Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

     Сәду Шәкіров-1922 жылы Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты “Кеңес” кеңшарында дүниеге келген. Әскер қатарына шақырылғанға дейін мектепте оқыған, комсомол қатарында болған, ІХ сыныпты өзі тұрғылас құрбыларымен бірге бітірген…Балалық базары тарқамаған, бал дәуреннің қызығына тоймаған, қызық күндері көп, қимас сәттері мол жастық шақты – «Отан қорғаудың ұраны қас-қағым мезетте үзіп-ақ жіберген-ді. С.Шәкіров 1942 жылдың 3 ақпанында Қызыл Армия қатарына шақырылады. Сол жылы араға бірер күн салып, 15 ақпанда неміс-фашист басқыншыларына қарсы Украинаны қорғауға қатысады. Жасынан батыл, бірбет, өжет болып өскен Сәду жау әскерлерінің өктем, озбыр әрекеттеріне ақыл-парасатымен, қимыл-қозғалыстарымен, күш-қуат, қажырымен де қиян-кескі ұрыстарға, шешуші шайқастарға алғашқылардың бірі болып қатысып, ата-бабаларының ерлік шежіресін ел қорғау ісімен, ерекше тапсырмаларды бұлжытпай орындау арқылы үлкен үлес қосады. Әсіресе, 106-Забайкалье атқыштар дивизиясының 188-Аргунск атқыштар полкінің бірінші батальонындағы І-ротаның қатарындағы сарбазы ретінде С.Шәкіров көпұлтты жауынгерлермен бірге майдандағы қиян-кескі ұрыстардың бел ортасында болады. Көптеген шешуші шайқастарға қатысып, ерекше тапсырмаларды орындау жолында батылдық танытып, ел-жерге, елдік-ерлік салтқа адалдығын, халқына — қалқан, қорған бола алатындығын алдыңғылардың бірі болып көрсетеді. С.Шәкіровтің Отан қорғау жолындағы ерен ерліктерінің бірі 1943 жылдың қазан айының басында Гомель облысына қарасты Лоево қаласы маңында болған еді. Сәду мұнда ел қорғаудың, халқын шынайы сүйіп, жан-тәнімен берілгендіктің айрықша үлгі-өнегесін көрсетті. “Майданда жауды жеңбесем, Қызық дәурен сүрмеймін!” деген /Қожаберген жырау/ мұратына жетті. Қанды қырғынды, сұрапыл соғысты бастаған неміс-фашистермен бетпе-бет келіп, қарудың да, білектің күшімен де қарсы тұрды. Отан деп соққан жүрегі, ел-жерге шын берілгендігі қайратына күш қосты, жігерін жани түсті. Ұлт мұраты жолында жанын жалау, намысын серік етті. Батырлық пен қайраттылықтың, елдік пен ерліктің үлгісін көрсетті. “Кеңес Одағының Қазақстандық Батырлары” деген анықтамалық кітапта С.Шәкіровтың қалың көпке үлгі-ғибраттық маңызы мол ерен ерліктерінің бірі былай берілген“. 1943 жылғы 15 қазан. Түн. Десантшылар қайықтар мен салдарға барып отырды. Соңғы бұйрық берілгеннен соң, өзеннен өту басталды. Солардың бірінде қатардағы жауынгер Сәду Шәкіров болды. Жағалауға жетуге шамасы 40 метрдей-ақ қалған кезде, біздің ерлерді гитлершілер көріп қойып, қарудың барлық түрінен оқ жаудырды. Аранын ашқан ажал жауынгерлерді саптан жұлып әкетіп жатты. Снарядтардың бірі Сәду отырған салға сарт ете қалды. Көкке шапшыған су жауынгерлердің үстін жауып кетті. Салдың быт-шыты шықты. Мұздай су ішінде жауынгерлер жүзіп, ілгері қарай ұмтыла берді. Сәду Шәкіров сүңгіп кетті де, қалқып жүрген бір бөренеге жабысып, оң жағалауға қарай жылжыды. Тағы да бірнеше рет ұмтылып еді, аяғы қайраңға тиді. Днепрдің оң жағалауына алдымен жеткендердің бірі – Сәду еді. Сол жақ жағалауда өзіне командир берген қызыл жалау мен гранатын қолына алып, ол дұшпанның траншеясына тұра ұмтылды. Ержүрек солдат бірнеше рет гранат лақтырып, гитлершілерді траншеясынан қашуға мәжбүр етті”.Командирдің тапсырмасымен Сәду Шәкіров Днепрден үш рет өтіп, пулеметшілер мен байланысшыларды оң жағалауға апарып түсірді. Ерен ерлік те көрсетті. “1943 жылғы 16 қазан күні таңертең біздің жауынгерлеріміз Лоевоның оңтүстік-батыс жағындағы 138,6 – биіктікті басып алуға шабуыл жасады. Шәкіров гитлершілердің бесеуін жайратып салып, биіктікке алдымен жетті де, оның төбесіне алқызыл туды қадады”.Бұл — тұтқиылдан қайғы-қасірет бұлтын төндіріп, қанды қырғынға бастаған неміс-фашистеріне қарсы бағытталған шешуші шайқас қана емес, сонымен бірге жауынгерлерді ел қорғауға, ерлікке бастаған маңызды қадам әрі жеңісті жақындатқан, болашаққа үміт артқан да сәулелі сәттер болатын. Ел қорғау ісін ерлік шежіресімен жалғастырған С. Шәкіровке осы жолы Кеңестер Одағының Батыры атағы берілген еді. Сөйтіп, 18 жасында (1942, 3 ақпан) әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысында қиян-кескі ұрыстың бел ортасында болған, әсіресе, Белорус майданында, Днепр жағалауындағы шешуші шайқастарда гитлершілердің озбыр да опасыз әрекеттеріне батыл да ерлікке толы қимылдарымен қарсы тұра білген С. Шәкіровке 20 жасында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 30 қазанындағы Жарлығымен КСРО Батыры атағы берілген болатын.

     Сафиуллин Ғани Бекенұлы-(1.7.1905, Татарстан, Арск ауданы Старый Кишиш селосы – 14.10.1973, Қазан қаласы) – әскери қайраткер, генерал-лейтенант, Кеңес Одағының Батыры (1943). Командирлер курсын (1928), Жоғары шекарашылар мектебін және М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның кешкі бөлімін (1941), Бас штаб академиясын (1947) бітірген. 1926 жылы Орынборда өлкелік партия-кеңес мектебін бітіріп, Шығыс Қазақстанда комсомол жұмысында істеді. 1927 жылы армияға алынды. Сафиуллин 2-дүниежүзүлік соғысын 256-атқыштар дивизиясының 930-атқыштар полкінің командирі дәрежесінде қарсы алып, Великие Луки, Ржев және Калинин қалаларының түбіндегі шайқастарға қатысты. 1942 жылы сәуірде Қазақстанда жасақталған отыз сегізінші атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, кейін командирі болды. Сталинград шайқасында Сафиуллин дивизиясы немістердің 297-жаяу әскер дивизиясын талқандап, генерал фон Дребберді штабымен тұтқынға алды. Жаудың 14-танк корпусын тізе бүктірді. Сталинград шайқасында көрсеткен асқан ерлігі үшін дивизия 73-гвардиялық дивизия болып құрылды. Сафиуллин 25-гвардиялық атқыштар корпусының командирі болып тағайындалды. Корпус Курс шайқасына, Днепрден өту ұрыстарына қатысты, Оңжағалық Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны, Чехословакияны, Австрияны азат етіп, жеңісті Вена қаласында қарсы алды. Оның корпусы 1945 жылы күзде Жапонияның Квантун армиясын талқандауға қатысты.Сафиуллин Ленин, 2 рет 2-дәрежелі Суворов, 2 рет 2 дәрежелі Кутузов, “Қызыл Жұлдыз”, Британ империясының 3-дәрежелі корольдік ордендерімен, медальдармен марапатталған. “Дорогами побед” (1966 және 1987), “Через реки, через горы...” (1973) атты естелік кітаптарын жазған. Қазан қаласындағы бір көшеге есімі берілген. Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайда оған бөлім арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сталинград  шайқасының тарихи маңызы.

   СССР-дің Ұлы  Отан соғысындағы жеңісі Советтік  Социалистік державаның қандай  орасан зор күш-қуаты бар екенін  көрсетті. Басқа жерде емес, дәл біздің елімізде 30-жылдардың орта шенінде құрылған социализм бүкіл совет халқының мызғымас бірлігін шарықтатты. Сол Ұлы Отан соғысының ішіндегі көптеген майдандармен қоса Сталинград шайқасы да бүкіл Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысындағы ең басты ұлы шайқастардың бірі болды. Бұл ірі шайқас тек КСРО –ның ұлы держава ретінде әлемдік аренаға шығуын танытып қана қоймай оның соғыс барысындағы жауынгерлердің алдағы уақытта да көптеген ірі шайқастарда және де отан соғысының фашизмді толық күйретуге деген ерік-жігерін одан әрі шыңдай түсті.

     Соғыс басталғаннан  бастап бүкіл КСРО-ның он бес  одақтас мемлекетінен миллиондаған  жауынгерлер майдан даласына  отан үшін сол кездегі отаннымыздың  жүрегі Мәскеу үшін, азаттық пен  болашақ ұрпақ үшін аттанған болатын. Солай болуы да заңды еді. Себебі алапат фашизмнің жойқын күшін сол кезде ата-ағаларымыз бен апаларымыз елін, жерін отанын қорғамағанда бүгінгі күннің бұлыңғыр болмайтынына кім кепіл. Соның ішінде ірі шайқастар: Мәскеу үшін шайқас, Ленинград қорғанысы, Курс иініндегі шайқас, Сталинград шайқастары кезең-кезеңімен маңызды орын алады. 1942 жылы жазда басталған Сталинград шайқасының фашизм үшін кері әсері КСРО үшін оң нәтижемен, көптеген артықшылықтарымен біздің пайдамызға шешілгені тарихтан белгілі.

    Бұл шайқас  совет әскерлерінің толық жеңісімен  ақталды. Волгадағы жеңіс бүкіл  әлем алдында Қызыл армияның  мызғымас күш-қуатын паш етті.

    Гитлерлік  Германия бұған дейін еш уақытта  қатты күйреп жеңіліп көрмеген  болатын. Шайқастың нәтижесі гитлерлік Германияның сонымен қоса неміс жауынгерлерінің рухын түсіріп, жеңіске деген сенімін жойды. Неміс-фашист армиясы күшті дағдарыс кезеңіне тап болды.

    Ұлы Отан  соғысының барысында түбегейлі  бетбұрыстың бастамасы болды. 

   Совет мемлекеттерінің қарулы күштерінің халықаралық беделін жоғары көтерді.Одан ары қарай гитлерлік Германияның соғыстың соңғы кезеңіне дейін кез-келген ұрысты толық та тиянақты жүргізуіне мұрша бермеді.

1943 жылғы 10 қаңтардан  бастап совет әскерлері дұшпанның  әскер тобын жоюға кірісті.

    Қиян-кескі  ұрыстардан кейін дұшпанның қоршаудағы  бөлігі толық талқандалды.20февральда  қалада ұрыс тоқтатылды.Майдан  даласында жаудың 147 мың солдаттары  мен офицерлерінің қлігі қалды. 

Жаудың 91 мың адамы, 24-і  генерал, оның ішінде жаяу әскерлерінің командашысы генераль-фельдмаршал атақты Паулюс те тұтқынға алынды.

Неміс-фашист әскерлерінің тобын жою операциясын совет  әскерлері генерал К.К.Рокоссовский мен ставка өкілі Н.Н. Воронов  жүзеге асырған болатын.Сталинград түбіндегі шайқасқа Қазақстанда жасақталған: 27, 29, 38, 387-ші атқыштар дивизиясы; 81-ші атты әскер дивизиясы; 152-ші атқыштар бригадасы; 156-шы атқыштар батальоны; 129-шы минометті полк; 410-шы танкке қарсы шабуылдаушы жеке дивизия қатысты.

 

                             Сталинград шайқасының тарихи маңызы.

-Сталинград шайқасы  соғыс тарихында ерекше орын  алды.

-Екінші дуниежүзілік  соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа  шешуші үлес қосты. 

-Қызыл Армия стратегиялық  инициативаны берік қолға алды.

-Гитлерлік Германияның  тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті.

-Еділдегі (Волгадағы)  шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих  шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін  қостауы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Қорытынды

 

 

     Жалпы адамзат  баласы үшін кез-келген соғыс  ешқашан өзінің оң нәтижесін  берген емес. Ол тек өз кезегінде  халықтар  мен ұлттардың миллиондаған  адамның басына орны толмас  қайғы қасырет алып келетін  құбылыс. Осы уақытқа дейін  тарихта адамзат баласы көптеген соғысты бастан өткерді. Адам шығынын санау мүмкін емес. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс пен оның ажырымас бір бөлігі Ұлы Отан соғысы тарихта тебіреніп тұрып орын алатын ең соңғы да, қатал да қатерлі соғыстардың бірі. Ол жалпы соғыстардың қорытындысы. Фашизмнің алға ұмтылған әлемде орнатқысы келген режимінің жойқын жеңілісі. КСРО-ның сонымен қоса оған одақтас мемлекеттердің алып жеңісі, 1418 күн бойына басынан өткерген сұрапыл қан мен фашизмге қарсы күш біріктірудің алып бірлестігі. Сол уақытқа дейін КСРО халықтары басынан дәл осындай қиын-қыстау кезеңдерді өткерген емес. Оны да көрді. Оған да бірлесе күш біріктіріп тойтарыс та берді.Келешек ұрпақ үшін қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман орнатып кетті. Келешек ұрпақ сол қиын кезеңдерді әсте естен шығармауға міндетті. Оны ұмытпау, батырларымызды ұлықтау, қастерлеу сол қанмен келген болашақ тізгінін қолдан бермеу оны болдырмау  бейбітшілікті сақтау болашақ ұрпақтың алдына қояр басты міндеттердің бірі.

     Сталинград  шайқасы кезінде де ағаларымыз бен апаларымыздың алдына қойған мақсат-мүдделері армандары бір болатын. 200 күнге созылған қанды қырғынды өз көзімен көрген жауынгерлер бірігіп күш қолдана алды. Олар бұл шайқастың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Шайқас кезінде барлығының жүрегі бірге соқты. Басқа ұлт, басқа нәсіл деген ой болмады. Тек Сталинградты қалай аман сақтау керек деп соқты жүректері.Тек КСРО емес оған қатысқан барлық 68 мемлекетке оңай тиген жоқ. КСРО-ның экономикасында өмірде болмаған дағдарыс болды. КСРО мен көрші жатқан Қазақ елі аграрлық салада біршама жетістіктерге жетіп соғыс жағдайында ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етті. Кез-келген майдан даласында отан үшін отқа түсуге дайын болған жауынгерлердің ерен ерліктері мен тылда сол жауынгерлердің аман-саулығын тілеп жүрген еңбекшілеріміздің, олардың әке-шешесі мен аға-інілерінің арман тілектері бірауыздан орындалды.Көптен күткен жеңіс күнін де тойлар күн де жетті. КСРО мен одақтас мемлекеттер бірлігі одан сайын нығайа түсті. Социализм дәуірі өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл жалпы адамзат алдындағы ауыр сын болатын. Ол сынды көтеру тек біздің мойнымызға жазылған құбылыс емес.

 

 

 

 

 

 

 

                                 Пайдаланылған әдебиеттер

 

     1    Хрестоматия по Отечественной истории (1941-1945). М., 1996.

     2   Хрестоматия по Отечественной истории (1946-1995). М., 1996.

     3    Шмидт С.О. Становление Российского самодержавства. М., 1973.

     4    Василевский А.М., Сражение века, М., 1975;

5    Чернецовский Ю.М. Россия и Советский Союз в мировой политике ХХ века. Ч.1-4. СПб., 1993-1998.

  1. Большая советская энциклопедия. 
  2. Арутюнян Б.А., Фролов М.И. Огневой щит и меч Ленинграда, 1941-1944 гг. монография. – СПб.: ЛГУ, 2007. – 187с.
  3. Барышников Н.И. Блокада Ленинграда и Финляндия 1941-1944. – Хельсинки; СПб: Инт Йохана Бекмана, 2002. – 300с.
  4. Блокада и контрблокада: Борьба на океанско – морских сообщениях во второй мировой войне / Под ред. В.П.Боголепова. – М.: Наука, 1967. – 767с.
  5. Блокада Ленинграда в документах рассекреченных архивов / Под ред. Н.Л. Волковского. – М.; СПб.: АСТ; Полигон, 2004. – 766с.
  6. Блокада рассекреченная: [Сборник] / Междунар.ассоц.блокадников города-героя Ленинграда; Сост. В.Демидов. – СПб.: Бояныч, 1995. – 254с.
  7. Буров А.В. Блокада день за днем, 22 июня 1941г. – 27 янв.1944г /  - Л.: Лениздат, 1979. – 478с.

Блокада: Сестрорецкий рубеж. – 2004. – 208с.

  1. Воронов Ю.П. Блокада: Кн. стихов. – Доп. переизд. – Л.: Лениздат, 1986. – 151с.
  2. Гланц Д.М. Блокада Ленинграда 1941-1944 = Glantz D. Leningrad city under siege 1941 – 1944 / [пер. с англ. Е.В. Ламановой ]. – М.: Центрполиграф, 2009. – 221с.
  3. Гусаров А.Ю. Памятники воинской славы Петербурга. СПб.: Паритет, 2010. – 396с. – (65-й годовщине Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 годов посвящ.)
  4. Ежов М.В., Фролов  М.И. Духовный подвиг защитников Ленинграда: монография. – СПб.: Знание, 2010. – 185с.
  5. Комаров Н.Я., Куманев Г.А. Блокада Ленинграда, 1941 – 1944: 900 героич. дней: Ист.дневник. Коммет. – М.: ОЛМА-ПРЕСС, 2004. – 571с.
  6. Лукницкий П.Н. Сквозь всю блокаду:  [Дневник воен. корреспондента]. – Л.:Лениздат, 1988. – 719с.
  7. Сапаров А.В. Дорога жизни. Повесть о блокадном времени. – М.: Советская Россия, 1967. – 341с.
  8. Фролов М.И. Салют и реквием: Героизм и трагедия ленинградцев 1941 – 1944гг. – 4-е, доп. – СПб.: ЛГУ, 2004. – 235с.
  9. Елена Скрябина. Годы скитаний. Из дневника одной ленинградки. Военная Литература. Архивировано из первоисточника 23 августа 2011. Проверено 27 февраля 2011.
  10. Фролов М.И. Артиллеристы в боях за город Ленина, 1941-1944: Ист. очерк. – Л.: Лениздат, 1978. – 272с.

 

 

Самсонов А.М., Сталинградская битва, М., 1982;

Жуков Г.К., Воспоминания и размышления, т. 2, М., 1983;

Белан П.С., Казахстанцы в битве  на Волге, А.-А., 1990;

Аманжолов К., Екінші дүниежүзілік соғыс, А., 1995;

Аманжолов К., Тасболатов А., Қазақстанның әскери тарихы, А., 1999;

Война и общество. 1941 – 1945, кн. 1, М., 2004.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы (Алматы, 2006 жыл)

Такер Р. «Сталин, Путь к власти» 1997;

Громов Е. «Сталин, Искусство и  власть» 2004;

Карпов В. «Генералиссимус» книга 1 – 2, Калининград 2004;

Жуков Ю. «Сталин, Тайны власти» 2005;  «Йной Сталин» 2

Чуйков В.И Великая победа на Волге, М., 1965


Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы