Әлеуметтік жұмыс теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:24, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – Ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, әлуеметтік жұмыстың негізгі мәселелерін, олардың қалыптасу және даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен себептерін анықтап, талдау жасау.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................

І-тарау Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері
1.1 «Әлеуметтік жұмыс» ұғымының мәні және мазмұны…...
1.2
1.3 Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы……………….
Әлеуметтік жұмыстың әдістері…………………………….

ІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйін талдау
2.1 Білім беру саласындағы негізгі мәселелер.........................
2.2 Денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалар........

ІІІ-тарау Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған шаралардың жүзеге асыру мүмкіндігі
3.1 Әлеуметтік саланы жетілдірудегі шетел тәжірибелері(оның ішінде РФ)........................................... 23
3.2 Қазақсатан мен шетелдер арасындағы тәжірибе алмасудың тиімділігі ……......................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................

Работа состоит из  1 файл

Ақтөре Курс теория.docx

— 115.48 Кб (Скачать документ)

 

 

     

 

 

 

 

 

                 ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

........................................................................................

3

     

     І-тарау

Әлеуметтік  жұмыстың теориялық-әдістемелік  негіздері

 

       1.1

«Әлеуметтік жұмыс»  ұғымының  мәні  және мазмұны…...

4

1.2

1.3

Әлеуметтік  жұмыстың  келіп шығу  тарихы……………….

Әлеуметтік  жұмыстың  әдістері…………………………….        

7

10

     

ІІ-тарау

Қазақстан Республикасындағы және Ресей  Федерациясындағы әлеуметтік  саланың қазіргі   жай-күйін  талдау

 

2.1

Білім  беру  саласындағы  негізгі  мәселелер.........................

13

2.2

Денсаулық  сақтау  саласындағы  басты  проблемалар........

18

 
     

ІІІ-тарау

Әлеуметтік  саладағы  негізгі  мәселелерді  шешуге  бағытталған  шаралардың  жүзеге  асыру  мүмкіндігі

 

3.1

Әлеуметтік  саланы  жетілдірудегі  шетел  тәжірибелері(оның ішінде РФ)........................................... 23

 

3.2

Қазақсатан    мен   шетелдер     арасындағы       тәжірибе алмасудың  тиімділігі ……......................................................

 

26

     

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

29

   

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................

 

30


 

 

 

 

 

 

 

 

КІрІспе

 

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі -  Әлеуметтік жұмыстың әр саласында адамға көмек көрсету мен қорғау мәселелері шешіледі, әлеуметтік жұмыстың өзіндік нормативті құқықтық және заңнамалық базалары бар. Әлеуметтік жұмыстың басты идеясы ол оның мамандық ретінде қалыптасуы, халықты әлеуметтік қорғаудың тәжірибесінің жиналуы, өмірлік қиын жағдайда қалғандар мен адам құқығының идеялары болып табылады. Құқық қорғау, адамның қоғамдағы орнын анықтау және оның әлеуметтік талаптардың негізіне сай келуі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады. Сонымен қатар қызметкерлер мен кәсіби іс әрекеттің арасындағы шекараны анықтап алу мен адамның әр түрлі ұстанымдарының мәнің түсінуі, көмектің әр түрлі қоғамдық  жүйелерін, сонымен қатар тек әлеуметтік қорғауды ғана емес әлеуметтік қызмет көрсетуді және адамды қажеттіліктен, кедейшіліктен, әлсіздіктен, шектеулі мүмкіншіліктерінен босату, проблемаларың өзі шеше алуына және  қиышылықтарды жеңе білуге  үйрету қажеттілігі туындайды.

 Әлеуметтік  жұмыс әлеуметтік ортаның әр түрлі салаларында анығырақ ерекшеленеді, сонымен қатар көп жоспарлығы мен технологиясы жағынан, құрылымдық дәрежесінде:  микро, мезо және макро дәрежесімен ерекшеленеді.  Әлеуметтік проблемалардың нәтижелі болуы әдістердің, кешенді қабылдауының, клиенттің қарым қатынас тәсілдерінің  дұрыс қолданылуында.  Әлеуметтік қызметкер әлеуметтік жағдайларды өзгерте отырып психологиялық түзетулер, әлеуметтік-тұрмыстық, медико-әлеуметтік көмек, әлеуметтік-психологиялық кеңестер жүргізеді. Әлеуметтік жұмыс   практикасы  мен   теориясындағы күшейіп    келе   жатқан пәнаралық    және   интегративтік   бағыттары, әлеуметтік   мәселелерді шешуге   жан-жақты мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің қалыптасуы  және   оларды  негізгі мәселерді шешуде  қолдануға мүмкіндіктің  жағдаймен сәйкес   келуімен  айқындалатынын  айта  кеткен  жөн. 

Курстық жұмыстың мақсаты – Ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, әлуеметтік   жұмыстың негізгі  мәселелерін,   олардың қалыптасу және даму   ерекшеліктерін,  оның мазмұны мен себептерін  анықтап,  талдау жасау. Осы   мақсатты  жүзеге   асыру үшін  келесі   міндеттер  белгіленеді:

  • Әлеуметтік  жұмыстың  негізігі  ұғымын  анықтау;
  • Әлеуметтік  жұмыстың  қалыптасу  тарихын  зерттеу;
  • Әлеуметтік  жұмыста  қалыптасқан  әдістерді сипаттау;
  • Әртүрлі  әлеуметтік  салалардағы  жұмыстың ерекшеліктерін анықтау;
  • Әлеуметтік  салалардағы  негізгі  мәселелердің  өзектілігін ашу;
  • Шетел  тәжірибелерін  қолдану  мүмкіндігін  анықтау;
  • Шетел  тәжірибелерінің  пайдаланудың мүмкін  нәтижелерін болжау;
  • Негізгі  мәселерді  шешудің  қазіргі  кездегі  жағдайын сипаттау.

1.

Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері

   

 1.1

«Әлеуметтік  жұмыс»  ұғымының  мәні  және  мазмұны


 

Әлеуметтік  жұмыс  туралы  алғаш  рет  Вавилонда  б.э.д. 1750  жылы  кедей  адамдарға   қамқорлық   жасау,  туыс  адамдарды  сүю  туралы  құжаттар  шыққанда  айтыла  бастады.  Ежелгі  Грецияда  «филантропия», яғни  «адамзатқа  сүйіспеншілік»   деген  түсінік  пайда  болды. «Филантропия»  сөзі  екі   бөлімнен  тұрады:  «фило» (махаббат)  және «антропос» (адамзат).

«Әлеуметтік  жұмыс»   ұғымы    және   оның  мазмұны     қоғам    дамуы  проблемаларымен    тығыз    байланысты.  Қоғамдық     қатынастар жүйесінде,  яғни   экономикалық,   әлеуметтік,   саяси - әлеуметтік,   діни - нанымдық   және  т.б.    қатынастарда    әрекет    етуші   әлеуметтік    институт   бола   отырып,   әлеуметтік    жұмыс    жеке    адамның   сондай - ақ   бүкіл    қоғамның    өміршеңдігін    қамтамасыз   етіп,    жоғарыдағы  қатынастардың     қызметтерін     жүзеге    асырып,    оларды     реттеуге    ат  салысады.    Қоғамның    әлеуметтік    әлсіз     топтарының     өмірлік    күшін  сақтауға    көмек    көрсетіде,   сонымен  қатар     өмірдің  қиын  жағдайларына    тап    болған    адамдарға    қол  ұшын  беруде    әлеуметтік  жұмыстың    атқаратын    ролі    өте    маңызды. [1]

  Қоғамның   тіршілік     әрекетінің   экономикалық    асоциациялық  шарттары,    қоғам    өмірінің    барлық    формаларын    қамтыған, ұзаққа  созылған    дағдарыс    осы    проблемаларды    шешуге    ерекше  маңыздылық   береді.   Қоғамдағы   адамдардың тең дәрежеде  еместігі  белең алып  отырған   осы  қоғамда    қазірде   жақсылық   пен қайырымдылық     идеясы   өте   қажет.   Өнегелік    қоғам   өмірінің  элементі   және  моральдің    нормалары   мен   принципі   бола  отырып,  адамның  іс - әрекетінің   тәжірибесінен   және  оның   жұмысы, жүріс - тұрысы   мен   әрекетіндегі    құндылықты    бағдарлануын    анықтаудан  көрініс табады.   Социум өмірінің,  экономикалық,   саяси,  әлеуметтік  және    рухани   бірлігі   адамгершілік   қатынастары   арқылы  шарттастырылады.   Қайырымдылық,   мейірімділік    және   қоғамның  рухани    дамуы    әлеуметтік өмір    болып    табылады.   Қоғамның рухани  дамуы,   оның    мүшелерінің   өнегелігі,   жоғарғы   патриоттық  ұмтылыстар    мен   жеке  тұлғаның     азаматтық   сезімі    ретінде  қайырымдылықтың    көрініс   табуы    әрқашан   қоғам    мүшелері   мен зерттеушілердің (тарихшы, әлеуметтанушы, философтардың)  назарын өзіне аударған.     Белгілі бір біріктіруші идеясыз,  жоғарғы рухани  принциптер  мен   жеке    тұлғаның    өзің  ұстауының   өнегелік   нормаларынсыз   мемлекеттің   әлеуметтік   жаңаруларға,  терең  демократиялық,  экономикалық    және  саяси  реформаларды  жүзеге  асыруына    қауқарсыздығына    қоғамның  тәжірибелік   өмірі кепілдік  етеді.  Әлеуметтік  жұмыс  -  бұл тарихи  тәжірибе,  әлеуметтік жалпылық  жады  және  оның    әлеуметтік  қатынастардағы ізі, әлеуметтік  субъектінің    жаңғыртылуы және дамуы, олардың  өзін - өзі ұстау ережелері   мен нормалары, осы және  басқа   да  тарихи    шарттарда  қарым - қатынасқа   түсуі    және  байланыста   болуы. [2]

         Әлеуметтік  жұмыстың  мақсаты – бір   адамға  немесе  отбасындағы   барлық   адамдарға, әдеттегі   жағдайды   жасау туралы   көмек көрсету. Әлеуметтік    жұмыстың    функциясының    жүзеге  асатын  жағдайлары, яғни  қоғамда    қалыптасқан    өмірлік  проблемалар:

-әлеуметтік  және  психологиялық  қақтығыстар, стрестік жағдайлар;

-кедейшілік   пен  жоқшылық;

-алкоголизм  мен  нашақорлық;

-зорлық-зомбылық  пен  алалау;

-этникалық  және  ұлттық  мәселелер;

-қылмыс  жасау  және   құқық  бұзушылық;

-жұмыссыздық  пен  мамандық  адаптация;

-мүгедектік  және  жалғыз  қариялық;

-пәтер  мәселесі;

-қамқорлыққа  алу,  бала  асырау;

-ата-ана  қатыгездігі  және  т.б.

Әлеуметтік  жұмыстың   мәдени   сипаты   жалпы мәдениеттің негізгі элементі   бола   отырып,  бүкіл   қоғамның   рухани    өмірінің,  әрбір субъектінің   әлеуметтік    білімінің  бөлігі. Бүкіл социумның    күшті қорғаны   бола  отырып, өткен ұрпақтың   әлеуметтік   жады   мен даналығын өзіне  сіңіреді.   Жеке  тұлғалар    мен  топтардың  қызметі  жүзеге  асатын   шеңберде    қалыптасқан   және    өз    қажеттіліктерін   мәдени    әлеуметтік    нормалар    мен    технологияларды    басшылыққа   ала   отырып    қанағаттандыратын   ерекше    әлеуметтік  жүйе.

  Әлеуметтік  қатынасқа    әсер   етуші     өнегелі    құқықтық, әлеуметтік   психологиялық   механизмдерді,   моральдық   идеалдар    мен   үлгілерді, субъект   әректіндегі    өнегелік    нормалар    мен   құндылықтарды реттейтін   ұғым    ретінде    танылады.   Қазіргі   заман   талабына  сай   өмір  сүру    құқығы,  гуманизм,    еркіндік,  ар,  әділдік,    құндылық,   қарыз,   өнегелік    нормалары    және    таға   басқа   адамгершілік  құндылықтарының   маңыздылығы  артуда.  Құндылықтар   адамның рухани    әлемінің     ядросы,   ол   сезімдерді,  ойларды,   еріктерді   бір  негізге    біріктіреді,   тұлғаның      қалыптасуында   ерекше  роль  атқарады,  адамның   әлеуметтік    белсенділігін арттырады.   Өнегелік   құндылықтар    арасында   қазіргі   кезде   ерекше    көңілде,  нақтылау мен өркендетуде,  қайырымдылық көрнекті  орын  алады.

«Қайырымдылық»  ұғымы    мағынасы    жағынан    жақын  «мейірімділік»,    «әлеуметтік көмек», «әлеуметтік қолдау»   терминдерімен    қатар    қолданылады. Әлеуметтік  көмек -  көмекке мұқтаж адамдарға   көрсетілетін   шаралар жүйесі, ондай   көмектер    қайтарымды    және  қайтарымсыз    формада    өмір  қиындықтарын    жеңуге  бағытталған.  Қайырымдылықпен    қамтамасыз  етілетін проблемаларға   қарағанда,  әлеуметтік   көмекке   мұқтаждықтың  өмір  қиындықтарының  ауқымы  өте  кең.   Әлеуметтік    көмек  материалдық    қана    емес,    сонымен    қатар    физикалық,  әлеуметтік  тұрмыстық,  құқықтық,   психологиялық,   педагогикалық   және   тағы  басқа   формада   болады.  Әлеуметтік  қолдау   қиын    өмір  жағдайында  уақытша қалған,   тұрғындардың   еңбекке    қабілетті  белсенді  тобына  жәрдемдесу. Кез -  келеген   қайырымдылық  әрқашан әлеуметтік  көмек   немесе  әлеуметтік  қолдау.  Қайырымдылық    әлеуметтік көмек пен қолдаудың ерекше  формасы, мұқтаж    жандарға     қайтарымсыз материалдық   көмек   пен қолдауға  негізделген. «Қайырымдылық»  ұғымына қарағанда   «мейірімділік»  ұғымы   құндылықты    мотивациялық  және  эмоционалды    сезімдік    әрекеттерге    негізделеді.  Мейірімділік -    бұл   көмек көрсетуге әрқашан   дайын тұру,   басқаның    проблемасына  эмоционалды    сезімдік   тұрғыда қолдау  көрсету    және сол проблемаларды   рационалды   психологиялық   тұрғыда    бағалау. Мейірімділік    қайырымдылықтың    бірқатар    мотивтарының,   яғни  корпоративтік    адамгершілік    сезімі,   бағалауға    мұқтаждық,   өзіндік нақтылануға    мұқтаждық,    діни  сезімдер    және   тағы    басқа  мотивтардың   бірі   болып   табылады. Бір  жағынан  қайырымдылықтың  қолдану аясына   қарағанда мейірімділіктің қолдану аясы  өте  кең,  ол  отбасында,  достық  қатынаста,  тіпті   жаулар  арасында  да  көрініс тауып жатады. [3]

Әлеуметтік  жұмыстың  ерекше  құндылықтары:

жақын  адамға    деген  сүйіспеншілік,  жан  ашу, қиыншылықта  бірге  болу:

-ниеттестік;

-жағдайды  өзгертуге  деген  мүмкіндікке  сену;

-көмек  жасау  ниеті  мен  жәрдемі;

-білім  жинау;

-тәжірибе  алу;

-әлеуметтік  шығармашылық.

 Әлеуметтік жұмыс   қоғам өркениетінің  маңызды  феномені, оның  ролі   мен маңызы   қарттар    санының   өзгеруі  мен  артуының  демографиясына,   нарықтың дамуы мен жұмыссыздық    деңгейінің  артуына,  миграциалық   процестерге және  тағы    басқа   жағдайларға  байланысты.   Қазір    бізідің    еліміз   жаңа    экономикалық   жағдайда  және  ол   әлеуметтік  жұмысқа өмір  қажеттілігі    мен   актуалдылық береді.   Себебі   осы    проблемаларды   шешуді   жүзеге    асыру    обылыстық,   райондық,  қалалық,  жеке   ұйымдар  мен    мекемелер  масштабында    жүргізіледі.  Азаматтар тобымен   әлеуметтік  жұмыс    және    оларға   әлеуметтік    қолдау    көрсетудің    нәтижелілігі  нарықтық  қатынастағы   жетістіктерге   байланысты. [4]             

 

 

               

           1.2       Әлеуметтік  жұмыстың  келіп шығу  тарихы

 

Қоғам   өз  даму  кезеңдерінде  сол  қоғам  мүшелеріне   әлеуметтік  қамсыздандыру   жолында  түрлі   көмек   формаларын   қолданған.   Сонымен  қатар,  алғашқы  рулық, тайпалық   қауымдағы    көмек   және  өзара   көмек    түсініктері   қолданысқа  енді.  Осыған  сәйкес  әрбір  көмектің  объектісі  мен  субъектісі   дәстүрлік  ұстанымдарға   және  қоғам  мүшелерінің   бір  – біріне   рулық  көмек   көрсетуімен  анықталған.  «Әлеуметтік   жұмыс» – бұл  тарихымыздағы  жаңа  атау,  жаңа  прогресс  болып  саналады.  Жалпы  әлеуметтік  жұмыс  бірнеше  мағынаға  ие,   мәселен    адамдарға  көмек  көрсету – Ежелгі   Римдік   философтар  «қайырымдылықтың   қажеттілігі  мен  қоғамдағы   тұрақтылықты   сақтау»  десе,  антикалық  философтар   «құлдарға  жанашырлық  көз-қарас»  деген. Әлеуметтік  қолдау  көрсету  өзінің  даму  тарихында   мұқтаж  адамдарға  көмек  көрсетудің   бірнеше  формаларын  қамтыды,   яғни  игілік  істер  жасау  мен   ұйымдастырылған  әлеуметтік  қорғаудың   мемлекеттік  жүйесіне  дейін. Сондай –ақ  жеке   және   қоғамдық   қайырымдылық  түрлерімен   жалғасып   отырған.  Игілік  істер  атқару,   яғни   мұқтаж  адамдарға   материялдық   жағынан  немесе   ақшалай  көмек  көрсету. Әлеуметтік  көмек  көрсету  өзінің  тарихи   даму  жолында    көптеген  формаларды  қамтыған. ІІІ ғасырда   Месопотамияда  Урнаму  патшасы  өз  заңдарында   әлеуметтік  жұмыстың  міндеттерін  адамгершілік  қайырымдылық  деп  жай  атап  көрсетіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар, шын  мәнінде   оның  қолданылуын  қадағалап  отырған.  Б.э.д. VІ-V ғасырларда   Грецияда  қайырымдылықтың   бірнеше  түрлері  болды.  Сонымен  қатар,  Перикл  өз  қаражаттарынан   мұқтаж  адамдарға,  науқастарға  халық  жиналыстарында  театрларға  баруға  ақшалай  көмек   көрсетіп  отырған. ХІХ ғасырға  дейін  әлеуметтік   көмек   мол  қайырымдылық  түрінде  көрініс  алды, құлдарға,  кедейлерге  жанашырлық  таныту,  оларға  түрлі  көмек  көрсету, т.б.  Сонымен  қайырымдылық  дегеніміз  архайкалық  кезеңнен  бастау  алған  көмек  түрі, әлі  күнге  дейін  өз  жалғасын  табуда.[5]

Информация о работе Әлеуметтік жұмыс теориясы