Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда 1950-1960 жылдары ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру 3 еседей, қой мен ешкі саны 2 есеге жуық өсті. Бұл еңбекшілердің тұрмыс жағдайларын жақсартқандай болды. Алайда, күштеуге, субъективтік пікір мен әкімшіл-әміршіл әдістерге негізделген бұл жүмыстардың өзіндік кемшіліктері де мол болды. Қазақстандағы жүргізілген үжымшарларды ірілендіру саясаты, тың және тыңайған жерлерді игеру тұсындағы ұжымшарларды жою немесе кеңшарларға айналдыру шараларының әлеуметтік - таптық, ұлттық және демографиялық құрылымдарға тигізген кері әсері де сезілді. Мысалы,   жергілікті  тұрғындар   үлесінің  күрт  төмендеуі жұмысшылардың, әсіресе, оның аграрлық тобының, интеллигенцияның қатары ерекше өскенімен, құрамындағы қазақтар үлесі мардымсыз болды. 1939-1959 жылдар арасында ОСБ (Орталық статистикалық басқарма) есебі бойынша, қазақ жұмысшыларының саны 223523 адамнан 411903 адамға, немесе екі еседей  өскенімен, республика жұмысшыларының құрамындағы қазақтардың үлесі 27,5%-дан 19,3%-ға түсті [54]. Ұжымшарлы ауылдардың жаңа тың шаруашылықтарында қосалқы болып қалуы, ана тіліндегі мектептердің көптеп жабылуы ащы шындыкқа айналды.

Көші-қон нәтижесінде республика халқының жалпы саны, қала әсіресе ауыл халқынын саны ерекше өсті. Республикада орыс украин және т.б. славян тілдес ұлттардың саны да, үлесі де өсті. 20-30 жастағылардың үлесі көбейіп, белсенді еңбек жасындағылар саны өсті. Сонымен бірге, халыктың әлеуметтік, экономикалық және мәдени потенциалы көтерілді.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде Қазақстан халқының дамуынын жалпы үрдістері мен демографиялық дәрежелерін бүкіл КСРО-дағы демографиялық процестердің ағымынан теңестіру шаралары жүргізілді.

 

1.3  Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері.

 

Тарихи демография ғылымының негізгі зерттеу нысаңдарының бірі - халықтың құрамы мен өсіп-өркендеуіне, даму үрдістеріне әсер ететін жастық және жыныстық құрылымы мен білім деңгейіндегі өзгерістер болып табылады. Халықтың жасы мен жынысы - оның негізгі сипаттамасы. Оның адамдардың тіршілік әрекетіне, оның өзгерісіне, халық өсіміне, яғни, туу мен өлімнің қарқынына әсері зор.

Қазақстан халқының жастық және жыныстық құрамындағы өзгерістердің XX ғасырдың өн бойында болып өткен тарихи процестерге байланысты өзіндік ерекшеліктері болды. Тұрғындардың жыныстық құрамы динамикасына кез жүгіртейік: 1926 жылы Қазақ АКСР-індегі ерлер үлесі 50,9%, әйелдер - 49,1% болса, ауылдарда ерлер - 51,3%, әйелдер - 48,7%, қалаларда ерлер - 49,1%, әйелдер - 50,1% үлеске ие болды. Ал, 1939 жылы Қазақстандағы ерлер үлесі - 52%, әйелдер - 48% болып, ер адамдардыд үлестік басымдылығы сақталынды. Соның ішінде, қала тұратындардың - 51,9%-ы ерлер, 48,1%-ы әйелдер, ауылдағылардың 52%-ы  - ерлер, 48%-ы әйелдер болды. Салыстыру үшін 1939 жылы КСРО бойынша мәліметтерді келтірейік: ерлер – 47,9%, әйелдер 52,1%, қалада, тиісінше, 47,9% және 52,1%, ауылда 48,0%  және 52,0% болып, әйелдердің үлесі басымдылық көрсетті. Сонымен, 1939 жылға дейінгі санақтарда әйелдерге қарағаңда ерлер басым болса, 1939 жылдан бастап әйелдер үлесінің артықтығы байқалды. Бұл кеңес-герман соғысына тікелей қатысты. Себебі, соғыс кезінде республикадан 1,2 миллионнан аса ер адамдар әскер қатарына шақырылып, жанама шығыңды қоспағанда, 601011 адам тікелей шығын болды. Яғни, олардың орны толмай қалды.

КСРО-да 1959 жылғы санақта ерлер 45%, әйелдер 55% деп саналды. Әсіресе, 1914-1924 жылдары туылған, белсенді неке жасындағы ерлер үлесі аз болды [55]. Қазақстанда 1959 жылы әйелдер мен ерлер арасалмағында неке жасындағы ерлер жетімсіздігі анық көріңді. Алайда, индустрияның қарқыңды дамуы, тың жерлерді игеру т.б. шаралар арқасында 20-35 жастағы жастардың республикаға ағылуы, көшіп-қонушылардың көпшілігі ерлер болғандықтан бұл зәруліктің орнын толтырғандай болды: 1959 жылы Қазақстанда ерлер 47,5%, әйелдер 52,5%, қалада, тиісінше, 47,3% және 52,7%, ауылда 47,7% және 52,3%-дық арасалмақты көрсетті. Тың игеру кезіңдегі ер адамдардың ауылға көптеп келуінің, соғыстан кейінгі туудағы компенсаторлық кезеңнің нәтижесі мен тың игерушілердің бірінші балалары мен республикадағы еңбек жасыңдағы халықтың ширегіндей болатын тұрғылықты халықтың туу көрсеткіші арқасыңда Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі жыныстық арасалмақ қалаға қарағанда жағымдырақ болды.

1939 жылдағы жастық құрылым өзгерістеріне 1928-1933 жыыдардағы ашаршылық және оның нәтижесі ерекше әсер етті. Жастық құрылымның пирамидасында 5-9 жас аралығындағы түс ерекше ойсырап тұрады, бұл 1930-1934 жылдары туылған (ашаршылықпен тұтас келетін) балалардың көрсеткіші. Ал, 1959 жылдың жас мөлшерін бейнелейтін пирамида негізі 1939 жылмен, тіпті, 1926 жылмен салыстырғанда кеңірек орналасқан. 0-4 жастағылар Қазақстан халқының 15,4%-ын, 5-9 жастағылар 12,4%-ын құрады. Яғни, 0-9 жас аралығындағылар 27,8% болды. Ал, 10-14 жас аралығыңдағылар 8,6% болды. Біртіңцеп үлкен жастағылар үлесі азая түсті.

1939-1959 жылдар арасыңда республика халқы құрамында жас мөлшеріне қарай төмендегідей өзгерістер болды: 0-9 жастағылардың үлесі 22,0%-дан 27,8%-ға дейін өсті, ал 10-14 жастағылар 14,0%-дан 8,6%-ға дейін төмендеді, 15-19 жастағылар 6,5%-дан 7,5%-ға жетті, 20-24 жастағылар аз ғана – 0,2%, 10,5-дан 10,7%-ға дейін көтерілді. Яғни, 0-24 жастағылар 1939 жылы Республика халқының 53,0%-ын құраса, 1959 жылы олар 54,6%-ға жетті. Осы 20 жыл арасыңда үлкен жастағылар біртіндеп болса да азая түсіп, кіші жастағылар (0-24) басымырақ бола бастады [56].

1959 жылғы санақтағы 0-4 жастағылар - 1955-1959 жылдары  5-9 жастағылар - 1950-1954 жылдары, 10-14 жастағылар – 1945-1949 жылдары туылғандар.  0-4 жас аралығындағылар үлесі Қазақстанда - 15,4%, ал КСРО бойынша - 11,6% болды. 1959 жылы Қазақстанның ауыл халқының құрамындағы 0-4 жастағылар 16,9% болса, тың облыстарының ауылдық жеріңде (Мысалы, Көкшетау облысында) одан да көп: 0-9 жас аралығындағылар 30,3%  (бүкіл  Қазақстанның  ауылындағылардын 30,2%). Тың игерілмеген Атырау облысында (қазақ халқы көп  орналасқан)  0-9  жас  аралығындағылар  30,0%  болды   [57]. Себебі  1950-1958 жылдары КСРО бойынша қазақ әйеддері туудың жоғары көрсеткіштеріне жетті. Ал, тың облыстарында 1955-1959 жылдары туу көрсеткіші жоғары деңгейді көрсетті.

Неке жасындағы әйеддер мен ерлер арасалмағыңдағы қолайлы  жағдай, жанұя құрушы жастар үлесінің көп болуы (Қазақстанда 1 мың қала тұрғынының 20-24 жастағыларына 500 ер мен 500 әйел, ал, 25-29 жастағыларына 514 ер, 486 әйелден келген екен) туу көрсеткішінде жақсы нәтижеге жеткізді. Ауыл халқының 20-24 жастағыларыңда 1 мың адамға 524 ер және 476 әйел, 25-29 жас аралығындағыларға - 509 ер және 491 әйелден келді. Бұл "ерлердің молшылығы" туды деген сөз емес, себебі, олар 20-24 жастан кейінірек үйленсе, әйелдер 18-24 жастан бастап тұрмысқа шығатын.

1897 жыл, 1926 жыл және 1939 жылғы санақтарда 10-15, 16-19 және 20-24 жас арасындағылардың үлесі қомақты. Ал, 1959 жылғы санақта 10-19 жастағылар тобында көзге ұрынатыңдай шыңырау бар, себебі,  15-19 жастағылар - 1940-1944 жылдары туылғандар, ал бұл кезде кеңес-герман  соғысы нәтижесінде қалыпты отбасылық қатынастар бұзылып, туу азайған болатын. Ал, 1945-1946 жылдары, компенсаторлық кезенде туылғаңдар (1959 жылғы санақта 10-15 жастағылар) үлесі 8,6% болды. Бұл жерде 1921-1922 жылдар мен 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтардың "екінші толқынының" нәтижесі көрінеді, өйткені,  1945-1949 жылдары 1920-1930 жылдары туылғандар мен туылуға тиістілердің балалары туылуы керек еді. Ал, 20-29 жас (әсіресе 20-24 жас) аралығыңдағылардың үлесінің көп болуына көші-қон процестері әсер етті.

1959 жылы тұрғындардың жастық құрылымыңда 1939 жылмен салыстырғаңда елеулі өзгерістер болды. Алдымен, балалар (0-15 жас) және қарттар ( 60 жас және жоғары) үлесгерінің өсуін көреміз. Ерекше, 0-24 жастағылар үлесі өскен (57%-ға). 45 жас және одан жоғарыдағылар  68,0%-ға көбейген. Бүкіл халық құрамындағылар 70 және одан жоғары жастағылардың саны 23,3%-ға өскенмен, ауыл тұрғындары ішіндегі үлесі 15,6%-ға кеміді. Осыған байланысты айтарымыз, 1939 жылмен қарағанда 1959 жылы ауылдағы еңбек жасындағылар үлесі тың игеру кезіңдегі қолайлы жағдайға қарамастан 59,7%-дан 53,1%-ға кеміп кетті.

1959 жыл санағындағы 16-19 жастағылар - 1940-1943 жылдары  туылғандар.  Қазақстанның кейбір этностарында, соның ішінде қазақтарда 1940 жыл мен 1941 жылдың біріншіжартысында, айтып кеткендей туу да, өлім-жітім де көп болды. Балалар өлімі КСРО бойынша 1943 жылдан бастап төмендей бастады. Яғни,  16-19 жастағыларда ішінде 1940-1941 жылдары туылғандар (18-19 жастағылар) үлесі 1942-1943 жылдары туылғандарға (16-17 жастағылар) қарағанда көбірек болды.

1930-1939 жылдары туылғандар (20-29 жастағылар) ішінде, әсіресе, қазақтарда 1930-1933 жылдарғыларға карағанда 1933-1939 жылдары туылғандар көбірек болды. Бұл 1932 жылғы өлім-жітімнің шығынан кейінгі "кешірім" компенсаторлык кезеңнің нәтижесі. Ал, 30-39 жастағылар (1920-1929 жылдары туылғандар) 1921-1922 жылдарғы аштық пен жұттың әсерін сезінгендер. Мұңда да 1923-1924 жылдары компенсаторлық сәт болды. Екінші жағдай: бұл жастағы ер адамдар - майдангерлер, Ұлы Отан соғысының неғүрлым жас бөлігі, яғни олардың арасында әскери шығын да жоғары деген сөз. Ұлы Отан соғысы жылдары 1923-1924 жылдары туылғандардан 64 мыңға жуық адам мобилизацияланып, 24 мындайы өлген (1921-1922 жылдары туылғандардың 45 мындайы мобилизацияланып, олардың 22 мыңдайы өлген) [15, 376]. 1959 жылғы 20-39 жас аралығындағы әйелдер (1920-1939 жылдары туылғандар) үшін бұл кезең алғашқы және қайтара тұрмысқа шығу кезеңі. Бүл жастағыларда некеге тұруды шегерген әйелдер көп: не тұрмысқа шықпағандар, не екінші рет тұрмысқа шықпағандар: ажырасқандар, жесірлер, көп балалы аналар. 20-23 жастағылар ішіде оқуын аяқтау үшін некеге шығуды кейінге қалдырғандар көп, сонымен бірге тұрмыстық, отбасылық, сол сияқты материалдық жағдайлардың қолайсыздығы мен жетімсіздігі некелесуді кейінге қалдыртатын факторларға жатты. Жыныстық-жастык құрылымдағы отбасылы-некелік қатынастарды және демографиялық жағдайларды реттеу мен дамыту өте ауыр жүрді. Неке жасындағы ерлердің жетіспеушілігі жағдайында, есеп пен тіркеуде көрінбеген қайтара некелесу 2 есе жоғары болды 1939-1955 жылдар аралығында жасанды түсікке заң түрінде тыйым салу арқылы "әйел мен балаларды қорғаудың жинақтық шараларын" енгізген кезеңде, уақытша болса да, туу көрсеткіш көтеріліп, ажырасу азайды. Бұл заң жеке адамдардың өмірін бұйрыктық-әкімшілік жолмен реттеу негізінде ұжымдастыру және ашаршылық жылдарындағы туу көрсеткіштердің олқылықтарын орнын толтыруға арналған шара болып табылады. Әрине, жасанды түсікке тыйым салу оның криминалды түрін өрістетті, ал, ол әйелдер өлімінің өсуіне әкелді. Сондықтан 1955 жылы бұл шара жойылды.

40-49 жаста әйелдер фертильді жастан шығады. Интервалдың соңына қарай әйелдер үшін белсенді репродуктивті кезең аяқталып, әйелдердің қайыра некелесуі де өте сирек. Ал, ерлердің, 1959 жылғы санақ материалдары бойынша, ажырасқандарының, әйелсіз қалғандарының қайтара үйленуі, балалы болғаңдарына қарамастан, жиі кездеседі. Қартайған сайын ерлер мен әйелдердің некелесу мүмкіндіктері  кемиді (ерлер әйелдерге қарағанда үйлену мүмкіндіктерін ұзағырақ сақтайды). 45 және одан жоғары жастағы ер кісілердің арасындағы  жоғары некелесу көрсеткіштері кездеседі. Бұл қайтара үйлену жағдайында ғана мүмкін. Бұл ер адамдардың жұбайлық өмірге деген белсенді мүмкіндігін  ұзақ сақтайтындығында ғана емес, сонымен бірге фертилъді жастағы ер адамдардың жетіспеушілігіне байланысты.

1959 жылғы 18-19 жастағылар - соғыс алдыңда туылғандар, 70-24 жастағылар - екінші бесжылдықта туылғандар, ал, 20-24 жастағы ерлердің жұбайлары 18-19 және 20-24 жастағы әйелдер болды. Егер, ерлердің 1930 жылдын бірінші жартысында туылғандары соғысқа қатыспағанын ескерсек, 30-34 жастағылардың соғысқа қатысқан, үлкен шығыны бар ұрпақ екенін білеміз. Соңдықтан 24-29, 30-34 жастағы әйелдер арасында неке жасындағы, бірақ, некеге тұрмаған бөлігі көп болды (әсіресе, 30-34 жастағы әйелдер). Тіпті, 1928-1935 жылдар арасындағы әйелдердің тууының төмендеуі де еркектердің жетіспеушілігін жоя алмады, ер адамдардың соғыста көп шығынға ұшырауы тұрмыс жасындағы әйелдердің молшылығын туғызды. Соғыс кезіндегі балалар өлімнің өсуі, туудың азаюы осы жастағыларда жігіттердің санының өсіп, қыздардың санының азаюына әкелуі, ал, 1946 -1950 жылдар туудағы компенсаторлық кезең осы жастағы қыздарға сәйкес келетін жігіттердің жетіспеушілігін тудыруы керек еді, өйткені, бұл кездегі үйлену жасындағы (3-4 жас үлкен) ерлердің соғыс кезінде туылтандары аз мөлшерде болды. Алайда, нақты өмірде үйленетін жігіттер мен қыздар бір жастық топтан екінші топқа ауысып, сіңісіп, тек ерлер ғана емес, сонымен бірге әйелдердің де қайтара үйленуі арқасында өзгеріп толықтырып отырды. Сонымен некеге туруды реттеу тек алғашқы емес, сонымен бірге кейінгі некелесулер арқасында жүзеге асып отырды. 1950 жылы 30 жастан жоғары ерлер арасындағы некелесу анағүрлым жоғары, ал, әйелдерде төменгі қарқында болды.

1959 жылы Қазақстанның қала және ауыл халқыньщ құрамында 1000 адамға шаққанда 16-17 жас аралығындағылардың 45-і некелі болды (соның ішінде 7 ер адам және 38 әйел); 18-19 жастағылардың 336 адамы (58 ер және 278 әйел, яғни, осы жастағы әйелдердің ширегінен көбі); 20-24 жастағыларда ерлердің үштен бірі, әйелдердің 2/3-ге жуық бөлігі; 25-29 жас аралығыңдағыларға келсек, әйелдер мен ерлердің 4-і (бұл жастағыларда ер адамдар арасыңда әйелдерге қарағанда некелілер анағұрлым көп); 30-34 жас аралығында 932 ер және 830 әйел некелі (бұл жастағы ерлердің некелесу коэффициенті әйелдерге қарағанда жоғары) болды. Ал, одан да жоғары  жастағылар  арасындағыларда  ер  адамдардың  неқе құрғандары әйелдерге қарағанда 2 есе артық. Байқағанымыздай,  25—29 жас  аралығында некеге тұру деңгейінде ерекше айырмашылық жоқ.  Нақ осы жастағы топтарда  пропорция көзге түседі,  ал  32 жастан жоғарыларда әйелдердің молшылығы мен ер адамдардың жетіспеушілігі көрінеді.

Қазақстанның демографиялық сипатының ерекшелігі - мұнда некелесу деңгейі КСРО-дағы орташа деңгейден жоғары болды. Соғыс алдыңдағы, соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі жылдардағы көші-қон ағымдары осындай көрсеткіштерге жеткізді. Жогарғы жастық топтардағы: 55-59, 60-69 және 70 жас, одан жоғарғылардың арасында некелесудің едәуір жоғары деңгейде болуы - республика ерекшеліктерінің бірі. Нақ осы жастағылардағы некеге тұрушылардың көптігіне байланысты республикада некелесудің дәстүрлі жоғарғы көрсеткіші сақталынды. 50-58 жастағы ер адамдардың барлығы дерлік некедегілер, ал, әйелдердің көпшілігі жесірлер мен ажырасқаңдар болды. Әйелдердің некелесу мүмкіндігі жас өскен сайын кемиді деп атап кеттік. Оған қосымша, бұл жастағылар (1914-1918 жылғылар) империалистік соғыс пен азамат соғысы және интервенция (1918-1920 жылдар) жылдардағы ер адамдардың көп шығынын туғызған кезеңде туылғандар болып табылады.

Сонымен, барлық санақтардың жастық пирамидасында, кейбір жас топтарында үңірейген жерлер бар, сол сияқты кенеттен халық саны өскенін көреміз. Бұл процесс құлдырау мен өрлеудің жүйесіз кезектесуі секілденіп те көрінеді, алайда, мұнда өзіндік зандылық бар. Республика тарихында халық құрамына өшпес ізін қалдырған көптеген оқиғалар болды. Соның ішінде Қазақстандағы демографиялық процестерге ерекше әсер еткен басты оқиғаларға тоқталайық. Бұл біріншіден, 1920 жылдардың бас кезіндегі оқиға - 1921-1922 жылдардағы ашаршылық пен жұт жылдарының нәтижесі санақтарда құлдырау кезеңдері болып былай көрінеді: 1926 жылғы санақта 5-9 жаста болғандардың 1939 жылғы санақта 15-19 жас, 1959 жылғы санақта 35-39 жас, 1979 жылғы санақта 55-59 жастағылар болып, олардың тұсының ойсырап тұруы. Бұлар 1917-1924 жылдары туылғандар және стихиялы опатты басынан кешіргендер.

1931-1933 жылдары, ашаршылық кезінде туылғандардың орны да ерекше ойсырап тұрады. 1939 жылғы санақта олар 5-9 жастағылар (1930-1934 жылдары туылғандар), 1959 жылы 25-29 жастағылар, 1979 жылы 45-49 жастағылар. 1921-1922 жылдар мен 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтардың "екінші" толқыны кейін де сезілді. Бұл 1945-1949 жылдары туылғандар санының төмен болуынан байқалды. Нақ осы жылдар компенсаторлық кезеңге сай келеді, алайда, бұл жылдары 1920-1930 жылдары туылғандар мен туылуға тиістілердің балалары дүниеге келуі керек еді. Ал, Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары туылғандар санының кемуіне әсер етті. 1959 жылы 45-49 жаста болғандардың санына қарасақ, ерлердің майданға кетуінің туу көрсеткішіне тигізген кері әсерін байқаймыз. Көші-қон процестерінің нәтижесі де жастық құрылымға өз әсерін тигізді. Халықтың жыныстық-жастық құрылымындағы өзгерістер республикадағы әртүрлі кезеңде тітіренткен тарихи оқиғалардан мағлұмат береді. Әрине, бұл оқиғалар туғызған "екінші" және "үшінші" толкындар демографиялық құрылымда біртіндеп әлсірей көрінеді. Ал, Қазақстандағы көші-қон процестері жас-жыныс құрамындағы апаттар туғызған құлдырау сәттерін толтырыңқырап отыруға негіз болды. Алайда, болған апаттардың орнын толықтыра алмады.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)