Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

              1980 –жылдардың ортасынан бастап, адамдардың социалистік емес деп аталатын топтардың жаңаша: кооперативтегі қызмет, жекеше еңбек ету т.б. атаулармен өз жалғасын тапты. 1991жылдың 1-қантарындағы есеп бойынша Қазақстан кооперативтерінде 217 мың адам еңбек етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1939-1959 жылдары Қазақстан халқы 6394 мыңнан мыңға көтеріліп, 2901 мың адамға (1,5 еседей, 51,1%-ға) соның ішінде қала халқы 23,8%-ға, ауыл халқы 17,7%-ға өсті. Ауыл тұрғандарының өсімі халықтың жалпы өсімінің 25% құрағанда, тың өлкесіндегі ауыл тұрғындарының саны 83% өсті. Қазақстан халқының екі санақ аралығындағы жалпы өсімінің 75% қала халқына тиесілі болды. 1959 жылғы сан бойынша республикада соғысқа дейінгі санынан 1,5 есе адам тұрды.

Екі санақ арасында Қазақстан халқының көп ұлттыдығы қалыптасып болды. Қазақстандағы 1939-1959 жылдардағы әлеуметтік-демографиялық жағдай, негізінен, екі ірі топтық этнодемографиялық паритетті қарым-қатынасын көрсетті Біріншісі - қала халқының басым көпішлігін құрайтын славян типтес халықтар (соның ішінде көпшілігі орыс ұлты өкілдері). Екіншісі - аграрлық секторда еңбек ететіндердің, соның ішінде отарлы мал шаруашылығымен айналысатындардың басым көпшілігі, негізінен қазақтар мен басқа да Орта Азия халықтарының өкілдерінен құралған топ.

Бұл кезеңде қазақ халқының саны мен үлесінің азаюын тереңдеткен көші-қонның жоспарлы және жоспарсыз түрі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуында шешуші өзгерістер енгізді. Патшалық Ресей кезінде басталған көші-қон процесі кеңес үкіметінің тоталитарлы жүйесі тұсында бірнеше түрде жалғасып, жергілікті халықтың үлесін төмендетіп, европалық, есіресе, орыс халқының үлесінің бірнеше есе артуына әкелді. Осы жылдар ішінде қазақ халкы өз жерінде үлесінің кемуінің ең төменгі шегіне жетті.

Экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық т.б. салаларда орыстандыру саясаты толық күшіне енді. Соның ішінде білім беру жүйесінде: 700-дей қазақ мектептері жабылды, жазу кириллица әріпіне көшірілді, негізгі мемлекеттік қарым-қатынас тілі орыс тілі болды. Әлеуметтік-мамандықты құрылымыз Қазақстанға келген көшіп-қонушылардың өкілдері республикадағы жоғарғы әкімшілік, әскери қызмет, идеологиялық т.б. мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен институттарда жетекші рөлге ие болды.

Өнеркәсіп орыңдарының шоғырлануына, мемлекеттік сұраныс пен географиялық орналасуына байланысты облыстард аймақтарға біріктіру негізінде олардың әлеуметтік-тұрмыс және мәдени инфрақұрылымы қалыптастырыла бастады.

Республика  халқының  қарастырылып  отырған  20 ішіңдегі айтарлықтай кемуі 1941—1945 жылдардан демографиялық апат кезеңіне тән болды. Бұл кезеңдегі республика халқы құрамының өзгерістеріне ерекше әсер еткен депортациялар, Ұлы Отан соғысы және соғысқа қатысты мобилизация мен демобилизация, стихиялы және реттеулі эвакуация мен реэвакуация, өнеркәсіп орындарын көшіруге, Еңбек армиясындағылардың ауыр еңбегіне және т.б. қатысты белсендірілген көші-қон болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында туудың азаюымен бірге өлім-жітім көрсеткіштері, халықтың табиғи өсімі төмендеді.

1946-1959 жылдар аралығында Қазақстан халқының экономикалық-әлеуметтік-мәдени дамуын қалпына келтіру шаралары жүзеге асырылды. 1951-1959 жылдар аралығындағы өнеркәсіп орындарын салу, тың жерлерді игеру негізінде жиілеген көші-қондар қазақтардың үлесін 1939 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмендетіп, 29,8%-ға түсірді. Сол арқылы ХХ-ғасыр бойы жүргізілген қазақ халқы үлесінің кему үрдісі шегіне жеткізілді.

Бұл - елдің қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс өнеркесібіне күрделі қаржының ерекше көп бөлініп, атом өндірісін қалыптастыру, атом қаруын сынақтан өткізу, оны іске асырып, КСРО-ның қуатты державаға, ҚазКСР территориясының сынақ алаңына айналу кезеңі. Қазақстан халқының биологиялық, экологиялық, денсаулық сақтау жағдайы жоғарыда керсетілген теріс көрсеткіштерге душар болды.

1946-1953 жылдар соғысқа дейінгі халық санын қалпына келтіру кезеңі болса, 1953 жылдан бастап, демографиялық дүмпу кезеңіне аяқ басты. Шарықтау шағы 1960-жылдарға сәйкес келеді. Бұл өзгерістер бүкіл Қазақстан халқына қатысты.

Тың және тыңайған жерлерді игеру шарасы халық құрамының полиэтникалык сипатын одан әрі күшейтті. Бұл процесс кезінде Қазақстан халқы 8%-ға өсті. Сонымен бірге, 1950 жылдары Қытайдан келушілер ішінде халықтың 2,8%-ын сұраған «кеңес азаматтарының» орны ерекше болды.

Сонымен бірге, бұл кезеңде Қазақстанның индустриалды-аграрлы елге айналуы күшейе түсті, ауылдағы негізгі әлеуметтік тап-жұмысшылар саны өсіп, ұжымшаршылар кемуде болды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында осы кезеңде жүргізілген реформа-эксперименттер ауыл халқының қалаға ағылу үрдісін тоқтата алмады.

1951-1959 жылдар аралығыңдағы ұжымшарларды ірілеңдіру кезінде орталық елді пункттерден шалғай орналасқан, халқы аз мөлшердегі  кейбір ауылдар жер жерде шашырап, техника мен жем-шөп т.б. жетіспеуінен әлсіреді. Қазақтың төрт түлік малынан бұрын, пайдасы көп деп есептеп,  шошқа  малын өсіру қолға  алынып,  кеңес өкіметі  тұсында  ғасырлар  бойына қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығын  жүргізу тәсілі өзгертілді.

Қазақстан халықтарындағы Ұлы Отан соғысынан компенсаторлық кезеңнен кейін (1946-1950 жылдар) этнодемографиялық көрсеткіштерде (туу, некеге тұру, өлім-жітім және т.б.) екі этнотүрге байланысты: славян типтес халықтарда да аз балалы, орта азиялык халықтарда көп балалы отбасылық қатынастар дамыды.

Халық санының динамикасы оның негізгі факторы - табиғи қозғалысқа тікелей қатысты. 1939-1941 жылдары табиғи қозғалыста туу көрсеткіші өсу үрдісін көрсетсе (жылына 256,6 мың адам),   1941-1945 жылдары 690,7 мың адам (жылдық көрсеткіш  138 адамға төмендеп, туылуға тиісті адам санынан 592 мың адам кем) туылды. Ерекше, І944 жылы 1940 жылмен салыстырғанда 3 есе кем бала дүниеге келді. Соғыстан кейінгі компенсаторлық кезеңде туу көрсеткшітері өсе бастады. 1946-1950 жылдары 774,6 мың адам, 1951-1955 жылдары 989,6 мың адам, 1956-1959 жылдары 1304,1 мың бала туылды. Яғни, 1945—1960 жылдар аралығында туу өсу үрдісін көрсетті. Қорыта айтқан да, туу деңгейі 1939-1945 жылдары кему, 1946-1959 жылдары өсу үрдісінде дамыды.

1951-1960 жылдары Қазақстан халқының құрамындағы ауыл тұрғындарының қалыптасуындағы өзгерістер: 1951-1955 жылдар ауыл халқының саны өссе, 1956-1960 жылдары кему үрдісін көрсетті.

Республиканың саяси репрессиядан аман қалған куштері мен жаңа идеологиялық бағытқа сай даярланған күштерінщ нәтижесінде интеллигенция тобының қалыптасуы жүзеге асырылды. 1940-1950 жылдары республика интеллигенциясының аграрлық тобы 2 есеге жуық өсті, 1939 жылы ауылдық жерлерде 170-187 мың, арада 20 жыл өткен соң 325 мыңдай адам ой еңбегімен айналысты.

Жаппай репрессия, депортация, жер аударулар, «халық жауы» ретіңде түрмеге жабу және т.б. жазалау әрекеттері арқасында, Қазақстан әскери қылмысы мен Отанын сатқаны үшін», «кеңестік жүйеге қарсы жау пиғылдағы адамдар» деген т.б. аттармен жер аударылғандар мен депортацияланғандар полигонына айналды. ІІХҚ есебінде Қазақстанда 1939 жылы 187137 мың адам болса, ішіңде арнайы қоныстандырылғандарының саны әрдайым өсуде болды: республикада 1946 жылғы қантарда 706051 адам, сол жылғы қазан айында 890698 адам, 1949 жылғы 1 қантарда 820165 адам, 1952 жылдың 1 есебінде 988373 адам тұтастай депортацияланған халықтар өмір сүрді. 1953 жылдан басталған саяси өзгерістер олар ерікті адам ретінде босатыла бастады. 1959 жылы арнайы жер аударылғандар есепте болды. Бұл жылдары депортация мен репрессиялық әрекеттері жалғасып, ұжымшарларды ірілендіру, ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру, тың және тыңайған жерлерді игеру және т.б. шаралардың жүргізілуі арқасында демографиялық дағдарыс жалғасты.

Қазақстанды мақта мен егін өнімдерінің шикізаты ареалына айналдыру мақсатында  Оңтүстік  Қазақстан  облысында Мырзашөлді игеру  кезеңіндегі  көші-қон  жүзеге  асырылып, Арал экологиясының бұзылуына әсер еткен ғарышты игеруге тиісті іс-шаралар басталды және  Семей полигонының негізі қаланды. Осы жылдары көші-қон  процесінің ядролық полигонның әсерінен пайда болған локальды, мәжбүрлі түрі қалыптасты   Психологиялық әсер - радиофобия сол аймақтама тұратын адамдардың тек бала тууды шектеп қана қоймай   адамдардың көшіп қонуындағы мінез құлқына әсер етіп, полигоннан  алыс  аймаққа жоспарлы және  жоспарлы  емес түрде көшіп кетуіне әкелді. Бұл республиканың экономикасы мен шаруашылықтарына, халықтың орналасу ерекшеліктеріне елеулі өзгеріс енгізді. Егер республика бойьшша ауыл халқы 1939-1959 жылдар аралығында  1,9%-ға өссе, ядролық поли-гондарға жақын аудандарда бұл көрсеткіш  2,7%-ға кеміген. Бұл  экологиялық  апат аймағы Арал  маңындағы  халықтың өміріне де қатысты. Радиациялық қауіп пен экологиялық зардап қорқынышы негізіңде республиқаішілік еріксіз көші-қон процесі жүрді: халық тұрған жерінен жоспарлы көшірілді немесе өз бетінше көшті. Семей облысының Абралы ауданынан, Атырау, Арал өңірлерінен көшкендер легі әлі де жалғасуда.

Қарастырылып отырған  кезеңде  адамдарды мемлекеттік меншікке бекіту мен жаңа өңдірістік қатынастарды қалыптастыруға негізделген үш лагерлі әлеуметтік-таптық құрылымды социалистік жүйе қалыптастырылды. Соғыстан кейінгі жылдары жүргізілген индустрияландыру процесі   жұмысшы табының жаңа отрядтарының пайда болуына әкелді.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен жеке мемлекет ретіңде дамуы - қазақ халқының тарихи-объективті дамуының табиғи нәтижесі, қазақ халқы өз тағдырын өзі шешу мүмкіңдігі мен қажеттілігіне өзі ие болуда. Мұның өзі ғасырлар бойы қазақ халқы басынан өткен қиын-қыстау жағдайлардан аман-есен өтіп, еліміздің өркениетті ел ретінде қарыштап дамуына мүмкіңдік беретін ішкі рухани күш-еркімізді сақтап қалғанымызды көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

 

1.      Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан, 2003 ж. 5-сәуір.; Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуі. Егеменді Қазақстан, 2003 ж. 5 мамыр.

2.      Бөкейхан А. Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи. Избранные. Алматы, 1995, С. 45-77.; Чокаев М. Туркестан под властью Советов (к характеристике диктатуры пролетариата). Алма-Ата, 1993; Тынышпаев М. История казахского народа. Алма-Ата, 1993.

3.      Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии (последняя треть XVIII - 60-е годы XIX в.). Москва, Наука, 1980, 252 с; Бекмаханова Н.Е. Многонациональное на-селение Казахстана и Киргизии в зпоху каіштализма (60-е годы XIX в. - 1917 г.). Москва, Наука, 1986, 242 с; Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана: численность, размещение, состав (1870— 1914).   Алма-Ата, Наука, 1991, 186 с.

4.      Абылхожин Ж.Б., Козыбаев М.К., Татимов М. Казахстанская трагедия // Вопросы истории. 1989. N 7.

5.      Проблемы труда и народонаселения в Казахстане. Сб. статей. Вьш. I. Алма-Ата, 1970, 175 с; Экономические аспекты воспроизводства населения    Киев, 1979, 170 с.

6.      Гендельман МА, Спектор М.Д., Томилин В.Ф. Социально-экономические и демографические особенности целинных сел // Труды ЦСХИ. Т. 12. Выл I. 1975, С 3-21.; Спектор МД. Проблема сельскохозяйственного расселения // Труды ЦСХИ. С. 31-35.; Демографические процессы на Урале, в Сибири, Среднея Азии и Казахстане ХІХ-ХХ вв. Тез. докл. и сообщений. Целиноград, 9-11 июля 1991, 116 с.

7.      Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие советского рабочего класса в Казахстане (1917-1940 гг.). Алма-Ата, Наука, 1966, 241 с.;' Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1945-1965 гг.). Алма-Ата, Наука, 1976, 272 с; Абишева Б.Н. Подъем культурно-технического уровня рабочего класса Казахстана (1959-1975 гг.). Алма-Ата, 1975, 317 с; Турсынбаев А.Б. Колхозное крестьянство Казахстана. Алма-Ата, Ғылым, 1960, 121 с; Тулепбаев Б.А Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстана. Москва, Наука, 1984, 256 с; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К.Н. История крестьянства Советского Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1985, 160 с; Балакаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Огечественной войны (1941-1945 гг.). Алма-Ата, Ғылым, 1971, 312с; Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осушествление в Казахстане. Алма-Ата, Ғылым, 1972, 415 с; Тастанов Ш.Ю. Казахская советская интеллигенция: проблемы становления и развития. Алма-Ата, Наука, 1975, 256 с; Абжанов X Сельская интеллигенция Казахстана в условиігх совершенствования социализма. Алма-Ата, Наука, 1988, 192 с. и др.

8.      Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие советского рабочего класса в Казахстаие (1917-1940 п). Алма-Ата, Наука, 1966, 241 с

9.      Баишев С.Б., Дахшлейгер Г.Ф. Социально-экономические итоги освоения целинных земель в Казахской ССР//Вопросы истории. 1975, № 2.

10. Турсынбаев А.Б. Колхозное крестьянство Казахстана. Алма-Ата, Ғылым, 1960, 121 с.

11. Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.Н. Социалистический путь кулътурного прогресса отсталых народов. Алма-Ата, Наука, 1967, 232 с.

12. Гладышева Е.Н. 0 взаимовлиянии мигранта национального состава населения (на материалах Казахстана) В кн: Статистика миграции населения. Москва, Статистика, 1973, 256 с.

13. Базанова Ф.Н. Формирование и развитие струкгуры населения Казахской ССР (национальный аспект). Алма-Ата, Казахстан, 1987, 152 с.

14. Абылхожин Ж.Б., Козыбаев М.К., Татимов М.Б. Казахстанская трагедия.//Вопросы истории. 1989, № 7. с. 53-71; История Казахстана: белые пятна. Алма-Ата, 1991; Қозыбаев М.К История и современность. Алма-Ага, Наука, 1991, 254 с; Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. Алма-Ата, 1992, 36 с. и др.

15. Боздақтар. Жинақтама том. Алматы, Қазақстан, 1995, 480 б.

16. Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 гг. В 2-х томах. Т. 1. Алма-Ата, 1964, 596 с; Т. 2. Алма-Ата, 1967, 527 с.

17. Жакупбеков С.К История легкой индустрии Казахстана (1917-1980 гг). Алма-Ата, Наука, 1984, 319 с.

18. История рабочего класса Советского Казахстана. Т. 1. Алма-Ата, Наука, 1987, 431 с; Т. 2. Алма-Ата, Наука, 1988, 451 с.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)