ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

Сан-Стефан бейбіт келісімшарты және Берлин конгресі. Балқанда да, Азиялық әскери іс-қимыл театрында да толық жеңіліске ұшыраған түрік үкіметі Ресейден келісім сұрауға мәжбүр болды. 1878 ж.орыс-түрік соғысын аяқтаушы Сан-Стефан бейбіт келісімшартына қол қойылады. Бұл келісімшарт бойынша, Сербия, Черноголия және Румынияға жаңа территориялар қосылған толық тәуелсіздік беріледі. Румыния Солтүстік Добруджаны иеленді, Дунайдан Эгей теңізіне дейінгі және Қара теңізден Охрит көліне дейінгі Болгария номиналды түрде Түркияға тәуелді, бірақ князн сайлау құқығы бар автономиялық князьдікке айналды; Босния мен Герцоговина автономия алды; Ресейге 1856 ж. алынған Бессарабияның бір бөлігі, сонымен қатар Ардаган, Карс, Батум, Баязет өтті, Түркия Ресейге әскери шығындардың өтемі ретінде 310 млн. Сом төлеуге міндеттенді; ол Арменияда реформалау жүргізуге келісті. Келісімшартта бекітілген орыс-түрік соғысының маңызды саяси қорытындысы түрік билігінен Болгарияның азат етілуі болды; Болгария, Босния және Герцоговина автономияға ие болды; Сербия, Черногория және Румыния тәуелсіздіктерін алды.

Келісімшарт бірден батыс державаларының, әсіресе оның қайта қаралуын талап еткен Ұлыбритания мен Болгарияның қарсылығына тап болды. Англия, ең алдымен, Ресей Болгария арқылы өзінің Балқандағы ықпалын күшейтеді және Жерорта теңізіне шығу мүмкіндігін алады деп сақтанды. Берлин конгресінің ашылу қарсанында Англия мен Түркия Англияға Кипр аралын беруші, сонымен қатар Кіші Азияда Түрік үкіметінің жүргізетін реформаларына бақылау жасауды бекіткен Кипр конвенциясына қол қойылады.

1878 ж. 21 шілдеде өз жұмысын бастаған Берлин конгресінде ол Ресей мен Болгария үшін тиімсіз көп жақты келісімшартпен ауыстырылды. Дипломатиялық изоляцияда қалған орыс үкіметі ұтылыстарға барады. Берлин трактаты орнады. Болгария тек Балқан жотасынан солтүстікке қарайғы болгар облыстарымен шектелді; ол ұлы державалардың келісімімен сұлтан үкіметі бекітетін өз князін тандау құқығы бар автономды мемлекет деп танылды; Балқаннан оңтүстікке қарайғы болгар жерлері сұлтан билігінде қалған, бірақ әкімшілік автономия алған Шығыс Румелия деген жеке территорияны құрады. Батыста Адриатика жағалауына дейінгі барлық территориялар және Оңтүстікке Эгей теңізі Түркия билігінде қалды. Австрия-Венгрия Босния мен Герцоговинаны оккупациялауға құқық алды. Черногория, Сербия және Румыния Түркиядан тәуелсіз деп танылды. Румыния Солтүстік Добрутжаны алды. Бессарабияның Дунай жағалауындағы учаскесі Ресейге қайтарылды. Ардаган, Карс, Батум округтары Ресейге қосылды.Ресей Түркияға Алашкерт жазығын және Баязет қаласын қайтарды. Батум ерікті сауда айлағы деп жарияланды. Құрамына Румынияның өкілі енген Дунай еуропалық комиссиясының құқықтары кеңейтілді және бекітілді. Темір қақпадан Қара теңізге дейін Дунай бойымен ерікті жүзу орнатылды. Түркия армяндар тұратын облыстарға жергілікті өзін өзі басқару реформасын жүргізуге міндеттеме алды.

Румыния, Сербия мен Черногория, Болгария мен Шығыс Румынияда, сонымен қатар сұлтанның барлық иеліктерінде ар бостандығы, барлық дінді ұстанушыларға азаматтық және саяси құқықтар толық таралды. Трактаттың қорытынды бабы Берлин конгресінің 1856 ж. Париж трактаты және 1871 ж. бұғаздар туралы Лондон конвенциясының алып тастамаған немесе өзгертпеген шешімдерін бекітті. Еуропалық державалардың конференциясы Ресейдің Балқанда үстемдік ету мүмкіндігін жоққа шығарды. Түркияның «қорғаушылары»: Англия – Кипрды, Австрия – Босния және Герцоговинаны бір оқсыз атып алды. Сонымен Берлин трактатының мәні Түркияны біртіндеп бөлшектеуге тірелді [14, 165-166 бб.].

Берлин конгресінің шешімдері Балқан түбегі халықтарының ұлт-азаттық күресіне соққы берді. Болгарияның бөлінуі, Австрия-Венгрияның Босния мен Герцоговинаны белгісіз уақытқа оккупациялауы, Македония мен Ново-Базар санджагының Түркияның билігіне қайтарылуы Балқан халықтары алдында тұрған басты тарихи міндеттерді шешуді өте күрделендіріп жүреді.

Берлин трактаты – Батыс Еуропаның ұлы державаларын дипломатиясының көптеген проблемаларымен, оның ішінде көп жылдар бойына Балқан Еуропаның «оқ-дәрі қоймасы» деген атаумен тнымалдылыққа ие болған айлалы қабысуы. Қалай болғанда да, Берлин трактатының тікелей және жанама салдары болған: 1885 ж. серб-болгар соғысы, 1908-1909 жж. Босния дағдарысы, 1912-1913 жж. Балқан соғыстары, Сараево өлімі және т.б. айтсақ жеткілікті.

Берлин трактатының шектеулілігіне және сабақтассыздығына қарамастан, 1875-1878 жж. Шығыс дағдарысының нәтижелері үлкен маңызға ие болғаның мойындамасқа болмайды. 1877-1878 жж. орыс-түрік соғысы Балқан түбегіндегі түрік езгісінің жойылуына әкелді. Сондықтан да оның нәтижелерінің тарихи маңызы зор.

1912-1913 жж. Балқан соғыстарына дейін баптарының негізгі бөлігі өзінің күшін сақтап келген Берлин трактаты маңызды халықаралық құжат болды. Алайда Балқандағы қайшылықтардың маңызды түйіндерін шешусіз қалдырды және орыс-австрия мен серб-болгар бақталастықтарын өткірледі.

80 жж.басында-ақ серб үкіметінің сыртқы саясатында Ресейге сенуден гөрі Австрия-Венгрияның қолдауына иек артуынан көрінген бейімделу сипат алды. 1885 ж. Болгария азат етілгеннен кейін оның тікелей қолдауымен Шығыс Румелияда төңкеріс болады. Ол болгар князьдығына қосылады. Бұдан кейін іле-шала серб королі Балқандағы тепе-теңдік бұзылды деген желеумен Болгарияға басып кіреді. Алайда серб әскерлері жеңіліс табады. Бұл, өз кезегінде, осы аймақта жаңа қауіпті қарама-қайшылықтардың пайда болғаны туралы белгі береді. 1886 ж. Болгарияда төңкеріс болады. Ресеймен қатынасты үзуші С.Стамболовтың диктатурасы орнықты. Англия, Германия және Австрия-Венгрия жвңв волгар үкіметін қолдады.

1877-1878 жж. соғыстан кейін бұрынғы одақтастар – Ресей мен Румыния бөлінді. Ресейге Оңтүстік Бессарабияның қайтарылуы мен румын үкіметі келісе алмады және 1883 ж. Ресейге қарсы бағытталған австро-геоман одағына қосылды.

Сонымен қатар, Берлин конгресі орыс-ағылшын қатынастарының өте-мөте шиеленіскендігін ашты. Англиямен жаңа қақтығыс болған жағдайда бұғаздармен Қара теңізде ағылшын флотының пайда болу мүмкіндігінен патша үкіметі сақтанды. Берлин конгресінде әскери кемелер үшін бұғвздврдың жабық болу принципін Англияның сақтамайтындығы белгілі болды. Осындай қауіптің алдында Ресейге, ең алдымен, Қара теңізде өз флотын жасақтау қажет болды.

1877 ж. қақтығыс. Шығыс дағдарысы франко-герман шекарасында резонанс туғызды. 1877 ж. қаңтарда Константинополь конференциясы болмай қалғаннан кейін герман шекарасына жақын жерге француз ковалериясының шоғырлануы туралы сөздерге байланысты Бисмарк жаңа әскери дабыл қағады. Сөйтіп, жаңа кезекті француз-герман қақтығысы пайда болады. Француз дипломатиясы тағы да Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болады. Бәрақ бұл жолғы міндет алдыңғыларға қарағанда, әлдеқайда салмақты болды [6, 56-57 бб.].

1878 ж. әскери дабыл қарсаңында Ресей мен Франция арасында түсінбеушілік туындайды. Алайда бұған қарамастан, француз дипломатиясы бұл қадамды қайталауға мәжбүр болды, өйткені бұл күрделі жағдайдан шығуға тек Ресей ғана нақты жол ашатын. Ақпан айының алғашқы күндерінде Версальға француз үкіметін мазасыз күйге түсірген мәлімет түседі. О. Бисмарк ағылшын үкіметіне Германияға толық әс-қимыл еркіндігін беретін Францияға қарсы қорған ыстық және басқыншылық одақ құру туралы ұсыныс жасайды. Бірақ Англияның келісіміне жетпеді, тағы да Ресеймен жақындасуды ойластыра бастады. Бірақ бұл жолы ойлағанындай болмады, өйткені Ресейдің халықаралық жағдайы герман дипломатиясының қатысуынсыз-ақ қиындап кеткен еді.

Францияны Ресейдің қолдайтыны туралы ағылшындар да білді. Жаңа франко-герман әскери дабылының нәтижесі канцлер О.Бисмарк күткендегідей болмады: Германияның одан ары қарайғы күшею перспективасынан қорыққан ағылшындық Биконсфильд кабинеті күтпеген жерден Ресеймен компромиске қол жеткізуге ынталылық танытты. Франко-герман соғысының қаупі ағылшын- орыс жақындасуына әкелуі мүмкін деген болжамнан сақтанған Германия, Ресей мен Францияға қатысты қатынастарында бітістіру позициясын ұстанды. Әскери дабыл толас тапты. Германия тарапынан Францияға төнген тікелей қатердің тағы да беті қайтарылды.

Австрия-Германия одағы. 1875-1878 жж. Шығыс дағдарысы кезіндегі қарама-қайшылықтардың шиеленісуі, Австрия-Венгрияның ұстанымын Германия қолданғандықтан, орыс-герман қайшылықтарының нашарлауына әкелді. Алайда Берлин конгресінен кейінгі алғашқы кезенде патша үкіметі Германияға қарсы ұстанымда болмады. Керісінше, орыс дипломаттары Балқандағы жаңа шекараларды нақтылау үшін конгрестің құрған комиссиясындағы герман делегаттары тарапынан қолдау іздеді. Бірақ 1878 ж. О.Бисмарктың нұсқауы бойынша, осы комиссиядағы герман делегаттары антиорыстық позицияны ұстанды.

Барлық дипломатиялық сәтсіздіктер кезінде және оның үстіне Ресейдегі өте саяси шиеленісті жағдайда патша үкіметі герман саясатының мұндай бетбұрысын көңіліне өте жақын қабылдады. Орыс-герман қатынастарының күрделенуінің тағы да бір себебі экономикалық қайшылықтар болды. Германия-орыс шикізатына Англиядан кейінгі импортері болса, 1879 ж. орыс ірі-қарасын әкелуге толықтай дерлік тиым салады. Көп ұзамай осы 1879 ж. канцлер Бисмарк Ресейдің ауыл шаруашылық экономикасына зияның тигізген орыс дәнді-дақылына белгілі салық мөлшерін енгізді. «Ветеринарлық» шаралар және нан салықтары орыс ауыл шаруашылығына соққы болып тиді. Олар орыс ақша жүйесіне қауіп төндірді. Бұл Ресейде жаңа антигермандық көңіл-күйдің өсуіне әкелді. Ресей мен Германия арасындағы қатынастар бірден өткірленді [12, 258-259 бб.].

Ресей мен болған кедендік соғыс Германияны Австрия-Венгриямен жақындатты. Орыс-герман қатынастарының нашарлауы О.Бисмаркқа бұрыннан ойластырып жүрген Австрия-Венгриямен ынтымақтастықты бекітуге мүмкіндік берді. Алғашында канцлер Австрия-Венгриядан тек Ресейге ғана емес, сонымен бірге Францияға да қарсы бағытталған келісімге қол жеткізуге тырысты. Д.Андраши бұған келісімін бермеді. Ресейге арнайы бағытталған келісімшартты І Вильгельм қабылдамады. Венадан келгеннен кейін Бисмарк императордың қарсылығының бетін қайтару үшін прусттық Министрлер кеңесін шақырады және Австрия-Венгриямен одақ жасаса алмаған жағдайда ұжымдық отставкаға кететіндігіне өзінің әріптестерінің келісімін алады. Ақыры император келісімін береді.

Сонымен, 1879 ж. граф Д.Андраши мен герман елшісі Рейстің Венада қол қойған австро-герман одақтық келісімшарты Ресейге қарсы бағытталды. Келісімшартта екі жақтың біріне Ресей  шабуыл жасаған жағдайда екінші жақтың бар қарулы күштерімен кқмекке келетіндігі, сонымен қатар тараптардың сипараттық бітімге бармайтындықтары туралы қарастырылады. Егер екі жақтың бірі басқа держава тарапынан шабуылға ұшыраған жағдайда екіншісіне оған ізгілікті бейтараптықты сақұтау міндеттелді.

Келісімшарт құпия болып қалу керек болды. Өйткені Д. Андраши Австрия парламентіндегі оппозициядан сақтанды.Одақтық келісім-шарт қорғаныстық сипатта рәсімделгенмен де, ол іс жүзінде бітпес шиеленістердің бастауына айналды. Келісімшарт бес жылға бекітілген. Германия бастаған державалар коалициясының құрылуына және Еуропаның екі қарама-қарсы лагерьге бөлінуіне әкелген келісімдер тізбегінің алғашқы звеносы болды. Бұл келісімшарт 1914 ж. қақтығысқан екі коалицияның біреуінің қалыптасуына бастау салған келісімшарттардың қатарында біріншісі болды [10, 184 б.].

 

 

    

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. XIX ҒАСЫРДЫҢ 80–90 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

 

Үш император одағын қалпына келтіру талпыныстары. О.Бисмарк Австрая-Венгриямен одақ құрған кезде ондағы қауіптерді де ескерді. Алайда ол Ресейге бұл жауыздық әрекетінен кейін жазықсыз қалатынына сенімді болды. Патша үкіметі елдегі қаржы тапшылығы мен қатерлі ішкі жағдайға  байланысты жақын арада басқыншы саясаттың жандануы жайында ойлай алмады.                            

              1879 ж. Ресейге қарсы бағытталған австро- герман одағына қол қойылған кезде А.Горчаков Үш император одағы бұдан былай өмір сүрмейді деп есептеді. Бірақ герман канцлері Ресейдің Франциямен жақындасуын тежеу мақсатында Одақты жандандыру үшін белсенді талпыныстар жасады. Ресей 1878 ж. Берлин конгресінде тап болған саяси оқшаулану жағдайынан шығуға өте мүдделі болды. Бұл міндетті орыс дипломатиясы үш император келісімін қалпына келтіру арқылы шешуге талпынды. Сонымен қатар орыс дипломатиясы Англиядан оның мүмкін болатын одақтастарын, бірінші кезекте ағылшындардың Берлин конгресіндегі одақтасы – Австрия-Венгрия ны алшақтатуға тырысты. Екінші міндетті орыстардың Орта Азиядағы алға жылжуы арқылы шешу көзделді.

              Орыс дипломатиясының келесі міндеті Англияның Үндістан жеріне солтүстік – батыс жақтан апаратын жолындағы ерекше тұста Ресейдің оған келеңсіздіктер туғыза алатынын сездірту еді. Түркияны Англиядан ажырату талпыныстарын, сондай – ақ үш император келісімін қалпына келтіру жолымен де шешу көзделді. Алайда, ең бастысы, бұған Англияның Мысырды басып алуы кенет көмектесті: ол Түркияны Англиядан итеріп тастап, ағылшын – түрік одағын жойды.

              Ақырында флоты жоқ Ресейдің, ең құрығанда, құрлықтағы күштерін бұғаздарға қарай жылжыту маңызды болды. Бұл міндетті орыс үкіметі Болгарияда өз ықпалын нығайту және орыс офицерлері басқаруындағы болгар армиясын ұйымдастыру жолымен жүзеге асыруды көздеді. Болгар плацдармында үндестік еткен Ресей бұғаздарға  да билік жүргізе алатын еді. XIX ғ. 70 жж. аяғындағы жағдай туғызған орыс дипломатиясы басшыларының алдындағы мақсаттар осындай еді [18, 56 б.].

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар