Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру кезінде ғана (1954-1956 жылдар) Қазақстанның ауыл тұрғындарының өсу қарқыны қала тұрғындарына қарағанда артық болды: қалалықтар саны 740 мыңға өссе, ауыл халқы 937 мыңға өскен екен. Республика халқының саны 1951-1954 жылдары орта есеппен жылына 246,7 мың адамға (3 жылда 740 мыңға) өскен болса, тың жерлерді игерген жылдары орташа жылдық өсім 467,5 мың адам болып, 2 жылда 935 мың адамға өскен. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны кезінде Қазақстанға млн. адам келгені белгілі, сонымен бірге, 1955жалдын бастап ҚХР-нан 250 мыңдай "кеңес азаматтары" деп аталатын қоныстанушылардың келгендігі де бар.

Соғыс жылдарындағы жаппай әскери мобилизация, табиғи өсімнің төмендеуі, ауылдан қалаға көшу т.б. себептердің нәтижесінде ауыл тұрғындарының саны төмендегенімен, қала халқы өсу үстінде болды.

1940 жылдың 1 қаңтары мен 1946 жылдың 1 қаңтары аралығында республика халқы 214,2 мың адамға кеміді, соның ішінде қалалықтар 348,1 мың адамға өссе, ауыл тұрғындарының саны 4315 мыңнан 3752,7 мыңға түсіп, 562,3 мың адамға кеміген. Бұл өзгерістердің себебі, әрине, Ұлы Отан соғысына байланысты, сонымен бірге республика көлемінде жүргізілген әкімшілік-аумақтық өзгерістер де өз әсерін тигізбей қоймады. Ірі ауылдар қала типтес поселкелер құрамына айналған сәтте, олар ауыл халқы есебінен қала халқы құрамына өте салатын. 1940-1946 жылдары 4 қала мен 46 жұмысшы және қала типтес поселкелер пайда болған екен. Яғни, бұл елді пункттердің тұрғындары қалалықтар құрамында есептелінді деуге болады.

1939-1959 жылдар аралығында республика халқының саны 3213 мыңға (қала халқының саны 2378 мыңға, ауыл халкы 836 мыңға) өсті. Ауыл халқы 1939 жылдың деңгейіне (4392 мың адам) 1953 жылы ғана жетті (1954 жылдың 1 қантары есебінде ауылдарда 4445,1 мың адам тұрды. Яғни, ауыл халқы 1954 жылдан кейін ғана өсе бастады. Әсіресе, 1939-1944 жылдары аралығында Қазақстандағы ауыл халқының саны 842,5  мың адамға кеміді. Қала халқының саны 668,4 мыңға өсті, нәтижесінде республика халқы 175 мыңға  кеміген. Қала халқы 1951-1954 жылдар аралығында 305 мыңға (жылына 152,5 мыңға) өскен; ауыл халқының өсу қарқыны төмендегідей: 1951-1954 жылдары 220,4 мыңға (жылына 55,1 мыңға), 1955-1956 жылдары 630 мыңға (жылына 315 мыңға) өсті. Тың игеру жылдары да қала, ерекше ауыл тұрғындарының саны көтерілді. Бұдан кейінгі жылдары ауыл халқының өсу қарқыны төмендей бастады: 1959-1970  жылдар аралығында   1536 мың адамға ғана өсті (жылдың орташа көрсеткіші 76,8 мың адам, тың игеру кезіндегі көрсеткіштен 4,1 есе кем).

Қазақстан қалаларының халқы негізінен көшіп-қону арқасында өсті. Мысалы: 1928-1932 жылдары қалаларға 197379 адам, 1933-1937 жылдары 192199 адам келді. Кеткендерге қарағанда келгендер басым болып, көші-қон процесі оң айырымды көрсетті: 1928-1937 жылдары Қазақстан қалаларын сырттан келген 549 мың көшіп-қонушы тұрақты мекен етсе, 1938-1939 жылдары тағы да 402 мың адам тұрақтап қалды. 1940 жылы Қазақстан қалаларындағы механикалық өсім 1470 мың 1941 жылы 186,6 мың, 1942 жылы 112 мың адам болса, 1943 жылы - 78,7 мыңға, 1944 жылы - 59,4 мыңға, 1945 жылы - 44,4 мыңға кеміп, 1946 жылдан бастап қайтадан өсіл отырды: 1946 жылы - 163 мың, 1947 жылы - 179,3 мың, 1948 жылы - 45,4 мың, 1949 жылы - 57,3 мың, 1950 жылы -102 мың, 1951 жылы - 55,7 мың, 1952 жылы - 44,4 мың, 1р53 жылы - 72,3 мың, 1954 жылы - 53,5 мың, 1955 жылы - 101,6 мың, 1956 жылы - 77,1 мың, 1957 жылы - 131,9 мың, 1958 жылы - 152,7 мың, 1959 жылы - 191,5 мың адам қосылды. Сонда, 1940-1959 жылдар аралығында көші-қон көрсеткіші өсу үстінде болып, тек, 1944 жылы ғана қаладан 59,4 мың адамның кеткендігі көрінеді. Қала халқы санының 1940-1958 жылдары механикалық өсім негізінде артуын төмендегі көрсеткіштерден көруге болады [49].

Тың науқаны басталғанға дейінгі механикалық қозғалысқа тоқталсақ, 1940-жылдардың аяғы - 1950-жылдардың басында өнеркәсібі анағұрлым дамыған Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Атырау, сонымен бірге, Ақтөбе, Павлодар, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өнеркәсіпті қалалар мен жұмысшы поселкелерінде, өнеркәсіп өндірісі мен құрылыс ісінің жүргізілуіне байланысты механикалық өсім жоғары болып, халық санының өсуіне әкелді. Мысалы: Павлодар облысы Екібастұз поселкесінде 1950 жылы жаңадан ашылған көмір өндірілетін шахталардың құрылысына дайындыққа байланысты  бұл жерлердегі механикалық өсім 55,7%-ға тең болды. Ал, солтүстік облыстардың қала және жұмысшы поселкелерінің көпшілігінің халқы осы жылдары табиғи өсім есебінен өсіп, кері көші-қон есебінен кемуде болды. Мысалы: Көкшетау қаласының тұрғындары 2,0%-ға, Щучинск - 1,1%-ға; -Қостанай - 1,0%-ға; Жетіғара - 3,2%-ға; Петропавловск - 0,4%-ға, Степняк - 0,4%-ға; Атбасар - 3,9%-ға; Қарқаралы - 4,5%-ға кеміді. Бұл кездегі халықтың солтүстік облыстардан кетудің басты себебі жергілікті жерлердегі өнеркәсіп орындарының адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмауы мен бірнеше жылдардан бергі егіннің шықпауына байланысты болды. 1949 жылдың 1 жартысындағы кеткендер талонын зерттегенде солтүстік: Ақмола, Көкшетау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының қалалық поселкелерінен кеткендердің 27%-ы Қарағанды облысы мен РКФСР-дың Новосибирск, Челябинск, Омбы, Чкаловск, Свердловск облыстары мен Башқұрт АКСР-не кеткендігі анықталды.

Көптеген жылдар бойьша демографиялык даму көрсеткішіне тек оның жалпы санындағы өзгерістер алынатын. Әрине, зерттеудегі мұндай әдіс демографиялық ахуалды толық аша алмады. Халық санындағы өзгерістер табиғи қозғалыс пен көші-қондағы ерекшеліктерге байланысты деп атап кеттік. Ал, халықтың табиғи өсімі мен көші-қон қозғалысын нақтылау үшін оның жастық-жыныстық құрылымындағы өзгерістеріне тоқталу керек. Халықтың жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты өзгерістерін басқа да демографиялық белгілерімен байланыстыра отырып зерттеу - халықтанудың сапалық тұсы - халықтың жастық-жыныстық құрылымына сәйкес еңбекке қабілеттілерінің шаруашылық пен демографиялық дамудағы болашақ мүмкіндігін керуге мүмкіндік береді.

Қала мен ауылдың жас мөлшеріне негізделген құрылымының өзіндік өзгешеліктері бар. Ауылдарға балалар мен қарт кісілердің көп болып, еңбек жасыңдағы адамдардың қалаларға қарағанда аз болуы тән. Бұған ауылдық жерлердегі бала туу керсеткіштерінің қалалы жерлерге қарағанда жоғары болуы мүмкіндік береді. Ал, еңбек жасындағы жастардың қалаларға көші-қоны қалалық жерлердегі еңбек жасындағылардың ауылға қарағанда көп болуына әкеледі. 1950-жылдары Қазақстан қалаларына келген барлық көшіп-қонушылардың 37,7%-ы 20-24 (22,5%) және 25—29 (15,2%) жастағылар болды. Бір бөлігі 16 жасқа дейінгі балалар, олар келушілердің 13,1%. Көшіп-қонушылар арасындағы қарт кісілердің саны аз. 50-54 жастағылар үлесі - 2,8%, 55-59 жастағылар 2,3% болды. Керісінше, Қазақстан қалаларынан кетушілердің басым көпшілігін қарт кісілер құрады. Келген адамдардың ішінде ер адамдар басым, ал, кетушілер ішінде әйел адамдар басым болды. Әрине, кешіп-қонушылардың жастық-жыныстық құрылымы әрдайым өзгеріп, көші-қон ағымдарыңда тербелістер болып тұрды, алай-да, 1951-1959 жылдар көші-қон процестеріңдегі қозғалыс бағытының негізгі себептері мен сапалык құрылым өзгерістерінің негізгі үрдістері сақталды.

Этностардың қалаларға тұрақтану қарқынына назар аударайық. Қазақстанда қала халқының үлесі 1926 жылы  8,3% болса, 1939 жылы 28,5%, 1959 жылы 43,8%-ға көтеріліп, 1939 жылмен салыстырғандағы 1959 жылы 15,3 пунктке өскен [50].

Этностардың ішінде жоғары қарқынмен урбанизацияланған орыстардың (15,3%-ға),   украиндардың   (17,6%-ға)   және немістердің (16,0%-ға) қала тұрғындары құрамындағы үлестері көтерілген. Қалған этностардың қалаларға орналасу қарқыны төмен болды: қазақтар 7,9 пунктке ғана өсті, өзбектер мен ұйғырлар да қалаларға аз қоныстанды. Қала халқының құрамындағы корейлердің саны ерекше жылдам қарқынмен өсті: 20 жылда олардың саны 24,6%-ға көтерілді. 1939 жылы қазақтардың қалаларға орналасу қарқынынан орыстардыкі 2,7 есе, 1959 хылы 2,4 есе артық болды. Орыс, украин, белорус, татар, корейліктер қалалық этностар қатарына жатса, қазақ, неміс, өзбек, әзірбайжандар ауылдық тобын құрады.

1939-1959 жылдардағы көшіп-қонушылардың ағымы этникалық тұрғыдан алғанда халықтың орналасу географиясына мәнді өзгеріс әкелген жоқ. Қазақтардың ауылдық топ ретінде орналасуының этникалық жинақы жүйесі сақталынды. Украин, ішінара неміс халқының ғана этникалық орналасу жиынтығына кішігірім өзгеріс енді. Солтүстік және Орталық Қазақстанның қазақтарында бірқатар өзгерістер болды: қазақтар тың игеруге дейін көпшілік ұлт болғанымен, тың нәгижесінде азшылық топқа, тіпті орыс тілдес ортаға сіңіп, дисперлі топқа айналды. Мұндай жағдай кейінгі жылдары да сақталды.

1960-жылдардан бастап Қазақстан қалаларындағы көші-қон процесі баяулай бастады. Егер, 1961-1965 жылдары көшіп-қонушылар есебінен қала халқы 477 мың адамға өссе, кейінгі жылдары ауылдан қалаға көшіп-қону өскенімен, қалаға тұрақтану төмендей берді. Мысалы, 1965 жылы қалаларға 99,1 мың адам, 1966 жылы - 94,5 мың, 1967 жылы - 84,7 мың, 1968 жылы - 97 мың адам тұрақтанды [51].

Қала халқының қалыптасуының қайнар көздерін зерттей отырып, мынадай қорытындыларға келдік:

1939-1959 жылдар аралығында қала халқының өсу қарқыны ғана емес, сонымен бірге негізгі қайнар көздерінің көлемі өскен. Қала халқының қатарын толықтырушы факторлардың қатарына табиғи өсім мен көші-қон, соның ішіңде ауыл тұрғындарының, ерекше еңбек жасындағы жастардың қалаға көші-қоны, басқа республикалардан, елдерден көшіп келушілердің қалаларға қоныс тебу және әкімшілік-аумақтық өзгерістер жатады.

Қазақстан қалаларға көшіп-келушілердің ағыны өнеркәсіп поселкелер мен руда қазылатын, шахтерлық, металлургиялық қалаларға, аудан орталықтарына, ірі темір жол торабына,  ауыл  шаруашылық шикізаттарын  өндеуші қалаларға ағылды. Қалалар халық шаруашылығын түбегейлі қайта құруда ерекше орында болды.

Ауыл тұрғындары жұмысшылар мен ұжымшаршылар және ірі топ - интеллигенция өкілдерінен тұрды. Мұнда жұмысшылардың аграрлы тобы еңбек етті, ал интеллигенция өкілдері қалаға қарағанда шағын болды. Ауыл жұмысшылары кеңшарлар мен өнеркәсіп жұмысшылары (өнеркәсіп кәсіп орындары, транспорт, қызмет ету саласында еңбек ететіндер құрылысшылар) деген екі бөлікке бөлінді.

Айта кететін жайт, ауыл жұмысшылары мен ұжымшаршылар арасында материалдық және тұрмыстық жағдайларына сәйкес ұқсастық көп, алайда таптық негізгі анықтаушы белгісі - өңдіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік түрі - оларды жұмысшылар қатарына жатқызуға негіз болды. Әлсіз ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру нәтижесінде кешегі ұжымшаршылардың жұмысшылар қатарына жатқызылуы - екі түр арасындағы өзгешеліктерді жоққа шығара алмайды. Себебі, кешегі ұжымшаршы жұмысшы қатарына қосылғанымен, ол өзінің санасы, біліктілігі т.б. ерекшеліктерімен бұрынғы ұжымшаршы болып қала берді. Яғни, оның жұмысшы табына жатқызылуы тек заң түрінде ғана. Мысалы, ІПымкент облысының қаракөл қойын өсіретін "Күйік" ұжымшарының малшысы ұжымшар кеңшарға айналған соң бірден жұмысшы болып саналтанымен, іс жүзінде сол қаракөл малын бағатын малшы болып қала берді.

Ауыл халқының әлеуметтік құрылымындағы басты тап ұжымшаршы шаруалар болып табылды. Қарастырылып отырған кезеңде шаруалардың әлеуметтік бейнесі, оның жалпы білім мен мәдени-техникалық дәрежесі, тұрмыс жағдайы, рухани сұранысы, психологиясы өзгерді. 1954-1964 жыддар аралығында Қазақстанда ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру жолымен 616 кеңшар пайда болды. Кешегі ұжымшаршылардың жұмысшы деген атқа сай келуі үшін көптеген жұмыстар атқарылуы керек еді.

1950 жыл бойына ауыл халқының саны 23,3 мың адамға көбейді, алайда табиғи өсім 104,6 мың адам болғандығын ескерсек, оңда ауыл халқы, керісінше, 81,3 мың адамға кеміген. (Оның 14,4 мыңы әкімшілік-аумақтық өзгерістер негізінде, 66,9 мыңы көші-қон есебінен). Қала халқының саны, керісінше, 48 мың ауыл адамының есебінен өсті, ал 20 мыңнан аса адам республикадан тысқары жерге кетті. 1950 жыл Онтүстік Қазақстан облысына Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Талдықорған және т.б. облыстардан 10,9 мың адам. Киров каналы құрылысының Жетісай тармағындағы құрғақ даланы суландыру, Мырзашөлді игеру мақсатына қоныстандырылды. Олардың  ішінде Орал облысындағы Жаңақала, Орда және Атырау облысындағы Теңіз, Қызылқоға аудандарынан, барлығы Қазақстан аумағынан Капустин Яр полигонына тартып алынған 2 миллион гектар жердің тұрғындары да болды.

Жетісай массивінде 17 ұжымшарда 4200-дей отбасының 8400 адамы еңбек етті. Киров каналының Жетісай тармағының құрылысына келген энтузиастардың тұрмыстық жағдайы өте төмен болды. 1953 жылғы мәлімет бойынша көшіп келген 4200 отбасының 2700-сі (64%)  - жеркепелерде, шалаштарда тұрды, тек 1500 ғана үйлерде (оның 791 салынып бітпеген) тұрды. 1953 жылдың ақпан айына дейін Жетісай ауруханасы жеркепеде орналасқан екен.

Көші-қон есебінен ауыл халқының санының кему үрдісі 1952 жылдан бастап ерекше қарқын алды. 1951 жылы Қазақстанның ауыл халқы көші-қон есебінен 19,3 мың адамға азайса 1952 жылы 134,4 мыңға кеміген екен (1951 жылғы кему денгейінен 7 есе көп). Бұл жерде ұжымшарларды ірілеңдіру мен кейбір елді пункттердің бір ауданнан екінші ауданға беріле салуының да әсерлері бар. Қазақстанның сегіз облысында ауыл халқы 1,2%—3,9% аралығында: соның ішінде Ақмола облысында - 3,5%-ға; Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында - 3,9%-ға; Батыс Қазақстанда - 2,6%-ға, сондай-ақ, Көкшетау (1,2%),- Павлодар (2,0%), Семей (2,4%) және Талдықорған (1,3%) облыстарында кеміді. 204 аудан мен қарамағыңда ауылдық кеңестері бар қалалық кеңестердің тек 27-сінде ғана тұрғындар саны көшіп-қонушылар есебінен өссе, 61 ауданда табиғи өсім кеткендердің орнын толтырды. Ал, 116 ауданда кеткен халықтың көп болғандығы соншалықты, табиғи өсім олардың орнын толтыра алмады.

1950-жылдары механикалық қозғалыс есебінен халқы көбейген аудандардың қатарына: а)геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген аумақтар: Қарағанды облысының Қарқаралы, Шет, Павлодар облысының Баянауыл, Алматы облысының Жамбыл; ө)теміржол құрылысы жүріп жатқан магистральдар бойындағы: Ақмола облысының Шортанды, Павлодар облысының Каганович, Куйбышев; б)отарлы мал шарушылығымен айналысатын: Семей облысының Шұбартау; в) Бұхтарма ГЭС-нің құрылысы жүріп жатқан жерге жақын аудандары жатады.

Ал, тұрғындарының толығу көзі табиғи өсім болып табылған, негізі ұжымшаршылардан құралатын республикадағы 59 ауданның халқы 0,1% бен 12,6% аралығында кеміді. 1953 жылы халқы көп азайған (12,6%) Оңтүстік Қазақстан облысы болды (Мақтаарал, Киров аудандарындағы суландыру жүйесін іске қосу жұмысына 1953 жылы сырттан келген 8206 адам қатынасқанымен, сол жылы 12 мың арнайы қоныстанушылар - көбісі грузиндер - рұқсат арқылы өз елдеріне кайтты. Облыс халқы санының кемуінің басты себебі осында).

1953 жылдың республикадағы халық санының динамикасындағы негізгі ерекшелігі осы жылы халық өсімін 12 жылға тежеген соғыс шығыны қалпына келтірілді, демографиялық тоқыр кезеңі аяқталды. 1954 жылы 1 қаңтарда ауылда тұратындардың саны 1953 жылдың 1 қаңтармен салыстырғанда 92,2 мың адамға (2,3%) өсті: табиғи өсім мен әкімшілік-аумақтық өзгерістер есебінен қосылған 114,6 мың адамға қалалардан ауылға көшкен 4,5 мың адамды қосып, одан ауылдардан көшіп кеткен 26,9 мың адамды алып тастасақ, 92,2 мыңдық адам өсімі шығады. Бұл жылы ауыл халқы көші-қон арқасында ірі өнеркәсіп орындары мен рудниктер орналасқан төрт: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында; ірі кеңшарлары бар, геологиялық барлау жұмыстары жүріп жатқан (Қостанай облысының Аманкелді, Қарасу аудандары, Қарағанды облысының Нұра ауданы); қайта салынған темір жол магистралі өтетін; ірі қалалар жанындағы республикадағы 202 ауданның 58-інде көбейді. Сонымен бірге, 1953 жылы Қарағаңды облысының ауылдарына 1953 жылдың 27-ші наурыз үкімі бойынша амнистияға түскен, бірақ, қалалық жерлерде тұруға рұқсат берілмеген кешегі тұтқындар (3221 адам) келіп қоныстанды.

1954 жылы ауыл халқы 235,5 мың адамға (5,7%-ға), соның ішінде, 120,1 мыңы табиғи қозғалыс, 118,3 мыңы көші-қон есебінен өсіп, әкімшілік-аумақтық өзгерістер есебінен 2,9 мын, адамға кеміді. 1954-1955 жылдардағы халықтың өсуін 2 шартты ауданға бөліп қарастырсақ, тың жерлерін игерген облыстардағы өсімге механикалық қозғалыстың әсері ерекше көрінеді. Тың облыстарындағы жалпы өсім 1954 жылы 195070 адамға, немесе, 10,4%-ға (табиги жолмен 54633 адамға, көші-қон есебінен 140137 адамға, әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты 300 адамға) тең болғанда, басқа облыстардың халқы 40446 адамға, немесе, 2,2%-ға, соның ішінде табиғи жолмен 21854 адамға, әкімшілік-аумақтық өзгерістер есебінен 3160 адамға өсім байқалды. Тың жерлері игерілген облыстардағы жалпы өсім басқа облыстарға қарағанда 5 есе артық болды. Бұл жерлердегі өсімнің 61%-ы басқа республикалардан келгендердің көші-қоны арқасында жүзеге асырылды. Көшіп-қонушылардың негізі Украина, РКФСР, Белоруссия, Молдавиядан келушілер болды. Тың жерлерді игеру нетижесінде Солтүстік Қазақстандағы 1 шаршы километр жердегі халыктың орналасу тығыздығы 3,3-ден 6,8 адамға көтерілді, ал облыстардағы халық саны механикалық өсім негізінде 10,4%-ға өзге өңірлерде табиғи жолмен небәрі 2,2%-ға өскен.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)