Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы.......................................................................................14
1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер................................................14
1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы...........22
1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ..........................................................................................................40
ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер .....................................................................................................................................46
2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі.................................46
2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы..............58
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 689.00 Кб (Скачать документ)

Жұмысшы табының өмір сүру деңгейін бейнелейтін мағлұматтар аз. 1939-1959 жылдардағы бұл көрсеткішті сипаттайтын деректер 1939 жылғы санақ пен жыл сайынғы статистикалық есеп оргаңдарында жинақталған КСРО бойынша (соньщ ішінде Қазақ КСР) өмір сүрудегі жұмысшы топтардың жалақысы, кіріс көздері, шығысы, материалдық байлықта алу, пайдалану мен қанша мөлшердегі ақшаны жарату мүмкіндігіне байланысты, нені сатып алды (қандай бағаға) және жұмысшылар, ұжымшаршылар мен қызметкердің кірісі мен шығысы туралы мағлұматтар болып табылады. Әсіресе, 1952 жылдан бастап бюджеттік мекемелер нақ осы көрсеткіштерге назар аудара бастады. КСРО бойынша, 1950-1960 жылдары КСРО ОСБ басшылығымен одақтық республикаларда 20-25 мың жұмысшылар мен қызметкерлердің обтасыларының, сол сияқты өнеркәсіп пен құрылыстағы 18 мың жұмысшылардың бюджеттері зерттелінді. Соның ішінде, Қазақстан бойынша, Қарағанды облысындағы өнеркәсіп орындарының жұмысшылары мен қызметкерлері туралы мағлұмат жиналды. Қарастырылған отбасылар құрамы орташа есеппен 3-4 адамнан тұрады. Соның ішінде, біліктілігі жоғары немесе орташа жұмысшылар отбасыларыңда 1-2 адам жұмыс істесе, 2-3  адам  кіріс  түсірмейтіндер (жұмыс  істемейтіндер) болды. Біліктілігі төмен жұмысшылар отбасыларының құрамы орташа есеппен 3-4 адамнан келеді. Кіріс кіргізбейтін мүшелері 1-2 адам (қалған бөлігі жұмыс істеуге мәжбүр). Біліктілігі жоғары жұмысшылар отбасыларында 1-2 адам жұмыс істеді. Себебі, әрбір отбасындағы жұмыс істеуші біліктілігі жоғары жұмысшыға төленетін жалақы мөлшері жоғары болғандығына байланысты 1-2 адамның табысы отбасы қажетіктерін қамтамасыз ете алды. Тек, тігін өнеркәсібінде ғана жоғары біліктілікті жұмысшылардың отбасыларында отбасы қажеттерін қамтамасыз ету үшін 1-2 адамның жалақысы жеткіліксіз болуына байланысты, қалған мүшелері де жұмыс істеуге мәжбүр: орташа есеппен 2-3 адам жұмыс істесе, кіріс түсірмейтіндері 1-2 адам болды.

Әрбір отбасының қажетін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық игіліктердің мөлшері бірдей деп есептейміз. Сонда, әлеуметтік топтардың әрқайсысының кіріс мөлшерінің әркелкілігіне байланысты материалдық игіліктерден алатын үлесі де әртүрлі, яғни өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен қоғамдық байлықтан алатын үлестерінің көрсеткіштері де әркелкі болып табылады. Бұл көрсеткіш соғыстан кейінгі жылдардағы мағлұматтар бойынша, біріншіден жұмысшылар топтарының қай өнеркәсіп саласыңда істегеніне, екіншіден, жұмысшы біліктілігінің дәрежесіне байланысты еңбегіне ақы төлеуге байланысты болды.

1952 жылы зерттелген жұмысшылар отбасыларыңда еңбек етпейтін, асыраудағы мүшелердің 67,2%-ы балалар мен мектеп жасындағы жасөспірімдер, 8,4%-ы қарт кісілер, 1,2%-ы еңбек етуге қабілетсіз еңбек жасындағы ер адамдар, ал, 23,2%-ы үй шаруасындағы 18-49 жас аралығындағы әйелдер екен.

Отбасы мүшелерінің жұмысқа тартылу көрсеткіштері төменгі біліктілікті жұмысшылардың отбасыларыңда жоғары да, біліктігі жоғары, әсіресе, стахановшы жұмысшылар отбасыларында төмен. Әрине, ол әрбір жұмысшының жалақы мөлшеріне сәйкес, отбасының шығыс бөлігін толық қамтамасыз етуге қажетті кіріс мөлшерін көбейту шараларына байланысты болды.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің әр жылдың қыркүйек айындағы орташа айлық жалақыларының динамикасы:   1940 жылы 316 сом, 1950 жылы 608 сом, 1954 жылы 678 сом, 1955 жылы 711 сом болып, 1940 жылмен салыстырғанда 1955 жылы 225%-ға өскен [60]. Өнеркәсіп жұмысшылары отбасыларыныңм кірісіндегі жалақы мөлшерінің біліктілігіне байланысты айырмашылықтарын ескерсек, мынадай қорытындылар шығады:

- Еңбеккерлердің барлық топтарының негізгі табыс көзі - біліктіліктеріне байланысты әркелкі деңгейдегі жалақы болып табылады.   Өнеркәсіптің  ауыр  салаларындағы  жалақы жеңіл өнеркәсіптегіге қарағанда   жоғары;

- Әрбір саланың өз ішінде де біліктілікке байланысты жалақы мөлшерлері өзгешеленеді. Стахановшы-жұмысшыларының жалақысы инженер-техник қызметкерлерінің жалақысынан да жоғары;

- Жалақы мен отбасы мүшелерінің баска кірістегі мөлшерлеріне байланысты, әрбір зерттелінген категориялардың мәдени-тұрмыстық жағдайы да әркелкі. Тұтыну мүмкіндіктері де әртүрлі дәрежеде. Отбасының кірісі төмендеген сайын отбасы мүшелерінің мәдени - тұрмыстық шараларға, тұтыну заттарын алуға арналған шығыс көлемі төмендей түседі.

Сонымен, өнеркәсіп жұмысшыларының ішкі құрылымдық бөліктері арасындағы жіктелістің екі көзі бар: а)Өнеркәсіп салаларының ерекшеліктеріне байланысты жұмысшылар еңбегіне ақы төлеудегі жіктеліс; б)Әр саладағы жұмысшыларды біліктілігіне байланысты ақы төлеудегі жіктеліс. Соның ішінде стахановшылар немесе жоғары ақы алатын жұмысшылар-жоғары біліктілікті, орта біліктілікті және төменгі біліктілікті жұмысшылар деген бөліктер бойынша ақы төлеу негізіндегі жіктелістің көрінісі. Яғни, жұмысшылардың таптық ерекшеліктеріне байланыссыз ұқсас артықшылығы мен ерекшеліктері, өзгешеліктері және т.б. ортақ көрсеткіштері бар ішкі жіктік топтары бар. Әлеуметтік құрылымды әлеуметтік таптық және мамандықтық құрылым қарым-қатынасында зерттеу кеңес дәуірінің өзіңде негізгі үш топтан өзгешеленетін топгар мен жіктердің болғандығын керсетті.

 

2.2   Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы

 

Кеңес дәуірінің  әлеуметтік  құрлымыңдағы  ірі тап ұжымшаршылар мен кооперацияланған шаруалар болып табылады. Қарастырылып  отырған  кезеңдегі өзгерістерге  келсек, 1940-1950 жылдар аралығында ұжымшаршылар санында біршама тұрақтылық байқалғанымен, 1950-жылдары жүргізілген ұжымшарларды ірілендір, ұжымшаршыларды кеңшаршыларға айналдыру, тың және тыңайған жерлерді игеру шараларының нәтижесінде олардың абсолюттік саны мен үлестік мөлшері кеміп кетті. 1939 жылы ұжымшаршылар Қазақстандағы халықтың 47,5%-ы болса, 1959 жылы 20,7%,  1960 жылы 19,97%-ға төмеңдеп, ал, 1970 жылы 8-9%-ға дейін төмендеді.

1939-1959 жылдар белесіндегі ауылдың әлеуметтік құрылымына өзгеріс әкелген ірі оқиғаның бірі - халықтың ерен еңбегі мен ерлігініне сын болған Ұлы Отан соғысы болып табылады.

Ұлы Отан соғысы жылдары ұжымшарлар майданға, өнеркәсіп пен транспортқа өзінің еңбекке жарамды мамандарының 38%-ын берді. 1942 жылғы 1 маусым мен 1943 жылғы 1 маусым аралығында республика ауыл шаруашылығынан майданға және өнеркәсіп орындарына 750 мың адам мобилизацияланды [61]. Халық күні-түні еңбектенді. Қазақстан еңбеккерлері жаппай ерлік, ұйымшылдық пен табандылық көрсетті. Соғыс жылдарында Қазақстан ұжымшарлары мен кеңшарлары майдан мен елге 356367 мың пұт астық, 173569 мың тонна көкөніс, 241183 мың тонна картоп т.б. өнімдер берді. Мал шаруашылығы 1942 жылы 1941 жылмен салыстырғанда 2657 мың пұт ет, ұжымшаршылар 1467 мың пұт сүт өнімдерін, жүннен 107 мың пұт артық өнім берді. Бұл соғысқа дейінгі жылдардағыдан 2-3-4 есе артық еді. Алайда, соғыс Қазакстанның ұжымшар өндірісінің дамуын тежеді. Елді қорғау қажеттігі өндіргіш күштер санын төмендетті. 1940 жылмен салыстырғанда 1945 жылы республикада еңбекке жарамды ұжымшаршылар саны 25%-ға кеміді. Ұжымшарлардың кіріс көлемі төмендеді: 1940 жылы 734,2 миллион сом болса, жылы 104,1 миллион сомға зорға жетті. Нәтижесінде жыл бойы еңбек күніне төлем ақы алмағандар көп болды.

1940-1953 жылдар аралығында ұжымшаршылар саны 282,7 мың адамға кеміді, ал, ұжымшаршылар шаруашылығы 1944 жылы 1940 жылға қарағанда 25 мыңға өскенімен, 1940-1953 жылдар аралығында 74,4 мыңға кеміген, ал, жұмысшылар мен қызметкерлер қатары 665,6 мың адамға өскен. Ұжымшаршылар ірілендіру және ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру процесі нәтижесінде ұжымшарлар саны кеміді. Қазақстан облыстары ішінде 1940-1953 жылдар ішінде ұжымшаршылар санының кемуі, әсіресе, Ақтөбе (24 мыңға), Шығыс Қазақстан (37,8 мыңға), Батыс Қазақстан (2 есе, 36,7 мыңға), Қостанай (25 мыңға), Қызылорда (24 мың), Оңтүстік Қазақстаи (20 мыңға), облыстарында ерекше қарқынды жүрді. Талдықорған (1,5 мыңға) және Солтүстік Қазақстан (1,6 мыңға) облыстарында ғана ұжымшаршылар саны өсті. 1950 жылдары ұжымшаршылар санында кему үрдісі басым болды. Ұжымшашылар саны 1950 жылы 72,6 мың адамға, 1951 жылы 18,5 мың адамға азайған. 1952 жылы ауыл халқының саны 22 мың адамға (0,5%), ал, ұжымшаршылар қатары 89,3 мыңға (3,6%) кеміген. Бұл жылдары ұжымшаршылар қатарына 60 мыңдай адам табиғи өсім негізінде қосылған, бірақ, олардың көпшілігі ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру кезінде жұмысшылар мен қызметкерлер категориясына өткендіктен 149,2 мың адамға кеміді. Әсіресе, 1958 жылы ұжымшаршылар санының төмендеуі қатты байқалды. КСРО-ның басқа републикаларына карағанда Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұжымшаршылардың жұмысшы табы қатарына өту процесі қарқынды жүрді. Қазақ КСР-інде ұжымшарлардың саны оларды ірілендіру мен кеңшарларға айналдыру нәтижесінде 1950-1970 жылдар аралығында 3699-дан 423-ке дейін, ал, ұжымшарларда еңбек еткендер саны 1950-1966 жылдары 868 мыңнан 294,4 мың болып, яғни 573,6 мың адамға азайды. 1965 жылдан бастап ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру процесі баяулай бастады [61, С. 200].

Ұжымшарларды   ірілендіруден   соң   ірі  шаруашылықтар еңбеккүндерді белгілеу мен еңбекақыны таратуда кемшіліктер жіберді.  Ұжымшаршылар еңбекақысыз,  нақты  күндер санын өтеуге, еңбегіне мардымсыз заттай ақы алуға мәжбүр болды. 1955 жылы  ұжымшаршыларға  еңбек күн  есебіне  2-3  килограмнан нан және 9,6 сомнан ақша берілген. 1953 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мал өнімдеріне  мемлекеттен берілетін ақы ұжымшарлардың оларды өндіруге кеткен шығындарын жаппайтын. Нәтижесінде, ұжымшарлар бірнеше жылдар бойы еңбекақы төлемеді.   Мысалы,   Жамбыл   облысы,   Красногор ауданы, Калинин  ауылшаруашылық  артелінде  ұжым  мүшелеріне 1942 жылдан 1946 жылдың наурыз айына дейін еңбекақы төленбеген. Ұжымшардың өз еңбеккерлеріне қарызы 840 мың сом болыпты [62]. Сонымен бірге, метереологиялық себептер астықтың шықпай қалуына әкелді (Мысалы, Павлодар, Ақмола облыстарындағы қуашылық). Осындай жағдайда ұжымшаршылар жалақысы тұрақты, азық-түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз етуде артықшылықтары бар ірі құрылыстарға (Өскемен ГЭС-і, қорғасынмырыш комбинаты, Зыряновск руда қазу бөліміне, кен басқармасы, руда іздеу жұмыстарына) кетуге тырысты.

Ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру кезінде ұжымшаршылар саны (1957-1958 жылдары) 642,0 мың адамға (25,2%) күрт кеміді. Керісінше ұжымшаршылардың жұмысшылар мен қызметкерлер категориясына өтуі есебінен жұмысшылар мен қызметкерлер қатары 33,6%-ға өсті. Ұжымшарларды кеншарларға айналдыру нәтижесінде ұжымшаршылар автоматты түрде жұмысшылар мен қызметкерлер категориясына өтті. Әрине, жұмысшылардың бұл аграрлық тобының  ұжымшаршылар деп  аталған   кезінен еш айырмашылығы болған жоқ. 1950-1965 жылдар аралығында кеңшарлар мен ауыл шаруашылығың басқа да қосалқы шаруашылықтарындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің саны 167 мыңнан 1062 мыңға немесе 6 еседен аса көбейді.

1939-1959 жылдар арасындағы дене еңбегімен айналысатындар тобына енген ұжымшаршылар санындағы өзгерістерге тоқталайық. Барлығы 1939 жылы 1075253 адамның 56,8%-ы (610529 адам) қазақтар, 21,1%-ы (226654 адам) орыстар болса, 1959 жылғы 1113199 ұжымшаршының 43,6%-ы (485101 адам) қазақтар, 24,4%-ы (271931 адам) орыстар болды. Екі санақ аралығында қазақтар 125428 адамға кеміп, үлес салмағы 21 пунктке төмендеді, орыстар 42277 адамға көбейіп, 120%-ға өсті. Қазақстан ұжымшаршыларының жалпы өсімі 37946 адам-ға (4%) тең болды. Орыстар 226654 адамнан 271931 (120%-ға, 42277) адамға өскенімен, қазақтарға қарағанда ауыл шаруашылығындағы үлесі төмен еді. Олардың көпшілігі тракторист, комбайншы, бригадир, т.б. қызметтерін атқарған.

Ауыр, дене еңбегімен айналысатындардың ішіндегі әйелдер 1939 жылы 668264 адам, олардың 63%-ы (421423 адам) қазақтар болса, 20 жылда олардың саны 37946 адамға көтеріліп, 936949 болды (140,2% өскен). Қазақ әйелдерінің саны екі санақ арасында 125428 адамға кеміп, дене еңбегімен айналысса тыңдардың ішіндегі үлесі 29,4% болып азайды. Сонымен, дене еңбегімен айналысатыңдардың ішіндегі әйелдер үлесі 20 жыл ішінде сан жағынан да, пайызд көрсеткіші жағынан да өскенімен, соның ішіндегі қазақ әйелдерінің көрсеткіштері төмендеген.

1939 жылы 526769 әйел ауыл шаруашылығындағы қызметтерде қамтылған болса, 1959 жылы олардың саны 504061 адамға дейін азайып, 1939 жылғы деңгейінің 96%-ын құрады. Ауыл шаруашылығындағы әйелдер үлесі кему үрдісінде болды. Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндердің ішінде орыс әйелдеріне қарағанда қазақ әйелдерінің саны 1939 жылы 3 есе, 1959 жылы 2 есе көп болды. Бұл қазақ ұлтының негізгі көпшілігінің ауылды жерде тұрып, еңбек еткенінен хабардар етеді.

1950-1959 жылдардағы статистикалық мәліметтер ауыл халқының әлеуметтік құрамындағы төмендегі өзгерістер бағытын айқындай түседі. 1950 жылы ауыл халқының 65 %-ға жуығы ұжымшарлар еді, ал, 1959 жылы олардың үлесі 35,4% болды., яғни, 29,6%-ға азайды. Ал, жұмысшылар мен қызметкерлердің үлесі 33,8 %-дан  64 4%-ға, яғни 30,8%-ға көтерілді. Жекешелер саны сол деңгейде (1,7 мың және 1,6 мың адам) [63].

Қарастырылап отырған кезеңде ұжымшаршылар санындағы кему үрдісінің басым болуы - ұжымшарларды ірілендіру, ұжышарларды кеңшарларға айналдыру әрекеттерінің, ұжымшаршылардың арнайы, механизацияланған өндіріс саласына көше бастауының нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге, барлық ұжымшаршылар дене еңбегімен айналысқан жоқ, олардың құрамында ой еңбегімен айналысқан т.б. топтары да болды.

Әлеуметтік құрылымға байланысты 1939-1959 жылдар санақтарындағы мәліметтерді саралағанда үш лагерлі әлеуметтік құрылым мағлұматтарымен бірге, еңбек етпейтін элементтер, кооперативтерге біріктірілмегендер, жекешелер, кіріс көзін көрсетпегендер деген әлеуметтік топтар туралы мағлұматтарды кездестіреміз. Сондай-ақ, санақтардан социалистік емес әлеуметтік құрылым топтары туралы да мәлімет аламыз. Ғасыр бойына жүргізілген санақгардың бәрінен де жойылып кетпеген, қоғамдық өмірде өмірі үзілмеген, санақ материалдарында кооперацияланбаған шаруалар, жеке меншікшілер, табыс көзін ашып көрсетпегендер, еңбек етпейтін элементтер және т.б. деп аталған қоғамдық топтардың бар екендігі көрінеді. Бұл топтар 1939 жылы. 1,3%-дық үлесті көрсетсе, 1959 жылы мөлшері 0,1%-ға түскен. Егер бұл топқа кооперацияланбаған кустарьлар, жекеменшік шаруа, дін адамдарын қоссақ, онда бұлар халықтың 0,2%-ын құрады.

1939-1959 жылдар аралығында репрессиялар  мен  социалистік емес пиғылдағы адамдарды қудалаулар кең етек жайғандықтан, бұл топқа жататын адамдар көбінесе өздерінің табыс көздерін дұрыс көрсетпеді. Яғни, олардың үлесінің 1939-1959 жылдар аралығында 386811 (1,3%) адамнан 13013 (0,1%) адамға кемуінің бір себебі осында болуы да мүмкін. Санақтардағы кездесетін социалистік емес әлеуметтік топтар туралы мағлұматтар КСРО-дағы социализм жеңісінің көпукладтылықты, табыс көздері социалистік негізге жатпайтын әлеуметтік топтарды жоймағандығын көрсетеді. Бұл табыс көздері социалистік та емес, капиталистік те емес деуге болады. Бұл, ең алдымен, халықтың бір бөлігінің дара еңбегінің көрінісі болып табылады.

Информация о работе Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)