ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

                   4 наурыз күні Ламартин Франция Республикасының шетедегі өкілдеріне Францияның 1875 ж. келісімді жою мақсатымен соғыс бастамайтыны туралы  шетел үкіметтерін сендірген циркуляр жолдады. Онда «1815 ж. трактаттары француз республикасының құқығы ретінде бұдан былай күшін жояды; дегенмен бұл трактаттардың территориялық қарарлары – факт, ол басқа ұлттармен қарым-қатынас жасау барысында негіз және бастапқы пункт бола алады делінген.

                  Басқа елдер ісіне революциялық жолмен араласу идеясын жоққа шығара отырып, циркуляр былай деп мәлімдейді: кейбір жағдайларда республика ондай араласу жүргізуге құқылы. Ламартин бұдан былай да халықтың ортақ туысқандығы тек қана бейбіт жолмен орнатылады деген мәлімдемеден танбады.

                 Франциядағы революциялық демократтар мен социалистер халықтар тусқандығы идеясын бейбіт жолмен жүзеге асыруға сенбеді және барлық Еуропадағы революциялық қозғалыстарға белсенді түрде көмек көрсетуді талап етті. Ревалюциялық қозғалыстарға көмек көрсету, 1972 ж. шекарасында Францияның тірегі және одақтасы ретіндегі Польшаны қалпына келтіру, Францияны азат етілген Италия мен жіне Германиямен жақындастыру-бұл топтардың сыртқы саяси бағдарламасы осындай еді.

                  Ақпан ревалюциясынан кейін Францияның Еуропадағы жағдайы күрт өзгереді. Франция Австриядан алшақтап, Швейцарияның тұтастығын, бейтараптығын және тәуелсіздігін қрғады. Ламартиннің арманы Англиямен, кіші мемлекеттермен және «лебералды» принциптер туыстығы Англияның, Францияның және Пруссияның сыртқы саясаттағы ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.

                  Францияның сыртқы саясаты әлсіз, әрі еңжар болды. Тіпті Ламартин австриялық ықпалды француз ықпалы мен алмастырғысы келген Италияда да үкімет белсенді қимылдар жасауға батылдық ете алмады.

                  Уақытша үкімет кезінде Франция оқшауланып қалды, оның одақтастары болмады.

                  1848 ж. ревалюциялық күйзелістер батыс Еуропаның барлығын дерлік қамтыды, сонымен бірге барлық үкіметті өз елдеріндегі толқулар мазасыздандыруда еді. Италиядағы революциялық оқиғалар, наурыз айында өткен герман мемлекеттеріндегі және Австрия империясындағы ревалюциялар француз республикасы өмір сүре бастаған алғашқы апталарда оны назардан тыс қалдырды және оған біріге қарсы шығу мүмкін болмады.

                  Англиядағы маусым революциясынан кейін жаңа француз үкіметін бірден мойындаған 1830 ж. Қарағанда, Пельмерстон Екінші республиканы ресми мойындауға асықпады және онымен тек фактыға егізделген қарым қатынас қана жасады. Республиканы АҚШ, Швейцария, Бельгия, Испания мойындады, ал Пельмерстон Франциядағы жаңа үкіметтің қаншалықты тұрақты болатынын анықтау үшін уақыт созды. Францияда бельгиялық легион құрылған кезде мазасызданған Пельмерстон голландық үкіметпен Бельгия ісіне Францияның революциялық араласу қаупі төніп тұрғандығы жайлы пікір алысуға асықты. Осы жағдайда Ұлыбританияның, Бельгия мен Голландияның жақындасуы жүзеге асты [5, 175-177 бб.].

                   Палмерстон Италияның солтүстігінде француздардың ықпал етуінің басым болуынан қауіптенді. Бұл істе Францияға кедергі жасаудың озық құралы болып Франция көрші мемлекеттерге шабуыл жасаған жағдайда қолданылуы тиіс шаралар туралы еуропалық үкіметтердің ортақ келісімі есептелді. Бұл келісімге Пальмерстон барлық мемлекеттердің Италия мен Швейцарияның істеріне аралапау қағидалары негізінде қол жеткізуге үміт артты. Шындығында, Пальмерстон Италияның солтүстігінде ағылшын ықпалымен мықты буферлік мемлекет құруға көмек көрсетуге дайын еді.

                  Уақытша үкіметтен сыртқы саясаиының әлсіздігін пайдалана отырып, Пальмерстон қолынан келген жерде француз ықпалын ағылшын ықпалымен алмастыруға тырысты. Бірақ Пальмерстон саясатының күлі көкке ұшты.

                   Ақпан революциясы туралы хабар І Николайдың ашу-ызасын шақырды. Патша Луи-Филипті ешқашан заңды монарх ретінде мойындамайтын, ал республика одан да төмен еді.

                   І Николай өз әскерін Францияға қарай жіберіп, революцияны талқандағысы келді. Францияға қарсы шығуға күшінің аз екенін түсініп, ол батыстан келе жатқан революцияға қарсы қарулы бөгет қойып,  Берлинмен және Венамен байланысын нығайта түсуге тырысты. Францияға шабуыл жасауға жағдайы болмағандықтан, Николай дипломаиялық қатынасты үзу туралы шешім қабылдады.

                   1830 ж. маусым айындағы оқиғаларға қарағанда, 1848 ж. жағдайлар патшаны Францияға қатысты едәуір ұстамды болуға мәжбүр етті. Фпанцуздардың Ресейге кіруіне тыйым салынбады. Герман мемлекеттері мен австриядағы наурыз революциялары патшаның республикалық Франциямен  дипломатиялық қатынастарды үзу әрекетінің орындалмай қалуына әкелді.              Вена мен Берлиндегі наурыз революцияларынан кейін патша толық оқшаулыққа қалды. Пруссия королінің революциямен күресте қолданған бұлтару және ымырласу тәсілдері І Николай үшін мүлде қолайлы емес еді. І Николайды революцияның ескі абсолюттік Пруссияның құрылымын әлсіреткені қатты қынжылтты. Ол біртұтас Германияның құрылуынан қауіптенді. Оның ең басты қорқынышы Германияның революциялық жолмен бірігуі болатын. Бірақ ол Германияның Пруссия юнкерлігі қол астына бірігуін де қаламады. І Николай революция Познаньға, Галицияға және Польша патшалығына, одан әрі Ресей шекарасына өтуі мүмкін деп есептеді. Австрия мен Пруссиядағы революциядан кейін 14наурызда жарияланған манифесте Ресейдің қорғанста тұрғаны және әзірше Батыс Еуропадағы ішкі өзгерістерге араласпайтындығын туралы айтылды. Нессельроденің түсініктеме мақаласында былай делінген: Ресей 1815 ж. Трактаттарды қорғай отырып, «мемлекеттер арасында шекара бөлуді қаламайды және саяси тепе-теңдік өзгерген жағдайда сонымен қатар облыстарды қандайда бір бөлу жағдайы туа қалған кезде мұнын империяға залал келтіруін болдырмайды».

                   Австрия мен Пруссиядағы  революциялардан кейін патша Германияның революциялық жылмен бірігуінен және онда агрессивті Пруссияның билік етуінен қауіптенді. Осындай жағдайларға сәйкес, Францияның республика болып жарияланғанына қарамастан, онымен ажырау патша үшін ұтымсыз болды. Германияның біртұтас мемлекет болуына кедергі келтіруге тырысқан буржуазиялық Франция мен Англия да Германиядағы революцияға қарсы жаугершілік көз қараста патша мен сыбайластық танытты.

                  1849 ж. алдына Германияны біріктіру мақсатын қойған Франкфурт парламенті қуылғаннан кейін де герман буржуазиясының Пруссия маңайындағы бұл бірігу туралы арманы сөнбеді. І Николай қандай жолмен болсада, бұл бірігуді болдырғысы келмеді. І Николайдың ықпалымен І Фридрих-Вильгельм ІҮ Франкфурт парламентінен герман императырлық тәжін қабылдаудан бас тартты. Дегенмен, бірігуге деген жалпы ынтаның ықпалымен, тіпті граф Бранденбургтің реакциялық Пруссия министірлігінің өзі 1849-1850 жж. шарасыз Герман одағын қайта құруға бірқатар қадамдар жасады. Сол кезде І Николай Австрияның Пруссияның күшейгенің қаламайтындығы туралы жариялаған Австрия канцлері Шварценбергті қолдады. Бұл мәселеде І Николай Австрия дипломатиясымен толық үйлесімділік тапты [7, 123-125 бб.].

                     Николай Гольштейнді Данияда қалдыруға үгітей бастады. 1850 ж. тамыз айында Лондонда Ресей, Франция, Англия мен Австрия өкілдері Гольштейнді Данияда қалдыру туралы келісімге қол қойды. Бұл Пруссияға берілген алғашқы соққы еді.

                     1850 ж. Қараша айында Австрия мен Пруссия арасында Гессен үшін жаңа дау туды. Бұл іске І Николай араласқаннан кейін 29 қарашада Олмюцте Пруссия мен Австрия арасындағы келісімге қол қойды Бұл келісім бойынша, Пруссия барлық шарттарға көнуге мәжбүр болды.

                   Бұл келісімнің алдында Пруссия 1849-1850 жж. өзінің жетекшілігімен 26 қарашада германдық мемлекеттер униясын және жалпыгермандық парламент құруға тырысқан еді, бұл, әрине, Австрияның қарсылығын тудырды, сонымен қатар оған Ресей, Франция және Ұлыбритания наразылық танытты.

                     Келісім бойынша, Пруссия 1814-1815 жж. Вена конгресінің шешіммен құрылып, кейін бөлшектеніп кеткен герман одағын қалпына келтіруге келісім берді және австриялық әскерді Гессен-Кассель мен Гольштейнге олардағы революциялық толқуларды басу үшін өткізу туралы міндеттеме алды.

                   Келісім Австрия дипломатиясының Пруссиямен күрестегі ең соңғы жеңісі болды. Бұл «Ольмюцтағы кемтіту» І Николайдың ісі ретінде Германияның есінде қалды.

                   Француз интервенциясы Рим республикасына қарсы. 24 ақпан күні французфлоты Чивита – Веккия суларына өтті. Луи-Наполеон және оның үкіметі наурыздың аяғында ешқандай қиындықсыз Құрылтайшылар жиналысының итальян территориясының қандай да бір пунктын жаулап алуға санкция беруіне түрткі болды. Бұл жаулап алуды француз министрлері (итальян әскерлерінің Норвара кезіндегі жеңілісінен кейін) Пьемонттың тұтастығын қамтамасыз ету құралы деп көрсе ткен болатын.

                   Француз интервенциясы туралы хабарды Рим республикасының астанасы қызу қарсы алды. Құрылтайшылар жиналысы «Республиканы қорғау және күшті күшпен қайтару» туралы қаулы қабылданды.

                   Жиналыстың демократиялық қанаты интервенцияға қарулы күшпен қарсы тұруды талап етті. Рим мемлекетінің барлық бұрыштарында француздардың баса-көктеп енуіне қарсы толқулар бас көтерді.

                    Баса міндет қаланы қорғау шараларын ұйымдастыру болатын. 27 ақпан күні астанаға Гарибальди легионы келіп кірді. 30 ақпан күні астананы шабуылмен алуды көздеген Удиноның  8 мыңдық қарулы әскері қала қақпасына жақындады.

                  Шайқаста 500 адамы қаза тауып,  365 тұтқынға түскен генерал Удино Кастель Гвидоға қарай шегінді.

                  Рим түні бойы жеңісті тойлады. Гарибалди жеңісті, арасына іріткі түскен француздарға қарсы шешуші шайқасқа шығып, оларды итальян жерінен қуып шығуымен аяқтауды ұсында. Бірақ мадзини бұған қарсы болды: тримвирлер, әлі де болса, Франциямен татуласуға үмітті еді. Олар француз тұтқындарын «кең көңілдікпен» қайтарып, Удиноның бітімге келу туралы екі жүзді ұсынысын қабылдады [7, 154-156 бб.].

                     Пальмерстон мен кавеньяктың «мейрімді келісімі» Сардиния мен Австрия арасындағы бітім туралы келіссөздер кезінде біріккен делдалдықпен жүзеге асырылды. Ардиния королі Карл-Альберттің дипломатиясы қорқынышқа, ортақ ымыра іздеуге құрылған болатын.Ол революциядан және француз республикасының араласуынан қорықты. Соғыс арқылы ол халықтың наразылығын тудыруға үміттенді және халық қозғалысының көтерілуін Ломбардия мен Венецияны қосу арқылы өзінің иеліктерін кеңейтуле пайдаланғысы келді. Оның жоспары Италияда Пьемлнттың гегемониясын орнату, бірақ революцияны   болдырмау болатын.

                   Карл-Альберт ұлт-азаттық қозғалыс қысымымен Австрияға қарсы жариялаған соғыс алғашқы кезде табысты жүрді. Пьемонт әсерлері пескьераны басып алып, Карл-Альбертті «Италия королі» деп жариялады.Ламбардия мен Венеция Пьемонтқа қосылуға тілек білдірді. Итальян халқының патриоттық сезімінің әсерімен, тіпті папа ІХ Пий,  Ұлы Тоскана герцогі Леопольд және неополитан королі Фердинанд та Австриямен соғысқа қатысуға мәжбүр болды. Соғыстың революциялық қозғалысқа ұласып кетуінен қауіптенген Пальмерстон Австрияға Жоғары итальяндық корольдік және итальян мемлекеттерінің конференциясын құруға көнуі жөнінде кеңес берді.  Австрия үкіметінің өз империясындағы революциялық оқиғалардан қорыққаны соншалық, 24 мамырдағы меморандумда Ломбардияны беруге және Венецияны автономды мемлекет деп жариялауға келісім берді.

          Бірақ маусымның аяғына қарай жағдай күрт өзгерді. Австрялықтар ірі көмек алды. ІХ Пий Австриядан қорқа, Пьемонттың күшеюінен қауіптене отырып, өз әскерлерінің шекарадан өтуіне тыйым салды. Неопльде контрреволюция жеңіске жетті, ал Австрия империясында Прага көтерілісі талқандалды. Осыдан кейін австриялықтар Италияда басым белсенділікпен қимыл жасауға мүмкіндік алды. Бұл кезде Карл-Альберт белсенді соғыс қимылдарын уақытша тоқтатты. Оның сатқын тактикасының нәтижесінде 23-25 шілдеде Кустоццы маңында Пьемонт әскерін австриялықтар қырып-жойды.  Бұдан кейін соғысты жалғастыруды Турин парламентігіндегі азғантай оппозиция ғана жақтады. Король, министрлер және парламенттің көпшілігі бітімге келуді қалады. Сыртқы қолдауды қажетсіне отырып, Карл-Альберт Кустоццыдағы жеңілістен кейін ғана Франциядағы республиканы ресми түрде мойындады.

                   Австриялықтар пьемонт әскерін кері шегіндіріп, Пьемонтқа баса көктеп кіру қаупін төндірді. Карл-Альберттің ресми өкілдері және Ломбардияның Уақытша үкіметінің агенті Парижге келіссөз жүргізу үшін келді. Ломбардиялықтар ешқандай шартсыз тез арада көмек көрсетуді сұрады. Карл-Альберт тек Францияның Италияға оңтайлы декларация жасағаның және Альпі етегіндегі әскерін күшейткенің ғана қалады. Ол француз үкіметінің қолдау көрсеткені үшін территориялық сыйлық күтпейтіні және Италияда революциялық үгіт жүргізбейтіні туралы міндеттеме алуын талап етті. Карл-Альберт Францияға делдалдық көрсету туралы өтініш жасады, бірақ 1848 жылы Италия өз күшімен нәтижеге жетеді деп жариялап, бұл өтінішін қайтып алады. Енді өз өтінішіне жауап ретінде ол Франция мен Англияның біріккен делдалдық туралы ұсыныс алды.

                    Соғыс кезінде І Николай Австрияға моральдық көмек көрсетті. Ковеньяк істі қарулы қақтығысқа апарғысы келмеді. Ковеньяк ұстанымы ішкі себептермен ғана емес, француз буржуазиясының жұмысшы табына қарсы ел ішінде жүргізіп отырған күресінде де байланысты түсіндірілді.  Бастидтің пайымдауынша, Венеция мен Ломбардияның Пьемондқа қосылуына қол жкткізу «өз есігінің алдында қуатты королдік құру» үшін қан төгуді білдіретін еді. Солтүстік Италияда республика құру үшін араласуды Бастид қажет деп таппады, себебі мұндай араласу күмәнді нәтижемен аяқталуы мүмкін жалпыға ортақ соғысқа және Францияға әскери диктатураның орнауына әкелуі мүмкін еді [7, 156-158 бб.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. XIX ҒАСЫРДЫҢ 70-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

 

XIX ғ. 70 жж. қарай Еуропаның бейнесі біршама өзгерді. Италия және Германияның бірігуі аяқталды, дуалистік Австрия-Венгрия мемлекеті құрылды. Бірақ, бастысы, негізгі мемлекеттер күштерінің арасалмағы өзгерді. Еуропалық саясатта Ұлыбритания, Франция, Австрия-Венгрия және Ресей рөлдерінің төмендеуі, Германия мен Италияның беделі мен ықпалының өсуі XIX ғ. соңғы отыз жылдығында қалыптасқан халықаралық жағдайдың негізгі белгілері болды.

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар