ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

              Сөйтіп, Ресей Германияға Франция шабуыл жасаған жағдайда оған дос болатын бейтараптықты сақтауға міндеттенді, ал Германия Таяу Шығыста Ресейге Ұлыбритания қарсы шыққан дағдайда оны қолдауға уәде берді. Бұл тепе – теңдіктің әлсіз болғаны соңшалықты, бар жоғы үш жыл ғана өмір сүрді. Бисмарк билік басынан кеткен соң, герман үкіметі Германияның Ұлыбританиямен алда жоспарланған жақындасуын және Австрия – Венгриямен одағын ары қарай нығайтуын қиындатады деген қорқынышпен шартты жандандырудан бас тартты.

Француз – орыс одағының құрылуы. Эльзас – Лотарингия мәселесін соғыс факторы ретінде тудырған Франкфурт бітімі француз саясаткерлері мен дипломаттарын одақтар мәселесімен шұғыл айналысуға мәжбүрледі. Франция 1870- 1871 жж. соғыстан кейін енген халықаралық оқшауланудан шығуға міндетті болды, оған одақтастар табу, ең құрығанда, Еуропадағы ұлы державалар арасынан қолдау табу керек болды. Француз сыртқы саясат басшылары француз дипломатиясының басты күші Ресейдің сенімі мен қолдауына қол жеткізу саясатына бағытталу керектігін Франкфурт бітімінен кейін екінші күні – ақ түсінді франция мен Ресейдің жақындасуы негізінде әр түрлі және көптеген мүдделер жатты. Франция мен Ресейдің арасында үлкен қайшылықтардың болмауы бұл жақындасуды жеңілдетті. Олардың арасында қайшылықтар болған жоқ емес, болды және болмауының өзі мүмкін емес еді, мысалы таяу Шығыста Түркияда орыс пен француз капиталдары және орыс пен француз ықпалы өзара бақталаста болды. Алайда бұл қайшылықтар қарастырылып отырған кезеңде елеулі болмады.

              Француз буржуазиясы Ресеймен ынтымақтастықтың болашағын Ресейдің де, Францияның да отарлық саясатындағы мүдделеріне қайшы болған Англияға әсер ету үмітімен байланыстырды. Оған қосы билік басындағы француз буржуациясы да, орыс патшалығы да екі мемлекет арасында байланыс және ынтымақтастық орнату олардың жаулап алушы отарлық саясатының мүмкіндіктерін нығайтатынына және мүмкін басқа уақытта, басқа жағдайда еуропалық бақталастарына қарсы өздері де шабуылға көшкенде септігін тигізетініне сенді.

              Саяси факторлардың ішінде, әрине, ең бастысы, герман қаупі болды. 1879 ж. австрия – герман одағының құрылуы франция мен Ресейдің жақындасуын болдырмай қоймады және ең ақырында француз – орыс одағын құруды тездетті. Алайда 80 жж. аяғында орыс – австрия және орыс – герман қатынастарының нашарлауы Ресейді француздардың ынтымақтасу және жақындасу талпыныстарына қарай бет бұрғызды [23, 48 б.].

              Канцлер Бисмарк еөп жылғы дипломатиялық мансабы бойында өзінің басты мақсаты ретінде француз – орыс одағын болдырмауды қойғаны бнлгілі. Оның 1871 ж. кейінгі бүкіл дипломатиясы, шын мәнінде, осы негізгі міндетке бағынған болатын. Франциямен келісімге бармай тұрғанның өзінде Ресейдің Батыста герман саясатын аңдып бақылауы Германияның жолын бөгеді.

              80 жж. аяғында орыс – герман экономикалық қатынастары шиеленісті. Шығыста герман экспансиясының күшеюі оны Австрия – Венгриямен жақындастырды, бірақ сонымен бір уақытта Ресеймен қақтығысқа жетеледі, бұған олардың арасындағы үздіксіз кеден соғысы және Ресей зар болған несиелерден бас тарту дәлел бола алады.

              Германия тарапынан ұлғая түскен қысым 80 жж. аяғы – 90 жж. басындағы  отарлық басқыншылықтағы Ұлыбританиямен бақталас Ресей мен Франция үшін ортақ мәселеге айналды. Оның үстіне жақындасуға септігін тгізген Ресей мен Францияның несие – қаржылық ынтымақтастығы да күшейді. 1888 ж. бастап француз банкылары орыс үкіметіне несие беруде бірқатар мімілелерді жасады. Бұдан кейін екі мемлекет арасындағы қатынастарда айтарлықтай бетбұрыс басталды. өзекті мүдделердің ортақтығы Ресейдің билеуші топтарын халықаралық қатынастардағы тиімді серіктесіне – Францияның республикалық құрылымына қарсы өздерінің монархиялық соқыр сенімдерін жеңуге мәжбүрледі. Ресейдің Франциямен 1887 – 1889 жж. көздеген жақындасуы О.Бисмарктің дипломатиялық жеңілісі болды.

              Француз – орыс ынтымақтастығының жаңа кезеңі 1891 ж. басталды. Француз – орыс одағының құрылуы алдында 1891 ж. шілде айында француз флоты  Кронштатқа, ал орыс флоты Тулонға сапармен барды. Сонымен бір уақытта француз – орыс консультативті пактысына да қол қойылды.

              Шын мәнінде, француз – орыс жақындасуын тездетуге Ресейге қарсы жаңа зұлымдық әрекеттер жасаған герман үкіметі көмектесті. 1893 ж. Германия мен Ресей арасында кезекті кеден соғысы басталды. Бұл Ресейдің сыртқы істер министрі Н.Гирстің 1893 ж. 27 желтоқсанда францз үкіметіне ІІІ Александр француз – орыс әскери конвенциясының жобасын құптағаны туралы хабарлауға мәжбур болғандығына алып келді.

              Бұл конвенцияға сәйкес, Ресей Францияға Германия немесе Германия қолдауындағы Италия шабуыл жасаған жағдайда Германияға шабуыл жасау үшін бар армиясын жұмсауға, ал Франция Ресейге Германия немесе Германия қолдауындағы Австрия – Венгрия шабуыл жасаған жағдайда армиясын беруге міндеттенді.

              Германия жағдайын түзетуге тырысты, алайда француз – орыс одағын жоя алмады. Француз – орыс одағын құру халықаралық саясатта маңызды оқиға болды. Кейінірек бұл ағылшын – француз және ағылшын – орыс келісімдеріне алып келді. Ол Үштік Одаққа қарама – қарсы күшті құрып, сол арқылы Еуропада бейбітшілікті нығайтқандай болды. Алайда бұл одақтың пайда болуы екі блоктың бақталастығы мен қару – жарақ сайысын тек күшейте түсті [23, 87-88 бб.].

              1904 ж. ағылшын – француз Антантасы. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы қайшылықтардың шиеленісуі әскери қақтығыстар мен соғыстарға толы болды. Сонымен бір уақытта ешбір ірі мемлекет басқыншы соғысты ашқандағы жауапкершілінті өз мойнына алғысы келмеді, мұның өзі олардың даулы мәселелерді ымыра жолдарымен шешуге бағытталған ұмтылыстарына алып келді.

              ХІХ ғ. аяғында дипломаттар бірқатар әскери қақтығыстардың бетін қайтара алды, бірақ державалар арасындағы қатынастардың шиеленісі өрши берді. Еуропалық мемлекеттердің әскери шығыны екі есеге дейін, ал армия саны 25 % - ға өсті. Халықаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында бейбітшілік конференциялары шақырылды. Солайша, 1899 ж. ресейдің бастамасымен Гаагада бірінші бейбітшілік конференциясы өтті. Ондағы қабылданған конференцияларға сәйкес, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу ұсынылды, жарылғыш оқты және улаушы заттарды қолдануға тыйым салынды, жаралы және тұтқындалған адамдарға адамгершілікпен қарау міндеттелді. Сондай-ақ, конференция әскери шығындар мен әскери күштерді қысқартуды ұсынды. Сөйтіп, ондағы барлық шешімдер ұсыныс сипатында болды. Францияның ресеймен одағының маңызы зор болғанымен де, ол Францияның толық қауіпсіздігіне кепілдік болмады. Бұл Францияны өз жағына жаңа одақтастарды тартуға, ең құрығанда, олардың бейтараптығына ие болу үшін талпыныстар жасауға итермеледі. Солтүстік Африкада несие мен жеңілдіктер беру арқылы Франция Италиямен оған басқа державалар шабуыл жасаған жағдайда өзара бейтараптық ұстану туралы келісімді дайындап, 1902 ж. бұл келісімді қабылдай алды. Бұл Германия үшін Италияның Үштік Одаққа  қатысуын біршама құнсыздандырды.

              Францияның Ұлыбританиямен жақындасуы одан да үлкен маңыздылыққа ие болды. 1899 ж. Фашод оқиғасы Франция үшін Англияға қайшы отарлық саясат жүргізудің пәрменсіздігін көрсетті. Алайда Францияның күн тәртібінде Марокконы басып алу тұрды. 1902 ж. тамызда француз үкіметі Францияның Ұлыбританияға әлемдік нарыққа бәсекелес ел емес екендігі туралы мәлімдеді. Англия мен Францияға Марокко және Сиам мәселелері бойынша келісу ғана керек болды.

              Сол кезде британ дипломатиясы Германияға қарсы одақтас іздестіруге көшкен еді. 1902 ж. Англия Жапониямен одақ құрып, өзінің Қиыр Шығыстағы мүдделерін қамтамасыз еткен соң, сол 1902 ж. өзінің Оңтүстік Африкадағы мәселелерінен арылғаннан кейін ағылшын дипломатиясы өзінің басты бақталасымен күресті дайындауға кіріседі. Бәрінен де Ұлыбританияны мықты герман флотының құрылуы алаңдатты. Англия мен Германия арасында әлемді түбегейлі бөліске салу күресі жүріп жатты. Бұл күрес Англияны, бұрынғы бақталасы болса да, Франциямен жақындасуға  итермеледі. Алайда жаңа жағдайда Германия Англия үшін оның бұрынғы бақталастарының барлығынан асып түсетін аса қатерлі қарсылысына айналды. Англия оған өзінің отарлық иеліктерін бергісі  келмеді. Англия бұрын жаулап алған жерлерінің әрбір бөлігі үшін, өзінің отарлар мен теңіздегі жетекшілігі үшін күресуге ниеттенді. Бірінші кезекте ағылшын дипломатиясы Франциямен, сосын ресеймен келісі арқылы Германияның ағылшын – орыс және ағылшын – француз қайшылықтарын пайдаланып, Англияны қандай да бір жеңілдіктерге баруға мәжбүрлеу мүмкіндігінен айыруға баса көңіл аудара бастады [6, 71 б.].

              Король VII Эдуард пен президент Лубэның бір – біріне сапарларынан кейін Англия мен Францияны араздататын отарлық келіспеушіліктерді жою туралы дипломатиялық келіссөздер басталды. 1904 ж. 8 сәірде Африкадағы ықпал ету аймақтарын бөлісу туралы ағылшын – француз келісіміне қол қойылды. Оны «Шын ниеттегі келісім» (Entente cordiale) деп атап кетті.

              Антантаның шарты екі бөліктен тұрды: біреуі – ашық, екіншісі құпия болды. «Мысыр мен Марокко туралы» деген ашық декларациясында ағылшын үкіметі Мысырдың мәртебесін өзгертуге ынталы емес екендігін жариялады. Бірінші бап бойынша, Франция Мысырда Англияға қарсы тұрудан бас тартты, орнына англия Францияға Марокконың көбірек бөлігін басып алу мүмкіндігін берді. Бұқаралық деклорацияның екінші бабында: «Француз республикасының үкіметі Марокконың саяси мәртебесін өзгертуге ынталы емес екендігін жария етеді», - деп айтылды. Екінші жағынан, оның британ ұлылығның үкіметі Францияға бұл елде тыныштықты бақылау және оған керекті барлық әкімшілік, экономикалық, қаржы  және әскери реформаларда көмек көрсетуі керек екендігін мойындайды. Ол бұл ьұста Франция әрекеттеріне бөгет болмайтындығын жариялайды.

              Құпия келісімнің бабында Марокконың да, Мысырдың да «саяси мәртебесін» өзгерту мүмкіндігі қарастырылды. Мұнда екі үкіметтің біреуі өзінің Мысырға немесе Мароккоға қатысты саясатын жайттарға байланысты өзгертуге мәжбүр деп есептейтін жағдайлар туралы сөз етілді. Бұл жағдайда екінші келісуші тарапқа қолдау қамтамасыз етілді. Басқа декларация Англия мен Франция арасында Сиамды Менам өзені бойынша ықпал ету аймақтарына бөлуді бекітті. Бирмамен шекаралас елдің батыс бөлігі Англияның ықпал ету аймағын, ал Үндіқытаймен жанасатын елдің шығыс бөлігі Францияның ықпал ету аймағын құрды.

              Сонымен 1904 ж. келісім бойынша, Англия мен Франция соңғы дерлік «еркін» отарлық территорияларды бөліске салды. Антанта Мысырда, сондай – ақ Марокко мен басқа да аймақтарда бұрынғы ағылшын – француз бақталастығын жоюға арналды. өзара отарлық келіспеушіліктерді жою арқылы Англия мен Франция өздері үшін Германияға үкіметін ағылшын – француз келісімі әлсіретті және алаңдатты. Ол мароккодан айырылып қалғанына еш келісе алмады. Герман үкіметін ағылшын – француз ынтымақтастығының өзі қатты алаңдатып отырды. Антантаның құрылуы халықаралық аренадағы Германия үшін аса қауіпті күштер қатынасының жалпы бетбұрысын білдірді. Іс жүзінде бұл келісім Ұлыбритания, Ресей және Францияның әскери  - саяси одақ құрудағы алғашқы қадамы болды [6, 85 б.].

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

              Сонымен, ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қатынастар тарихын қарастыра келіп, оның ерекшеліктері бойынша бірнеше қорытындылар шығаруға болады.

              Біріншіден, ХІХ ғасырда бүкіл әлем елдері мен халықтары дүниежүзілік қарым-қатынастарға ерекше тартыла түсті. Бұл уақыттан бастап халықаралық қатынастар бір құрлықпен шектеліп қалмады. Өйткені, дипломатияның қайнаған ошағы Еуропа құрлығы десек, бұдан былай олар өздерінің саяси және экономикалық жоспарларына сай Азия, Африка, Америка және тағы басқа құрлықтарға шикізат көзін іздеу және жаңа нарықтар табу мақсатында «сапарлар» жасай бастады. Еуропалық капиталистік бұл мемлекеттердің аталған бағыттағы тырысушылығы уақыт өте, мақсатты түрде отарлық жаушылыққа айналып кете барды.

              Екіншіден, орталықтанған мемлекет ретінде қалыптасқан саяси күштер ХІХ ғасырдан бастап белсенді дипломатиялық күреске түсе бастады, әр құрлықтың жетекші мемлекеттері сондағы көшбасшылық үшін ымырасыз күрес жүргізуге кірісті. Америка құрлығында АҚШ бірте-бірте әскери-экономикалық жағынан қуатты мемлекетке айналып, ХІХ ғасыр бойы өз территориясын кеңейтумен айналысты. Еуропа құрлығына келсек, мұнда көшбасшылыққа үміткерлер көп болды. Сондықтан да, Ұлыбритания, Германия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер арасында күшті бақталастық орын алды.

              Үшіншіден, ХІХ ғасырда халықаралық деңгейде сыртқы саясат жүргізудің сипаты, әдіс-тәсілі, мәдениеті және заңдылығы өзгерді. Бұдан былай жандалдасушы күштер бірден ашық соғысқа түспеді. Жандалды шешу үшін түрлі айла-амалдар қолданылды. Бұл уақытта көбіне мемлекеттер геосаяси мәселелерін одақтастар тарту арқылы шешуге тырысып отырды. Жаңа жерлерді «игеру» әскери іс-қимылдар арқылы емес, енді іштен жаулау, яғни, экономикалық тәсілмен отарлау іске қосылды.

              Төртіншіден, ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қарым-қатынастардың өте қарқынды жүруіне орай әлемде айтарлықтай геосаяси өзгерістер орын алды. Жетекші, дамыған капиталистік мемлекеттердің сыртқы саяси жаулаушылығы күшейіп, олар әлемді бөліске салу жолына түсті. Бұл бағытта әсіресе, батысеуропалық мемлекеттердің асығы алшысынан тұрды. Жалпы, отарлық империяның пайда болуы және дамуы – жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің құрылу барысының ажырамас бөлігі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін еуропалық елдердің сыртқы саясаты және дипломатиясы жаңа территорияларды иемденуге, өзіне тәуелді отарларды кеңейтуге бағытталды және саяси, сауда жағынан артықшылықтарға ұмтылды. Сол себепті отарлау мәселесі ұлы державалардың сыртқы саясатында үлкен маңызға ие болды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарларды қанау түрі мен мазмқны өзгерді. Отарларды басқару жөніндегі ірі реформалар жүргізілді (шектеу, сонымен қатар компаниялардың сауда монополияларын жою, отарлардың жерін сату жүйесін өзгерту және тағы басқа). Егер алғаш отарларды қанау ақсүйектер мен жоғарғы-сауда қаржылық буржуазияның мүдделері болса, ал ХІХ ғасырдың ортасында буржуазияның басым бөлігі оған қатысуға мүмкіндік алды.

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар