ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

                      1830 ж. Франциядағы революция Қасиетті Одақтың реакциялық жүйесіне қатты соққы болды. Ол көршілес Бельгиядағы Голландия билігіне қарсы революциялық жарылысты жылдамдатты. Бұл революцияның нәтижесінде дербес мемлекет құрылды. Шілде революциясы Саксониядағы, Брауншвейктегі,Гессен-Кассеьдегі және бірқатар германдық мемлекеттердегі революциялық бой көтерулерге түрткі болды. Фрациядағы революция Италиядағы австриялық билікке қарсы революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстың көтерілуіне, Польшадағы патша езгісіне қарсы көтеріліске түрткі болды. Франциядағы Бурбондар монархиясының құлатылуы Англиядағы парламеттік реформа үшін күрестің күшеюіне, Швейцариядағы халық бұқарасының саяси құрылымдық демократизациялау үндеуімен көтеріліске шығуына әкелді.

                      Француздық Шілде ревлюциясы да, тамыздағы бельгиялық революция да бір ғана заңды француз династиясы ретінде Бурбондар династиясын және Бельгиядағы бір ғана үкімет ретінде голландық корль басқарған үкіметті мойындаған Вена конгресінің актыларын күштеп жою болды.

                      Бельгиядағы революция Қасиетті Одаққа жаңа сес көрсету еді.

                      Франциядағы 1830 ж. Шілде революциясы Бельгиядағы халық бұқарасының патриоттық көтерілісіне ықпал етті. Жасырын патриоттық ұйымдар мен топтар көтеріліске шығуға әзірлікті күшейтті. Көтеріліс Антверпенде, Лувенде, Верьведе және Бельгияның басқа да бірқатар қалаларында жеңіске жетті. І Вильгельм Брюссельге жіберген принц Фридрихтің басқаруындағы он мыңдық әскери отрядты көтерілісшілер тас-талқан етті. 1830 ж. қазан айының бас кезінде Бельгия повинциялары территорияларының басым бөлігі голландық әскерлерден азат етілді. 1830 ж. 10 қарашасында тәуелсіз Бельгия мемлекетінің құрылғаны туралы жарияланды.

                       Голландия королі Еуропаның төрт ұлы державасынан әскери көмек сұрау арқылы және Бельгияға иентервенция жүргізуді талап ету арқылы көтеріліске шыққан провинцияларды өз иелігіне күшпен қайтарып алуға тырысты. Дегенмен бельгия-голландия қақтығысы бейбіт жолмен шешілді. 1830 ж. 20 желтоқсанында Лондонда Вена конгресінің шешімімен Нидерланды корольдігінің құрамына енгізілген Бельгияның революция нәтижесінде одан бөлінуіне және оның тәуелсіздік жариялауына байланысты ұлы державалар арасында туындаған өткір қайшылықтарды реттеу мақсатымен Ресей, Ұлыбритания, Франция, Австрия және Пруссия өкілдерінің конференциясы болды. Бір жылдан астам уақытқа созылған дипломатиялық келіссөздерден кейін конференцияға қатысушылар Бельгияның тәуелсіздігі мен оның бейтараптығын мойындуға мәжбүр болды. Голландия королі Бельгияның тәуелсіздігін тек 1839 ж. ғана мойындады.

                        Конференцияға қатысушылар 1831 ж. 20 және 27 қаңтарында Бельгия өкілдерімен бірге Бельгия корольдігін құру туралы Лондон келісіміне қол қойды. Барлық жақ Бельгияның тәуелсіздігін мойындап, Нидерландының келісімшарттарын мойындауына қол жеткізуді міндеттеріне алды. Келісімге сәйкес, Бельгияның құрамына төмендегі провинциялар енді:Оңтүстік Брабант, Льеж, Намюр, Батыс және Шығыс Фландрия, Антверпен және Лимбургтың бір бөлігі, сонымен қатар Ұлы Люксембург мемлекеті территориясының бір бөлігі. Бельгия мен Нидерланды, келісім бойынша, басқа жаққа өткен территорияларға көз тігуден мәңгілікке өзара бас тартты. Келісімде Бельгияның көрсетілген шекараларда мәңгі бейтарап мемлекет болып қалатындығы атап көрсетілген [9, 45-49 бб.].

                        Ағылшын дипломатиясының ықпалымен Бельгияның Ұлттық конгресі 1831 ж. 4 маусымында Бельгия мемлекетінің королі етіп ағылшын королевасының туысқаны Леопольд Саксен-Кобурскийді сайлады.

                       Еуропалық дипломатия және 1830 жылғы поляк көтерілісі. 1830 ж. француз революциясы поляк көтерілісі түрткі болды және осы жылдың соңында Варшавада көтеріліс басталды. Барлық поляк әскері көтеріліске бірікті. Варшавада жиналған Польша сеймі Романовтар династиясын Польша тағынан ығыстырылған деп мәлімдеп, уақытша революциялық үкімет орнатты. Поляк көтерілісі тарихын екі кезеңге бөлуге болады.

                        Көтерілістің басталған күнінен, яғни 1830 ж. 29 қарашасынан 1831 ж. 25 қаңтарына дейінгі мерзім – бірінші кезең, бұл кезеңде Варшава сеймінің қаулысымен І Николай Польша Патшалығының тағынан түсірілді деп жарияланды.

          Осы кезеңде еуропалық дипломатияның, І Николайға көтерілістің болуына қарамастан, Вена конгресінде І Александр сыйға тартқан және Манифесте 1825 ж. 13 желтоқсанында таққа отырған кезінде І Николайдың өзі қорғауға ант берген Польша патшалығы мемлекеттік құрылымын мойындауға әзір ме деген сауал қоюға формалды негізі бар еді.

                    Көтерілістің екінші кезеңінде шетелдік өкілдер патшамен поляк ісі туралы тек жеке тәртіппен ғана әңгімелесе алады. І Николайды тақтан түсірген поляктар, еуропанық дипломатияның пікірі бойынша, 1815 ж. конституцияны өз қолдарымен жойды. Енді, яғни 1831ж. 25 қаңтарынан кейін Ресей империясы мен революциялық жолмен пайда болған және Еуропаның бірде-бір державасы мойындамаған Польша мемлекетінің арасында соғыс жүрді. Бұл соғысқа дипломатиялық жолмен немесе қолға қару алып араласуды еуропалық державалардың барлығы да мүмкін емес деп санады, сондықтан олардың барлығы да көтерілістің соңына дейін көрермендер жағдайында болды.

                    І Николай үкіметінің Польшамен қарулы қақтығысқа баруына тура келді. Польша патриоттарын 1815 ж. конституция қанағаттандырмады және олар Речь Посполитаяның бөлінуімен келіскісі келмеді; олар 1772 ж. шекара бойынша Польшаның толық мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіруге ұмтылды. Бірақ революция көсемдерінің арасында алауыздық басталды, ал поляк әскері, орыс әскерімен салыстырғанда, әлсіз болды. 1831 ж. көтеріліс басып-жаншылды.

                     Көтеріліс жаншылғаннан кейін 1815 ж. конституциялық хартия жойылып, жекелеген поляк әскерлері талқандалды, Варшавадағы және Вильндағы поляк университеттері жабылды. Польша патшалығы губернияларға бөлініп, елді аймақтың басты шенеуніктерінен тұратын кеңес көмегімен басқаратын императорлық наместиктерге бағындырылдығ батыс орыс облыстарындағы көтеріліске қатысушыларға жататын көптеген жерлер конфискацияланып, орыс үкіметіне берілді.

                    Осылайша, 1830-1831 жж. Еуропаны революция толқыны шарпып өтті. Бұл революциялар Еуропадағыжалпыеуропалық жағдайда айқындаушы ықпал етті. 1830 ж. Париждегі Шілде көтерілісінің үш «даңқты күні» Франциядағы Реставрация тәртібіне нүкте қойды. Барлық еуропалық ареопаг мүшелерінің Бельгияның мүшелерінің Бельгияның Нидерланды корольдігінен бөлінуі және тәуелсіз өмір сүруі құқығын мойындауына төрт айдай ғана уақыт кетті, сөйтіп Вена конгресінің «мызғымас» қаулыларының бірін қайта қарастыруға жол берілді. Қасиетті Одақ жалпыеуропалық қорғаныс жүйесі болудан қалды. Жаңа монарх, «король-буржуа» Луи-Филипп кезінде Франция консервативі альянсқа кіре алмайтын еді. Батыстың екі парламенттік монар-хиясының   -  бір жағынан, Ұлыбритания мен Францияның екінші жағынан, Еуропа Шығысын абсолюттік державалары  - Ресей, Австрия мен Пруссияның арасындағы мемлекеттік құрылымдарының табиғатындағы айырмашылық революциялық толқынмен келген проблемаларды шешу тәсілдеріне әсер етті, сөйтіп түбінде осы кезде еуропалық пентархия бөліне бастаған одақтардың құрамы анықтап берді [5, 87-91 бб.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы халықаралық қатынастар

 

              «Ревалюциялық дағдарыстың өсуі». Бес «ұлы держава» - Англия, Ресей, Австрия, Пруссия және Франция «1815 ж. жүйесінің» маңызды тірегі болды. Бірақ үш онжылдық бойы (1815-1845 жж). Бұл державалардың мүдделері сәйкес келмеді. 40 жж. Пруссия мен Австрия, Пруссия мен Ресей арасындағы қатынас төмендеп кетті. 40 жж. басына дейін патша Австрияға емес Пруссияға жақын етті және Берлин сарайымен тығыз қатынаста болды. Пруссия мен Ресей арасында қайшылықтарға әкелетін дау болмады. Бірақ 1840 ж. бастап Германиядағы буржуазиялық-либералдық қозғалыс орталығы Пруссияға ойыса бастады. Пруссия буржуазиясының арасында Пруссия қол астына Германияны біріктіруге деген ынта пайда болып, күшейе бастады. Бұл жана фактілер Ресейдің мазасыздығын туғызды. І Николайға Германияның бөлшектеліп қалғаны, онда бірін-бірі бейтараптандыратын және патшалықтын неміс ісінде арбитр рөлін атқаруына мүмкіндік беретін Пруссия мен Австрияға қарсы салмақ жүйесінің болғаны пайдалырақ еді.

                    1848 ж. қарай үш «солтүстік сарайларының» тұтастығы шайқалды. Венада және Петербургта Пруссияға деген сенімсіздік арта  түсті. Герман буржуазиясының либералдық және ұлттық-біріктірушілік әрекетәне қарсы салмақты көрген І Николай Австриямен жақындаса түсті.

                   Француз үкіметінің осы кездегі сыртқы саясаты із қуушылық реакциялық сипатта болды. Қалай болса да, бейбітшілік, 1815 ж. келісімдерді бұлжытпай сақтау негізіндегі бейбітшілік Францияның сыртқы саясатының негізінің бірі болды.

                   1848 ж. Британия буржуазиясына 1815 ж. келісімдерді сақтау одан да тиімдірек еді. «1815 ж. жүйе» материкте Англия үшін қауіпті қандай да бір державаның билік құру мүмкіндігін жоққа шығарады және Англияның Ресей, Австрия, Франция мен Пруссия арасындағы күреске араласу арқылы Еуропалық істерге едәуір ықпал ету мүмкіндігіне жол ашты.

                   Англияның басты қарсыластары Ресей мен Франция болды. Пальмерстон итальян мемлекеттерінде де, Швейцарияда да, Испанияда да француз ықпалына қарсы тұрды. Бельгия мен Швейцарияның бейтараптығын Франция озбырлығынан қорғау Пальмерстон саясаты негіздерінің бірі болып табылды. Ол Францияның итальян істеріне қарулы күш арқылы араласуының болдырмауға тырысты. Сардиния корольдігін Франция мен Австрия арасындағы кедергі ретінде күшейту, Пруссияны Франция мен Ресейге қарсы күш ретінде нығайту 1848-1849 жж. Пальмерстон Британияның «Еуропалық тепе-теңдік» дәстүрлі саясатындағы ең қолайлысы деп тапқан «1815 ж. жүйесіндегі» аздаған маңызды өзгерістердің бірі [6, 45 б.].

              1848-1849 жж. ревалюцияның еурапалық дипломатияға ықпалы. 1848-1849 жж. революция ішкі реакцияға ғана қарсы тұтанып қоймай, 1815 ж. реакциялық веналық трактаттар негізінде қалыптасқан халықаралық қатынастардың еуропалық жүйесін түбірімен өзгерту қаупін төндірді.                                                                                                                                           

                Франциядағы 1848 ж. Революция билік басына француз буржуазиялық табын қойды. Жаулап алу саясатына ұмтылған бұл топтың әрекеті ерте ме,кеш пе халықаралық қақтығыстарға әкелген болар еді.                                                  

                 Италия мен Германиядағы революциялар феодалдық бөлшектенуді жоюға, мықты ұлттық мемлекеттерді біріккен Италия мен біріккен Германияны құруға бағытталды.                                                                                                                                  

                 Итальян және венгр революциялары Австрия империясының күйреуіне әкеледі.              Бастапқы мақсаты тәуелсіз Польшаны қайта орнату болған поляк революциялық қозғалысы Австрия империясына ғана емес, пруссиялық монархия мен патшалық Ресейге де қауіп төндірді.

                     1848-1849 жж. халықаралық қатынастардағы басты мәселе мынадай еді; 1818 жж. жүйесі сақталып қала ма, әлде ол жойылып, Германия мен Италияның дербес мемлекеттерге бірігуі жүзеге аса ма? Біртұтас Германияның құрылуы неміс жерлерінің феодалдық бөлшектенуінің келмеске кетіп, австрия- пруссия бәсекелестігінің жойылуын білдіретін еді.

                    Бұл екеуінің де сақталып қалуы көршілес ірі державаларға пайдалы болды.

                    Германияның бөлшектенгендігі Францияның билік басындағы таптарының сыртқы саясаты саяси мүддесіне сай келетін, әрі Англияға да тиімді болды.

                   Патшалық дипломатия да Германияның бөлшектенгендігін қолдап отырды, себебі ол Ресейдің еуропалық істерге ықпалын басқаруға мүмкіндік беретін еді.

                  Германияның Пруссия гегемониясы астында бірігуге әрекет жасауы патшалық Ресей тарапынан, сонымен қатар Англия мен Франция тарапынан қарсылық әрекеттер туғызды. Англияның билеуші таптары Пруссияның Дания есебінен күшейіп кетуінен қауіптенді. Француз буржуазиясы Пруссияның Данияға қарасты Шлезвига мен Гольштинияны алып қоюымен қатар, кіші неміс мемлекеттерін өзіне қаратып алу мүмкіндігінен сақтанды. Ресей, Франция және Англия үкіметтері Германияның ревалюциялық-демократиялық жолмен бірігуіне барынша өштестікпен қарады. І Николай үшін Германияның революциялық жолмен бірігуіне қарсы күрес Ресей империясының самодержавиелік-крепостниктік құрылымын қорғауды білдіретін еді. Бір жағынан,феодалдық-абсолюттік мемлекеттер Ресей мен Австрия арасында Герман істері жөніндегі ұстанымдары бойынша бірқатар ортақтық пайда болды, бұл 1848-1849 жж. халықаралық қатынастарға өз әсерін тигізбей қоймады [6, 156-157 бб.].

                    Франция Уақытша үкіметінің барлық сыртқы саясаты интервенциядан, сыртқы жауды кездестіруден қорқумен анықталды. Үкімет Еуропаның барлық реакциялық үкіметтерімен арадағы қарым-қатынастарының күрделеніп кетуін болдырмауға тырысты.

                    Үкімет интервенцияны болдырмаудың басты құралы Англиямен арада бейбітшілікті қамтамасыз ету деп есептеді. Ағылшындардың субсидиясынсыз (демеу қаржысынсыз) француз республикасымен соғыс Австрияның,              Ресейдің және Пруссияның берекесі кеткен қаржылары үшін көтере алмас жүк болар еді. Сыртқы істер министрі бола салысымен, Ламартин Париждегі британ елшісі лорд Норминбиге және басқа мемлекеттер өкілдеріне жаңа үкіметтің республикалық нысанының Францияның Еуропадағы орнын да,державалар арасындағы достық келісімді қатынасты да өзгертпнйтіні туралы жазды.

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар