Әлеуметтик жұмыс негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 21:47, шпаргалка

Описание

Әлеуметтік әрекет – ол әдетте адамның қажеттілігінен туындайтын саналы қимыл. Ә.ә. басқа адаммен не көп адамдардың әрекетімен байланысты, басқалардың мінез-құлқына бағытталған, оларға ықпал жасайтын және өз кезегінде ол өзгелердің мінез-құлқының ықпалын басынан кешіреді.
Әлеуметтік байланыс – адамдардың немесе олардың топтарының тәуелсіздігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет. Мұнда екі не одан көп объектінің құрамдас бөліктерінің қызмет етуін немесе дамуының үйлесімділігінің көрінісін бейнелейді. Қоғамның іргерілеу барысында ә.б. күшейеді, күрделенеді және кеңейеді. Ә.б. негізгі нысандары: әлеуметтік түйісу, әлеуметтік өзара әрекеттесу, әлеуметтік қатынастар.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік сөзді1.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік  сөздік

  1. Әлеуметтік әрекет – ол әдетте адамның қажеттілігінен туындайтын саналы қимыл. Ә.ә. басқа адаммен не көп адамдардың әрекетімен байланысты, басқалардың мінез-құлқына бағытталған, оларға ықпал жасайтын және өз кезегінде ол өзгелердің мінез-құлқының ықпалын басынан кешіреді.
  2. Әлеуметтік байланыс – адамдардың немесе олардың топтарының тәуелсіздігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет. Мұнда екі не одан көп объектінің құрамдас бөліктерінің қызмет етуін немесе дамуының үйлесімділігінің көрінісін бейнелейді. Қоғамның іргерілеу барысында ә.б. күшейеді, күрделенеді және кеңейеді. Ә.б. негізгі нысандары: әлеуметтік түйісу, әлеуметтік өзара әрекеттесу, әлеуметтік қатынастар.
  3. Әлеуметтік бақылау – қоғамды және әлеуметтік топтардың өзін-өзі реттеу тетігі, тәртіп пен тұрақтылықты нығайту үшін олар адамдардың мінез-құлқына мақсатты ықпал жасауды қамтамасыз етеді. Ә.б. тұлғаны мөлшерлік, құқықтық, әкімшілік, әдет-ғұрыптық тыйым салу арқылы қоғам мақұлдаған мінез-құлықты ұстануға көндіреді.
  4. Әлеуметтік жүйе – ол бір-бірімен байланыста және қатынаста болатын, жеке бөліктерден тұратын бірыңғай, әлдебір әлеуметтік объектіні құратын әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің тұтастық жиынтығы, құрылымы, кешені. Оның бөліктеріне адамдар, олардың топтары және әлеуметтік қауымдастықтары, өзара байланыстары мен өзара әрекеттері, әлеуметтік құндылықтары мен мөлшерлері, әлеуметтік институттар мен ұйымдары жатады.
  5. Әлеуметтік жіктелу – (лат. Stratum-жік, қабат және facere – жасау) - өзінің қоғамдық мәртебесі бойынша ажыратылатын әр түрлі әлеуметтік жіктерге қоғамның мүшеленіп бөлінуінің үдерісі мен нәтижесінің қөрсеткіші. Ә.ж. қоғамның әлеуметтік әртектілігін, оның мүшелерінің және әлеуметтік топтарының әлеуметтік жағдайының бірдей еместігін, әлеуметтік теңсіздігін бейнелейді. Ә.ж. білім, кәсіп, табыс, бедел билікке қатысы арқылы анықталады.
  6. Әлеуметтік институт – ол белгілі бір әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылған, қоғамдық қатынастардың белгілі саласын реттейтін мөлшерлер мен мекемелердің жиынтығы болып табылады. Ә.и. әлеуметтік құндылықтар мен мінез-құлықтың үлгілерімен айқындалатын, белгілі әлеуметтік мәнді міндетті қызметтер атқаратын, мүшелерінің өз рөлдерін орындау негізінде бірлесіп мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін адамдардың ұйымдастырылған бірлестігі.
  7. Әлеуметтік қауымдастық – ол ортақ белгілері, ұқсас тіршіліқ жағдайларымен, құндылықтары және мөлшерлері бірлігімен, ұйымдасу қатынастары және әлеуметтік өзін-өзі ұқсастырумен біріккен адамдардың тұтас жиынтығы.
  8. Әлеуметтік қатынастар – ол ұзақтығымен, орнықтылығымен жүйелігімен  және өзін-өзі жаңартумен, ауқымды әлеуметтік байланыстармен ерекшеленетін әлеуметтік өзара әрекеттің бір нысаны. Ә.қ. әр түрлі құндылықтарға жету мақсатында бағытталған өзара әрекеттерден туындайды. Оның ерекшелігі кешенді сипат алады. Себебі Ә.қ. бір ғана экономикалық немесе саяси, рухани қатынастарға келтірілмейді. Тұлға, оның топтары, қауымдастықтары қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығының иеленушісі, субъектісі болып табылады.
  9. Әлеуметтік құндылықтар – ол көпшілік таныған мінез-құлықтың үлгілері, яғни қоғамның басым көпшілігі нені қажетті, пайдалы және дұрыс деп ойлайтын жалпы түсініктер. Ә.қ. оқиғаларды, заттарды және адамдарды, олардың абыройын, сұлулығын немесе өнегелік қасиеттерін бағалауға көмектесетін өлшемдерін, қажетті мақсаттарға апаратын негізгі жолдары мен құралдары жөніндегі қоғам мен әлеуметтік топ қуаттаған сенімдерін білдіреді.
  10. Әлеуметтік мәртебе – белгілі бір құқықтар мен міндеттер жиынтығымен байланысқан қоғамдағы тұлғаның немесе әлеуметтік топтың жалпы қалыптық жағдайы. Ә.м. тұлғаның, әлеуметтік топтың қоғамдық жағдайының интегралды көрсеткіші. Ол адамның білімін, кәсібін, біліктілігін, лауазымын, нақты жұмыстың сипатын, материалды жағдайын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа қатысын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, жынысын, отбасылық жағдайын, әлеуметтік тегін, тұратын аумағын қамтиды.
  11. Әлеуметтік мөлшерлер – ол адамдардың арасындағы өзара әрекетін реттейтін, белгілі жағдайларда рұқсат етілген және ерік берілмеген жүріс-тұрысты көрсететін мінез-құлықтық ережелері, күтулері мен бір улгіге келтірілген қалыптары. Ә.м. әр түрлі салада әрекет етеді: шаруашылық жұмыскерлердің, мәдени ғылыми, білім қызметкерлерінің, әскери және әкімшілік орындарда өздерінің ережелері жасалынады. Ә.м. әлеуметтік құндылықтар негізінде айқындалады және сол арқылы мінез-құлықтың нақты әлеуметтік-мәдени жайындағы жарамды ұстанымдарын белгілейді.
  12. Әлеуметтік мобильдеу – бір әлеуметтік топтан және қабаттарынан басқаға ауысуы қоғамдық әлеуметтік құрыла алатын орындарды өзгерту.
  13. Әлеуметтік мотивация – қажеттіктен туындайтын және бағытын анықтайтын тұлғаның немесе әлеуметтік топтың белсенділікке және іс-қызметке ішкі ниеттенудің, дәлелдің, уәждің болуы. Адамдар мен олардың топтары өз талаптарын зерделеуі олардың белсенділігі мен қызметтенуінің басты қайнар көзі болып табылады.
  14. Әлеуметтік топ – бірлескен, ынтымақтасқан және үйлестірілген әрекеттерін жүзеге асыру қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың, олардың бірлестіктерінің әлеуметтік өзара әрекетінің негізгі бір нысаны. Ә.т. кең мағынада адамдардың кез елген бірлестігін білдіреді – отбасы, құрдастар тобынан бастап қоғам, адамзатқа дейін. Бұл түсінік көбінесе тар мағынада қолданылады, яғни ол белгілі жекелік, ұжымдық және қоғамдық мүдделері мен мақсаттарын іске асыру үшін өзара әрекеттесетін адамдар жиынтығы.
  15. Әлеуметтік ұйымдар – белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын, өзара байланысқан күрделі әлеуметтік жүйелер, екіншілікті ірі әлеуметтік топтар. Ә.ұ.-ы әлеуметтік институттың түрі ретінде қаралады. Мысалы, мемлекет  пен оның органдары әлеуметтік ұйым және институт ретінде қаралады. Ә.ұ. келесі белгілермен сипатталады: 1) мақсатқа арналған табиғаты; 2) мүшелерін мәртебе және рольдер бойынша үйлестіру; 3) міндетті қызмет атқаруы негізінде еңбек бөлінісі және оның мамандануы; 4) өзіндік реттеу мен бақылау құралдарының болуы; 5) жүйелі тұтастық. Ә.ұ. ресми және бейресми болып бөлінеді. Ә.ұ.-ң маңызы оның қызметінің тиімділігінің жеке ұйымдаспаған, бытыраңқы жекеліктердің әрекеттерінен әлдеқайда жоғары болуында.
  16. Әлеуметтік үдерістер - әлеуметтік басқа да көптеген қимыл әрекеттерден бөлінген бір бағытты және қайталанатын әрекеттер мен өзара әрекеттер мен өзара әрекеттер жиынтығы. Ә.ү. – қоғамның тіршілік әрекетінің, оның әлеуметтік өзгерістерінің негізі және қайнар көзі. Ә.ү.-дің алғашқы таптастырылуын ұсынғандар – Р.Парк және Э.Берджесс. Олар Ә.ү.-дің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: кооперация, бәекелестік (бақталастық), бейімделу, дау-жанжал, сіңісіп кетушілік, амалдану (араластыру, қабыстыру, құрама қоспа жасау). Кейін әлеуметтік топтарға тән Ә.ү. тағы екі түрі қосылды: шегараны сақтап қалу және жүйелі байланыстар. Ақиқат өмірде көрсетілген Ә.ү.-дің түрлері өзара тығыз байланысты және әдетінше бір уақытта өтіп жатады.
  17. Әлеуметтік-саяси заңдар – қоғамның, мемлекеттің және басқа әлеуметтік-саяси күштердің, институттардың және саяси құбылыстар мен үрдістердің арасындағы қажетті, мәнді қайталанатын және тұрақты өзара байланыстар. Ә.с.з. адамдардың, олардың топтарының қызметі мен іс-әрекетінің байланыстарын білдіретін құрал. Ә.с.з. адамдардың әлеуметтік әрекеті, әлеуметтік қызметі арқылы көрініс тауып айқындалады. Ә.с.з. барлық әлеуметтік-саяси субъектілердің тең әсерлі күштерінің жиынтық әрекеттері ретінде пайда болады. Оларды білу қоғамның және мемлекеттің жалпы даму жолдарын және келешегін ғылыми болжауға және осы негізде басқаруды жүзеге асыруға мумкіндік береді.
  18. Әлеуметтік менеджмент – қызметтердің белгілі бір түрін пайдалана отырып мақсат құру, проблемаларды халыққа келтіру, жастарға құру мен қойылған мақсатқа жету. Әлеуметтік жұмыс технологиясының әдістерін ұсынатын менеджменттің бір түрі.
  19. Әлеуметтік процесс – жалпы алғанда әлеуметтік ұйым жағдайының бір жүйелік ауыспалы оның жеке құрылымдық элементтерінің бірі.
  20. Әлеуметтік механизм - өндірісті басқаруға және оның жүріс-тұрысының белгілі бір жүйесін жүзеге асыратын вертикальді ретке келтірілген қызметкерлер.
  21. Әлеуметтік иерархия - әлеуметтік жүйені құруының универсальді нысаны болады. Бұл жағдай жоғарыдеңгейді бақылайды.
  22. Социум – адамдардың өмірдегі қызмет жағдайының бірлігін сипаттайтын тұрақты қоғамдық бірлестік деп түсіндіріледі.
  23. Әлеуметтік қызметкер – бұл адамның өмірлік қызметіндегі құқықтық, моральдық және психологиялық мәселелерді өте терең білетін әлеуметтік инженерия мен технология өрісіндегі маман. Атап айтқанда, университетті бітірген маман мәселелерді білу керек.
  24. Әлеуметтік маман – жоғары мамандандырылған тұрғындарға әлеуметтік топтарға қорғау, қолдау жұмыстарын жүргізетін ерекше кәсіп иесі.
  25. Әлеуметтік көмек - өмір қиындығына ұшыраған, әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдарға көрсететін жәрдем түрі.
  26. Әлеуметтік мәдениет – жалпы мәдениеттің, қоғамның, рухани өмірдің және де әрбір субъектінің әлеуметтік бөлімінің құралмалы элементі.
  27. Әлеуметтік қызмет көрсету – бұл қиын жағдайларға ұшыраған еңбекке қабілетті адамдарға жәрдем беру, экономикалық көмек, медициналық психолог, әлеуметтік педагог, әлеуметтік құқықтың әлеуметтік тұрмыс және басқа да материалдық көмек көрсетудің кең ауқымды түрі.
  28. Әлеуметтік мониторинг – (латынша monitori – еске түсіруші қадағалаушы) басқарудың мемлекеттік аумақтықжәне жергілікті деңгейде стратегиялық және практикалық шешімдерін қаьылдау үшін алынған мемлкекеттік ұыныстарын және әлеуметтік ақпараттарды кезектік талдап қорыту мен талдаудың жинаудың ғылыми негізгі жүйеі институттардың және т.б. сипатын жалпы даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және жалпы даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар.
  29. Мүгедектер проблемасы – қазіргі заманның өткір әлеуметтік проблемасының бірі – ДДС ұйымының мәліметі былай келіреді. 500млн-нан астам адам, яғни жер жүзіндегі халықтардың 100% қандай да бір мүгедектің нысанына ие екен. Әлеуметтік жағынан мүгедектер қорғалмаған жағдайға жатқызылады. Қараусыз қалу және қаңғыбастың жолына түскен көптеген жастарды өмірінің жиегіне шығарып тастау, әрине, әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың мемлекеттік қоғамдық институтының кәсіби назар аударуын қажет етеді.
  30. Жетім – ата-анасы бірдей жоқ, яғни толық отбасы емес, туған туысқандарына тұлдыр қалған қоғамның әлеуметтік көмекке өте зәру жан.
  31. Әлеуметтік көмек беру - әлеуметтік жағдайы өте нашар жандарға психологиялық материалдық және кеңес беру нысаны.
  32. Субъектілер арасындағы басқару биліктерін бөлу – бұл басқарудың стратификацияның негізгі сипаты. Билік статусына ие бола тұрып, оған ие болғандар басқару әлеуметтік механизмде белгілі бір орын алады.
  33. Деферсалификация – адамдықты, бірлікті, яғни әлеуметтік топтар статусының нормаларының көшбасшысы біріккен және дау-дамай қатынастар жиынтығын ұйымдастыру.
  34. Басқарудың ұйымдастырушылық схемасы - әлеуметтік сферадағы ұйымдастырудың қызметкерлердің міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бөлу.
  35. Еңбек биржасы – жұмыссыздарды, сондай-ақ жұмысын ауыстыруға ниеті бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру негізінде делдалдық қызметі жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
  36. Қосымша жұмыспен қамтылу – еңбек қызметін тартылған жұмыскерлердің жұмыс күшін қосымша пайдалану нысаны.
  37. Ұзаққа созылған жұмыссыздық – 12 және оданда көп айға созылған жұмыссыздық.
  38. Бұқаралық жұмыссыздық – қоғамдағы еңбекке жарамды адамдардывң көбінің жұмыссыз қалуы.
  39. Жұмыс күшінің қозғалысы – нәтижесінде жұмы күшінің сандық және сапалық сипаттамасы өзгеретін әлеуметтік-экономикалық поцесс, сондай-ақ оны кәсіпорындар, салалар және елдің аумақтардың аралығында бөлу.
  40. Жұмыспен қамту – азаматтардың ҚР Конституциясына заңдары мен өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруғабайланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі.
  41. Еңбек рыногының инфрақұрылымы – жұмыспен қамтуға ықпал ететін институттардың жиынтығы, кәсіби бейімделу, қорларды кәсіби дайындау және қайта дайындау (жұмыспен қамту, жұмыс күшін даярлау және қайта дайындау орталықтары).
  42. Ұжымдық келісім шарт - әлеуметтік еңбектік қатынасты реттейтін құқықтық акт, жұмыскерлермен жұмыс беруші, кәсіпорындар, ұйымдар, филиалдыр өкілдері келісім-шарт жасады.
  43. Табысы аз адамдар – ҚР заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар.
  44. Жалдамалы жұмыскер – жұмыс берушіге өзінің жұмыс күшін беретін тұлға.
  45. Қоғамдақ жұмыстар – атқарушы органдар ұйымдастырылатын қызметтердің алдын-ала кәсібі даярлықтан талап етпейтін әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері.
  46. Жұмыспен қамту – қоғамның мақсатына жету үшін еңбек сферасындағы жеке тұлғаларды тартуды және тиімді жұмыс істеуін ынталандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
  47. Толық жұмыспен қамтылу – экономиканың мақсаты бар орынға кәсібиліктің құрылымы бойынша жұмыс күшінің ұсынысына сәйкес сұранысты қанағаттандыратын экономикалық жағдайы.
  48. Жұмыспен нәтижелі қамтылу- тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтік нәтижені қамтамасыз ететін жұмыспен қамтылу.
  49. Жұмыс беруші - өз бетінше жұмыс істейтін және бір немесе одан да көп адамдарды жұмысқа тұрақты алатын тұлға.
  50. Жұмыс күші - өндіріс үшін істейтін және бір немесе одан да көп адамдарың жұмысқа тұрақты алатын тұлға.
  51. Жасырын жұмыссыздық – ресми секторларды формалады жұмыс істейтін, бірақ толық емес жұмыс уақытын пайдаланатын тұлғаның бөлігі.
  52. Жасырын жұмыспен қамту (көлеңкелі, формальді емес) – еңбек шарттары мен немесе келісімдермен, рәсімделмеген жұмыспен қамтылу табыстары декламирленген емес қайнар көздер болып табылады.
  53. Келісім – қызметкерлермен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік еңбектік қатынастарды реттейтін құқықтық акт.
  54. Әлеуметтік серіктестік – әлеуметтік еңбектік қатынастарды реттеу және ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасау негізінде жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлердің мүдделерімен келісу тәсілі.
  55. Жұмысқа орналасу – халықтың еңбектік жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге қабілеті бар ұйыждастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар кешені.
  56. Жұмыспен қамтылу деңгейі – халық санының пайыздық қатынасы, яғни кәсіби еңбекпен айналысатындардың барлық еңбекке қабілетті (еңбек ресурстары) санына қатынасы.
  57. Циклдік жұмыссыздық – еңбекке жеткілікті сұраныстың мүлдем жоқ болуы. Ол тауарлар өндірісінің құлдырауымен анықталады.
  58. Игілік – бұл материалдық көмек пен қолдауды қажет ететін адамдарға қайтарымсыз әлеуметтік көмек көмеку көрсетудің ерекше түрі.
  59. Әлеуметтік қолдау – бұл өмірдің қиын жағдайларына ұшыраған еңбекке қабілетті адамдарға жәрдем беру.
  60. Әлеуметтік әрекет – ол әдетте адамның саналы түрде қажеттілігінен туындайтын қимыл. Ә.ә. басқа адаммен көп адамдардың әрекетімен байланысты, басқаның мінез-құлқына бағытталған мінез-құлқының ықпалын бастан кешіру.
  61. Әлеуметтік байланыс – адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігн көрсететін әлеуметтік әрекет.
  62. Әлеуметтік бақылау – қоғамды және әлеуметтік топтардың өзін-өзі реттеу тетігі. Тәртіп пен тұрақтылықты нығайту үшін адамдардың мінез-құлқын мақсатты ықпал жасауды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылау тұлғаны мөлшерлік, құқықтық, әкімшілік әдет-ғұрыптық, тыйым салу арқылы қоғам мақұлдаған мінез құлықты ұсынуға көрінеді
  63. Азаматтық хал актілері - Адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқталуына байланысты оны дараландыратын зандық ресімделген мән — жайлар. Азаматтық хал актілері деп оқиға жазбасын таниды. Мемлекеттік тіркеуге келесі азаматтар хал актілер тіркелуі тиіс: туу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын әкесінің атын және тегін өзгерту, қайтыс болу. Азаматтық хал актілерін тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді.
  64. Алименттер (латынша alimentum — азық, асырау) - Алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты № отбасы қатынасындағы алименттік міндеттемелердің негізі болып — неке, бала асырап алу т.б. саналады. Алимент алуға кәмелетке толмаған балалар, кейбір жағдайларда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж отбасы мүшелері құқылы. Бұрынғысынан салыстырғанда қазіргі «Неке және отбасы туралы» ҚР — ның Заңы бойынша ата — аналар өзінің кәмелетке толмаған балаларын асырау жөнінде келісім жасауға құқылы (алимен төлеу туралы келісім).
  65. Неке жасы - Некеге тұру үшін заңмен белгіленген жас мөлшері. ҚР — ның жалпы ережесі бойынша — 18 жас болып есептеледі. Бірақ дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
  66. Неке шарты (контракт) - Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі — зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады. Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалады. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс. Неке шарты ерлі — зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартында ерлі — зайыптылар өзара күтіп — бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір — бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға, мүліктік қатынастарына қатысты басқа да кез келген ережелерді енгізуге құқылы.
  67. Азаматтық неке - Мемлекеттік биліктің сәйкес органдарында шіркеудің (мешіттің) қатысуынсыз ресімжелген неке. Кейде азаматтық неке деп фактілік некені айтады (фактіге негізделген, шын мәнәіндегі үлгі іс — рәсім).
  68. Топтық неке - Ежелгі неке үлгісі, бұл бойынша бір рудан немесе ішкі тайпа топтары сәйкес әйел адамдармен неке байланысына түсуі. Жұпты некемен ауыстырылады.
  69. Қоснекелік - Кейбір мемлекеттерде (мысалы, Германияда) неке және отбасына қарсы қылмыс болып есептеледі. Екі әйел алушылықтан (көп әйел алушылықтан) айырмашылығы бір мезгілдің ішінде екуінінде заңды некеде тұрғаны үшін еркек те әйел де бірдей жауаптылыққа тартылады.
  70. Екі әйел алушылық немесе көп әйел алушылық - Еркектің заңды некесін бұзбай жатып екінші әйелді алуы, кейбір мемлекеттерде неке және отбасына қарсы қылмыс болып саналады. Екі әйел алушылық жергілікті әдет — ғұрыптың ескі қалдығы болып есептеледі, (ескі) ҚСРО Қылмыстық кодексі бойынша, екі әйел алушылық (көп әйел алушылық) деп екі немесе одан көп әйелдермен бірге тұрып ортақ шаруашылық жүргізуін таныған. Ол бойынша АҚШ — да, Өзбекстанда және көптеген мемлекеттерде қылмыстық жазаға тартылады. Кейбір мұсылман елдерінде 4 әйел алуға рұқсат беріоген.
  71. Балалық шақ - Кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай күйі.
  72. Ерлі — зайыптылар мүлкінің шарттық режимі - Неке шартын; ерлі — зайыптылардың бірлескен меншігін қараңыз
  73. Суррогат ана шарты - Балалы болуды қалайтын адамдармен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплатациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім.
  74. Ерлі — зайыптылар мүлкінің заңды - Неке шартын; ерлі — зайыптылардың бірлескен меншігін қараңыз
  75. Азаматтық хал актілері жазбасы - Құзыреті органның оқиғалар мен әрекеттер түпнұсқасын куәландыру мақсатындағы азаматтық хал актілерінің жазбаша мағлұматтары. Жазба белгілі бір жағдайларда заңды салдарын анықтайтын дәлелдеме болып табылады. Міндетті түрде тіркеуге жататындар: туу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту, қайтыс болу.
  76. Ата — ана құқықтарынан айыру - «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңына сәйкес сот шешімімен жүргізілетін балаларды айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай — ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктермен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады. Ата — ана құқығынан айыру ата — аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды. Ата — ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Егер ата — аналар (олардың біреуі): ата — ана міндеттерінен орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса; өз баласын перзетханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекмелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса; өздерінің ата — ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса; балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық — зомбылық жасаса; заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата — ана құқығынан айырылуы мүмкін.

        77.Жеткіншектер - ҚР — ның азаматтық және отбасылық құқықтары                       бойынша 16 жасқа толмаған кәмелет жасқа жетпегендер. 14—18 жастағыларға қарағанда олардың әрекет қабілеттілігі әлі шектеулі болып келеді. ҚР — ның Азаматтық кодексіне сәйкес мәмілені жеткіншектердің атынан олардың ата — аналары, асыраушылары немесе қорғаншылары жасайды.Олар, тек:

а) ұсақ тұрмыстық мәміле жасай алады; 
б) нотариалды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін ақысыз пайда табуға бағытталған мәміле жасай алады;жеткішектер жасаған зиян үшін ата — аналары, асыраушылары немесе қорғаншылары жауап береді.

78. Материалдық жағдай - Жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы.

79. Ата — ана құқықтарын шектеу - «Неке және отбасы туралы» ҚР Заына сәйкес сот шешімі арқылы баланың мүддесін қорғау шарасы, ол кезде сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата — анадан (олардың біреуінен) оларды ата — ана құқықтарынан шектеу туралы шешім шығара алады. Егер баланың ата — аналармен (олардың біреуімен) қалуы: ата — аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән — жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән — жайлардың және с.с. салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса; олардың мінез — құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, ата — ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата — ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата — аналар (олардың біреуі) өз мінез — құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата — ана құқықтарын шектеу туралы сот щещім шыққаннан кейін 6 ай өткен соң оларды ата — ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата — аналарды (олардың біреуін) ата — ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.

80. Қорғанщылық - Азамматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. Азаматтық және неке — отбасылық заңнамаларымен реттеледі (соңғысы кәмелетке толмағандарға қатысты). «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңына сәйкес қорғаншылық кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға қолданылады. Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді жасайды. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.

81. Әкелік - Баланың нақты бір еркектен биологиялық және (немесе) әлеуметтік шығу фактісі. Әкелік АХАЖ органында туу туралы жазбамен куәландырылады. «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының АХАЖ органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата — ана құқығынан айырылған жағдайда — қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен бклгіленуі мүмкін.

82. Әлеуметтік әкімшілік - (social administration) академиялық тексеру            саласы. Әлеуметтік қызметті басқару ұйымы.

  1. Әлеуметтік антропология – (social anthropology) ұсақ масштабты және    жай индустриалды емес мәдениет пен қоғамды танып білу.
  2. Әлеуметтік девиация – саяси партия жүйесі. Әлеуметтік бағдарламаларды таңдап, қарсылықсыз шешетін ұйым.
  3. Әлеуметтік дистанция – (social distance) әлеуметтік көмекке мұқтаж түрлі адамдар арасындағы қарым-қатынас және сезім.
  4. Әлеуметтік бөліну – мамандандырылған институттық әрекет жәрдемімен әр түрлі бөлек топтарға жіктелу.
  5. Әлеуметтік тұйықтық – бұл өзінің қоршаған ортасында өз жағдайын бүкпелеу, яғни шет жүрушілік.
  6. Әлеуметтік ұқсастық – жеке тұлғалық сана-сезімдегі құбылыстың бір-бірімен барабар келуі. Әлеуметтік категориялардың тепе-теңдік жағдайға түсуі.
  7. Әлеуметтік ғылым – (social science) анықталған тәртіп жүйелерінің жиынтығы әлеуметтік құбылыстармен айналысуға үйрету.
  8. Әлеуметтік потология – (social pathology) қоғамның жағдайының қалыптан тыс ауытқуын зерттейтін ғылым.
  9. Әлеуметтік саясат – (social polity) таным-білім ортасы, экономикалық, саяси әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік сараптаманың амалын қарастырады.
  10. Әлеуметтілік қажеттілік – (social demand) белгілі бір нәрсеге қол жетпеушілік яғни мұқтаждық. Артықшылығы басым, бағалы құндылықтарды талап ете алмаушылық.
  11. Әлеуметтік психология – (social psychology) әлеуметтік әл-ауқаты төмен қоғам топтарының, мүгедектердің рухани қалпын зерттейтін ғылым саласы.
  12. Әлеуметтік реформа -  (social reform) саяси және әлеуметтік шаралар. Әлеуметтік проблемаларды шешу және жою мақсатындағы өзгерістер.
  13. Әлеуметтік ниеттестік – (social solidarity) әлеуметтік топтарға немесе қоғамдағы басқа шараларға деген қайырымдылық.
  14. Әлеуметтік бірлік – топтық жүріс-тұрыстың әлеуметтік міндеткерлігі мен сол топтың мүшелерінің күшінің және қарым- қатынасының қорытындысы.
  15. Әлеуметтік өмір сүру ортасы – түрлі өзгермелі іс -әрекеттерді құру және аймақтық интеракцияларды қамсыздандыру.
  16. Әлеуметтік статистика – (social statistics) әлеуметтік сандық мәліметтер, қылмыс жөнінде, неке туралы элементтер және жанұя құрамы, тұрғын үй мәселесі және т.б. дәл анықтамалар жүйесі.
  17. Әлеуметтік структура – (social structure) тұтас бар заттың бөлімдерінің өзара орналасуы.
  18. Әлеуметтік теория – (social theory) жиі қолданылатын жалпы теориялық зерттелген әлеуметтік қатынастар және тәуелсіз ойлар жүйесі.
  19. Әлеуметтік формация - (social formation) факті түрінде әсер ететін қоғамның даму тарихындағы белгілі кезең және сол даму кезеңіне тән құрылыс.
  20. Әлеуметтік жақсы тұрмыс – жақсы өмір сүруге қабілеттілік, жеке адам мен қоғамдағы жалпы жағдай, амандық-саулық және бақыт.
  21. Әлеуметтік қозғалыс –(social movement) аумағы кең әлеуметтік адамдар бірлестігі, брігіп талаптануы арқылы ішкі аспектілерді өзгерту процесі.
  22. Әлеуметтік өзгеріс – (social change) болып кеткен жағдаймен қазіргі заманғы аспектіні салыстырғандағы әлдекімнің таңдалған аспектісінің әлеуметтік ұйымдастырушылық немесе құрылыстағы және де басқа саладағы айырмашылықтары.
  23. Әлеуметтік қамтамасыздандыру – (social security) мемлекет тарапынан берілген кірісті әлеуметтік көмекке зәру жандарға бөлісу жүйесі.
  24. Әлеуметтік теңдік – материалдық және рухани жағынан да тең дәрежедегі қоғам мүшелері арасындағы байланыс формасы.
  25. Асоциалдық отбасы – жағдайы жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен талаптарға сәйкеспейтін отбасы
  26. Неке - әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін леуметтік нормалар жиынтығы.
  27. Әлеуметтендіру – индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл әлеуметтік және психологиялық үрдістер жиынтығы.
  28. Маргиналдық топтар – жұмыссыздар және сол сияқтылар, сондай-ақ социопатикалық адамдар шыдамсыз болып келеді.
  29. Жастардың еңбек биржасы – жастарды оңтайлы және тиімді еңбепен қамтуды қамтамасыз ету жастардың еңбектегі қабілеттерімен мүмкіндіктерін толықтай қолдануға жағдай жасау.
  30. Парциальдылық (лат-бөлік) – нашақорлыққа қарсы тәрбие мінез-құлықтың негізін қалыптастыруға бағытталған, қауыпті факторлардың барлық жиынына қатысты тұрақтылықты қамтамасыз ететін жалпы тәрбие процесінің бөлігі туралы түсінік беру.
  31. Әлеуметтік жүйелілік – профилактикалық жұмыстарға жас адамның дайындығын анықтайтын жеке және әлеуметтік факторлар жиынтығын есепке алу.
  32. Әлеуметтік технология – адамдардың топтық санасымен жүріс-тұрысына ықпал ету үшін қолданатын құралдар жиынтығы.
  33. Әлеуметтік теңсіздік – қоғамның ажыратылмайтын қасиеті, яғни пайдалы қызметтенудің жүгін көтереді.
  34. Әлеуметтік құрылым – қоғамның әртектілігін, оның мүшелерінің әлеуметтік жағдайларының бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.
  35. Әлеуметтік бақылау деп қоғамның мөлшерлерін, құндылықтары мен жазалау ережелерінің жиынтығын өзіне кіріктіретін адамдардың мінез-құлқын реттейтін ерекше әлеуметтік тетікті атайды.
  36. Жұмыссыздық - әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде еңбекке қабілетті еңбек еткісі келетін халықтың қоғамдық өндіріске тартымдылығы.
  37. Жас отбасы – дамудың бастапқы кезеңін басынан кештіріп жұбайларды таңдауды жүзеге асыру кезеңіндегі отбасы.
  38. Әлеуметтік модель – отбасындағы қиындықтар сыртқы тәртіптің қолайсыз жағдайларының нәтижесінде.
  39. Соционом - әртүрлі әлеуметтік қызметтер арқылы отбасының өз күшін пайдалана отырып, осы сыртқы жағдайлардың жақсы жағына өзгеруіне қол жеткізуі.
  40. Әлеуметтік тұрмыстық жағдай – ол баланың отбасына оның тұрмысын жақсартуға қажетті көмек пен қолдау көрсетуді құрастыру.
  41. Суицид – тұлғаның өзін-өзі өлтіруі,психо-әлеуметтік теріс бейімделуімен аяқталатын, шешілмген жанжалдың салдары.
  42. Жастардың делинквентті тобы – қорқыту арқылы және криминалдық кіші мәдениетті бойына сіңірген, ұйымдастырушылық шеберлігі бар қылмыстық лидердің құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшін құрған бейресми бірлестіктері.
  43. Әлеуметтік құқық – адамның әлеуметтік қамтамасыздандыру үшін берілетін төлемге деген құқығы.
  44. Әлеуметтік кадрмен қамтамасыз ету – таңдап алынған технологияны жүзеге асыруға арнайы мамандарды – психологтарды, әлеуметтік педагогтарды , медиктерді және т.б. дайындауды
  45. Әлеуметтік мөлшерлер – ол адамдар арасындағы өзара әрекетті реттейтін, белгілі жағдайда рұқсат етілген және ерік берілмеген жүріс-тұрысты көрсететін мінез-құлықтың, ережелері күтулері мен бір үлгіге келтірілген қалыптары.
  46. Әлеуметтік тәуелділік – бір тәуелді әлеуметтік жүйе жекелік, топ немесе әлеуметтік институт өзіне қажетті әлеуметтік әрекетті жасамағандағына байланысты екенін білдіреді. 
  47. Әлеуметтік бейімделу – жеке адамның топ жағдайына, жаңа әлеуметтік ортаға ыңғайлану процесі мен нәтижесі, өзгеретін немесе өзгерген өмірдің қоғамдық жағдайы. Әлеуметтік бейімделудің екі формасы бар: 1) белсенді субъектінің ортаны өзгерту мақсатымен екінші енжар субъектіні өзгертуге қатыспауы.
  48. Администрация – басқару органдары оларға берілген негізгі иелікті іске асыру, тұрақтылықты сақтау функциясы, мекемелік қызметті кәсіпорынға және мекемеге, жеке аудандарға, шекаралық білім беру.басқару мекемелері түрлі деңгейдегі әлеуметтік жұмыстарға құқықтары бар.
  49. Альтруизм – жанқиярлық, саналы түрдегі және өз еркімен халыққа қызмет ету, басқаларға көмектесу ынтасы, олардың махаббаттарына берік бақытты болуына себепші болу.
  50. Аморализм – қоғамдық-тарихи құбылыс, адамдардың жүріс-тұрысында көрсетілетін моральдық нормалар жиынтығы. Практикалық қағидалар немесе идеялық бағыт, дәлелденген заңзылық көзқамандық қатынастар. Жалпы адамдық өнегелік нормаларға сай өткізілетін анықталған жүйе. Жиынтық мінездеме, кері адами сапа және оның қылықтары, өмір салты.
  51. Әлеуметтік нормалар – берілген қоғамдағы әлеуметтік топтағы рұқсат етілетін мінез-құлық өлшемі.
  52. Әлеуметтік динамика – қоғам дамуындағы қозғаушы күш. Бұған: экономикалық табиғи жағдайлар, климат, географиялық орта с.с. көзқарастар, идеялар, ойлау, адамдардың санасы жатады.
  53. Аномия – қоғамдағы құндылықты нормативті жүйелердің әртүрлі элементтері арсындағы, жалпыға ортақ мақсатқа мәдениетті түрде жазылғандар мен оған желудің заңды құралдарының арасындағы келіспеушіліктің, кекілжіңдердің нәтижесі.
  54. Жеке тұлға - әлеуметтік сапалар жиынтығы бар адами индивид. Әр түрлі қасиеттер, идеялар, практикалық мақсаттар жүйесі енетін жетекші мәнге ие жан.
  55. Құқықтық мінез-құлық – жеке не ұжымдық субъектілердің санасы мен еркіне бағынатын құқық нормаларында қарастырылған және заңды нәтижесі болатын әлеуметтік маңызы бар мінез-құлығы.
  56. Әлеуметтік теңсіздік – қоғамдық таптардың сатылық ретке келтірілген рангпен бөлінуі. Теңсіздік адамзат қоғамының критерий бойынша түбегейлі сипаттамасы болып табылады.
  57. Әлеуметтік кепілдік беру – бұл қоғам мүшелерінің әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-саяси құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін материалдық және заңдық құралдар.
  58. Әлеуметтік геронтология – қарт тұрғындарының мәселесімен айналысатын сала. Қартаюдың демографиялық әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни және басқа да аспектілеріне байланысты проблемеларды тұтастай шешу.
  59. Әлеуметтік пікір – кез-келген топтық, ұжымдық пікір, әлеуметтік мүдде, құзіреттілік ретінде қарастырылады.
  60. Әлеуметтік қорғау – ресми ұйым іскерлік және өзімшілдік қатынас тұрғысынан қарастырылатын нақты адамға қиын жағдайда көмек көрсетуге қабілеттілік.
  61. Әлеуметтік реттеу – ұйым еңбек ұжымы ретінде қызметкердің мінез- құлқын тәртіпке келтіреді, мұнда ол өзінің жеке игіліктерін де, олардың еңбек және экономикалық мүдделерін де ұмытпайды.
  62. Еңбек құқығы – бұл адамның еңбек қызметі барысындағы қоғамдағы қатынастарды реттейтін құқық саласы. Еңбек құқығы формасы жұмысқа қабылдау шартын анықтайды, қауіпсіздік ережелерін бекітеді.
  63. Қоғамдық қор – адамдар тобын материалдық, қаржылық, мәдени және бағалық тұрғыдан және мемлекеттік қоғамдық ұйымдар жеке көмек беруші тұлға және түрлі аумақтағы қайырымдылық әрекет.
  64. Әлеуметтік тәжірибе – қордағы білім жиынтығы, дағдылары, қабілеттілігі. Осы өмірдегі практикалық іс-әрекеттері, әлеуметтік процестің қарым-қатынастары.
  65. Әлеуметтік гигиена – медицинаның бір бөлігі. Адамдар денсаулығының әл-ауқаты әлеуметтік фактор жүйесінде клиенттің тұрақты жеке басының тазалығы.
  66. Әлеуметтік серіктестік – адамның келісілген іс-әрекетіндегі еңбек қатынастарын көрсету үшін жиі қолданылатын түсінік.
  67. Әлеуметтік ерекшелік – айтулы тарихи айырмашылығы бар топтар, қабаттар арасындағы бірыңғайлық емес еңбек түрлері.
  68. Әлеуметтік күйзеліс – клиенттің ерекше жағдайы, әр түрлі әлеуметтік күштерді қосатын қысым, экстремальді жағдай. Өмірдегі әр түрлі факторлар әсерінен, мәдени өзгерістер нәтижесінде қалыптасатын күш.
  69. Аналық – ананың балаға деген биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынасы. Биологиялық қатынастар баланың шығу-тегімен анықталады. Ол ананың репродуктивті қызметті орындауымен және негізгі заңды басқарулығымен байланысты.
  70. Қайырымдылық - адамның әлдекімді кешіруге және қиын жағдайда көмектесуге, аяуға даяр тұрушылық қасиеті.
  71. Жастар - әлеуметтік демографиялық топ. Ерекше әлеуметтік және психологиялық сипатқа ие, рухани дүниесі дамыған жас ерекшелігі мен сипатталатын жас адамдар қоғамы. 16 жастан 30 жасқа дейінгі адамдар жастар болып саналады.
  72. Әлеуметтік жұмыскер - өзінің қызметіндегі міндеткерлігін іске асыратын әр түрлі топтағы туындаған әлеуметтік прблемаларды шеше алатын маман.
  73. Тұрғындар – тарихи қалыптасқан және адам өмірін қайта қалыптастыру үдерісінде жаңғыртылып отыратын, әрі қоғамның басты құраушысы болатын адамдардың жиынтығы.
  74. Жұмыссыздар – қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге ынтасы бар, еңбекке жарамды қоғам.
  75. Әлеуметтендіру агенттері – ол әлеуметтені үдерісіне - әлеуметтік-мәдени тәжірибені жекеліктің игеруіне мақсаттылықпен ықпал етіп, жүзеге асырушы субъектілер.
  76. Әлеуметтік нысандалу – ол ұйымдастырудың амалы – құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік – мәдени тұрпаттағы бірқалыпты, тұлғаланбаған мінез-құлықтың үлгілерін мақсаттылықпен қалыптастыру.
  77. Әлеуметтік мөлшерлер – адамдардың жүріс-тұрысын қоғамдық өмірді нақты мәдениеттің құндылықтарына сай реттеуші және қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығайтушы мінез-құлық ережелері, күтулері мен нұсқалары.
  78. Әлеуметтік қозғалмалылық – адамдардың бірқоғамдық жіктер, топтардан басқаларына өтуін (әлеуметтік ауыспалылық),сондай-ақ олардың жоғарғы абыройы, табысы мен биліге бар тұғырға жылжуын (әлеуметтік өрлеу) немесе төмендеу тұғырларға сырғуын (әлеуметтік құлдилау) көрсетеді.
  79. Ерікті ұйымдар – ол құрама одақ, оның мүшелерінің еркін кіру мен шығу құқы бар. Бұның қатарына ардагерлер қоғамы, табиғатты қорғау қоғамы кіреді.
  80. Жалпы мүдделер – адамдардың бірлесіп жасайтын іс-әрекеті үдерісінде туындайтын шынайы байланыстары мен өзара тәуелділіктері.
  81. Әлеуметтік тұтастық – табиғи түрде қытынас пен ынтымақтастыққа жол ашушы міндеттермен функцияларды дифференциялау мен кооперациялаудың жоғарғы деңгейінде еңбекті ұйымдастыру. Адамдардың мәдениетінің деңгейі мен психологиясының ерекшеліктеріне айрықша тәуелді құбылыс.
  82. Азаматтық құқық - адамның шектен тыс алкоголь қабылдауы. Оның денсаулығына тигізетін зиянды әсері және әлеуметтік адаптациясының бұзылуы.. Меншіктің әр түрлі формасын бекітеді және қорғайды, тараптардың мүліктік қатынастардағы құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
  83. Мүгедек - өмірлік іс-әрекеті физикалық және психологиялық тұрғыдан шектелген адам.
  84. Жәрдемақы – материалдық көмек көрсетудің бір түрі. ҚР Конституциясында уақытша еңбекке жарамсыз азаматқа берілетін кепілдеме.
  85. Макүнемдік – адамның шектен тыс алкоголь қабылдауы. Оның денсаулығына тигізетін зиянды әсері және әлеуметтік адаптациясының бұзылуы.
  86. Әлеуметтік көреткіштер – сандық және сапалық өзіндік мінездемесі және әлеуметтік объектінің тұрақтылығы мен процесі. Оған: демографияық, экономикалық, әлеуметтік құрылымның саяси көрсеткіштері, әлеуметтік мәдени, рухани даму және әр түрлі топтардың өмір сүру салты кіреді.
  87. Әлеуметтік орта – топтық өзара әрекеттесуді мәдени орта қабылданған мөлшерлер мен құндылықтарды білдіреді.
  88. Әлеуметтік түйісу – адамдарды алдын-ала қайда екенін біліп және оларды көзбен шолып байқауы.Түйісу кеңістігіне енген кезде әр жеке адамның назары көптің ішінен бірнеше басқа жекеліктер немесе әлеуметтік топқа тоқтайды.Түйісу 3 ке бөлінеді  1) жанама 2) кеңістік 3)айырбас
  89. ӘЛЕУМЕТТІК КОРРЕЛЯЦИЯ ( лат correlation-арақатынас) -әлеуметтік құбылыстар, үдерістер және жүйелер, олардың қасиеттері, белгілері және сипаттамалары арасындағы, яғни екі не одан да көп әлеуметтік ауыспалылар арасында болатын тұрақты, қайталанатын өзара байланыстар, арақатынастар, өзара әрекеттер және өзара тәуелділіктер.
  90. Латенттілік(лаtens- астыртын, жасырын көзге көрінбейтін) –қайсыбір әлеуметтік құбылыстың немесе үдерістің, олардың ерекшеліктері мен белгілерінің сыртқы көзге көрінбеуі, тасда қалуы, астарлығы.
  91. Органикалық бағыт-әлеуметтану ғылымындағыэволюция теориясының ықпалымен дамыған күрделі үдеріс.
  92. Позитивизм-(латpositivus-жағымды) –хх ғасырдағы әлеуметтанудың жтекші бағыты, қоғам туралы ой пайымдаулар, қоғамдық бақылау.
  93. Сандық әдістер- қазіргі математика емн есептеу техникасының жетістіктерін қолданып, нысандфлған әлеуметтану білімін алудың тәсілдері мен іс- қимылдары орындау ретінің(процедураның) жиынтығы, көрінісі.
  94. Байқау әдісі- ол шындықты бейнелеудің күрделі психологиялық үдерісі. Социологиялық зерттеулурді өз көзімен көріп, оқиғаларды мақсаттылықпен және жүйелі түйсіну.
  95. Деванттық мінез-құлық-(лат deviatic ауытқу) –адамдардың е олардың топтарының әлеуметтік әректтерінің, қылықтарының көпшілік таныған мөлшерлерден ауытқуы.
  96. Жалпы жиынтық- ол ортақ әлеумуттік мәнді нышындары быр және социологиялық зерттеу объектісі ретінде тұтас алынатын белгілі сапалы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің тұтас жиынтығы.
  97. Идеалды тұрпат- ақиқат шындықтың өзі емес және оның көшірмесі де емес, олардың жалпы ережелерін анықтауға мүмкіндік беретін зерделеуші, қисындаушы, зерттеуші қалып.
  98. Мәдени релятивизм(латrelativus-салыстырмалылық)- басқа халықтың мәдениеті қалыптастырған мінез- құлқын, құндылықтары,сенімдері мен дәлелдерін өз мәдениеті тұрғысынан қарастыруды, талдауды теріс дуп қабылдайтын ғылыми ыңғай.
  99. Құжаттық діс (лат.dokumentum – құжатталған, айғақты , дәләлдеме) әлеуметтік – саяси ақпаратты жинаумен талдау ыңғайы. Талдаудың 2түрі тараған. 1)сапалық, 2) мазмұндық.
  100. Идентификация – (лат. Identificare – теңдестіру, бірдейлену) – жекеліктің өзін-өзі басқа адамдармен,ғ топтармен және олардың бірлестіктермен ұқсастырудық психологиялық үдерісі.
  101. Рольдік күтулер – экспектациялар – тиісті әлеуметтік рөлдерді орындауды бейресми талаптарының жиынтығын білдіретін әлеуметтік топтар мен ұйымдарда адамдардың мінез-құлқын реттеу тетігінің ерекше бөлігі.
  102. Парадигма – (грек.pardeigma – үлгі,мысал) - әлеуметтік және саяси мәселені қоюдың және шешімін іздеудің тұжырымдамалық-тәсілнамалық ыңғайын анықтаушы, белгілі кезеңнің ауқымда теориялық салада бәрі мойындаған, барынша жалпы, бастапқы және маңызды болатын жүйе.
  103. Іріктелген жиынтық – бұл тікелей зерттелетін объектіні азды-көпті шектеулі бөлшкетердің жиынтығы. Жиынтықтың құрылымын әлеуметтік мәнді белгілерінің өкілеттілігін, бірдейлігін қатал бейнелей алу.
  104. Феноминологиялық бағыт- xx ғ 50-жылдарында қалыатасқан әлеуметтану ғылымындағы негізгі теориялық – тәсілнмалық бағыттың бірі.
  105. Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт - әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процестерді психологиялық факторлармен түсіндіретін, соған орай және әлеуметтануды әлеуметтік психологияға түйістіретін бағыттардың бірі.
  106. Сандық әдістер – қазіргі математика мен есептеу техникасының жетістіктерін қолданып, нысандалған әлеуметтану білімін алудың тәсілдері мен іс-қимылдарды орындау ретінің жиынтығы.
  107. Аддикция – тұлғаның өзінің ішкі психологиялық жайсыз күйден – ішкі тұлғалық қақтығыстан құтылудан ұмтылысын білдіреді.
  108. Әлеуметтік жанжалдар – адамдардың  қылмыстық мінез-құлқын анықтайтын қайнар көзі болуының ықтималдығы жоғары.
  109. Клиент - әлеуметтік қорғауға әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қолдауға адамдардың мейірімділігіне мұқтаж жалғыз басты жан.
  110. Жеңілдік – мүліктік теңсіздігіне байланысты бөлшектеп босату.
  111. Жалғыздық – ешбір туысы жоқ, қолдауға, қамқорлыққа зәру жан. Ол көбінесе жалғыз басты қарттар болып келеді.
  112. Адамгершілік – жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті. Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
  113. Мейірімділік – этиканың орталық категориясы. Мейірімділік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін талап –тілектерін болашақтан үміттене қарайды. Мейірім шапағатымен зұлымдық өмірдің түбіне балта шабады.
  114. Махаббат – достықтың, тату-тәттіліктің, құрмет-ізеттің асқар шыңы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы құны жоқ. Барлық ұлы істерге адамды бастаушы күш – махаббат.Ол адамды жанының 2-ші біреуге адамдар қауымына белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімі.
  115. Гуманитарлық көмек – адамдарға материалдық, қаржылық, экономикалық, қайырымдылық қолдау қорсету. Әлемдік мемлекеттер арасында, қоғамдық ұйымдар арасында, жеке тұлғалардың төтенше және әлеуметтік экономикалық сілкінісі, бақытсыз жағдайлар кезінде берілетін қөмек.
  116. Әлеуметтік бостандық – субъектінің емін-еркін өзінің қажеттіліктерін іске асыратын және өзін толық қамтамасыз ететін дәрежеде болуы.
  117. Белсенді субъект - әрекет етуші адам бір жағдайда өзін парасатты, тәуелсіз немесе өзімшіл ұстайды, ал басқа жағдайда – біреудің қамын ойлайды немесе дәстүрлі мөлшерді, әдет-ғұрыпты қолданады.
  118. Әлеуметтік фактор - әлеуметтік құбылыстың мінез-құлқын, жеке бөліктерін анықтайтын қозғалыс күшінің себебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 


Информация о работе Әлеуметтик жұмыс негіздері