Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

1970-1980 жылдары тарихи демография ғылымы мәселелерін зерттеуге арналған еңбектер жариялана бастады.  Зерттеулерде Қазан төңкерісіне дейінгі статистикалық мәліметтердің негізіңде әлеуметтік, демографиялық факторларды өзара байланыс пен өзара шарттылықта қарастырудың әдістері негізделді. Республика халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер еткен механикалық процестердің рөлі терең талдауларға түсе бастады. Қазақстандағы  көші-қонның тарихи мәні мен оның халыктың әлеуметтік-ұлттық  құрамына  тигізген   әсерін   ашуда,   көші-қон  процесі мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін алғаш көрсеткендердің бірі  Е.Н.Гладышева болды. [12]. Көші-қон процестерінің республика халқының көп ұлттық  құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де жан-жақты процесс екендігін көрсеткен Ф.Н.Базанованың [13] монографиясы шықты Алайда, бұл еңбекте кеңес дәуіріндегі идеологиялық тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің келеңсіз жайттары: репрессияланған халықтарды жер аудару, таптық белгісіне байланысты кулақтық жер аударулардан басталған мәжбүрлі қоныс аударулар, депортация және т.б. ашылған жоқ.

1980-жылдары  басталған  жариялылық пен демократияландыру кезінде Қазақстан халқының демографиялық дамуына деген көзқарас түбегейлі  өзгерді.   1980-жылдардан  бері  республика көлемінде де, ТМД елдері бойынша да тарихи-ғылыми, көпшілік басылымдарда тарихнамалық талдау жасауға лайық демографиялық бағыттағы зерттеулер жарияланды. Мұның өзі отандық қоғамдык ғылымдарда демографиялық мәліметтерді көбірек пайдалануға, тарихи демографияның қызметіне  көбірек жүгіне  бастағанының дәлелі.   Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси факторлардың әсерлері талдана бастады.  М.Қ. Қозыбаевтың,  М.Б.Тәтімовтың,  Қ.С.Алдажұмановтың, Ж.Б.Әбілғожиннің еңбектеріңде [14] таза фактілерге негізделген Қазақстандағы 1920-1940 жылдары тоталитарлы жүйенің жүргізген экономикадан тыс,  күштеу саясатының дағдарыстарға толы әлеуметтік-демографиялық нәтижелері жарияланды. Қазақстан халқының екінші дүниежүзілік соғыста майданға адамын  да  аттандырып,   азығын  да,   отын  да  беріп  жанқиярлық ерлігімен даңқы шыққаны белгілі. Бұл турасыңда құжаттарда, нақты деректік басылымдарда, жеке шығармаларда айтылып келеді. Ал, Қазақстанның,  әсіресе,  қазақ халқының бұл жойқын  соғыстағы ерлігі  мен  адам  шығыны  жөнінде әлем  ғалымдары  ғана  пікір білдіргені болмаса, кеңестік дәуірде ғалымдар жұмған аузын ашпады, өйткені одақта бәрі жалпы және жалпылама атап өтілуге тиіс болатын. Тіпті Ұлы Отан соғысы турасында шығарылған анықтамалық басылымдарда қазақ халқы жөнінде мәліметтер жоқтың қасы. Бұл олқылықтың орнын толтыру, кайда, қашан, қандай жағдайда қазақ жауынгерлері соғыста опат болғандығы жөніндегі терең негізді зерттеу жүргізу қолға алуға тиісті мәселенің бірі. Бұл кезеңдегі халықтың сандық құрамыңдағы өзгерістері жайлы мәліметтер жинақталған деректің бірі "Боздақтарда" [15] Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық саныңдағы демографиялық кейбір көрсеткіштер, ең бастысы, шығыны туралы мағлұмат беріледі.

Т.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың еңбегіңде жасақталған әскер құрамалар мен ұлттық әскери құрамалардағы қазақ жауынгерлерінің саны, әлеуметтік құрамы мен жас ерекшеліктеріне тоқтала отырып соғысқа кірген және қаза болғандар жөнінде тың деректер келтіреді. Бұл мәліметтер соғыс жылдарында өлген жауынгерлер туралы белгісіз болып келген тарих беттерін ашады, сонымен бірге соғыс мүгедектері жөнінде бұрын жарияланбаған деректерді пайдаланып, сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді де қорытады[16].

С.Қ. Жакыпбеков еңбегінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы маманмен жұмысшылардың құрамын, жынысын, жасын, ұлтын зерттеуге ден қойылған. Бірақ, 1926 жыл, 1939 жыл және 1959 жыл санақтарының мәліметтері кеңінен талданбаған, солай бола тұрса да мұрағат деректерінің құнды мәліметтерін пайдалана отырып, автор республикадағы жеңіл өнеркәсіп саласынын тарихын жан-жақты зерттеген[17].   1988  жылы  Қазақстан жұмысшыларының саны,  ұлттық, жыныстық құрамы, білім дәрежесі, мамандық түрлері мәселелерін қарастырған екі бөлімнен тұратын жинақ жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 жылдар мен 1938-1960 жылдарды қамтыған [18].

Осы жылдары шыққан Х.Әбжановтың зерттеуінде ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуы, санының өсуі, ұлттық, жыныстық құрамы сөз болады. Еңбекте біз қарастырып отырған кезең де қарастырылады [19]. Бірақ, 1939-1959 жылдар кезеңіндегі интеллигенцияның даму ерекшеліктерін ашу мақсат етіліп қойылмаған.

Республика тұрғыңдарының әлеуметтік-демографиялық дамуына арналған М.ХАсылбеков пен Ә.Б.Ғалидың 1991 жылы жарық көрген монографиясы [20] қоғамдық ғылымдардың кеңес заманында қатаң идеологиялық тегеурінде болған саласы — тарихи демографияға бет-бұрыс әкеліп, жаңа методикалық деңгейде тарихи демография мәселелерін нақтылап, оны шешудің жолдарын да көрсетті. Бұл еңбекте Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы алғаш рет ұзақ тарихи кезеңге созылған елдегі кең көлемді әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге негізделген біртұтас және сан-салалы процесс ретінде жан-жақты қарастырылған. Зерттеуде тарихи демографияның тарихнамасына, халық санақтарының қорытындыларына әлеуметтік, этнодемографиялық бағытта талдау жасалды. Сондай-ақ, ғалым Ә.Б.Ғали өз еңбектерінде 1897-1991 жылдар аралығындағы Қазақстаңды мекендеген халықтардың әлеуметтік-демографиялық дамуын жалпылай қарастырды (21]. Автор зерттеуінде 1897-1926 жылдар арасындағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын жан-жақты талдап, 1926 жылғы санақ материалдарын кең қолданады, 1933-1934, 1937-1939 жылдар оқиғаларына ерекше тоқталып, сонан соң, 1960-жылдарға өтіп кетеді де, 1960-1980 жылдардағы этнодемографиялық даму ерекшеліктерін анықтайды. Ал, 1939-1959 жылдар арасындагы үрдістер Қазақстанның әлеуметтік, демографиялық дамуының ғасырлық тәжірибесінің жиынтығына енгізіліп, жеке мәселе ретінде қарастырылмайды, үстіртін зерттеледі.

Тарихи демография мәселесіне арналған зерттеулерімен белгілі демограф М.Б.Тәтімов [22] еңбектерінде халықты зерттеудегі негізгі принцип ретіңде тарихилықты ерекшелейді. Ол өз монографияларыңда халықтың орналасуы эволюциясының әлеуметтік-тарихи заңдылығын анықтауды басты міңдет етті. Ғалым еңбектерінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуы нақтылы деректермен ашылған. Соңдай-ақ, онда демографиялық дербестікке, ұлтымыздың егеменді өз мемлекетінде сан жағынан басымдылықка жетіп, үрім-бұтағының кең жайылуының бағыттары көрсетіледі, қазақ халкының демографиялық болашағы жайлы болжам жасалынады.

1990-жылдары М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың және т.б. ғалымдардың еңбектеріңде асыра сілтеу жылдарыңдағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың санының азаюы мен апатқа ұшырауы салдарларын ашқан тұжырымдары жарияланды [23]. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен әлеуметтік құрамы жөнінде құнды мәліметтер берілген.

XX ғасырдың 80-90 жылдары демографиялык үрдістерге арналған М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның монографиялары [24] жарық көрді. Мұнда Қазақстан халқының өсіп-өнуі мәселесі экология мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылып, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының демографиялық процестерге тигізген әсері талдаңды.

Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тарихының аймақтық аспектілері де зерттеушілер назарынан тыс қалмады. Жеке аймақта шоғырланған халықтың демографиялық және әлеуметтік дамуы жөніңдегі құңды еңбектің қатарыңда М.Н.Сыдықовтың еңбегі елеулі орын алады [25]. Оңда Батыс Қазақстан өңірі халқының XIX ғасырдан XX ғасырдың 90-жыддарына дейінгі аралықтағы калыптасу және даму тарихы қамтылып, тұрғылықты халықтың саны мен ұлттық құрылымы мұрағат деректері мен халық санағы есептері негізіңде талданады. Автор бұл еңбегіңде 1920-жылдардың I-жартысы мен ұжымдастыру науқаны тұсындағы халқымыздың тарихыңдағы ақтаңдақтарды ашуға әрекет жасаған. Сонымен бірге, ғалым мұрағат деректерін пайдалана отырып, 1937-1959 жылдардағы Батыс Қазақстан халқының санын аныктауға зор үлес қосқан.

Сондай-ақ, Орталық Қазақстан және Жетісу тұрғындарының этнодемографиялық дамуын жан-жақты талдауда XIX ғасыр соңынан -XX ғасыр аяғына дейінгі аралықты қамтыған В.В.Козина [26] мен М.К.Төлекованың монографиялары [27], табиғи қозғалыстағы өлім-жітім көрсеткішінің мәңді өзгерістеріне себеп болған экология мен денсаулық сақтау мәселелеріне арналған тоталитарлы жүйенің сынақ ретінде алынған Семей полигонының зардаптары туралы жазылған еңбектер жарияланды [28]. Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматтарға толы, 1993 жылы жарық көрген Н.В. Алексеенконың еңбегіңде [29]  1920-1990 жылдар аралығыңдағы халыктың өсу қарқыны мен ұлттық құрамына,  аймақтарға шоғырлануы мен экономикалық аудандарға топтастырылуына жете көңіл  бөлінген. Алайда, ол зерттеуіңде тек санақ материалдарын ғана салыстырғандықтан,  1939-1959 жылдар арасындағы 20 жыл ішіңдегі туу, өлім-жітім,   көші-қон,  халық  құрамының жылдарға байланысты ішкі ерекшеліктерін талдамайды.

Біздің тақырыбымызға қатысты Қазақстанның ауыл халкы жөніндегі Н.З.Тәкіжбаеваның монографиясында 1959-1979 жылдардағы халық санақтары негізінде тың деректер келтіріліп, әлеуметтік және ұлттық құрылым қарастырылады [30]. Кеңестік кезенде "бұрынғы азаматтар" деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, 4,5 млн адамдай қазақ диаспорасының пайда болуы мен дамуын зерттеу мәселесі репрессияға ұшырау қаупімен бірге еске түсетін. Сол себепті, негізінен шетелдік зерттеулерде қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада Г.М Меңдіқұлова, А.В.Коновалова, З.Қинаятұлы, З.Е. Қабылдинов, Д.И. Ескекбаев [31] т.б. еңбектерінде талдана бастады.

Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінде [32] нарыктық қайта-құрулар қарсаңыңдағы тәуелсіз Қазақстаңдағы тарихи-демографиялық ой-пікірлердің жағдайы ашылады, жан-жақты, объективті зерттеу мен концептуальды қайта түсініктеуді қажет ететін халықтану мәселесінің өзекті салалары сараланды. Кеңес өкіметінің 1930-1940 жылдары Казақстанға халықтарды күштеп қоныс аударуларының астарларын талдаған "Депортированные в Казахстан народы" атты жинақ 1998 жылы жарық көрді [33].

С.Айымбетовтың,   Л.Т.Қожакееваның,  А.И.Құдайбергенованың, А.М.Мамырханованың, А.М.Жаркенованың, З.Б.Шахаманның, А.А.Какенованың   және   т.б,   кандидаттық  диссертациялары   [34] Қазақстан халқының құрамындағы 1897-1979 жылдар аралығыңдағы өзгерістерін өздерінің зерттеу кезеңдеріне сәйкес талдайды. С. Айымбетов диссертациясында 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстанда жүрген  этнодемографиялык  процестер  алғаш  рет қарастырылса, Л.Т.   Қожакееваның  жұмысында   Ұлы   Отан  соғысы  жылдарындағы Қазақстан халқының  құрамын,  жұмысшы табы  мен  ұжымшар шаруаларының,   интеллигенция   қауымының  саны   мен  сапасындағы өзгерістерді зерттеліп,  бір жүйеге келтірілді.  Сондай-ақ,  Қазақстан халқының әлеуметтік,  этнодемографиялық дамуы мен ұлттық құра-мындағы өзгерістер мәселесіне арналған мақалалар мен монографиялар, баспасөз материалдары жарық көруде,  алайда,  нақты  1939-1959 жылдар арасындағы кезеңге қатысты арнайы еңбек жоқ.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихын кешенді зерттеуге негізделген кейінгі шыққан еңбектерде әлеуметтік және демографиялық даму арасыңдағы тығыз байланыс пен өзара тәуелділік қарастырылады [35]. Бұл еңбектерде зерттеушілер қоғамның әлеуметтік дамуы мен онын жекелеген топтарын зерттеуде дәстүрлі идеологиялық догмалар мен стереотиптерден бас тартады. Жаңа методологиялық зерттеу жүйесіне сүйене отырып, республиканың ірі әлеуметтік қауымдастықтарының салалык, демографиялық, аумақтық және т.б. өзгерістеріне назар аударады.

XX ғасырдың соңғы 20 жылында қазақстаңдық тарихи демографиялық ғылымның халықтану мәселесі бойынша жарияланған еңбектердің авторлары көбінесе тарихи оқиғаларды ашып көрсетуді мақсат тұтқан. Сондықтан көпшілігінде демографиялық мағлұматта қосымша рөл атқарады. Сонымен бірге, тарихи-демографиялық зеттеулер осы саланың  кең ауқымды практикалық міндеттерін ашылуы жеткіліксіз болып табылады.             

Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында кітапханаларындағы сирек қорда сақтаулы  кітаптар мен қолжазба бөліміндегі сақталған мерзімді баспасөздегі деректер, ғылыми зерттеулер қарастырылған. Сонымен бірге Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года, распределения занятого населения Казахской ССР областей и г. Алма-Аты по отраслям народного хозяйства. Алма-Ата: Государственный комитет Казахской  ССР по Статистике и анализу. Перепись 1939 года, документальный источник Центрального Государственного  Архива Народного хозяйства. Материалы к серии «Народы Советского Союза». (Москва: 1990)  сияқты статистикалық материалдарды қолданылды.

Сонымен қатар диплом жұмысының деректемелік негізін 1939, 1959 жылдар Бүкілодақтық халық санақтары, статистикалық жинақтар, мұрағаттық және арнайы құжаттар, баспасөз мәліметтері және т.б. фактілік материалдар құрады. Санақ қорытындыларында берілген мәліметтер елде жүргізілген саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістердін, саясаттың көрсеткіші іспеттес.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 1939-1959 жылдар аралығыңдағы 20 жыл ішінде дүние жүзінің көптеген елдер халқының құрамына зардабы тиген екінші дүние жүзілік соғыс болып өтті. Оның нәтижелерін дер кезінде санауға еліміздің экономикалық, мәдени және идеологиялық даму бағыты жібермеді. Бұл ең біріншіден, елдегі демографиялық хал-ахуалдың қолайсыздығының мемлекеттік саясатқа сай келмейтіндігіне ел басшысының сенімді болуына байланысты болды. Нәтижесінде, КСРО және Қазақстан бойынша халықтың этнодемографиялық дамуына толық сипаттама беретін санак тек 14 жылдан соң, 1959 жылы ғана жүргізілді. 1960 жылы мандайшасындағы "Ашық баспасөзде жариялауға болмайды", - деген ескертпемен "Қазақ КСР-нің тұрғындары, 1959 жылы жүргізілген санақ қорытындылары" кітабы жарық көрді. Алайда, санақтың барлық материалдары бұл кітапта жарияланған жоқ. Сол себепті мұрағат қорларыңда кездесетін республикалық, облыстық және жергілікгі статистикалық оргаңдардың, мекемелердің, мемлекеттік органдардың 1940-1959 жылдар аралығындағы халықтың механикалық және табиғи қозғалысы, эвакуацияланғандар, өлім-жітім деңгейлсрі туралы жүргізіп отырған ағымдық есептерінің соғыстан кейінгі жылдардағы елдің этнодемографиялық даму ерекшеліктерін зерттеуге байланысты деректік маңызы зор. 1991 жылы Қазақстан мемлекеттік статистика комитеті 1939-1989 жылдар аралығындағы Бүкілодақтық халық санақтарының негізгі көрсеткіштері туралы жинақ шығарды. Бұл жинақта 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының жалпы саны, қала мен ауыл тұрғындарының саны, жыныстық құрамы, республика халқының ұлттық құрамы, оның пайыздық көрсеткіштері берілді [36]. 1970 жыл, 1979 жыл, 1989 жыл және 1999 жыл санақтарының жекелеген мәліметтерін халық құрамындағы өзгерістердің кейбір көрсеткіштерінің динамикасын көрсету мақсатында пайдаландық.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)