ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:57, дипломная работа

Описание

Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

           1814 ж. қазан айының бас кезінде Талейран император Александрға келді.  Олардың арасында өте жағымсыз түсініктеме болды. Талейран өзінің «легитимизм принципін» ұсынды. Онда Александр революциялық соғыстарға дейін Ресейдің иелігінде болмаған Польша бөлігінен бас тартуы, ал Пруссия Саксонияға көз салмауы қажет делінді.  Патшаның Ресейді өз жеңісінен тиесілі пайдасын алу керек деген сөзіне жауап ретінде Талейран: «Мен пайдадан құқықты жоғары қоямын!» - деді. Осы сөз, жалпы алғанда, өзін - өзі ұстай білетін  Александрды шыдам шегінен шығарды. Құқықтың киелілігі туралы әңгімені кезінде Эрфуртта Александрдың өзіне Наполеонды сатып, ол үшін ресейлік қазынадан ақшалай төлем алған соң Талейран айтып тұр еді. «одан да соғыс!» - деп мәлімдеді Александр.

          Одан кейін лорд Кэстльримен келіссөз жүргізілді. I Александр оған «Польшаны бөлу кезінде жіберілген моральдық күнәмді жөндеуге шешім қабылдадым», - деп мәлімдеді. Ресей императоры дәл осы Вена когресінде бұрынғы Польшаның барлық боліктерін тез арада біріктіруді міндет етіп қоймайды. Ол әзірше Польша территориясының өзінің әскері 1814 ж. басып алған бөлігі туралы ғана айта алады. Ол Польшаның осы бөлігінен Польша корольдігін қалпына келтіріп қана қоймай, осы конституциялық корольдікке Ресей 1807 ж. алған Белосток округын, сонымен бірге 1809 ж. алған Тарнополь округын қосады.

         Кэстльри патшаның Польшаға бергісі келіп отырған конституциясын өте «либералды», сондықтан да Австрия мен Пруссия үшін қауіпті деп тапты. Ол австриялық және пруссиялық поляктар конституцияны пайдаланып отырған қандастарына қарап толқуы мүмкін деген қаупін білдірді. Патша польшаның тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін әрәкет жасап отырғанын дәлелдегеніне байланысты, буржуазиялық Англияның министрі соншалықты либералды болмауын ұсынды. Австрия үкіметі Польшада либералдық тәртіптің орнауынан, Ресейдің польша жерінің көп бқлігін қосып алу арқылы күшейіп кетуінен ағылшын үкіметінен де ары қауіптенді. Австрия канцлері осы кезде Кэстльриге тығырықтан шығудың мынадай жолын ұсынды: Пруссияның өкілетті өкілі Гарденбергке Австрия мен Англияның бүкіл Саксонияны Пруссия корольіне беруге келісетіндігі туралы айту керек. Ал Пруссия болса, өз кезегінде, Александрдан бас тартып, Австрия мен Англияға қосылады, сөйтіп патшаның Польшаны (Варшава герцогтығын) иеленуін болдырмайды. Осылайша, Саксония корольдің Александрдан бас тартқаны үшін төлем ретінде болуы тиіс еді.

          Король III Фридрих-Вильгельм бұл жоспардан бас тартуды шешті. Меттерних пен Кэстльридің Талейранды ойға алынған мәмілеге қоспауы тектен-тек емес екендігі  белгілі болды. Пруссия корольі өз жағдайының соншалықты қауіпті екендігін кенет түсінді: Талейран барлық нәрсені I Александрға айтып қойса не болады, ең бастысы, оның өзі Франция мен Ресейдің Пруссияға қарсы бірлескен дипломатиялық, мүмкін тек қана дипломатиялық емес әрекеттер жасауын ұсынса қайтеді? Француз-орыс одағының сұмдығы, тильзиттік және тильзиттен кейінгі уақыттың өкініші әлі де ойдан кетпеген еді. Ойластыры келе, король III Фридрих-Вильгельм Александрға өзінің адамгершілігін дәлелдеу үшін  барлығын мәлімдеу керек деп шешті. Патша Меттернихті шақырып алып, ашық сөйлесті. Бұл туралы Талейран XVIII Людовикке табалаушылықпен жеткізіп, Александр Меттернихпен кінәлі күтушіден де жаман сөйлескенін айтты.

            Конгресс жұмысы ішкі күрестің кесірінен алға жылжымай қойды. Сол кезде Талейран бұрынғы көздеген мақсатын сақтай отырып, тактикасын өзгертті: жеңіскерлер қатарында алауыздықты тереңдету. Франция болса, Ресейдің күшеюіне кедергі келтіруге емес, Францияның тікелей көршісі әрә жауы Пруссияның күшеюіне кедергі жасауға мүдделі болатын. Сондықтан Талейран Александрға Францияның Александрдың өз империясы шегінде Польша корольдігінқұруына Англия мен Австрияның қарсы тұруын қолдамайтындығы, бірақ Саксонияның Пруссия корольіне берілуіне келіспейтіндігі туралы мәлімдеді. III Фридрих-Вильгельмнің де, оның  дипломатиялықөкілдері Гарденберг пен Гумбольдтың да конгресте атқарған рөлі маңызсыз болатын. Оған Саксонияны беруге сөз берілді. Александр саксондық корольдігі сатқын деп атады, оны Ресейге жіберемін деп, ло Саксонияны Польшаның бір бөлігіне айырбас ретінде ғана ала алды деп сендірді. Сөйтіп король біраз уақытқа тыныштанды. Талейранның іс-әрекетін бұрынғы одақтастардың арасындағы шиеленісті қарама-қайшылық және Ресей мен Пруссияның жоспарларына ағылшын және австрия дипломатиясының белсенді қарсылықкөрсетуі жеңілдетті. Қандай жолмен болса да, Ресейдің күшеюіне кедергі келтіріп, оның Наполеонды талқандау арқылы қол жеткізген ықпалын шектеуге ұмтылған Кэстльри мен Меттерних Франциямен жасырын одақ құруға дейін барды. Талейран, әрине, Францияның же,іскерлерін ажырату мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты. 1815 ж. 3 қаңтарында  жасырын  келісімге үш державаөкілдері қол қойды. Ол Ресей мен Пруссияға қарсы бағытталып, Австрия, Франция және Англияны «егер жоғары келісім жасаған жақтардыңбіріне бірі немесе бірнеше державалар тарапынан қауіп төнсе, әрқайсысы 150 мың солдаты бар армия жіберу арқылы бір-біріне көмекке келуге» міндеттеі. Үш қатысушының үшеуі де қарсыластармен сепаратты бейбіт келісім жасаспауды міндетіне алды. Әрине, келісім Александрдан, кез келген басқа адамнан да қатаң құпияда сақталатын болды. Оның бір данасы Велода Меттернихте қалды; екіншісі Талейранға беріліп, тез арада Парижге король XVIII Людовикке жіберілді; үшіншісі Кэстльридің қолына тапсырылып, ол ағылшындық принц-регент Георгқа жеткізді [1, 77-79 бб.].

          Бұл жасырын келісімнің саксондық жобаға қарсы қуатты күшейткені соншалық, Александрдың ажырауға барудан, мүмкін соғысқа кіруден немесе келісуден басқа амалы қалмады. Польшада қалағанының бәрін алғаннан кейін  ол ұлы үш державамен Пруссия үшін ұрысқысы, одан жаманы – соғысқысы келмеді. Ол мынаған жол берді: Пруссия Саксонияның тек бір бөлігі берілді. Саксония корольі өз иелігіне тұрақты орнығып алды. Ол шынына келсек, едәуір кішірейген болатын.

          Вена конгресі Германияның саяси бытыраңқылығын бекітті. Александр Меттерних секілді, Англия бұл мәселеге бейтарап қарады,  ал Пруссия болса, күреске араласқысы келгенмен, әлсіз еді. Вена конгресі қайраткерлерінің барлық ой шабыты барлық жақтың да көтереһіліп келе жатқан буржуазия мүдделеріне қандай да бір жеңілдік жасағысы келмейтіндіктерін дәлелдеді; неміс халықының Германияның бірігуіне артқан үміттің күл-талқан болуы реакцияның салтанат құруындағы тағы бір сипатты сызық болды.

          Меттернихтің жоспарына сәйкес, конгресс «Германдық одақ» деп аталған ұйым құруды көздеді. Бұл одақ істерін жүргізу үшін «Германдық сейм» құрылды. Одаққа Австрия, Пруссия және басқа германдық мемлекеттер (жалпы саны – 38) енгізілді. Германдық одақтың міндетіне, Меттернихтің ойлауы бойынша, Францияның Рейнге қарай келешекте болуы мүмкін жаңа қозғалысына кедергі жасау, сонымен бірге Австрияның Германияда басшылық жасауын қамтамасыз ету кірді.

          Майнцтағы Франкфурт қаласында орналасқан сеймге төрағалық ету австриялық өкілге жүктелді, ал сеймдегі дауыс берулер соңғы шешімді Австрия қабылдайтындай етіп бөлінді. Әрине, бұл сұрқия құрылым герман халқын біріктіруге емес, керісінше, оның бөлшектелгендігін мәңгіге қалдыруға және ұсақ феодалдық монархияны сақтап қалуға бағытталған еді. Осылайша, Германия тағы да, Ф.Энгельстің бейнелі сипаттамасына сәйкес, бұрын, дәлірек айтсақ, Германияның батыс бөлігінде француз революциясы және Наполеон талқандады деген «дінге сенушілік астауының» қасында қалды.

         Конгресс өз жұмысын қорытындылауға кірісіп кеткен шақта, кенет оның қатысушыларын күтпеген жаңалық есеңгіретіп жіберді. 1 наурыз күні Наполеон Францияға кірді. Ал тағы үш аптадан кейін,  1815 ж. 20 наурызында Наполеон Парижге кірді. Империя қайта қалпына келтірілді.  Вена когресіндегі алауыздықтар туралы өсектің Наполеонның Эльбаны тастап шығуында басты рөл атқарғаны сөзсіз. Оны Парижде ғажайып сыйлық күтіп тұр еді. Кіруіне  тек бір тәулік қал,ан кезде ғана қашқан Наполеон корольдің кабинетінде 1815 ж. 3 қаңтардағы баяғы жасырын келісімді тауып алды. Бұл Талейран арқылы  XVIII Людовикке жіберілген үш көшірменің біреуі еді. Корольдің асыққаны соншалық, үстелінің үстіне осы құжатты қалдырып кеткен болатын. Наполеон жаушы әзірлеуге бұйрық беріп, оны осы пакетпен Венаға жібереді. Наполеон бұл пакетті император  I Александрға тапсыруға бұйрық берді [1, 79-80 бб.].

        Александрдың өзіне қарсы бағытталған жасырын келісімді алғаш ашып оқығанына куәгер болған Будякиннің көрсетуінше, патша ашудан қызарып кетеді, дегенмен өзін - өзі ұстап қалады. Наполеон қайта оралғаннан бері патшаның Еуропаны құтқаруына үміт артып жүрген Меттернихке келген кезде, Александр оған үнсіз ғана австриялық канцлердің дипломатиялық шығармашылығының жасырын жемісін ұсынады. Меттерних қатты сасып, өмірінде бірінші әрі соңғы рет айтарға өтірік таппай қалады.

        Дегенмен де, Наполеон алдындағы қорқыныш белең алып, Александр сол жерде Меттернихке қалай болғанда да олардың ортақ жауы Наполеон екендігін мәлімдейді. 1815 ж. 18 маусымында Ватерлоо түбінде Наполеон жеңіліске ұшырағаннан кейін Францияда Бурбондар екінші рет қайта қалпына келеді.

        Ватерлооға дейін бірнеше күн қалғанда, 1815 ж. 9 маусымында Вена конгресінің соңғы жиналысы болды, онда 121 баптан және 17 жеке қосымшадан тұратын «Қорытынды актыға» қол қойылды. Конгреске қатысушылар мығым нәрсе құрдық деп ойлады. Бірақ конгрестің реакциялық утопиясы жаңа өндірістік қатынастарға да, Еуропадағы феодализм мен абсолютизмнің ескі қондырғыларын күйреткен жиырма бес жылдық күреске де қарамастан, жер шарының осы бөлігін ескірген құрылым шеңберінде ұстап қалуда болатын. Бұл утопия когрестің барлық іс-әрекетінің негізінде жатты.

        Бельгия Голландияның жаңа корольіне сыйланды; Данияға, Шлезвигтен басқа, немістік Голштейн берілді; Германия  38 дербес мемлекетке бөлініп қала берді. Польша тағы да үш бөлікке бөлінді, оның үстіне бұрынғы  Варшава герцогтығының жерінен жаңа Польша корольдігі құрылды. Ол, конгрестің шешімі бойынша, «Ресеймен үздіксіз байланыста» болуы және Ресей патшасы сыйға тартқан конституциямен басқарылуы қажет еді. Познань, Гданьск (Данциг) және  Торунь – Пруссияның, ал Батыс Украина (Галиция) Австрияның иелігінде қалды. Краков қаласы, «оған қарасты облыспен бірге, Ресейдің, Австрияның және Пруссияның қамқорлығындағы «мәңгілікке еркін, тәуелсіз және бейтарап қала» деп жарияланды.

        Пруссия өзі айрылған польшалық территориялар үшін төлем ретінде, Саксонияның солтүстік бөлігінен басқа, Рюген аралын және шведтік Померанияны, ал батыста Рейн – Вестфаль обылысын алды. Нәтежиесінде Гогенцоллерлер корольдігі, Талейран мен Меттерних тарапынан қарсылық болғанына қарамастан, патша жағынан қолдау берілуінің нәтежиесінде және кгресте ағылшын дипломаттары ұстаған позицияға орай күшейе түсті. Пруссияның екі бөлікке – ескі, шығыс және жаңа, батыс бөліктеріне бөлініп қалағанына қарамастан, ол 1815 ж. кейін-ақ күш жинап, көршілері үшін қауіпті бола бастады [1, 80-81 бб.].

        Тирольды, Вальтелинаны, Триесті, Дальмация мен Иллирияны алған Австрия да едәуір күшейді. Моденде, Тосканда және Пармада таққа император I Францтың жақын туыстары отырды, олар  Австриямен одақтастық туралы келісім жасасқан болатын. Бурбондар билігі қалпына келтірңлген екі Сицилия корльдігі  Австриямен және Папа облысымен осындай келісімдер жасасты. Сөйтіп, Габсбургтар билігі саяси бөлшектелген жағдайдағы Италияның барлық территориясына таралды.

        Қуатты екі еуропалық держава -   Англия мен Ресейдің Франциямен ұзақ мерзімді соғыстан едәуір нығайып, күшейіп шықты. Англия өзінің бұрын да аз болмаған орталық иеліктерін кеңейтті. Ол өзінің басты бәсекелесі – Францияны шетке шығару арқылы толыққанды «теңіз иесі»  болып қалды және басқа елдерді өзі орнатқан тонаушылық сипаттағы «теңіз құқығын» мойындауға мәжбүр етті, яғни ол ашық теңізде бейтарап елдердің сауда корабльдерін жау жағалауына апара жатқан тауарларын алып қою мақсатында тоқтатып, қарау «құқығына» ие болды. Әсіресе британдық биліктің ағылшын буржуазиясының Таяу және Орта Шығыс елдеріне барар жолдағы әскери-теңіз базаларына айналған Мальта аралында және Ионикалық аралдарда орнауы маңызды орын алды.

         Патшалық Ресей наполеондық Франциямен соғыстардан Варшава герцогтығы, Финляндия және Бессарабия жерлерінің есебіненедәуір кеңейіп шықты. «Вена когресі Ресейге Польша патшалығын әкелді», - деп әділетті жазды кейінірек Ф.Энгельс, сонымен қатар «патшаның қазіргі Еуропада алған орны бәрінен де маңыздырақ» деп атап өтті. Еуроплақ континентте Ресейге тең келетін бәсекелес қалмады.

         Негізгі саяси және территориялық мәселелерді шешуден басқа, Вена конгресі Бас трактатқа қосымша актылар ретіндегі бірқатар арнайы қосымша қаулылар қабылдады. Олардың ішінде  1815 ж.        8 ақпанында қол қойылған  «Державалардың негрлерді сатуын жою жөніндегі Декларация», 1815 ж.  19 наурызында когресс қабылдаған «Дипломатиялық өкілдердің рангілері туралы Ереже» маңызды орын алады. Соңғы ереже алғаш рет әр түрлі дипломатиялық тұрмысқа халықаралық құқық нормасы ретінде ұзақ уақытқа енді және осы күнге дейін күшінде. Бұл қаулы XVII ғ. дипломатиялық тәжірибесінде әдеттегідей болып қалған үлкендік туралы шексіз ұрыстар  мен қақтығыстарға нүкте қойды. Рангілер былайша белгіленді: 1) елші, папалық легат және нунций; 2)өкіл; 3) сенімді өкіл. Кейінірек,  1818 ж. бұл үш  рангіге  министр-резидент рангісі енгізілді, ол өкіл мен  сенімді өкілдің арасына қойылды.

            1814 ж. Венаға жиналған жеңімпаз мемлекет билеушілері алдарына үш негізгі мақсат қойды: 1) Франция т арапынан қайталануы мүмкін агрессияға қарсы кепілдеме құру; 2) өздерінің жеке территориялық мүдделерін қанағаттандыру; 3) XVIII ғ. фрунцуз буржуазиялық революциясының барлық салдарларын жою және ескі феодалдық-абсолюттік тәртіптерді барлық жерлерде қалпына келтіру.

           Бірақ осы мақсаттардың тек алғашқысы ғана толығымен орындалды. Ал екіншіге – территориялық мүдделерін қанағаттандыруға келсек, тек бірқатар жеңіскер елдер ғана Франциямен болған ұзақ та қантөгісті соғыста Еуропаның едәуір әлсіз елдерінің есебінен кеңейіп шықты. Вена когресінің үшінші мақсаты – революциялық бастауларды жою және легитимизм принциптерін толығымен бекітуге қатысушылар қол жеткізе алмады. Осылайша, Еуропада және жалпы әлемде халықаралық қатынастардың Веналық деп аталған жаңа жүйесі орнатылып, ол қатынастардың жаңа тәсілдері мен нысандарын бекітті және континенттегі қарама – қайшылықтарға жаңа түйін салды [1, 81-82 бб.].

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. 1815-1830 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

 

                  Қасиетті Одақтың қызметі. Халықтың Наполеонға қарсы күресі француз империясының күйреуімен аяқталды. Наполеонның жеңілісін монархиялық, феодалдық- абсолюттік мемлекеттер коалициясы өз меддесіне пайдаланды. Наполеон империясының жойылуы Еуропадағы дворияндық-монархиялық реакцияның салтанат құруына әкелді.

Информация о работе ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар