Әлеуметтік жұмыс теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:24, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – Ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, әлуеметтік жұмыстың негізгі мәселелерін, олардың қалыптасу және даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен себептерін анықтап, талдау жасау.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................

І-тарау Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері
1.1 «Әлеуметтік жұмыс» ұғымының мәні және мазмұны…...
1.2
1.3 Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы……………….
Әлеуметтік жұмыстың әдістері…………………………….

ІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйін талдау
2.1 Білім беру саласындағы негізгі мәселелер.........................
2.2 Денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалар........

ІІІ-тарау Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған шаралардың жүзеге асыру мүмкіндігі
3.1 Әлеуметтік саланы жетілдірудегі шетел тәжірибелері(оның ішінде РФ)........................................... 23
3.2 Қазақсатан мен шетелдер арасындағы тәжірибе алмасудың тиімділігі ……......................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................

Работа состоит из  1 файл

Ақтөре Курс теория.docx

— 115.48 Кб (Скачать документ)

Профилактикалық   медико-әлеуметтік   жұмыс,  оның  құрамына  әлеуметтік  бағынышты   соматикалық, психологиялық  және  репродуктивтік   денсаулықтың  бұзылуы  туралы  ескерту  шараларын  жүргізу, салауатты  өмір  салтын  құру,  азаматтардың   денсаулық  сақтау  құқығын  әлеуметтік  қорғау және т.б.

Медико-әлеуметтік   жұмыстың  негізгі  бағыттарына  жататындар:

Отбасын  жоспарлау, ана  мен  баланы  қорғау;

Психотерапия;

Наркология;

Онкология  және  т.б.

  Әлеуметтік  жұмыс  науқастардың   еңбек  жолын  реттеуде,   оның   жұмысқа  қабілеттілігін  анықтауда, еңбекке   болжам  жасауда,  кәсіби  қайта  бағыттауда,  тұлғалардың  әлеуметтік  белсенділігін   арттыруға  белгілі-бір  өндірістік   жағдайларды  қалыптастыруда    негізгі   ролді  атқарады.

Ғалымдардың    зерттеулері   көрсеткендей   әлеуметтік  жұмыстың    денсаулық  сақтау  саласында  маңызы  өте   зор.  Қоғамдық   денсаулықты  нығайту  мен  мәдениетті  сақтауға  бағытталған   медицина  мен  әлеуметтік  қызмет   салаларының  күштерін  біріктірудің  маңыздылығы  зерттеулер  барысында  дәлеледенген.   Ол  осы  проблемалардың  шешімі   ұйымдастырушылық,  медициналық, әлеуметтік-құқықтық  және  басқы  да  шараларды  жүзеге  асыру  барысында  табылады. [17]

  Қазақстанның денсаулық сақтауы  өзінің даму жолында көптеген  қиындықтарға ұрынды. Мәселен, 1997 жылы  басталған дүниежүзілік қаржылық  дағдарыс азаматтардың әлеуметтік  амандығына теріс әсерін тигізді. 2007 жылғы құс тұмауының және  сондай-ақ 2009 жылғы шошқа тұмауының  індеті халық денсаулығына қауіп  төндірді және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау жүйесіне сынақ болды.  Сыртқы факторлармен қатар, денсаулық  сақтау жүйесінде ішкі мәселелер  де орын алды. Олардың бірі  – денсаулық сақтау ұйымдарының  ескірген материалдық-техникалық  базасы: дәрігерлер қуаты аз және  қазіргі заманға сай емес жабдықтармен  жұмыс істеді, ауылдық жерлердегі  көптеген амбулаториялық-емханалық  ұйымдар бейімдендірілген жайларда  жұмыс жасады. Кадрлармен қамтамасыз  ету және дәрігерлерді кәсіби  даярлау проблемасы өткір болды.  Денсаулық сақтау ұйымдарында  жұмыс жасау тиімділігі мен  басқарудың қор үнемдеу әдістері  болмады.Бірақ, қиындықтарға қарамастан, денсаулық сақтау жүйесі, тұрақты  жетілдіріле отырып, медициналық  қызметтерді ұйымдастыру мен  көрсетудің халықаралық стандарттарына  бірте-бірте жақындап келеді.

Мемлекеттік қаржыландыруды айтарлықтай арттыру  жаңа медициналық технологияларды  қарқынды түрде енгізуге, медициналық  қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылатуға шынайы алғышарт болды.Денсаулық сақтау секторын қосымша қаржылық қамтамасыз ету  денсаулық сақтау нысандарын салуға және қайта жаңартуға, денсаулық  сақтаудың жұмыс істеп тұрған ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға мүмкіндік  берді.

                               1-сурет  Халық сырқаттанушылығының құрылымы.

Қазақстан  Республикасы  Статистика Агенттігінің  мәліметтері                             (www.stat.kz, «Денсаулық сақтау» бөлімі, 01.01.2011жылға берілген есеп бойынша)

 

Жоғарыдағы  1–ші сызбанұсқада 2010 жылға Қазақстан Республикасы  халқының  сырқанттанушылығының   құрылымынын статистикасы көрсетілген. Осы  диаграммадан  көріп  отырғанымыздай, халық  сырқаттанушылығының  құрылымы  келесідей көрсеткіштерден  тұрады:

жұқпалы  және  паразит  аурулардың  үлесі – 3,1%;  жүйке жүйесі  ауруларының үлесі – 3,9%; көз бен оның  қосалқы мүшелерінің ауруларының үлесі – 4,6%;  құлақ пен емізік  тәрізді өсіндінің ауруларының үлесі – 2,9%;  қан айналымы  жүйесінің ауруларының үлесі – 3,8%;  тыныс алу мүшелерінің ауруларының үлесі – 40,8%; ас  қорыту  мүшелерінің ауруларының үлесі – 6%;  тері  мен шел жасушалары  ауруларының үлесі – 5,8%;  сүйек – бұлшық  ет  жүйесі  мен дәнекер тін ауруларының үлесі – 3%;  несеп – жыныс жүйесі  ауруларының үлесі – 6,9%;  жүктіліктің, босану  мен туннан  кейінгі кезеңнің  асқынуының  үлесі – 3,1%;  жарақаттар  мен уланулардың үлесі – 6,6%; басқалардың үлесі – 9,5%. Бұл көрсеткіштерден байқайтынымыз,  осы   халық сырқаттанушылығының сипаттары қоғамдық  денсаулықтың  көрсеткішіне  әсер  етуші  факторлар  болып  табылады.  Осы  ауру  түрлерін  емдеуге ерекше  күш  салу  қоғамдық  денсаулықты  жақсарту  негізі  екенін  ұғынамыз. 

Бұл орайда медициналық қызметтің профилактикалық  бағыттылығы денсаулық сақтаудың  негізгі мақсаттарының бірі болып  табылады, оны нығайту мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек  беру қызметі жетілдіріледі. 2015 жылға  қарай медициналық көмектің осы  түріне шығындарды мемлекеттің денсаулық  сақтау секторына жұмсайтын қаражатының  жалпы көлемінен 10% -дан 30%-ға дейін  арттыру жоспарланып отыр.Қазіргі  таңда 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының денсаулық сақтауын реформалау мен дамытудың мемлекеттік  бағдарламасының орындалуы аяқталып келеді. Осы бағдарлама арқылы нәтижеге бағдарланған стратегиялық жоспарлау  мен қаржыландыру енгізіле бастады. Мемлекеттік медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері өздерінің  кәсіби деңгейіне лайықты еңбекақы алу мүмкіндігіне ие болды, бұл олар үшін өз кәсіби машықтарын жетілдіруге  себеп болып табылады.

Ана мен баланың денсаулығы проблемаларына ерекше назар аударылады. Аурулардың перинаталдық диагностикасы мен  емдеуін, акушерлік және педиатрлық қызметтерді жақсарту көптеген жылдар бойы денсаулық сақтау қызметінің басымдықты бағыттарының бірі болып қалып отыр. Дүниежүзілік қаржылық дағдарысқа қарамастан, ресурстық базаға көп көңіл бөлінуде: акушерлік және педиатрлық көмек көрсететін ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуы жақсаруда, акушерлік және педиатрлық қызметтердің кадрларын кәсіби даярлау үнемі жақсартылуда, бұл статистикалық көрсеткіштерге оңды әсерін тигізді. Өткен жылдарда ана мен сәби өлімін төмендетуге қол жеткізілді. Халықты жұқпалы ауруларға қарсы жаппай егумен қамту қамтамасыз етілді. Пневмококк жұқпасына қарсы егудің халықаралық тәжірибесіне сүйене және 42 елде оның тиімділігінің дәлелденгенін ескере отырып, 2011 жылдан бастап ұлттық егу күнтізбесіне пневмококк жұқпасына қарсы егуді енгізу жоспарланып отыр. Диагностиканың ресурсты үнемдеу әдістерін енгізу мақсатында денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы аясында бәсекелік орта құрылды.Мәселен, бұрын әр тұрғын тұрғылықты жеріндегі белгілі бір амбулаториялық-емханалық ұйымға бекітілген болса, енді азаматтар тұрғылықты жерінен тәуелсіз дәрігерді өзі дербес таңдайтын құқыққа ие болды. Нәтижесінде, өзара бәсекелесетін амбулаториялық-емханалық ұйымдар медициналық қызметтерді көрсету сапасын арттыруға және өз қызметін пациентке бағдарлауға мүдделі болып отыр. [18]

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық  қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады. Президент  «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті.

Төмендегі  3–ші кестеде көрсетілгендей,  денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы кешенді түсінік болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсіби деңгейін және клиникалық мамандардың оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету процестерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді басшылыққа  алу  нәтижесінде барлық  мамандықтағы дәрігерлер  саны  2010 жылы  2006 жылға қарағанда -45,4%; орта  медициналық қызметкерлер  саны -32,7%;  ауруханалық ұйымдар саны -42,9%;  ауруханалар төсегінің саны –88,7%; ауру  балаларға арналған  төсек саны -58%–ға  өсті.

 

3-кесте  ҚР-ның денсаулық сақтау  саласы

                                                                                       мың адам, мың дана

 

2006

2007

2008

2009

2010

Барлық  мамандықтағы дәрігерлер саны, мың адам

55

65

69

78

80

Орта  медициналық қызметкерлер саны, мың  адам

119

125

130

141

158

Ауруханалық ұйымдар саны, мың

1063

1186

1355

1441

1520

Ауруханалар төсегінің саны, мың

117

119

179

190

221

Ауру  балаларға арналған төсек саны, мың

50

56

62

68

79

Қазақстан  Республикасы  Статистика Агенттігінің  мәліметтері                          (www.stat.kz, «Денсаулық сақтау» бөлімі, 01.01.2011жылға берілген есеп бойынша)


 

ҚР-ң  денсаулық сақтау саласын дамытудың  «Салауатты Қазақстан»  бағдарламасының  негізінде 2015 жылға қарай:халықтың өмір сүру ұзақтығын 68-ден 70 жасқа дейін  ұлғайту; жалпы өлім-жітімді 15% төмендету; ана мен сәби өлім-жітімін 1,5 есе қысқарту; туберкулезбен ауруды 10% азайту;темекі мен алкогольді тұтынудың таралуын 10% төмендету; дене шынықтырумен күн сайын шұғылданатын азаматтардың үлесін 16-дан 25%-ға дейін арттыру күтіліп отыр. [19]

Ресейдегі денсаулық сақтау жүйесі.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда  эпидемиологиялық аурулар біршама  өскендігі байқалмайды. 2009 жылы адамдардың 16 жағдай корь аурумен және 5 жағдай  дифтерия ауруымен ауырғандығы  көрініс тапқан. 2008 жылмен салыстырғанда  педукулез – 1,3 пайызға, СПИД  – 9,3 пайызға көбейгенін көруге  болады. Инфекциялық аурулармен  ауырған балалар А – гепатитімен  48,3 пайыз, инфекциялық менингит  – 73,3 пайыз, краснуха – 76,6 пайызды  құраған болатын. 2009 жылы сифилис  ауруымен ауырғандар саны едәуір  көбейген. Тыва республикасында  6,7 есе көбейген. 2009 жылы бірінші  жарты жылдықта ВИЧ – пен  6862 адам, балалар арасында – 190 адам тіркелген. Бұл аурулардың  кең тараған аймағы: Санкт –  Петербург, Челябинск, Пермск, Самарск,  Омск, Иркутск.   

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік көмек  түрлері схема түрінде:

 

 

 

Дереккөзі: Қазақстан  Республикасы  Статистика Агенттігінің  мәліметтері  (www.stat.kz, (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау) бөлімі.

Жоғарыдағы кесте бойынша атаулы әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 2003 жылы 3647 тг-ні құрады, ал 2011 жылы 15520 тг-ге көтерілді.Сәйкесінше алушылар саны 2003 жылы 786426 адамнан 2011 жылы 681145 адамға төмендеп отыр.

 

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 2005 жылы   516876 адамды болса, ал  2011 жылы   141621 адамға азайып отыр,бұл әрине жақсы көрсеткіш, себебі әрбір атаулы әлеуметтік алуға  құқығы бар жеке тұлғалардың  жан  басына шаққандағы орташа айлық кірісі өз отбасын қамтамасыз етуге жеткілікті.

 

Атаулы  әлеуметтік көмек, мың адамға

қыркүйек

 

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Ресей мемлекеті

2250

1821

1579.5

1164.6

827.7

871.2

1034.5

1209.8

1342.2

1442.5

1422.5

1152.7

964.4


 

 

 

 

          3.

Әлеуметтік  саладағы  негізгі  мәселелерді  шешуге  бағытталған  шаралардың  жүзеге  асыру  мүмкіндігі

 3.1

Әлеуметтік  саланы  жетілдірудегі  шетел  тәжірибелері


 

        Дамыған елдердің тереңдетіп оқыту жүйесіне қарасақ, білім беру бағыты екі түрлі: академиялық, академиялық емес бұл ағылшын тілді елдерде. Францияда  кәсіптік білім беру 3 бағытта (ғылыми-жаратылыстану, филологиялық, әлеуметтік-экономикалық), ал Германияда (тіл, әдебиет, өнер әлеуметтік пәндер, нақты пәндер, техникалық пәндер). Бірақта кәсіптік оқытуда пәндер жиынтығымен оқыту даралап оқытуға кедергі туғызады. Шетелдік тәжірибені ескерсек, барлық оқушыларға базаға кірген кәсіптер қажет емес.  Сондықтанда оқушыларға базалық және кәсіптік оқыту деңгейінде таңдау мүмкіндігін беру керек.

Информация о работе Әлеуметтік жұмыс теориясы