Жол қозғалысын ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 18:58, реферат

Описание

Қала құрылымының үлкеюі, халық санының өсуі, көліктердің көбеюіне әкеледі. Ал көлік санының көбеюі көлік қозғалысын қиындатып, көптеген мәселелер тудырды. Әсіресе орталық жол тараптары, жол қиылыстары мен айналмалы жол қиылыстарында қозғалыс қиындап, қауіптілік арта түседі. Көліктердің кептелісі жолаушының жолын бөгеп, көліктің жылдамдығын төмендетеді. Ал үнемі жол кептелісінде тұру, төмен жылдамдықпен жүру кезінде жанармай босқа жанып, көлік жабдығының бөлшектерінің тозуы және олардың ауа –райын ластау көрсеткіші де артады

Работа состоит из  1 файл

Жол қозғалысын ұйымдастыру.doc

— 32.50 Кб (Скачать документ)


Жол қозғалысын ұйымдастыру негіздері

 

Қала құрылымының үлкеюі, халық санының өсуі, көліктердің көбеюіне әкеледі. Ал көлік санының көбеюі көлік қозғалысын қиындатып, көптеген мәселелер тудырды.  Әсіресе орталық жол тараптары, жол қиылыстары мен айналмалы жол қиылыстарында қозғалыс қиындап, қауіптілік арта түседі. Көліктердің кептелісі жолаушының жолын бөгеп, көліктің жылдамдығын төмендетеді. Ал үнемі жол кептелісінде тұру, төмен жылдамдықпен жүру кезінде жанармай босқа жанып, көлік жабдығының  бөлшектерінің тозуы және олардың ауа –райын ластау  көрсеткіші де артады.  Жалпы қала халқы көлік қозғалысынан, одан шығатын  шу мен зиянды газдан үнемі  зардап шегеді.

Көлік ағыны мен жаяу жүргіншілердің санының жыл санап өсуі жол көлік оқиғаларының да өсуіне де әкеп соқтырады. Сондықтан жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларына көп көңіл бөлінеді. Қала ішіндегі ғимараттар мен жолдардың жобасын, құрылысын жүргізген кезде олардың дұрыс орналасуы, қозғалыс қауіпсіздігінің талааптарына сай болуы басты назарға алынады.    Жол қиылыстары  мен бұрылыстардан құрылыс нысандары алыстау салынады. Жолдардың өзара қиылысуы,  басқа да көлік жолдарымен қиылысуы арнайы қауіпсіздік белгілерімен , бағдаршамдармен жабдықталып, айналмалы жолдар мен көпір жолдары арқылы толықтырылады. Көлік кептелістерін азайту үшін транзиттік айналмалы  жолдар мен  көп тармақты екі бағыттағы жолдар, жер асты жолдары  мен метро кешені салынады. Бұл аталғандар жол қозғалысының реттеудің жоспарлы - архитектуралық  шараларына жатады.

                Жол қозғалысын жүйелі  ұйымдастыру шараларына қолданыстағы көшелер мен жол тораптарындағы қауіпсіз қозғалысты жетілдіріп, дамыту қамтамассыз ету  шаралары жатады. Яғни, жол қозғалысын реттеуші белгілерді, бағдаршамдар жүйесін, жаяу жүргіншілердің  жол өткелдерін,  жол қиылыстарына айналмалы жолдарды енгізуді, біржақты көп тармақты қозғалысты қамтамассыз етуді т.б жатқызамыз. Мысалы Германияда қоғамдық көліктердің  (абтобустардың) тек өздері ғана жүретін арнаулы жолдары бар.

Архитектуралық – жоспарлау шаралары ірі көлемді капмиталдық салымдықажет етеді, ол қаланың болашақтағы қаланың өсу қарқынын болжай отырып, өзін- өзі өтеу уақыты көпке созылса да жүзеге асырылады. Ал ұйымдастыру шаралары  аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсетіп көліктің қозғалыс мәселесіне шешеді. Мысалы, көлік қозғалысы көбейген жол тараптарына қосымша бағдаршамдар, арнайы белгілер қою, жылдамдықты бақылаушы қондырғылар орнату, жаяу жүргіншілер үшін жер асты  жолдарын салу т.б немесе жылдамдықты азайту үшін жол төсеніштеріне кедергілер салу т.б.

Жол қозғалысын тиімді  ұйымдастыру және көлік жүйесінің жұмыс сапасын арттыру үшін жолаушыларды тасымалдау  үрдісін жетілдіру, қауіпсіздк шараларын қатаң сақталуын қадағалау және қоғамдық көлік маршруттарынның кестесін, жол бағдарын дұрыс анықтау керек.

 

Қазіргі таңда жол қозғалысы көбіне автоматты басқару жүйесі арқылы реттеледі. Бұл жүйеде арнайы техникалық жабдықтар қажетті ақпараттары жинақтап, оның оңтайлы шешімін анықтап шығарады. Оны бақылаушы оператор автоматтандырылған құрылғының жұмыс бағдарламасын реттеп, қайта құра алады. Автоматтандырылған басқару жүйесінде бағдаршамдардың бақылаушы құрылғылардың жұмысы бекітілген  бағдарлама бойынша автоматты түрде жүзеге асады.

              Басқару жүйесін орталықтандырудың екі түрі  бар. Желілік (локольное и системное) және жүйелілік.

Желілік жүйеде оператор тікелей жол қиылысын бақылауда ұстайды. Ол көлік қозғалысы мен жол өткелдерін (пешеход) бақылай отырып сигналдарды өзі өшіріп қосады. Бұл жүйе негізінен көрші жол қиылысымен тікелей  байланысы жоқ оқшауланған жол қиылыстарында қолданылады. Бағдаршам белгілерінің ауысуы жеке бағдарлама бойынша жүзеге асады.

              Жүйелі басқаруда барлық жол қиылыстарындағы бағдаршам белгілерінің ауысуы бірдей  өзгеріп орталықтан басқарылады. Бұл жүйеде басқарушы оператор қала картасының сызбасындағы барлық жол бағдаршамдарын көре отырып, олардың жұмысын ЭЕМ көмегімен арқылы үлкен экраннан бақылап отырады.

Бірнеше жол қиылыстарының бағдаршамдарының  өзгеруін бір орталықтандырылған жүйе арқылы басқару көліктердің белгілі ретпен үздіксіз қозғалуын қамтамассыз етеді.

Жол қозғалысын реттеуші техникалық жабдықтар тағайындалуы бойынша екі топқа бөлінеді.  Бірінші топқа көлік ағыны мен жол өткелдерінің қозғалысына  тікелей ықпал етуші  техникалық жабдықтар жатады.   Оларға жол бойына қойылатын белгілер, жол үсті белгі сызықтары, бағдаршамдар мен бағыттаушы құрылғылар, жол сілтеуші және мәлімет беруші тақтайшалар жатады.

Екінші топқа  бірінші топтың жұмысын берілген алгоритм бойынша қамтамассыз етуші текникалық жабдықтар жатады Олар жол бақылағыштар, көлік детекторлары, ақпаратты жеккізуші және өңдеуші құрылымдар, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған  жүйесі орналасқан басқарушы бекеттердің жабдықтары, диспетчерлік байланыс жабдықтары т.б жатады.

Көлік детекторлары дегеніміз бақылау нүктесінен өткен көлікті тіркеп отыратын, көлік ағынын анықтауға арналған қондырғы.

 

 



Информация о работе Жол қозғалысын ұйымдастыру негіздері