Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

     Деректерге көз жіберсек, Сталинград шайқасына 2 миллионнан астам адам, 26 мың зеңбірек пен миномет, 2 мыңнан артық танк және соншалықты ұшақ қатысқан. Мұндай шайқасты адамзат бұрын-соңды естіп-көрмеген болатын. Сталинград шайқасы зор майдан ғана болып қойған жоқ, ол дүниежүзілік соғыстың барысына түбегейлі өзгеріс жасаған тарихи оқиға да болды. Осы шайқастың жеңіспен аяқталуына КСРО халықтарымен бірге Қазақ елі еңбекшілері де зор үлес қосты. Ордалықтар да ерекше көзге түсіп, Сталинград қаласын қорғауға мыңдаған ұлдарын аттандырды. Бір мысал келтірер болсақ, 1942 жылдың 18 маусымында Батыс Қазақстан облысында дайындықтан өткен 26 225 жауынгер Сталинград майданына жіберілген. Батыс Қазақстан облысы  сол кездегі Сталинград облысымен 300 шақырымға жуық шекара арқылы шектесетін, жаудың Еділ өзеніне шығуына байланысты облыстың аудандары Сталинград майданының тылына айналды. Ол Орда, Жәнібек, Казталов, Фурманов аудандары болатын. Ал Жәнібек, Сайқын, Шонай темір жол стансалары Сталинград майданының қарамағына енген. 1942 жылы Орал-Урбах-Красный Кут-Сайқын-Верхний- Басқұншақ-Паромная темір жол стансалары арқылы жүк тасылған. Соғыс өртінің аудан аумағына жақындауына байланысты, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бұйрығына сәйкес 1942 жылдың тамыз айынан бастап, Орда ауданы Сталинград майданының қарамағына енгізіліп, аудан “Соғыс жағдайында” деп жарияланған. Оның барлық шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі майданның қажетіне бейімделген. Облыстық партия конференциясында партия комитетінің бірінші хатшысы А.Василевский естелігінде былай деп көрсетіпті: “Орал қаласы, Жәнібек, Казталов, Орда, Фурманов аудандары Сталинград майданының ең таяу аумағына кіріп отыр. Сондықтан партия, кеңес ұйымдарынан өте қырағылықта болу талап етіледі. Майдан мен тыл мәселелерін тығыз байланыстырып шешу қажет”.Облыстық, аудандық партия активтерінің жиналыстары үрей туғызушылықты болдырмаудың, тәртіпті нығайтудың, майданға көмекті күшейтудің және өзі тұрған қала, село мен ауылды қорғауға дайындықты арттырудың ең маңызды шаралары белгіленген. Жер-жерде ерікті батальондар ұйымдастырылып, жалпы тәртіппен барлық кәсіпорындардың, тұрғындардың тыныштығын сақтау жөнінде тұрақты кезекшілік тағайындалып, әкімшілік қорғаныс қимылдарын реттеуді ұйымдастырған. Ордада қыздарды медбике жұмысына дайындайтын курстар ашылған. Кенттер мен ауылдарда жау авиациясының шабуылынан сақтану шаралары жан-жақты қарастырылыпты.

Орда поселкелік гарнизоны  бойынша:

1. Майдан командованиесінің  бұйрығы бойынша осы күннен  бастап Орда поселкесі гарнизонының  бастығы міндетін атқаруға кірістім.

2. Орда поселкесінің  әскери коменданты етіп капитан  Е.В.Жуков жолдасты тағайындаймын.

3. Мемлекеттің барлық  жергілікті органдары, қоғамдық  ұйымдар мен мекемелер қолда  бар күш пен құрал-жабдықтың  бәрін қорғаныс мүддесіне пайдалану  үшін гарни­зонның әскери командованиесіне көмектесуге және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға міндетті.

4. Поселкедегі қозғалыс тәртібін 24.00 сағатқа дейін (жергілікті  уақыт) орнатамын, одан кейін  арнайы рұқсаты жоқ адамдар  тоқтатылып, комендантқа жолданады.  Сағат 4.00-ден бастап қозғалысқа рұқсат етемін.

5. Орда поселкесінің  мекемелері, өнеркәсіп орындары, барлық  тұрғындары қараңғылық түскеннен  кейін жарық болмауын қамтамасыз  етулері тиіс.

Орда поселкесінің гарнизон бастығы полковник Мидия”. “24 қыркүйек, 1942 жыл. Орда поселкесі. Орда аудандық атқару комитетіне. Майдан қолбасшысының бұйрығы бойынша Орда поселкесінде Мемлекеттік әуе флоты Киев ерекше авиатобының бас отряды орналасуда. Аталған бөлімше жауын­герлерінің орналасуына көмектесуіңізді сұраймын. Авиатоп командирі подполковник Чанкотадзе. Топтың военкомы батальон комиссары Горбань”.

    Неміс әскерлері  Сталинград майданының орталықпен, жалпы елмен байланысын үзу  үшін осы кезге дейін қатынасты  қамтамасыз етіп тұрған жалғыз  жолды – Астрахань-Урбах темір  жолын және оның бойындағы стансаларды істен шығару мақсатында дамылсыз өршелене бомбалапты. 1942 жылғы қазан айының 25-інен бастап, КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімі бойынша біздің ауданның жерлері кеңес елінің әуе қорғанысы пункттерінің қатарына қосылған ғой. Сталинград шайқасы кезінде Қазақстанның Жәнібек, Сайқын, Шоңай сияқты темір жол стансалары Сталинград майданының соғыс қимылына тікелей қатысты. 1942 жылдың бірінші жартысында-ақ бұл жолдарға Сталинград үшін барлық қажетті жүкті тасу салмағы түскен екен. Жау авиациясының жиі-жиі шабуылы темір жол учаскелеріне көптеген қиындықтар келтірген. Әсіресе, Урбах-Астрахань темір жол бағытындағы, Сталинградқа жақын жерлердегі жағдай ауыр болған. Қыркүйектің 22-інен 23-іне қараған түнде Сайқын және Шоңай стансаларын жау ұшақтары бомбалаған. Жаудың төрт бомбалаушы ұшағы Сайқын стансасына шабуыл жасап, Орда аудандық әскери комиссариатының әскерге шақырылған солдаттар эшелонына пулеметтен оқ жаудырыпты. Сол секілді Украинаның Днепропетровск қаласын­да тұрған №196 Гатчинск атқыштар дивизиясының жаралы жауынгерлері мінген эшелонды неміс ұшақтары Сайқын стансасына кіре берісте бомбалап, вагондардың тас-талқанын шығарған. Сол жолы көптеген жауынгер қаза тауып, бірқатары ауыр жараланған. Сталинград шайқасының дүниежүзілік тарихи маңызын әлем мойындаған болатын. Отан соғысының барысында шешуші рөл атқарған бұл сұрапыл шайқасқа көп ұлтты кеңес халықтарымен бірге қазақ халқының ұл-қыздары да белсене қатысты. Сталинград майданының ең шешуші сәтінде Батыс Қазақстан оның тылына айналды, майдан басшылығының шешімімен Орал қаласы соғыс аймағы деп саналып, бірнеше аудандар Оңтүстік Орал соғыс округінің құрамына енді. Гурьевте облыстық қорғаныс комитеті құрылып, Сталинград майданының 120 әскери бөлімшесі Батыс Қазақстанға орналастырылады. Аймақтың экономикалық бағыты да соғыс жағдайына бейімделіп қайтадан құрылды. Бұрыннан осы өңірде қалыптасқан және жұмыс істеп отырған өнеркәсіп орындары, фабрикалар мен зауыттар ендігі жерде өз өнімдерін майдан талаптарына сай, әскери өнімдерді өндіруге жасақтандырылды. Тез арада облыстың халық шаруашылығын соғыс жағдайына сай құру, күшті әскери экономиканы жасау міндеті облыс басшылары мен еңбеккерлерінің, жұмысшылары мен қызметкерлерінің басты міндетіне айналды. Сол жылдары қазақстандық индустрияның алыптары больш саналатын Гурьев мұнай өңдеу және металлургия тұңғышы болған Ақтөбе ферросплав зауыттарының құрылыстары қарқынды жүргізілді. Соғыстың осынау бір ауыр кезеңінде іске қосылған өнеркәсіп алыптарының мұнайды молынан өндіріп, майданға жедел жеткізу мәселесіне ерекше мән берілді. Баку мен Грозныйдан эвакуацияланған мұнай бұрғылау құралдары мен электр жабдықтары Каспий өңірінде кеңінен пайдаланылып, әсіресе Ембі мұнай кәсіпшіліктерін қайтадан жабдықтауда маңызды көмек қоры болды. Сталинград шайқасы кезінде Қазақстан мен Орта Азияны Кеңестер Одағының еуропалық бөлігімен байланыстыруда күре тамырға айналған Каспий теңізінің аса зор транспорттық маңызын барынша арттыра түсті. Каспий арқылы Еділ және Жайық өзендері бойымен мұнай өнімдері, тұз қорлары, ағаш, астық, өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің толассыз тасымалдануы майдан мен тыл арасындағы екіжақты байланыстың еш кедергісіз жүруіне мүмкіндік береді. Донбасстың жау қолында қалуы, Солтүстік Кавказ бен Закавказьенің мұнайлы облыстарындағы транспорттық байланыстардың үзіліп қалуы Батыс Қазақстанда транспорттық тасымалдауды кешенді дамыту қажеттігін туғызады. Өйткені, соғыстың алғашқы жылдарында аймақтағы жүк тасымалдау мүмкіндігі күн талабына сай емес болатын. Бірақ осы бір үлкен кемшіліктерге қарамастан Ақтөбе және Орал темір жол бөлімшелерінің теміржолшылары майдан өтінде қалған тұрғындарды, өнеркәсіп орындары мен олардың құрал-жабдықтарын, стратегиялық шикі заттарды тылға тасымалдаса, керісінше майданға: қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери техника, азық-түлікпен қатар, полктер мен дивизия құрамаларын да жеткізіп отырды. Ұлы Отан соғысы басталған жылдары Атырау облысының халықтары жаппай майданға өз еріктерімен аттана бастады. Ал облыс Қазақстанның Батыс өңірінде орналасқандықтан соғыс қимылы қауіп төндірген аймақ болып есептелді. Осыған орай КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы 1942 жылы тамыз айында құпия жарлық шығарып, Каспийдің солтүстік өңірін соғыс жағдайында деп жариялады. Осыған орай 1 қыркүйекте облыстық Қорғаныс комитеті құрылып, оны 3 қыркүйекте Қазақстан Орталық партия комитеті қаулы шығарып бекітті. 1942 жылдың 29 қыркүйегінде Гурьев қалалық партия комитетінің отырысы өткізіліп, оған облыстағы барлық өндіріс басшылары шақырылды. Бұл жиылыста облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы және Гурьев Қорғаныс комитетінің төрағасы Мырзахмет Бекжанов «Облыстың соғыс жағдайында болуына байланысты партия ұйымдарының алдында тұрған міндеттер» деген тақырыпта баяндама жасады.Гурьев өңірін соғыс жағдайында деп жариялауға тағы бір себеп болған Солтүстік Кавказ жау қолында қалып, ол жерден алынып тұрған жанармай тыйылып, самолет, танк, машиналарымыз жанармайсыз қалуға тірелді. Сондықтан жанармайларды Бакуден Гурьевке баржымен тасуға мәжбүр болды. Екіншіден, Сталинград майданының дүрсілі Гурьевке естіліп жатты. Егер Қорғаныс комитеті 1942 жылы 1 қыркүйекте құрылған болса, он күннен кейін жау қаланы бомбылай бастады. Тек кеңестік ұшқыштардың қырағылығы қаланы талқандаудан аман алып қалды. Сондықтан да Гурьевті соғыс жағдайында деп жариялау өзін толықтай ақтап шықты.Қазақ КСР ХКК мен Қазақстан КП(б)ОК 1941 жылдың 20 шілдедегі шешімі бойынша Қазақ КСР ХКК жанынан 7 адамнан тұратын эвакуациялық бөлім құрылды. Бөлім басшысы болып Қазақ КСР ХКК-сы төрағасының орынбасары М.Абдықалықов тағайындалды.КСРО ХКК мен БК(б)П ОК-ті 1941 жылы 27 маусымда «Адамдар контигенті және бағалы мүліктерді шығару мен орналастыру тәртібі туралы» қаулысымен, кейін МҚК-нің 1941 жылғы 7 тамыздағы қаулысымен толықтырылып, эвакуацияланған кәсіпорындар мен адамдар жаңа жерге орналастырыла бастады.1941 жылы республика территориясында 323 адам жұмыс жасаған 12 эвакопункт жасақталды. Республикада 484 149 эвакуацияланған адам отырықтады, оның ішінде қалаларда 162 982 адам, ауылдық жерлерде 321 167 адам орнықты. Жалпы республика эвакуацияланған 450 273 адамды қабылдаса, оның ішінде Гурьев облысы 9 278 қоныс аударғандарды қабылдады.Осылайша 1941 жылы 8 шілдеде Гурьев облыстық комитетінің отырысында эвакуациялық пункт ұйымдастыру жөніндегі мәселені қарастырып, Орджоникидзе атындағы мәдениет үйінің (қазіргі Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет үйі) ғимаратынан мұнайшылар одағының тез арада шығуын талап етіп, ғимаратты эвакуациялық пункттің қарауына берген. 1941 жылдың 20 қарашасына дейінгі уақытта пункт арқылы 35 520 адам өтті. Соғыстан кейінгі халықтың саны Қазақстанда күрт жоғарылады. 1942 жылы Қазақстанға көшіп келген халық саны 409,8 мың, 1943 жылы 1қаңтарда 471,3 мың, соның ішінде қалаларда 166,5 мың адам болды. Гурьевте 1939 жылы 41 мың халық болса, 1983 жылы 140 мың адамға көбейген. Бұл өсім эвакуация нәтижесі еді.Соғыс жылдарында тек халық емес, сонымен қатар КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі жануарлар мен кәсіпорындардың біршамасы Гурьев облысына эвакуацияланды. Атырауға бүткіл Одаққа танымал болған Сталинград облысынан Петровский атындағы машина жасау зауыты көшіріліп, Гурьев механикалық зауыт үйіне орналастырылды. Астраханнан В.И.Ленин және Интернационал атындағы кеме жасау зауыты, «Азнефтестрой», «Грозныйнефть» және т.б өндірістік мекемелер көшіріліп әкелінді. Олармен бірге 1000-нан астам мамандар келді. Ал Чернагов облысы Нежина қаласындағы «Балық зауыты» Гурьев балық консерві комбинаты үйінде орналастырылды.Соғыс жылдарында Қазақстанның Батыс облыстарына әскери госпитальдарды 1941 жылы 20 шілдедегі ХКК мен ҚКП(б) ОК-ның «Эвакуациялық госпитальдары жасақтау мен материалдық қамтылуы туралы» қаулысына сәйкес эвакуациялау жүргізілді. 1941 жылдың өзінде Қазақстанда 32 100 орны бар 72 эвакуациялық госпиталь емдеу қызметін атқарған. Госпитальдардың басым көпшілігі Қазақстанның батыс облыстарында, яғни майданға жақын жерлерде шоғырланған.Бұған дейінгі деректер бойынша Атырау облысында 1942-1944 жылдары аралығында Пионерлер үйінде №2967, Мұнайшылардың демалыс үйінде №4116, Куйбышев атындағы мектепте № 4038, Консерві комбинатында №3946, Мұнай техникумында №1383 госпитальдар және аудандардың ішінен тек Доссорда 1 госпиталь ұйымдастырылып, жаралы жауынгерлерді емдеген. Оларда емделген 9 318 адамның 93-і ауыр жарақаттан дүние салған. Осыған сай деректер Атырау энциклопедиясында да соғыс жылдары Гурьев қаласында жаралылар үшін 1 100 төсектік үш госпиталь ұйымдастырылып, Сталинград шайқасы кезінде мұнда 2 200 жауынгер емделіп, қайтадан майданға аттанғандығы және осы жылдары қаладағы емханаларда 9 300 жаралы жауынгер мен командир емделіп шыққандығы дәлелденген. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі мұрағатынан соңғы кезде келген жауап бойынша Гурьевте соғыс жылдары 10 госпиталь болғандығы айтылады. Бұған дейін бар болғаны 5 госпиталь есепке алынып жүрген болатын. Бірақ олардың бәрінің бірдей қай жерлерде екені әлі күнге дейін белгісіз. Соғыс жылдарында осы Гурьевтің эвакогоспиталінде қайтыс болған 20 жауынгердің аты-жөні анықталды. Енді қолда бар дерек бойынша олардың саны 160-қа жеткен. Бұл қалада жергілікті және көшіп келген әскери ауруханалардың болғандығын дәлелдейді.1942 жылы қаңтар айында Гурьев облысына 450 жаралы жауынгер жеткізіліп, Доссор және Гурьев госпитальдарына бөлінді. Доссорға 100 жауынгер, Гурьев госпитальдарына 352 жауынгер жіберілді. Оның ішінде Гурьевтегі балық техникумы ғимаратында орналасқан госпитальге – 200, Пионерлер үйінде орналасқан госпитальға – 50, ГПК – 50, Демалыс үйіндегі госпитальға 52 жаралы бөлінген. Кейбір деректерге және естеліктерге сүйенсек С.М.Киров атындағы мектептің сыныптары да госпитальға айналдырылғанын көруге болады. Бұл №1383-ші госпиталь орналасқан мұнай техникумының маңында орналасқандықтан, осы госпитальдың бөлімшесі болуы да ықтимал. Мұрағат деректеріне сүйенсек Балықшыда тек балық техникумының ғимаратында орналасқан №3946-шы госпиталь ғана емес, сонымен қатар УК Госрыбтрест ғимаратында да және де №44 мектептің ғимаратында госпиталь орналастырылған. Бірақ №44 мектеп дәл қай жерде болғандығы белгісіз. Астраханда жарық көрген «Чтобы знали и помнили» атты мемуарлық жинақта Шейна Ароновна соғыс жылдары жолдасы Петр Новак майданға аттанғаннан кейін Астрахандағы №1532-ші әскери ауруханаға жұмысқа орналасып, 1942 жылы ауруханамен бірге Гурьевке эвакуацияланғандығы баяндалады. Бұл әскери аурухананың қай жерде орналасқандығы жөнінде әзірге дерек жоқ.Ресейдің Покров бекетінде 1924 жылы дүниеге келген Сергей Кузнецов (1 сурет) 1942 жылы 17 жасында майданға аттанады. 1943 жылы 26 наурызда жас жауынгер Сергей Кузнецов оң аяғынан ауыр жараланады. Майдан даласында аяғына ота жасалып, емделуге Калуга қаласына жібереді. С.Кузнецов 1944 жылы Гурьев қаласындағы №3946-шы эвакогоспитальдан емделіп шығады. Семей облысында дүниеге келген А.С.Лаврушина (2 сурет) 1940 жылдары фармацевтикалық мектепті бітіргеннен кейін Гурьев қаласында дәріхана бастығы болып жұмыс атқарып, соғыс басталған 1941 жылдан бастап Мұнайшылардың демалыс үйінде орналасқан №4116 госпитальда қызмет атқарып, медициналық қызметтің лейтенанты шеніне көтерілген.Соғыс жылдарында мектеп, балабақша, оқу орындарының жатақханалары т.б. көптеген ғимараттар госпитальдарға берілгенімен емдеу мақсаттарына арналмаған мекемелерді госпитальдарға айналдыру, санитарлық талаптарға сай келтіру, азық-түлік блоктарын т.б. салу сияқты күрделі жұмыстарды атқаруға тура келген. Бұл денсаулық сақтау органдарының қолынан келмейтін қиын іс еді. Жергілікті жердегі заводтар мен фабрикалар, колхоздар мен совхоздар, мекемелер мен оқу орындарының ұжымдары госпитальдарды қамқорлыққа алып, жан-жақты қолдау жасады. Облыс маңындағы кәсіпорындар, колхоздар, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен өздері қамқорлыққа алған госпитальдарды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырды. Бұл госпиталь үшін қосымша зор көмек болды. Гурьев қалалық комитеті эвакогоспитальдарды 1942-1943 жылдардағы қысқы уақытта отынмен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Қазмұнайкомбинатының бастығы Байгесиев және УК Госрыбтрест басшысының орынбасары Поповқа Қазмұнайкомбинатының территориясында орналастырылған пионер үйіндегі, демалыс үйіндегі, мәдениет үйіндегі госпитальдарды отынмен қамтамасыз етуді және балық техникумы мен УК Госрыбтрест ғимараттарындағы госпитальдарды күзгі-қысқы кезеңдерде жылу үшін де, азық-түлік блогы үшін де отынмен қамтамасыз ету жүктелген. Сондай-ақ Гурьев Қалалық Комитетінің Атқару Комитетінің төрағасы Филипповқа бұрынғы №44 мектептің ғимаратында орналастырылған госпитальды жылу үшін де және азық-түлік блогы үшін де отынмен қамтамасыз ету жүктелген. Соғыс жылдары Гурьев облыстық қазақ театрының көптеген артистері майданға аттанып, театрдың орыны, мұнайшылар үйі (№4116) госпитальға айналдырылып, артистер гострольдерде жүруге мәжбүр болды. Қалада болған кездерінде госпитальдарға барып, концерт беріп жүрген.Гурьев қалалық Сталин атындағы және Куйбышев атындағы мектеп мұғалімдері мен оқушылары госпитальдардағы жаралы жауынгерлерге жақсы қызмет етіп, күткендері үшін госпиталь басшылығынан алғыс алған. Сонымен қатар мектеп оқушылары Қызыл Әскерден жауынгерлерге ықыласпен қарағандары үшін майданға оралған жауынгерлерден көптеген хаттар алған.Ұлы Отан соғысы жылдарында Гурьев облысы мен қаласындағы госпитальдердің саны әлі күнге дейін толық емес. Ал анықталған госпитальдарды төмендегі кестеден көруге болады. Соғыс жылдары Каспий теңізшілері мен мұнай кәсіпорындары ең алғаш рет Гурьевке дейін Астрахань мен Бакуден цистерналармен мұнай тасымалдауды, сол жерден майданға Каспий-Ор немесе Гурьев-Қандыағаш темір жолы арқылы тікелей жөнелтуді жүзеге асырады. Халық шаруашылығында стратегиялық маңызы үлкен бұл міндетті шешу үшін кешенді транспорттық және техникалық құрылыстарды жүргізіп, солардың көмегімен Гурьев маңайындағы мұнай өнімдерін қабылдауды, әрі оларды теңіз транспортынан темір жолға ауыстыруды және мұнай құбырлары арқылы жіберуді іске асырды. Қаһарман Сталинградты қорғау жолында батыс қазақстандықтар майданға көмек көрсетудің сан-алуан жолдарын қарастырады. Соның бірі әртүрлі танк колонналары мен авиация бөлімшелерін жасақтауға, дербес самолеттер мен танктер жасауға қаржылай көмек жинау болды. Мемлекеттік соғыс заемына жазылу мен тарату шараларының жүзеге асырылуында да облыс тұрғындары патриоттық танытты. Алғашқылардың қатарында Казталов ауданын Ленин атындағы колхоз мүшелері танылып, олар облыс еңбекшілерін бір кісідей соғыс заемына жазылуға шақырса, Ембі мұнайшылары бір айлық еңбек жалақыларын берді. Осындай патриоттық қозғалыстардың тағы бір үлгісі - Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап жауынгерлерді қамқорлыққа алып, майданға еселі көмек көрсетуде тыл мен майдан арасындағы тұрақты байланыстардың орнауы болды. Алғашқы кезде хат және баспасөз арқылы, кейіннен жауынгерлерге күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, азық, жылы киім ретінде сәлемдемелер жіберу қолға алынып, оны арнайы құрылған делегация жауынгерлерге табыстайтын. Мысалға, Ақтөбе, Гурьев және Батыс Қазақстан облыстарынан барған делегация Курск түбіндегі Орталық майдандағы әскер құрамаларына 18 вагон сыйлық тапсырса, Қызылорда, Ақтөбе, Гурьев және Батыс Қазақстан -Сталинград шайқасына қатынасқан әскери құрамаларға 44 вагон сыйлық тарту етеді. Сталинград майданының таяудағы тылы болған Батыс Қазақстан шайқаста жараланған жауынгерлерді, әсіресе көптеген госпитальдарды қабылдауда, оларды облыс мектептері мен техникумдарында, басқа да ғимараттарды қайта жабдықтап, жаралыларды орналастыруда да төтенше шаралар қолданылды. Қазақстандықтар майдан даласында ерлікпен соғысумен қатар, қираған Сталинградты қалпына келтіруге де, жау басқыншыларынан азат етілген Ленинград облысын қамқорлыққа алуға да белсене ат салысты.

    Қорыта келгенде, Ұлы Отан соғысы жылдары өзге де майдан  далаларында  көрсеткен  ерліктерімен  қатар  Кеңес  Армиясының Сталинград шайқасындағы аса маңызды тарихи жеңісінде тылдағы қажырлы да қайратты еңбегімен шыңдалған Батыс Қазақстандықтардың алар орны ерекше. Осы Сталинград түбінде басталған Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыста олардың үлесі зор. Барлық Кеңес Одағының еңбеккерлері қатарында оларда «Барлығы да майдан үшін, барлығы да Жеңіс үшін» қағидасын басшылыққа ала отырып Жеңіс күнін жақындатты. Бұл Жеңіс – зор тарихи-саяси тағылымы мол оқиға. Оған қатынасушы жауынгерлердің қазіргі ардагерлеріміздің өшпес ерлігін марапаттау, насихаттау, бүгінгі ұрпақтың ой санасына жеткізу – біздің тарихи борышымыз, әрі парызымыз болып саналады.Осы қанды оқиға қасіреті туралы 1985 жылы дивизия командирі генерал Василий Иванов Орда ауданының басшыларына хат жазып, онда қаза тапқандарды темір жолға таяу маңға, жергілікті тұрғындардың күшімен жерленгендігін айтып, олардың мүрдесін қайта жерлеуді және ескерткіш қоюды сұраған екен. Содан 43 жыл бұрын жауынгерлер жерленген орынды іздестіру жұмыстары басталды. Олардың мәйітін табу оңай болған жоқ. Тек Сайқын селосының тұрғыны, сол кездегі жан түршігерлік оқиғаға куә болған зейнеткер Полякованың көмегімен қабір табылды. Аудандық партия, кеңес органдары сол жылы қаза тапқандардың мүрделерін Сайқынның оңтүстік жағына қайта арулап қойды. Олардың рухына арнап ескерткіш орнатылды. Иә, Шоңай стансасына 30-дан астам бомба тасталды. 1942 жылдың 6 қазаны күні таңертеңмен 10 дұшпан ұшағы Сайқын стансасына тағы да шүйлікті. Бұл жолы жаудың бомбасы Сталинград қаласынан көшіріліп әкелінген жұмысшылар отбасына түсіпті. Бомбадан темір жол да бүлініпті. Ол тез арада қалпына келтіріліп, пойыздардың қозғалысы қамтамасыз етілген.1942 жылдың қазан-қараша айларында Жәнібек, Сайқын, Шоңай стансаларына 11 рет жеке-жеке, 22 рет топ-тобымен немістің 138 ұшағы 538 бомба тастаған. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның жасаған актісі бойынша неміс авиациясының шабуылынан екі ауданның шеккен шығыны 7 161 693 сомды құраған. Ордадан 4613 адам майданға аттанып, оның 3028 оралмай қалған. Жеңістің 65 жылдығы аталып өтіп жатқанда ауданан майданға қанша адам аттанды, олардың қаншасы мерт болды, қаншасы аман қалды деген сұраққа сол кездегі Орда ауданынан Орда әскери комиссариаты арқылы ұрыс майдандарына 4613 адам аттанса, олардың ішінен майданнан оралмағандары – 3028 адам, ұрыс даласында қаза болғандары – 1408 адам, хабар-ошарсыз кеткендері – 1410 адам, жарақаттан қайтыс болғандары – 206 адам, ал тұтқында көз жұмғаны – 4 адам. 1945 жылдың 24 наурызында жерлесіміз Темір Масинге Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. 1947 жылы Батыс Қазақстанда қуаңшылық болды. Шілденің ыстық күндерінің бірінде шабындықта алапат өрт шығады. Тайпақ аудандық партия комитетінің хатшысы болып жүрген кезінде батыр тілсіз жаумен арпалысады. Ол өрт ішінде қалған екі әйелді құт­қарамын деп қатты күйік алып, кейін сол жарақатынан қайтыс болады. Батырлықтың, батылдықтың, елді сүюдің, адамды қадірлеудің, қамқор болудың, керек болса басты бәйгеге тігудің үлгісі осындай-ақ болар.Қазақтың, қазақтың ғана емес-ау, бүкіл Шығыстың жарық жұлдыздары Әлия мен Мәншүк десек, Мәншүк те Орданың аруы. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Мәметова өз еркімен Қызыл әскер қатарына алынып, майдан шебінде таңдаулы пулеметші болғаны тарихтан мәлім. Ержүрек қыз орыстың ежелгі қаласы Невель үшін болған шайқаста өшпес ерлік үлгісін көрсетіп, көз жұмды. Осы ерлігі үшін 21 жасар Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тағы бір батыр – Ахмедияр Хұсайынов. Ол неміс-фашистермен шайқаста табандылығы, әрі батылдығымен көзге түсіп, майданда ерлік ісімен танылады. Сол ерлік бағаланып, 1943 жылы 1 қарашада қатардағы жауынгер Ахмедияр Хұсайыновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Ахмедияр ағамыз Қа­зақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, бүкіл өмірін ұстаздық қызметке арнады. Нарын құмынан қырандай түлеп ұшқан Хиуаз Доспанова Кеңес Одағының Батыры атағын ала алмаса, Тәуелсіз Отанының Халық Қаһарманы болды. Немістер “Жез­тырнақтар” (“Ночные ведьмы”) деп атап кеткен ұшқыш-қыздар қатарында жүріп, жау бекіністеріне талай ойран салды. Хиуаз жау шебіне 300-ден астам түнгі әскери жорыққа шыққан екен. Ұлы Отан соғысы майданындағыдай ерлік еңбек елде де жалғасқанын мына деректер растайды. Аудан бойынша 24 адам Социалистік Еңбек Ері атануы осы сөзімізге дәлел болса керек. Сталинград түбіндегі шайқасқа Қазақстанда жасақталған 27, 29, 38, 387-ші атқыштар дивизиясы; 81-ші атты әскер дивизиясы; 152-ші атқыштар бригадасы; 156-шы атқыштар батальоны; 129-шы минометті полк; 410-шы танкке қарсы шабуылдаушы жеке дивизия қатысты.

 

Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық полктер мен дивизиялар. 27-атқыштар дивизиясы. Жалпы жоғарыда айтып өткеніміздей Сталинград шайқасына қатысқан дивизия, полк, батальон және жекелеген жауынгерлердің көптеген бөлігі қазақстандық болатын, олардың барлығын тізіп айту мүмкін емес.  Солардың ішінде КСРО халық батыры атағын алған батырлар мен жоғары құрметке ие болған дивизия полктердің тізімін ұсынуды жөн көрдік. Негізінен алғанда сол аталған жауынгерлер мен полк дивизиялардың соғыстағы жағдайына қарап соғыстың қалай өрбігенін байқауға болады. 1941 ж. желтоқсанда Қызылордада 75-дербес теңіздік ат-қыштар бригадасы құрылды. Командирі — I рангалы капитан К.Д.Сухиашвили, комиссары - А.А.Муравьев болды. Бригада 1942 жылғы 3—17 ақпан аралығында Старая Руссаның шығы-сында немістердің қорғаныс шебін бұзып өтіп, Панфилов ди-визиясымен бірге жау тылына 150 километрлік жорык жасай отырып, Холм каласына жетті. Осы ұрыстарда немістердің 16-армиясын қоршауды аяқтап, 56 елді мекенді азат етті, 2 мың-нан астам баскыншының көзін жойды2. Ақпанның екінші жартысында және наурыздың бірінші жартысында бригада Локня — Холм тас жол бойындағы шепті .ұстап, гитлершілердің біздің әскерлеріміз қоршап алған Холм гар-низонымен қосылуға тырысқан барлық әрекеттерін іске асырмай тастады. Корпус командирі арнаулы бұйрықпен бри-гада құрамына алғыс жариялады, онда: "Барлық қызыл флот-шыларды, командирлер мен саяси қызметкерлерді қаһарман-дық ерлік көрсеткені және өжеттігі үшін үкімет наградалары-на ұсынуға бұйырамын"3, - делінген. 1942 ж. 17 наурызда бригада 3-гвардиялық атқыштар бригадасы, ал 21 мамырда 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды да, Сталинград майданына жөнелтілді.Дивизия құрамы республиканың әр түкпірінен келген қазақстандықтардың есебінен толықтырылды. 1942 ж. 23 та-мызда 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы генерал К.А.Кова-ленко басқарған армияның қатарына қосылып, Тянь-Шано станциясынан Нижне-Гниловск, Вертячи бағытында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. 4-танк армиясының әскери Кеңесі 1942 ж. 7 қазандағы бұйрығында Сталинградтың солтүстік-ба-тысында ұрыс жүргізген 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы-ның жеке құрамаларына алғыс жарияланды.Сталинград майданындағы қарсы шабуыл алдында диви-зия жауынгерлері арасында 30 ұлттың өкілдері болды. Кең көлемді саяси жұмыс жүргізілді. Жаңа толықтырылған құрам-дағы жауынгерлер бөлімнің Қызыл Туы алдында гвардиялық ант берді.Гвардияшылар 1942 ж. 1 желтоқсанына дейін үздіксіз ұрыс жүргізді. Осы уақыт аралығында олар 150 километр алға жыл-жып, 10 елді мекенді азат етті, жаудың 1500 солдаты мен • офицерінің көзін жойды, 29 танкісі мен өздігінен жүретін зеңбірегін, басқа да көптеген құрамаларды талқандады. Ста-линградты қорғауда және қарсы шабуылға шыққан кезіндегі жауынгерлік ерлігі үшін 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы-; нын 1213 жауынгері мен офицері үкімет наградаларын алды, ал? Дивизия туына Қызыл Ту ордені қадалды.27-гвардиялық атқыштар дивизиясы Клетск плаццармы-; нан өзі ІІіабуылға кірген үш аптаның ішінде жаудың бекініс; шебін бұзып өтіп, 3300 солдаты мен офицерін жойып, 1900-ге жуық адамын тұтқынға алды3. Донбасты, Запорожье мен Солтүстік Тавриені азат етуге қатысқан дивизия^гитлершілердің төрт полкін, екі барлау отряды мен бір батальонын талқандап, жаудың 5 мындай солдаты мен офицерініні көзін жойды. 27-Қызыл тулы гвардиялық атқыштар дивизиясы| (командирі - В.С.Глебов, комиссары - Д.П.Никишин) жауынгерлерінің Одесса бағытында жүргізген ұрыстарда'; көрсеткен ерлігі де сүйсінерлік. Атап айтқанда, олар дұшпанті ның Ингулец өзеніндегі қорғанысын бұзып, Новый Буг село-; сы мен оның жанындағы жол тораптарын азат етуге қатысты,: операция аяқталар кезде Одессаны солтүстігінен жәнеі солтүстік-батысынан айналып өтіп, төменгі Днестрге шықты.> Дивизияның жеке құрамының осы шайқастардағы ерлігі мек қаһармандығы жоғары бағаланып, оған "Новобугтік дивизия" деген құрметті атақ берілді. Дивизия туына екінші орден II дәрежелі Богдан Хмельницкий ордені қадалды. Шабуылды өрістете отырып, 27-гвардиялық дивизия мен оның көршілері көктемгі лайсаңға қарамастан, одан әрі ілгеріледі, сөйтіп, нау-рыздың орта шенінде Жаңа Одессаға шығып, шайқаса отырып, Оңтүстік Бугтан, Тилигулдан және бірнеше су жайылмалары-нан өтті, содан соң олар Одессаны солтүстіктен және солтүстік-батыстан орағыта айналып, көрші құрамаларға осы ірі портты қаланы азат етуге көмектесті.Люблин-Брест операциясы кезінде 8-гвардиялық армия 18 шілде күні жау қорғанысын бұзып, Батыс Буг өзеніне шықты. Бұл армияның қатарында генерал В.С.Глебов бастаған 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы да болды.Дивизиясының саяси ұйымы Кеңес өкіметінің саясаты мен Қызыл Армияның фашистерден өз елі мен көрші халық-ты азат ету жолындағы күресінің мақсатын түсіндіруде үлкен жұмыс жүргізді, поляктар үшін арнайы газет шығарып тұрды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде, Батыс бугтағы поляктар 27-гвардиялық атқыштар дивизиясының өскерлерін өздерінің туыстарындай құшақ жая қарсы алды. Поляк азаматтары ке-ңес әскерлеріне миналанған жерлерді көрсетіп, оларды тазар-туға атсалысты. Мысалы, Анна Рудковская 32 минаны залал-сыздандыруға көмектесті1. Кептеген поляк азаматтары кеңес жауынгерлерін аман сақтап қалу үшін өз қандарын берді.27-гвардиялық атқыштар дивизиясының қазақстандық жауынгерлері С.П.Храпко (Батыс Қазақстан облысы), М.Ю.Левин (Петропавловск), К.Рысқалиев (Гурьев), Н.Да-рынбаев (Қызылорда облысы), К.Құсатаев (Павлодар облы-сы), К.Мұқанов (Ақмола облысы), тағы басқа жауынгерлер Висла өзенінен өтуде және оның арғы жағалауын алуда ерлік көрсетті. Осы ұрыстарда батальон командирі Б.С.Верижни-ков пен бөлімше командирі П.Бочек Кеңес Одағының батыры атағын алды.

 

     29-атқыштар дивизиясы. 1942 ж. көктемінде Ақмола қаласынан Оңтүстік-Батыс майданына женелтілген 29-атқыштар дивизиясы да Сталинг-рад бағытын қорғайтын әскерлердің құрамында болып шық-ты. Бұл құрама Орта Азия әскери округінің 1941 ж. 4 желтоқ-сандағы бұйрығы бойынша құрылып, 18 қаңтардағы бұйрығы бойынша 458-атқыштар дивизиясы деген алғашқы аты өзгертіліп, оған 29-атқыштар дивизиясы деген ат берілді. Ди-визияны жасақтау ісі 1941 ж. 15 желтоқсанында басталды.29-атқыштар дивизиясының құрамында үш атқыштар, бір артиллерия полкі жөне басқа да қосымша бөлімдер болды. Олар, негізінен, сапер, санитарлық, байланыс батальондары, танк жойғыш артиллериялық дивизион, барлаушылар ротасы, авторота сияқгы арнайы бөлімдерден құралды.Дивизиянын құрамында барлығы 11840 адам болды. Бұл, әрине, адам құрамы жағынан сол кездегі штат бойынша то-лық қалыптасқан құрама еді. Ал сол кездегі осындай құрама-лардың жалпы жағдайы туралы маршал К.К.Рокоссовский соғыстың алғашқы жылдарындағы жағдайды еске ала отырып, былай деп жазды: "Дивизияда 8 мың жауынгер болатынын біз ұмытқалы көп болған. Біздің құрамаларымызда адам саны 3,5, тіпті 2 мың адамнан аспады. 4 мың адамы бары сирек еді, ол да бір-екі ұрыстан кейін негізгілермен шамаласа қалатын". Осы айтылғандардың тұрғысынан қарағанда, 29-атқыштар ди-визиясы өзінің саны жағынан да, сапасы жағынан да командованиенің тапсырмасын орындауға әзір тұрған тың әскери құрама болды.Дивизияның командирлігіне полісовник Н.Ф.Шабрев, ко-миссарлығына И.В.Шурша, штаб бастықтығына подполков-^ник Д.С.Цалай, саяси бөлімнің бастықтығына А.С.Киселев тағайындалды. Бірнеше ай әскери дайындықтан өткеннен кейін 29-атқыш-тар дивизиясы 1942 ж. наурыз айында Тула маңына орналасқан резервтегі 1-армияның құрамына барып қосыдды.Майдан шебіне дивизия 10 шілдеде жөнелтілді де, 17 шілдеде Сталинград темір жолының бойындағы Жутово станциясында пойыздан түсірілді. Бұдан кейін дивизияның бөлімдері 64-армия1 штабьшың бұйрығы бойынша, жорық тәртібімен 60 километрдей жер жүріп, Дон өзенінің шығыс жағасындағы Суворов және Верхне-Курмоярская станция-ларының арасында қорғаныс шебін құрды. Дивизияның міндеті - неміс әскерлерінің Доннан өтуіне мүмкіндік берген 29-атқыштар дивизиясы бөлімдерінің Дон бойындағы бекінген жері екі армиянын (64 және 51) аралығы ғана емес, екі майданның да түйіскей жері болатын, өйткені 51-армия Солтүстік Кавказ майданына қарайтын еді. Шілденің 19-ы күні кешке қарай дивизия бөлімдері белгіленген учаскеге орналасып та алды.Армия қолбасшысынын бұйрығы бойынша, 19 шідде күні дивизия құрамынан танк батальонымен күшейтілген бір бата-льон бөлініп, одан жылжымалы, яғни алдыңғы шептік отряд құрылды. Бұл отряд Цимлянская станциясының маңына, Донның сол жағалауына өтіп кеткен фашист әскерлерінің бөлімдерін жоюға жіберілді Сөйтіп, 29-дивизияның жылжы-малы отряды 20 шілдеден бастап Дон өзенінің бойында шай-қасқа кірісті. Міне, осы күннен бастап, дивизия жауынгерлері үшін Сталинград шайқасы басталды.1942 ж. 20 шілдеден бастап, Дон өзенінің шығыс жағала-уында қорғаныс ұрыстарыяа қатысқан 29-дивизия Сталинград шайқасы аяқталғанға дейін дамылсыз ауыр ұрыс ортасында бодды. Тамыз айының ішінде дивизия бөлімдері Ақсай өзені бойында және Абганерова станциясының түбінде жау танктерінің шабуылдарыиа тойтарыс беріп, бекініс шебін қорғап тұрды. Бұл шайкастарда дивизия бөлімдері жау әскерлерін орасан зор шыгынға ұшыратты. Бірақ күші басым жаумен бетпе-бет шайқаста дивизияның өзі де әлсіреп, қата-ры қатгы сетінеді. Соған қарамастан тылға жарып өткен 6-неміс армиясының шабуыды шілденің аяқ кезінде тоқтатыл-ды. Кеңес әскерлерінің Донның батыс жағалауында табан тіресіп жүргізген қорғаныс ұрыстары фашист командование-сінің Сталинградты жедеЛ алмақшы болған жоспарын іске асыртпай тастады. Сол кезде өзінің шабуылын күшейте түсу үшін фашистер командованиесі Сталинфадқа карай 4-танк ар-миясын жіберді, бұл армияның авангарды 5 тамызда Абганеро-ва маңына шықкан еді. Мавданның осы учаскесінде 29-дивизия-ның жауынгерлері жаумен табан тіресе ұрыс жүргізді1. Қазақстандықтар халықтың: "Өліспей, беріспең-дер!" деген тапсыр-масын адал орындап, жаппай ерлік көрсетті.Қазақстан жауынгерлері өз позицияларын берік ұстап тұрды. Жақсы ұйымдастырылған қорғаныс барлаумен, қарсы шабуылдармен ұштасып отырды. Дивизияның бөлімдері жау-ды Волганың жағалауына өткізбеді. "Волганың ар жағында біз үшін жер жоқ!" дегён, мерген Василий Зайцевтің сөздері бүкіл майданға тез тарап кетті, қаланы қоршаушылардың бар-лығының да, соның ішінде қазақстандық жауынгерлердің де теңдесі жоқ ерлігі мен бұрын-сонды болып көрмеген табан-дылығы осы сөздерден-ақ білініп тұрды.

Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы