Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

1946-1960 жылдары жеңіл өнеркәсіптегі жұмысшылар саны 72 мың адамға (3 еседей) 2,9%-ға, тамақ өнеркәсібінде 47 мың адамға (2,2 есе) өсті. Өндірістік қажеттілікке сәйкес әрбір саладағы жұмысшылардың саны өзгеріп отырды. Ең алдымен, машина жасау және металл өндеу, одан кейін жеңіл және тамақ өнеркәсібі жұмысшыларының саны әрдайым өсу үстіңде болғанын айту керек.             

1939-1959 жылдардағы санақтар бойынша, өнеркәсіптің жекелеген салаларындағы жұмысшылардың  ұлттық құрамында болған өзгерістерге тоқталайық (8-қосымшаны қараңыз). 1939 жыды тау-кен өнеркәсібіңдегі жұмысшылардың саны 28789 адам болса, 1959 жылы 225%-ға өсіп,  64767-ге жетті.  Ал, қазақтардың  саны   1939 жылғы 11075  адамнан  (38%)  1959 жылы 8924 адамға (13,7%) түсіп, саны да, үлесі де төмендеді, 1959 жылы 1939 жылғы керсеткішінің 81%-на ғана жетті. Ал, орыс ұлты өкілдері 13380 адамнан (46%) 32840 адамға (50,7%) өсіп, 19460 адамға немесе 245%-ға көбейген.             

Машина жасау және металл өңдеу саласында саны 78039 адамнан 274270 адамға көтеріліп, 196231 адамға (351%-ға) өскен, соның ішінде қазақтар, 14593-дан (18,6%) 21526-ға (7,8%), яғни 6933 адамға (148%-ға) өскен. Бірак, үлесі 10,8 пункте төмендеген. Орыстар саны 45656 адамнан (58,5%) 171051 (62%) адамға жетіп, 125395 адамға (375%) өскен. Үлестік мөлшері 3,5 пунктке көтерілген. Саны жағынан жұмысшылар қатарындағы орыс ұлты өкілдері қазақтардан 1939 жылы 3,1 есе көп болса, 1959 жылы 7,9 есе артық болды. Қазақ жұмысшылары саны жағынан орыс, украин ұлттары өкілдерінен кейінгі үшінші орында болды. 20 жылда украиндар, 11079-дан (14,1%), 29510-ға (10,7%) немесе 1843 адамға (266%) өскен. Өнеркәсіптің басқа салаларындағы жұмысшылардың ұлттық құрамындағы өзгеріс үрдістері ұқсас болды. Өнеркәсіптің негізгі салалары бойынша  жұмысшылар  құрамындағы қазақтар үлесі 1939-1959 жылдар аралығында тұрақты кемуде болды, ал, орыс, украин, татар ұлттарының өкілдері керісінше, абсолюттік саны мен үлестік мөлшері жағынан өсу үрдісін көрсетті.

Қазақстан жұмысшылары, негізінен, ірі кәсіпорындарда шоғырланды. 1950 жыл 5 мамыр күнгі есеп бойынша, темір рудасын өңдіру саласын қоспағанда, қара металлургиядағы 4005 жұмысшы 2 кәсіпорында жинақталды. Сондай-ак, түрлі-түсті металлургия саласындағы жұмысшылардың 92,9%-ы 7 кәсіпорыңда шоғырлаңды. Олардың 34,9%-ы 4 кәсіпорында, 29,9%-ы 2 ірі кәсіпорында еңбек етті. Түрлі-түсті металлургияның жекелеген кәсіпорындары жұмысшыларының шоғырлануы бүкіл Қазақстан өнеркәсібіндегі деңгейден едәуір жоғары болды. Мысалы, мыс рудасын өндіру саласында жұмысшылардың 94,2%-ы 3 кәсіпорыңда шоғырлаңды. Сол сияқты, машина жасау өнеркәсібіңдегі жұмысшылардың 84,6% 17 зауытта жұмыс істеді. Мақта-мата өнеркәсібіндегі жұмысшылардың 88,9% және тігін өнеркәсібі жұмысшыларының 68,2%-ы 500-1000 аралығында адамдары бар кәсіпорындарда еңбектенді. Ұсақ кәсіпорындар сан жағынан көп болғанымен, оларда барлық жұмысшылардың 8,1% -ы ғана еңбек етті. Республика жұмысшы табының ірі топтарын құрайтын транспорт пен құрылыс жұмысшыларының саныңда да үлкен өзгерістер болды. 1960 жылы транспорттағы жұмысшылар саны соғысқа дейін көрсеткіштен үш еседен аса өсті.

