Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен кеңестік халықтардын көбісі секілді қазақтардың да ұзақ әлеуметтік-демографиялық дамуы өндірістік капитализмнің әсерін ұзақ сезінген жоқ, сол себепті әлеуметтік-демографиялық ахуалдың қалыптасуы "социализмнің негізін" құру жағдайында жүрді. Барлық халық басынан өткізіп жатқан "демографиялық өтпелі кезең" қазақтарда 1960-жылдардан бастап жүрді. Халықтың өлім-жітімінің темеңдеуі жағдайында көп балалы болуға негізделген дәстүрлі бағыты өзінің шегіне жетіп, бірте-бірте туу көрсеткішінің төмеңдеуіне әкелді. Қазақтардың жаңа генеративтік әрекетке көшуі индустрияландыру мен халықтың урбанизациялануының жаңа кезеңімен сәйкес келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

П тарау. Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер (1939-1959 жылдар)

 

2.1 Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі

 

Кеңес дәуірінде  әлеуметтік  құрылымды  зерттеуде таптық принцип негізге алынып,  негізгі әлеуметтік қауымдастықтар деп  екі  тап  пен  бір  топ есептелінді. Қоғамдық құрылыс принципі қоғамдық-тарихи процестердегі формациялық қатынастарға сай келіп, бір экономикалық формациядан екініншісіне өтудің  революциялық жолмен  ғана жүзеге асырылатындығы туралы маркстік пікірді негіздеді. Сонымен бірге, әлеуметтік құрылымдағы таптық принцип басқа да әлеуметтік топтардың болатындығын жоққа шығармады.

Бүкілодақтық халық  санақтарының  материалдары кеңес қоғамы  өмірін  кең  көлемде,   толық  және  объективті түрде жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.  Санақтарды ұйымдастырушылар мен жүргізушілер, статистикалық органдар бұл салада орасан зор еңбек жүргізді. Алайда,  олар өз дәуіріндегі саяси бағыт пен соған сәйкес қалыптасқан қағидалардан еркін бола алмады.  1920-1930 жылдар санақтарынан таптарды, таптар ішіндегі құрылымдық, аралық топтар мен олардың жекелеген бөліктерін немесе қоғамның әлеуметтік құрылымын терең бейнелейтін мағлұматтар алуға болады.  Одан кейінгі санақтарда мемлекеттік және ұжымшарлы-кооперативті меншікті нығайту мақсатыңда еңбекшілерді көбінесе үш топтық құрылымға: жұмысшылар,  ұжымшаршылар және интеллигенцияға бөлетін   мағлұматтар  кездесе  бастайды.  Әрине,  әлеуметтік құрылымдағы мұндай жіктеліс түрі кеңес мемлекетінің таптык негізін  нығайтуға  арналған  саясатқа  байланысты болатын, Айта кететін жайт, Бүкілодақтық санақтар да жұмысшы табының жетекші рөліне негізделген социалистік қоғамының әлеуметтік құрылымын нығайту мақсатына қызмет етті. Партиялық теория бойынша,  социалистік қоғамның әлеуметтік дамуы екі тап пен интеллигенцияның өзара тығыз байланыста жетілуіне байланысты деп түсіндірілді. Сондықтан, әрбір санақ өткен жылдар ішіңдегі халықтың әлеуметтік біртектілікке жету жолындағы,  экономикалық,  саяси,  әлеумегтік мәдени және т.б. дамудағы социализмнің жеңісі мен жетістіктерін көрсетуі керек еді. Әлеуметтік құрылымды анықтаушы сұрақтар арнайы бағытқа негізделді. Бұл бағыт коммунистік партияның басшылығы мен жұмысшы, ұжымшаршы және интеллигенция арасындағы өзгешелікті жойып, біртектілік пен тендікке жетуді насихаттау болып табылатын. Өмірде осы мақсатка жетудегі жетістіктердің белгілері көрінсе, тіпті құба-құп болатын. Сол себепті, санақ мәліметтерінде қоғамның әлеуметтік құрылымын көрсеткенде, барлық халықты ой еңбегі мен дене еңбегімен айналасатындар деп бөле отырып, жұмысшылар, ұжымшаршылар және қызметкерлер топтарына біріктіретін.

Үш топтан тұратын әлеуметтік-таптық құрылым туралы пікір зерттеушілер арасында бұрыннан-ақ өзгере бастаған болатын. Әлеуметтік құрылым мағынасын таптық құрылым ұғымымен сәйкестендірген зерттеулермен бірге, әлеуметтік стратификация теориясын нақтылауға, бұл үғымның шекарасын кеңейтуге негізделген кітаптар да шықты.[58] Бұл еңбектер стратификация терминінің қолданылуы туралы пікірді тереңдетіп, әлеуметтік құрамдағы негізгі бөліктерді нақтылауда бірқатар жаналықтар жасады. Қазіргі кезде де әлеуметтік құрылым теориясының жаңаша көзқарастағы пайымдаулары нақтылануда.

Қоғамның экономикалық-әлеуметтік құрылымы оның әлеуметтік жіктелісін бейнелейді. Ал, әлеуметтік-экономикалық жағдай мамандық-қызмет гоптарының жалпы иерархиясындағы нақты орнын бейнелейтін жиынтықтың сипаттамасы болып табылады. В.И. Ленин атап көрсеткен таптық белгілер қоғамдық-экономикалық теңсіздік қатынасының негізгі мәнін қамтиды. Сондықтан, әлеуметтік құрылымды зерттеудегі Лениндік анықтама мәнін жоймаған, тек оны нақтылау керек.

Бұл тарауда үш топқа негізделген әлеуметтік құрылым теориясының негізінде негізгі таптармен бірге, таптың құрамыңда құрылымдық қаңдай бөліктері болды деген сұрақтарға жауап ізделінеді. Сол себепті, үш топқа негізделген әлеуметтік құрылымға тоқтала отырып, әр таптың кұрылымдық бөліктеріндегі жіктердің ерекшеліктерін ашу, олардың таптық ерекшеліктерге байланыссыз ұқсас артықшылығы мен ерекшеліктері, үқсастығы және т.б. ортақ көрсеткіштері бар топтары туралы да сөз қылмақшымыз. Ал, бұл мақсатқа жету тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы қоғамдық дамудың әлеуметтік саласын қамтитын өзгерістер мен өткен ғасырдың ортасында кеңестік дәуірдегі қоғамның әлеуметтік құрылымыңда жүрген өзгерістер арасында байланыс бар ма жоқ па, - деген сұраққа жауап беріп, әлеуметтік құрылым туралы әдістемені толықтырары сөзсіз.

Әлеуметтік құрылымға таптық көзқараспен қарау меншікке деген қатынасты, қоғамдағы процестерді объективті түрде көрсеткенімен, толық түсіндіре алмайды. Әлеуметтік таптар мен топтардың ішкі бөліктік жіктерін анықтау - қоғамның құрылымын тереңірек ашу әдәсә ғана емес, сонымен бірге сол қоғамның бейнесін нақтылау болып табылады.

1966  жылы  Минск  қаласында  алғаш  рет  маркстік   - лениндік әдістемедегі таптарға бөлу теориясының негіздігін ашық айтқан социологтардың конференциясы болып өтті.  Конференциядағы көптеген айтыссөздер мен зерттеулер нәтижесінде кеңес қоғамындағы әлеуметтік құрылымның негізгі,  топтан тұратын сұлбасы ұсынылды: а) басшылар – негізінен билеуші әлеуметтік топ; ә)интеллигенция  - әртүрлі салалардағы дипломды мамандар тобы; б) қызметкерлер -  дене еңбегімен айналыспайтын білімі төмеңдеу қызметкер мен техникалық  қызметкерлер;  в)жұмысшылар  - әртүрлі саладағы төменгі біліктіліктен жоғары біліктілікке дейінгі топтар; г)ұжымшаршы  шаруалар,   қатардағы  еңбеккерлерден ұжымшарлардағы  басқару  аппараттарындағы  қызметкерлерді қосқаңдағы топ; д) жеке сектор қызметкерлері. Бірақ, бұлайша жинақталған топтар да қоғамның әлеуметтік жіктелісін толық қамти әрі түсіндіре алмайды. Себебі,  әр көрсетілген 6 топтың ішкі  құрылымдық жіктелісі бар екендігі  анық.  Сол себепті,   таптың  ішіндегі   бөліктерін:   а)кіріс  дәрежесінің көлемі;  ә)  еңбектің  қоғамдық бөлінісіндегі  орны;  б)мамандықты-салалық  топтарға   қатысы;   в)тұрмыс  деңгейіндегі көрсеткіштерінің басқа да таптар құрамындағы бөліктермен үқсастығы  және  т.б.   өлшемдері  бойынша  бөлуге болады Мысалы, жұмысшы табын біртұтас әлеуметтік бірлік ретінде қарастырғанымен, олардың ішкі жіктелісін жоққа шығара алмаймыз. Жұмысшы табы құрылымында біріншіден, халық шаруашылығының   салалық   және   екіншіден,   біліктілік өзгешеліктеріне байланысты ерекшеленетін топтары бар. Мысалы,  жұмысшылардың  өнеркәсіптің  белгілі  бір  саласында еңбек етуі мен жоғары, орташа және төмен біліктілікті болуына байланысты. Соның ішіңде жоғары біліктілікті жұмысшылар білімі,  еңбек ету әдісі мен өмір суру деңгейі бойынша төменгі біліктілікті жұмысшылардан көрі инженер-техник қызметкерлеріне жақын тұрды.  Жұмысшылардың белгілі бір біліктілік  топтарының  шаруашылық  салаларына байланысты кіріс көлемі мен тұрмыс жағдайларының көрсеткіштерінде де өзгешелік болды. СОКП мен үкімет саясатына сәйкес, социализм  құрылысы  нәтижесінде  таптар арасындағы  айырмашылықтарды  жою,  әлеуметтік  біртектілікке  негізделген қоғамға жету  кезделгенімен,   тарихи  тәжірбие,   керісінше,  әлеуметтік топтар арасындағы жіктелістің тереңдеп, жаңа әлеуметтік топ-тардың пайда болғанын дәлелдеуде. Мысалы, жұмысшылардын біліктілігін көтеру мен техниканың өндіріске көптеп араласуы арқасында  дене   еңбегімен  айналасатын  адамдар ішінде көбінесе ой еңбегімен  айналысатындар  саны  көбейе түсті. Жұмысшы табы құрамындағы дене еңбегімен айналысушылар мен ой еңбегімен айналысатындар арасында өзгешелік көрінді.

Соңдай-ақ, ой еңбегімен айналысатын адамдардың түрлі топтарын интеллигенция тобына жатқызамыз. Сондай топтың  бірі – қызметкерлер, интеллигенция, жұмысшы табы және ұжымшаршылар қатарындағы «қызметкерлер» деген топқа енгізілген басшыларды, басқару аппаратындағы  қызметкерлерді де бөлек топ есебінде қарастыруға болады. Сонымен бірге, қызметкерлер деген категорияға мұғалім, академик, кассир, машинистка мамандықтары жатады. Интеллигенциядан бөлек коғамда тапқа ұқсас әскери қызметкерлер, діни адамдар т.б. топтар бар.

Ауыл шаруашылығында да бірнеше мамандықталған топтар әкімшілік тұлғалар мен мамандар; бригадирлер, шаруашылық басшылары бөлім - ферма басшылары, агрономдар мен зоотехниктер; ә) механизаторлар (трактористер, комбайнер мен шофер, машинист т.б.); б) құс және мал шаруашылығындағы еңбеккерлер (соның ішінде, отарлы мал шаруашылығында еңбек етушілер); н) егінші - шаруалар.

Көрсетілген негізгі топтардан басқа топтардың бар екендігі белгілі (қурылысшылар, қызмет көрсету саласындағы адамдар, ауыл ісмерлері, өздерінің жеке шаруашылық бөліктерін өңдеумен ғана айналысатын шаруалар және т.б.). Яғни, әлеуметгік құрылымды таптық тұрғыдан қарау меншікке деген катынасты объективті түрде бейнелегенімен, қоғамдағы көптеген өзгешеліктерді түсіндіре алмайды. Соңдықтан, әлеуметтік құрылымды әлеуметтік таптық және мамаңдықтық құрылым қарым-қатынасы арқылы зерттеу керек. 1939-1959 жылдар арасында Қазақстанда халық саны 1,5 еседей (6394 мьің адамнан 9245 мың адамға дейін) өссе, еңбек ететіндер де сол деңгейде - 1,5 есе - көбейді, халық құрамындағы олардьщ үлесі 38%-дан 40,1%-ға көтеріліп, 2,1%-ға өсті.

Жоғарыда айтылғандай, жұмысшы табының әлеуметтік жағдайы мен құрамы менді әлеуметтік мәселердің пайда болуымен қатар дамыды. Жұмысшы табының өз ішінде еңбегіне ақы төлеуде, еңбек ету шарттары мен сипатында, әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайларында,  мәдени-техникалық деңгейінде, әлеуметтік-демографиялық сипаттамасында  және  т.б. белгі-лерінде маңызды айырмашылықтары болды. Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы жұмысшылардың қоғамдық-саяси өмірі мен  еңбектегі белсенділігі,  мәдени-техникалық деңгейі әртүрлі болды. Әсіресе, машина жасау өнеркәсібіндегі жұмысшылар мен қызмет ету саласындағы жұмысшылар, шахтерлер мен кеңшар механизаторлары арасында жоғарыда айтылған сипаттамалардың айырмашылықтары айқын көрінді. Экономикалық аймақтар мен КСРО-дағы республикалар арасындағы   жұмысшылардың  ұқсас  топтары  арасында  да өзгешеліктер   сақталынды.   Ол   еңбектін   экономикалық бөлісіндегі  жұмысшылардың орны мен белгілі бір аймақтағы жұмысшы табы мен өндірістің  қалыптасуының  тарихи ерекшеліктері  мен әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштердің өзгешеліктеріне (мысалы,  жұмысшы  табы   құрамындағы әйелдердің, жастардың, жұмыс істеуші зейнеткерлердің үлесіне) байланысты түсіндіріледі. Ал, жұмысшы табынын жекелеген топтары мен  бөліктері  арасындағы  еңбектің  сипаты, білітілік, деңгейі мен әлеуметтік және технологиялық мәселелерінің   ұқсастығы  оларды  әлеуметтік  біртұтас, саяси біржақты топқа біріктіруге, таптық бірлікке алып келеді. Ұлы Отан соғысынан  кейінгі  жылдардағы  әлеуметтік              топтардың  даму тарихында бұл позитивті көрініс ретінде бағаланады.

1929-1959 жылдары аралығында КСРО бойынша  социалистік қоғам құрылысын тереңдету кезінде әлеуметтік біртектілікке жету, қала мен ауыл және ой еңбегі арасындағы айырмашылықты жою жолындағы жүргізілген шаралар бірқатар жетістіктерге де жеткізді. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығына бөлінген күрделі қаржы өнеркәсіптің жаңа  салаларының  қарқынды  және   ауыл  шаруашылығы өндірісінің шапшаң дамуына әкелді. Сол арқылы социалистік жоспарлы экономика  нығайып, соған сәйкес әлеуметтік құрылым да дамып отырды.

Ірі үш лагерлі құрылымға негізделген әлеуметгік құрылым бірнеше ішкі жіктік топтарға бөлінетінін байқаймыз. Жұмсышы табы: а) өндіріс орындарының қандай аймақтарда орналасқандығына; ә)қызмет ететін шаруашылық салаларының мемлекеттік көлемдегі дережесінің маңыздылығына; б)жұмыс түрлерінің ауыр не жеңілдігіне, зиянды-зиянсыздығына; в)әр саладан жұмысшылардың біліктілігіне және т.б. ерекшеліктеріне байланысты болатын, қоғамдық еңбектегі орны мен қоғамдық байлықтан алатын мөлшеріне (мысалы, еңбегіне ақы алудағы өзгешеліктерге) қарай ішкі бөліктерге бөлінеді. Міне, осы ерекшеліктері негізінде бұлардьщ қоғамдық өмірдегі материалдық, тұрмыстық және білім деңгейлері өзгешеленеді.

Ұжымшар  еңбеккерлеріне  ұжымдастырылған шаруалар, ауыл шаруашылығында қызмет етуші топтар енеді.

Негізгі ірі әлеуметтік топ - ой еңбегімен айналысатын, халық шаруашылығының барлық салаларында қызмет ететін, санақ  материалдарында «қызметкерлер» деген топқа біріктірілген, «интеллигенция» деген атпен белгілі топ. Бұл топ үш негізгі бөліктен құралады: а)мемлекеттік басқару органдарында, партия, кәсіподақ ұйымдарында, халық шаруашылығының барлық салаларында қызмет етегін басшылар; ә)ғылыми қызметкерлер,  педагог,  тербиеші,  медицина, әдебиет пен баспасөз, мәдени-ағарту, өнер, заң, жоспарлау мен есеп, агрономдар мен зоотехниктер, ветеринарлар т.б. енетін бөлігі; б)инженер-техник қызметкерлер, ветеринар-техниктер мен фельдшерлер,  орманшылар, социалистік меншік пен қоғамдық тәртіпті сақтау қызметкерлері, байланыс, қоғамдық тамақтандыру, даярлау мен жабдықтау, ұсату салаларындағы, сондай-ақ, іс қағаздарымен жұмыс істейтін т.б. қызметкерлер.

Әлеуметтік құрылымдағы ірі топтардын ішкі жіктік бөліктеріне келейік.  Екі тап пен бір топтан тұратын әлеуметтік құрылымдағы ең ірі тап - жұмысшы табы. Қазақстанда 1940 жылы 634 мың жұмысшы болды. Соғыс жылдары Одақ бойынша жұмысшылар саны 38%-ға азайған кезде, Қазақстанда, керісінше, 126,6 мың адамға (13,8%-ға) өсіп,  1945 жылы 1043 мың адам болды.  1959 жылы елдегі жұмысшы табыньщ үлесі халықтың жартысынан асты (58,4%).

1939-1959 жылдар арасында жұмысшылардың абсолюттік саны 872 мың адамға (197%) өскен. Жылдық өсім бірқалыпты болмаса да, өсу үрдісі басым болды (жылына орта есеппен 40-43 мың адамға өсіп отырды) 1939 жылы 892990 адам болса, 1959 жылы 1765281 адам болды. Жұмысшылар ішіндегі қазақтардың саны: 222848 (24,9%) адамнан 265812 (15%) адам болып, 43 мыңға немесе 119%-ға өскенімен, үлесі 9,9 пунктке төмендеген.

Орыс ұлты өкілдерінен тұратын жұмысшылар абсолюттік саны мен үлесі 461289-дан (51,6%) 953322-ға (54%) көтеріліп, 2 еседен аса (206,6%-ға) өскен [59]. Өсу қарқыны қазақтардан 11 еседен аса артық.   .

Соғыс жылдары КСРО бойынша жұмысшылар мен қызметшілер санында кему үрдісі үстем болса, ал, Қазақ КСР-нда өндірісте қызмет ететін мамандар саны ұдайы өсіп отырды. 1940-1945 жылдардағы әр жылдың қыркүйек айындағы есеп бойынша, өнеркәсіп салаларындағы жұмысшылар мен қызметшілер санының динамикасына тоқталсақ, көмір өндірісінде 1940 жылы 22971 адам еңбектенсе, 1945 жылы 61312 болып, саны 2,6 есе (26,6%-ға) өскен; мұнай өнеркәсібінде 4905-тен 18793-ке (4 еседей, 383%-ға), қара металлургияда 151-ден 6545-ке (43 есе немесе 4334%-ға), жеңіл өнеркесіпте 5333-тен 16370-ке (3 есе, 306%-ға), балық өнеркөсібінде 9033-тен 12674-ке (1,4 есе, 140%-ға) адамдар саны көбейген.

Индустриялық аудандар саны өсуі ірі қалаларға жұмысшылардың көптеп шоғырлануына, қала тұрғындарының санының өсуіне әкелді. 1940-1945 жылдары Қазақстан қалалары тұрғындарының үлесі 27,8-дан 37,2-ға өскеңде, ауыл тұрғындары 72,2%-дан 62,8%-ға төмендеді. 1943-1945 жылдары қалаларға келгеңдердің 74% ер адамдар болды, бұл жұмысшы табының қатарын толықтырғаны сөзсіз. Соғысқа дейінгі жылдары республика өнеркәсібіндегі жұмысшылар мен қызметкерлер құрамындағы әйелдердің үлесі 33%, құрылыста 17,7% болса, 1945 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіштер 48% және 35,8%-ға, ал, транспорта 38,4%-ға жетті. Яғни, әйелдердің халық шаруашылығы салаларындағы қызметтерге тартылуы өсті.

1946-1950 жылдары республиканың халық шаруашылығындағы жұмысшылар мен қыметкерлердің саны 359,4 мың, ал, 1940 жылмен салыстырғандада, жарты миллион адамға (53%-ға) өсті. Соғыс кейінгі 10 жылда жұмысшылар мен қызметкерлер саны 2 есе көбейіп, 2,2 миллион адамға жетті. Әсіресе, өнеркәсіптегі жұмысшылар саны төртінші бесжылдықтың аяғыңда соғысқа дейінгі деңгейден 2 еседен аса көбейді. 1950 жылдары мұндағы жұмысшылар санының өсуі ерекше қарқынмен жүрді. Өнеркәсіп жұмысшыларының саны 1950 жылы 289 мың болып, өңдірісте еңбек ететіндердің 79,1%-ын құраса, 1960 жылы 530 мың адам 84,6%-ына жетті.      

Өнеркәсіп еңбеккерлерінің ішіндегі неғұрлым көбі халық шаруашылығының жетекші салалары  - машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібіндегі жұмысшылар болды. 1950 жылы мұңда өнеркәсіптегі барлық жұмысшылардың 1/5 бөлігі болатын 52 мың адам еңбек етті. Екінші топ - 44 мың адамнан тұратын отын өнеркәсібі жұмысшылары. Ауыр индустрияның негізгі салалары да жоғары қарқынмен дамыды. Ұлы Отан соғысы кезіңде пайда болған қара металлургияда төртінщі бесжылдық соңында 4 мың жұмысшы еңбек етсе,  1960 жылы олардың  саны 1 мыңға  өсті,  электр  энергетикасындағы жұмысшылар саны соғыстан кейін 6 мың адам болса, 1960 жылға дейін 6 есе өсіп, 36 мың адам болды. Ал, машина жасау және металл өндеу өнеркәсібіңдегі жұмысшылар қатары 2 еседен  аса,   118  мың адамға,  құрылыс  материалдары өнеркәсібіндегі жұмысшылар саны 4 есеге жуық, 59 мың адамға (үлесі 42%-ға) өсті. Әрине, мұндай жоғары қарқын саланың, әсіресе, 1950 жылдардағы интенсивті дамуына байланысты болды. Бірақ, өндіріс процесін механизацияландыру дәрежесі өте төмен болды, ауыр қол еңбегі қолданылды.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)