Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

Егерде тың игеруді қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси нақтылық тұрғысынан қарасақ, онда оның республика үшін маңызды болғанын  айтуымыз керек.  Тың  игеру нәтижееінде Қазақстаңда адам басына шаққанда 2 мың килограмнан аса астық өндірілді. Ал, бүкіл әлемдік тәжірибеде азық-түлік проблемасын шешу үшін адам басына 1 мың килограмм астық өндірсе жеткілікті екендігі дәлелденген. Ал, мұндай көрсеткіштер бірқатар елдерде ғана (Канада, Австралия, АҚШ, Дания, Франция Венгрия, Румыния) бар еді. Бұдан, Қазақстанның өзінің қажетін қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортер ел ретінде әлемдік рыноққа шығуға алғышарттары болғандығын аңғарамыз. Сонымен бірге, Қазақстан тыңында құрамында жоғары мөлшердегі белогы бар бидайдың күшті сорттары өсетін. Сапасы жоғары бидайды сатып алушы елдер де аз еместін. Қазақстан бидайының экологиялык рационалдығы, экономикалық пайдалылығы және әлеуметтік тиімділігімен бірге тың эпопиясының жағымсыз жақтарын да айтуға тура келеді.

1957-1958 жылдары Павлодар облысындағы жеңіл топырақтардың айдалуы негізінде шанды борандар басталды, ал 1960-жылдардың басында бүкіл тың аймағы бойынша тек топырақтың үстіңгі қабаты емес, ауыр төменгі қабатының шаң ретінде ұшуы етек жайды. Тың игеру нәтижесінде республикада 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады (бұл бүкіл Франция ауыл шаруашылығы аумағының мөлшері деген сөз). Құрғақшылықтың жиі болуына да кең байтақ жерді жырту әсер етті. Табиғи ресурстарды экстенсивті түрде пайдалана отырып, партиялық-мемлекеттік басшылық экологиялық катаклизмдерге де жол ашты. Елде әр гектарға 1,5 центнер дәнді-дақыл егіліп, 6-9 центнерден ғана өнім алынды (1954-1958 жылдары - 7,3 ц/га болса, 1961-1965 жыддары - 6,1 ц/га болды). Мал шаруашылығы өнімділігі төмендеді. Тың кеңшарларынан қоймен бірге жылқы малы да ығыстырылды. Тың игеру жылдарында жылқы саны 365,7 мың басқа түсіп азайып, мұсылман халқы жемейтін шошқа саны 4 еседен асты. Малынан айрылған қазақ ауылдары жұмыссыз "болашағы жоқ" ауыддардың санын толықтырды.

Тың Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыруда, ескі қалалармен бірге жаңа қалалардың ерекше дамуына үлкен әлеуметтік мәдени және этнобайланыстық аумақтық бөліктің қалыптасуына, қоғамдық өмірдің интернационалдануына жағымды әсер етті. Алайда, кеңес өкіметі интернационализмді басты идея ретінде ұстана отырып, тың игеретін аудандардағы ұлттық сана мен мүддені ескерусіз қалдырды. Тың кезіңде шеттен мамандардың көптеп әкелінуі жергілікгі ұлт мамаңдарыньщ дайыңдалуын қажетсіз етті. Яғни ұлттық кадрге мән берілмеді. Қазақ этносының тілі мен әлеуметтік мәдени институттарына объективті қауіп төнді. Ал, бұлар ұлтаралық қатынастардың   бүкіл жиынтығына әсер етті.

Тың өлкесі қалаларына келгендер саны ерекше көп болды. 1954 жылы тың қалаларына  16,6 мың,   1955 жылы  - 47,8 мың,  1956 жылы - 38,5 мың,  1957 жылы - 48,4 мың,  1958 жылы  -  92,4 мың және   1959 жылы  -  41,8  мың,  барлығы 285,5 мың адам келді.   1960-жылдардың басынан тың игерушілердің бір бөлігі ауылдық жерлерден қалаларға көше бастады. Бұл кездегі көші-қондағы негізгі үрдіс - ауыл халқының қалаға ағылуы. Көші-қон бір жағынан ауылдың экономикалық және  әлеуметтік жағдайының индикаторы  іспеттес,  сонымен. бірге оның ерекшеліктерін зерттеу аграрлық секторда қалыптасқан жағдай туралы түсініктің тереңдеуіне әкеледі.  Екінші жағынан,  ауыл  халқының қалаға көші-қонын  ауылдың жағдайының төмендеуі себептерінің бір факторы ретінде қараймыз.   Көші-қон  ағымының  нәтижесінде  көшіп-қонушылар шыққан жерлер жұмыс қолы жетіспейтін аудандарға айнала бастады. Мысалы: Ресейдің Қара топырақсыз ауданы жұмыс қолына зәру ауданға айналды.

Кез келген мемлекеттік жоспардың негізгі өлшемі оның қандай бағаға түскендігімен және халыққа нақты несімен ұзақ жылдар бойына тиімді болғандығымен анықталса керек. Ұжымшарларды ірілендіру, тың және тыңайған жерлерді игеру, ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру, т.б. шаралар көпшілік жағдайда жергілікті жерлердің ерекшелігін ескермей жүргізілді. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығына нұқсан келтірілгенін дәлелдеу ол кезде қиын еді. Бірақ, 1952 жылы ірілендірілген 60 ұжымшардың 9-ы бұлтартпайтын дәлелдер арқылы экономикалық тиімсіз деп есептелініп, қайта бөлінді. 1960-жылдардың басына қарай әкімшілікті-бұйрықты жүйе өзінің күшінің біткенін сезді. Өмір мекемелердің инициативасы мен еріктілігін, шаруашылық есептің бекітілуін талап ете бастады. Яғни, құрылымды жоспарлау мен ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістер керек болды. Н.С. Хрущев жүзеге асырған негізсіз қайта өзгерістер тізбегі нәтиже бермеді. Л.И. Брежнев бастаған партия мен АН.Косыгин басқарған үкімет басшылығы жүйенің кейбір тетіктерін косметикалық өзгерістерге бастады. Мысалы, 1965 жылғы экономикалық реформаның бірқатар нәтижесі де болды, Қазақстанда қоғамдық жиынтық өнім сегізінші бесжылдық (1966-1970 жыддары) кезінде 1,5 есе өсті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 есе өсті. 1970 жылы өндірістің тиімділігін өсіру негізінде өнеркәсіп секторындағы; өнім 70%-ға өсті (1965 жылы 40% болатын). Ауыл шаруашылығында да алға жылжулар болды. Жиынтық өнім 1960-жылдардың 2-жартысында 28%-ға өсті, ұжымшар-кеңшардағы еңбек өнімділігі алдындағы бесжылдыққа қарағанда 1,8 есе өсті. Мұның бәрі Қазақстан экономикасының потенциалы орасан зор екендігінін дәлелі. Алайда, осы үлкен халық шару ашылығының мүмкіндігін жүйе мен нарықтық қатынаста тыс  императивтер  қысып  тастап,  экономиканың дамуы тиімсіз етті. Әсіресе ол, бұдан кейінгі тоқырау деп аталатын жылдары қатты күшейді.

Кеңес Одағындағы өте құпия нысан болып табылатын номері 2-лаборатория (қазіргі И.В.Курчатов атындағы атом энергиясы институты) 1946 жылы атом бомбасын жасаумен айналыса бастады. КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 жыл 21 тамыздағы құпия қаулысында Қазақстанның Семей облысындағы Абыралы ауданынан әскери қажетке арнап жер бөлінсін делінген. Бұл қаулымен сол кездегі Семей облысынын басшалары (Т. Қойшыбаев, К. Сүлейменов) бір жыл өткеннен кейін ғана таныстырылған. 1948 жылы Абыралы ауданына әскери құрылысшылар келіп, болашақ сынақ полигонын салуға кірісті. Тұрғын халық көшірілді. Территориясы ядролық полигонның құрамына енген аудан халқыньщ саны 1954 жылы 30%-ға күрт кеміп, ал, 1955 жылдың қантарыңда бұл аудан мүлдем жабылды. 1949 жылы 29 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат жетіде Семей облысының Абыралы ауданында Кеңес Одағының атом бомбасы алғаш сыналды. Оның жарылыс күші Хиросимаға тасталған атом бомбасына, яғни 20 тоннаға тең еді. Сол сынақтан бір ай өткен соң "Правда" газеті КОТА (ТАСС) хабары арқылы Кеңес Қарулы Күштерінің қарамағында атом қаруы 1947 жылдан бар деп хабарлады. Жергілікті халық бірнеше ондаған жылдар бойы шеккен қасіреттің тарихы осылай басталған еді.

Сондай-ақ, 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданы мен Қызылқұм ауданының Шымқорған ауылы жергілікті халықпен ешбір келісілмей, түгелдей Өзбек КСР-нің құрамына берілді. Әрине, бұл оқиғаның республика халқының құрамына тигізген зор әсері болғандығы түсінікті. Онтүстік Қазақстан облысының 1956 жылы Өзбек КСР-нің құрамына берілген Бостандық ауданында 63149 адам тұрды (соның ішіңде 37276 - ер, 25873 - әйел), сондай-ақ Қызылқұм ауданының Шымқұрған ауылдық кеңесінің тұрғындар саны (Тимирязев кеңшары) 1477 адам (771 - ер, 706 - әйел) болатын. 1956 жылы 64626 адамньщ талабы ескерілмей тұрған жерлерімен бірге Өзбек КСР-ның құрамына берілді. 1955 жылғы есеп бойынша, олардың 5607 адамы жұмысшылар мен қызметшілер болатын.

1950-жылдардың тағы бір оқиғасы - 1956 жылғы 6 тамызда Арал теңізінің экологиясын бұзуға қадам жасалды. КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесі "Мақта өсіруді арттыру үшін Өзбек КСР мен Қазақ КСР-ның шөл далаларының тың жерлерін суландыру және игеру туралы" қаулы қабылдады. Арал теңізінің экологиясын бұзуға жасалған тағы бір қадам 1957 жылы 4 қазан  күні Байқоңырдан Кеңес Одағында тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал, әрбір  ғарышқа  ұшырылған  зымыран  радиусы  22  километр кеңістіктегі озонды күйдіріп, ауаны залалдандырады.

Қазақстанда жүрген әкімшілік-территориялық өзгерістерге келсек, губерниялар 1927 жылдың ортасына дейін өз атауларын сақтады. 1927 жылдың ортасынан 1930 жылдың маусымына дейін округ деп аталса, 1930 жылдың маусымынан 1931 жылға дейін аудандарға бөлу негізіндегі облыстық жүйе енгізілді. 1928 жылы 3 қыркүйекте Бүкілодақтық Атқару комитетінде Қазақстанды аймактық-территориялық бөліктерге қайта бөлуді жүргізу мәселесі қаралды. Қазақ АКСР ОАК және Қазақ АКСР ХКК республикада әкімшілік-территориялық бірліктерді қайтадан бөлуге даярлыққа байланысты, 1930 жылдың шілдесінен бастап аудандарды құру және нығайту, округтарды жою, қалаларға жақын орналасқан ауылдарды қосу және т.б. шараларына қатысты бірнеше шешімдер қабылдады. Соның нәтижесінде округтар жойылып, республиканың орталық өкіметіне бағынатын аудандар нығайтылды. 1930 жыл 17 желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті Төралқасының "аудандарға бөлу" туралы шешіміне сай республикада 126 аудан құрылды. 1939 жылы республикадағы 14 облыста 192 аудан болса, 1956 жылға дейін олардың саны 207-ге дейін көтерілді. Ал, 1956-1959 жылдар аралығыңда 16 аудан басқа аудандарға қосылып, 1959 жылы республиканың 16 облысында 191 аудан есептелінді.

1938 жылғы 15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы құрамынан Гурьев облысы бөлінді. Оның құрамыңда Теңіз, Бақсай, Мақат, Жилоқос,  Испуль және Маңғыстау аудандары болды. Сондай-ақ, облыс құрамында жаңадан  Қаратон (1949 жылы), Комсомольск (1951  жылы),  Қошқар  (1951  жылы), Құлсары (1941 жылы) және Сағыз (1941  жылы)  аудандары құрылды[42]. 1939 жылдың 14 қазанынан бастап Жамбыл, Семей және Ақмола облыстары өз алдарына бөлек облыс болып отау тіксе,  1944 жылдың 16 наурызыңда Көкшетау және Талдықорған қалалары жаңа облыстардың орталықтарына айналды [43]. 1939 жылғы санақ кезінде Қарағанды қаласындағы халық саны  166 мың адам болса, кейінірек Қарағанды қаласынан 5 мың адамы бар Самарқанд атты қала типтес поселке бөлініп шығып, 1945 жылдан бастап ол қала Теміртау қаласы деп атала бастады.  Соңдай-ақ,  Кентау қаласы  1939 жылы қала типтес поселке болатын [43, С. 11]. Ақтөбе облысында 1945 жылы Батамшы қала типтес поселкесі құрылды. 1940 жылы Қандыағаш қаласы (1967 жылдан бастап Октябрск деп аталды, тәуелсіздік алғаннан кейін Қандыағаш атауы қайтарылды) ірге көтерді.

1943 жылы Хромтау жұмысшы поселкесінің негізі қаланды. Алматы облысы құрамына Талғар ауданы (1959 жылы), Бұрындай (1944 жылы) кірді.

Сонымен 1939 жылы республикада 28 қала болса, екі санақ арасында Қазақстанда жүрген урбанизациялық процестің нәтижесіңде 1959 жылы қалалардың саны 43-ке жетті, жұмысшы поселкелерінің саны 53-тен 139-ға дейін өсті [43].

Қалалардың қоғам өмірінде алатын прогрессивті рөлі белгілі. Қалалар  барлық қазіргі мемлекеттерде халықтың экономикалық саяси және рухани орталығы есебіңдегі прогрестің негізгі козғаушы күші болып табылады. 1917 жылдан бері Қазақстанда қалалардың қалыптасуына ерекше көңіл бөлінді. Бұл ауылдардың көп болғандығына ғана емес, сонымен бірге КСРО-ның экономикалық - саяси дамуын біркелкі бағыт бойынша дамыту қажеттігіне   де байланысты еді. Қалалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аудандық өзгешеліктерді теңестіру және "ауыл халқын бірнеше ғасырлардан бергі өткізіп жатқан оқшаулануы мен топастануынан" құтқаруда белгілі рөл атқаруы керек болды. Қалалық пункттер санының өсуі - халыктың орналасуының ең прогрессивті түрі ретіңде - халық шаруашылығы  салаларының белгілі  бір аймақта орналасуына көп  тәуелді.   Мысалы: 1920-жылдардың  ортасынан  бастап Қазақстан аумағыңда өнеркәсіптің дамуы көптеген жаңа қалалардың пайда болуына әкелді. Кеңес дәуіріңде Қазақстан аумағыңдағы қалалық пункттердің 92,5% пайда болды. Қазақстанда 1917 жылға дейін 22 қалалық пунктер болса, 1918-1991 жылдар аралығында 272-сі қосылып, жалпы саны 294-ке жетті. Кеңес дәуіріңде 210 қала типтес поселкалар мен 62 қала пайда болып, қала саны 83-ке жетті. 1959 жылы 43 қала (3020 мың адам)  мен   139 жұмысшы  поселкелеріңде  (1047  мың  адам) Қазақстан халқының 44% (4067 мың адам) тұрды. Ал, халық қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуыңда белсеңді рел атқаратын,   "өндірістің   қоғамдық  процесіндегі  негізі  мен субъектісі" болып табылады [44].

Қаланың құрылуы мен дамуында халықтың саны мен құрылымы үлкен рөл ойнады. 1897-1990 жылдар аралығында Қазақстан халқы 3,9 есе өссе, қала халқы 36 еседен аса өскен. Алайда, елді пункттер ішіндегі қалалардың үлесі 1,8% екендігін ескерсек, онда республиканың жоғары урбанизациялы аймаққа жатпайтындығы көрінеді.

Қазақстандағы ауылдар мен қалалар арасыңдағы әлеуметтік ауытқушылық көптеген адамның, отбасылардың тағдырын таптап, шексіз құлдырауға, жалаң идеологияның сойылын соғып, оның қара құлы болуға мәжбүр еткені бәрімізге мәлім. 1989 жылдың 28 наурызында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі "Ақтөбе Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Қостанай облыстарының шалғайдағы аудандарының  әлеуметтік дамуын жеделдету жөніндегі шаралар туралы» қаулы қабылданды. Бұл республикадағы мүлгіп жатқан ауылдардағы "өлі" жағдайды қақ жарған қаулы болып табылады. Бұл құжатта Қазақстандағы 205 ауылдық аудандардың 71-і әлеуметтік даму дәрежесі өте төмен, ал оның мүлдем мешеу қалған "30 ауданда 1 миллионнан аса адам тұрады. Ал, олардың 900 мыңы қазақтар. Ондағы әйелдердің әдетте 6-8-ден баласы бар, балалардың шетінеуі ең жоғары деңгейде" - деп ашық айтылды. 199І жылдан бастап осы аудандардың - "ұмыт қалған ауылдардың әлеуметтік дамуын жеделдету мақсатында 200 миллион, кейін 274 миллион сом қаржы бөлініп, іске асырылатын болды. Алайда, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.

 

1.2 Тұрғындардың жалпы саны және аймақтық орналасуы

 

1939-1959 жылдар арасыңдағы Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістерді бірнеше ішкі кезеңдерге бөле отырып қарастыруға болады:

Бірінші кезең 1939 жылғы санақ пен 1946 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықты қамтиды. Республика халқының қарастырылып отырған 20 жыл ішіңдегі айтарлықтай кемуі 1941-1945 жыддардағы демографиялық апат кезеңіне тен. Бұл мерзім ішіндегі халық құамының өзгерістеріне депортациялар, екінші дүние жүзілік соғысы және соғысқа қатысты мобилизация мен демобилизация, стихиялы және реттеулі эвакуация мен реэвакуация, өнеркөсіп орындарын көшіру, Еңбек армиясына мобилизациялау әсер етті.

Осы жылдары республика халқы 460,2 мың адамға кеміді. Ұлы Отан соғысы кезіңце 1202 мыңдық шығыны болған халықтың 1939-1946 жылдар аралығында 460,2 мың адамға ғана кемуі 1939-1941 жылдар мен 1945-1946 жылдар аралығындағи табиғи өсім мен көші-қон арқасында мүмкін болды. Қазақстан халқы 1939 жылы 6394 мыңнан 1941 жылы 6425 мың адамға өсіп, 31 мың (0,5%) адамға көбейді. 1941 жылдан 1945 жылдың 1-ші қаңтары арасында халық саны 6425 мыңнан 5808 мыңға түсіп, 617 мыңға кеміді. 1946 жылы 5933,8 мын адам есепте тұрды (1941 жылғы мөлшердің 92,4%). 1945 жылдың 1 қантары мен 1946 жылдың 1 қаңтары арасындағы халық санының 125 мыңдық өсімін республикаға соғыстан қайтқаңдар берді. 1946 жылдың бас кезіңдегі реэвакуация мен демобилизация аяқталғаннан соң Қазақстан халқының нақты саны айқындалды. 1945-1946 жылдар арасында Қазақстан халқы 549 мың адамға (8,5%-ға), жылына 109,9 мың адамға кеміген. Соғыс жылдары өлім-жітім көрсеткіші төмендеді. Егерде, Қазақстанда 1940 жылы 134,4 мың адам өлсе, соғыс жылдары жылына орта есеппен 104,5 мың адам, немесе 1940 жылғы өлім-жітімен 29,9  мың кем  адам  өлген.   Мұның себебі:  соғыс жылдарындағы туудың төмендеуіне; туу мен өлім-жітім туралы есептің толық болмағандығына; 16-55жас аралығындағы еркек кіндіктілердің (1300 мыңнан аса) соғыс майдандарында болуына, отбасылардың толық болмауына байланысты.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)