Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

Ұлы Отан соғысы республиканың демографиялық тарихында өшпес із қалдырды. 1941 жылы есептегі арнайы қоныстанушылар мен эвакуацияларды қосқанда 7,6 миллион (қоспағанда 6425 мың) болған республика халқының 1366 мыңы Отанды қорғауға аттанды. Оның 330 мыңдайы өліп, 271 мыңы хабарсыз кетті, барлығы 601 мың адам тікелей шығын болды Жанама шығынмен қосқанда барлығы 1202 мың адам шығын болды. Соның ішіндегі қазақтардан тікелей 153,9 мың, жанамалай 172,1 мың, барлығы 326,0 мың адам шығын болды [45]. Соғыс шығыны ашаршылықтың демографиялық зардабындай бола қойған жоқ. Соғыста негізінен еркек кіндіктілер өліп, ал, өсім беретін әйелдер мен балалар аман қалса, ашаршылықта, керісінше, жеткіншек жас ұрпақ көп қырылып, ал, бала туатын әйелдер саны қатты шығынға ұшыраған. Соңдықтан, соғыстың сандық тура шығыны ашаршылықтың тура адам шығынынан 6 есе кем болса, ал, жанама адам шығындары тіпті 10 есеге жеңілдеу болды. Халқымыз соғыстың адам шығынын 12 жылда толтырса (1953 жылы соғысқа дейінгі деңгейге көтерілді), ашаршылық әкелген олқылықтарды 40 жылда әрең толтырды.

Туу керсеткіштеріне келсек, соғыс жылдарыңда республика халқының туу мүмкіндігі жойылған жанама адам шығыны 592 мың адам болды, соғыс майдандарында, тұтқында, госпиталдарда өлгені, хабар-ошарсыз кеткені т.б. бар, тура шығыны 601 мың адам болды. Батыс Қазақстанда бейбіт халық арасынан 300 адам өлген, барлығы 1939-1945 жылдар арасында Қазақстан 1202 мың адамынан айрылған. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Алматы қаласынан адам шығыны кен болған. Сонымен бірге, 1920 жылдардан бері республикада репрессияланғандардың 30-33% соғыс жылдарына сай келеді.

Сонымен, 1939-1946 жылдар аралығында туу керсеткіштері мен өлім-жітім деңгейі төмендеді. Соның нәтижесінде, осы кезеңде халықтың жалпы санында кему үрдісі басымдылық танытты [46].

Екінші кезең 1946-1951 жылдардағы, халықтың соғыстан кейінгі бүлінген, титықтаған қала мен ауылды, халық шаруашылығын қалпына келтіру, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін арттыру шараларын жүргізу кезеңіндегі этнодемографиялық процестерді қамтиды.

Бұл кезде Қазақстан халқының (тұтастай алғанда КСРО халқының) экономикалық, әлеуметтік-этнодемографиялық дамуында социалистік, тоталитарлық катынастар кең етек жайды. Соғыстан кейінгі жылдары елдің орталыққа бағынғаң; жоспарлы экономикасының тиімділігі туралы сенім тұрақтау: догмалық қасиетке ие болды. Соғыстағы жеңіс қоғамдық дамудың социалистік моделінін сөзсіз дұрыстығының дәлелі ретінде қарастырылды. Ал, сталиндік партиялық-мемлекеттік үгіт бұл ұғымды халықтың санасына сіңіріп, сол кезеңдегі қоғамдық қатынастарға бейімделген этнодемографиялық қатынастарды қалыптастырды.

1946-1951 жылдар - компенсаторлық кезең. Соғыстаң кейінгі отбасылардың бірігуі, бірінші және екінші кезектегі некеге тұру негізіндегі "некелесу науқаны" кезінде туу деңгейлері өсті, бірақ, өлім-жітім төмендемеді. Соғыстан кейін депортацияланғандар өз еліне қайтарыла бастады. 1946 жылдың 1 қаңтарында республикада 726 мың, 1947 жылдың 1 қаңтарыңда 426 мың арнайы жер аударылғандар есептелінді. (Арнайы жер аударылғандардын санының кемуі тек өз отанына қайтабастағанына ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы өлім-жітімнің де өскеңдігіне байланысты).

Сондай-ақ, бұл кезең репрессияның әлеуметтік топтарды түгел қамтыған, әсіресе, ұлттық интеллигенция өкілдеріне жаңа қарқынмен соққы болып тиген уақыты.

Қазақстан халқы 1946 жылш 5933,8 мыңнан 1951 жылы 6818 мыңға жетіп, 942 мыңға (15%-ға, жылына 188,4 мыңға) өсті. Тұрғындар саны қалада 494 мыңға (22%) өсіп, үлесі 2,5 пайызға көтерілсе, ауылда 385 мыңға (10%) өсіп, үлесі 2,5 пайызға төмендеді. Бұл кезеңнің соңына қарай республика өзінің соғыс уақытындағы адам шығынының орнын толтырып, соғысқа дейінгі көрсеткішіне қол жеткізді.

Үшінші кезеңді қамтитын, 1951-1959 жылдар аралығындағы 9 жыл ішінде өнеркәсіп орындарын салу, тың жерлерді игеру негізіңдегі көші-қондар қарқыны Қазақстандаға қазақтардың үлесін  1939 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмендетіп, 29,8%-ға түсірді.  Сол арқылы,  ХХ-ғасыр бойы жүргізілген қазақ халқы үлесінің кему үрдісі шегіне жеткізілді. Бұл - тоталитарлық жүйенің толық күшіне енген, экономиканың дамуын жеделдету, елді иңдустрияландыру, ауыл шаруашылығында реформа-эксперименттер легін жүргізу т.б.  шаралар негізінде жұмысшы табының жетекшілік рөлін көтеру және қазақстандық ингеллигенцияның қалыптасу кезеңі. Осы кезеңнің соңына қарай қазақ халқының 22-25%-дық өсімін берген 1960-1962 жылдардағы "демографиялық дүмпудің" негізі қалаңды.

1951-1959 жылдар арасында республикадағы тұрғындар саны 2476 мыңға (136,3%), немесе, жылына 309,5 мыңға өсіп, 1959 жылғы санақта 9294 мың болды. Ең көп өсім 1955—1956 жылдары байқалды: 591 мың адам қосылды. Бұл 1951 жылғы 90,8 мыңдық өсімге қарағанда 6,5 есе көп. Сонымен қатар халық санындағы өсім тың жерлерді игеруге келгеңдердің, сондай-ақ, 1955-1956 жылдары Қытайдан келген 240 мыңдық «кеңес азаматтарының» да есебінен деуге  болады.   1955 жылы "кеңес азаматтары" елдегі бүкіл халыктың 2,8% құрады.

Сонымен, 1939-1959 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон-белсенділігін туғызған әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудағы факторлар: тұтастай халықтарды күштеп жер аударулар, репрессиялар, Ұлы Отан соғысы мен соғыс кезіндегі мобилизация, эвакуация, соғыстан кейінгі демобилизация мен реэвакуация, шаруашылықты қалпына келтіру мен репатриация, тың және тыңайған жерлерді игеру мен елдің индустриалдық дамуын жеделдету және т.б. шаралары Қазақстан аумағын түгел қамтыды және халық құрамын терең өзгерістерге ұшыратты. Яғни, республиканың демографиялық дамуына әсер еткен сырткы факторлар барлық аймақтарға ортақ болып, халық саны динамикасына ерекше әсер етті. Бұл жылдары тұрғындар санының өсу қарқыны жөнінен Қазақстан КСРО-да тұрақты 1-орында болды (одақтық көрсеткіштен 7 есе артық). Қазақстан халқы 1939 жылғы 6394 мың адамнан 1959 жылы 9295 мың адамға көтеріліп, 2901 мың адамға (145,4%-ға) өскен.

1939-1959 жылдары республика тұрғындары жергілікті емес, сырттан келгендер есебінен өсті. 20 жыл ішінде қазақтардың саны 459,2 мың адамға (19,7%) ғана көбейсе, орыстар - 1336 мыңға (50,7%), украиндар - 84,2 мыңға (12,5%), татарлар - 85 мыңға (79%), өзбектер - 33 мыңға (32%), белорустар - 76 мыңға (3,4 есе), ұйғырлар - 24,4 мыңға (69%), басқа ұлттар - 311 мыңға (2,6 есе) өсті. 1939 жылы республикадағы неміс ұлты өкілдері 92 мың адам болса, 1959 жылы 660 мыңға жетті (7 есе көбейген). Осы мерзім ішінде әзірбайжандар 12 мыңнан 38 мыңға өсті, ал, Қиыр Шығыстағы еліне қайтуына байланысты корейлер 22 мыңға кеміп, бұрынғы санының 77%-ын құрады.

Республикада 1959 жылы 9294741 адам тұрды. Негізгі ірі этностардың арақатынасы төмендегідей болды: қазақтар - 2787 мың (29,8%), орыстар - 3942 мың (42,7%), украиндар -761 мың (8,2%) немістер - 660 мың (7,1%), татарлар - 192 мың (2,1%), өзбектер - 136 мың (1,5%), белорустар - 107 мың (1,2%), ұйғырлар - 60 мың (0,6%), корейлер - 74 мың (0,8%), әзірбайжандар - 38 мың (0,4%), тағы басқалары - 508 мың (5,5%) адам.

Халықтың республика  аумағындағы  орналасуы  біркелкі емес, бұл бір жағынан табиғи жағдайлардың әркелкілігіне байланысты болса, екінші жағынан жекелеген аудандардың шаруашылық құрылымдары мен дамуының тарихи факторларына байланысты. 1939 жылы 1 шаршы км. жердегі халықтың тығыздығы 2,2 адамнан келсе, 1959 жылы 3,4 адамнан келіген (1,5 есе өскен). Екі санақ мәліметі бойынша, Қазақстан халқы ең тығыз орналасқан Солтүстік Қазақстан (1939 жылы - 8,2; 1959 жылы - 11,1), Шығыс Қазақстан (жылдарғаі сәйкес, 4,5; 6,1) және Оңтүстік Қазақстан (4,5; 6,1); облыстары болды. Осы жылдары Қарағанды облысындағы 1 шаршы км жердегі тығыздық 1,0 адамнан 2,6 адамға ғана көбейсе, Қызылорда облысыңда 1,5 адамнан 1,4 адамға түскен. Халықтың орналасу тығыздығы жағынан сирек қоныстанған республикада Жезқазған (0,9; 1,4) және Маңғыстау (0,2; 0,2) облыстары болды [47]. Халықтын елді мекеңдердегі орналасуы да біркелкі болмаған және ол тарихи-табиғи жағдайларға байланысты болды. 1959 жылғы санақ бойынша, республикада 3445 елді мекендерде 5 адамнан ғана тұрса, 6234-іңде 10 адамға дейін тұрған, ал, 50 адамға дейін түрған елді мекендер саны 20289 болды (барлық елді мекендердің үштен екісі).

Қазақстан халқының ұлттық құрамыңдағы өзгерістерді, этностардың аймақтардың даму ерекшеліктері мен динамикасын 1939-1959 жылдар санақтары негізінде бес аймаққа бөліп қарастырамыз. 1939 жылы Қазақстан бойынша адамы ең аз Орталық аймақты (431 мың адам) Оңтүстік аймаққа (2424 мың адам) қарағаңда халық 5,6 есе аз қоныстанды. Екі санақ аралығыңда халық санының өсуі Батыс Қазақстаңда (6,7%) төмен болды. 20 жылда аймақ халқы 67 мыңға, соның ішіңде қазақтар - 1,9 мыңға, орыстар - 37 мыңға, немістер - 26 мыңға өскен. Батыс Қазақстандағы халықтың өсімі бүкіл республикалық өсімнің 2,3%-ын ғана құрады. Аймақтың өз ішіндегі халық өсімін талдасақ, онда қазақтардың өсімі (2,8%) аймақ қарқынымен деңгейлес, төмен болғандығын, орыстар (55%), немістер (38,8%) мен татарлардың (7,4%) өсімі анағұрлым жоғары болғанын көреміз.

1959 жылы Орталық Қазақстандағы тұрғындардың саны (1022 мың) Батыс аймаққа қарағаңда (1070 мың) төмен болғанымен, халық санының өсуі бойынша республикада жоғары қарқынды көрсетті. Соғыс кезінде Орталық Қазақстанға көшіп-қонушылар саны 1930-жылдармен салыстырғанда 2 есе көп бодды. Ерекше, 1941 жылдың өзінде-ақ мұнда 51239 адам келді. Көші-қондағы оң айырымның (35539 адам) арқасында аймақ халқы 1940 жылмен салыстырғаңда 1941 жылы 12,1%- ға өссе (республикадағы тұрғындар саны бұл жылдары, тиісінше, 5,3% және 11%-ға өскен). 1941-1945 жылдар аралығында аймаққа 150213 адам келген. Олардың 131298 адамы қалаларға (барлық көшіп-қонушылардың 87,4%-ы), 18415 адам (12,6%) ауылдық жерлерге қоныстанды. [48].

Бұдан кейінгі жылдары да көшіп келушілер легі толасталған жоқ. 1940-1959 жылдар аралығында Орталық Қазақстанға 682084 адам келсе, 333301 адам кетіп, 345813 адамға өсім болды. 1946-1950 жылдары Орталық Қазақстаңдағы көшіп-қонушылар өсімі 166756 адамдық оң айырым құрады. Олар негізінен калаларға қоныстанды. Аймақтағы қала халқының үлесі 78%-ға көтерілді. Аймақ республикадағы ең урбанизацияланған өлке болды.

1939-1959 жылдар санақтарын салыстыру Қазақстандағы жоғарғы өсімнің Орталық аймақта болғанын көрсетеді. 1959 жылы Орталық Қазақстан халық санының мөлшері бойынша республикада соңғы орыңда болғанымен, 20 жылдағы өсу қаркыны жөнінен республикадағы ең жоғары көрсеткішке (237%) ие болды. Осы кезде индустрияландыру қарқынды жүргізілген, тұтастай "қылмысты" халықтардың лагеріне айналған Орталық Қазақстан халқы 591 мың адамға немесе 237%-ға көбейді. 1939 жылы мұнда еліміздегі барлық тұрғындардың 6,7% тұрса, 1959 жылы 11%-ы мекендеп, үлесі 4,3 пунктке өсті. Орталық Қазақстанға аймақтың индустриясы жоғары қарқынмен дамыту талабына сәйкес еліміздің түпкір-түпкірінен келген адамдардың үлкен топтары шоғырланды. Әсіресе, Қарағанды және Жезқазған облысыңдағы халық саны 2,4 еседей өсті. Аймақтағы қазақтар саны 59 мыңға (43,3%) ғана көтерілгенде, орыстар - 283 мыңға (2,4 есе), немістер - 96 мыңға (7,4 есе), татарлар -19,6 мың адамға (4,3 есе), белорустар - 4,3 есе, украиңдар - 56 мыңға (2,3 есе) өсті. Тұрғылықты халықтың өсу қарқыны республикалық көрсеткіштен 2,2 есе көп болғанымен, аймақ халқының 19,1%-ы ғана болып (1939 жылы 32,6% болатын), өсу қарқыны бойынша да аймақта ең төменгі деңгейді көрсетті. Аймақтағы өсімнің 10%-ын қазақтар, 51,3%-ын орыстар, 9,5%-ын украиндар мен немістер, 6,0%-ын белорустар мен татарлар берді.

Шығыс Қазақстанның 1939 жылғы 917 мың халқы 20 жылда 338 мың адамға немесе 36,8%-ға өсіп, 1959 жылы 1255 мың адам болды. 1939 жылы республика халқының 14,3% Шығыс өлкені мекендесе, 1959 жылы мұндағы тұрғындар Қазақстан халқының 13,5%-ын құрап, үлесі 0,8 пунктке төмендеді. Аймақ республика халқының жалпы өсімінің 11,7%-ын берді. Соның ішінде, ең көп үлес орыстарға (59,2%), қазақтарға (21,6%), және немістерге (17,0%), тиесілі болды. Механикалық өсім табиғи өсімнен жоғары. Ең көп өскен (8,2 есе) немістер. Ал, 
украиндар 37,5%-ға кеміді, алайда, бұл 36,8%-ға өсім берген аймақ тұрғындардың жалпы динамикасында сезілмеді. Этностар ішіңде қазақтардың өсу қарқыны төмен болды: 20 жыл ішінде 73 мыңға өсіп (аймақ халқы өсімінің 21,6%-ы), үлесі 27,6%-дан 25,9%-ға төмендеп, 1,7 пунктке түсті. Шығыс Қазақстан тұрғындарының құрамындағы негізгі көпшілік — орыстардың жоғарғы үлесі 60,6%-дан 60,2%-ға түскенімен, саны 200 мыңға өсіп, аймақ халқы өсімінің 59,2%-ын берді. Ауыл қазақтары азшылық топқа айналып, орыс тілді ортада шашырап қалды.

Қарастырылып отырған мерзім ішінде Қазақстан бойынша халқы анагұрлым көп өскен солтүстіктегі облыстар болды. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны 1939 жылғы 1619 мыңнан 1959 жылы 2749 мыңға көтеріліп, 1130 мың адам 169,8%-ға өсті. Бұл аймақта 1939 жылы Қазақстан халқының 25,3% тұрса, 1959 жылы бұл көрсеткіш 4,3 пунктке өсті. Мұнда елдегі барлық адамдардың 29,6%-ы мекендеді. Салыстырар болсақ, республика бойынша халқы көп деп есептелінетін Оңтүстікті 1939 жылы 2424 мың, 1959 жылы 3199 мың адам, республика халқының жылдарға сәйкес, тиісінше, 38% мен 34,4%-ы мекендегенімен, үлесі 3,6 пунктке түскен. Ал, солтүстік облыстардағы механикалық өсімнің республикалық көрсеткіштегі үлесі 1952 жылы 2,3%, 1953 жылы 4,0% болса, 1954 жылдан бастап 31%, 1955 жылы 47%, 1951 жылы 49,9% болды. 1954-1955 жылдары тың жерлер игерілген аудандардағы халық өсімінің 61%-ы республика аралық көші-қон арқасында жүзеге асырылды. Осы жылдары Солтүстік Қазақстандағы 1 шаршы км жердегі халықтың тығыздығы 3,З-ден 6,8 адамға көтерілді. 1954 жылы мұндағы тұрғындар саны 104 мыңға, 1955 жылы 173 мыңға, немесе, 67%-ға есті. Осы жылдардағы тың өңіріндегі механикалық өсім 140,1 мың адамдық оң айырымды көрсетті. Солтүстік Қазақстан аймағы тың игерген жылдары 1939-1959 жылдар арасындағы бүкіл Қазақстандағы халық өсімінің ең жоғарғы деңгейін (39%) керсетті. Ал, өсу қарқынының ең төменгі деңгейі Оңтүстік аймақта байқалды: ол республикалық деңгейден 13,4%-ға, Орталық аймақтан 105%-ға, Солтүстік Қазақстаннан 37,8%-ға кем көрсеткішпен өсті. Екі санақ аралығында оңтүстіктегі тұрғындар саны 775 мыңға (32%-ға) өскенімен, республика халкының құрамындағы үлесі 3,6 пунктке түсті. Соған қарамастан, оңтүстік аймақ республика халқының 20 жылдағы өсімінен 27%-ын берді. Ал, Батыс Қазақстанда 20 жылда халық 6,3%-ға (67 мың адамға) ғана есті, бұл республикалық көрсеткіштен 8,3 есе, Орталық Қазақстандық көрсеткіштен 20,7 есе кем. Дегенмен, Батыста Орталық Қазақстаннан 48 мың адам артық халық тұрды.

1939-1945 жылдар аралығында Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігіңдегі тұрғындар санының өсу қарқынының басқа аймақтарға қарағаңда төмен болып, халықтың елеусіз түрде өсу себептерінің бірі сыртқы көші-қон процестерінің бұл аймақты терең қамтымағандығына, екінші соғыс аяқталғаннан кейінгі (1945-1946 жылдары) алғашқы кездегі демографиялық көрсеткіштерге байланысты болды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының басқа облыстарға қарағандағы соғыс майдандарында адамы көп өлді (94049 адам). Оған соғыс жылдарындағы тылдағы өлім-жітімді ескере отырып, туу керсеткіші мен туу мүмкіндігінің төмендеуін қоссақ, онда облыс халқының тек табиғи өсім негізінде ғана мардымсыз өскенін анықтаймыз. Батыс Қазақстан халқының соғыска дейінгі саны және т.б. демографиялык көрсеткіштері 1959 жылы ғана қалпына келтірілді.

Соғыстың "демографиялық жаңғырығы": жастық-жыныстық құрылымындағы, ауру мен уақытынан бұрын өлу, туу процестеріндегі диспропорция 1970 жылдардың аяғына дейін сезілді. Батыс аймақта халық 20 жылда 67 мың адамға, соның ішінде қазақтар 1,9 мын адамға (0,3%-ке) өсті (есімнің 2,8%). Жоғары өсімді көрсеткен орыстар (37 мың адамға, немесе, 22,3%-ға көтеріліп, өсімнің 55,2%-ын керсетті) мен немістер (26 мың адамға немесе, 15,6%-ға өсіп, халық өсімінің 38,8%-ын берді) болды. Саны да үлестік мөлшері де кеміген (4 мың адамға немесе 4%-ға) ұлт украиңдар болды.

Республика бойынша Оңтүстік Қазақстаңда ғана қазақтардың өсу қарқыны басқа аймақтарға қарағанда жоғары болып, халық жергілікті тұрғыңдардың табиғи өсімі есебінен толықтырылды. Аймақ халқының жалпы саны 13,7%-ға өскенде, қазақтар саны 23%-ға өсіп, өсімнің 86%-ын берді. Үлесі де (41,9%), саны да (1156 мың адам) басқа аймақтардан жоғары болды.

1939-1959 жылдар арасында көші-қон процесінде Солтүстік аймақта 24%, Оңтүстікте 15,6%, Орталықта 16,2%-дық оң айырым басым болса, Шығыс (-11,6%) пен Батыс (-26%), керісінше, ауылдық жерлерден тұрғындардың көптеп кетуіне байланысты теріс айырым көрсетті.

1960-1964 жылдары Қазақстанға көшіп келушілер болды, алайда, осы жылдардан бастап, халықтың өсу қарқыны да, оған көші-қонның әсері де төмендей берді. 1959-1970 жылдары 40%, 1970-1979 жылдары 12,9%, 1979-1989 жылдары 12,1% -дық ғана өсім байқалды. ғана өсім байқалды. КСРО ыдырап, тәуелсіз республикаларға бөлінгеннен соң, басқа ұлт өкілдерінің өздерінің тарихи отандарына қайтуы халық санының күрт кемуіне әкелді.

1939-1959 жылдардағы Қазақстан халқының дамуындағы ерекшелік – ауыл халқының үлес салмағы кему, ал қала халқынікі өсу үрдісінде болды. Республика халқы 1939-1941 жылдары 344 мың адамға өссе, 1941-1946 жылдары 491,2 мың адамға кеміген. Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО-ның батыс бөлігіндегі халықтың бір тобының өнеркәсіп орындарының контингенттерімен бірге Қазақстанға эвакуациялануы да майданға мобилизациялау негізінде кеміген адам санын толтыра алмады. 1946 жылдан соң халық өсу үрдісін бастады. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанның еңбек ресурсы тез қарқынмен толықтырылып отырды. Өндіріс орыңдарын эвакуациялау, жаулап алынған жерлерден адамдардың ағылып Қазақстан халқының құрамына өзіндік ықпал жасады. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңін қосқандағы 10 жыл ішінде (1941-1951 жылдар) тұрғындардың саны қалада 695 мыңға өссе, ауылда 307 мың адамға кеміген.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)