Әлеуметтік жұмыс теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:24, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – Ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, әлуеметтік жұмыстың негізгі мәселелерін, олардың қалыптасу және даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен себептерін анықтап, талдау жасау.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................

І-тарау Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері
1.1 «Әлеуметтік жұмыс» ұғымының мәні және мазмұны…...
1.2
1.3 Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы……………….
Әлеуметтік жұмыстың әдістері…………………………….

ІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйін талдау
2.1 Білім беру саласындағы негізгі мәселелер.........................
2.2 Денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалар........

ІІІ-тарау Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған шаралардың жүзеге асыру мүмкіндігі
3.1 Әлеуметтік саланы жетілдірудегі шетел тәжірибелері(оның ішінде РФ)........................................... 23
3.2 Қазақсатан мен шетелдер арасындағы тәжірибе алмасудың тиімділігі ……......................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................

Работа состоит из  1 файл

Ақтөре Курс теория.docx

— 115.48 Кб (Скачать документ)

Таяу және  Орта  Шығыстың  ортағасырлық  мемлекеттерінде  әлеуметтік  қолдау көрсету ислам  шарттарына  байланысты  дамыды. Бұл  діннің  негізін  салушы  Мұхаммед, елші  ретінде танылған.  Ислам дінінің таралуының  бастапқы  кезінде-ақ   елшінің  атынан,  кейінірек  оның  сахабаларының  атынан  әскери  олжаның   4/5 бөлігі  жауынгерлерге, ал  1/5  бөлігі  мұқтаж  жандарға  таратуға  берілген.  Сонымен  қатар,  ислам  дінін  қабылдағандар  Халифат  қазынасына  ондық – ушр төлесе, ал  қабылдамағандар ауыр   салық – харадж  (егістік өнімінің 1/3немесе 2/3 бөлігін) төлеуге тиіс  болған. Ислам дінінің сипатына  жанашырлық,  қайырымдылық  және  мұқтаж  жандарға  көмек сәйкес  келеді. Онда   қайырым мен   қайырымдылық  маңызды   қасиет   және  Алланың атрибуты  ретінде қабылданады. «Адамдарға  кім қайырымдылық  жасамаса, Алла да  оған   қайырымды болмайды» - деп Мұхаммед Пайғамбар үйреткен.[6]

Кейінірек   әлеуметтік  жұмыстың   қажеттілігі  өзге   қырларынан  көріне   бастады.  Дүние  жүзіндегі  ең  ірі  держава - АҚШ-тың   тарихы    маңызды   әлеуметтік  проблемалардың  орын  алуымен   басталды. Солтүстік  Америка  континентінің  ХVІ ғасырдағы  колонизациялануы   бастапқы  капиталдың  жинақталуына,  әлемнің  осы  регионының  экономикалық  дамуына, ірі  өнеркәсіп  орындарының  пайда  болуына,  жаңа  қалалардың  өмірге келуі  сияқты  елеулі  өзгерістерге  себепші  болуымен  қатар,  жергілікті  халықтың  жойылуы   мен  африкалық   құлдардың  көптеп  қоныстануына  алып келді. Қара   нәсілді американдықтарды   1865 жылғы  азамат  соғысына  дейін  құлдықта  ұстап, ал  жергілікті  халықты   төмен  тап  өкілдеріне  санаған. Көптеген  осындай  шиеленістердің  салдарынан   елде  хаос  басталып, халықтың  халінің  нашарлауы   көрініс  тапты. Осыдан келіп, елде халыққа қолдау көрсету мақсатында  волонтерлікпен  айналысатын  өкілдер  пайда  болған.

Танымал  американдық  әлеуметтанушы  С.Е. Зимбалисттың  айтуы  бойынша, АҚШ-тағы  кәсіби  әлеуметтік  жұмыс 1870 жылы «Қайырымдылық және тәрбие жұмысының Ұлттық  Конференциясының»  құрылуымен  байланысты  дами  бастады. Бұл  ұйым  әлеуметтік    проблемаларды  федералдық  масштабта  шешуге  жұмыстанған  бірден  бір  мекеме  болды. Бұған  дейін, 1866 жылы,   ерікті  қоғамдық  және  жеке  қайырымдылықпен  айналысқан адамдар  ғалымдармен  бірігіп  «Қоғамдық  ғылымдардың  Американдық Ассоцияциясын» (ҚҒАА)  құрған  болатын.  Әлеуметтік  проблемаларды  шешудің  басты  көзі  адам  мәселесін  толықтай  меңгеру  және қарапайым   әдістерді  жасап, оны  тәжірибеде  қолдану  деген  ойға  келген  ғалымдар  тобы  1874жылы  ҚҒАА-дан  шығып, «Қайырымдылық   қозғалысы Ұлттық Конференциясын»құрды.Кейіннен ол «Қайырымдылық және  коррекциондық  қозғалыстың  Ұлттық  конференциясы»  деп  аталды (1879). АҚШ-тағы  кәсіби  әлеуметтік  жұмыстың   дамуында  ХІХ ғасырда  құрылған    қоғамдық   ұйымдардың   лидерлері   Джейн  Адамс   пен  Мэри  Ричмонд  маңзды  орын  алады.  Джейн  Адамс  пен  оның  жолын  қуған   волонтерлер   жағдайы  нашар  кварталдарда  қоныстанып,  кедей халықпен  көршілес  тұрған. Осындай ұйымдардың  негізін салушылар (сеттльменттер)  «қоршаған орта   ауру,  сандықтан осындағы  адамдарға көмектесу үшін  ортаны  ауыстыру  керек»  деген идеяны  ұстанған. Мери  Ричмонд   басқарған қайырымдылық  ұйымы «кедейшіліктің  себебі  адамның   өзінде»   деген   қөзқарасты  ұстанған. М. Ричмондтың  бастауымен  Нью-Йоркте  әлеуметтік  жұмыс  мектебінің  жоғарғы  білім  жүйесінен  тыс   қолданбалы  филонтрапия  мектебінің  негізі  қаланды (1898),  кейіннен  Нью-Йорктің  әлеуметтік  жұмыс   мектебі  деп  өзгертілді.  Бұл жерде студенттер   негізгі жұмыстан  ауытқымай   еңбек етті. 1940 жылы  бұл мектеп   Колумбия  университетінің құрамына  енді.  ХХ ғасырдың  басында-ақ   Мери  Ричмонд   әлеуметтік  жұмыс  теориясы  мен    практикасының  классигі  атанды.  АҚШ  әлеуметтік  қорғауының  қалыптасқан  жүйесі  ХІХ  ғасырдың  өзінде  негізгі  екі  бағытқа  бөлінді:әлеуметтік  сақтандыру  жүйесі (қарттыққа, асыраушысынан айырылуына, мүгедектікке, өндірістік қатерлер,  жұмыссыздық, әлеуметтік  қамсыздандыру,  т.б. байланысты)  және  қарттар  мен  балалы  жесірлерге  бағытталған  бағыт (аурыу, қартаю, асыраушысынан айырылу, мүгедектік  және  жүктілік  пен  босану қатерлеріне байланысты).[7]

Енді    «әлеуметтік    жұмыс»  ғылыманының    қалыптаса бастаған кезеңі   туралы   айтатын болсақ,   бұл кезеңнің  тарихи  ерекшеліктері   Кеңес  Одағының   құлауы мен  коммунизмнің   жойылуы,  азаматтық  қоғамның,  жаңа  таптардың  дүниеге  келуі    болып  табылады.   Қарастырып  отырған  кезеңімізде   бірнеше  этап   ерекшеленеді.  1985-1986  жж.  -  жеделдету  кезеңі,  бұл  кезеңнің  негізгі  тапсырмасы  кеңестік  экономиканы    әлемдік  деңгейге  шығару.   1987-1991 жж.  -  «қайта  құру»,  «еркіндік»,  «демократия»   ұрандарының   кезеңі. 1992-1999жж. -  түбегейлі реформалар  кезеңі,  бұл кезеңнің  бастапқа  нәтижесің өзі   халықтың  көпшілігін    кедейлік  шекарасына  жеткізді.     Бағаның өсуі   мен халықтың  табысы    арасындағы   айырмашылық   жоғарылай  түсті.  Ең   негізгі   әлеуметтік  проблемалар   жұмыссыздық,  халықтың  еріксіз  көшуі,  қылмыстың   көбеюі,   туудың   қысқаруы,   сәбилер өлімінің  көбеюі,  маскүнемдердің,  нашақорлар  мен таксикомандар   санының өсуі  және  т.б. болып табылды.  Қоғамның   мүліктік  дифференцияциясы  үрдісі  тез күшейіп,  шаруашылық-экономикалық байланыстың құлдырауы байқалды және ұлтаралық  қақтығыстар  жиілей  түсті.  Бұның   барлығы    қоғамдағы  әлеуметтік   күйзеліске  әкеліп  соқты. Сонымен  қатар  халықты  әлеуметтік  қорғаудың  да  ескі  жүйесі  бұзылды.

Кәсіби  мамандардың  қажеттігі  арта  түсті. Адамдар   қиын  әлеуметтік   шиеленістерге  тап  болды  және  көп  жағдайда  олар  бұл  проблемаларды  өздігінен  шеше  алмады. Нәтижесінде  қоғамда  әлеуметтік  жұмыс   проблемасы  ерекше  орын  алды.  Ақырындап    бұл  мамандықтың  да  жүйесі  қалыптаса  бастады.  Бұл  уақыт   1991  жыл болып есептеледі,  өйткені осы уақытта елімізде  «Әлеуметтік жұмыс маманы»   мамандығы   ресми түрде қолданысқа  енді. Әлеуметтік  жұмыс -бұл  қиын  жағдайларға  тап  болған  адамға  немесе  адамдар  тобына  көмек  көрсетуге,  адамның  өзіне-өзі  көмек  көрсете  алуын тәрбиелеуге, қоғамдағы  әлеуметтік  қарым-қатынастың үйлесімділігін орнықтыруға бағытталған кәсіби  мамандық. Қазіргі  кезде  әлеуметтік  жұмысты  мемлекеттік  мекемелер  мен  діни ұйымдар жүзеге  асырады. Бүгінде  қайырымдылық    көрсетумен  айналысатын    мың  бес жүзге  жуық  қоғамдық  бірлестіктер  бар, олардың  біреулері  айықпас  дертке   шалдыққандарға  көмек  көрсетумен  және  оларды   әлеуметті оңалтумен    айналысса, екіншілері  әсери қызметкерлерді  әлеуметтік   қорғауды  жүзеге  асырады, енді  біреулері    балаларға,  жұмыссыздарға,  қаңғыбастарға  әлеуметтік  қорғау  мен  көмек  көрсетеді және т.б.  Сонымен қатар қайырымдылық  ұйымдарының бірнеше типтері қалыптасты:  1) жергілікті  орталық билік органдары жанындағы қорлар;  2)  ірі өнеркәсіптер  мен ведомствалар  жанындағы қорлар; 3) ірі банктер немесе коммерциялық  фирмалар  жанындағы  фондтар; 4)  жеке  қайырымдылық  қорлары  мен  ұйымдары. [8]

 

  1.3       Әлеуметтік  жұмыстың  әдістері

 

Әдістердің  көп бөлігінің тұжырымын негізгі  қаңқа немесе шеңбер ретінде түсінеді, оған сәйкес әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтар әрекеттерінде  өздерінің білімдері мен жаңалықтарын қолдануы, жұмысының нәтижелілігіне сай белгілерді анықтауы  қажет. Әдістерге әлеуметтік жұмысты жүзеге асыруға болатын, осы салада саналы әрекет ететін жүйеленген көптеген ережелер жатады.  Әлеуметтік қызметкер мен  әлеуметтік педагогтың өз кәсібінің  қалыптасуы мен дамуымен бірге әлеуметтік жұмыс әдістері пісіп жетілді. Әлеуметтік жұмысқа қатысты әдістердің екі тобы туралы айтуға болады: әлеуметтік жұмыстың ғылыми білім әдісі және тәжірибелік әдісі. Әлеуметтік жұмыс теориясында әдістердің саралануы бірдей емес. Әлеуметтік жұмыста көп қолданылатын әдістер білімнің бұл түрінің әмбебап сипатын анықтайтын пәнаралық болып саналады. Ғасырлар  бойы  жинақталған   тәжірибені  басшылыққа  ала  отырып  әлеуметтік жұмыс  өзінің  алдына  келесі  мәселелерді  мақсат  етіп  қойды:мамандардың  клиенттің  проблемаларын  шешуде  және  жағымсыз  өмірлік  жағдайлардан шығуға көмектесетін қолда бар әдістер,  тәсілдер, тәжірибелерді ары  қарай  жетілдіру. [9]

Клиент  пен  әлеуметтiк қызметкерлер және барлық әлеуметтiк институттардың алуан  түрлi жұмыстарының    зерттелуi  нәтижесінде  пәндiк бағдарланған  және   тексерiлген теориялар, олардың коммуникативтік өзара келiсімділігі  қалыптасады.

Кәсiби әлеуметтiк жұмыстың әдiстерi алуан түрлi. Олар классификациясы төмендегідей:

· әлеуметтiк жұмыстың бағыттары және формалары бойынша (ұйымдастыру, әлеуметтiк-психологиялық, әлеуметтiк - педагогикалық, әлеуметтiк - дәрiгерлiк, әлеуметтiк - экологиялығы т. б.);

· әлеуметтiк жұмыстың объекттерi бойынша (жеке, топтық, жалпы);

· әлеуметтiк жұмыстың субъектісі бойынша (қолданылатын жеке маманмен, әлеуметтiк қызметтiң ұжымы, әлеуметтiк жұмыстың басқару органдары).

Әлеуметтік  жұмыстың  объектілері  бойынша  жіктелуі:

Жеке жұмыс (клиент  пен  әлеуметтiк  қызметкер);

топпен  жұмыс (жанұялар тобында  және жанұя арқылы);

қауымддастықтағы  жұмыс (микроәлеуметтiк ортада). [10]

Әдiс-тәсілдердің  классификациясы бiр жағынан ғылыми түрде қолданыста болса, екінші жағынан  әлеуметтік жұмыстың түрі ретінде көрсетіледі. Классификацияның басқада  түрлері  бар: мәлiметтiң жиыны; оның өңделуi; эмпирикалық зерттеулер; теориялық пiшiндеулер. Ожан  басқа клиенттердiң әлеуметтiк мәселелерiнiң шешiмi үшiн қолданылатын әдiстер өзгерiс мақсаттарындағы қолайсыз қызметтерi оларды дамытудағы ынталандыру болып табылады. Әлеуметтiк    жұмыстың    әдiстерiн   қарап оның объективті классификацияланғанын   көре   аламыз. Әлеуметтік жұмыстың  әдістері өз алдына субьектіні қорғаудағы жаңа өмірдің жағдайына үйренуді ұсынады. Бұл әдiс көмектiң жоспарлануы ғана емес, (кеңес  беру, әлеуметтiк терапия, әлеуметтiк    психологиялық) ұтымды өзара әрекеттесуді  де  анықтайды.   Әлеуметтiк қызметкер өз   қызметінде мынадай    мiндеттердi  атқарады:

· Бірінші   байланысты   орнату және клиентке    қажеттi   әлеуметтiк     қызмет   түрлерін анықтау;

· Мәселенi зерттеу  және анықтау;

· Әлеуметтiк көмектің қажеттігін  дәлелдеу;

· Мәселенi концептуализациялау;

· Болжамдағы  шешімді  анықтау  және  зерттеу;

· Стратегиялық бағытты таңдау;

· Мәселенің  шешімін  жүзеге  асыру  және  т.б. [11]

         Топтармен  әлеуметтік  жұмыста топтық   проблемаларды  шешу, соған қоса  диагностикалық және түзету процедураларын  жүзеге  асыру  басты  мақсат  бола  отырып,  әлеуметтік психологияның объектiсіне  жатады. Мұндағы  әдістер ең  алдымен  топтағы адамдардың жүріс-тұрысына байланысты  тағайындалады. Топтың әлеуметтік  мәселелері ондағы  мүшелердің  әлеуметтанумен   тікелей   байланысты.  Яғни:

·        Социометрия - топтағы тұлға аралық қызу байланыстардың бағасы үшiн тест, оның тетiктерiнде топтық белсендiлiктiң тек қана сыртқы қызу жiгi талданады. Нәтижесінде социоөлшегiш процедура, социоөлшегiш матрица (мүмкiндiк беретiн топтағы тұлға аралық қатынастардың құрылымын көрнекi көрсетiлу) және социопрограмма   арқылы  қорытынды жасалады, социоөлшегiш  арқылы   топтық бiрлiктiң коэффициенттерi есептеледi;

· Референтометрия - топтағы әрбiр тұлға аралық таңдаулар және жоғары бағалаулардың себептерi үшiн индивидтың кiретiн топ мүшелерiнiң референттiгiн  (маңыздылығын ) анықталу әдiсi;

· Коммунокометрия - тұлға аралық коммуникациялардың жүйесiндегi топтың әрбiр қатысушысының орынының анықталу әдiсі. Ерекше топтағы әлеуметтiк-психологиялық құбылыстарды зерттеу, сонымен қатар оны диагностикалау немесе   пiшiндеудi ғана емес, олардың ықшамдалуын, жақсартуын, дамытуын  қарастыратын  әдiстерді  қолдану  ондағы  әлеуметтік  проблемаларды  шешуге  ерекше  көмек  береді. Олар:

· Ұжымдарды басқарудағы тәжiрибеде қолданылатын топтық пiкiрталас. Оның мақсаты - тез және шешім қабылдай  алу;

·     Іскерлiк ойын - кәсiби қызметтегі  қатынастардың жүйелілігін және әлеуметтiк мазмұнының   анықталуы және пiшiнделуi  жүзеге  асатын практикалық тәжiрибенiң түрі;

· Әлеуметтiк мiнез-құлықтың түрленуi - жаңа   тiршiлiк  дағдысына және үйренбеген  ортаға  бейімделуді   үйрету;

· Әлеуметтiк-психологиялық тренинг - тiл тапқыштықты дамыту, мақсаты барлық  топтың психологиялық жұмысының белсендiлігін  дамыту әдiстерi.

Әлеуметтiк   жұмыстың   ғасырлар  бойы  қалыптасқан тәжірибелеріне  негізделе отырып,   басты   мәселерді шешуде  пайдаланылатын  әдiстердiң кешенi мынадай:

   1. Психологиялық зерттеудiң әдiстерi:

·   бақылау – белгілі  бір  жағдайлардағы  психикалық  құбылыстардың  мағынасын  және  спецификалық  өзгерістерін  жүйелі   және  мақсатты  қабылдау. Бақылаулардың тиiмдiлiк, дәлдiгі  бақылаушының тәжiрибелiлігінің дәрежесiне және бiлiктiлiктілігіне тәуелдi болады;

·  тәжiрибе - объектінiң мiнез-құлықында   немесе күйiнде болатын өзгерiсті есепке алатын зерттеушiнің  әлеуметтiк жағдаятқа  белсендi қатысуы. Егер зерттеу жағдайы белгісіз болса немесе дұрыс зерттелмесе эксперименттің мынадай түрлері қолданылады:    

Лабораториялық тәжірибе - арнайы орталықтарда жүзеге асырылады. Бұл бақылауды және жоғарғы сенімділікпен нәтижелікті қажет етеді;

Анық  тәжiрибе - зерттеудiң әдiстерiн психикалық процесстердi реттеуге мүмкiндiк береді.

2. Диагностикалық әдiстер – жеке  адамның психологиясын анықтайтын өзгерiс. Стандартталған сұрақтар  қою және   жағдайды  анықтайтын  тесттерді  жүргізу  сияқты  тәсілдер  арқылы  анықталады.

3. Психогенетикалық әдiс - адамның  жеке психологиялық ерекшелiктерін  , олардың   қалыптасуындағы   генотип   және қоршаған ортаның рөлi анықтау.  Бұл әдіс   информациялық әдіс  деп те  аталады

4. Лонгитюдтық әдiс - ұзақ және  жүйелi түрде зерттеуге мүмкiндiк беретiн адамның тiршiлiк циклдары фазаларының жас шамасына байланысты және жеке құбылмалылығының диапазонын анықтауға байланысты сыналып отыр.

5. Тiршiлiк жолды зерттеудiң әдiстерi -  адам  жаратылысының жеке дамуын зерттеу. Осы әдiсте, әдетте,  кризистiк мерзiмдер және тiршiлiктің  қалыпты дағдарыстары  шоғырланады.

6. Психологиялық көмек әдiсi -  адамның   психологиялық  сауаттылығын  арттыру, сонымен  қатар   адамның  алдына  қойған  мақсаттарына  жетудегі  және  қиындықтарға  төтеп  беріп, омірлік  дағдарыстарды   жеңудегі  жаңа  ынталарын   қалыптастыру әдісі. Оның  құрамы: а) психологиялық коррекция және психикалық әдiстер, психосоматиялық аурулар, өткiр немесе созылмалы психикалық жарақатқа шалдыққан  адамдарға көмектесу; б) жүйке гигиенасы  және психопрофилактикалық  әдiстер - психосоматиялық аурулардың  алдын  алуға  бағытталған  психологиялық көмек   беру. [12]

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы және РФ әлеуметтік      саланың  қазіргі   жай-күйін  талдау

2.1

Білім  беру  саласындағы  негізгі  мәселелер

Информация о работе Әлеуметтік жұмыс теориясы