ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

              Бұл уақытта Ресейде оның сыртқы саясатына әсерін тигізген оқиғалар болып өтті. А.Горчаков сыртқы саяси қызметке белсенді түрде қатысудан алыстады. А.Горчаков өмірінің соңғы жылдарында сыртқы істер министрлігін іс жүзінде оның орынбасары Н.Гирс басқарды. Қоғам тарапынан қолдау таппаған, беделі жоқ ол бастамаларға бармады және патшаның әр бұйрығын бұлжытпай орындап отырды. Сыртқы саяси стратегияны қалыптастыруға армияның қайта құрылуы кезінде Ресейге тыныш сыртқы саясат керек деп есептеген әскери министр Д.Милютин үлкен әсер етті. 1881 ж. наурызда ІІ Александр қаза ьолып, таққа оңың ұлы ІІІ Александр отырды.

              Австрия-Вернгрияға келетін болсақ, Венгрия Англияға үміт арттыруға болмайтынына көзі жеткен соң ол Үш император одағын жандандыруға келісті.

              Әлсіреп қалған Үш император одағын ондағы міндеттемелер қайта айтылған 1881 ж. 18  маусымдағы Германия, Ресей, Австрия-Венгрия  арасындағы келісімшарт бекітті. Консультативті пакт болған 1873 ж. шартқа  қарағанда, 1881 ж. келісімшарт бірінші кезекте бейтараптық туралы келісім болды. Бейтараптық үшеуінің біреуі төртінші державаның шабуылына тап болған жағдайда, атап айтқанда, Англияның Ресейге немесе Францияның Германияға шабуылы жағдайында державалардың көмекке келетінін білдірді.

              Бұл Ресейдің Германия алдындағы француз – герман соғысына арласпау міндеттемесін білдірді.  Орнына Германия мен Австрия-Венгрия ағылшын-орыс соғысы жағдайында Ресейге дәл сондай кепілдік берді. Бейтараптық кепілдігі Түркиямен соғыс жағдайына да қатысты болды. Шарттың ешбір қатысушысының Балқандағы қалыптасқан территориялық жағдайды қалған екі серіктесімен алдын ала келісімсіз өзгертуге талпынбайтындығы қарастырылды. Сондай – ақ, Германия мен Австрия-Венгрия Ресей барлық ұлттардың әскери кемелері үшін бұғаздарды жабу қағмдасынан бас тартса, оған Түркияға қарсы дипломатиялық қолдау көрсететініне уәде берді. Бұл бап ресей үшін маңызды болды, оған ағылшын-түрік келісімінің мүмкіндігін алдын алды және Қара теңізде ағылшын флотының пайда болу қаупін жойды.

              Сөйтіп, Германия Франциямен соғыс жағдайында орыс бейтараптығына кепілдік алды. Австрия-Венгрия үшін бұл Түркиямен соғысқа қатысты Ресейді оның ұстанымымен есептесуге міндеттеген маңызды ескертпе болды. Шарт Түркияның еропалық иеліктеріндегі территориялық өзгерістерді тек қана оның барлық үш қатысушысының өзара келісімі бойынша болатынын қарастырды. Австрия – Венгрия Босния және  Герцоговинаны аннекциялау құқығын сақтап қалды және барлық үш мемлекет Солтүстік пен Оңтүстік Болгарияның қосылуына қарсы тұрмауға келісті [18, 58-59 бб.].

              Үш император келісімінің 1875-1878 жж. Шығыс дағдарысы аяқталғаннан кейін  бәсеңдеген австрия – орыс қайшылықтарының қайта жандануына дейін ғана өмір сүре алатындығы  бүкіл осы дипломатиялық комбинацияның осал жері болды. Шарт үш жылға жасалды, ал кейін  1884 ж. наурызда Берлинде оның мерзімі тағы үш жылға ұзартылды. Алайда 1885- 1886 жж. одақ болгар мәселесіне қатысушылар арасындағы қайшылықтардың шиеленісіне бола іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты.

              Үштік одақ. Германия 1879 ж. Австрия-Венгриямен одақ құрып, Францияны оқшаулау мақсатында белсенді түрде Италия сияқты одақтас іздестірді. Герман дипломатиясы бұл одақтасты тауып қана қоймай, оны өзі жасанды десе де болады, себебі бұл үшін оған сол кездегі итальян үкіметінің франкофильдік тенденцияларын, итальяндықтардың қазіргі жауы – австриялықтарға деген көне жек көрушілігін және итальяндық ұлтшылдардың  Австрия-Венгриядан тек Трентиноны ғана емес, Триесті де тартып алу ұмтылыстарын жеңуге тура келді.

              Италия сыртқы саясатының бірінші кезектегі міндеті арқа сүйеуге болатын  одақтас табу болды. Ал одақтас таңдауда оның мүмкіндіктері шектеулі болды. Англия оқшаулану бағытын ұстанды,  ал Францияға үміт арту бірқатар себептерге қатысты қиынға соға бастады. Ол бәрінен бұрын Францияның өзі тап болған қиын жағдайға қатысты болды. Сонымен қатар француз – итальян қатынастарына Париждің «Рим мәселесіндегі», яғни папаладың зайырлы билігі мәселесіндегі ұстанымы қатты әсерін қалдырды.

              XIX ғ. 70 жж. бұл мәселе итальян сыртқы саясатындағы маңызды мәселелердің біріне айналып, Италияның ішкі саяси өміріне де, халықаралық жағдайына да әсер етті. Еуропалық державалардың әрқайсысы папалық мүдделерді қорғауға немесе италиямен күресте итальян – ватикан қайшылықтарын қолдануға мүмкіндік алды. Бұл елдің халықаралық ұстанымдарын қиындатты. Мұндай жағдайда итальян үкіметі дипломатиялық оқшаулану қаупін болдырмау мақсатымен Германиямен қатынастарын жақсартуға тырысты. Италияны Германияға қарай бет бұруға олардың бірыңғай мемлекеттерді құрудағы ұқсастықтары да, Германияның халықаралық аренаға кіре салып, нық сеніммен жетекші держава орнын иемденгені де итермеледі [19, 115-116 бб.].

              Берлинде Италиямен одақ құру идеясына да жақсы қарады, өйткені О.Бесмарк Францияның мүмкін болатын достарын өз жағына тартуға талпынды. Бірақ канцлер тек екі жақты итальян – герман одағын құруға асықпады. Ол итальян үкіметіне Римнен Берлинге дейінгі жол Вена арқылы өтетінін, яғни Германия Италиямен одаққа тек өзінің одақтасы  Австрия-Венгриямен   бірге баратынын білдірді. Италия үшін Германияның мұндай ұсынысын қабылдау өзінің бұрынғы жауына деген жек көрушілігі себебінен оңай болмады. Алайда Тунисті басып алған республикалық Францияға деген жек көрушілігі Австрия-Венгрияға деген жек көрушілігінен күштірек болып шықты. Италияны еуропалық державалар ортасынан қосу міндетімен қатар итальян үкіметінің назары отарлық мәселеде де болды. Туниске қатысты дипломатиялық күрес барысында итальян-француз қатынастары күрт шиеленісті. 1881 ж. Франция  Туниске шабуыл жасады. Әрине, бұдан кейін Тунисті басып алу Италияны Германиямен жақындасуға итермеледі.

              1881 ж. итальян-австрия келіссөздері басталды. Келіссөздер сәтті басталғанымен, кейін жалғасын таппады. Австро – венгерлік тарап 1881 ж. 18 маусымдағы австро – герман – орыс шартынан кейін Италия үшін Францияның Тунисті басып алуы үлкен дипломатиялық жеңіліс болды: Туниске деген бар үмітін жоғалтқан Италия ешқандай компенсация алмады.

              Италия Германиямен және Австрия-Венгриямен одақ құруды, Англиямен Жерорта теңізінде теңдікті қамтамасыз ету ісінде одақ құруды, ең құрығанда, достық қатынастар орнатуды жақын арадағы басты міндет көрді. Негізінде, канцлер Италияның орталық державалармен одақ құруына үнемі дайындығын білдіріп отырды. Оған қоса Италия мен Францияның мүмкін болған одағын болдырмау мақсатына қол жеткізген соң ол енді Тунис басып алынғаннан кейін түбегейлі оқшаулануға тап болған Италиямен жақындасуға бармақ болды. Рим де Германия және Австрия-Венгриямен одақ құруға бет бұрды. Австрия – Венгрия да италиямен одаққа барды, өйткені одақ Австрия – Венгрияға оның Ресеймен соғысы жағдайында тылды қамтамасыз етті.

              Келіссөздер нәтижесінде 1882 ж. 20 мамырда Венада Германия, Австрия – Венгрия және Италия арасында Үштік одақ деген атауға ие болған одақтық шарт қабылданды. Шарт бес жылға жасалды, әр бес жыл өткен сайын мерзімі ұзартылып, 1915 ж. дейін өмір сүрді.

              Бірінші бапқа сәйкес, шартқа қатысушылар бір – біріне «бейбітшілік пен достықты» уәде етті, олардың біреуіне қарсы бағытталған ешбір одақтар мен міндеттемелерге қатыспауға, «жалпы сипаттағы саяси және бір- біріне өз мүдделері шеңберінде өзара қолдау көрсетуге» міндеттенді.

              Франция Италияға немесе Германияға шабуыл жасаған жағдайда олар бір – біріни қолдауға міндеттенді, ал Австрия- Венгрия тек бейтараптыққа уәде берді. Сонымен қатар үшеуі бір – біріне Франциядан басқа кез келген ұлы державамен соғыс жағдайында бейтараптықты сақтауға, ол Одаққа қатысушы үшеуінің біреуіне бірден екі ұлы держава шабуыл жасаған жағдайда әскери көмек көрсетуге уәде берді. Австрия  - орыс соғысы жағдайында бұл Австрия – Венгрия үшін Италияның бейтараптығын қамтамасыз етті. Бұл шарт ерекше сипатта болды, өйткені онда оған қол қойған державалар бейбіт кезде соғысқа бір уақытта қатысқан кезде сепараттық бітімге бармайтыны айтылды.

              Австрия – Венгрия және Германия шартқа қол қойғаннан кейін Италияның талабымен оның айрықша мәлімдемесін есепке алды. Оның мәні мынадай болды: егер оның серіктестеріне шабуыл жасаған державалардың біреуі Англия болса, онда Италия үшінші бапта қарастырылған әскери көмекті өзінің одақтастарына көрсетпейді. Жағалаулары ағылшын әскери флотына ашық болған италия Англиядан қорықты  және онымен қақтығысқа бару қатерлі деп есептеді. Солайша, Үштік одақтың пайда болуынан бастап – ақ Германияның және Австрия – Венгрияның Италия сияқты одақтасының оның жаулары қатарына Англия кіргенге дейін ғана адал болатыны анық болды [19, 125-126 бб.].

              Бесінші бап тараптардың біреуіне қауіп пайда болған жағдайда олардың біріккен әрекеттері жайлы алдын – ала келісімді қарастырды. Сонда тараптар «соғысқа бірге қатысудың барлық жағдайында бір – бірінің ортақ келісіменсіз бітім мен шарттарға бармауға» міндеттенді. Алтыншы бап осы шарттың мазмұнын және өзінің де бар екендігін құпияда ұстауды қарастырды.

              Осылайша, Германия бірінші болып әскери одақтарды құра бастады. 1879 ж. канцлер Бисмарк Австрия – Венгриямен Ресейге қарсы бағытталған одақтас шартқа қол қойды. 1882 ж. бұл одаққа Франциямен қатынасы шиеленіскен Италия қосылды. Сөйтіп, бірінші дүниежүзілік соғысты дайындауға үлкен маңыздылыққа ие болғпн Үштік одақ пайда болды.

1887 ж. әскери дабыл. 1887 ж. басына қарай Германияның  әскери және саяси басшылығында Франциямен ақырында болатын соғыстың болар уақытын созбай, қолайлы  жағдайды пайдаланып қалу, кідірмей соғысты бастау керек деген пікір жеңді. 1887 ж. басындағы бүкіл әскери  дабыл барысында француз үкіметі мен оның дипломатиясы пассивті, қорғаныс тактикасын ұстанды. Әскери, саяси, дипломатиялық қатынастарының біреуінде де француз үкіметі герман агрессиясына жауап қатпады. Кенет әскери дабыл бәсеңдей бастады. Германияның Францияға дипломатиялық басқыншылығы кенеттен тоқталды. Францияға басқыншылығын бастаған Германияны тоқтатып, еш сәттілікке қол жеткізбей, бастапқы позициясына қайта оралуына не себеп болды? Герман саясатындағы бұл шешімнің себебі петерборда еді. 1886 – 1887 жж. аралығында О.Бисмарк Ресеймен келіссөздер жүргізді және Ресей оған Батыста әрекет ету бостандығын бермейтіндігіне көзі жетті. Дәл осы жайт оның 1887 ж. қаңтар – ақпан айларында кері шегінуіне себеп болды. Ресей бейтараптық саясатынан бас тартты, ал екі майдандағы соғыс тәуекеліне баруға оның батылы жетпеді. Ресейдің сол кездегі ұстанымы Германияның Францияға қарсы соғыс бастауына жол бермеді. Осылайша, Франция, өз әрекеттері есебінен болмаса да, қайтадан құткарылып қалды.        

              Жерорта теңіздік Антанта. Отарлық мәселелердегі ағылшын – француз қайшылықтары және Англияның Таяу шығыстағы Ресей ұстанымдарының нығаюына  жол бермеуге ұмтылыстары Англияның Үштік Одақ  державаларымен жақындасуына алып келді. 1886 ж., бір жағынан,, Англия және екінші жағынан, Австро-Венгрия мен италия арсында келіссөздер басталды.  «Керемет оқшаулану»  саясатын ұстанатын Ұлыбритания үкіметі өзін қандай да бір формалды одақпен байланыстырғысы және қандай да бір нақты міндеттемелер бергісі келмеді. Таяу Шығыстағы ағылшын – орыс қайшылықтарының шиеленісіне мүдделі болған Бисмарк бастаған герман үкіметі Англияға оның Мысыр мәселесінде қолдау көрсетпейтіндігін ескерте келе, ұстанымына қысым жасады. Бірқатар ескертпе жасап, ағылшын үкіметі жеңілдіктерге барды. 1887 ж. Англия мен италия арасындағы келісім екі тарапты да Жерорта, Адриатика, Эгей және Қара теңіздерінде статус – квоны сақтауға міндеттенді. Оны сақтау мүмкін болмаған жағдайда олардың арасында ерекше келісім қабылдау қарастырылды. Кейінірек үш державаның Түркияға қатысты ұстанымдарын айқындаған ағлшын – австрия келісімі қабылданды. Державалар Шығыста статус – квоны сақтауға және Түркияда Ресей ықпалының басым болуына  жол бермеуге міндеттенді.

              «Алдын ала сақтанып қалу шарты». 1887 ж. маусымда үш император шартының мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей француз  - герман қақтығысы болған жағдайдағы ұстанымдарына қатысты өзінің бір міндеттемелерінен босады. Осы уақытта дәл Франция мен Германия арасындағы қатынастар барған сайын шиеленісе бастады, 1885 – 1887 жж. болгар дағдарысына бола австрия – орыс қатынастары да шиеленісті. Сондықтан О.Бисмарк Австрия – Венгриямен және Италиямен одаққа сүйеніп, Ресеймен келісімге отыру арқылы, сөйтіп оның франциямен жақындасуын болдырмау арқылы алдын ала сақтанып қалуды көздеді. Герман канцлерінің ойынша, «алдын ала сақтанып қалу шарты» Германияның екі майдандағы соғыс қаупін болдырмау керек еді.

              Бір жағынан, Ресейдің Орта азия мен Ирандағы сәттіліктері, екінші жағынан, Австрия- Венгрияның Болгария князьдығы мен Сербиядағы және Англияның Осман империясындағы ықпалының күшеюі Ресейдің Англия және Австрия – Венгриямен қатынастарын шиеленістірді. Яғни Ресейдің Ұлыбританиямен қатынастары шиеленіскендіктен, оған «алдын ала сақтану шарты» керек болды [14, 128-129 бб.].

              Сөйтіп, Үш император одағына сенім артпай, Ресей және Германия үкіметтері орыс  - герман бәсекесінің күшеюіне қарамастан, 1887 ж. «алдын ала сақтану шарты» деген атқа ие болған шартқа қол қойды. Бұл шартқа сәйкес, тараптар олардың біреуі үшінші  державамен соғыс жүргізген жағдайда бейтараптықты сақтауға міндеттенді. Бұл міндеттеме Австрия – Венгрияға немесе Францияға қарсы соғысқа қатысты болмады. Германия Ресейдің Балқан түбегіндегі «тарихи жолмен иемденген» құқықтарын мойындады. Екі жақ бұл аймақта бір – бірінің алдын ала келісімінсіз территориялық өзгерістерге жол бермеуге және ондағы қалыптасқан жағдайды бұзуға бағытталған кез келген талпыныстарға қарсы тұруға міндеттенді.

              «Алдын ала  сақтану шарты» Босфор мен Дарданелл бұғаздарын барлық ұлттардың әскери кемелері үшін жабу қағидасының «өзара міндеттілігін» мойындады. Егер де Түркия бұл қағидадан бас тартса, Германия мен Ресей Түркия әрекеттері шартқа қол қойған державалардың қайсысына нұқсан келтірсе, соны соғыс жағдайына енген ретінде қарастыратыны туралы және оның»1878 ж. Берлин трактаты қамтамасыз еткен территориялық қол сұқпаушылықтың артықшылықтарынан айырылатыны» туралы жариялауға міндеттенді.

              «Алдын – ала сақтану шартының» құпия хаттамасы бойынша, Германия Ресей өз мүдделерін қорғау мақсатында «Қара теңізге кіре берісті қорғауды өз мойнына алуға» мәжбүр болған жағдайда бейтараптықты сақтауға, оған моральдық және дипломатиялық қолдау көрсетуге міндеттенді. Бұл хаттаманы  Бисмарк «екі қабат түпке тығып тастауды» ұсынды, сол себепті «алдын ала сақтану шартын» кейде «екі түбі бар» шарт деп те атайды.

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар