ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

                  Франциямен бейбіт келісім, Төрттік Одақ туралы жаңғыртылған келісім және Вена конгресінің Қорытынды актісі тарихқа «веналық жүйе» атауымен енген Наполеоннан кейінгі дәуірдегі халықаралық қатынастардың негізі болды. Жеңімпаз – державалардың мүдделері қарама – қайшылықты еді. Бірақ Вена конгресінің қорытынды сатысында антинаполеондық коалиция мүшелері өзара қайшылықтарды жойып, ымыры шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. 1814 ж. Бірінші қыркүйегімен 1815 ж. Тоғыз шілдесі аралығында жиналған Вена конгресінің қабылдаған шешімдері Еуропадағы дворяндық монархия реакцияның күшеюіне ықпал етті. Революциялық және ұлт – азаттық қозғалыстармен күрес жүргізуді күшейте түсу үшін еуропалық мемлекеттердің реакциялық үкіметтері өзара Қасиетті Одақ құрды.

                  Еуропалық дипломатия тарихына Қасиетті Одақ революциялық рухты, саяси және діни бостандық сүйгіштікті, қай жерде бой көтерсе де, басып жаншу идеясы негізінде құрылған, айқын клерикалдық – монархиялық идеологиясы бар біріккен ұйым ретінде енді. Жеңімпаз – елдердің Қасиетті Одағы Вена конгресі бекіткен жаңа халықаралық саяси жүйенің тірегіне айналды. Бұл Одақтың Ресей императоры I Александр жасаған актысына 1815 жылдың 26 қыркүйегінде Австрия императоры І Франц, Пруссия королі ІІІ Фредрих Вильгельм қол қойып, бұл акті олардың атынан басқа еуропалық державаларға таратылды. Қасиетті (Киелі) Одақ актысына Англиядан басқа еуропалық мемлекеттердің барлығы да қосылды. Ал Англия формалды түрде
Қасиетті Одаққа кірмегенмен оның үкіметі өз саясатын Қасиетті Одақтың жалпы желісімен көбінде үйлестріп отыратын еді [2, 89 б.].

                 Рим Папасы алуан елдердегі католиктердің наразылық бүлдіруінен қауіптеніп, актыға қол қоюдан бас тартты. Құжаттың мәтінінде шынайы туыстық дәнекерлікке және христиан діні принциптеріне сүйене отырып, олардың бір-біріне көмек көрсетуді міндеттеріне алатындығы айтылған болатын. Қатысушылардың мақсаты 1815 ж. Вена конгресі бекіткен еуропалық шекараларды сақтау және «революциялық рухтың» қандай да бой көтеруімен күрес еді.

                 Қасиетті Одақта, әсіресе оның алғашқы жылдарында, ірі дипломат, әрі Австрия канцілері Меттерних басты рөл атқарды. Осыған орай Қасиетті Одақтың жалпы саясаты кейде «меттернихтік саясат» деп аталады. Қасиетті одақта І Александр да үлкен рөл атқарды. Қасиетті Одақтың кез келген либералды, сондай-ақ революциялық және ұлт-азаттық ұмтылыстврға қарсы жалпы-еуропалық реакция ұйымы ретіндегі күресі оның конгрестерінің қаулыларынан көрінді. Қасиетті Одақтың саяси өміріндегі үш кезеңді атап көрсетуге болады. Бірінші кезең – шын мәніндегі құдіреттілік кезеңі, ол жеті жылға созылды (1815 ж. қыркүйегінде Одақ құрылғаннан бастап 1822 ж. соңында Қасиетті Одақтың төртінші конгресі өткенге дейін). Қасиетті Одақ қызметінің бұл кезеңі барынша қызу белсенділігімен сипатталады.

                 Қасиетті Одақ қызметінің екінші кезеңі оның Испанияда интервенция ұйымдастырып, өзінің соңғы жеңісіне жеткен 1823 жылдан басталады. Сол кезде 1822 ж. министр болған Джордж Каннинг билігінің салдары күрт байқала бастайды. Бұл екінші кезең 1830 ж. Францияда болған Шілде революциясына дейін жалғасады. 1830 ж. революциядан кейін Қасиетті Одақ қирайды.

                 Қасиетті Одақтың төрт конгресі өтті: 1818 ж. Аахен конгресі, 1820 ж. үлкен Троппау конгресі, 1821 ж. Лайбах конгресі, 1822 ж. Верон конгресі. Қасиетті Одақтың негізін қалаушы үш держава басшыларынан басқа оларға Англия мен Франция өкілдері де қатысты.

                 Қасиетті Одақтың 1818 ж. Аахенде өткен бірінші конгресі Ресей, Австрия, Англия, Пруссия және Франция елдерінің алғашқы дипломатиялық конгресі болып табылды. Конгреске Ресей императоры І Александр, Австрия канцлері К.Меттерних, Англияның сыртқы істер министрі лорд Каслри, К.А.Гарденберг, Франция премьер – министрі герцог Ришелье қатысты.

                 Аахен конгресі Еуропадағы саяси тепе – теңдікті одан әрі нығайту мақсатында шақырылған болатын. Франциядағы жағдайды талқылау үшін одақтас сарайлардың кездесуі туралы ұсынысты Австрия канцлері К.Меттерних 1817 ж. наурыз айында жасайды. Маттернихтің көздеген мақсаты тереңде еді.Ол, біріншіден, Бурбондардың саяси оппозициясын әлсіретуге және Еуропадағы революциялық көңіл күйдің одан әрі өршуін болдырмауға тырысты;екіншіден, Францияның ұлы державалар қатарына қосылуын қолдау арқылы оған Ресейдің ықпалын азайтпақ болды; үшіншіден, Францияның Англиямен, Австриямен және Пруссиямен келісімді міндеттемелер арқылы қолын байлап,Еуропадағы орысфранцуз ықпалының күшеюіне жол бермеуге тырысты.Канцлер одақтастарының кездесу орны ретінде германдық басшылар мәміле барысында ықпал ете алмайтын, дабырадан алыс неміс қалашығы Аахенді белгілеуді ұсынды.

                     Аахен конгресіне даярлық кезеңінде одақтас державалар арасында конгрестің күн тәтібі және оған қатысушылар құрамы мәселелері бойынша қайшылықтар байқалды. 1817 ж.шілде айында I Александр одақтас державалар кездесуіне қатысуға келісті, бірақ мұндай жиналысты 1815 ж. Париж бейбіт келісімі негізінде өткізу керек деп есептеді, яғни кездесуге қатысулар саны шектелмеуі керек және олардың құрамына Франция өкілдерін енгізу керек деген пікірде болды [2, 89-90 бб.].

                    Барлық одақтас державалар француз проблемасының алдағы кездесуде орталық орынды алатынын түсінді. Ресей жағының есептеуінше, мұндай жиналыс « веналық жүйені » нығатуға ықпал етуі керек еді және талқылауға еуропалық проблемалардың үлкен шеңберін ұсынуға әрекет жасады. Петербург кабинетінің пікірінше, жиналыс жұмысына еуропалық елдердің көпшілігі қатысуы керек еді. Бірақ І Александр, егер жиналыста бір ғана мәселе -  одақтас әскерлерді Франциядан шығару ғана қаралатын болса, онда оған қатысушылар құрамын шектеуге келісуге даяр болды. Испания істерін, Германиядағы жағдайды, сауда – теңіз жолдарын қорғау проблемаларын және басқа да мәселелерді император мүдделі жақтардың қатысуымен ғана талқыламақ еді. І Александр Франциядан шетел әскерлерін тез арада шығару керек деп есептеді, олар кеткеннен кейін ғана Франция еуропалық достастықта өзіне тиесілі орнын ала алатын еді.

                    1818 ж. наурызда Австрия үкіметі алғашқы болып өз пікірін білдірді. Канцлер Меттерних кездесудің негізгі мақсаты Франциядағы ішкі саяси жағдайды талқылау болуы керек деген көзқараста болды. Австрия сарайы жиналысты тек Төрттік Одақ негізінде ғана өткізуге үміт артты. Бұл оған қатысушылар санын шектеп, орыс дипломатиясының маневр жасауына мүмкіндік бермес еді. Меттернихтің пікірінше, Франция бұл кездесуде тең құқықсыз қатысушы болар еді. Егер Петербург сарайы алдағы кездесуде кіші мемлекеттерді шығарып тастау принциптерінен бас тартуға тырысса, Вена, Берлин және Лондон бұған кері көзқараста болатын.

                     Аахен конгресіне даярлық жасау барысындағы 1818 ж. 5 және 16 сәуірдегі австриялық меморандумдарда төрт одақтас держава ғана 1815 ж. конвенциялар мен келісімдерді өзгертуге, сонымен қатар еуропалық державалардың жиналысқа қатысу туралы өтінішін қабылдамауға құқықты делінген. Дегенмен бұл бағдарлама Еуропадағы саяси тепе – теңдікке нұқсан келтіруі мүмкін еді. Сондықтан Меттерних оған өзгертулер енгізуге мәжбүр болды. Жаңа нұсқада былай көрсетілді: Францияны жаулап алуды тоқтату мерзімі және  оның «веналық жүйедегі» рөлі туралы мәселелерден басқа мәселелердің барлығы мүдделі жақтардың тікелей қатысуымен талқылануы керек.

                     1818 ж. сәуір айының соңында ресейлік СІМ меморандум әзірледі, онда ресми талқылау және шешім қабылдау пәні тек қана француз проблемасы бола алады. Басқа мәселелер бойынша ресми емес пікір алмасу ғана жүргізіледі деген ой қатаң түрде айтылды.

                      Осылайша, көрсетілген тұтастыққа қарамастан, Ресей мен оның одақтастары арасындағы алдағы кездесу мақсаттары туралы қайшылық сақталып қалды [4, 251 б.].

                      Аахен конгресі қарсаңында одақтас елдердің дипломаттары одақтас Карлсбад қалашығында кездесті. Мұнда конгреске дипломатиялық даярлықтың соңғы туры өткізілді.Оның басты мақсаты одақтастар мен бәсекелестер кездесуде ұсынатын бағдарламалардың мықты және әлсіз жақтарын айқындауға тырысу еді.

                     Конгресс басталар кездегі орыс дипломатиясының бағдарламасында айтарлықтай өзгерістер жоқ болатын. Австрия ұстанымы да бұрынғыша қалды, ал ағылшын делегациясының бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

                     Каслри жазып, ағылшын өкілдеріне арналған нұсқаулық ретінде бекітілген естелік хатта Франция өзінің қаржылық міндеттемелерін орындаған жағдайда оның территориясынан одақтас әскерлерді толық шығарудың қажет екендігі айтылған. Одан әрі Төрттік Одақтың оның бастапқы қалпында сақтап қалу қажеттігі көрсетілген, демек Франция оның тең құқықты мүшесі бола алмайтын еді.

                     Аахен конгресі 1818 ж. 20 қыркүйегінде ашылып, өз жұмысын осы жылдың 29 қарашасында аяқтады.Аахенге Ресей, Австрия және Пруссия делегацияларын басқарған Меттерних пен Каслри, Нессельроде мен Каподистрия, Франция премьер-министрі герцог Ришелье, сонымен қатар І Александр, І Франц және ІІІ Фридрих Вильгельм келдә.Аахенге олардан басқа көптеген төменгі дәрежелі ағылшын, прус, орыс және француз дипломаттары ағылды.

                     Конгресс жұмысы барысында 47 жиналыс өткізіліп, француз, испан мәселелері, құл саудасына тыйым салу және сауда – теңіз жолын қорғау, т.б. мәселелер қаралды. Алғашқы болып Франциядан жаулап алушы әскерлерді шығару туралы мәселе шешілді. 1818 ж. 27 қыркүйегінде Францияның Төрттік Одақ  мүшелері 1818 ж. 30 қарашасына қарай барлық одақтас әскерлерді шығару және 260 млн. Франк көлеміндегі контрибуцияны дер кезінде төлеу туралы конвенцияларға қол қойды. Ришелье Төрттік Одақты бес держава одағына айналдыруды талап етті, бірақ Каслри мен неміс сарайларының талабы бойынша 1818 ж. 1 қарашасында төрт державаның ерекше конвенциясына қол қойылды. Онда Францияда орнатылған тәртіпті сақтау мақсатында құрылған Төрттік Одақ бекітілген. Тек осыдан кейін ғана одақтастар 1818 ж. 3 қарашасында Вена конгресі бекіткен мемлекеттік шекараларды және саяси жүйені өолдау ісінде Францияны төрт державаға қатысуға шақырды.

                     1818 ж. 3 қарашасындағы конгрестің барлық қатысушылары қол қойған декларация «Қазіргі уақытта игілікті ықпалы шайқалып қалған халықаралық құқық, тыныштық. Сенім мен адамгершілік» бастауларын қолдаудағы олардың ынтымақтастығын жариялады. Бұл сөздердің астарында бес монархияның Еуропада абсолюттік құрылымды бірлесе нығайтуға және деген ынтасы жатыр еді [2, 102 б.].

                     Күн тәртібінде ресми түрде француз проблемаларын байланысты екі мәселе ғана қойылғанына қарамастан, конгресте халықаралық қатынастардың басқа да аспектілері қарастырылды: Испания мен оның отарлары арасындағы қақтығыста державалардың делдалдық етуі жөніндегі мәселе, сауда теңіз жолының еркіндігі және құл саудасын тоқтату туралы мәселелер. Мұнда сауда теңіз жолын пираттардан қорғау туралы мәселе бойынша ғана нақты шешім қабылданды. Англия мен Францияға пираттық әрекеттердің әлемдік саудадағы залалын тигізетіндігі және оларды ауыр салдарларға әкеліп соқтыратындығы туралы солтүстік – африкандық регенстволарға ескерту жасау ұсынылды.

                     Аахен конгресі еуропалық дипломатия тарихындағы «Вена жүйесін» құрғаннан кейінгі ірі оқиға болды. Оның қабылдаған шешімдері оны нығайтып, ұлы державалардың өз одағын сақтап қалуға мүдделі екендігін көрсетті. Аахен конгресінің қабылдаған шешімдері Еуропада Қайта құру тәртібін сақтауға бағытталған болатын.

                    Бес одақтас державалардың – Австрия, Ресей, Пруссия, Франция мен Англия елдерінің екінші конгресі 1820 ж. 11 қаңтарында Троппауда (Силезия) ашылды. Конгресс Ломбардия мен Венециядағы Австрия иеліктеріне қауіп төндірген 1820 ж. Неаполитан корольдігіндегі революцияға байланысты Меттернихтің бастамасымен шақырылған болатын. Оған үш монарх – І Александр, І Франц және үш Фридрих Вильгельм, екі ресейлік статс – секретарь, Каподистрия мен Нессельроде, Австрия мен Пруссия канцлерлері, сонымен қатар әр түрлі дәрежедегі көптеген дипломаттар қатысты. Ресми өкілдерден басқа мұнда делегация басшыларының отбасы мүшелері мен олардың қошеметшілері келді.

                    Троппаудағы конгресс, бастапқыда оған аахендік келісім негізінде жиналған тек бес державаның өкілдері қатысқанмен, қойылған міндеттері бойынша, Қасиетті Одақ мүшелерінің съезі болатын. Конгресс өткір дипломатиялықкүрес жағдайында өтті.

                    Бірінші отырысты канцлер Меттерних «одақтас державалардың мемлекеттердің ішкі ісіне олардағы революцияны басу мақсатында араласуға құқығы» негізделген «Хатты» ұсынды. Меттерних австриялық ұсыныстардың «моральдық қолдауын» алуға тырысты. Ол неополитандық революция мен әскери араласудан басқа жол жоқ деп атап өтті.

                    Ресей делегациясы неополитандық революцияға қарсы біріккен моральдық іс - әрекеттер қолдануды ұсынды. Пруссия өкілдері австриялық көзқарасты қолдады, ал Англия мен Франция өкілеттілері қандай да бір шешімді рәсімдеуден бас тартты [5, 86 б.].

                    1820 ж. 7 қарашасында Ресей, Австрия және Пруссия Бастапқы қаулы мен оған енгізілетін толықтыруларға қол қойды. Оларда басқа мемлекеттердің ішкі істеріне (бұл мемлекеттер үкіметінің шақыруынсыз-ақ) олардағы революциялық қозғалыстарды басу үшін әскери араласу құқығы жарияланды.

                    Бастапқы қаулының және оған енгізілетін қосымшаның мәтінімен Англия мен Франция өкілеттері танысты. Олар неополитандық оқиғаларға одақтастардың араласу құқығын мойындағанмен, бұл құжаттарға ресми түрде қосылудан бас тартты. Осылайша, Троппауда қабылданған шешімдерді мақұдаудан формалды түрде бас тартқанмен, ағылшын өкілеттілері де, француз  өкілеттілері де тәуелсіз мемлекеттің ішкі ісіне араласу құқығын айыптамады.

                    Конгресс қатысушылары қол қойған қаулы Австрияның неополитандық корольдікті жаулап алуына санкция берді. І Александрдың талап етуі бойынша, қаулы корольдікке  қол сұқпаушылықты және неополитандық корольдің өз халқына конституцияны ерікті түрде сыйлау мүмкіндігін қамтамасыз етті.

                    Еуропадағы революциялармен күрес туралы мәселені талқылау Қасиетті Одақтың 1821 ж. 11 қаңтарында Лайбахта ашылған үшінші конгресінде жалғасты.

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар