ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

1871 ж. О. Бисмарк жаңа француз-герман соғысын бастауға ұмтылып, Францияны оқшаулау үшін неғұрлым шешімді әрекеттер қабылдауды ұйғарды. Ең бірінші «шығыс мәселесінің» көмегімен Францияны Ресейдің қолдауынан айырғысы келді. Сол кездері Таяу Шығыс Ресейді қызықтырғанымен, Германияның мүддесі бұл аймақты қамтымады. 1875 ж. ақпанда Петерборға канцлердің ерекше сеніміне ие неміс дипломаты Радовицтің арнайы миссиясы аттанды.

Радовиц миссиясының тарихына барлау дипломатиясының үлгісі тән. Радовиц орыс патшасын «шығыс мәселесінің» саяси линиясында Германия мен Ресей арасында бірлікке қол жеткізуге болатындығына сендіруге ұмтылды. Патша үш император арасындағы келісіммен қанағаттанатынын айтты және Таяу Шығыста статус-квоны сақтау ойын жариялады. Неміс дипломаты Ресейдің таяушығыстық саясатына жәрдемдесетініне сөз бере отырып, Францияға қолдау көрсетуден бас тартуға қол жеткізгісі келді. Бірақ оның ұсыныстары қабылданбады.

1875 ж. Францияда полк құрылымын үш батальоннан төртке өсіру туралы заңның қабылдануы дайындалды. Осы жылдың ақпан айында Германия Бельгияға ішкі заңдарға өзгеріс енгізу туралы бірнеше талап қойды. Бельгияның ішкі істеріне осылайша араласу кез келген уақытта онымен қатынастарды үзіп, Бельгия территориясын Францияға қарсы әскери әрекеттер үшін қолдануға сылтау бола алатын еді. Осымен қатар О. Бисмарк Францияға қатысты тікелей қауіп төндіре бастады, яғни әскери дабыл жағдайын тудырды [5, 143-146 бб.].

Францияның сыртқы істер министрі герцог Деказ Бисмарктың Францияға қарсы қолданып отырған қаруын өзіне бұра алды. Германияның агрессивті жоспарларына қатысты дәлелдерді жинай отырып, ол Ресей мен Англияны Франция жағына шығаруға тырысты. Бельгияға герман шабуылының жоспарларынан қауіптенген Англия Германияның Па-Де-Кале жағалауына жетуіне, Францияның қайта талқандалуына одан зор алаңдаушылық білдірді. Бұрыннан белгілі ағылшын саясаты «еуропалық тепе-теңдікті» сақтауға, бәсекелесуші екі державаның бірінің Батыс Еуропада үстемдігінің орнауына жол бермеуге бағытталды. Ресей де Англиямен біріге отырып, Францияға болысты, Германияны шегінуге мәжбүрледі. 1875 ж. оқиғалардан соң канцлер Бисмарк орыс дипломатиясы неміс агрессиясының басты қарсыласы екендігіне көз жеткізді.

1875 – 1878 жж. Шығыс дағдарысы. XIX ғ. 70 жж. қарай Осман империясының иелігіндегі славяндардың біршама бөлігі – болгарлар, македондықтар, Босния мен Герцоговинаның сербтері түрік езгісінде қалуын жалғастырды және осы халықтардың ұлттық азат болуының шешімі басты мәселе болды. Осы кезде Балқандағы оқиғалардың белсенді қатысушылары Түркия, Ресей, Англия және Австрия-Венгрия болды.

1869 ж. Суэц каналының ашылуы Жерорта теңізіне апаратын сауда жолдары үшін, Түркияның Англия мен Франция арасындағы азиялық және африкалық иеліктері үшін еуропалық державалар арсындағы күресті күшейтті. Ресей Батыс елдерінің қайшылықтарын өзінің Балқандағы ықпалын қайта қалпына келтіру үшін пайдаланып қалуға тырысты. Түркия формальды түрде дербестігін сақтай отырып, біртіндеп өзінің егемендігінен айырыла бастады. Ол Еуропалық мемлекеттерге экономикалық және саяси тәуекелділікке әкелген сыртқы займдар алу жолына түсті. Әсіресе, Англия өзін Түркияда еркін сезінеді. Оның саяси қайраткерлері Осман империясын капитал мен өнімдерді өткізудің түсімді нарығы, саяси және стратегиялық маңызы бар территория ретінде қарастырды. Германияның қолдауына сүйенген Австрия-Венгрия өзінің Балқандағы ұстанымын нығайтты. Германия өте сақтықпен қимылдады: бір жағынан, ол Балқандағы Австрия-Венгрияның экспансиясын, ал екінші жағынан алғанда, славян халықтарын қолдады.

XIX ғ. 70 жж. ортасында Балқандағы ұлт-азаттық қозғалыс жаңа күшпен көтерілді. Ол түріктердің экономикалық және саяси езгісінің күшеюімен және оған бағынышты халықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты болды. 1875 ж. Герцоговинадағы шілде көтерілісі, осы жылы тамызда Босниядағы түріктерге қарсы наразылықтар Балқан халықтарының мықты азаттық қозғалыстарының бастауы болды. Шығыс дағдарысы басталды [8, 56-57 бб.].

Көтерісшілерге көмек көрсетуге, бірақ істі әскери қақтығысқа дейін жеткізуге ынталылық танытпаған Ресей Австрия-Венгрияға көтерісшілерге автономия беруді Түркиядан бірлесіп талап етуді ұсынды. Австрия-Венгрия территориясында өзінің империялық құрылымына қауіп төндіруші ұлт-азаттық қозғалыстың таралуынан қорықты. Алайда бұл позицияны ұстап қала алмады. Австрияда оңтүстік славян мәселесін басқаша шешуді ұйғарушы ықпалды элементтер болды. Олар Балқанның батыс жартысын құрайтын оңтүстік славян аймақтарын Габсбург мемлекетінің құрамына қосуды Босния мен Герцоговинаны жаулап алудан бастау керек деп ойлады. Бұл жоспарды жинақтаушылар Балқанның шығыс бөлігін Ресейге беруге келісуге дайын да болды. Император Франц-Иосиф, аздап болса да, Италия мен Германиядағы ұтылыстарының орнын толтырғысы келді. Сондықтан ол аннексионистердің даусына құлақ түрді. Бұл саясат Босния мен Герцоговинадағы түріктерге қарсы қозғалыстарды қолдады.

Ресей көтерілісті қолдады, бірақ Австрия-Венгриямен қақтығысқа бармауға тырысты. А.Горчаков Австрия-Венгрия байланысымен Балқан істеріне араласу саясатын жүргізуді шешті. Бұндай саясат үш император келісімдерінің қағидаларына сәйкес келетін, 1875 ж. тамызында еуропалық державалар түрік сұлтанына Порта мен көтерісшілер арасындағы қатынастарды реттеуде өздерінің ара ағайындығын ұсынды. А.Горчаков Түркиядан христиан халқына қатысты барлық міндеттердің орындалуын талап етті. Д.Андраши А.Горчаковтың келісімімен Босния мен Герцоговинаға қатысты реформалар жобасы бар нотаны дайындады. Бұл жобаға сәйкес, жергілікті халыққа толық діни еркіндік беру, қайта өтеу жүйесін жою, обылыстар табысын аумақтық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсау, реформаларды қадағалауға бағытталған біріккен христиан және мұсылман комиссиясын құру, христиан халқын жермен қамтамасыз ету тиіс болды.

1975 ж. 30 желтоқсанда Андраши 1856 ж. Париж трактатына қол қойған барлық елдерге Босния мен Герцоговинадағы реформалар жобасын ұсынды. Мемлекеттердің барлығы бұл жобаны қолдайды. 1876 ж. 31 қаңтарда Австрия-Венгрия, Ресей, Германия, Англия, Франция және Италия Андраши жоспарын Вена ультиматумы ретінде түрік үкіметіне ұсынады. Порта Андраши жобасында ұсынылған барлық міндеттермен келісті. Алайда көтерісшілер жобадағы реформаларға қоса бейбітшілікті (перемирие), шаруаларға жерлердің үштен бір бөлігін беруді, реформалар жүргізілуіндегі державалардың кепілдігін талап етті. Түрік үкіметі бұл талаптардан бас тартқандықтан, Д.Андрашидің дипломатиялық қадамы іске аспай қалады.

Осы кезде сахнаға тағы да орыс дипломатиясы шығады. А.Горчаков мен Бисмаркқа Берлинде үш императорлар кеңесін ұйымдастыруды ұсынады. Бұл кездесу 1876 ж. мамырда өтеді. А.Горчаковтың жоспары Андрашидің реформаларынан гөрі Балқан түбегінің жекелеген славян елдеріне автономия беруді қарастырған болатын. Алайда Андраши Горчаков жоспарына көптеген түзетулер енгізіп, тым өзгертіп жібереді. Осылайша, 1876 ж. қабылданған Берлин меморандумы бойынша, үш император «зұлымдықтың әрі қарай дамуын тоқтатуға бағытталған шараларды қолдануды» мақұлдады [8, 122-124 бб.].

Сонымен, 1876 ж. 13 мамырда Ресей, Австрия-Венгрия, Германия, Франция және Италия мемлекеттері қабылданған Берлин меморандумы Түркия үкіметіне тапсырылады. Берлин меморандумы түрік үкіметінен көтерісшілермен 2 айлық бейбітшілік орнатуды, олардың шаруашылығы мен баспаналарын қайта қалпына келтіруге көмектесуді, көтерісшілерге қару сақтау құқығын беруді талап етті. Үш императордың мақсаты Осман империясының бүтіндігін сақтау және сонымен бірге ондағы христиандардың жағдайын жақсарту, басқаша айтқанда, «жақсартылған» статус-кво болды. Бұл жаңа дипломатиялық термин, А.Горчаковтың сөзімен айтқанда, Берлин меморандумының негізгі идеясын білдірді.

Франция мен Италия үш императордың келісімін мақұлдады. Б.Дизраели бастаған ағылшын үкіметі меморандумды түоік елінің ішкі істеріне қол сұғушылық деп бағалап, түрік сұлтанын қолдады. Сонымен қатар ағылшындар Ресейдің бұғаздар мен Балқан түбегіндегі күшеюіне қарсы шықты.

Англия Балқан түбегін Константинопольге шығатын плацдарм ретінде қарастырды. Осы кезде ағылшындар Суэц каналын отарлап, Шығыс Жерорта теңізі аймағына өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бұғаздардың Ресей бақылауына өтуі ағылшындардың басты коммуникациялық желілеріне орыс флотының қауіп төндіруі мүмкін еді. Сондықтан Англия тек Мысырды ғана емес, сонымен бірге Түркияны да бағындырғысы келді. Балқан түбегінде қақтығыс туындаған жағдайда Англия Австрия-Венгрия мен Түркияны қолдауына иек артқан болар еді. Сондықтан ағылшындар Ресеймен дипломатиялық күресін Орта Азияда емес, Таяу Шығыста жүргізуді жөн көрді. Б.Дизраели Берлин меморандумынан бас тарта отырып, Түрік астанасында үлкен абыроймен қолдауға ие болды.

Берлин меморандумының пайда болуымен қатар Түркия Болгариядағы көтерілісті үлкен жауыздықпен басып тастайды. Б.Дизраели түріктердің бұл зұлымдығын бүркемелеуге тырысты оның арасынша Сербия мен Черногория славяндық көтерілісшілердің пайдасына қарулы көмекке дайындалып жатты. 1876 ж. 30 шілдеде Сербия мен Черногорияның Түркияға қарсы соғысы басталады. Бұл жағдайда Берлин меморандумына қол қою тежелді және кейіннен ол өзінің мағынасын жоғалтты.

Сербияда шамамен 4 мың ерікті орыс әскерлері мен офицерлері шоғырланды. Сонымен бірге Ресей қаржылай көмек көрсетіп отырды. Ұлы державалармен қақтығысқа ұшырау қаупіне қарамастан, көтерісшілерді де, Сербия үкіметінде жасырын қолдай отырып, Ресей тәуекелге бел буды және ол мұндай қақтығысқа әскери және қаржылай жағынан дайын емес еді. Сонымен патшалық үкімет бұл м.мкін болатын қақтығыстан қауіптенсе де өз саясатын жалғастыра берді.

Серб-түрк соғысы жалпыеуропалық жарылыстың өршу қаупін тудырды. Түркия жеңген жағдайда соғысқа Ресей қосылады және орыстар Австрия-Венгриямен қақтығысқа ұшырайтын еді. Сербияның жеңісі Осман империясының толық күйреуіне әкеледі. Мұндай жағдайда осман иеліктерін бөлісудегі державалардың қақтығысы асқынып кететін еді. 1876 ж. 2 жартысындағы Ресей дипломатиясының міндеті Австрия-Венгриямен соқтығыспай, Балқан славяндарына көмек көрсету болды. Серб-түрк соғысы Ресей үкіметінің алдына, Балқандағы саяси дағдарыс тереңдеген дағдайда Австрия-Венгрия келісіміне сүйену қажеттігін қойды. Бұл міндеттің шешілуіне 1876 ж. 8 шілдесінде I Александр мен А.Горчаков және Франц-Иосиф пен Д.Андрашидің Богемиядағы Рейх штат қамалындағы кездесуі арналды [8, 154-155 бб.].

Рейхштаттағы кездесу ешбір халықаралық құжатпен бекітілмесе де, орыс үкіметі Австрия-Венгриямен келісімге қол жеткізеді. А.Горчаковпен Д.Андрашидің тапсыруы бойынша, австро-орыс келісімі жазылады. Бұл келісім бойынша, екі держава дәл қазір «араласпау қағидасын» ұстануға міндеттенді. Түріктер жеңген жағдайда екі жақтан, келісімде көрсетілгендей, Сербияның соғысқа дейінгі кезендегі жағдайын қалпына келтіру, сонымен қатар Босния мен Герцоговинада реформалау жүргізу талап етілді. Ал Сербияның жеңісі жағдайында екі жақ «үлкен славян мемлекетінің құрылуына жол бермеуге келісті» Орыс және австро-венгр дипломаттарының жазуындағы айырмашылықтарға байланысты Рейхштат келісімінде көптеген қақтығыстар мен түсінбеушіліктер орын алған.

Бұл уақытта Түркияның Болгариядағы зұлымдықтары Англияға мәлім болады және Б. Дизраэли үкіметі өзінің сыртқы саяси бағытын өзгертуге итермеледі. Мұны, өз кезегінде, Ресей басшылары пайдаланғысы келді. Орыс дипломатиясына Сербияны құтқару керек болды, себебі 1876 ж. тамызында Белгарадта князь Милан державаларға соғысты тоқтату үшін араағайындық туралы өтінішін білдіреді. Барлық державалар келісімін береді. Константинополь конференциясы барысында ағылшын елшісі Портаға Сербияға бір айлық бейбітшілік беруді және бірлден бейбітшілік туралы келіссөзді бастауды ұсынды. Түркия мұнымен келісе отырып, болашақ бейбіт келісімшарттың қатаң баптарын дайындай бастады. Түркияның танған баптарымен Еуропа державалары келіспейді. Мәселе тығырыққа тіреле бастады.

Австрия-Венгриямен келісімге қол жеткізу мақсатында II Александр орыс-түрік соғысы жағдайында Германияның позициясы қандай болатынын білгісі келді. Шығыс мәселесінің асқынуы О. Бисиарк үшін ыңғайлы болды. Бұл асқынулар Ресейдің Англия және Австрия-Венгриямен қатынастарының салқындауына әкелуі керек болды. Ақырында, канцлер 1874-1875 жж. бой көрсеткен одақтастарынан ажыратуды көздеді, сөйтіп, ол Францияның дипломатиялық изоляциясын орнатқысы келді. Шығыс дағдарысы О. Бисмарк үшін мүмкін болатын орыс-австрия соғысына әкелуші қауіп ретінде қабылданды. Германия орыс-түрік, одан бетер орыс-ағылшын соғысын қалады, бірақ ол үш император одағы бойынша өзінің екі әәріптесінен толық айырылып қалудан қорықты.

Балқандағы бейбітшілік мәселесі жайында келісімге келе алмаған державалар Ресей бастамасымен Түркиядан Сербиямен бейбәт келісімшарт орнатуды иалап етті. Бұл «еуропалық концертке» түрік дипломатиясы өзіндік маневрмен жауап қатты. Бұл жағдайда Порта Сербияға тек бейбітшілікті беріп қана қоймай , оны 5-6 айға созды. Іс жүзінде, бұл түріктердің серб жерін оккупациялауы мен бейбітшілік туралы келісімдерді созуын білдірді. Сербтер түріктердің бұл көңілшектігінен бас тартады, ал түріктер кезекті шабуылын бастайды. Нәтежесінде сербтер иағы да жеңіліске ұшырайды. Бұл жағдайда Ресей империясы Түрік үкіметіне 4-6 аптаға бейбіітшілік беру туралы ультиматум қояды. Жауап беру үшін 48 сағат уақыт беріледі.

Бұдан қорыққан Порта өойылған ультиматумды қабылдауға асықты. Константинопольдегі орыс елшісі Түркияның Босния, Герцоговина және Болгарияға автономиялық құрылыс енгізу, Черногория мен сербия территорияларын кеңейту құқықтарын беру туралы шешімін алуға қол жеткізді. Алайда келісімнің қабылдау рәсімі өтетін конференцияның дайындығы барысында түрік сұлтаны мемлекеттік төңкеріс жасап, жаңа Конституцияны жариялайды. Конференцияның жасаған жұмысы зая кетті, өйткені конституция бойынша қажетті реформалар берілген еді. Конференция өз жұмысын тоқтатады.

Канцлер О. Бисмарктың орыс-түрік соғысы жағдайында Австрия-Венгрияны Ресейдің одақтасы болудан бас тартқызуы Австрия-Венгрияның бейтарптығн қамтамасыз ету қажеттігіне Ресей үкіметінің көзін жеткізді. 1877 ж. 15 қаңтарда Будапеште орыс-түрік соғысы жағдайында Австрия-Венгрия Ресейге қатысты өзінің ізгілікті бейтараптығын сақтайтындығы туралы құпия конвенцияға қол қойылады. Бұның өтемі ретінде Австрия-Венгрияға Босния мен Герцоговинаны оккупациялау құқығы берілді. Сөйтіп, 1877 ж.қаңтарында Ресей Австрия-Венгрия бейтараптығына қол жеткізеді, ал наурыз айында орыс әскерлерінің Румыния территориясы арқылы өтуіне келісім алады.

Константинополь конференциясының сәтсіздігінен кейін орыс-түрік қатынастары күрт нашарлайды. Тағы да соғыстың исі шыға бастады. Дегенменде орыс үкіметі ұлы державалардың кейбір талаптарына Түркияны оңды жауап бергізуге тағы да бірқадам жасауға тырысты. Бұл дипломатиялық қадамның сәттілігі ағылшын үкіметіне байланысты болды. 1877 ж. ақпанда Еуропа мемлекеттері үкіметтеріне арнайы  миссиямен ресейлік дипломат Ингнатьев жіберіледі. Оның мақсаты Еуропа мемлекеттерін Константинополь конференциясының қарарларын бекітетін хаттамаға қол қойдырту болды. 1877 ж. 31 наурызда Ресей, Арглия, Франция, Австрия-Венгрия, Германия мен Италия Лондон хаттамасына қол қояды. Ағылшын үкіметі бұл хаттамаға қосылғанмен де, түріктерді қол қоюдан бас тарттырады. Бұған жауап ретінде 1877 ж. 12 сәуірде Ресей Империясы Түркияға соғыс жариялайды [8, 189-190 бб.].

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар