Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

Тың өңіріңдегі механикалық өсім  140,1 мың адам болды. Оның жартысына жуығы 1954 жылдың 1 қыркүйегіне дейін республикадағы 93 кеңшардың 45-сі орналасқан Ақмола мен Қостанай облысына тиесілі. 1955 жылы тың және тынайған жерлері бар Павлодар, Қостанай, Ақмола және Көкшетау облыстарында механикалық өсім жоғары болды. Бұл облыстарға көшіп-қонушылар 1954 жылмен салыстырғанда анағұрлым көп келді: 1954 жылы мұндағы халық саны 104 мыңға, 1955 жылы 73мыңға өсті, яғни, алдынғы жылға қарағанда 67%-ға көп көшіп-қонушы келді.

Облыстардың екінші тобында ауыл халқы механикалық өсім есебінен тек Алматы облысында, соның ішінде Алматы қаласына жақын орналасқан Қаскелең, Жамбыл және Еңбекшіказақ аудандарына Қазақстан аумағында еркін көшіп-қонуға рұксат алған арнайы қоныстанушылардың келіп, тұрақтануына байланысты өсті. Бұл топтағы басқа облыстардан ауыл халқы кетіп жатты. Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығымен айналысатын Мақтаарал және Киров аудандарынан 6,2 мың адам (бұл облыстағы ауыл халқы 10,1 мың адамға кеміді), Талдықорған облысындағы күріш егетін Қаратал ауданынан 2 мың адам кеткен. Семей облысыңдағы Абралы ауданының халқы ядролық сынақтың зардабынан қашып, 1955 жылдың қаңтар айында бұл аудан жабылды. ІІІығыс Қазақстан облысы Бұхтарма ауданы ауыл халқының көпшілігі Бұхтарма ГЭС-інің құрылысы жүріп жатқан Серебрянка жұмысшы поселкесіне, Киров ауданының тұрғыңдары тұрған үй алғандығына байланысты Өскемен қаласына көшті. Сонымен, 1954 жылы республикадағы 202 ауданның 129-ында ауыл халқының үлесі 58,8%-ға төмеңдеді.

1955 жылы Қазақстанда ауыл халқы механикалық қозғалыс есебінен 297830 адамға өсті. 1954 жылмен салыстырғанда механикалық өсім 2,5 есе, табиғи өсім 1,7 есе көп. 1954 хылы бұл көрсеткіштер бірдей болатын.

1955 жылы Алматы облысының халқы Қытайдан келген «кеңес азаматтары», республиканың өзге өңірінен келген шешен, ингуштер, осында жаңадан бес кеңшардың құрылуы мен өнеркәсіп орындарының салынуына байланысты көшіп келген есебінен көбейді (Алматы қаласына жақын жерде темірбетон конструкциялау зауытының қалашығы салыңды).

Қытайдан көшіп келушілер мен жаңа кеңшарлардың құрылуы есебінен 1954 жылға дейін халқы кемуде болған Жамбыл, Семей, Талдықорған облыстарында ауыл тұрғындарының саны өсті.  Мысалы  Семей облысында Қытайдың 4,2 мың, Жамбыл облысына 1,5 мың адам келді. Жамбыл облысының игерілмеген жерлерінен тоғыз,  Талдықорған облысынан үш кеңшар ашылды. Шығыс Қазақстан облысына да Қытайдан көшіп келушілер болды, алайда, ауылдық жерлердің (Бұлақ, Белогор және т.б.) қалалық поселкелерге айналуы ауыл халқының санын азайтты. Атырау мен Қызылорда облыстарында партия және комсомол ұйымдарының жолдамаларымен мамандардың бірқатар бөлігі жоспарлы түрде қаладан ауылға көшірілді, сондай-ақ, Қызылорда облысына да Қытайдан келгендер орналасты, бірақ ұжымшаршылардың бұл жерлерден көптеп көшіп кетулері бұл облыстардағы механикалық өсімде кері айырымның орын алуына әкелді.

Сонымен бірге, 1955 жылы 170 ауданда механикалық өсім болды, бұл 1954 жылғы көрсеткіштен (129 аудан) артық. Жалпы өсімнің пайыздық көрсеткіштеріне байланысты аудандар мен қарамағыңда ауылдық кеңестері бар қалалық кеңестерді топтастырсақ, төмендегі мәлімет шығады: 12 ауданда өсім байқалмады. 198 аудандағы өсімнің 50%-дан жоғары көр-сеткіші тек 4 ауданда көрініп, 64 аудан 1-2% аралығында ғана өсім берді.

1951-1956 жыддардағы мәліметтерді салыстырсақ, республикадағы ауыл халқы санының 834,6 мың адамға өскенін байқаймыз. Жыл сайынғы есімді байқап көрелік 1951 жылы табиғи қозғалыс есебінен 117,3 мың адамға өссе, механикалық қозғалыс (14,7 мыңға) пен әкімшілік-территориялық өзгерістер (4,6 мыңға) есебінен кеміп, халықтың жалпы өсімі 98,0 мың адамға тең болған. 1952 жылы ауылдан 132,7 адам кетуіне байланысты механикалық қозғалыс есебінен 22,0 мыңдық кері айырым болды. 1951-1955 жылдары табиғи өсім өсу үрдісін көрсетсе, механикалық қозғалыс 1951-1953 жылдарында кему үрдісінде болып, 1954-1955 жылдардан бастап оң айырым көрсетті. Сонымен, 1952-1953 жылдардағы әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты өсімді есептемегенде, ауыл халқы 1939 жылдан бастап 1954 жылға дейін табиғи қозғалыс есебінен оң, механикалық қозғалыста теріс айырым көрсеткен. Әсіресе, 1952 жылы ауыл халқының кері көші-қоны ерекше болды (ауыл халқының саны 22 мыңға кеміді). 1954 жыддан бастап тың жерлерді игерушілер көшіп-қонуы есебінен ауыл халқының саны есті.

Ауыл тұрғындарының қатарына 1956 жылы 150 мың адам қосылды: табиғи өсім 157,3 мың, механикалық өсім 24,9 мың адам болып, әкімшілік-аумақтық өзгерістер есебінен ауыл тұрғындары 32,3 мың адамға кеміді. 1956 жылы табиғи өсім алдыңғы жылдарға қарағаңда жоғары болды (1954 жылы 121/ мың, 1955 жылы 142,0 мың адам болатын). Көші-қон ағымы бәсеңдей бастады: 1954 жылы - 117,2 мың, 1955 жылы 299,1 мың, ал 1956 жылы 24,9 мың адам ғана келген. Көшіп-қонушылар ағымы арнайы есепке алынып отырылды. Мысалы: мемлекеттік еңбек қоры басқармасының есебі бойынша 1956 жылы ауылдық жерлерден мектептер мен училишелерде  оқу үшін 8,8 мың адам кеткен, қоныстану баскармасының есебі бойынша 1954-1956 жылдары келген қоныс аударушылардың 13,1 мыңы, өндіріс пен құрылыста жұмыс істеу мақсатында келген 4,5 мың адам ауылдардан көшіп кеткен [52]. Алайда, 1956 жылы шешендер мен ингуштардың алдымен қалаларға, сонсоң республикадан тысқары жерлерге, Қытайдан келген кеңес азаматтарының, тың жерлерді игеруге келген механизаторлардың ауылдан кетіу етек алып, ешбір есепке алынбады. 1951 жылдың 1 қантары мен 1959 жылғы санақ арасындағы Қазақстандағы ауыл халқының саны 1278,2 мың адамға өсті.

1957 жылы да халық ауылдан көшіп кетіп жатты. Механикалық өсім шешен-ингуштер мен т.б. халықтың қоныс тепкен Алматы облысында ғана байқалды. Тың облыстарына халық әлі де болса қоныстанып жатты, алайда, ауылдан кетушілер саны келушілерден асып түсті. Ақмола облысынан 3119 адам, Карағанды облысынан 8288 адам, Батыс Қазақстан облысынан 3478 адам, Ақтөбеден 4296 адам өзге жерлерге кетті.

Сонымен бірге, 1957-1958 жылдары республика аумағынан депортапияланған халықтардың жаппай қайтадан тарихи отандарына көшуі механикалық қозғалыстың теріс айырым көрсетуіне әкелді (- 0,5 мың адам немесе 0,1%).

1939-1959 жыддары тың жерлерді игерген облыстардан өзге жерлерде механикалық өсім арқасында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары мен рудниктері, ірі кеңшарлары бар, геологиялық кен байлықтарын іздеу партиялары қызмет ететін, темір жол магистраліне таяу орналасқан аудандардың (немесе елді пункттердің) халқы өсті.

Көші-қон Қазақстан халқының ұлттық құрылымына үлкен өзгерістер әкелді: демографиялық процестердің барысында республика халқының көп ұлттылығы өсті. 1920 жылы Қазақстанда 38 ұлт өкілдері тіркелсе, 1959 жылы - 114, 1986 жылы -120, ал, 1999 жылғы санақта - 131 ұлт пен халықтар өкілдері есептелінді.

Демографиялық процестер әрі базистік, әрі қондырмалық құбылыстардың әсеріне қатысы болғанымен, өзіндік едәуірге жақын тәуелсіз болады. Яғни, базистік және қондырмалық құбылыстардың бұл процестерге тигізер әсері шектеулі. Сол себепті, демографиялық процестерге әлеуметтік құбылыстардың шексіз әсері туралы айту артығырақ болады. Дұрысы, де-мографиялық процестер мен әлеуметтік процестер өзара тығыз байланыста және өзіндік дербестікте болады.

Тарихи  процестердің демографиялық дамуға тигізген әсерлеріне шолу ретінде тоқталайық.  1929-1956 жылдар аралығындағы кулактық жер аудару, депортация және тағы басқа мәжбүр жер аударулар,   1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі эвакуация мен реэвакуация, ірі көлемде құрылыстарға, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты жүргізілген көшіп-қонулар халық санының динамикасың, әлеуметгік, ұлттық құрамына, қала мен ауыл халқының ара салмағына, туу мен өлуіне, некеге тұру көрсеткіштеріне, жастық-жыныстық құрамындағы өзгерістерге терең әсер етті. Керісінше, демографиялық процестер - экономикалық-саяси әлеуметтік дамудың жаңа сатысына сәйкес жаңа саясат жүргізуге итермеледі. Мұны Кеңес өкіметінің халықтың әлауқатын, тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі шараларынан көруімізге болады.

Ұлы Отан соғысы кезінде демографиялық ахуалға үлкен нүқсан келтірілді. Әсіресе, 20-40 жас аралығындағы ер адамддр саны күрт кеміді. Соғыс кезінде балалар өлімі де жоғары болды, тылдың еңбек күші де тез тозды. Соғыстан кейінгі жылдары қиыншылықтарға қарамастан, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруге көңіл аударып, қаржы бөлді. Демографиялық саясатты нақты шаралармен көтермелеу арқылы қоғамдық процесті әлеуметтік-экономикалық реттеу мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру саясатын ұстанды.

Ал, демографиялық саясатты арнаулы шаралармен реттеу көлемі ұлғайған сайын, қоғамдық және рухани өмірдегі "субъективтік сәттер" күрделене және көп түрлене түседі.

Халық шаруашылығын қайта құрудағы қиыншылықтарға, қуаншылыққа қарамастан 1946 жылдың өзіңде еңбекшілердің бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттаңдыру үшін бірқатар шаралар іске асырылды. 1946 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыстың салық салынбайтын мөлшері айына 150 сомнан 260 сомға дейін өсті. Бағаның біршама өсуіне байланысты, айына 300-ден 900 сомға дейін жалақы алатын еңбеккерлердің шығыстарындағы азық-түлік тауарларын алуға бөлінетін мөлшерге көмек ретінде  ай сайын  80-нен  100 сомға дейін  "нандық қосымша" деп аталатын үстеме ақша төленді. Сондай-ақ, зейнетақы, бір рет берілетін жәрдем ақы және стипеңдиялар мөлшері өсті. Әскерден кайтқан жауынгерлерге жәрдем берілді. Халықтың әл-ауқатының өсуіне ең баста әсерін тигізуші ұлттық табыс айтарлықтай өсті. КСРО бойынша ІҮ-бесжылдықтың аяғына қарай, ол, 1940 жылмен салыстырғанда, 64%-ға өсті. Әлеуметгік-мәдени шараларға мемлекет тарапынан белінетін қаржы мөлшері көбейді. Ол республика бюджетінің едәуір бөлігін (58,8%) құрап, соғыс жылдарындағы 441,4 сомнан төртінші бесжылдыққа 930,5 млн сомға дейін, немесе 2 еседен астам өсті.

Айналыста жүрген ақшаның тым көбейіп кетуі, сонын ішінде, фашистік басқыншылар таратқан жалған ақшалардың көп болуы салдарынан туған қажеттілікке сай 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасы жүргізілді.   1947 жыддын 16 желтоқсанынан бастап карточка жүйесі жойылап, тағамдық өнімдер мен өнеркәсіп тауарларын нормалап бөлудің орнына мемлекеттік және кооперативтік сауда енгізілді. Нанның, ұнның, макаронның және жарманың бағасы 10-12%-ға арзандатылды. Азық-түлік  және өнеркәсіп тауарларына коммерциялық баға жойылап, жаңа неғұрлым төмен бірыңғай мемлекеттік баға енгізілді. Ақша реформасының жүргізілуі мен карточка жүйесінің, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен нормалай жабдықтаудың жойылуы халықтың тұрмыс дәрежесінің өсуінде маңызды рөл атқарды.

1950 жылдары халықтың әл-ауқатын дамытуда жаңа кезең басталды. 1950 жылы бағалар едәуір төмендетілді: астық өнімдері мен ұнның бағасы 23%-дан 30%-ға, ет және ет өнімдері 24%-дан 35%-ға, өнеркәсіп тауарлары 10%-дан 25%-ға дейін. Сондай-ақ, базар бағасы да төмендетілді. Соғыстан кейінгі жылдары халықтың нақты табысын арттырудың негізгі жолы мемлекеттік бөлшек сауда бағаларын жыл сайын жаппай бір мезгіл арзандату шаралары жүргізіліп отырды. 1947-1954 жылдардағы жеті дүркін арзандату нәтижесінде мемлекеттік бөлшек сауда бағалары 2,3 есе кеміді.

Тууды көтермелеуге, отбасы беріктігін сақтауға негізделген шаралар жүргізілді, алайда олар күштеу жолымен жүргізілгендіктен, кейіннен тоқтатылды. Отан 1936-1955 жылдар аралығындағы абортқа тыйым салу шарасын жатқызуға болады. Туу деңгейін көтеру мақсатында 1936 жылғы 27 маусымда қабылданған абортқа тыйым салу туралы заң, алғашқыда, туу көрсеткішін көтергендей болғанымен, қатерлі, жасырын түрде түсік жасау нәтижесінде әйелдер өлімі көбейген соң, 1955 жылы бұл шешімге тыйым салынды. Соңдай-ақ, неке мен отбасын бекітуге байланысты 1941 жылга 21 қазанда қабылданған бойдақтар мен баласыздарға салынатын салық (абстрактілі гуманистік үғымымен енгізілген) туралы заңдар соның дәлелі.

Соғыстан кейінгі жылдары туу көрсеткіштері өсе бастады (компенсаторлық кезең басталды). Демобилизация отбасылардың бірігуіне, жаңадан некелі отбасылардың пайда болуына әкелді. Некесіз әйелдердің балалы болу көрсеткіштері көтерілді.

Соғысқа дейінгі және кейінгі жылдары адамдардың барлық күшін сарқа еңбек етуге мәжбүр ететін қатал экономикалық  және заңдық негіздегі жүйе әрекет етті. Соғыстан кейінгі жылдарға теңгермешілік тән. Ал, теңгермешілік болған жерде адамдардың өз еңбектерінің нәтижелеріне қызығушылығы да болмайды. Теңгермешілік - еңбекшілерді аштықтан аз мөлшердегі тұтыну қорын теңдей бөлу нәтижесіңде сақтап қалу үшін қолданылатын әдіс. 1950-жылдардың ортасы мен екінші жартысында КСРО-да, соның ішіңде Қазақстаңда да жүргізілген қайта құрулар сол кездегі қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындаған еді. Сол кезеңде біліне бастаған дағдарыс экономиканы да, ішкі және сыртқы саясатты да, мәдениетті, рухани саланы да қамтыды. Ауыл шаруашылығы кұлдырай бастады, көрсеткіштер төмендеді, ізденіс (инициатива) үнемі басылып тасталып отырды. Сондықтан, қайта құрулар өзінің объективті және субъективті жағынан экономиканы баскарудағы әкімшіл-әміршіл жүйені жаңғырта алмады. 1950-жылдардың екінші жартысында қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтыған жаңару процестері бірінші кезекте партия қызметінің демократиялық негіздерін калпына келтірді. КОКП-нын XX съезі қоғамдық ой еркіндігін туғызды, жеке басқа табынушылықты айыптап, қоғамды кеңінен демократияландыруға қадам жасады. 1950-жылдары қайта құру барысында ұйымдық құрылымдық мәндегі өзгерістерге көп кеңіл бөлінді. Мұндай бағыт кей жағдайда өз-өзін ақтап, өзіндік нәтиже де берді. Ал, кей кездерде бірқатар шаралар кері әсер беріп, мақсатына жете алмады. Мәселен, халық шаруашылығының кеңестерін құру, тың және тыңайған жерлерді игеру, МТС-тарды кайта құру сияқты шаралар. Бірі саяси және шаруашылық басқару жүйесінде қиыншылыққа әкелсе, енді бірі - кейіннен экологиялық, демографиялық және ұлтаралық шиеленістерге, үшіншісі - ұжымшарлардың әлсіреп, онда істейтін адамдардың еңбек ақыларының төмендеуіне әкеп соқты. Барлық экономикалық қайта құруларды жүзеге асыруда таза саяси әдіс-тәсілдер үстем болды. Яғни, көпшілік шаралар қайшылыққа толы және аяғына дейін ойластырылмаған болып шықты. Жаңару шараларын іске асырудын нақты жолдары көрсетілмегендіктен, 1950-жылдардағы реформалардың сәтсіздіктері болды.

Ұжымшарларға меншікті өмірлік пайдалануға берілген жер тың көтеру кезінде қайтадан мемлекеттендірілді. 1954-1955 жылдары 19 миллионнан астам жер жыртылып, астықты алқапқа айналдырылды. Әскери полигондарға қазақ жерінің көлемі 18,3 млн гектары алынды [53]. Семей, Ембі, Нарын, Маңгыстау өңірінде ядролық қаруларды сынау жүзеге асырылды.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)