Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

    Брянск, Оңтүстік-Батыс, оңтүстік майдандарындағы кеңес жауынгерлері Донның сыртына, Воронежден Клетскіге, Суровикинодан Ростовқа дейін шегінуге мәжбүр болды. Жаудың көздегені Сталинградты басып алу еді. Осы жағдайда Жоғарғы Бас командованиенің Ставкасы Сталинград бағытында берік қорғаныс ұйымдастыру үшін шұғыл шара қолданды. 12 шілдеде Оңтүстік-Батыс майданы басқармасының негізінде Сталинград майданының жаңа басқармасы құрылды. 17 шілдеде бұл майданның қорғаныс шебінің ұзындығы 530 км-ге жетті. Волга мен Дон араларында қорғаныс құрылысы күшейтілді.17-22 шілдеде 62-, 64-армиялардың алғы шептегі отрядтары Чир мен Цимла өзені бойында жаумен кескілескен ұрыс жүргізгеннен кейін негізгі қорғаныс шебіне шегінді. 22 шілдеде жаудың Сталинград бағытында 18 дивизиясы, барлығы 250 мыңдай адамы, 740-қа жуық танкі, 1200 самолеті, 7500 зеңбіректері мен минометтері болды. Ал Совет Армиясының күші әлдеқайда кем еді. 1942 ж. 23 шілдеде генерал-полковник Ф.Паулюстің – армиясы Сталинград, Астраханьды басып алып, Волгаға бекіну үшін шабуылға шықты. 62-64-армиялардың бағытында кескілескен шайқастар болды. Шілде-тамыз айларында жау Совет Армиясының қорғаныс шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Бірақ сталинградтықтар неміс-фашистерінің бұл шабуылын да тоқтатып, берік қорғаныс жасады. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал- полковник А. М. Василевскийді, 29 тамызда Жоғарғы бас қолбасшының орынбасары армия генералы Г. К. Жуковты көмекке жіберді.Сталинград майданының әскерлері (1-гвардия, 24 және 66 армиялар) қыркүйектің басында 2 рет шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушы-еңбекшілердің жағдайын едәуір жеңілдетті.Неміс-фашист әскері үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан 13-15 қыркүйекте Волга шебіне шабуылды қайта үдете түсті. Мамай қорғаны мен вокзалға бағыт ұстады. 28қыркүйекте Сталинград майданы - Дон (қолбасшысы генерал-лейтенант К. К.Рокоссовский) және Оңтүстік-Шығыс майданы (қолбасшысы генерал-полковник Еременко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан астам танкісінен, 2 мыңнан астам зеңбірегі мен минометтерінен, 1400 самолетінен айырылды. Жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды.Сталинград түбіндегі қарсы шабуыл (1942-43). Неміс-фашист командованиесі 1942-43жылдың қысында өздері орналасқан шепті 1943 жылдың көктеміне дейін ұстап тұруды,сонан соң қайта шабуылға шығуды жоспарлады. Ал Совет командованиесі қарсы шабуылға күш пен құрал-жабдықтар жинақтады. Жоғарғы Бас командованиенің Ставкасымен Бас штаб оны өткізудің жоспарын жасауға кірісті. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 13қарашада бұл жоспарды бекітті. Осы жоспарға сәйкес Совет Армиясы Сталинградтағы генерал-фельдмаршал Ф.Паулюстің 6-армиясын қоршауға алып, тізе бүктірді. 1943 ж. 2ақпанда неміс генерал-фельдмаршалы қалған әскерімен тұтқынға алынды. Сталинградты бүкіл кеңес халқы қорғады. Даңқты 62- армияның құрамында 3800-ден астам қазақ болды.

    Сталинград шайқасында Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдердің үштен біріне жуығы қатысты. Әйгілі 64-армияның құрамында қазақстандық 29 және 38-атқыштар дивизиясы болды. Ол туралы сол кезде  38-атқыштар дивизиясының құрамында болған Жетпісбай деген жауынгердің естелігінде былай айтылады. 1942 жылдың ақпан айының 13 күні ертемен кәсіпшіліктің бастығы Ростовцевтің берген ат-шанасымен Доссордағы аудандық әскери комиссариатына келдік. Мені шығарып салуға ауылдан анам ере келді, біз ол кісіні әже дейтінбіз. Түске дейін медициналық комиссиядан өттім. Әскери комиссариат капитан Бекеев мені қабылдап,Астраханьда және Чкаловта (Орынборда) жаяу әскерлер училищелері бар, қайсысынабарасың деп сұрады. Мен сәл ойланып, Чкаловқа барайын дедім. Ондағы ойым Чкаловқатеміржол бар, кім біледі, ауылға қатынауға мүмкіндік бола ма деген ой ғой. Бірақ сол ойым бес жылдан кейін жүзеге асты.Сол күні кешке он бір жігіттен құралған топтың бастығы етіп, қолыма үлкен пакет беріп,Чкалов вокзалындағы әскери комендатураға жолықсаң олар сендерді училищеге апарадыдеп мұндағы әскери комиссариат өкілдері бізді поезға шығарып салды.Әжем (анам) қоштасарда «Жетпісбайжан, өзіңді бір Аллаға тапсырдым, бұйырса аман-есен келерсің» деп бетімнен сүйіп, мейірлене иіскеп, қолын бұлғап қала берді, анамның көзіне жас алғанын байқағаным жоқ.Сонымен Чкалов қаласына да келіп жеттік, вокзалдың комендатурасының сержанты түнде бізді қаланың сыртындағы жерден қазған казармаға әкеліп салды. Он шақты күнкарантинде болдық, моншадан өтіп, әскери киім кидік, өзіміздің ауылдан киіп келген киімдерімізді бумаға салғызып, сыртына үйіміздің мекен-жайын жазып кері салып жіберді. Шинель, гимнастерка, ағылшынның әскери бәтеңкелері, балтырға орайтын орамалар және т. с. с. Мен әжемнің түйе жүннен тоқып берген кеудешемді, шұлығымды алып қалдым. Әскерге кетерде анам: «балам, ол жақта күн суық болады, жүннен тоқылған киімдеріңді тастамай киіп жүр» деп ақылын айтқан еді. Курсанттар шетінен суық тиіп ауыра бастағанда мен сол сөздің қадірін түсіндім, сол жүннен тоқылған жылы киімнің арқасында өзім ешқандай ауырған жоқпын.Алғашқы кезде өте қиын болды, ауа райы өте суық, қар қалың, тамақ нашар, күн сайынтүске дейін далада тактикалық жаттығу, жүгіру, еңбектеу, жер бауырлап жүру, мұз болыпқатып жатқан жерді қазу, әйтеуір бір тыным тапқызбайды. Ал сапер күрегімен қатыпқалған топырақты қазу дегеніңіз бір азап. Бұл бейбіт кезеңдегі жаттығу емес, батыста жойқын соғыс жүріп жатыр, бүгін бе, ертең бе, біз де сол майданға баратынымыз анық.Қиындықтың көкесі сонда екенін әрқайсысымыз іштей сеземіз. Оның үстіне офицерлермен сержанттар да қатаң тәртіпппен тапсырманы орындауды талап етеді, оқ қардай борап жатқанда жылдам қимылдай алмасаң, окопты тез қаза алмасаң, тактикалық әдістерді жете меңгермесең, қаруды қалай пайдалануды білмесең, онда ажалға өзіңнің берілгенің деп ескертеді. Қару демекші түске дейін жаттығудан денеңнің құр сүлдері келгенде, түскі астан кейін қару-жарақтарды үйренуге кірісесің. Оның әр бөлшегіне дейін жаттап,құрастырып, қайта шашып тастап, қайта жинау да оңай шаруа емес, оның үстіне оған берілетін уақыт та бар, соған үлгеруің керек. Винтовкалардың 1891 жылғы үлгісі, Самсонов деп аталатын ұшына қанжар кигізілген түрі, ППШ автоматы (пулемет-пистолет Шпагина), баяғы бала кезімізде «Чапаев» киносынан көретін «Максим» станокты пулеметі, қол пулеметі, миналар, гранаталар, не керек, сол кезде соғыста жаяу әскер қолданылатын қару-жарақты бес саусақтай үйрендік. Күн артынан күндер өтіп жатты деп еске алады жауынгер батыр.

   Бұл туралы Сталинград шайқасына қатысқан жауынгерлердің ерлік естеліктерін таратып айту мүмкін емес. Жалпы Ұлы Отан соғысы мен Ленинград, Сталинград, Мәскеу, Курск шайқастары қазақстандық жауынгерлерсіз өткен емес. Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері Квантун армиясымен болған шайқастарға да қатысты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 2027 қазақстандық ордендермен, медальдармен марапатталды, олардың ішінде 14-і - «Кореяны азат еткені үшін», 234-і - «Жапонияны жеңгені үшін» медаліне ие болды.Жеңіс күнін армия қатарында болған, Қазақстанда құрылған 12 дивизия, 3 атқыштар, 1 артиллерия, 1 минометші, 2 авиация полкі, басқа да бірнеше әскери бөлімшелер қарсы алды. 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды, оның 97-і қазақтар. Б. Момышұлы, Б. Бейсекбаев, X. Доспанова т. б. қазақстандық батырлар соғыстан кейінгі кезенде марапатталды. Бүгінгі таңда қазақтардың Ұлы Отан соғысындағы адам шығыны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Цифрлар 350 мыңнан бастап 410 мыңға дейінгі деңгейді меңзейді. Ал негізгі деректер сол кезеңдегі халық санының бестен бірі,яғни 6 миллион адамның 1 миллион 200 мыңы майданға аттанды деген пікірлер бар. Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар еніп отырған жоқ. 1930-1937 жылдардағы қуғын-сүргіннен аман қалған зиялылар өкілдерін майданға аттандырған қазақ халқының өзінің ең талантты азаматтарынан айырылғаны даусыз факт еді.Қазақстандық құрамалар Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск доғасындағы шайқастарға, Днепрден өту мен Украина, Белоруссия, Молдова мен Балтық елдерін, Еуропа халықтарын фашистік езгіден азат ету шайқастарына қатысты. Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия, 328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кенес Одағының Батырлары - Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г. П Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) - Рамазан Амангелдиев қатысты. 1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек) т. б. қалалардағы әскери училищелердің курсанттарынан 39-жеке атқыштар бригадасы құрылып, 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы тәрізді жауды Мәскеу түбінде талқандап, неміс-фашист басқыншылары басып алған қалаларды азат етті. Жауынгерлік ерлігі мен берік тәртібі үшін 79- атқыштар бригадасы 73-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, оған Сталинградтық дивизия атағы берілді. Еділ үшін болған шайқаста басқа көптеген жауынгерлермен бірге 22-артиллериялық полктық қазақ жауынгерлері де даңққа бөленді. Полк жауынгерлері неміс танкілерін жоюда ерен ерлік көрсетті. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебін бітірген соң, олар Сталинград майданына келді. Ержүрек қазақ қыздарының даңқы бүкіл майданға тарады, олардың ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды. Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік-батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық-түлік, қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде-ақ қазақстандық 310-шы, 314-атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандык жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды III дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 24-атқыштар бригадасында қызмет еткен 3. Оңғарбаева да ержүрек жауынгер ретінде көпке танылды. Қазақстан жауынгерлері Балтықтың теңіз шептерін табанды түрде қорғады. Қызыл тулы «Киров» крейсерінде соғыс басталғанға дейін жіберілген 156 қазақстандық ерлігімен көзге түсті.

 

    Сталинград шайқасына қатысқан батырлар. Жалпы Ұлы Отан соғысы мен Мәскеу, Ленинград, Курск сияқты Сталинград шайқасына да қазақстандық көптеген жауынгерлер өз өмірін тіккен. Олар Еділ өзендері мен Сталинград маңындағы кішігірім қалаларда көптеген ұрыстарға қатысты. 1942 жылы жаз бен күзде соғыстың шешуші оқиғалары КСРО-ның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ мен Дон өзендерінің аралығында болды. Қазақстанда құрылған бөлімшелер Еділдегі шайқасқа да қатысты. Қаһарман-қала Сталинградтың (қазіргі Волгоград) тұрғындарының есінде Қазақстанда жасақталған, полковник Г. Сафиуллин басқарған 38-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерліктері жатталып қалды. Сталинград түбіндегі қорғаныс шайқастарында дивизияда мергендік қозғалыс өрістеді.Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нүркен Әбдіровке, танкист Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес Одағьының Батыры атағы берілді. Көптеген Қазақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және Далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс-фашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл-әрекеттері үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 7 500 солдат, сержанттары мен офицерлері (оның ішінде А. Бельгиннің батальоны да бар) КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73-ші гвардиялық дивизияның 210 жауынгеріне, 72-ші гвардиялық дивизияның 29 жауынгеріне, 8-ші гвардиялық дивизияның 46 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жоғарғы үкімет марапатына ие болғандардың арасында А. Әлімбетов, Ж. Сүлейменов, С. Жақсығұлов, Қ. Шәкенов, С. Шәкіров, А. Петров, В. Бреусов, Т. Вербицкийлер болды. 1943 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан еңбекшілеріне жазған хатында 25-гвардиялық атқыштар корпусының командирі былай деген: «Днепрдегі ұлы шайқаста қазақ халқының ұлдары жауға өздерінің біздің Отан-анамызға деген ыстық махаббатын тағы да көрсетті, олардың тамырларында халық батыры Амангелдінің батырлық қанының суымағанын танытты. Днепр жағалаулары мен Днепрден өту кезіндегі шайқастарда қазақтар көрсеткен ерліктердің бәрін санап бітпейсің». 1941 жылдың аяғында неміс фашистерінің Мәскеу түбінде талқандалғанын, оны қорғауға Қазақ елінде жасақталған №100-ші дивизияның қатысқанын, сол шайқаста жерлестеріміз: генерал Панфилов пен Бауыржан Момышұлының асқан ерліктің үлгісін көрсеткенін тарихтан жақсы білеміз. Кеңес әскерлері Мәскеу түбінде ойсырата соққы берген соң, басқыншылардың рухы күрт төмендеп кетті. Басы тасқа қатты тигеннің оңалуы қиын  ғой. Олар қайтсек есе қайтарамыз деп жанталасты. Енді елдің басқа бір аумағына соққы беру үшін кең көлемде соғыс шабуылына әзірленді. Сонда олардың таңдауы Сталинград қаласына түскен. 1942 жылдың жаз айларында фельдмаршал Паулюс басқарған немістің №6 далалық армия топтары және оның тылындағы генерал Манштейннің танк әскері Сталинград бағытына шоғырландырылып, шабуыл жасауға дайындалды. Сөйтіп, қатерлі қауіп Еділ өзенінің бойына төнді. Жоғарғы Бас қолбасшы Сталинградты жаудан қорғау және неміс әскерін тағы да талқандау үшін 3 бірдей майданда қарсы шығуды көздеді. Соның бірі Сталинград майданы 1942 жылдың 12 шілдесінде құрылды. Осылайша тарихта теңдесі жоқ 200 отты күндер мен түндерге созылған Сталинград шайқасы басталды.

    1942 жылы күзде  Сталинград шайқасының жалыны  Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы  Кенесі Төралқасының жарлығымен  Каспий алабында соғыс жағдайы  енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің  1-інде Атырау қорғаныс комитеті  құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді. 1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.) 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады. Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды. Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді. Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті. Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті. Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды. 116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км жерге қуылды.

Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы