ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

              1871 ж. Лондон конвенциясы. Ресейдің дербес құқықтарына үлкен соққы болған 1856 ж. Париж трактатының шектеушілік қарарларының заңсыздығы бұғаздарға қатысты шешімдердің бірқатарын қайта қарастыру қажеттігіне әкелді. 1870 ж. қазанда Англия, Франция, Австрия-Венгрия, Италия және Түркиядағы орыс дипломатиялық өкілдіктеріне циркуляр жіберіледі. Бұл құжатта Ресейдің Қара теңіздегі дербестік құқықтарын шектеуші келісімшарт қарарларының ендігі жерде сақталмайтындығы айтылады. Ресейдің сырқы істер министрі А.М.Горчаков Париж келісімшартының барлық баптарын Ресей үкіметі толықтай сақтап отырғандығына сілтеме жасай отырып, басқа державалар тарапынан  бірнеше рет бұзылғандығы туралы мысалдар келтірді. Бұдан өзге Түрік сұлтанына Қара теңізде екі жағалаулық мемлекеттің әскери кемелерінің саны мен көлемін анықтаушы қосымша конвенциясының жойылғандығын хабарлады. Бұл циркулярды ұлы державалардың көпшілігі жақтырмай қарсы алды.

1871 ж. қаңтарда шетелдік әскери кемелер үшін бұғаздардың жабықтық қағидасын бекітуші және Қара теңіздегі орыс әскери кемелерін шектейтін, 1856 ж. Париж трактатының шешімдерін жоққа шығарған Лондон конвенциясы Париж келісімінің Ресейдің Қара теңіздегі дербестігін шектейтін XI, XIII, XIV баптарын, сонымен қатар Париж трактатына қосымша тіркелген жеке орыс-түрік конвенциясын алып тастады. Ресей мен Түркияға өздерінің қаратеңіздік әскери кемелерін шектеусіз көлемде ұстауға рұқсат етілді. Сөйтіп, Ресейдің Қара теңіздегі дербестік құқығы толық қалпына келтірілді. Бұл Қара теңіздегі Ресейдің дербестігін қалпына келтіру үшін халықаралық жағдайды тиімді пайдалана білген лорыс дипломатиясының үлкен жетістігі болды [17, 49 б.].

Қара теңіздік державалардың ең алдымен Англияның талап етуімен Лондон конвенциясына Ресейге қарсы бағытталған және осы державалардың Париж трактатын алдағы уақытта өзгертпеуін ерекшелеп көрсетуге ұмтылған қарарлар қосылды. Бұдан өзге 1841 ж. конвенция және Париж трактаты бекіткен барлық шетелдік әскери кемелер үшін бұғаздардың жабық болу приципін күшінде қалдыра отырып, 1871 ж. Лондон конвенциясы оған тікелей Ресейге қарсы бағытталған қосымша енгізді. Түрік сұлтанына 1856 ж. Париж трактаты шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Порта қажет деп тапқан жағдайда бейбіт уақытта дос және одақтас державалардың әскери кемелері үшін бұғаздарды ашу құқығы берілді. Түркия Париж трактатының шешімдерін қамтамасыз ету үшін қажет деп  тапқан жағдайда Ресей формалды түрде басқа мемлекеттермен теңқатар бұғаздар арқылы өзінің әскери кемелерін өткізу мүмкіндігін алды. Бірақ, іс жүзінде, бұғаздар арқылы өту өмірлік маңызды болған Ресейдің қаратеңіздік емес мемлекеттермен теңдігі күмәнді сипатта болды.

Париж трактатының Қара теңіздің бейтараптығы туралы ел шамына тиер шешімдерінің алынып тасталуына қол жеткізген орыс дипломатиясы орыс әскери кемелеріне Қара және Жерорта теңіздерін жалғастырушы бірден-бір жалғыз жолды жабу арқылы Ресей мүдделеріне кедергі келтіруші бұғаздар тәртібінің өзгеруіне ықпал ете алмады.

Үш император одағының құрылуы. 1871 ж. француз-прусс соғысы аяқталғаннан кейін қол қойылған Франкфрут бейбіт келісімшарты Францияның жеңілісін және Еуропада Германияның алға шығуын білдірді. Германия Эльзас, Шығыс Лотарингия және 5 млрд. франк контрибуцияны алды. Францияның жеңілуі сол кездегі халықаралық жағдайлардағы үлкен өзгерістерге әкелді. Герман империясының пайда болуы, Францияның әлсіреуі жіне бірігуін аяқтаған Италияның белсенуі Еуропадағы жағдайға өзіндік өзгерістер енгізді.

Канцлер Бисмарк Францияны өзіне одақтастар таба алмайтындай етуге және оның мүмкін болатын одақтастарын өз жағына тарту арқылы оқшаулануда ұстауға тырысты. Орыс дипломаты граф П.Шувалов Бисмаркты коалициялар үрейі дендеп алған,  -  деп жазды

1866 ж. Пруссиядан жеңіліс тапқан Австрия-Венгрия Францияның одақтасы және реванш саясаты жолында болуы керек еді. Алайда 1871 ж. билікке Германиямен тығыз қатынастарды қолдаушы неміс либералдарының үкіметі келді. Бұл Германияның Австрия-Венгриямен жақындасуына ықпалдастық етеді.1871 ж. тамызда Австрия императоры Франц - иосифтің Гермпния императоры   Вильгельммен және канцлер О. Бисмаркпен кездесуі болды. Бұл кездесу XIX ғ.70 жж. сыртқы саясат тарихында маңызды рөл атқарған монархтар кездесулерінің бірқатарын ашты [14, 85-86 бб.].

Канцлер Бисмарк Австрия-Венгриямен және Ресеймен достық қатынастарды,  Үш император одағын құруды қолдады. Ол бұл комбинация арқылы мүмкін болатын Австрия-Венгрия-Франция-Ресей коалициясының алдын алуға үмітенді. Герман империясы өз саясатында екеуара ірі саяси келіспеушіліктер болмағандықтан, яғни тактикалық сипаттағы себептер бойынша Ресейге сүйенді. Оның үстіне герман дипломатиясы Ресеймен жақсы қарым-қатынас өздерінің оңтүстік және оңтүстік – шығыс шекараларының қауіпсіздігін ескеретін Австрия – Венгриямен қатынастын нашарлануына әкелмеуі керек деп есептеді. Германия оған «шығыс мәселесінде» қолдау көрсету арқылы өз жағына тартпақ болды, әрине бұл Ресеймен жақсы қарым – қатынастың қиындауына әкелді.

Австрияның CIM Д. Андраши Гаштейнде О.Бисмаркпен сөйлескеннен кейін өзінің Ресейге қарсы австрия – ағылшын жақындасуы жоспарын іске асыру үшін Англияға ниетін білдіреді. Алайда Улатстон кабинеті кез келген одақтың міндеткерліктен бойын аулақ салды. Сонымен, Австрия – Венгрия Балқандағы ықпал үшін болған қарама – қайшылықтарына қарамастан, Ресеймен жақындасуға мәжбүр болды. Ресей де онымен жақындықты іздеген еді.

1872 ж. қыркүйекте Берлинде үш император кездесуі болды, әрі осы кездесу барысында министрлер арасында да тиімді келіссөздер жүргізілді. Берлин кездесуін Ресей канцлері А.М. Горчаков Австрия – Венгрияны бейімделуден аластату үшін пайдалануға тырысты, ал О.Бисмарк Австрия министрі Д.Андрашидің Ресеймен жақындасуын қолдады. Өз кезегінде Д.Андраши сербтердің азаттық күресімен және Австрия – Венгрияға қарсы ұлы серб қозғалысымен байланысты Балқандағы қалыптасқан жағдайды және балқан істеріне «араласпау» қағидасын сақтау туралы ауызша келісім жасалды.

Бисмарктың басты мақсаты Францияның изоляциясы болып қалды, бірақ бұл Ресейдің жоспарына енбеген болатын. Талқанданған Францияның әлсіреуі Еуропадағы күштер арасалмағының ауытқу қаупін тудырады, А.Горчаков Францияға қарсы Германияны қолдамайтындығын жеткізді. Алайда бұл Ресейдің орыс – герман достастығын бағаламайды дегенді білдірмейді. Орта Азияда ағылшын – орыс қатынастарының өткірленуі Ресейде Германиямен ынтымақтастыққа итермеледі. Сонымен қатар Франциямен ашық күресті жақтаушы Германияның канцлері О.Бисмарк екі майданда соғыс жүргізу қаупінің алдын алушы Ресеймен қатынастың жақсаруына мүдделі болды. Австрия – Венгрия Балқанда Ресеймен қақтығысып қалған жағдайда Германияны одақ ретінде көруге және сонымен бірге, Ресеймен осы ауданда ықпал ету аймағын ету аймағын бөлісу жайында келісуге үміттенді.

Сөйтіп, Германия Франция мен Ресей арасындағы мүмкін болатын одақты болдырмау саясатын жүргізді. Осман империясымен күресін, Орта Азияға жылжуын жалғастыра отырып, Ресей Германиямен жақсы және Австрия – Венгриямен бейтарап қатынастарын сақтауды жөн көрді. Англиядан қолдау таппаған Австрия – Венгрия Балқандағы қалыптасқан жағжайды сақтай отыра, канцлер Бисмарктың көмегі арқылы Ресеймен одаққа бару саясатын жүргізді. Яғни XIX ғ. 70 жж. халықаралық жағдай Ресей, Германия және Австрия – Венгрия мүдделерінің жақындасуына әкелді [14, 96-99 бб.].

1873 ж. 24 сәуірде Ресей мен Германия арасында әскери конвенцияға қол қойылады. Конвенция бойынша екі жақтың біріне кез келген еуропалық держава тарапынан шабуыл жасалған жағдайда екі жақ одақтасына көмекке 200 мың әскерін жіберуге міндеттенді. О.Бисмарк Австрия – Венгрия қосылған жағдайда ғана конвенцияның күші болады деп мәлімдеді. 1873 ж. 25 мамырда Австрия – Венгрия Ресеймен консультативтік пакт түріндегі келісімге келеді.

II Александр, I Вильгельм және Франц – Иосиф императорлардың біқатар кездесулерініңм, ең бастысы – канцлерлер О.Бисмарк, А.Горчаков және Д.Андраши арасындағы келіссөздердің нәтижесінде 1873 ж. күзінде «Үш император одағы» деген атау алған келісімге қол жеткізіледі. Осы келісімге келе отырып, Ресей өзіне қарсы бағытталған австро – герман одағының құрылуына жол бермеуге және Ұлыбританияға қарсы көрші державалардың қолдауына ие болуға ұмтылды; Германия болса, өз есебін француз – орыс жақындасуына кедергі жасауға және Францияны екінші рет талқандау үшін өзіне қолдауды қамтамасыз етуге орай құрды. Алайда 1875 ж. өзінде Үш император одағы шытынай бастады.

1872 – 1875 жж. француз – герман қарама-қайшылықтары. 1871 ж. Франкфурт бітімінен кейінгі кезең франко-герман қайшылықтарының шиеленісімен сипатталады. Франция мойнына байланған тонаушылық бітіммен келісе алмады. Лотарингиядан айырылғаннан кейін қауіп Парижге жақындады, жаңа герман шабуылының қаупі төнді. Осы кезден бастап соғысқа түрткі болған жаңа және маңызы зор қайшылықтың түйіні – Эльзас-Лотарингиядан мәселесі пайда болды. Бұл мәселе Франция мен Германия арасындағы төтенше өткір қайшылықтарды туындатты. Германиядан әскери қуатты жағынан анағұрлым әлсіз Франция оған қарсы реванштық соғысқа дайындалуда өзіне одақтас тартуға немесе тым құрығанда үшінші мемлекет тарапынан қолдау табуға тырысты. Ерте ме, кеш пе, Франция жағынан реваншты күткен Германия болса, батыс көршісіне қарсы қорғаныс соғысына дайындалды және оны халықаралық оқшаулану жағдайында ұстап тұруға ұмтылды.

Сонымен, 70 жж. француз саясаткерлерінің алдына қойған негізгі мақсаты қысқа уақыт ішінде күш жинау және жаңа одақтастарды іздестіру болып табылады. Францияға одақтассыз Германияға бетпе-бет қарсы тұру қиын болады. Соғыс бастауға Франция өте әлсіз еді. Бұны француз саясаткерлерінің көпшілігі жақсы түсінді. Францияның сыртқы саясат басшыларының алдында Гермнияға қысым көрсетуде қуатты қолдау табу мәселесі тұрды. Францияға ұлы державалардың қайсысы нақты көмек бере алатынын шешу үшін француз дипломатиясына соғыс кезінде әрбір еуропалық державаның ұстарған позициясын және Франкфурт бітімінен кейінгі олардың саясатының тенденциясын ескеру керек болатын.

Франция үшін Австрия – Венгрия және Италияның серіктес болып қалу ықтималдылығы үлкен болды. Алайда олардың франко-прусс соғысы кезіндегі ұстанған позициялары француз дипломатиясының көңілінен шықпаған болатын. Соған қарамастан, басқаларына қарағанда, бұл мемлекеттер бұрыннан Францияда жақынырақ еді. Франция мен Италия арасында қалыптасқан қайшылықтардың үстіне ендігі жерде Италияның Тунистегі белсенділігінің артуы келіп қосылды. Тунистегі француз және итальян капиталы арасындағы күрес он жылдан кейінгідей өткір сипат алмағанымен де, 1871 ж. бұл бәсекелестік француз сыртқы саясаты басшылығының назарынан тыс қалмады [5, 153-154 бб.].

Франция орынды одақтас ретінде ең көп үміттенген келесі бір держава – Австрия-Венгрия өзінің жаңа саясатымен шынайы жақындасуға деген мүмкіндікке жол ашпады. Ішкі саясаттағы қиындықтардың, соның ішінде ұлттық мәселелердің өсуі, Ресеймен қатынастардың шиеленісуі және ең маңыздысы – Германияның біріккен монархиядан әскери артықшылығы Габсбургтар үкіметін қуатты көршісімен жақындасуға итермеледі. Австрия-Венгрияның жаңа сыртқы істер министрінің прогермандық бағыты француз саяси қызметкерлерінің күмәнін тудырмады. Сондықтан қалыптасқан күштердің жаңа арақатынасын ескерген Франция, Австрия-Венгрияны өзіне қолдау көрсетуші күш ретінде санау жоспарларынан бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен, Австрия-Венгрия мен Италия Францияның болашақ одақтастары ретінде француз дипломатиясының жорамалынан алынып тасталды.

А.Тьер және француз сыртқы істер басқармасы қызметіндегі оның ізбасарлары герцогтар – Бройль және Деказ Францияның ең бірінші болашақ одақтасы ретінде Ресейде таныды. Ресей сөзсіз Германияның шамадан тыс жетістіктеріне алаңдады және одан өз мүдделеріне қауіп төнгендігін көрді, сондықтан ол Францияның одан әрі әлсіреп, қысымға ұшырағанын қаламады. Франция мен Ресей арасында жақын болашақта ауқымды да мардымды қайшылықтардың болмайтындығы анық еді. Екі ел жүргізген еуропалық саясатта да, отарлық жаулап алушылық саясатта да айтарлықтай мүдделердің тоғысулары байқалмады. Алайда сол кездері екі держава арасында одақ туралы сөздің болуы мүмкін емес еді. Патшалық үкіметтің ресми курсы Германиямен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

О.Бисмарктың дипломатиялық тәсілдеріне тән ол Францияға қатысты қысым көрсету мен қауіп төндіру арқылы әрекет ете отырып, франко-герман қайшылықтары жұмсартуға бірде бір талпыныс танытпады. 1872 ж. сәуір-мамырда Франция мен Германия арасындағы қалған 3 млрд. контрибуцияны уақытынан бұрын төлеудің әдістерін талқылауға арналған келіссөздерде канцлер А.Тьерді есептесудің германдық шартын қабылдауға мәжбүр етті.

1972 ж. Франция жалпы әскери міндеткерлік жүйесін енгізіп, әскерін жылдам қалпына келтіре бастады; ал сол жылдың қыркүйегінде неміс оккупациялық әскері француз территориясынан шығарылды. Осыдан кейін Франция сыртқы саясатта үлкендербестігін көрсете бастады. А.Тьер үкіметі құлағаннан кейін үкімет басына сырқы саясатта реваншизмге ұмтылған монархистер келді. Енді О.Бисмарк монархистік Францияның тез одақтастар табуынан қауіптене бастады [12, 68 б.].

Францияның қарулы күштерінің қайта құрылуын тоқтату үшін канцлер соғыс ашу қаупін төндіруге дайын болды. 1873 ж. тамызда Эльзас пен Лотарингияның Францияға қайтарылуы үшін сыйынуға шақырған Нанси қаласының эпископының уағызын О.Бисмарк Францияға қарсы жаңа дипломатиялық шабуылдың сылтауы ретінде пайдаланды. Әскепи тұрғыдан алғанда, 1874 – 1875 жж. Франциямен соғыс Германия үшін пайдалы болды, бірақ мәселенің дипломатиялық жағы қиынырақ болды. Басқа ұлы державалардың бейтараптығын қамтамасыз етіп, 1870 ж. француз-герман соғысындағы сияқты локализациялау мүмкіндігі бола ма деген сұрақ туды.

Франция Австрия-Венгрия, Ресей және Англиядан қорғаныс сүрады. Австрия-Венгрия да, Ресей де Германияның одан әрі күшеюінқаламады және француз елшісін канцлер Бисмарктың әрекетін сынға алатындығына сендірді, яғни Франция ұпайына бірлескен демонстрация қабылдады. Англия да Германия императорына Францияға қарсы соғыс бастайтын болса, оның салдары жақсылыққа апармайтынын ескертті. Осы қалыптасқан жағдайдан кейін неміс канцлері қақтығыстың одан әрі дамуын тоқтатты.

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар