Әлеуметтік жұмыскер маман ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:33, курсовая работа

Описание

Әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық «Мен-концепциясы»
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрі ретінде «Кәсіпкерлер мен жетекшілер анықтамалығына» 1991ж енгізілді. Маманның профессионалдық кәсіби бой тұрғызуы – үздіксіз, созылмалы процесс. Студенттердің келешек мамандығы туралы мәлімет алуы олардың ұшталып, кәсіби шындарға ұмтылудың қайнар көзі.

Работа состоит из  1 файл

курсовая мелек.docx

— 49.11 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік  жұмыскер маман ретінде

Әлеуметтік жұмыскердің  профессионалдық «Мен-концепциясы»

Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрі ретінде «Кәсіпкерлер мен  жетекшілер анықтамалығына»  1991ж  енгізілді. Маманның профессионалдық  кәсіби бой тұрғызуы – үздіксіз, созылмалы процесс. Студенттердің  келешек мамандығы туралы мәлімет алуы олардың ұшталып, кәсіби шындарға ұмтылудың қайнар көзі.

  1. Кәсіби тәрбие және оқытудың мәселелері.

Э.Ф.Зеер бойынша маманның кәсібилікке, шеберлікке ұмтылысы 5 деңгейден  тұрады:

— «оптация» (optatio латынша - ниет, сайлау) индивидуалды ерекшеліктерді ескере отырып, ерікті түрде болашақ  мамандықты таңдау;

— «кәсiби әзiрлiк» - кәсiби бағыттылық және кәсiби  дағды бiлiмдер жүйесiнiң қалыптасуы, кәсiби ахуалдары теориялық және практикалық шешу тәжiрибесiн алу;

— «кәсiби бейiмделу - мамандығына  кiру, жаңа әлеуметтік рөльді меңгеру, профессионалды өзіндік анықталу, тұлғалық және профессионалдық қасиеттерінің қалыптасуы, кәсіби қызметін дербес орындау;

- «профессионализация» - жеке  және орнықты кәсiби мағыналы  бiлiмдер туралы кәсiби маңызды  сапалардың, кәсiби позицияның қалыптасуы, кiрiгуi және квалификацияланған  кәсiби қызметтiң жоғары деңгейде  орындалуы;

- «кәсіби шеберлік» - кәсіби іс әрекет аясында тұлғалық қасиеттердің толық атқарылуы

Профессионализм әлеуметтік жұмыстың бір бөлімі ретінде әлеуметтік жұмыскердің жеке тұлғалық және профессионалдық  қасиеттері мен қызығушылықтарының негізінде қалыптасады. Осы қасиеттер  мен біліктіліктердің дамуына, профессионалдық іс әрекеттің нақты моделіне кірісуге келесі міселелердің шешілуі септігін тигізеді:

  • Таңдалған мамандыққа деген тұлғалық қызығушылықтың артуы
  • Профессионалдық жұмыс туралы алғашқы бейнелердің қалыптасуы
  • Болашақ мамандыққа профессионалды-мотивациялық ұстанымның қалыптасуы
  • Профессионалдық тұлғалық «Мен-концепцияның» қалыптасуы

Сонымен, профессионализация дегеніміз – профессионалдық  өзіндік анықталу мен профессионалдық  бейімделуге қатысты адам тағдырындағы өте маңызды кезең. Мамандықты анықтау үшін жас маманға профессионалдық бағытты таңдау керек, демек келісі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- өзінің мамандығынан  нені күтеді

- жетістіктерге жету үшін  қандай жұмыс атқару екендігін  анықтау

- өзінің тұлғалық қасиеттерін және қызығушылықтарын қалай жүзеге асыру керек

  Профессионалдық бой көтерудің мәселелері тек «оқыту процессінің тұлғалық бағытталған педагогикасы» арқылы ғана шешілед»і.(Н.А.Рыбакова).  Әлеуметтік жұмыскерге ерекше миссия жүктеледі, ол тек қана тұлғалық қасиеттер қалыптасқан  кезде ғана орындалады.

Әлеуметтік жұмыскердің  миссиясы адал, бірақ та оның орындалу жағдайлары мәз емес: «бөтен» адамдардың мәселелерін шешу жолында, оны мақсат, екінші жағынан парыз деп санап, әлеуметтік жұмыскерлер  әлеуметтік ауруларға душар болған адамдар мен қоғамға негативті құбылыстардан босауға көмектеседі: қолайсыз өмірдік ұстанымдар, қоғамдық қатынастардың кемшіліктері мен шығуғы жол таппаған агрессиямен күреседі. Әлеуметтік жұмыскер адамдарды әлеуметтік мәселелерін шешіге үйрете отырып әлеуметтік сананы жаңа деңгейге көтереді, жеке адамның, қауымдастықтың, ұлттың, қоғамның санасына әсер ету үшін  тұлғалық және профессионалдық қасиеттерін қолданады. Бұл миссияны тек әлеуметтік мәселелерді шешу даярлығынан өткен, ересек тұлғалы адам ғана орындай алады.

Тұлғалық ересектік әлеуметтік ересектікті меңзейді, адамның  индивидуалды ерекшеліктерін, статустық және жастық қабілеттіліктерін қоғам сұрныстарымен  үйлестіру болжалынады. Адамның әлеуметтенуі сыртқы әлеуметтік факторлар мен қоршаған ортаның әсерімен байланысты, сондықтан адамның профессионалдық тәрбиеленуінің маңызы зор.

Кең мағынада профессионалдық  тәрбие -  қоғамдық және еңбектік өмірдің  функциясы, тар маңынада – әлеуметтік жұмыскерлерді дайындайтын  оқу орынының функциясы.  Әлеуметтік жұмыскерлер өзгермелі жағдайларда гуманистік функциясың атқаруға бағыт ұстанады.

Әлеуметтік жұмыскерлерді  даярлауға келесідей талаптар қойылады:

- гуманизм принциптері  және адамсүйгіштік көріністері  ретінде әлеуметтік жұмысқа үйренушілердің  ақылдары мен сезімдерінің еркін болуына ыңғайлы жағдай жасау

- оқыту процесінің шығармашылық  процессін күшейту, оның салдары  ретінде оқушының тұлғасының  күшеюі

- оқушыны профессионалдық  «адам-адам» адам қызметіне кірісіп  бейімделуіне даярлау

- өзіндік реттелу, өзіндік  басұару мен өзіндік ұйымдастыру  тәсілдерін үйренуге жағдай жасау 

-  әрбір оқушының позитивті  тұлғалық «мен-концепциясы» мен  болашақ ісінің профессионалдық  бейнесін өзін өзі реттеу негіздемесі  ретінде қалыптастыру

- оқу тобы тұлғаның  жан дүниесін қалыптастырушы  фактор ретінде құрастыру

Әлеуметтік жұмыскерлердің профессионалдық тәрбиесінің деңгейлері:

  • профориентация
  • қойлылған мақсатқа саналы түрде ұмтылу
  • мамандықты меңгеру
  • іскерлік жолға тұру
  • квалификациялық аттестациядан үнемі өту, білімділік деңгейін жоғарлату
  • тәлімгерлік жұмыс жүргізу

Білім беру мекемесінің мақсаты оқыту процессің (тәрбие беру, оқыту, дамыту) озін-өзі оқыту, тәрбиелеу, дамыту процессіне айналдыратын жағдай жасау. Әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық өздік тәрбиесінің мақсаттары мен мотивтері қоғамдық өмірге еркін ат салысу шартымен дәріптеледі. Оқу, еңбек, қоғамдық әрекеттер жүргізу барысында білім алушы өз мамандығынын әлеуметтік маңыздылығын, пайдасын және кемшіліктерін түсінуі тиіс. Тек осы жағдайда адам өзін жетілдіруге ұмтылады.

Профессионалдық тәрбие теориясы еңбектің құндылық ретінде дәріптеуіне байланысты, профессионалдық бой тұрғызу теориясымен әлеуметтік тапсырыс және тұлғаның өздігінен анықталуының бірлігі ретінде танысу; өмірдің өздігінен анықталуы мен өздігінен проектілеу, тұлғаның өмірлік стратегиясын мағыналық-құндылық өздігінен анықталу жағынан түсіну; субъекттің мәселелерінің қалыптасуына шығармашылық келіс қолдану.

Профессионалдық оқытудың тұлғалық – бағдарланған бағытын көрсетеді:

    • болашақ маманның профессионалдық бой көтеруі индивидтің ішкі және сыртқы жан дүниесіне әсер етеді, екеуінің бірлігін профессионалдық тәрбие қамтамасыз етеді
    • әлеуметтік жұмысқа тәрбиеленушінің басты мәселесі мамандықта өзінің экологиялық қуысын табу, ол өзін-өзі тану, өзінің мұқтаждықтарын сезіну, әлеуметтік-профессионалдық статусқа ие болу,мақсаттарды, өмірлік мағынасын анықтау, философиялық-дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуы.
    • Оқу процессі дәсүрлер мен инновациялардың бірлігінде, оқытудың белсенді формаларынның қолдану негізінде қалыптасуы керек
    • «әлеуметтік жұмыс» мамандығын игеру тұлғаның даму факторы ретінде араласу, қарым-қатынас қолданылатын оқыту тобында жүзеге асады, сонын арқасында «индивидуалды қалыптасқан болмыстың шектеулілігі» жеңіледі (Б.Ф.Ломов)

Профессионалдық тәрбие принциптері:

1.Тұлғаның өздігінен шығармашылық  дамуы:

- логикалық және эвристикалық, радионалды және эмоционалдының үйлесімділігі

- өздігінен дамуды өздігінен өзін жетілдіру арқылы жүзеге асыру

2. Өзін өзі тану принципі:

- рефлексиялық ойлауға  бағдар алу

- өзінің күшті және  әлсіз қасиеттерін сезіну

- өзінің күшті қасиеттеріне  негізделу, әлсіз қасиеттерді  мойындау, олардың үстіне жұмыс  жүргізу

- тесттер қолдану, өздiгiнен  талдау, өзiнiң өзiмен келiсiм шарт  жасау, өздiгiнен бақылау, өзiн-өзi бақылау

- өз жетiстiктерi және сәтсiздiктерінің  себебтерін талдау

 3. Тәжірибе приоритенің принципі:

- жұмыстың критерийі тәжірибе  екенін мойындап, теорияны оқып  талдау

- теорияны тек ұғыну  үшін ғана емес, оны келешекте  жүзеге асыру мақсатымен үйрену

4. Мұғалім және оқушының  шығармашылық тұлғалар ретінде  бірлесіп шағармашылықпен айналысу:

 - сенiмнiң әсер етуi, демократияшылдық, шыдамдылық, адалдық;

-  өзегелерге көмектесіп, және олардан көмек алып ортақ  мәселелерді шешу

5. Тарихилық принцип:

- қоғамнның және әлеуметтік жұмыстың тарихын тәжірибе алу мақсатында үйрену

- әлеуметтік жұмыстың  тарихындағы оңтайлы тәжірибиесіне  бүгінгі таңда қолдану мақсатымен  талдау жасау

 

Әлеуметтік жұмыстың профессионалдық ерекшеліктері. (Н.С.Данакин)

Әлеуметтік жұмыстың профессионалдық  ерекшелігі – оның шекаралық сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыскер универсалды маман  десе де болады. Алайда оның универсалдылығының нақты шектері бар, олар клиенттің мәселесі мен оның шешу жолдарына байланысты. Әлеуметтік жұмыстың мағыналық мазмұны психология, әлеуметтану, педагогика, заңтану, және т.б. мамандықтарымен шектеседі.

Әлеуметтік жқмыстың тағы да бір ерекшелігі оның делдалдық  сипаттамасында. Делдалдықтың негізгі  бағыттары:

  • Клиент және өзге же әлеуметтік институттар арасында.
  • Клиент және де өзге де мамандар арасында
  • Клиенттің мәселесін шешіге ат салысатын қзге мамандар арасында
  • Клиеттердің арасында

Әлеуметтік жұмыскердің  әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріндегі  рольдері. Рольдердің классификациялануы және типологиясы.

Профессионалдық рольдің  әлеуметтік рөл ретінде қарастырылуы, индивидтің әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде тек қана алатын орны бойынша емес, оның атқаратын функцияларын ескере отырып, әлеуметтік жұмыскердің атқаратын іс-әрекетің анықтауға мүмкіндік береді.(И.А.Зимняя). Оларға жатады: клиентпен практикалық әлеуметтік жұмыс; сол жұмыстың клиентпен жүргізудің ұйымдастырылуы және координациясы; әлеуметтік жұмысты әлеуметтік депертаменттер, құзыреттіліктер т.б. деңгейінде басқару; әлеуметтік жұмысқа баулу, әлеуметтік жұмыс саласындағы зерттеулер. 
Ең алдымен әлеуметтік жұмыскер клиент және қоғам арасында делдал ретінде жұмыс атқарады. Ол бір жағынан клиенттің қоғамға бейімделуін қамтамасыз етеді, екнші жағының қоғамның нақты адамдардың қажеттіліктерінен алыстауына әкеліп соқтырады. Профессор И.А.Зимняя шет ел авторларының еңбектеріне сілтеме жасап әлеуметтік жұмыскердің атқаратын 13 рөліне функционал арқылы сипаттама береді:

-  Әлеуметтік  жұмыскер, мұқтаж адамдардың (кризистік ахуалға  душар болған) және зорлыққа ұшырауы  мүмкін адамдардың (тәуекел тобы) қажеттіліктерін анықтайды. Осы  әлеуметтік жұмыскердің мақсаты  мәселе туғызушы факторларды  анықтау. «Клиенттің анықтаушысы»  (Outreach Worker).

  • Брокер (Broker ) – адамдарды қызмет көсету жүйесін қолдануға мүмкіндік беру және сол қызмет көрсету орталықтарын байланыстыру мақсатымен лайықты қызмет көрсету орталықтарына жіберетін әлуметтік жұмыскер
  • Делдал, буфер (Mediator) — екі адам, адам және топ немесе екі топ арасында қайшылықтарды жеңу және бірігіп жұмыс істеу мақсатымен жүретін әлеуметтік жұмыскер.
  • Қорғаушы (Advocate) — адам құқықтарын қорғайтын әлеусеттік жұмыскер.
  • Бағалаушы (Evaluator) — мәлімет жинаумен айналысатын, адамдардың, топтардың, қауымдастықтардың  мәселелерін бағалайтын әлеуметтік жұмыскер, оларға әрекет жасауға шешім қабылдауға көмектеседі.
  • Мобилизатор (Mobilizer) — бұрыннан бар немесе жаңадан құрылған топтардағы бар міселелерді шешу мақсатында қозғалыс ұйымдастырады. Мобилизация индивидуалды деңгейде де жүзеге асады.
  • Мұғалім (Teacher)  — адамдарға мәлімет беретін және бәләм беріп, қолдарынан келетін жұмыстардың дамуына көмектеседі
  • Мінез-құлық корректоры  (Savior Charger ) — адамдардың немесе топтардың жүріс-тұрыс стереотиптеріне, дағдыларына, қабылдауына өзгертілар енгізетін әлеуметтік жұмыскер
  • Кеңесші  (Consultant ) — басқа әлеуметтік жұмыскерлермен, агенттіктермен олардың клиенттің мәселелерін шешу дағдыларын ұштау мақсатында бірлесіп жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыскер
  • Қауымдастықтардың жобалаушылары  (Community Planner )  —қауымдастықтардың іс әрекеттерінің бағдарламасын жобалаушы әлеуметтік жұмыскер
  • Мәлімет басқарушысы  (Data manager)  - әлеуметтік орта жайлы мәліметті жинап, классификациялайтын, талдау жасайтын әлеуметтік жұмыскер.
  • Администратор  (Administrator) — агенттік, мекеме, бағдарлама немесе әлеуметтік қызметкерлік басқармасымен айналысатын әлеуметтік  жұмыскер
  • Тәжірибеші  (Caregwer ) — нақты көмек көрсететін (физикалық, болмыстық, қаржылық) әлеуметтік жұмыскер.

Информация о работе Әлеуметтік жұмыскер маман ретінде