Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

Халықтың көші-қоны туралы мағлұматтар көп уакытқа дейін КСРО бойышпа жарияланған емес. 1926 жылғы санақта ғана азды-көпті мәліметгер кездеседі. Ал, 1939, 1959 жылдар санақтары материалдарында көші-қон туралы мәліметтер жоқ. Санақ қағаздарына көші-қон туралы сұрақтар енгізілмеген. Онда тек КСРО бойынша көшіп-қону ұйымдастырылған түрде жүргізілді және ағымдық есеп мағлұматтары көші-қон туралы жеткілікті мәліметтер береді деп атап көрсетілді. Ал көші-кон процестерін зерттеу мемлекеттің жоспарлы ұйымдарымен органдарына ерекше бағалы болып табылмайды деп шешілгендіктен бұл мәселе 1959 жылғы санаққа енгізілмеген [37]. Статистикалық басқармаларда 1953 жылдан бері ғана келген-кеткендер туралы мәліметтер жинала бастады. 1960-жылдары бір топ ғалымдар бұл мәселеге ерекше көңіл аудару қажеттігін негіздегеннен соң [38] ғана 1970 жылғы санаққа көші-қон туралы бөлім енгізілді.

Жер  аударылғандар,  депортацияланғандар  туралы  арнайы  тарихи әдебиеттер мен IIХК-ның құжаттары жариялана бастады. Алайда, объективті деректер жұтаң, себебі, депортацияланған халықтар туралы мағлұматтар алу, жинау өте құпия түрде жүргізілді. IIХК-ның (кейінгі ІІМ) рұқсатынсыз олардың есебін алғандар жазаланып отырылды. Мысалы, 1953 жылы сол кездегі Алматы облыстық Атқару комитетінің төрағасы А.Арыстанбеков Алматы, Іле, Жамбыл, Шелек, Енбекшіқазақ және Қаскелең аудандарындағы дұңғандар мен арнайы қоныстандырылғаңдардың бір бөлігін жұмыс қолына зәру Нарынқол, Кеген, Ұйғыр аудаңдарына көшіру мақсатында олардың ұлттық белгісіне сәйкес саны туралы мағлұмат жинауды Алматы облыстық статистикалық басқарманың төрағасы АН.Ивановқа жүктегені үшін жазаланды. Екеуін "рұқсатсыз мағлұмат жинады", - деген желеумен орындарынан алып, жауапқа тартты. Ал, олардың жинаған мәліметтері жойылып жіберілді.

Табиғи қозғалыстағы өлім-жітім, туу көрсеткіштері туралы ағымдық мағлұматтар статистикалық органдарда жинакталып отырды. Бірақ, 1939 -1959 жылдар аралығыңдағы деректер үстіртін мағлұматтар береді. Себебі, жергілікті жерлерде табиғи қозғалыс деректерін есепке алу ісіне салақтықпен қараған. Ауылдарда бірнеше айлар бойы туылғандар мен өлгендер тіркелмей қалатын, ал, азаматтық хал актілерін тіркейтін мекемелер есіктерінен қара құлып түспейтін кездер болған. Мысалы, 1955 жылғы мәлімет бойынша, Ақмола облысында қазан-қараша айларыңда туылған 1391 адамның 55-і тіркелген. Ал, аудаңдардың АХАТ бөлімдері мен паспорт столдары қызметкер болмағандықтан, 4-5 айлап жабық тұратын. Бұндай оқиғалар республика бойынша кездесетін.

1940—1970 жылдар аралығындағы статистикалық басылымдарда туылғандар мен өлгеңдердің 1000 адамға шаққаңдағы табиғи өлім, неке мен ажырасу сандарынан өзге мағлұмат жоқ. Тек кейінгі санақтарда ғана толық есеп жүре бастады. 1989 жылғы және 1999 жылғы санақтарда туу айлары, ұлттары, анасының жасы, өлген әйел - ерлердің жас мөлшерлері, бала өлімі, өлім-жітім себептері айтылады.

Сонымен, санақ мәліметтері, статистикалық материалдар, мұрағатгық құжаттар мен косымша мағлұматтарды ой елегінен өткізіп салыстырмалы түрде саралап, фактілердің объективтілігін анықтау арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік, этнодемографиялық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік аламыз.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұымсы 2 тараудан, оның ішінде 1-ші тарау 3 тармақшадан, ал 2-ші тарау 2 тармақшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау.  ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 1939-1959 жылдар АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ САНЬІ МЕН ҚҰРАМЫ.

 

1.1   Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік-территориялық құрамындағы өзгерістер.

 

1939—1959 жылдар арасындағы Қазақстанның экономикалық дамуының ерекшеліктеріне екінші дүние жүзілік соғыс, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру, Қазақстанның индустриалды-аграрлы ел ретінде дамуы, республиканың Кеңес Одағының шикізат қорына және астықты алқабына айналуы секілді жағдайлар әсер етті.

Ұлы Отан соғысы басталысымен, соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Қарағанды шахталарының, Жезді, Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Текелі жене Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының және тағы басқа жаңа кәсіпорындардың құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді.

Майданға жақын өңірлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс аудандарына, оның ішінде үш жүзден астам өндіріс орындарын Қазақстанға көшіріп орналастыру қайта құрудың құрамдас бөлігіне айналды. Бірқатар кәсіпорындардың жабдықтары салынып жатқан өнеркәсіп кешендерін аяқтау үшін пайдаланылды. Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа құрылысы Запорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын алды. Алматыдағы автомобиль жөңдеу зауытының аяқталмаған  құрылысы Луганск ауыр "машина жасау зауытының цехтары үшін база болды, республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа құрылыстары Украинаның 14 қант зауытының жабдықтарын алды. Көшірілген кәсіпорындар негізіңде Қазақстанда станок жасау, оқ-дәрі өндіру салалары және басқалары пайда болды.

Эвакуацияланған зауыттар мен фабрикалар, негізінен, Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе аймақтарына орналастырылды және соғыс уақытының талабына сай қалпына келтіру жұмыстарының мейлінше асығыс болуы, майдан үшін өте қажетті өнімді мүмкіндігінше тезірек беру жағы ескерілді.

Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базаларының біріне айналды. Ол 1942 жылы Одақта балқытылған қорғасынның 85%, өндірілген көмірдің 1/8 бөлігін, молибденнін 60%, бір миллион тоннаға жуық жоғары октанды мұнай берді.

Ауыл шаруашылығын қайта құру міндеті де оңай болған жоқ, Қазақ КСР ауыл шаруашылығында жұмыс істей алатындар 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мың адамға кеміп кетті.  Ұжымшар өндірісінде әйелдер еңбегінің  үлес салмағы артып, 1940  жылғы  48%  орнына  1942  жылы  75%-ға жетті.  Соғыстың алғашқы жылы ішіңде МТС үшін даярланган  76 мың ауыл механизаторларының 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Әйелдерден құрылған трактор бригадаларының Бүкілодақтық социалистік жарысына 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншектер қатысты.

Соғыстан кейінгі жылдары-ақ ауыл шаруашылығында болашақ дағдарыстың алғы шарттарын қалыптастыра бастаған жағымсыз құбылыстар байқалды, 1946-1950 жылдары Қазақстандағы егіннің жылдық орташа өнімділігі 1913 жыл деңгейімен бірдей болды (5,6 ц/га). Астықтың жалпы түсімі 1928 жылға қарағанда аз, ал, мемлекеттің көтерме саудасы (жылдық орташа көрсеткіш) 1941 жыл көлемінен төмен болды. 1949-1953 жылдары жылына орташа есеппен 4,9 миллиард пұт (гектарынан 7,7 ц) астық жиналды: бұл 1910-1914 жылдардағы көрсеткіштен (4,4 млрд пұт; 7,0 ц/га) көп артық емес еді. 1952 жылы астықтың жалпы түсімі 5,6 млрд пұт деп есептелінді. Республикадағы мал шаруашылығында қиын жағдайда дамыды. 1951 жылы 4,5 млн ғана ірі қара мал басы есептелінді (1928 жылы 6505 мың,  1941 жылдың басында 3335 мың болатын); 1951 жылы 1,5 млн бас жылқы жайылымға шықты (1928 жылы жылқының жалпы саны 3516 мың бас болса, 1941 жылы 885 мыңға зорға жетті; 1928 жылы 1042 мың болған түйе саны 1935 жылы 63 мыңға түсіп, 1951 жылы 127 мыңға әзер көтерілген. Сөз жоқ, осы сәйкессіздікте Қазақстандағы ұжымдастыру кезеңінде жіберілген асыра сілтеушіліктердің мал шаруашылығына келтірген зардабы өте зор болды. 1965 жылы ғана (37 жылдан соң) ірі қара мал басының саны 1928 жылғы мөлшеріне жетті. Ал, қой басы биологиялық өсімділігің арқасыңда 1951 жылы (18036 мың бас) 1928 жылғы деңгейге жетті (18566 мың бас), 1932 жылы 1386 мың бас қана аман қалған болатын. Қой санын қалпына келтіруге 30 жыл уақыт кетті [39].

Соғыстан кейінгі бесжылдықта (1946-1950 жылдары) халық шаруашылығын қалпына келтіруде біршама алға жылжулар болды. Алайда, сырттай сәтті болып көрінетін көрсеткіштерге шын мәнінде ауыл еңбеккерлерінің ауыр, қара күш еңбегі, балалар мен әйелдер еңбегін пайдалану, адамдардың өмір сүру мерзімінің қысқалығы, халықтың еңбек ету қабілетін аз уақыт ішінде сарқа жұмсау әсерінен жетті. Соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары мен ауыл шаруашылығын дамытудың нәтижесіне баға бере отырып, бұл процестер халық табиғатында жинақталған еңбек ету мүмкіндігін, көпшіліктің энергиясын толық пайдаланған жүйе басшылығымен жүрді деуіміз керек.

1953 жылғы КОКП ОК-ң қыркүйек Пленумында алғаш рет шаруаларға экономикалық және саяси қысымды шегеру мәселесі қарастырылды. Экономикадағы міндеттеу әдісінің зияндығын ескеріп, жоспарлы түрде ауыл экономикасын дамытудың жаңа жолдары іздестіріле бастады. Алайда, әкімшіл-әміршіл жүйе көп қиыншылықтарды көріп келген қазақ халқына соғыстан кейінгі дамуда да өз билігін кеңінен жүргізді.

1950-1960 жылдар қазақ ауылы тарихында елеулі кезең болып табылады. Нақ осы кезеңде ауыл шаруашылығын жоғарыдан реформалар арқылы өзгерту шаралары жүрді (1953 жылы, 1958 жылы және 1965 жылы). Бұл жылдары жүргізілген реформа-эксперименттер ауыл шаруашылығында бұрыннан, біртіңдеп дамып келе жатқан ақаулар мен қайшылықтарды жоюға бағытталды. Оларға ұжымшарларды ірілендіру (1950-1951 жылдары), тың жене тыңайған жерлерді игеру (1954-1956 жылдары) және ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру (1957—1958 жылдары) шараларын жатқызуға болады. Нәтижесінде: ауыл халқының өсу қарқыны қала халқынынан басым түсті (1951-1956 жылдары қалалықтар саны 740 мыңға, ал, ауыл тұрғындарының саны 937 мың адамға есті); ұжымшарлар саны күрт азайды (1950 жылы 3699, 1970 жылы 423); республика халкының жалпы саны есті, бірақ, қазақтардың үлесі кеміді: 1939 жылғы санақта 2327,6 мың қазақ (37,8%) есептелінсе, 1959 жылы саны (2787,3 мың адам) өскенімен, үлесі 29,8%-ға кеміді. 700-ден аса қазақ мектебі орыс тіліне кешірілді, халықтың жас мөлшеріне байланысты құрамыңда белсенді енбек жасындағы жастардың, яғни 20-30 жастағылардың үлесі өсті. Бірақ, жергілікті ұлт өкілдерін қажетті мамандықтарға тарту шаралары іске асырылмады.

1951 жылы "болашағы жоқ" ауылдарды біріне-бірін қосу басталды. Алғашқыда республикада 5066 ұжымшарды ірілендіру көзделді. Жергілікті жерлердегі талқылаулардан соң 5636 ұжымшар ірілеңдірілетін болып шешілді. Қазақстанда 1951-1952 жылдары 5558 ұжымшар 2047 ірілендірілген артельдерге бірікті. Жалпы ірілеңдіруден соң республикада 3220 ұжымшар қалды (1950 жыл 1 қаңтарда 6737 болатын) [40]. 1954-1957 жылдары 692 ұжымшар 188 кеңшарға айналдырылып, біріктірілді, 144 ұжымшар басқа кеңшарларға қосылды. Ауыл шаруашылық артельдерінің саны 836-ға кеміді. Бұндай ірілендіру адамдардың белгілі бір аймаққа шоғырлануымен бірге қараусыз жерлердің көбеюіне әкелді. Сондай-ақ, қазақ шаңырақтарында әке мен баланың шаруашылықпен бөлек-бөлек айналысу процесі басталды.

Ұжымшарларды ірілеңдіру мен кеңшарларға айналдыру шараларының пайдасы - басқару аппараты қысқарды. Алайда, негізгі әкімшілік орталықтарынан алыс орналасқаңдықтан осы күнге дейін әлеуметтік-тұрмыстық деңгейі төмен, ұмыт қалған ауылдар саны көбейді Салыстырар болсақ 1950-жылдары ұжымшарларды ірілендіру процесін жүргізбеген, халықтың жеке шаруашылығының көлемдерін кемітпеген, ұжымшарларды кеңшарларға, егістік жерлерін жүгері егетін аймаққа айналдырмаған Литваның ауыл шаруашылығы дамуының жоғары көрсеткіштері сол эксперименттердің керексіз болғанын дәлелдейді.

Халық санының өсуі (әсіресе, қалалар мен өнеркәсіп орталықтары тұрғындарының) астық өнімдеріне деген сұраныстың мөлшерін арттырды. Ал, 1953 жылы едце 32 миллион тонна астықты жұмсап, орнына 31 миллион тоннадан сәл жоғары астық өндіретін. Жетіспейтін мөлшерді мемлекеттік қордан толықтырып отырудың қажеттілігі сезілді. Мұның бәрі ұжымшарлар мен кеңшарлардың негізгі қызметі - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін орындай алмай жатқандығын дәлелдеп тұрды. Дағдарыстан шығу үшін радикалды шешім: өндірістік қатынастар жүйесін өзгерту арқылы нарықтық қатынасқа өту, сол сияқты жеке шаруашылық мүддесіне де қарайлау керек еді. Ал, ол кезеңде мұндай жағдайлар еш айтылмайтын. Өзін сақтап қалудың бірден-бір жолы ретінде жүйелі мәселені шешудің экстенсивті, қарапайым жолын қалап алды. Азық-түлік дағдарысын жұмсарту, сонан соң оны жою үшін астықты алқап көлемін өсіру көзделді. Тың жерлерді игеру күні бітуге тиісті, әлі де халыққа кеңшілік беруге кедергісін келтіріп отырған жүйенің тынысын ашып, кеңес өкіметінің өмірін бірнеше жылдарға созған процесс еді.

1954 жылы КОКП ОК-ң ақпан - наурыз Пленумы тың жерлерді аз уақытта игеру міндетін қойды. Негізінен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жерлері игерілді. (1970 жылы Ақмола мен Қостанай облыстарының бірқатар аудандарынан Торғай облысы құрылды). Республиканың егістік жерінің көлемі 1953 жылы 9,7 млн гектардан 1973 жылы 34,2 млн гектарға өсті, соның ішінде дәнді дақылдар, жылдарға сәйкес, 7,02 млн гектардан 24,7 млн гектарға өсті. Тың жерлерді игеру, немесе тым қысқа мерзімде шамадан тыс өте көп жерді (25,5 миллион гектар Қазақстанда, 16,6 миллион гектар РКФСР-да) жыртып тастау - партия мен халықтың "ұлы ерлігі" ретінде бағаланды. Төтеңше қимылдар қажет болатын жерде әміршіл-әкімшіл басқару әдісі өзін-өзі уақытша болса да ақтады. Егер тынды игеруден көп бұрын, Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанда астық дақылдарынын әр гектарынан 4,3 центнерден ғана енім алынған болса, ал, тыңды қарқындап игерген алғашқы кезеңінде, 1954-1958 жылдары бұл көрсеткіш 7,3 центнерге көтерілді де, 1961-1965 жылдары 6,1 центнерге  төмендеп   кетті.   Одан кейінгі жылдары миллиард пұттық (6 рет) көрсеткіштерге жете отырса да, әр жылға орта есеппен шаққанда 14 центнер тұрмақ 12 центнерден асқан емес. 1986 жылы Қазақстан ең жоғарғы көрсеткішке, 11,5 центнерге қол жеткізген кезде Қазақстаннан озып келе жатқан РКФСР әр гектардан 17,5 центнер, Тәжікстан 16,0 центнерден астықты дақылдар жинап Қырғызстан 30,5 центнер, ал, тың игермеген Белоруссия 25,2 центнер өнім алған. Сол жылғы жалпы Одақ бойынша бұл көрсеткіш 18,0 центнер екенін ойласақ, республикадағы астықты алқаптың мүшкіл халін мойындауға тура келеді.

Тың жерлерді игеру жылдары мындаған гектар жайылымдар егіндікке жыртыдды. Малшылардың онсыз да әрі-сәрі жағдайын төмендеткен кез келді. Қазақ ауылдары да өткеннің аралдары іспетті әр жерде бір қылаң етіп шашырап қалды. Сол кезде-ақ батыс зерттеушілері [41] тың жерді игеру акциясы қазақ ұлтының өмір сүруіне қатер төндіретін шара, патшалық отарлау саясатының жалғасы, - деп баға берген болатын. Өз елімізде де тың жерлерді игерудің тиімсіздігінен сақтандырған қайраткерлер болды. 1939-1946 жылдары Қазақстан БК(б)П ОК-нің ІІ-ші, 1946 жылдың шілдесінен бастап І-секретары қызметін атқарған Ж.Ш.Шаяхметов Қазақстанның тың жерлерін игеру мәселесі көтерілген кезде, топырақтың құрамын дағы құнарлы қабаттың - гумустың 2,5 сантиметрден аспайтындығына, жердің жел эрозиясына ұшырау қаупіне байланысты: "Біз өз жерлерімізден айрыламыз", - деп, Н.С.Хрущевтың тың жерлерді игеру идеясына қарсы болғандығы, сол үшін 1954 жылы қызметінен алынып, есімі ресми тарихтан сызылып тасталғаны белгілі. Жергілікті жерлерде бұл шараға қарсы тұрған басшылар да болды. Мысалы, тың өлкесі орман шаруашылығының қызметкері Ертай Нақыпов СОКП басшылығы мен кеңес өкіметінің тың жерлерді игеру саясаты - патшальгқ тәртіптің отарлык саясатынан еш айырмасы жоқ деп ашық айыптаған. Алайда, жоспар!.. Асыра сілтеуші жоспар! Қазақстанда жоспардың мәнісін бәрі түсінетін. Оның нәтижесінде ұжымдастырудың жүздеген мың адам өмірін жалмағаны да есте. Сол себепті, бері жоғарыдан жоспарланды жергілікті жерлерде жүзеге асырылды.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)