Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

      Қызыл  тулы Балтық флотының флагман  кораблі «Киров» крейсерінің  экипажы мен Қазақ ССР еңбекшілерінің қамқоршылық байланысы өткен соғыстың шежіресіне жарқын бет болып қосылды. 1943 жылдың жазында крейсерге қызмет атқару үшін республиканың 49 комсомолецінен құралған алғашқы топ жіберілді. Көп кешікпей-ақ олар тәжірибелі жауынгерлер болып алды.

      Ленинград  стратегиялық бағыты әскерлерінің  құрамында әр уақытта қазақстандық  тоғыз дивизия мен бригада,  төрт полк пен жеке батальон, яғни соғыс жылдарында республикада  жасақталған барлық әскери құрамалардың  тең жартысы дерлігі шайқасты.

 

 

Сталинград  түбіндегі шайқас: 1941 жыылы 22 маусымда фашистік Германияның әскері Кеңес Одағына басып кірді. Кеңес халқының басшылығымен Ұлы Отан соғысы жылдары даңқты істермен қаҺарман, батыр халық ретінде өзін бүкіл дүниежүзіне танытты. Еділ жағасындағы даңқы мәңгі өшпейтін ерлік шайқас Ұлы Отан соғыс тарихына оның бір алтын беті болып енді. От жалыны екі жүз тәулік бойы лаулап жанған осы Сталинград шайқасы ең ауыр да, ең қатал да сындардың бірі болды. Азаматтықтың арайлы таңына тағы да бір серпіліс осында жасалды. Сталинград шайқасы соғыс кезіндегі шешуші шайқастардың бірі болғандықтан, оны зерттеу біз үшін өте маңызды. Ғылыми жұмысымыздың мақсаты Сталинград шайқасына қатысқан кеңес және неміс әскери қолбасшылардың естеліктеріндегі көзқарастарын салыстырып, таңдау арқылы бұл шайқастың екінші дүниежүзілік соғыста бетбұрыс шайқас болғандығын дәлелдеу. Сталинград шайқасы туралы көптеген ғылыми зерттеулер жазылды, әлі де болса жазылады. Бірақ шайқасқа қатысқан әскери қолбасшылардың естеліктеріне назар салып аудармасақ, сонау артта қалған уақытты толық суреттеуге мүмкіншілік болмайды. Олар өз естеліктерінде қаланың қирағанын, жасақтар арасында не болғанын, кезде Сталинград түбінде қаруланған еміс армиясының кері шегінгенін – достарының әңгімесінен е біреудің бұйрығымен жазған жоқ. Олар өздері көргендерін жазды. Өйткені әскери қолбасшылар майдандағы жағдайдан толық хабардар және де жауға қарсы ұйымдастырған операциялардың авторлары болатын.Соғыс аяқталғаннан кейін Волга жағасындағы шайқасты тереңінен және жан-жақты сипатын ашып беретін әскери естеліктер жарық көрді. Атап өтетін болсақ Кеңес үкіметінің әскери қолбасшысы Маршал Жуковтың “Воспоминание и размышления”, А. М. Василевскийдің “Дело всей жизни”, Сталинград майданының әскери қолбасшысы А. И. Еременконың “В начало войны”, Дон армиясының әскери қолбасшысы К. К. Рокоссовскийдің “Великая победа на Волге” және “Солдатский долг”, В. И. Чуйковтың “Сражение века” және “В трудные дни Сталинграда”, П. И. Батовтың “В походах и боях” атты еңбектері Сталинград шайқасына қатысты негізгі дерек көздері болып табылады.Бірақ Сталинград шайқасына қатысты еңбектерді Кеңес үкіметінің әскери қолбасшылары ғана емес, сонымен бірге неміс әскери қолбасшылары да келесі ұрпаққа мұра етіп қалдырған еңбектері жарық көрген. Сол әскери қолбасшылардың естеліктеріндегі Сталинград шайқасына арналған ғылыми әдебиеттердің тарихамасына назар аударатын болсақ онда, ол әдебиеттерден егізгі екі бағытта жазыланын көруімізге болады. Бір тобы кеңе әскери қолбасшылардың еңбектеріндегі пікірге қосылады, яғни Сталинград шайқасын екінші дүниежүзілік соғыста бетбұрыс шайқас болды деп санаса, екінші бір топ бұл пікірге қосылмайды. Олар Сталинград шайқасын бетбұрыс шайқас деп санамайды.

   Еділ жағалауында  неміс әскерінің негізгі себебін  көрсете отырып шындықты айқындап жазған бұрынғы әскери қолбасшы И. Видердің “Катастрофа на Волге”, В. Адамның “Трудные решение”, Л. Штейдленнің “ОтВолги до Веймара”, және бұл әскери қолбасшылардың естеліктеріне қосылмайтын неміс әскери қолбасшылардың еңбектері де бар. Олар Э. Манштейн “Утеряные победы”, Типельскрихтің “История второй мировой войны”, тағы да басқа еңбектерді атап өтуге болады.Сталинград шайқасы халықаралық маңызы бар шайқас болып саналады. Өйткені бұл шайқас Ұлы Отан және екінші дүниежүзілік соғыстың барысында түбегейлі бетбұрысқа жетуде шешуші үлес қосып, жау бетін кері бұрды. Осы шайқаста Кеңес үкіметкі стратегиялық инициативаны толық қолға алды және соғыс соңына дейін сақтап қалған болатын. Сталинград түбіндегі шайқас тек Кеңес үкіметінің ғана емес, сонымен бірге екінші дүниежүзілік соғыста фашистердің бетін кері бұрған шайқас болып саналады. Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес үкіметінің жеңісі дүниежүзілік тарихта маңызды орын алды. Сондай-ақ дүниежүзілік соғыста бебұрыс шайқас болып саналған. Сталинград шайқасының маңызын төмендетіп көрсетуде батыс зерттеушілері өздерінің көптеген насихатты еңбектерін жариялады. Ондағы мақсаттары Сталинград шайқасының маңызды шайқас болғандығын тарих беттерінен және Халықтың есінен түбегейлі өшіріп тастауға ұмтыды. Дүние жүзінде тарихи шындықты бұрмалаған “естеліктер” және “зерттеулер” шықты. Зерттеулерде Сталинград шайқасының маңызы былай тұрсын, тіпті ол шайқастың болғандығы туралы (факітте) де айтылмаған. Осындай еңбектер жазған авторларды атап өтетін болсақ: американдық генерал Смит, генерал Брэдли, Маршалл, Дин, британдық фельдмаршал Монтгомери және т.б. тіпті баршаға танымал “Британдық энциклопедиясында” Сталинград шайқасын қарапайым шайқас ретінде көрсеткен бір-екі сөйлем жазған. Дәл осындай жайт “Американдық энциклопедиясында” да кездеседі.

    Ал кейбір  авторлар өз оқырмандарын екінші  дүниежүзілік соғыста бетбұрыс  болып саналатын Сталинград шайқасын  Кеңес үкіметі емес керісінше  ағылшын –американдықтардың үшінші кезекті бомбалауының арқасында жеңді деп сендіруде. Батыста ағылшын –американдықтар Сталинград түбінде гитлерлік жасақтың талқандауына қолайлы жағдайды Кеңес үкіметі жасап бергендігі туралы айтылмайды. Әсіресе Сталинград туралы шындықты бұрмалауға батыс германдықтар белсенді жұмыс атқарды. Вермахтың бұрынғы әскер қолбасшылары фельдмаршал Манштеин, генерал Бутлар, Дерр тағы басқалар Сталинград түбіндегі жеңілісті жай ғана сәтсіздік немесе өкінішті қате деп түсіндіріді. Олардың айтуынша Сталинград түбіндегі жеңіліске Гитлер және оның жолын ұстайтын аз ғана топ кінәлі деп көрсетеді. Өйткені гитлерлік қылмыстан айырылу арқылы соғыстан кейігі қабылданған соңғы шешімдерді өзгертуге тырысып бақты. Бірақ сол кездері документтер, фактілер тарихтың өзі де кеңес –неміс майданында жеңіліске ұшыраған стратегиялық операцияларды ұйымдастыруда Гитлер мен бірге оның жоғарғы қолбасшылары, яғни Идоль, Кейтель, Манштеин т.б. көмектесіп өз ойларын қосқан болатын. Кейін Гитлердің өзін айыптау, жеңілісті сәтсіз қате деп санау арқылы кеңес үкіметіндегі әскери қобасшылардың жауды жеңе алмайтындығына және Қызыл Армияның батырлығына күдік келтіру еді. Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты әдеби естеліктерде, ғылыми зерттеулерде, оқулықтар мен мақалаларда Кеңес үкіметінің қосқан үлесіне, шығынына күдік келтіреді. Батыс германдық «Шпигель» журналында Германияның талқандалуының басты себебі Кеңес армиясының соқысы емес, 1944 жылы «Арденндік операцияның» сәтсіздікке ұшырауы және Батыстықтардың соққысы деп көрсеткен. Тарихи шындық сол 1942 жылы Кеңес одағы ұйымдастырған керемет әскери операция, Ұлы Отан соғысы және екінші дүниежүзілік соғыста шешуші шайқас болды. Гитлерлік генералдардың 1942-1943 жж қысқы жоспарында Кеңес Одағының оңтүстік ауданында барлық майданына кенеттен шабуыл жасау арқылы Кеңес Одағын басып алып оны талқандау болатын. Дегенменде фашистік Германияның саяси және әскери қолбасшылары 1942 жылдың басында-ақ бүкіл соғыс басында КСРО-ға ұйымдастырған жоспардың сәтсіз аяқталатынын байқаған болатын. Сондықтан Кеңес Одағына жаңа жосспар ұйымдастыруға кіріскенімен фашистік Германияның басшылары өз одақтастарына 1942 жылдың жазында Москва мен Ленинградты жермен жексен етіп Қызыл Армияны талқындаймыз деп сендіруде болатын. 1942 жылдың көктемінде кеңес-неміс майданында (неміс әскері) алдыңғы құрамдағы неміс әскері үштен бір бөлігінен айырылып, бір мезгілде бірнеше бағытта соғыс жүргізу мүмкіндігінен айырылған болатын.Сондықтан Гитлердің 1942 жылғы страттегиясындағы басты мақсат КСРО әскерінің барлығын дерлік жою және экономикалық базасынан айыру болатын. Вермахтың генералдық штабында мынадай пікір қалыптасты, егер 1942 жылы жетістіктерге жету үшін басты щабуылды Оңтүстік стратегиялық бағытта, яғни Донбас, Сталинград және Кавказды алу арқылы жеңіске жетуге болады деп пайымдады.1942 жылы неміс-фашистік жасақтарының кезекті міндеті Вермахтың Бас қолбасшысының 1942 жылы 5 сәуір дерективасында айқындалған болатын. “Кинстердің басқаруындағы қалған әскери-экономикалық оталықтарынын айыру”. Сондай-ақ дерективада: “Ең алдымен маңызды оперцияны жүргізу үшін Оңтүстік аудандардағы Донның батыстағы жаудың негізгі күшін ұрту арқылы Кавказдың невтік аудандарын басып алу және Кавказдың таулы жоталарынан асып өту болатын”“Маңызды операцияға” қатысатын жасақшыларға Бас қолбасшы Донның оңтүстік және шығыс жерлерін басып алуғы қолайлы болған әрбір мүмкіндікті қодануға рұқсат берді. Тіпті Сталинградқа кіруіне тәуекел жасауларын сұрады. Вермахтың 1942 жылғы стратегиялық жоспарында Кавказ орталықтанған маңызды жер ретінде қаралатын, ал Сталинград стратегиялық жоспарларға жету барысында басып алу көзделді.

     Операцияның  қорытындысында немістер Харьков және Изюм-Барвенков аудандарындағы өз күштерін көбейтіп стратегиялық инициативаны қолға алды. 1942 жылдың 28 маусымда гитлершілер кеңес-неміс майданындағы шабуыл бағытын оңтүстік қанатқа қарай бұрды. Неміс фашистерінің басты мақсаты Оңтүстік Кавказ екені айқындалғаннан кейін ставканың Бас қолбасшысы және әскери қолбасшылары Сталинградты маңызды стратегиялық аудандардан бірі яғни елді, оңтүстігі мен орталығын байланыстыратын бірі ретінде қарапе осы аудандардағы маңызды су және құрлық жол қатынастарын бақылауға алды. Географиялық және экономикалық жағдайына қарай Сталинградты Кеңес Одағының маршалы А. М. Василевский былай деген болатын: “Бұл аудан стратегиялық маңызға да ие”. Кеңе үкіметі Сталинградта және оған барар жолда мықты (қорғаныс) шабуыл ұйымдастыруға кіріскен болатын. Савка шілденің 12-сінде Сталинград майданын құрды. Онда 62-ші, 63-ші жіне 64-ші құралған армия ставкадан Сталинградқа бағыт алды. 1942 жылы шілдеден КСРО-ның жоғарғы Кеңес Президиумында Сталинград облысы соғыс жағдайында деп жарияланды. Сталинградтық обком партиясы мен қалалық тез арада жергілікті тұрғындарды мобилизациялауға кірісті. Қысқа мерзімде халық жасақтары жаңа бөлімшелерге бөліне бастады. 1942 жылы шілденің ортасында фашистік неміс жасақтарының Сталинград облысының территориясына бастырып кіргенінде Сталинград бағытына ұсынылған кеңес жасақтары қорғаныс шептері толық аяқталмаған болатын. Сталинград шайқасы 17 шілдеде кеңес жасақтарының қиын жағдайына тап келді. Осы уақытта Сталинград ауданына шабуылдаушы 6-армияның құрамында 270 мыңға жуық адам, 400 танк және 1,2 мың әскери самолеттері болатын. Оған қарсы тұратын кеңес жасақтарының құрамында 160-мыңға жуық адам, 2,2 мың қарумен миномет, 400 танк жіне 514 самолет бар болатын.Гитлершілер кеңестердің күшінен басым түскенін көргеннен кейін Сталинградты өте тез арада ала алатындарына кәміл сенді. Бірақ Сталинградтағы вермахтың дивизиясы төзімді қарсылық көрсете алатын кеңес жасақтарына тап келді. Жаудың алға жылжуы бірден тоқтап қалды. Вермахтың жоғарғы қолбасшысы Сталинградтағы кеңес жасақшылары операцияның басты мақсаты болған Кавказды неміс фашист армиясынан басып алуына кедергі болады деген күдікпен мұндағы армияны тез арада талқандауға бұйрық береді. Дегенмен Сталинградтағы кеңес жасақшыларының қарсылығын жеңу мүмкін болмады.

     Вермахтың  жоғары командованиесінде шілдедегі  жағдайды Идоль былай деп тұжырымдады.  “Кавказдың тағдыры Сталинградта  шешімді” деді.

Гитлер 31-шілдеде 4-ші танк армиясын Кавказдан Сталинградқа бұруына  бұйрық берді. Сталинградқа бағытталған жау күшінің өте тез арада көбейгені соншалық: шілденің ортасына қарай 14 дивизия болса, тамыздың ортасында – 39 дивизия жиналған болатын.Сталинград бағыты қосымшадан басты әрі шешуші шайқасқа айналды.

     Әрине, бұл немістердің басты мақсаты болған Кавказдағы күші азайып қалды деген емес. Гитлершілер Сталинградта тұйыққа тіреліп қалғанымен операцияның басты мақсатына табанды түрде ұмтылды.

1942 жылы тамыздың екінші  жартысында, қандай қиыншылық болса  да Басты Кавказ жотасын және  невтік аудандар болып саналатын Грозныймен Бакуды басып алу үшін фашистік неміс жасақтары жаңа қарумен жаңартылды. Олардың жолдарында кедергі болған Кавказдың таулы жотасы емес, керісінше Кавказды қорғаушы кеңес әскерінің батырлығы мен қаҺармандығы болатын. 1942 жылы гитлердің стратегиялық жоспарындағы Сталинград пен Кавказды алуына Кеңес Одағының қарулы күштерінің батырлығы жоспарды толығымен талқандады.

Англия мен АҚШ-тың  билеп-төстеуші топтары 1942 жылы Европада екінші майдан ашамыз деген уәделерін  орындамады. Оның ашылмағандығын пайдалана отырып гитлерлік командование өзінің резевтерін шығысқа жіберді. 1942 жылғы 1 июльге қарай совет – герман майданында дұшпанның ең кем дегенде 237 дивизиясы болды. Дәл сол кезде Солтүстік Африкада ағылшындаға қарсы тек 4 неміс және 11 итальян дивизиялары әрекет етті.

     Алайда  гитлершілер сол кездің өзінде-ақ  соғыстың басындағыдай барлық  майдан бойынша шабуыл жасай  алмады. Бұл жолы олар күштерін  майданның оңтүстік учаскелерінде  соққы беру үшін шоғырландырды.  Немістердің 1942 жылғы жаздағы шабуылының мақсаты: Оңтүстік – Батыс және майдандардағы совет әскерлерін талқандап, Донның үлкен иреңіне шығу және одан кейін Сталинград және Кавказ жағына қарай шабуылды өрістету болды. Гитлершілдер Оңтүстікте орнығып алып, содан кейін солтүстік-шығыс бағытта шабуылға шықпақшы болған еді. Гитлершілдер 8 майда Керчь түбегінде шабуылға шықпақшы еді. Қызыл армияның бөлімдері жаудың басым күшіне аса табандылықпен қарсылық көрсетті. Совет жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуіне қарамастан, олар Керчті тастап кетуге,сөйтіп солтүстік Кавказға шегінуге мәжбүр болды. Неміс командованиесі Севастопольге шабуылды күшейтті. Шабуылдар үсті-үстіне жасала берді. Севастопольдің қаһарман қорғаушылары дұшпанның жоспарларын іске асыртпай, оны адам күші мен соғыс техникасы жағынан орасан зор шығынға ұшырата отырып, табандылықпен қорғанды. Алайда күштер тең емес еді. 3 июльде Приморье армиясы мен Қара теңіз флотының бөлімдері Совет командованиесінің бұйрығы бойынша Севастопольді 250 күндік ерлік қорғаныстан кейін тастап кетті. Севастопольді қорғау Отан соғысы тарихының даңқты бір беті болып табылады. 12 майда Оңтүстік-Батыс майдандағы совет әскерлері Харьков маңында шабуылға шықты. Алайда  17 майда неміс-фашист әскерлерінің ірі тобы Славянск ауданы мен Барвенковтың Оңтүстік жағында біздің армиямызға қатты соққы беріп, соның нәтижесінде жау Харьковка шабуыл жасап бара жатқан совет әскерлері тобының коммуникациясына келіп шықты. Совет әскерлері кейін қарай шегінуге мәжбүр болды. Совет әскерлерінің Харьков түбіндегі жеңілісі және Қырымды тастап кетуі 1942 жылғы жаздағы соғыс қимылдарының барысына өте теріс әсерін тигізді.

     28 июльде  дұшпан Курск-Воронеж  бағытында  шабуыл операцияларын бастады.  Мұнда табанды қарсылыққа тап  болған гитлершілдер оңтүстікке, Сталинградқа қарай бұрылып, соққының бағытын бұрды. Қаланың іргесін қорғап тұрған совет әскерлерінің күші сан жағынан дұшпан күшінен әлдеқайда аз еді. ВКП(б) облыстық комитеті басқарған Сталинград еңбекшілері қаланың бекіністерін күшейтті. Қорғаныс шебінің құрылыстарында күн сайын қаланың 150 мыңға жуық тұрғыны жұмыс істеді. 1942 жылғы июльде Сталинград  майданы құрылды.Оның басшысы болып генерал А.И.Еременко тағайындалды.

       Осымен бір мезгілде Кавказда да шайқастар қызып жатты. Неміс-фашист әскерлері июльдің аяғында Ростов маңында Доннан өтіп, Солтүстік Кавказға шықты. Краснодарды,Ставропольді, Майкопты алып қойды, сөйтіп бірталай жерлерде Кавказ тауының біраз жотасына дейін жақындады. Жоғарғы бас командованиенің 28 июльдегі бұйрығында елге орасан қауіп төнгендігі айтылды. Бұйрықта: «Бір адым да шегінуге болмайды» деген жауынгерлік сөздері ерекше әмірдей естілді. Майдандағы әрбір жауынгер оны қайткен күнде де Отан қоғау керек деген оймен түсінді. Гитлершілдер жаңа әскер бөлімдерін әкеп төгіп жатты. Совет әскерлері Волгамен екі арада айналасы шағын ғана қорғаныс шебінде қыспақта қалды. 1942 жылғы 13 сентябрде қала үшін ұрыстар қыза түсті. Қаланы қорғау генерал В.И.Чуиков командашы болып тағайындалған 62 армияға және М.С.Шумилов басқарған 64 армияға жүктелді. Қаланың әр көшесі мен әр үйін қорғау басты міндет болып тағайындалды. Сталинград шайқасы – Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысындағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Оралдың оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экономикалық маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны «2» соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді. 28 қыркүйекте Сталинград майданы – Дон (қолбасшысы генерал – лейтенатнт К.К.Рокоссовский) және Оңтүстік – Шығыс майданы (қолбасшысы генерал – полковник А.М.Еменко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Кеңес әскерлерінің стратегиялық қорғаныс операциялары барысында 1942 жылы шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан аса танкісінен, 2 мыңнан аса зеңбірегі мен минометінен, 1400 әскери және тасымал ұшақтарынан айрылды. Нәтижесінде жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды. Кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы 1942 жылы 19 қарашада басталды. Ол үш операциямен іске асырылды: «Уран» – Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу; «Кіші Сатурн» – Сталинградта қоршауға түскен неміс әскерлеріне батыстан және оңтүстіктен келетін көмектің жолын кесіп тастау; «Шеңбер» – Сталинградта қоршауға түскен фельдмаршал Ф.Паулюстің армиясын талқандау. Бұл міндеттерді іске асыру Оңтүстік – Батыс майдан (қолбасшысы генерал – лейтенант Рокоссовский) және Сталинград майданы (қолбасшысы генерал – полковник Еременко) әскерлеріне тапсырылды. Шабуылдың бесінші күнінде Оңтүстік – Батыс және Сталинград майдандарының алдыңғы шептегі бөлімдері қосылды. Неміс әскерлерінің 300 мыңнан астам елеулі тобы қоршауда қалды. Қоршауға түскен әскерлерді сырттан соққы беру арқылы одан босатуға ұмтылған гитлерлік командование генерал – фельдмаршал Э.Манштейннің басшылығымен «Дон» армиясы тобын құрды, ол Сталинград тобына бұзып өтуді бастады. Манштейнге қарсы Ставка генерал – мойор Р.Я.Млиновскийдің 2 – гвардия армиясын бұрды. Оңтүстік – Батыс және Сталинград майдандарының ойдағыдай әрекет жасауы нәтижесінде 6 және 4 – неміс танк армиясы, 3 және 4 – румын, 8 – итальян армиялары талқандалды. Солтүстік Кавказда әрекет етуші неміс – фашист әскерлерінің тылына, Ростовқа шабуыл жасауға жағдай туды. 1943 жылы 10 қаңтарда Рокоссовскийдің қолбасшылығымен кеңес әскерлері дұшпанның Сталинград түбінде қоршауда қалған тобын жоюға кірісті. Дәл сол кезде Волга бойындағы шайқас барған сайын үдей түсті. Күшті артилерриялық және авияциялық даярлықтан кейін 23 августа шабуылға шыққан неміс-фашист әскерлері біздің әскерлеріміздің қорғаныс майданын бұзып өтіп Сталинградтың солтүстік жағынан Волганың жағасына шықты.  Майдан гарнизоны және қалалық қорғаныс комитеті гарнизонның әскер бөлімдерін және трактор заводы мен «Красный Октябрь» заводының жойғыш батальондарын ұрысқа салды. Жұмысшылар жаудың оғы астында соғыфс өнімдерін шығарып, жедел түрде майдан шебіне жөнелтіп отырды. Майданның соғыс советінің бұйрығы бойынша қала қоршау жағдайында деп жарияланды. Совет әскерлері мен халық жасақтарының батальондары жауға қайтпас қайсарлықпен күресті. Қоршауда қалғандарға үздіксіз қызмет ететін әуе көпірін ұйымдастырмақ болған әрекеттерін кеңес авиациясы іске асырмай тастады. 1943 жылы 2 ақпанда генерал – фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынды. Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды. Жау өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн. – ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн. 130 мыңға жуық адамынан айрылды. Оған қоса фашистер 32 – дивизиясынан және 3 – бригадасынан айрылып, 16 – дивизиясы соққыға ұшырады. Сталинград шайқасы екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады. Неміс – фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі неміс халқына моральдық – саяси жағынан қатты әсер етті. Германия одақтастарының шығыс майданда соғысқа деген ықыласы болмады. Сталинград түбінде Венгрия, Италия және Румыния әскерлерінің жойылуы бұларға қатты әсер етті. Италия мен Венгрия соғыстан шығу жолдарын жоспарлады. Түркия бейтараптығын сақтап қалды. 1942 – 43 жылдары антигитлерлік коалицияның құрамы өсіп, жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді. Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына таратылды. 1942 жылы 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК – нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев, Умаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды. Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты. Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1 – танк армиясы мен 57 – армияның қоймалары орналасты. Орал қаласында ірі әскери – оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзенін «4» бойлай Сталинградтан әкелінген «Волготанкер» кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Жау Қазақстан аспанында 30 – ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73 – гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387 – атқыштар дивизиялары, 81 – атты әскери дивизиясы, 74 – теңіз атқыштар бригадасы, 129 – миномет полкі және 156 – жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Даңқты 62 – армиясының құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды. 64 – армиясы құрамында болған қазақстандық 29, 38 – атқыштар дивизиясы Сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 72, 73 гв. атқыштар дивизиясы атанды, 73 – гв. атқыштар дивизиясына «Сталинградтық» құрмаетті атағы қоса берілді. 1942 жылы 22 желтоқсанда «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Қеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі Қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С.Позолотин, взвод командирі Г.Г.Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда Сталинград (қазіргі Волгоград) қаһарман қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 – 1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы «Сталинград шайқасы» музей – панорамасы ашылды.

Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы