген. Келесі қабырғаның бас тақырыбы, ең қастерлі ұлттық құндылық – Тәуелсіздікке арналады. Өрнекті қабырға бүгінгі тәуелсіздіктің мазмұнын ашып, мағынасын тарқататын “Ақорда”, “Бәйтерек” және басқа да нысан суреттерімен бедерленген. Болашаққа деген батыл қадамды жас буынға арналған бедерлі суреттер бейнелейді. Тұтас идеологиялық құрылымның тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабынан алынған. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” деген үзінді бекітеді.

Міне, әлемнің айтулы қалаларымен  салтанат жарастырған Астанада егемен елдің тағы бір ерен ескерткіші бой көтерді. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл жасампаздық жолында жүріп өткен ерен ерлігінің, елеулі жеңісінің салтанаты. Осы ерен ескерткіш ашылардан біраз бұрын баспасөз бетінде “Егемен Қазақстан” газетінде басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың “Астананың аркасы – азаттықтың арқасы” атты мақаласы жарияланған еді. Біз бүгінгі айтулы күндегі салтанатты рәсім туралы сөзімізді осы аталған мақаладағы тебіреністі толғаныспен түйіндеуді жөн көрдік:

“Біз, ақ-адалын айтқанда, өзгелермен бірге егемендікке қол жеткізген кезде тәуелсіз мемлекет құра алсақ та, ел қатарлы тұра алсақ та тәубе, тәубе дейтіндей жағдайда едік. Шүкір, ондай болған жоқ. Ел екенбіз. Рухы күшті, жігерлі жұрт екенбіз. Басқалар істегенді біз де істеп, басқалар тындырған шаруаларды біз де тындыра алады екенбіз. Тіпті талайлардан артық істеп, артық тындыра алады екенбіз. Оған алдымен өзіміздің көзіміз жетті. Одан кейін өзгелердің көзін жеткіздік. Тіл-аузымыз тасқа. Тәуелсіздік тойына осылай, асқақ абыроймен келіп отырмыз.

Бұл салтанат па? Сөз жоқ, салтанат. Елдіктің салтанаты”.

Ендеше, егемен ел, азат халық, Тәуелсіз Қазақстан “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасы құтты болсын!

Тақырыбы:Paint графикалық редакторында үзінділермен жұмыс жасау

 

Саяхат-сабақ

Мақсаты:

Білімділігі:суреттерді(көшіру,орынын ауыстыру,көлеңкесін алу,айналдыру,сығу және кетіру) операцияларымен жұмысты бекіту

 

Тәрбиелілігі:суреттерді салу арқылы сабақта эстетикалық талғам

 

Дамытушылығы:ойлауын,есте сақтауын,шығармашылығын

 

Оқушылар білуі керек:

Графикалық редактор paint-тың іске қосылуын.

Меню жолын,саймандар тақтасын

 

Оқушылар жасай білуі  керек:

Құру,суреттерді пайдалана отырып өзгертуді,графикалық редактордың  мүмкіндіктерін пайдалануды

 

Құрал жабдықтар:компьютерлік класс,интерактивті тақта

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру:Сәлемдесу,түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру(сұрақтар арқылы)

ІІІ.Жаңа сабақ

Оқушылар бүгін біздер paint графикалық редакторы әлеміне қазақтың ойларын салуға аттанамыз

Станция.Порт

Корабльге отыру үшін бізге не керек, әрине билетіміз болуы керек.Билет алу үшін кезекпен сұрақтарға жауап береміз.Сыныбымызда 12 оқушы болғандықтан 12-сұрақ қойылады.

Сұрақтар:

  1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосады?
  2. Графикалық редактордың қандай құрал-саймандарын білесіңдер?
  3. Суреттерді қалай сақтайды?
  4. Сақталған суреттерді қалай ашуға болады?
  5. Салынған суреттің белгілі бір үзігін көшіру үшін қандай операцияны орындаймыз?
  6. Суреттің орынын ауыстыру үшін не істейміз?
  7. Салынған суреттің кішірейген көшірмесін алу үшін?
  8. Суретті жою үшін қандай әрекет жасаймыз?
  9. Бейнені бұру және кескінін алу үшін .....
  10. Бейнені созу,құлату үшін.....
  11. Бейнені үлкейтіп көру үшін....
  12. Суреттің астына мәтін жазу үшін....

Енді бәріміз бірдей қолымыздағы  билеттерімізді көтере қояйық

Олай болса біздің саяхатымыз басталады

Қолданбалы және сән-безендіру өнерінде оюлар үлкен роль атқарады.Ою-ол өрнек,архитектурада қандайда бір элементтерді безендіруге пайдаланылады.Бірақ оюды өрнекпен шатастырумауымыз керек:барлық өрнекті ою деп атауға болмайды.Өрнекті табиғатта сала алады мысалы:жапырақтың,гүлдің,аяздың терезеге салған өрнектері.Өрнекте сызықтар,пішіндер,түстер көбіне симметриялы болғанымен белгілі бір тәртіп бойынша құйылмайды.Ал оюлар керісінше-графикада,сәулет өнерінде,мүсіндеуде элементтер қатал ереже бойынша симметриялы түрде салынады.

Ою сөзі латын тілінен(ornamentum) аударғанда «безендіру» деген мағынан білдіреді.Безендірулер алу үшін біздер теңіздегі әрбір қиындықтарды жеңе білуіміз керек.

Қазба-байлықтар аралына аттанамыз

Енді сендерге қазба байлықтар  аралының дайындаған тапсырмасын берейін.Аралдағы тығылған байлықтарға жету үшін алдарыңыздағы картада байлықтарға апаратын жолды сонымен қатар аралдың атын таба аласыздар.

Тапсырма:

Бірінші бағанда оюлардың түрлері  берілген сіздер екінші бағандағы олардың  анықтамасын сәйкестендіресіздер.Картадан сурет шығару үшін нүктелерді тізбектеп қосуларыңыз керек.Тапқандарыңыз аралдың кілтін аласыздар.

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

А

               

Б

               

В

               

Г

               

Д

               

Е

               

 

 

Сіздер алдымен 1 бағандағы түсініктерді 2 бағанмен сәйкестендіру сызықтары арқылы қосасыздар

№1    №2

  1. өсімдік тәріздес

 

  1. аң тәріздес

 

  1. геометрилық

 

  1. геральдикалық

 

  1. адам тұлғасы тәріздес

Е6 Ер адам және әйел тұлғасынан немесе жартылай тұлғадан тұрады. Көбіне орыс тігістерінде пайдаланылады.

 В4 Бұл оюға  әр түрлі үйлесіммен тіке және қисық сызықтар қолданылады.

А2 Бұл ою тігу және тоқуда басты образ ретінде белгілі.Ертегідегідей ой қиялдар мен шындықты бейнелейді.

А6 Бұл үшін символдық белгісі бар заттар қолданылады.мыс:фирмалық белгілер,гербтар т.б

Е2 Египетте пайда болып ежелгі Грецияда кеңінен қолданылды.Мұндағы басты элементтер гүлдер,бұтақтар,жапырақтар


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл конкурстың қорытындысы төмендегідей болуы қажет:

 

М әрпі

 

1

2

3

4

5

6

7

8

А

 

Х

     

Х

   

Б

               

В

     

Х

       

Г

               

Д

               

Е

 

Х

     

Х

   

Информация о работе Қазақстан - менің Отаным