ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

                    Конгреске шақырылған Италия мемлекетінің өкілдері неополитандық революцияны басып-жаншуға қол жеткізуге тырысты және австриялық интервенцияның бүкіл Италияға тигізер салдары туралы тіптен ойланбады. Англия сырт көзге ғана бейтараптық танытқанмен, іс жүзінде Пруссия секілді австриялық жоспарды мақұлдады.  Франция интервенция идеясының өзін қолдады.

                    1821 ж. ақпанында австриялық әскердің Неапольға қарсы жорыңғы басталды.

                    Лайбахтағы конгресс ресми түрде 26 ақпанда жабылғанмен, іс жүзінде 181 ж. 12 мамырына дейін созылды.Қатысушылардың көпшілігі Лайбахта қалып, Пьемонттағы австриялық әскер мен Вена сарайының іс-қимылын қадағалады.

                    Итальяндық революциялар басып жаншылғаннан кейін Австрия, Пруссия және Ресей өкілеттілері Лайбахта Неаполь мен Пьемонтты жаулап алуды жалғастыру туралы декларацияға қол қойып, заңды монархтардың билігін қайта орнату үшін күштік тәсілдерді пайдалану шешімін мақұлдады. Декларация Бастапқы қаулымен және оған енгізілетін толықтыруларменбірге Қасиетті Одақтың идеологиялық принциптерін білдірді.

                    Итальяндық революциялар басып-жаншылғаннан кейінгі Еуропадағы жағдай әлі де шиеленісті еді. 1822 ж. көктемінде Троппау-Лайбах конгресіне қатысушылар Испаниядағы революциямен күрес мәселесі бойынша бір-бірінің ұстанымын анықтау мақсатында барлау жүргізуді бастады. Одақтас державалар монархтарының кезекті кездесуі Лайбахтағы конгресте қарастырылған болатын. Жаңа жиналыс шақыру туралы І Франц І Александрға 1822 ж. маусымында ұсыныс жасады. Жаңа конгресс өткізу орны ретінде Верона қаласы таңдалып алынды. Бұл көне қалаға Ресей, Австрия және Пруссия монархтары, итальяндық государьлар, көптеген дипломаттар келді. Англиядан көрнекті мемлекеттік қайраткер герцог Артур Веллеингтон өкілдік етті.

                    Веронадағы конгросс 1822 ж. 20 қазанынан 14 қарашасына дейін жүрді. Ол Қасиетті Одақтың дипломатиялық конгрестерінің ең соңғысы және едәуір өкілеттісі болды. Онда өздерін одақтастар деп айтатын бес ұлы держава басты рөл атқарды. Итальяндық мемлекеттердің өкілдеріне екінші дәрежелі рөл берілді: олар итальяндық проблемаларды талқылауға қатысты. Бес держава одағы формалды түрде өмір сүргенмен, олардың арасында бірлік болмады. Шығыс дағдарысының басталуы қарама – қайшылыөтардың одан әрі тереңдеуіне алып келді. Бірінші болып Англия шеттей бастады. Франция болса, сақтық саясатын жүргізді. Ресей делегациясының бағдарламасы консервативті сипатта болды.

                    Конгрестегі негізгі проблема француз королінің бастамасымен Испаниядағы революцияны басып-жаншу үшін интервенцияға әзірлік жасау болды. 1822 ж. 20 қазандағы өкілетті бес державаның жиналысында Францияның сыртқы істер министрі Францияны революция ықпалынан  «моральдық қолдау» көрсету туралы өтініш жасады. Англия, Прусся және Ресей өкілдері бұл бастамаға оң көзқарас көрсетті. Веллингтон Францияның ұсынысы Англияның араласпау ұстанымына қайшы келетіндігі, сондықтан да оны қолдай алмайтындығы туралы мәлімдеді. Бұл мәлімдеменің астарында ағылшын жағының Франция Испаниядағы және жалпы Жерорта теңізіндегі ұстанымдарды нығайтады деген қаупі жатыр еді. 1822 ж. 19 қарашасында төрт державаның Испаниядағы революциялық үкіметті құлату жөніндегі шаралар туралы құпия мәмілесі болып табылатын қаулыға қол қойылды. Веллингтон бұл құжат испандық корольдің өміріне қауіп төндіруі мүмкін деген сылтаумен қол қоюдан бас тартты [5, 86-89 бб.].

              Испаниядағы Француз интервенциясы. 1823 ж. қаңтарында Верона конгресі әзірлеген жоспарға сәйкес, Испания үкіметіне төрт еуропалық держава – Австрия, Пруссия, Ресей және Франция үкіметі басшыларының корльге толық билікті қайтаруды талап еткен нотасы тапсырылды. Испан үкіметі егемен мемлекеттің ішкі ісіне бұл араласуға қарсы болды; осыған жауап ретінде державалар Испаниямен дипломатиялық қатынасты тоқтатты. 1823 ж. 7 сәуірінде герцог Ангулемский басқарған жүзмың француз әскері Испанияға шабуыл жасады. Күзде революция басып-жаншылып, 1820 ж. 7 наурызынан 1823 ж, 1 қазанына дейінгі аралықта шығарылған барлық заңның күші жойылды. Бұл Қасиетті Одақтың соңғы «жетістігі» едң. Веронадағы конресс жіне Испаниядағы интервенция Қасиетті Одақ мүшелерінің соңғы біріккен актысы болды.

                    Веронадағы конгресте басқа да көптеген мәселелер талқыланды: бұрынғы испандық отарлардың тәуелсіздігін мойындау қажеттігі туралы; құл саудасын түбегейлі тоқтату жөніндегі шаралар туралы;  неополитандық корольдіктегі австриялық жаулап алушы әскерлер санын қысқарту және оны жаулап алу мерзімін ұзарту туралы.

                    Конгресс жұмысы державалар арасындағы өткір күрес жағдайында өтті. Революция алдындағы қорқыныш Ресейдің, Австрияның және Пруссияның Францияға Қасиетті Одақ атынан испандық революцияға қарсы шығуға және интервенцияны Латын Америкасындағы испандық отарларға таратуға тапсырма беруіне мәжбүр етті. Дегенмен мұндай шешім Латын Америкасы рыноктарындағы француздық бәсекелестіктің пайда болуынан қауіптенген Ұлыбританияың наразылығын тудырды. Осыған байланысты Англия АҚШ-қа іс-әрекетті үйлестіру туралы ұсыныс жасады. Оның нәтижесі АҚШ-тың «Монро доктринасын» жариялауы болды. Верона конгресінің латынамерикалық елдерге интервенция таратудан бас тартуына тура келді.

                    Верона конгресі жұмысын аяқтайтын күні Австрия, Пруссия және Ресей еуропалық революцияларды, соның ішінде Грециядағы революцияны айыптайтын және революциялық қозғалыстары басқа мемлекттердің монархиялық қондырғысына қауіп төндіруі мүмкін кез келген елдің ішкі істеріне Қасиетті Одақтың араласу құқығын бекітетін циркуляр жариялады.

                    Осылайша, Қасиетті Одақ конгрестері өз мақсаттарына жетті: XIX ғ. Алғашқы еуропалық революциялар толқыны қайтарылды, «Вена жүйесі» сақталып қалды, монархтар билігі қалпына келтірілді. Қасиетті Одақ қызметінің бірінші кезеңі осылай аяқталды [5, 97 б.].

              Қасиетті Одақтың ішкі қарама-қайшылықтары. 1818-1821 жж. аралығында Қасиетті Одақ контрреволюциялық бағдарлама жүргізуде барынша жігерлілік және батылдық танытты. Бірақ бұл кезеңдегі оның саясатында мұндай әйгілі атаумен біріккен мемлекеттерден күтуге болатын көзқарстар тұтастығы,татулық байқалмады. Оның құрамына кірген әрбір мемлекет ортақ жаумен өзіне ыңғайлы орында жәнетек өзінің мүддесіне сай күресуге ғана келісті. Көзқарастағы қарама – қайшылық, бәсекелестік революциялық толқу өскен сайын айқынырақ байқала түсті.

                      Қасиетті Одақ қызметінің екінші кезеңі 1822 ж. басталады. Бұл кезең Қасиетті Одақтың Англия жүргізген саясат ықпалымен ыдырап, күйрей бастауымен сипатталады. Наполеондық Франция құлағаннан кейін Англияның жағдайы нығайып, оның Еуропадағы экономикалық әсері арта бастады. XIX ғ. Бірінші тоқсанында ірі машина өндіруші ел болған ол басқа елдердің барлығын өз өнімдерімен қамтамасыз етті. Өнеркәсібін дамыту үшін оған кеңейтілген төрақты рынок, сонымен қатар шикізаттың әр алуан түрлерін енгізу қажет болды.

                      Ағылшын дипломатиясы тактикасының өзгертілуі XIX ғ. Ірі дипломаты, сыртқы істер жөніндегі статс – секретарь Джордж Каннигтың есімімен байланысты еді. Ол сол кездегі Англияның ішкі істерінің барлық жиынтығын есепке алды.

                     Дж.Каннинг ең көрнекті дипломаттарының бірі ретінде танымал. Ішкі саясат саласында айқын  косерватор бола отырып, Каннинг сыртқы саясатты «либерал» болып көрінуге тырысты. Каннинг, егер аристократия революциясының болуын қаламаса, ерте ме, кеш пе, буржуазиялық сайлау реформасын беретінін білді.

                      Канниг билікке іс-қимыл жасаудың ерекше бағдарламасымен келді. Бұл бағдарламаны ойдағыдай іске асыру өнеркәсіптік, сауда, банктық буржуазияға үлкен мүмкіндіктер ұсынып, бұл ортаның экономикалық дамуына жол ашатын-ды. Осы арқылы революциялық қауіп өздігінен әлсіреп, сайлау реформасы өткірлігін жоятынын Каннинг айқын түсінді. Ол жас мемлекеттердің саяси және экономикалық көмек қажет ететіндіктерін,бұл көмекті өздеріне барынша пайдалы жағынан ағылшын банкирлері мен өнеркәсіпшілері бере алатынын білді. Мұндай жағдайларға байланысты сыртқы саясатты түбегейлі өзгерту қажет еді: Еуропадағы, Америкадағы ұлт-азаттық қозғалыстармен күресу емес, керісінше, оларға барынша көмектесу керек. Меттерних пен І Александр Қасиетті Одақтың бүкіл саясатына белсенді дипломатиялық қарсылық жүргізіліп жатқанын бірден түсіне қоймады. 1825 ж. де-факто ағылшын-бразилиялық дипломатиялық қатынасы орнатылды. Лондон кабинеті Буэнос-Айрестің, Мексиканың және Колумбиялық тәуелсіздігін мойындады [2, 181-182 бб.].

                      Англияның бұрынғы испандық отарлардың-латынамерикалық елдердің тәуелсіздігін мойындауы Қасиетті Одақтың тұтастығын түбегейлі жойды.

                      Ресей де, Англия тәрізді, өзінің Балқанға кіруін бекітуді қалау арқылы Қасиетті Одақтың ыдырауына септігін тигізді. 1825-1826 жж. Ресей үкіметі өзінің грек мәселесіне қатысты көзқарасын өзгертті, себебі Түркия Ресейге нан және басқа да тағамдар тасымалдап жүрген грек сауда кемелерінің бұғаз арқылы еркін жүзуі туралы келісімді бұзды. Сонымен қатар гректердің Түркияға қарсы ұлт-азаттық күресін қолдау арқылы Ресей үкіметі Балқан халықтарының арасындағы өзінің беделін көтере түсуге тырысты. Қарама-қайшылықтар  тек Ресей мен басқа жетекші державалар арасында ғана емес, осы державалар блогы – Қасиетті Одақ ішінде де өткір болып қалды. Әрбір серіктес шығыс дағдарысынан өз пайдасын табуға ұмтылды. Ресей Австрия да, Англия да және басқа еуропалық елдер де есептесуге мәжбүр  болған өте маңызды күш болып қала  берді.

                      Еуропалық державалардағы бірте-бірте кеңейіп бара жатқан либералдық қозғалыстың, барлық елдерде революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстардың қарқын алуы Қасиетті Одақты шайқалтып жіберді. 1833 ж. Мюнхенгрец қаласында Ресей, Пруссия және Австрия Қасиетті Одақтың принциптерін бекітуге және жаңартуға әрекет жасады. 1833 ж. 3 қарашасында Берлинде Ресей, Пруссия және Австрия қол қойған келісім жасалды, бұл келісім бойынша үш мемлекеттің әрбір монархы оның басқа қатысушыларынан «ішкі бүлік» жағдайында немесе сырттан қауіп төнген жағдайда көмек ала алатын еді. «Үш монарх келісімі» атауын алған бұл келісім Қасиетті Одақты қалпына келтіру үшін жасалған әрекет болатын, бірақ ол мүмкін болмады.

                      Ұлттардың оянуы және либералдық идеялардың жетістіктерге жетуі Австрияға қауіпті боып көрінді. Ол осы жауыздықпен, әсіресе, Германияда күресуді аса қажетті деп тапты, себебі Германияны өз иеліктеріне қосымша ретінде қарастырып, онда біржақты басымдық алуға тырысатын. Вена сарайы өзінің Германияда репрессия жургізуден тапқан пайдасын оның Герман одағындағы ықпалын шектеуге мудделі басқа елдердің иеленуінен келісе алмады. Франция тарапынан көмек алғысы келмеген ол басқа жерлерде қауіп төндірер Ресейдің де араласқанын қаламады. Тіпті Англияны да, өзінің беделіне бәсекелес болады деп қорыққандықтан, герман істерінен ығыстырғысы келді. Австрияның Руссия көмегенсіз де әрекет етуге негізі болды, себебі оның жасырын қарсылығы мазасыздық тудырып отырған болатын, Дегенмен оның көмегі қажет-ақ еді. Меттерних, егер ол Пруссияны өзі жүргізіп отырған реакция саясатына қатыстырмайтын болса, онда Берлин кабинетінің революциялық қозғалысқа жетекшілік етуді қолына алуды мәжбүр болатындығын жақсы түсінді. Сондықтан Руссияны қарсыласы ретінде емес, одақтасы ретінде жанында ұстауды қалады. Бұдан екі жақты пайда күтті: меттерних, бір жағынан, Руссияны Австрия мүддесіне қызмет етуге мәжбүрледі, екінші жағынын, оның танымдылығын төмендетті.

                      I Александр « сенбеушілік» пен революцияны жек көрсе де, қаиетті Одақтағы достарын сенбеді. Ол Меттернихтің 1814-1815 жж. Оның сыртынан үш ұлы державаның қастастық коалициясын даярлағанын ешқашан да есінен шығармады. Барлығы да Ресейден қатты қорықты. Көпшілігі Напалеонның іскерлігі жоғары Ресей ол жүргізген істі – Еуропаны жаулап алуды қайтплауы және оны соңына дейін жеткізуі мүмкін деген ойымен келісті [5, 116-119 бб.].

                     Осылайша, нақты экономикалық және саяси мүдделер, өзара қорқыныш қасиетті Одақ құрылған алғашқы жылдардың өзінде – ақ ішкі қайшылықтар туғызды.

                  1830 жылғы революцияның еуропалық дипломатияға асері. 1830 ж. Франциядағы Шілде революциясы Қасиетті одақтын реакциялық жүйесіне берілген маңызды соққы болды және Қасиетті одақтың ыдырауына қарай жасалған алғашқы қадам ретінде қарастырылды. Францияда өткен Шілде революциясы ұлы державалардың дипломатиялық жұмыстарына да ықпал етті.

                    20 жылдардың екінші жартысы Франция үшін Х Карлдың (1824-1830 жж.) билік етуімен байланысты дворяндық және клерикалық реакциялардың күшею уақыты болды. 1826 ж. басталған өнеркәсіптік дағдарыс бірнеше жылға созылды, бұл Францияның сауда-өнеркәсіптік буржуазиясы мен еңбекші таптарының тарапынан Х Карлдың саясатына деген наразылықты тударды. Елде революциялық көңіл күй орныға бастады. Француз үкіметі министрлер кабинетінің басшысы етіп граф Мартиньягты тағайындау арқылы солға қарай бір қадам жасауға мәжбүр болды. Бірақ бұл солшылдық көпке созылмады. 1829 ж. билік басына ультрароялист князь Полиньяк басқарған жаңа кабинет келді. Елде саяси жағдай шиеленісе түсті.

                    І Николай Францияға жаңа революциялық жарылыстың жақындауын   француз үкіметіне дипломатиялық ықпал ету жолымен болдырмауға тырысты. Петербургтағы француз елшісі Мортемар арқылы І Николай Х Карлға жаңа ордонанстар енгізбеу және реакцияның шабуылын тоқтата тұру туралы кеңес берді. Бірақ патша француз халқы үшін қамқорлық жасап отырған жоқ еді. Ресейге шығыс дағдарысының қорытынды сатысында Австрия мен Англияға қарсы одақтас керек болатын. Француз үкіметі Алжирдегі жаулап алушы соғыста Англияға қарсы Ресейдің қолдауын көргісі келді. Оның үстіне екі мемлекетті де революцияларға деген өшпенділік және оларды болдырмауға деген ынта біріктіретін.

                    І Николай қауіптенген нәрсе болып тынды. 1830 ж. 25 шілдеде француз королі Х Карл Сен-Клуда ордонанстарға қол қойды. Олар 1814 ж. Хартияны іс жүзінде жою және мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысу болып табылатын. 31 шілде-4 тамыздағы телеграф мәліметтері Петербургқа Париждегі үш күндік Шілде шайқасы, революцияның жеңіске жетуі, герцог Орлеанскийдің І Луи-Филипп есімімен таққа отырғаны туралы хабарлады. 17 тамызда патша Луи-Филипті Францияның заңды королі ретінде мойындамайтынын мәлімдеп,Франциямен дипломатиялық қатынасты үзбек болды. Бірақ еуропалық державалар коалициясының революциялық Францияға қарсы бірікпейтіні, 1830 жылғы Франция 1814 ж. Франциядан өзгеше екендігі белгілі еді. Ресми Англия, сөзсіз, Луи-Филипті мойындайтын, ал оппозициялық Англия Франциядағы шілдедегі буржуазия жеңісі туралы хабарды қуанышпен қарсы алды [10, 65-66 бб.].

                    Ресейдің Франциямен дипломатиялық қатынасы үзілген жоқ. Бірақ І Николай Франциядағы Бурбондар династиясын қалпына келтіру мақсатында Қасиетті Одақ державаларының қарулы интервенциясы жобасын ұзақ уақыт бойы іске асыруға тырысты. Граф Орлов интервенция жөнінде келісу үшін – Венаға, ал генерал Дибич Берлинге жіберілді. Бірақ бұл екі миссиядан ештеңе де шықпады.

                      Интервенцияға жасалған барлық есебі іске аспаған соң, І Николай Луи-Филипті мойындауға мәжбүр болды. Бірақ Франциямен арадағы қарым-қатынас нашарлаған еді.1830 ж. патша оқшауланып қалды:Англия Франциямен жақындасты; Меттерних Луи-Филиппен сыпайы қарым-қатынасты сақтады;Пруссия королі жаңа Француз монархына тіпті елгезектік танытты.

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар