Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Соғыстың үшінші кезеңі: ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)

Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71 % - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Д. Эйзенхауер ) франциялық Солтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне ( Алжир, Оран, Касабланка, т.б ) келіп түсті. Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті. Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді.

Соғыстың төртінші кезеңі: ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )

Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 жылы шілде –қараша айларында Қызыл рмия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар әскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияныбасып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Батыс Австрияға келіп кірді, 25 сәір күні кеңес – американ әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – брімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы ( 16 сәуір – 2 мамыр ) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті.

Соғыстың бесінші  кезеңі: ( 1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек ).Постдам конференциясы (1945 жыл 17 маусым – 2 тамыз ) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.АҚШ Атлант төңірегіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитқа көшірді де, 1942 жылдың 1-жартысында жапон флотына бірнеше соққы беріп, корғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшейді. Америка және ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс берін, 1942 ж. жазда оларды Атлант мүхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың 3-кезеңі (1942 ж. 19 қараша — 1943 ж. желтоқсан). Гитлерге қарсы одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71%-ы кеңес-герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград түбінде жеңіске жетуі партизан қозгалысы мен Польша, Югославия, Чехословакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б. елдерде Қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 ж. 23 қазанда Солтүстік Африкада ген. Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренаика, Тобрук, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын — америкалық экспедициялық корпусы (ген. Д.Эйзенхауэр) франциялық Солт. Африка саяси-әкімшілік бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б.) келіп түсті. Бірақ шабуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін толығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 ж. мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті.

Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама: Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Германияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финляндия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі. Бүкіл КСРО мемлекеттерінің гитлерлік фашизмге қарсы бірігіп күш қолдануы. Социализмнің толық жеңісі мен Совет одағының ірі держава ретінде аренаға шығуы ретінде түсіндіріледі. Сонымен қоса бейбітшілік аңсаушы халықтардың тәуелсіздік пен елім,жерім,халқым деп соққан жүрек соғыстарының лүпілі.Тек КСРО емес Азия мемлекеттерінің фашизмге қарсы күш біріктіріп соғыста жеңіп шығуы.

Ұлы Отан соғысының  негізгі кезеңдері: Бірінші кезең (22 маусым 1941 жыл – 18 қараша 1942ж) соғыс басталған күннен бастап кеңестік жасақтың Сталинграт астында шабуылына дейін. Бұл СССР үшін ең қиын кезең болған. Басты шабуыл бағытына қарай адамдар және соғыс техникасында көп артықшылық жасау арқылы, неміс әскері маңызды жетістіктерге жетті. 1941 жылы қараша айының соңына қарай кеңес жасақтары Ленинград, Москва, Ростов-на-Донуға дейін қарсыластың асып түсетін күшінің соққысының шегініп, дұшпандарына өте үлкен территория қалдырды. Қаза тапқан, жоғалған және тұтқындар мен шамамен 5 млн адам, танктер мен сомолёттердің үлкен бөлігін жоғалтты.Неміс фашистік жасақтардың 1941 жылдың күзінде негізгі күштері Москваны жаулауға бағытталды. Москва үшін шайқас 1941 жылы 30 қыркүйегінен бастап 1942 жылы 20 сәуіріне дейін жалғасты 1941 жылы 5 – 6 желтоқсанда қызыл армия шабуылға шықты. Қарсыласын Фронт қорғанысы жұмылып кетті. Фашистік жасақтар Москвадан 100-250 км -ге лақтырылды. Москваны жаулау жоспары құлады шығыста тез соғыс болмады. Москва түбіндегі жеңіс үлкен халықаралық маңызға ие болды. Япония және Турция СССР –ға қарсы соғысқа шығудан тиылды. Бірақ 1942 жылы кеңестік басшылықтың қателігіне (ең алдымен Сталинің) Қызыл Армия Солтүстік – Батыста. Харьков және Қытай қырым түбінде бірнеше үлкен жеңіліске ұшырады Неміс фашистік жасақтар Волгаға Сталингратқа және Кавказға шықты. Осы бағыттағы кеңес жасақтардың қайратты қорғанысы, сонымен қатар елдің экономикасының соғыс рельсіне ауыстырылуы жиналған соғыстық шаруашылық жасау дұшпан тылында партизандық қозғалыс жасау кеңестік жасақтардың шабуылына қажетті шарттар дайындады.

Екінші кезең (19 – қараша 1942 жыл 1943 жылдар соңы) соғыста негізгі өзгеріс қорғаныстың шайқаста қарсыласмты шаршатып және қанын төгіп, 1942 жылы 19 қарашада кеңес жасақтарының жаудың шабуылына қарсы шабуылға көшті. Сталинград түбінде қоршауға алынып 22 фашистік дивизиялар құрамында 3 мыңнан аса адам болды. 1943 жылы 2 ақпанда осы топ жойылды. Осы уақытта дұшпандық жасақтар Солтүстік Кавказдан қуылған болатын. 1943 жылы жазына қарай кеңестік Германиялық Фронт тұрақтандырылды. Өздеріне ыңғайлы Фронт конфигуратциясын қолдана отырып, фашистік жасақтар 1943 жылы 5 шілдеде стратегиялық бастаманы қайтару және кеңестік топ жасақтарда Курстың доғада қоршап алу мақсатымен Курс түбіне шабуылға көшті. Өте қатігез \күресте қарсыластың шабуылы тоқтатылған болатын. 1943 жылы 23 тамызда кеңестік жасақтар Орел, Белгород, Харьковты босатып алды да, Днепірге шықты, 1943жылы 6 қарашада Киев азат етілді. Жаздық-Күздік уақыттағы шабуыл кезінде қарсыластың жарты дивизиясы талққандалды. Кеңестік одақтық біршама терииториялары азат етілді. Фашистік блоктың ыдырауы басталды,1943 жылы соғыстан Италия шықты. Әскери өнеркәсіп 1943 жылы Фронтқа 29,9 мың самолёт, 24,1мың танк, 130,3 мың қару жарақ түрін берді. Бұл Германия 1943 жылы шығарғанда қарағанда көп болды. 1943 жылы Кеңес одағы Германияны әскери техникамен қоса қару-жарақтың негізгі түрін өндіруден озып кетті.

Үшінші кезең (1943 жылы 8 мамыр 1945 жыл) Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңі. 1944 жылы кеңестік экономика бүкіл соғыс уақытында ең жоғарғы денгейге жетті. Өнеркәсіп, өндіріс,транспорт, ауылшаруашылық сәтті дамыды. Әсіресе әскери өндіріс тез өсті. 1944 жылы шыққан танктер және САУ 1943 жылмен салыстырғанда 24-тен 29 мыңға дейін көбейді, ал соғыстың самолёттері 30- дан 33 мыңға дейін өсті. Соғыс басталғаннан бастап 1945 жылға дейін шамамен, 6 мың кәсіпорын іске қосылды. 1944 жылы Кеңестік қарулы күштер жеңіспен аяқталды. СССР барлық терииториясы түгелмен фашистік оккупанттардан азат етілді. Кеңестік Одақ Еуропа халқына көмекке келді. Кеңес әскері Полшаны, Руминяны, Болгарияны, Венгрияны, Чехословакияны, Югасловияны азат етті, Норвегияға да жетті. Руминия және Болгария Германияға соғыс жариялады. Финляндия соғыстан шықты.Қыстағы шабуылда 1945 жылы Кеңес Әскері дұшпанды 500 км алыс ығыстырып тастады. Полша, Венгрия және Австрия Чехословакияның шығыс бөлігі түгел азат етілді. Кеңес әскері Одерге дейін шықты. (Берлиннен 60км) 25 сәуірде 1945 жылы кеңестік жасақтар мен Американдық және ағылшын жасақтарымен Эльбіде, Торгау ауданында тарихи кездесу өтті. Берлиндегі сайыс қатігез және жігерлі сипатта болды. 30сәуірде кеңес жалауы рейхстагқа тігілді. 8 мамырда фашистік Германияның капитуляциясы актына қол қойюы өтті. 9 мамыр Жеңіс күні болды. 1945 жылдың 17шілдесінен 2 тамызға дейін СССР, АҚШ және Ұлыбритания ел басыларының үшінші Конференциясы өтті. 24 маусымда 1945жыл Москвада Қызыл алаңда жеңіс парады өтті. СССР жеңісі Гитлерлік Германиядан тек саяси және әскери емес, сонымен қатар экономикалық. Бұған дәлел болатын факт 1941 жылдың шілдеден 1945 жылы тамыз кезеңінде біздің елде біршама маңызда әскери техника және қару –жарақ Германияға қарағанда көп өндірілді.

      «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты.1936 жылы Германия Версаль келісімінің бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады.1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерінің айырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.

     1938 жылдың  наурыз айында Австрияда референдум  өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды. 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалған Мюнхен келісімі бойынша Германияға Чехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен).1939 жылдың қысында Германия Польшаға «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Гитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды.1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды.

     КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды. Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.

    КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды.Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету» деп аталды.1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұщыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді.

Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы