Әскери адамдармен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 00:28, реферат

Описание

"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңы заң тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, 1993 жылы қабылданған. Одан бері он бес жылда еліміздің Қарулы Күштерінде көптеген өзгерістер болды, бүгінгі күні қатардағы және сержанттар құрамның әскери лауазымдарын кадрлармен жасақтау жеткіліксіз күйде қалып отыр.

Работа состоит из  1 файл

әскери адамдармен әлеуметтік жқмыс.doc

— 42.00 Кб (Скачать документ)


"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңы заң тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, 1993 жылы қабылданған. Одан бері он бес жылда еліміздің Қарулы Күштерінде көптеген өзгерістер болды, бүгінгі күні қатардағы және сержанттар құрамның әскери лауазымдарын кадрлармен жасақтау жеткіліксіз күйде қалып отыр. Егер штат бойынша осы санаттағы әскери қызметшілер Қарулы Күштерде 52000 адам болса, 2008 жылы мәліметтер бойынша шамамен 27000 адам әскери қызмет өткеріп жүр. Сондай-ақ, келісімшарт бойынша қызмет ететіндердің шамамен жартысында міндетті орта білімнен басқа білімі жоқ. Аталған проблемаларды шешу үшін Қорғаныс министрлігі заңға толықтырулар мен өзгеріс енгізу қажет деп заң жобасын әзірледі.

Заң жобасында солдаттар, матростар, сержанттар мен старшина лауазымынона келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілерге бірінші келісімшарт жасасу кезіндегі мерзіміне қарай 3 жылға - 1, 5 жылға - 10, 10 жылға - 20 лауазымдық жалақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төлеу көзделген. Әскери қызметшінің кәсіби білімі мен біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен оқу құнының 50 пайыз шығынын өтеуге құқық беру көзделген.

Әскери қызметтшілер мен олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы барысында ең бастысы назарға әлеуметтік жағдай мен мәселенін қанщалықты қиын екені анықталады. Сонымен қатар жауынгерлер қатарында жүрген азаматтар шығармашылық жағынан белсенді қатысқан жағдайда жеңілдіктер қарастырылады. Мұндай жағдайда жалпы әлеуметтік жұмыстың мақсаты тұлғалық қарым қатынасты орнатып,  психикалық және физикалық әскери күштерін қайта жаңғырту. Әскери психологтар, юристер, әскери-емхана мекемелерінің мамандары әскери қызметкерлер үшін және олардық жанұяларына міндетті түрде әлеуметтік қорғау жүйесін қолдануы тиіс. Өте маңызды мақсаттардың бірі — тиісті жеңілдіктер қолданылып, құқықтары сақталу тиіс және де жұмыс барысында әскери қызмет пен заң шығарушы органдарда тиісті сәйкестіктер болу керек, сондай−ақ әлеуметтік - тұрмыс шарттардың қамтылуы, денсаулық және адамдардың жұмысқа қабілеттілігін қиратпай әскери борышын өтеуі тиіс. Мұнда маңызды ролді қарулы күштер ішіндегі тәртіпте туыстық және жерлестік қарым қатынас жүйелігі алып отыр, осы тараптан бұл жүйелікті жою жолдары жүріп жатыр. Өкінішке орай мұндай құбылыстарды толыққанды жойылды деп айталмаймыз. Яғни жою үшін міндетті түрде қоғамда адамгершілік−психологиялық климатты өзгерту, мейрімсіздікті жою, криминалдық дәрежені төмендету, түрмеде болған азаматтарды және психикалық психологиялық ауытқулары бар азаматтарды әскери борышын өтеуді тоқтату, сонымен қатар әскери қызметкерлердің соның ішінде офицерлердің беделін жоғарлату. Бірақ әскери жедел қызметтегі азаматтарға шартты түрде қорғау әрекеттері қолданылуы керек , яғни: әскери ұжымда әлеуметтік бақылауды жақсарту, кіші командирлармен және офицерлермен жауынгерлер арасында сенімдік қатынасты орнату, әскери қызметкермен әрбір зорлық-зомбылық оқиғасының артынан қатал санкциялар қолдану. Осыған байланысты жедел әскери қызметкерге қарсы қылмыстардың үнсіз қалушылықты жою, әскери қызметкерге олардың заңдық құқықтары туралы хабарлау, құқықтармен пайдалану механизмін түсіндіру , нақтылы жағдайлар және даулар жөнінде кеңес беру.

Мемлекет әскери қызметшiлердi әлеуметтiк және құқылық жағынан қорғауға кепiлдiк бередi, оларды қажеттi тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етiп, қызметiнiң мемлекеттiк қызметтiң басқа түрлерiнен ерекше сипатын ескере отырып, тиiстi қызмет жағдайын жасайды. Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды iске асыру, олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығына және өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi.

Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысы берiледi, оның ұзақтығы жалпы қызмет еткен жылына, әскери қызметтiң ерекшелiктерi мен жағдайларына байланысты болады және төмендегiдей болып белгiленедi:
Әскери қызметте 10 күнтiзбе жыл еңбек сiңiрсе - 30 тәулiк;
10 жылдан 15 жылға дейiн - 35 тәулiк;
15 жылдан 20 жылға дейiн - 40 тәулiк;
20 жыл және одан көп болса - 45 тәулiк;
жауынгерлiк кезекшiлiк атқарушы ұшу жұмысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тiзбедегi орындарда әскери қызмет атқарушы адамдарға-45тәулiк.
Еңбек демалысы ұзақтығына демалысын өткiзу орнына беру мен қайтуға қажеттi уақыт кiрмейдi.
Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа) демалысы әскери қызмет мүддесiн және әскери қызметшiнiң тiлегiн ескере отырып екi бөлiп берiлуi мүмкiн.

Мемлекет әскери қызметшiлердi азаматтардың әскери қызметке ынта-ықыласын арттыратын мөлшерде ақша қаражатымен қамтамасыз етедi.
Әскери қызметшiлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтен өтудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады.
Әскери қызметшiлердiң ақша қаражаты тiршiлiк құнының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қайта қаралуға тиiс.
Солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарына келiсiмшарт бойынша әскери қызметке алғаш түскен азаматтарға жасалатын келiсiмшарт мерзiмiне байланысты мынадай мөлшерде бiржолғы ақшалай сыйақы төленедi:
3 жылға - 1 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде;
5 жылға - 10 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде;
10 жылға - 20 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде.
Көрсетiлген ақшалай сыйақыларды төлеу келiсiмшарт жасалған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Алынған бiржолғы ақшалай сыйақы:
1) "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағының 4), 5), 7) тармақшаларында және 2-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әскери қызметтен босатылған кезде;
2) егер бұдан әрi әскери қызметтi атқара алмайтындай жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу немесе ауру әскери қызметшiнiң заңға қайшы iс-әрекет жасауынан немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу немесе өзiне қандай да бiр дене жарақатын түсiру (денесiне зиян келтiру) себебiнен болғаны немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтiргенi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, қайтаруға жатады.
Төленген бiржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметшi әскери қызметiн өткерген мемлекеттiк органға ол әскери қызметтен босатылған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде жүргiзiледi.
Әскери қызметшi әскери қызметiн өткеру кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), бұдан әрi әскери қызметтi атқара алмайтындай жараланған, контузия, жарақат алған, мертiккен немесе ауырған жағдайда бiржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргiзiлмейдi.
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) бiр жерден екiншiсiне көшуiне байланысты (соның iшiнде әскери бөлiм немесе бөлiмше құрамында) қызметiн ауыстырған жағдайда оларға әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық ақшалай үлес және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне айлық ақшалай үлесiнiң жартысы көтерме жәрдемақы төленедi.
Әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
Казармалық жағдайдағы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарының, сондай-ақ ұшқыштар, ұшуларды дайындау жөнiндегi инженерлiк құрамның әскери қызметшiлерiнiң қызметтен өту жағдайы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кеткен кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.
Парашютпен секiрудi әскери кемелерде (катерлерде), әскери-қосымша кемелерде теңiзде қызмет атқаратын, олардың база орындарында дауылға қарсы дайындық барысы кезiнде iс-шараларды жүзеге асыратын, маяктарда вахтада тұратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметшiлер әскери кезекшiлiктi атқарған, әскери эшелондарға iлесiп жүрген, дала iс-қимылдары шараларына қатысқан және стационарда емделуде болған кезде осы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
Шалғайдағы аудандарда орналасқан жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), олардың отбасы мүшелерi ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Әскери қызметшiлердiң қалауы бойынша (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) оларға киiм-кешек орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.

 

 



Информация о работе Әскери адамдармен әлеуметтік жұмыс