Жұмыссыз адамның әлеуметтік қорқынышы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:06, доклад

Описание

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 23.21 Кб (Скачать документ)

Есқалиев  Сағындық

Әлеуметтік  жұмыс 3 курс

Жұмыссыз  адамның әлеуметтік қорқынышы

     Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа  таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

     Экономикамыздың қаркынды дамуына қарамастан елімізде жұмыссыздар саны әлі де айтарлықтай  азаймай отыр. Халықты жұмыспен қамту мәселесі — қоғамның алдында тұрған басты әлеумеітік міндет. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық – белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді. Адамның «Жұмыссыз» атануы мынандай себептері бар:

1. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады

2. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.

     Түрлі табиғи факторлар мен адамзат  өркениетінің, соның ішінде өнеркәсіптің кенжелеп дамуына байланысты жер  шарының халқы планета аумағында  өте әркелкі орналасқан. Мәселен, қазіргі күні Жер шары халқының 70 пайызы планетаның құрғақ бөлігінің 7 пайызында ғана өмір сүріп жатыр. Соның ішінде Шығыс жарты шарында әлем халқының 80 пайызы шоғырланса, Солтүстік жарты шарда 0,9 пайызы ғана тұрады. 

Жер шарында әрбір шаршы шақырымға орта есеппен алғанда 40 адамнан келеді. Алайда осы орта көрсеткіш әлемнің әртүрлі бөлігінде әртүрлі деңгейде, Халық тығыз орналасқан жерлерде әрбір шаршы шақырымға 2000 адамнан келсе, енді бір жерлерде бір адамнан да айналмайды. Мәселен, Батыс Еуропа мен Азияда 1 шаршы шақырымға 100 адамнан келсе, Солтүстік және Оңтүстік Америкада 20 адамнан, Австралия мен Океанияда 4 адамнан келеді. Бельгия, Нидерланды, Ұлыбритания, Израиль, Ливан, Бангладеш, Кореяда 1 шаршы шақырымда 200 адамнан тұрып жатса, Моңғолия, Ливия, Намибия, Гренландияда 2 адамнан тұрады. Міне, Жер шарында халықтың әркелкі орналасуы табиғи ресурстардың тапшылығының үлкен себебі болып отыр. Осы мәселе қазіргі күні халықаралық еңбек миграциясы арқылы шешімін таба бастады.

     Әлемдік тәжірибеде халықты еңбекпен қамту  ісін басқарудың әртүрлі модельдері қолданылады. Мәселен, америкалық модель еңбекке қабілетті азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін кеңінен қамтуға ұмтылатын жұмыс орындарын құрумен ерекшеленеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда жұмыссыздар қатары азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің жағдайы онша жақсара қоймайды. Ал скандинавиялық модель мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбекақысы қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын көптеп аша отырып, жұмыс күштерін солай қарай тартуға бейімделген. Бұл модель негізінен мемлекеттік қаржы қаражатына арқа сүйейді. Үшінші еуропалық модель еңбек өнімділігін арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесіне орайластырылған. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары болады. Қазақстанның қазіргі қолға алған шаралары осы модельге келіңкірейді, бірақ өзіндік ерекшеліктері аз емес

     Елдің ең күрделі, ең өткір мәселесінің  бірі жұмыссыздық, Республиканың Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері  бойынша көп жылдар бойы жұмыссыздар  деп жұмысқа орналастыру органдарында есепке тұрған адамдар саны көрсетіліп, ол жыл сайын 250 мың адам, немесе 3,8-4,0 пайыз шамасында болып келді. Ал шын мәніндегі жұмыссыздар саны бұдан әлдеқайда көп еді. Оны алғашқыда жекелеген экономисттер ғана айтып жүрді, олардың есебі бойынша жұмыссыздар саны кемінде 1,5 миллион адам деп бағаланды, ал статистикалық органдар тек кейінгі жылдар ғана жұмыссыздардың екі түрлі санын көрсете бастады. Біздегі жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық жұмыс күштерін резервациялайтын қойма рөлін атқарады. Әртүрлі структуралық өзгерістерге ұшырау салдарынан пайда болған артық жұмыс күші, әрине, белгілі бір уақыттан кейін басқа салаларды меңгеру арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет. Қарап отырсақ, біздегі жұмыссыздық екі түрлі қарама қайшылыққа кездеседі. Біріншісі кадр тапшылығы болса, екіншісі белгілі бір салаларда оның артықтығы. Осы мәселелер ең бір шешім қиын мәселелер, дегенмен, оны да жоғарыда айтылған үлкен қоғамдық өзгерістер шешеді.

     Елдің ең күрделі, ең өткір мәселесінің  бірі жұмыссыздық, Республиканың Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері  бойынша көп жылдар бойы жұмыссыздар  деп жұмысқа орналастыру органдарында есепке тұрған адамдар саны көрсетіліп, ол жыл сайын 250 мың адам, немесе 3,8-4,0 пайыз шамасында болып келді. Ал шын мәніндегі жұмыссыздар саны бұдан әлдеқайда көп еді. Оны алғашқыда жекелеген экономисттер ғана айтып жүрді, олардың есебі бойынша жұмыссыздар саны кемінде 1,5 миллион адам деп бағаланды, ал статистикалық органдар тек кейінгі жылдар ғана жұмыссыздардың екі түрлі санын көрсете бастады.


Информация о работе Жұмыссыз адамның әлеуметтік қорқынышы