Әлеуметтік жұмыс теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:24, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – Ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, әлуеметтік жұмыстың негізгі мәселелерін, олардың қалыптасу және даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен себептерін анықтап, талдау жасау.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................

І-тарау Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері
1.1 «Әлеуметтік жұмыс» ұғымының мәні және мазмұны…...
1.2
1.3 Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы……………….
Әлеуметтік жұмыстың әдістері…………………………….

ІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйін талдау
2.1 Білім беру саласындағы негізгі мәселелер.........................
2.2 Денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалар........

ІІІ-тарау Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған шаралардың жүзеге асыру мүмкіндігі
3.1 Әлеуметтік саланы жетілдірудегі шетел тәжірибелері(оның ішінде РФ)........................................... 23
3.2 Қазақсатан мен шетелдер арасындағы тәжірибе алмасудың тиімділігі ……......................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................

Работа состоит из  1 файл

Ақтөре Курс теория.docx

— 115.48 Кб (Скачать документ)

 

Жоғарыда «ҚР-ның білім беру ұйымдарымен көрсетілген қызмет көлемі атты» 2–ші кесте келтірілген. Білім беру статистикасы - мектепке дейінгі, жалпы білім беретін ұйымдардың, техникалық және кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдардың қызметін зерттейтін – статистика саласы. 2010 жылы  2007 жылға қарағанда Қазақстан Республикасы  бойынша білім беру  ұйымдарын қаржыландырудың көлемі – 82,9%  құрап отыр. Ақмола  облысында –61,4%; Ақтөбе  облысында -93,7%; Алматы  облысында –97,0%; Атырау  облысында –98,2%; БҚО-да –81,6%; Жамбыл  облысында –99,1%; Қарағанды облысында –71,3%; Қостанай  облысында –89,0%; Қызылорда облысында –75,8%; Маңғыстау облысында –99,3%;  ОҚО-да –99,5%; Павлодар  облысында –81,4%; СҚО-да – 68,8%; ШҚО-да –91,8%; Астана  қаласында –75,9%; Алматы қаласында -81,9%  көбейгені байқалып отыр. Жоғарғы көрсеткіш ОҚО–да, мұнда күндізгі жалпы білім беретін ұйымдар – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары білім беру  ісінде  жаңа  жетістіктерге қол жеткізіп, білім сапасын арттыруға ерекше  мән  беріп  отыр. Статистикалық есептіліктерде күндізгі жалпы білім беретін мектептер типтері бойынша: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы түзету мектептері, түрлі пәндерді тереңдетіп оқыту мектептері, гимназиялар, лицейлер болып топталады. Осындай негіздердегі  білім беру  ұйымдарының жұмысын қаржыландыруға  жыл сайын Қазақстан Республикасының бюджетінен  қомақты қаржы бөлініп отырады. Осы көрсеткіштерден   байқайтынымыз, білім  беру  саласын  қаржыландырудың  арқасында бұл  сала  өзінің  дамуының  жаңа  деңгейіне  көтерілуіне мүмкіндік  туындап отыр.

 

Ресейдегі әлеуметтік жұмыстың пайда  болуы мен дамуы

 

1917 – 1991 жылдар аралығында мемлекеттік  қамсыздандыру кезеңі. 1917 жылдан  бастап «жұмыссыз қалғандарды  сақтандыру заңы» енгізілді. Қоғамда  медициналық қызметтер тұрғындарға  тегін көрсетіле бастады. 1918 жылы  күзде Бүкілресейлік әлеуметтік  қамсыздандыру фонды құрылды.  Сонымен қатар мынадай төмендегідей  қызмет көрсету ұйымдары құрыла  бастады:

1923 жылы мүгедектерді қорғау  ұйымдары;

1923 жылы соқырлар қоғамы құрылды;

1926 жылы саңыраулар қоғамы құрылды.

1928 жылы қартаюына қарай зейнетақымен  қамсыздандыру, 1929 жылы қартаюына  қарай зейнетақымен қамсыздандыру  – ауыр өндіріс саласында жұмыс  істейтіндер үшін зейнетақы жүйесі  енгізілді. 1944 жылы әйелдерге берілетін  жәрдемақылар ұлғайтылды, ал 1953 жылы  әлеуметтік саясатқа өзгерістер  енгізілді. Әлеуметтік саясаттың  өзгерістерінен жалақы ұлғайып,  тұрғын – үй мәселесі кеңейтіле  бастады. 80 жылдардың ортасында бір  өндірісте 25 жылдан артық еңбек  өтілі бар адамдардың зейнетақысына  10 – 20 пайыз қосымша ақша қосылған. Зейнеткерлерге дәрі – дәрмек  сатып алуға 50 пайыз жеңілдік  жасалынды. Алайда 80 жылдардың басында  халықтың өмір сүру жағдайы  төмендей бастады. Бұдан әлеуметтік  жүйеге реформа енгізу қолға  алынды. Жүйеде халықты әлеуметтік  қамсыздандыру мен әлеуметтік  қорғау мәселелеріне ерекше көңіл  бөліне бастады. 80 жылдардың аяғында  Ресейде қашқындар пайда бола  бастады. 1989 жылы Ресей аумағында  Өзбекстаннан 20 мың түрік – месхитин  қашқындар келген, ал 1992 жылы РФ 222 мың қашқындар тіркелген. Олар  Кавказ, Орта Азия, Балтық елдерінен  келген болатын. Қиын әлеуметтік  – экономикалық мәселелер отбасыға  әсер ете бастады.        

1917 – 1990 жылдары ресми түрде  негізінен «халық жағдайын ойлау  басты мақсат»,- делінген партияның  қамқорлық ұрандары халық арасында  кеңінен тарады. Қоғамда әр түрлі  топ категорияларына жататын  мүгедектер, жетім балалар, жалғызбасты  қарттар болды. Әлжуаз топ өкілдері  арнайы мемлекеттік интернат  үйлерінде өмір сүрді. Мемлекеттік  интернат үйлері – жабық мекеме  болып есептелді. Мекемеде тұратын  әлжуаз топ өкілдерін қала  және ауыл көшелерінде көру  сирек кездесетін. Халықтың еңбекке,  демалысқа, ақысыз медициналық қызмет көрсетуге және білімге құқықтары кепілдендірілген. «Әлеуметтік жұмыс», «әлеуметтік қорғау» түсініктері мен «әлеуметтік қызметкер» мамандығы да болмаған. Әлеуметтік топтар арасындағы шиеленістер жүйелі болған. Жетімдер үйінен шыққан балалардың 10% өмірге арықарай дағдаланғандар, 50% абақтыға түскендер, қалғандары «қоғамға қарсы» бағытта өмір сүріп жатқандар деп сол жылдардағы статистикалық сараптаудан аңғаруға болады.

1991 – 2000жылдары  Б.Н. Ельцин  президенті СССР құлатып, оның  орнына нарықтық экономиканы  қалыптастырды. Бұл кезең қоғамға  және оның әлеуметтік –экономикалық  жағдайына қарсы саясатпен сипатталады.  Мемлекеттің жүзеге асырып отырған  саясатының кесірінен қоғамға  шексіз қиыншылықтар алып келді.  Билікте отырғандар, яғни мемлекет  халықты үш есе артық тонады. Халыққа қажетті тұтыну тауарларының  бағасы жүз есе, жалақы он  есе өсті. Бұнда жалақы мен  тұтыну тауарларының арасында  біршама айырмашылықтар бар екенін  аңғаруға болады. Мысалы: егде жастағы  адамдардың жалақылары айына  90-100 рубль көлемінде ғана болған, ал осы кезеңде жалақы 2000-3000; 6000-7000 рубль көлемінде болды, бір  шыны шай екі копеек болса,  қазір 7 рубль; метро билеті 5 копеектен  12 копеекке, моншаға шомылу 16 копеектен  80 рубльге өскендігін мысал ретінде  алуға болады. Айлап, тіпті жылдап  істеген жалдамалы жұмысшыларға  жалақылары төленбеді. Бұл кезенңің  аяғы халықтың кедейленіп, қайтыс  болушы адамдар санының көбеюіне  алып келді. Мүгедектердің саны 1 млн ұлғайған. Қоғамның 2 млн бөлігін  әлеуметтік жетімдер, баспанасыздар  5 млн халықты  құрады. Бұл кезең  дүниежүзілік жүйедегі әлеуметтік  топтар шиеленісімен ерекшеленеді. 2000 – 2007 жылдары В.В. Путиннің  президенттікке сайлануынан бастап  халықтың әлеуметтік –экономикалық  жағдайы біршама жақсарды. Осыдан  әлеуметтік жұмыс қалыптаса бастады.  Бұл кезеңде әлеуметтік қызметкер  мамандығын дамыту мақсатында  халық арасында ұлттық программалар  «денсаулық», «қол жетімді тұрғын  үй», «Ресейдің балалары» атты  ұрандарды кеңінен таратты. Бірінші  рет әлеуметтік топтар арасындағы  шиеленістер қоғам арасында талқылана  бастады. 

Ресейде бүгіңгі таңда әлеуметтік жұмысты бір жақты емес, жан  – жақты әлеуметтік көмек көрсетудің моделіне ие деп қарастыра аламыз. Әрі бұл моделді халық өмір сүру барысында құрап, жүзеге асырған. Бұл модель, яғни әлеуметтік көмек  көрсету моделі ұлттық салт – дәстүрдің  әлеуметтік – политикалық үрдістерін көрсетеді. Ал, тар мағынада әлеуметтік жұмыс халық арасында ең керек  мамандықтың бірі болып есептеледі. Әлеуметтік жұмыс мамандығы атауына  сай әлеуметтік, яғни халықпен жұмыс  арасында туындап отырған проблемаларды  шешуге, әрі көмек көрсетуге негізделген. Әлеуметтік жұмыстың пайда болу негіздері  АҚШ, Батыс Европада пайда болған, ал бізге бұл мамандық біраз жылдар бұрын ене бастап, әлеуметтік жұмыс  мамандығы бойынша арнайы әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады. Әлеуметтік жұмыстың арнайы формасы адамға әдеп – ғұрыптық, әлеуметтік, рухани, материалдық жағынан қамтамасыз етуге өз септігін тигізді. Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теорияларының негізі адамдар дамуының гуманизмдық салтына, яғни ол биологиялық, психикалық, отбасы – туысқандық қарым – қатынас болып келеді. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс рухани, этникалық, діни принциптермен байланысты. Діни антропологиялық концепцияларда адам баласының басқа адамдармен қарым – қатынасы жақсырақ жетілген. Бұл қандай қарым – қатынастар деген сұрақ туындайды, яғни бұл бір – біріне қиыншылық кездерінде, жоқшылықта, ауырып қалғанда, қартайғанда рахымдылық, адамгершілік қасиеттер білдіріп, көмек көрсету. Өзінің даму барысында әлеуметтік жұмыстың бүгіңгі таңда айналысатын қызметтері өте көп. Ресейде ауыл болсың, қала болсың қай жерде болса да әлеуметтік проблемалар күннен – күнге көбеюде. Бұның басты себебі неде? Бұл проблемалар қайдан шығып жатыр ? деген сұрақтар туындап жатыр. Бұған, әрине бір жақты себеб емес, бірнеше себебтер келтіруге болады:

Мемлекеттегі адамдардың өмір сүру жағдайлары.

Еңбек етушілердің жалақысының  мөлшері.

Тікелей мемлекеттегі әлеуметтік –  экономикалық жағдайлар.

Адамгершілік – рухани жағдайлар.

Алдығы қойған стратегиялық – бағдарламалардың халыққа тигізетін оң және теріс  жақтары.

Халықты жұмыспен, пәтермен қамтамасыз ету мәселелері.

Болашақ жас өспірімдерге отбасылық  тәлім – тәрбие бермеудің себебтері  мен жағымсыз іс - әрекеттермен айналыспау туралы ақыл – ойлар жеткілікті айтылып жатыр ма ? деген сұрақтармен  де тікелей байланысты.

Басты кездерде Ресейде әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы мәселелерімен  алғашқы кезекте филонтропиялық бағыттың өкілдері айналысқан. Ал, әлеуметтік жұмыс мамандығының пайда болып, ондағы әлеуметтік қызметкерлердің  немен айналысатындары жайлы  басты принциптер мен заңдылықтарды  жүзеге асырушылар американдықтар болды.

Әлеуметтік жұмысты көбінесе капитализмнің  дамуымен байланыстырады. Бұл байланыс өз жағынан көптеген өзгертушіліктермен ерекшеленіп, халық арасында әлеуметтік қарым – қатынастардың жақсаруына өз септігін тигізді. Сонымен бірге  әлеуметтік жұмыстың дамуына теориялық, либералдық көзқарастар мен әлеуметтік – философиялық жүйе 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырда басымдылық көрсетті. Бұндай жүйелерге: марстік, әлеуметтік – дарвинизмдық, әлеуметтік теорияның  мақсаты мен принциптерін жатқызамыз. Либералдық және позитивизмдік көзқарастар 19 ғасырдың соныңда АҚШ пен Ұлыбританияда  мемлекет халықты толығымен материалдық  және тағы басқа жақтарымен қамтамасыз ету мүмкін емес және халық арасында пайда болған себебтердің дұрыс  шешімі әлеуметтік реформаларға өз септігін тигізеді. Бұл реформалар әрбір адамға жеке дара қатысты болуы керек  делінген болатын. Бірақ жеке адамдардың проблемаларымен жұмыс істеу, аяғында  негізі болмай бөлшектене бастады да өз принциптеріне сай әлеуметтік жұмыс туындады. Әлеуметтік жұмыс мамандығы пайда бола сала бірден оның негізгі міндеті, принциптері, мақсаты, құрылымы құрыла бастады. Сонымен бірге әлеуметтік қызметкердің халық арасындағы туындаған проблемаларды шешу кезіндегі талаптар, заңдылықтар белгіленді. Ал, батыс елдерінде әлеуметтік жұмыс мамандығы 1970 – 1990 жылдарда әлеуметтік ғылым мен тәжірибенің дамуы барысында туындады. Бұл тұста ғылым, техниканың дамуы өз кезегіндегі көптеген завод, фабрикалардың автоматизациясы мен компьютеризацияға өтуі көп адамдардың жұмыссыз қалуына әсерін тигізді. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту бұл да әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы болып табылады. Ал, Ресейде әлеуметтік жұмыстың пайда болуына 1991 жылы 23 сәуірдегі “Еңбек және әлеуметтік сұрақтар” бойынша мемлекеттік комитеттің жаңа мамандықтар енгізуі бойынша әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады. Тарихи сахнада әлеуметтік жұмыс мамандығының көптеген маңыздылығы және тәжірибе жүзінде іске асырған болмыстары маңызды. Әлеуметтік жұмыс мамандығы тек көмек көрсету ғана емес, ол халық арасында тәлім – тәрбие мен әдептік – этникалық негіздерді қалыптастырады.

Әлеуметтік қызметкер жұмыс  талаптарына сай рухани – моральдық  жағынан мынадай қасиеттерге  ие болуы керек: жаңашырлық, қайырымдылық, азаматтық және әлеуметтік патриотизмдік  сезімге ие болуы керек. Сонымен  бірге жұмыс барысында әлеуметтік тәжірибеде философиялық, әлеуметтік, әлеуметтік – психологиялық, құқықтық, статистикалық, әлеуметтік – педагогикалық  әдістерді қолдану. Әлеуметтік тәжірибенің  қорытындысы ол біріншіден әлеуметтік қызметкер жеке және жалпы технологияларды  қолдана білу керек. Ол технологиялар  құрамында: әлеуметтік диагностика, әлеуметтік профилактика, адаптация, коррекция, әлеуметтік болжам, әлеуметтік көмек көрсету  және қамтамасыз етуді жатқызамыз.

 

   

     2.2

 Денсаулық  сақтау  саласындағы   басты  проблемалар


 

Бәрімізге  белгілі,    адам  денсаулығы негізінен  оның   қоршаған  орта   факторлары   мен  көптеген  әлеуметтік  мәселелердің   ықпалымен  ұзақ  мерзімді   эволюциялық  үдерісте   қалыптасқан  биологиялық 

бастамасы  болып  табылады.   Адам  денсаулығының  екі  құрамы,  яғни  биологиялық  және  әлеуметтік  -  диалектикалық  бірлікте  және  тығыз  қарым-қатынаста  болады.

Денсаулық  сақтау  саласындағы  әлеуметтік  жұмыстың  негізгі  тапсырмаларына   адам  денсаулығына    барынша    нақты  әсер  ететін жетекші   әлеуметтік  факторларды  анықтау,  оның  әлеуметтік   адаптациясын,   соның  ішінде  балалар  денсаулығына  әсер  етуі  мүмкін  генеалогиялық  сипатын  ашу  жатады.  Болашақ  ұрпақ  денсаулығына  әсері  бар  тұқым  қуалаушы  аурулар   мен   қалыптарды (алкоголизм,  наркомания, таксикомания  және  т.б.)  анықтаудың  да  маңызы  зор. Осы  мәселелерді  шешудің  ұйымдастырушылық  негізіне  жататындар:

Денсаулық  сақтау  мекемелерінде    медико-гигиеналық  кеңес  беру  бөлмелерін  ашу;

Болашақ  ата-аналармен  санитарлық-таныстыру  жұмыстарын  жүргізу,  соның  негізінде   ғылыми-публицистикалық  әдебиеттер  басылымын  шығару,  әйелдерге  арналған  кеңестерге   негізделген  ана  мен  бала  мектептерінде  оқыту  және  т.б.;

Халықты  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеуде  шаралар  кешенін  өткізу;

Халыққа  тереңдетілген  профилактикалық   бақылау  жүргізу,  соның  нәтижесінде  «тәуекелшіл  топтарды»,  паталогиялық  аурулар дамып  келе  жатырған  тұлғаларды,   жағдайы  нашарлап  бара  жатырған   науқастарды  анықтап,  уақытылы  көмек  беру.

Медико-әлеуметтік  жұмыс – денсаулықты  қалпына  келтіру, сақтау  және  бекітуге   бағытталған  медициналық,   психо-педагогикалық   және  әлеуметтік-құқықтық  түрдегі  мультидисциплиналық  кәсіби  қызмет.   Оның  негізі  мақсаты – денсаулықтың  мүмкін  болатын  максималды   деңгейіне  жету,   психикалық  және    паталогиялық   ауытқушылығы  бар тұлғалармен   функционалдық  және  адаптациялық  жұмыс  жүргізу.  Бұл  саланың  жұмысының  артықшылығы   оның   денсаулық  сақтау  саласындағы  көмек   түрлерінің  кешенін  принципиалды  түрде  кеңейтуінде  және  аурулардың  белгісін  бастапқы  фазасында  анықтай  алу  қабілетінде. 

  Медико-әлеуметтік  жұмыстың  екі   типі  бар:

Патогендік    медико-әлеуметтік  жұмыс,  оның  құрамына  медико-әлеуметтік  көмек  шараларын  ұйымдастыру,  медико-әлеуметтік  экспертиза  жүргізу,   медицина  мен  денсаулық  сақтау  саласының жеке   бөлімдеріндегі  әлеуметтік  жұмыс  жатады;

Информация о работе Әлеуметтік жұмыс теориясы