Зерттелініп отырған кезеңде халық шаруашылығының барлық салаларында жұмысшылардың саны ұдайы өсуде болды. 8-ші қосымшадан көретініміздей, негізгі өнеркәсіп салаларындағы жұмысшылардың ұлттық құрамындағы қазақстар мөлшері сан жағынан өскенімен, үлесі жағынан кемуде болды, ал, көші-қон негізінде келген орыс, украин және татарлар сан жағынан да, үлестік мөлшері жағынан да өсу үрдісін көрсетті.

              Қоғамдық өндірісте қамтылған тұрғындар құрамындағы жұмысшылар үлесінің өсуі басқа әлеуметтік топтар мен олардың бөліктерінің бірінің баяу өсуі мен бірінің кемуі арқылы да жүзеге асты. Мысалы, 1939-1959 жылдары халық шаруашылығындағы жұмысшылардың үлесі 24,6%-ға, қызметкерлердің үлесі  3,4%-ға  өсіп,   ұжымшаршылар  үлесі  26,8%-ға кеміді. Келесі санақта бұл көрсеткіштер 7,9 бен 3,5 және 11 болды. Жекеленген   шаруалар  мен  кооперацияланбаған  кустарлар 1939 жылы 1,3% болса, 1959 жылы 0,1% ғана есептеліп, 1970 жылғы  санақта тілті жоқ деп есептелінді.   1980-жылдары да жоққа таяу есептелінген социалистік емес әлеуметтік топтар 1990-жылдары  кооперативтер  мен  жеке   шаруашылықтар қызметкерлері деген  атпен  өз  жалғасын  тауып, егеменді Қазақстандағы жекешелендіру процесінің нәтижесінде «орта таптың» пайда болуына негіз болды.

Соғыстан кейінгі жылдарғы халықаралық жағдай ел ішіндегі бірінші кезектегі  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру мәселесін  шешумен  бірге елдің  экономикалық  потенциялын милитарландыру  саясатын  туғызды.  Жұмысшы  табының үлестік мөлшері өсе берді, оның толығу көздері жұмысшы табының өз ішіндегі демографиялық табиғи өсім, жекеше   табыс табатын шаруалар мен кәсіп иелері, кәсіптік-техникалық оқу  (КТО)  орыңдарының  түлектері, ұжымшаршылар және тағы басқалар болды. Қазақстан жұмысшыларының ауыл шаруашылығында еңбек еткен бөлігінің үлесі өнеркәсіп жұмысшыларына қарағанда жоғары болды.

Урбанизация ұжымшар шаруаларының санының кемуінің бірден-бір себебі емес. Ауыл халқының үлесі бүкіл халықтың жартысын құрағанымен,  ұжымшарлар үлесінің 20,7%-дан аспауының басты себебі - кеңшарлар қатарының күрт өсуінен. 1954 жылдан тың және тыңайған жерлерді игеру кезіңдегі кеңшарлардың пайда болуы, 1956-1957 жылдары жүргізілген ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру республикадан жұмысшы табының аграрлық отрядының санын өсірді. 1950-жылдары экономикалық әлсіз ұжымшарларды кеңшарларға айналдырғанда, ұжымшар мүшелері тұратын мекен-жайын ауыстырмай-ақ, жұмысшылар болып есептеле бастады. Бұл жұмысшылар мен ұжымшаршылардың сандық пропорциясына шүғыл өзгерістер әкелді. Егер,  1940 жылы ауыл шаруашылығындағы кеңшарлар мен т.б. мемлекеттік қосалқы мекемелердегі жұмысшылардың саны бар болғаны 5,7% болса, 1955 жылы 17,5%-ға, ал 1960 жылы 22,2%-ға жетгі. 1945-1965 жыддар аралығында жұмысшылар мен қызметкерлердің ауыл шаруашылығыңдағы үлесінің көрсеткіштері төмендегідей болды: 1945 жылы - 197,7 мың, 1950 жылы - 224,3 мың, 1955 жылы - 520,9 мың, 1960 жылы -661,5 мың және 1965 жылы - 1031,6 мың адам. Яғни, 1945 - 1965 жылдар арасында  олардың саны 5,2 есе өскен. Қазақстан соғысқа дейін индустриалды-аграрлы елге айналды. Дегенмен Ұлы Отан соғысына дейін небәрі төрт механикалық жөндеу кәсіпорнын есепке алмасақ, Қазақстанда бірде-бір машина жасайтын  зауыт болмады.   1940 жылы жергілікті өнеркәсіптің 66  кәсіпорны   17,7   миллион   сомның   өнімін өндірді.  Осы кезде республика халқы тұтынатын тауарлардың 80-90% сырттан әкелінді.   Қазақстанда  өндірілмейтін ауыл шаруашылық бұйымдары  мен жиһаздары,  жанар-жағар май, сол сияқты көптеген қажетті материалдар басқа жерлерден тасымалданған. Тек,  1946 жылдан бастап республиканың жергілікті кәсіпорыңдары кейбір станоктарды, электр моторларын, электр араларын шығара бастады.

1920-жылдар мен  1930-жылдардың басында, өндіріс орындары жұмыс қолынан тапшылық көре бастағанда, жергілікті ұлт өкілдерін  ірі  кәсіпорындарға тарту жөнінде  шаралар белгіленген болатын. Осының нәтижесінде қазақтар республикадағы Ембімұнай, Қарсақпай металлургия зауыты, Қарағанды көмір бассейні,  Жезқазған,  Балқаш  мыс рудниктері  тәрізді өндіріс орындарыңдағы жұмысшылардың 50-70%-ын құраған болатын.  1938-39-жылдардағы репрессия, аштық қазақтардың 49 пайызын қырғынға ұшыратып,  әміршіл-әкімшіл жүйенің озбыр өктемдігі салдарынан ұлттық жұмысшы табын қалыптастыру процесі тежеліп, кейін халық санының артуына қарамастан бұл көрсеткіш құлдырап кеткен. Сонымен бірге, республикадағы еңбек ресурстары халық шаруашылығы салалары бойынша реттелініп отырылмады,  жұмыс күші экстенсивті түрде өсірілді.  1930-жылдардың ортасынан бастап жұмысшылардың  ұлттық тобын  жергілікгі  тұрғындардан дайындау мәселесіне немқұрайлық танытылып, қалаларда қазақ түрғындарын көбейтуге деген көзқарас төмендей бастады.  Соғыстан кейінгі жылдары өнеркесіп пен ауыл шарушылығыңдағы даму қарқыны республикаға  КСРО-ның  басқа  техникалық және экономикалық дамуы  жағынан алдыңғы қатарлы аудандарынан келген жұмыс күшінің арқасында жүзеге асырылды. Республиканың өз ішіңдегі жұмыс күші жеткілікті бағаланбады, ал, ол еңбек ресурсының демографиялық және мәдени-техникалық қажеттілігін толықтыра алар еді.

Сонымен, 1939-1959 жылдары халық шаруашылығында еңбек ететіндер ішіндегі қазақтар сан жағынан да, үлесі жөнінен де кеміді: 957321-ден (39,3%) 921462-ге (24,7%) түсіп, саны 35859 адамға, үлесі 14,6 пунктке төмендеген. Керісінше, халық шаруашылығының барлық салаларында  қызмет ететін орыс ұлтының өкілдері: 1939 жылы 923482 адам 37,9% үлеске ие болса, 1959 жылы 1709295 адам 45,8%-ға  ие болып, саны 2 есеге жуық өсті. 1939 жылы қазақтардың саны  33839 адамға орыстардан көбірек болса, 1959 жылы халық шаруашылығында еңбек ететін орыс ұлты өкілдерінің саны 787833-ке (1,8 есе) артық болды. Сондай-ақ, 1939 жылы дене еңбегімен айналысатын адамдардың жалпы санының 42,8% қазақтар болса, 1959 жылы олардың үлесі 26%-ға түскен. Ал, орыс ұлты өкілдерінің үлесі, жылдарға сәйкес, 34,7%-дан 42,4%-ға өскен.             

Жекелеген өнеркәсіп салаларына келсек, 1939 жылғы 28789 адамнан   (оның   11075  адамы   қазақ  (38,4%),   13380-ы  орыс (46,4%) 1959 жылы 64767 адамға өсті. Екі санақ аралығында қазақтар үлесі 8924 адамға кеміп (13,7%), орыс ұлты өкілдері 32840  адамға  өсті  (50,7%);   орыс жұмысшыларының саны  қазақ жұмысшыларынан 3,6 есе көп болды.

1939-1959 жылдар санақтары республикадағы жұмысшы табының ұлттық құрылымында қазақтардың аз мөлшерде екен көрсетеді.  1939 жылы республккадағы жұмысшылар құрамындағы орыс  ұлтының өкілдері  қазақтардан  2  есе  көп болса (жұмысшылардың әрбір екіншісі орыс, әрбір төртіншісі қазақ) 1959 жылы бұл айырмашылық 3,6 есеге жетті, жұмысшылардың әрбір екіншісі орыс, алтыншысы немесе жетіншісі ғана қазақ ұлтынан болды.  Қазақтар, негізінен, ауыр қол еңбегін керек ететін  үш  салада: жеңіл,  тамақ өнеркәсібі  мен құрылыста негізінен, мамандықты, білімді аз қажет ететін ауыр жұмысқа бейімделген өнеркәсіп салаларында шоғырланды.

1939-1959 жыддар аралығыңда қазақ жұмысшылары жылына орта есеппен 0,9%-ға қана өсіп отырған, салыстырмалы түрде көрсетсек, орыс ұлты өкілдері жылына 5,3%-ға өсті. Мәліметтерге сүйенсек, 1939-1959 жылдар аралығыңда Қазақстанның халық шаруашылығының барлық салаларында жылына орта есеппен 646905 адам жұмысшы қатарына қосылып отырған болса, қазақ жұмысшыларының саны жылына 1793 адамға кеміп отырған; керісінше, орыс ұлты өкілдерінің жұмысшылар қатарыңдағы саны жылына 39290 адамға өсіп отырды.

1939-1959  жылдардағы   Қазақстан  жұмысшыларының ұлттық құрамына тән ерекшеліктерге келсек, негізінен ауыр индустрия мен транспорт және басқа да өнеркәсіп салаларында республикадан тысқары жерден әкелінген жұмысшылар мен жергілікті орыс, украин, белорус ұлттары жұмысшыларының саны басым түсті де, жергілікті қазақ ұлтынан маман даярлауға екінші кезекте мән берілді. Жергілікті ұлт өкілдерінен жұмысшы табын толықтыру процесіне бұл кезеңде немқұрайлықпен    қаралды. Бұл мәселенің шешілуіне одақтық мүддені көздеген министрліктер мен мекемелер басшылығы кедергі болды.  1939-1959 жылдар аралығында еңбек қолы жеткілікті аудандарға сырттан адам әкелу тәжірибесі кең қолданылды.

1939-1959 жылдары жұмысшы табы ішіндегі қазақтардын үлесі қомақты болған салаларға келсек, құрылыс пен өнеркәсібінің бірқатар салаларында 25%-ға өсті. Қазақ жұмысшылары ауыл еңбеккерлері арасында көп кездесті. Ал, калаларда қазақ жұмысшылары көбінесе төменгі біліктілікті, ауыр қол еңбегін қажет ететін, төменгі ақы төленетін салаларда қолданылған, олардың әлеуметтік-мамандықты статусы төмен болды. Мұның өзі әміршіл-әкімшіл жүйенің озбырлық өктемдігі салдарының өндіріс орындарына жергілікті ұлт өкілдерін тарту мен  ұлттық жұмысшы табын қалыптастырудың 1930-жылдардың екінші жартысынан бастап тежелгендігін, халық санының өсуіне қарамастан бұл көрсеткіштің  құлдырау  бағытында жүргенінің нәтижесі. Тек, 1979 жылдан бастап республикада ұлттық мамандар даярлауға көңіл бөліне бастады. Орыс-қазақ ұлттарының тепе-теңдігіне бағытталған процесс басталғанымен, 1992 жылғы  мағлұмат бойынша әрбір бесінші жұмысшы ғана қазақ,  әрбір екіншісі орыс ұлтынан болды.

Соғыстан  кейінгі  жылдардағы  жұмысшы  табының  ішкі құрылымдық жіктелісі өмірде сезілгенімен, зерттеулерде ашық көрсетілген жоқ. Алайда, статистикалық және соған қатысты партиялық-мемлекеттік органдар өнеркәсіп пен халық шаруашылығының кейбір  салалары  бойынша  көптеген әлеуметтік және қызметтік топтардың кірістері  мен шығыстарынының көлемін,  қоғамдық  игіліктерді  пайдаланудағы  мүмкіндіктерін зергтеу әрекеттерін жасады. Мысалы,  1952-1970 жылдар ара-лығында КСРО Министрлер Кеңесінің 1951 жылғы 3-қарашадағы  Қаулысына сәйкес,  Орталық  Статистикалық  Басқарма (ОСБ) жүргізген зерттеу жұмыстары социалистік қоғамдағы ресми таптардың ішкі стратификациялық құрылымын анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік және қызметтік топтарды негізгі көрсеткіштің бірі қоғамдық байлықтан алатын үлес мөлшері (еңбегіне ақы) мен оны қамтамасыз ете алу мүмкіндігі, сол сияқты таптың  пайда болуының экономикалық негізі - еңбектің қоғамдық бөлініске байланысына қарай өзгешелік-айырмашылықтарын бөліп қарастырайық.

Әлеуметтік таптар мен топтардың ішкі жіктелісі олардың отбасыларындағы бюджеттік кіріс және шығыс мөлшерін есептеген мағлүматтан айқын көрінеді. Орталық Статистикалық Басқарма (ОСБ)  1952 жылдан бастап Қазақ КСР-нда Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшылар мен қызметкерлердің отбасыларының бюджетін  зерттей  бастады. 1952 жылы жұмысшылар,  инженер-техника қызметкерлерінің 650 шаруашылығы зерттелінді. Соның ішінде, жұмысшы табының ішкі жітелісін көрсететін біліктілікті стахановшылар деп аталатын,  сондай-ақ,  біліктілікті және төменгі біліктілікті жұмысшылар деп аталатын топтар отбасыларының бюджеттері зерттелінді. Қызметкерлер тобынан инженер-техник қызметкерлері мен басшылар тобына жататын қызметкерлер бөлек зерттелінді. Сондай-ақ, интеллигенция тобынан қала мен ауылда тұратын мұгалімдер мен медицина қызметкерлері отбасыларының бюджеттері зерттелінді .

Зерттелген отбасындағы жұмыс істемейтін мүшелерінің 67,2% мекгеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер,  8,4%-ы қарт кісілер, 1,2%-ы жұмысқа жарамды ер адамддр мен 23,2% үй шаруасыңдағы 18-49 жас аралығындағы әйелдер. Отбасы мүшелерінің мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық және тағы басқа ұйымдардағы жұмысқа тартылуы орта біліктілікті және жоғары ақы төленетін стахановшыларға қарағанда біліктілігі төмен жұмысшылардың отбасы мүшелерінде жоғары болды.

1952-1970 жылдар дейінгі арасында КСРО ОСБ және республикалық Статистикалық Басқармалар тарапынан жұмысшылардың өмір сүру дәрежесінің деңгейін зерттеу мақсатында халық шаруашылығының бірқатар салаларындағы, негізінен өнеркәсіптегі жұмысшылар мен қызметкерлердің кірісі мен шығысы туралы мәліметтер алынды. Әрбір өнеркәсіп саласындағы жұмысшылардың белгілі бір бөлігінің зерттеліп, олардың көрсеткіштері мен сол салалардағы жалпы жұмысшылардың  зерттеу өлшемдерімен салыстырылуы бірқатар тұжырымдарға жол ашары сөзсіз. Алайда, өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа салаларындағы барлық әлеуметтік және көсіптік топтардың кірісі мен шығысын және тұрмыстық дәрежесін анықтау үшін, бұл мағлұматтар аздық етеді. Өнеркәсіптің көпшілік салаларындағы жұмысшылардың, инженер-техник қызметкерлердің, басқару органдары аппараттарыңдағылар мен ғылыми қызметкерлердің отбасылық бюджетінің зерттелмегені анық, сондықтан қолда бар мағлүматқа сүйенеміз.

Айта кететін жайт, статистикалық оргаңдардың өз бетінше республикалық, облыстық, аудандық партия комитеттерінің номенклатуралық кадрларының жалақыларының мөлшері туралы мәлімет жинауға құқығы болмады. Статоргандар, әдетте, бұндай мәліметті алу елдің халық шаруашылығының жылдық жалақы қорының жалпы мөлшерін белгілеу қажеттітіне байланыстылығын, алынған мәліметтердің жалпыға жария болмайтындығын делелдеп, КП ОК-не арнайы хат жазатын. Рұқсат алғаннан соң ғана қысқаша мәлімет алатын.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)